Ақша теориясы

 

 

Қзақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі.

«Еуразия» академиясы, «Еуразия» институты.

 

 

 

 

«Қаржы »  мамандығының кафедрасы.

 

 

Реферат

Тақырыбы: « Ақша теориясы»

 

 

 

Орындаған: Боранова А.С.

511 топ студенті

Тексерген: Габдулина А.Б.

 

 

 

 

Орал - 2008


 

 

 

 

 

 

Жоспар.

Ι Кіріспе.

1.1  Ақшаның қажеттілігі және шығу тегі.

ΙΙ Негізгі  бөлім.

1.1  Ақшаның түрлері.

ΙΙΙ Қорытынды.

1.1  Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

1.1 Ақшаның қажеттілігі  және шығу тегі.

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары даму нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективті алғышарттарынг туғызған.

Нақты және абстракты  еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын  қайшылықтар айырбас құнның әртүрлі  формаларын туғызады. Айырбас –  бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай =балта), яғни тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді.

Мұндай негізге тауарлардың  құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана тауарларды өлшемін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты, жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды.

Айырбас құны - бұл бір тауардың басқа бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның отбасының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болады. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.

Сөйтіп, тауарлар айырбасының  дамуы өз кезкгінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:

Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формасы. Аыйрбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған. Мысалы: бір мал бір қап бидайға айырбасталған.

Екінші формасы –  бұл құнның толық немесе жалпы  формасымен сипатталады.

Үшінші формасы –  бұл құнның жалпылама формасы. әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне  барлығына бірдей жалпылыма тауар  алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар массасының жалпылама балама рөлде, жүретін тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар рөлін кей халықтарда мал ,аң терісі, тұз, піл сүйегі.

Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақша тауары қалыптасты.

 Ақша – бұл барлық  тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға  балама ақша тауар ақшаның  объективті қажеттілігі тауар  өндірісі және айналысының болуына  сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір – бірінен бөліньейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысы да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

  • жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбек өлшемінің заттай формасы;

Жалпыға тікелей айырбасталу  формасы, оның кез келген материалдық  бағалы затқа айырбасталатынын сипсттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсаоған еңбектің ақша көмегімен  өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

    1. Ақшаның  түрлері.

Ақша өзінің даму барысында  екі түрге бөлінеді: толық құнды  ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар  – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін  ақшалар. Мұндай ақшаларға метелл ақшалар, соның ішінде : мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Монета түріндегі формасы – бұл олардың  соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.

«Монета» сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона – Монета есімімен байланыстырады. «Монета» сөзі латынша “moneo”- «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді. Алғашқы монеталар VII ғ. Б.э.б. Ертедегі Қытайда және ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы IX – X ғ.ғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталары да қатар жүреді. Алтын айналысы небары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толық құнсыз ақшалар  – номиналдық құны нақты құннан, яғни олардыңөндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:

- құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға, жез, алэминий, және т.б. монеталар.

Құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері  екіге бөлінеді: қағаз ақшалар  және несиелік ақшалар.

Қағаз ақшалар бұл  нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта  олар нағыз айналыста жүрген алтын  және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз  ақшаға ауысу себептері.

  • Металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
  • Металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бөлінуі;
  • Бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
  • Эмиссиондық табыс алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
  • Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай – ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс  құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді.

Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге берілумен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдә ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма – қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

Вексель – белгілі бір соманы алдынала келісілген мерзімде және белгілнген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) – векселде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельді мынадай  түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Вексель айналысын бірінші  болып қолданушылардың қатарында  Казкомерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады.

Банкнота (ағылшын сөзінде “Bank - note” аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әртүрлі номиналдағы ақша бірліктері. Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

  • мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме.
  • Кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

      Экономикалық  әдебиеттерде банкнотаны екі  түрге бөледі; классикалық және  жай. 

Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

  • жаратылысына қарай, қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған.;
  • эмиссиялау әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны орталық банк шығарады.
  • Қайтарылуына қарай, классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды,яғни олар айналыста қала береді;
  • ауыстырылуына қарай, классикалық банкноталар банкке қайтарылуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

       Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті. олар металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкеоталарды эмиссиялануының мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:

  • шаруашылықты несиелеу жолымен;

мемлекеттік несиелеу,яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай срманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы. чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда юолды. алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды. чектің мынадай түрлері бар:

ақшалай чек – банктен қолма – қол ақша алуға арналған төлем құралы;

атаулы чек- аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;

ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді:

мәлімдеуші  чек – чекті мәлімдеушіге ондағы  көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырысу  чегі – заңды тұлғалар арасында қолма – қолсыз есеп айырысуларда қолданады;

жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген  чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

Электрондық ақшалар – компьютер торабынан ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы. электронды ақшалар пластикалық карточкелер формасында болады. олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма – қол ақша алуға, сондай – ақ тауарлар мен қызметтер ұшін төлеуге арналған төлем құралы.

кредиттік карточка – оның элементі мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма – қол ақша алуға арналған карточка.

ҚР – ғы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік  карточкалардың отандық және халықаралық  түрлерін кеңінен қолдануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

1.1 Ақшаның қызметтері  және экономикадағы рөлі.

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. ақшаның әр қызметі тауар тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикада  атқаратын  қызметтеріне мыналар жатады:

  1. құн өлшемі және баға масштабы.
  2. айналыс құралы.
  3. төлем құралы
  4. қорлану және қор жинау құралы
  5. дүниежүзілік ақша.

Ақшаның құн  өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады.

Тауар құнының ақшамен  бейнеленуін оның бағасы деп атайды. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп дталады.

Ақшаның айналыс  құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атрқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауар сатып алу, яғни тауарлардың ақшаға айнылуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).

 Ақшаның  төлем құралы қызметі.  Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, содай – ақ бірқатар тауарлардың өндірілісі мен сатуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сату және сатып алу, яғни несиеге беру қажеттілігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т ( тауар) – М ( міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар). Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты несие және қаржы қатынастарына да қызмет етеді. Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауғ немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық  бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану  екі формада жүзеге асырылады:

    1. кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қолану формасында;
    2. банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

  Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сырқы серіктестіктерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар  жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төллем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады.