Ақшаның айналысы және оның дамуы. 2
Ақшаның айналысы және оның дамуы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.
Тауар – бұл сату немесе айырбастау
үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің
белгілі қоғамдыққатынастарын тудыра отырып,
тауар формасын қабылдайды. Зат
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбаспроцесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне суысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады. Мысалы: 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай және т.б.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар-барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырып түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға оның бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад
өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың
өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі
халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер
болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлісінің
нәтижесінің мал бағушылардың бөлініп
шығуымен мал айырбас құрамына айналды.
Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағда
«Капитал» сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.
Солтүстік халықтары оң бірінші
тауар тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдалануы. Жүн ақшалау Монғолияда, Тибетте жә
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін ЯВ арасында осы күнге дейін фен ақша айналысында қызмет етеді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді.
Юлиий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен бір құлдық құны үш асыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартада, Жапонияда темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түрінде ақшалар пайдаланды. Металл ақшаның артықшылығы, ол – біркелкі, төзімді, ұсақталынады және т.б. Кейін металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт сториллинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмау бірліктері атауымен аталады. Моноталардың пайдa болуы – ақшаның құралуындағы оқуға кезең болып табылады 1,2. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Мор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде. «Алдау, ұрлау, тонау кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғолмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылатын еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».
Ол аздай Т.Мор тағы былай деді «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда, ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес».
ХІХ ғ. Социал утопистері – Прудоп, Одон, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фильтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды пайданалуды ұсынды.
Осыған байланысты К.Маркс былай дейді ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (комунизмдік) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей – эквивалент
рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын
бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті
емес. К.Маркс айтқандай «Табиғат ақшаны
жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен
берілген». Ресей ХІХ ғ. 20-жылдарында алтын
өндіруден бірікті орында болды. Жасанды
алтынды ойлап табу сұрақтары әр кезде
адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі
уақыттарда алхимиктер еңбектен
Ақша - өндіру мен болу процестерінде
адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін,
тарихи даму үстіндегі экономикалық категор
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
- жалпыға тікелей айырбасталу
- айырбас құнының дербес формасы,
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі;
Жалпыға тікелей айырбасталу
формасында ақшаны пайдалану, кез келген
материалдық құндылықтарға
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы реттеуі пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдау жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қортындылау, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттың өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – қағаз, және несиеақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы, ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағынан мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
[өңдеу]Ақша құн өлшемі ретінде
Құның өлшемі қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Мұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызмет толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі-ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді. Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдық салмақтық санын ақыны бірлігіне бекітті. Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ал баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алтын, қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауарлардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ. Ақша айналысы құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады. Тауар айналысы кезінде, ақша делдал рөлін атқарады, ол бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Айналыс құрамы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы,
- оны идеалды ақшалар емес нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды,
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалыр емес (алтын) оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.
Ақша айналыс құралы қызметін
атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі
тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар
бағасының сомасымен
[өңдеу]Ақша төлем құралы
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмысы, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса онда бұл жағдайда ақшалар төлем құрал қызметін атқарады. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қыржы-несие қатынастарына да қызмет етуі.
Барлық ақшалай төлемдерді төлемдегідей етіп топтатуға болады:
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер,
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттемелер,
- сақтандыру міндеттемелері,
- әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Тауарға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны біреудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құрамы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
[өңдеу]Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде
Ақшаның төлем және айналыс құрамы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі. Т-А-Т айналымының екі актілері. Т-А және А-Т айырылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формадамға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар, несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды.
Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде байлықтық жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарда қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады. Өндірістік және тауар айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар, қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
- кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шарттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
[өңдеу]Дүниежүзілік ақша қызметі
Дүниежүзілік
ақшалар интернационалдық құн ө
[өңдеу]Ақша айналысы туралы ұғым
Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал аума айналымы ұғымы бұған кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындарын ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса қолма-қаолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлуінің қарастырады.
Ақша белгілері әртүрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтері жиынттығымен қамтамасыз етілсе қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйе мен қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтық қолында қанша ақша, қанша тауардың болатынын және олардың қандай бағада атылатыны белгілі болған.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылуы. Тауар айналымы процесіндегідегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақының жүзеге асыру негізінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасу-ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалысты, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Тауар сатып алынғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналысты әрқашан жүреді.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызметі тек сату-сатып алумен шектелмейтін түсінеміз.
Ақша айналысын реттеудің элементі – қолма-қол ақшаның қолдану азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулары қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуін. Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайда түбірімен өзгертті.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырушыларының 25-27% - ды ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны, несиелік карточкалар, т.б. көмегімен жүргізіледі. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды болу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді.
Сондай-ақ:
- өнімді өндіру және соту процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысуларымен байланысты ақша айналымы,
- тауарлы емес сипаттасы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы,
- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, неше ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.[2]
[өңдеу]Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар айналымы
Айналыста тек қолма-қол ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста жүреді. Бұл кез келген мемлекеттің ақша айналымының аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.
Қолма – қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Біреу ақшаның көп бөлігін салық, тарпа, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, жалгерлік ақы, айыр пұл және т.е.е төлеуге жұмсайды.
Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінің клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің массасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.
Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем айналымы) – банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Есеп айырысу операцияларын жүр
Айналыстағы ақша алма-кезек біресе айналыс құралы, біресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегінде,қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір-бірне тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір айналы аясынан екіншісіне өтіп, бірақ айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржылық аударылуы – қолма-қол ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан қолма-қол төлем айналымы қолма-қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп мемлекеттің бірыңғай ақша айналымын құрайды.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент-қолма-қол ақшаны пайдалану аясын тарылту. Қазір бұл мәселе біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек сауда мен есеп айырысу үшін есептеу чектерін енгізумен шектелуде.
Эконмикасы дамыған
[өңдеу]Ақша айналысының заңы, массасы және ақша базасы
[өңдеу]Ақшаның металдық теориясы
Бұл теориялық өкілдеріне капиталдық
алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер
(Томас Мэр, т.б.) жатады. Оларға қоғамның
байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар
ақшаны бағалы металдармен бірдей деп
санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның
нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар
өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып
табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистік
сипатты, себебі бұл теориялық пайымдауынша ақшаның рөлінде
алтын, күміс сияқты кез келген бағалы
металл бола алады, ал адамдардың тауар
шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын
сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейдеметалдық теорияның өкілі атақты
мемлекеттік қызметкер М.М.Сперанский
болып табылды. Ақша туралы оның теориясының
барлық пайымдауларының негізі – ақшаға
тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек
деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты
ақша материалды күміс деп санады. Ақшаның
қызметтерін орындауда металдың қатысуы ХІХ ғ. теоретиктермен
қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи
кезең, яғни ақша жүйесінің жоғары және
күрделі формаларына өту кезеңі болды.
Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы
ХХғ. дүниежүзілік экономиканың шеңберіне
сыймады. Өндірістің дамуы ақша базисінің
адекватты түрінің болуын талап етті.
Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде
жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты,
олар несиеге негізделді. Металдық теорияның
қайта жандануы ХІХғ. екінші жартысында
алтын – монета стандартының Германияда 1871-
Неміс экономистері (К.Кинс және т.б.) ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын. Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездегі ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж.Рюэфф және М.Дебре, ағылшын экономисі Р.Нарру халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынды. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда. АҚШ-тың экспрезиденті Р.Рейган сайлау алдындағы күрес кезінде алтын стандартын қайта оралуы мүмкін деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезінде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бірақ ол комиссия алтын стандартын енгізу онша қажет емес деген шешімге келеді. Жалпы алтын стандартының мағыналы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру-натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзгіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюының басты себебі, соның салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрізді аса маңызды қасиетінің жоғалуы т.б. пайда болады.
Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны
бағалы метталдық N мөлшеріне берілген
құжат ретінде біртіндеп
Қазіргі жағдайдағы алтының негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретінде қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.
Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басынан өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданылысынан кейін адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдық ақша ретінде қызмет етуінен барып, одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады. Осылайша, Ежелгі Римде жануарлардың суреті бар мыс және қаладан жасалған пластикалар, кейіннен екі жағында суреті бар, және 2 фунт массасындағы кружкалар пайда болды.
[өңдеу]Монета
Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтың құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі. Мемлекет сынаманы (пробаны), массасын, типін ремедмумды, эмиссиялау, ережесін және т.б. белгілейді. Монетада бет жағы – аверс, келесі жағы реверс, кесіндісі-гурт болып ажыратылады.
Егер монетаның коминалды құны құрамындағы металдық құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері биллонды ақшалар деп аталады.
Монеталық ақшалар айналысы тарихында мынадай түсініктермелер бар:
[өңдеу]Биметаллизм
Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады. Монометализм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.
[өңдеу]Қағаз ақшалар
Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының объективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндірістің дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктері мен байланысты.
Бірақ қағаз ақшаның шығу тарихы б.з.д. І-е тән, яғни ол кездегі теріден тасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.
ХІІІғ. Марко Поло Қытайда
ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез
болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын
болса, оның кең тарады. ХVIIғ. аяғында капиталистік
тауар өндірісінің дамуынан бастау алады. 1690ж. Солтүстік Америкада, 1716 жылы Францияда,1762 жылы Австрияда, 1795 жылы АҚШ-та қағаз ақша шыға бастады. Ресейде қағаз ақша ассигнациясы Екатерина ІІ-нің басқаруы тұсында 1769 жылы
жүргізілді. Ақша императоршаны

- Ақшаның атқаратын қызмет түрлері
- Ақшаның даму кезеңдері
- Ақшаның дамуы
- Ақшаның жалпы пайда болу тарихы
- Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы
- Ақшаның қажеттілігі, пайда болуы және мәні
- Ақшаның қазіргі құны
- Ақша несие саясатының құралдары. Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады
- Ақшанесие саясатының мәні.
- Ақша-несие саясатының теориялық негізі
- Ақша несие туралы түсінік. Мағынасы мен мазмұны
- Ақшанын пайда болу тарихы
- Ақшаның айналысы және оның дамуы
- Ақшаның айналысы және оның дамуы