Қасиетті Қарқаралы
Қасиетті Қарқаралы.
Қазақстанның Швейцариясы атанған, қасиетті Қарқаралы жерінің тарихи қазақ елінің тарихымен біте қайнасып жатыр. Неге біз оны екінші Швейцария деуіміз керек? «Қарқаралы, ол ерекше біткен, қадыр дарып, құт қонған киелі мекенң дейді елін сүйген, жерін сүйген қарқаралылықтар. Айтса айтқандай, өзінің қайталанбас көркімен, сұлу табиғатымен талайларды тамсандырып келе жатқан жер жаннаты Қарқаралы ғажайып өлке емес пе?! Қарқаралы сөзінің шығу тарихы туралы көп айтылып та, жызылып та жүр.
Пікірлер
де әртүрлі, дәлелдер де бірнешеу. Бір
аңызда Баян сұлу осы маңда қарқарасын
түсіріп алып, жердің осылай аталуына
себеп болған дейді. Негізге «Қарқараң
сөзінің алынуы дұрыс сияқты. Бұл белгі
ханды, ел билеген көсемдерді басқалардан
ерек қылып көрсету үшін пайдаланған,
«қарқараң, «тәжңмағынасын білдіреді.
Ендеше, Сарыарқаның сайын даласындағы
бұл таулар ханның басына киген алтын
тәжі сияқты, қарқарадай болған соң, бұл
өңір халық аузында «Қарқаралы өңірң аталып
кетуі әбден мүмкін.
Жалпы, бұған кеңінен қарасақ, «Қарқаралың
деген сөздің ұғымы, әрине, бұдан әлдеқайда
терең, көп қырлы. Қарқаралы дегенде, біз
әрине көне қаланың өзін, оны қоршай біткен
әсем табиғатты да айтамыз.
Алыстан
көз тартып, мұнартқан көгілдір таулар,
Сарыарқаның төскейіне төге салған маржандардай
сұлу көлдерімен бірге, көне заманнан
келе жатқан әсем ормандар жер біткеннің
жаннатындай! Бұл өлкенің табиғаты әсемдігімен
жаныңды жаулап, небір түрлі – түсті формаға
енгін құз жартастар қиялдарға жетелейді.
Осындай бір таулардың шатқалында кірер
аузы үшбұрыштанып келген үлкен «Тас шатыр»
үңгірі бар. Атақты Мәліксай қойнауында
белгілі «Үш үңгір» бар. Ерте кезде бұл
өңірдің орманында аю менен қасқыр жортып,
сан алуан құс біткен ұяласа, өлкелерінде
түз тағысы құлан, керілген кер марал,
құлақтарын қайшылап, елеңдеген ерке елік
жайлап, жыртқыштардың әсемі – жолбарыс
та жүгірген.
Көк таулардың арасынан ерекшеленіп, көз
тартып тұратын осы төңіректің ең биік,
әсем шыңы, Қарқаралының символындай болған
бір кездері «Жиренсақалң, «Комсомол шыңың
деп аталса, бүгін халық «Қарқаралы шыңың
деп атайды. Қай жағынан келіп қарасаң
да бұл шың әр түрлі формаға еніп, құбылып,
кескін келбетін өзгертіп тұрады. Аттары
бірінен бір өткен Бұғылы, Шаңкөз, Көктөбе
таулары шынында, жер ананың «Қарқарасың
сияқты.
Қарқаралының оңтүстік-
Бұғылының
басындағы ерекше жаратылған табиғи
құбылыс, ол – Шайтанкөл. Бұл көл туралы
аңыздар мен өлең – жырлар да көп жазылған.
«Шайтанкөл – ғашықтар мекенің – деп,
Серік Ақсұңқарұлы әнге қосқан, қасиетті
де киелі, жұмбақ құбылыс, - әсем Шайтанкөл
- өзінің табиғи жаратылыс ерекшелігімен
ертеден әсемдік пен сұлулықты қастерлеген
қауымға шабыт берген, құтты мекен. Шайтанкөл
бұл өңірде жалғыз емес. Табиғаттың ғажайып
бір жаратылысы ол – Бассейн көлі. Биік
таудың басында, қабырғалары тіп – тік
болып, қолмен қойғандай жартастармен
көмкерілген көл, шынында да табиғи бассейн
тәрізді. Шайтанкөл мен Бассейн сияқты
көптеген үлкенді – кішілі көлдерді көк
таулардың адам аяғы баспаған биік шындарында
жиі кездестіруге болады.
Қарқаралының ең көрікті бір жерінде,
көгілдір таулар шатқалында, көпшілікке
танымал «Кеншің (Шахтер) демалыс үйінің
маңында, жарқырап жатқан Самал көлі бар.
Бұл көріністі көрген адам өмірі ұмыта
алмасы анық.. Бұл сияқты адам жанына рахат
сыйлайтын айдындар, Үлкен көл, Жартас,
Шортанды көлдері Қарқаралы тауларын
көмкере қоршап, ерекше келбет беріп жатыр.
Тау сілемін бөктерлей Жарлы өзені ағып
жатса, қала ішімен үлкен және кіші Қарқаралы
өзендері ағады. Самал жел соққан сайларда
бабалар суын ішкен Суық бұлақ, Мәлік сай
бұлағы, Тас бұлақ, Тұнық бұлақтардың мөлдір
суы қысы – жазы сарқылмай ағып жатады.
Осы ғажайып сұлулықтың ортасында, алтын
қазықтай болып, айналасы жүздеген шақырымға
нұрын шашып, шапағатын тигізіп келе жатқан
құт мекен – қасиетті Қарқаралы қаласы
тұр.
Ал бұл өңірдің ең басты байлығы, әрине, ол – адамдар, біздің замандастарымыз, болашақ ұрпақтарымыз және алыс-жақын ата-бабаларымыз. Қарап тұрсаңыз, адам баласы жер бетінде пайда болған кезде – ақ, Қарқаралы қаласының орнын мекен еткен екен. Бұл туралы деректерді көптеген аңыздар мен әңгімелерден естісек, көрнекті ғалым Әлкей Марғұлан жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде, қала маңынан, ғалыми тұрғыдан өте құнды болып саналатын, жабайы адамдардың бірнеше мекенінің орны табылған. Енді бірде, орманда жалғыз аяқ жолмен келе жатып, бұл соқпақпен мындаған жылдар бұрын, шоқпарын беліне асқан алғашқы адам жүріп өткені ойыңызға еріксіз елестегендей болады. Бұл мекендер Суық бұлақ басында және Мәліксай маңында табылған. Қоныс тепкен жердің қолайлығына қарасақ, біздің жабайы бабаларымыз өте ақылды болғанын аңғару қиын емес.
Сол заманнан бері неше мың жылдар өтіп, ғасырлар ауысса да, Қарқаралы маңында қашанда қайнаған өмір, қызу тіршілік және үнемі тарихи оқиғалар болып отырған.
Бүгінгі күнге дейін жұмбақ болып келе жатқан – Қарқаралының оңтүстік күнбатыс жақ сыртындағы көне «қалмақ қорғаның. Өткен заманнан жеткен аңыз бен ертегілерде, бұл қорғанның ені үш метр, биіктігі екі метрлік тас дуал болса, ұзындығы төрт-бес шақырымға жетеді. Көне Мысырдың перғауындар пирамидалары сияқты, бұл заңғар дуалдарды кім тұрғызған? Қашан тұрғызған? Неге тұрғызған? Тылсым табиғаттың әлі ашылмаған құпиялары көп қой. Кім біледі, мүмкін жер қайысқан қолымен бұл маңнан Еділ батыр өткен шығар? Мүмкін, Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының ордалары өтті ме екен.? Ал жоңғарлардың бұл өңірден өткені анық. Екі ел арасында тыныштық орнаған кездер де болған. Сол бір заманда Қарқаралы жерінен пана тапқан, ғашықтар мекені - әйгілі Қызыл Кент сарайы – тарих пен сәулет және мәдениеттің ескерткіші болып саналады. Иә, бұл жерлерге кімдер келіп, кімдер кетпеген! Бірақ, әрқашан бұл өңір қазақ елінің ежелгі тарихи мекені болғаны анық.
Қазақтың
үш жүзінің басын қосқан жиынында,
Қарқаралы – Қазылық Қайыңсауда, Абылайды
хан сайлуға ұсынылған үлкен мәжіліс өтіп,
Ақ Орданың алғашқы қазығы Қарқаралының
қалың орманды Қарақоқты алаңында қадалған
деген деректер де бар.
Біздің өңір, әлемнің ұлы кемеңгері
– ойшылы, үш бидің бірі болған, мемлекет
істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы
би, ұлағатты сөздері ұрпақтан ұрпққа
жеткен Қаздауысты Қазыбек биді берген.
Қарқаралы жері – шертпе күйдің
атасы Тәттімбеттің, Шөже ақынның, от ауызды,
орақ тілді Кенже бидің елі.
Ел
басына күн туған заманда, бабалары
жоңғар шапқыншыларымен айқасып
өткен, Қарқаралы қаншама қазақтың
аптал азаматтарының
Тарихи деректерге сүйенсек, тау сілемдерінің
етегін ала ағып жатқан шағын өзеннің
табанында орналасқан елді мекен үстінен
Орта Азия мен Сібір аралығындағы ұлы
керуен жолы өткен.
Ең алғаш Қарқаралының іргетасы 1824 жылы
бекініс болып қаланған. Қарқаралының
негізі 1824 жылы қаланған деп санауымыз
бір жағынан дұрыс емес, ал бір жағынан
тарихи дерекке қарасақ, Қарқаралы туралы
ең алғашқы, ресми дерек 1824 жылдың 8 сәуірі,
Қарқаралы округі мен приказының салтанатты
ашылған күні болып табылады. Сол жылдың
24 шілдесінде бұл оқиға үкімет Сенатының
Указымен бекітілген.
Ал 1827 жылдан бастап Қарқаралы казак станицасы
болады. Сол уақыттарда Қарқаралы өзенінің
оң қабағында көптеген тұрғын үйлер мен
су диірмендер салынады.
1868
жылы Қарқаралы Семей облысының құрамындағы
уездік қала болып бекиді. Уез орталығының
әкімшілік-басқару органы жұмыс атқарған
әсем де әдемі «ақ үйде» бүгінде тарихи-өлкетану
мұражайы орналасқан. Сөйте келе қарқаралы
ірі қоғамдық және саяси орталыққа айналады.
Жұмбағы көп жұмақ өлкеге жан-жақтан көптеген
саяхатшылар ағыла бастайды.
Бұл өңірді аралап, тамаша қолжазбаларында
естелік қалдырған қазақтың біртуар ұлы,
тұңғыш этнограф, зерттеуші-ғалымы, Орыс
Географиялық қоғамының мүшесі, Абылай
ханның шөбересі, Шоқан Уәлиханов тамаша
табиғаттың әсемдігіне керемет сүйсінген
екен. Шоқанның Қарқаралыға екі рет келгені
белгілі. Біздің өлкеде жүргізген баға
жетпес зерттеу жұмыстары туралы естеліктерін
ғалымның шығармалар жинағынан оқуға
болады.
Белгілі ғалым Семенов-Тяньшанскийдің
редакторлығымен 1865 жылы басылып шыққан
«Ресей империясының географиялық – статистикалық
анықтамалық сөздігің Қарқаралының атағын
асқақтата түседі.
Қарқаралы өңірі туралы көп құнды деректер
қалдырып кеткен поляктың белгілі демократы
А. Янушкевич ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды
алғаш көргенде, аға сұлтанның, табиғатынан
асқан ойшылдық пен кемеңгерліктің, үлкен
ақылдың иесі екенін бірден аңғарған ғой.
Құнанбай қажы – Қарқаралыда көктөбелі,
күмбезді мешіт салдырып, өз атын ұрпақтарына
мәңгілік ескерткіш қылып қалдырып кеткен
кемеңгер.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Абай жолы»
эпопеясында бұл туралы көркем де тартымды
сипат берген. Бұл мешіт мұсылмандардың
діни орталығы болып көп жылдар қызмет
етті. Кеңес өкіметі дәуірінде бұл ғимарат
өз қызметін тоқтатып, кейіннен мүлдем
құлап қалған еді. Тек тәуелсіздік таңымен
келген демократиялық өзгерістердің арқасында
Құнанбай қажы мешіті қаз қалпына келтіріліп,
бой түзеп, кезінде Құнанбай өз көзімен
көргендей боп безендіріліп, бүкіл мұсылман
қауымы мен тарих тағылымдарын қастерлей
білген барлық адамдарға есігін айқара
ашты. Бүгінде Қарқаралыға ат басын тіреген
ірі мемлекет қайраткерлерінен бастап,
өнер мен мәдениет саласының майталмандары,
кәсіпкерлер, жалпы қонақ болып келген
мұсылман қауым мешітке соғып мінажат
етіп кетеді.
Қарқаралының тарихы Абайдың есімімен
тығыз байлансыты.
Қарқаралыдағы «Абай тоқтап түскен үй»
өңдеу-жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен
соң, түрленіп, әсем қалпына енді. Бұл ғимарат
та тарихи-мәдени, архитектуралық ескерткіш
ретінде мемлекет қорғауына алынған.
Қарқаралыда өнерлі, іскер шеберлер көп
болған. Халық өнерін өте жақсы бағалай
білген данышпан Абай күміспен қапталған
ағаш ерді осы Қарқаралыдан әкетіпті.
Абайдың өсіп, ер жетіп қалыптасуына Қарқаралы
қазақтарының да халық шығармашылығы
мен ауыз өнері ықпал жасағанын Мұхтар
Әуезов «Абай жолында» жазған. Шынында
да, ақын Дулат, Кемпірбай, Шөже, Әсет, Балта,
Нарманбеттермен таныс болған Абай, ұлы
дала өнерінен молынан сусындаған еді.
Қаланың
мәдениті мен экономикасының өсіп нығаюына
Қоянды жәрмеңкесі зор ықпал еткен.
Ата-бабамыздан жеткен әңгіме-аңыздарға
сүйенсек, атақты Қоянды жәрмеңкесіне
«айдалып келген малдан жер қайысып, қымыз
көл – көсір боп ағады екенң. Қоянды жәрмеңкесі,
қазақ ұлттық мәдениетінің рухани орталығына
айналады.
Орыстың тамаша саяхатшы, жазушысы М.М.
Пришвин ең алғаш «Қозы – Көрпеш – Баян
сұлу» қиссасын Қарқаралы қаласына 1909
жылы келген сапарында осы төңіректе естіп,
жазып алған. Саяхатшы «Қара арабң, («Черный
арабң) очеркінде осы өлкеден естіген
жұлдыздар туралы аңыздарын ерекше, сүйсіне
сипаттайды. «Сол жұлдыздар көрген адаммен
жол бойы еріп отырады екен. Кім біледі,
күндердің бір күнінде, Нева даңғылымен
келе жатып, мен дәл сол жұлдыздарды мүмкін,
тағы көрермінң, - деп, саяхатшы сағына
жазған екен.
Орыстың саяхатшысы Г.Н. Потанин өзінің жолжазба естеліктерінде бұл өңірде, көпес Рязанцевтің үйінде тоқтағанын жазған. Сол заманның қалың оқырман қауымы, алғаш рет Қарқаралының сұлулығы туралы, әлі де зерттелмеген үңгірлер мен қорғандарының құпиялары туралы оқып, естіп, ынтыға түседі. Бұл ғимарат бүгінгі ұрпаққа сол қалпында жетті. Бүгінде бұл ғимаратта аудандық кітапхана орналасқан.
Қазақ әндерін тамсана зерттеп, нотаға түсіріп, жинақтаған Александр Затаевич те бұл өңірде болған. Өзінің жалпы жинаған әндерінің 154-ін осы Қарқаралы өңірінен жазып алған. Қазақ әндерінен алған әсері соншалық, француздың атақты жазушысы Ромен Ролланға жазған хатында: «Даланың әсемдігін, әсіресе атақты Қарқаралы даласының сұлулығын мен өзімнің нашар французшаммен сізге жеткізуге батылым бармай отырң, - деген екен А. Затаевич.
Қарқаралының
тағдырында, заманымыздың заңғар жазушысы
Мұхтар Әуезовтің алар орны ерекше.
Ұлы жазушы Мұқаңның Қарқаралыға келген
әрбір сапары белгілі бір оқиғалармен
тығыз байланысты болған. Қазақстанның
Республика болып құрылуының бір жылдық
мерекесін тойлауды ұйымдастырушылардың
бірі болған Мұхаң, Қарқаралыға сүйсініп,
тамашалай жүріп, мүмкін, болашақ романға
негіз болар көп ойларды осы жерде түйген
де шығар. Ұлы жазушы өзінің «Абай жолың
романында: «Қарқаралыдан шыққан адамдардың
арасында көп оқымыстылар бар екенң деген
сөзді Абайдың ауызымен айтады. Заманның
талабына қарай, ашып айта алмаса да, кімдер
туралы айтып отырғаны белгілі еді.
Ол қазақ халқының мақтанышы, сол заманның
білімді адамдарының бірі, публицист,
қоғам және саяси қайраткер, «Алашң көсемдерінің
бірі Әлихан Бөкейханов еді. Қиын да қайғылы
ғұмыр кешкен Әлекең 30-шы жылдары саяси
қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Қарқаралыда
Санкт-Петербург университетін
Қарқаралының тағдырында, білім беру
саласының дамуына айтулы үлес қосқан,
қазақтың бір туар ұлы, ғалым – математигі
әрі мемлекет қайраткері Әлимхан Ермековтің
алар орны ерекше. Қарқаралыда мектеп
бітіріп, білім алып, кейін қайта оралып
келіп қызмет істеп, мектеп салдырып, педагогикалық
техникум ашқызған да Әлекең еді. Сол бір
қиын кезенде, В.И. Ленинмен бірнеше рет
кездесіп, Ресей өкіметінің отырысында
бұлтартпас дәлелдер келтіріп, баяндама
жасап, Қазақстанның территориялық біртұтастығын
сақтап қалуға, бүгінгі күнгі шекарасын
бекітуге қол жеткізген Әлімхан Ермеков
еді.
Қарқаралыда ұлтымыздың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың жүрген жерлерімен күнде жүреміз. Ақтерек ауылында ол кісінің салдырған, білім берген мектебі бар.
Елімізге
белгілі академик А. Сағынов алғашқы
білімін Қарқаралыда алған. Қазақстан
Ғылым академиясының Президенті Ш. Шөкин,
академик А. Жәутіков, Қазақстан Ғылым
академиясының корреспондент – мүшесі
А. Машановтар білімгі алғаш қадамдарын
Қарқаралыда жасаған. Қазақстан ғылымына
А. Рақышев, Б. Алдажұманов және басқа да
көптеген жерлестеріміздің сіңірген еңбегі
мол. Ағалар жолын бүгінде геология ғылымдарының
докторы Т. Диденко-Кислицина, медицина
ғылымдарының докторлары Т.Сейсембеков
пен А.Әбдірахманов, математика ғылымының
докторы А.Дүрмағанбетов лайықты жалғастырып
келеді.
Жерлесіміз Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов
бүгінде әлемге танымал ғалым. Қарқаралыда
туып, орта мектепті бітіріп білімге қанат
қаққан Манат Жақсыбергенұлы Толымбеков
техника ғылымдарының докторы, Мемлекеттік
сайлықтың лауреаты атағын алды.
Бүгінде қаланың Мәди көшесінің бойындағы
бір мектеп жалынды жерлесіміз, Мәдидің
есімімен аталады.
Ақындар
мен жазушылар елі деген атақты
Қарқаралы 20-шы ғасырда да жоғалтқан
жоқ. Дауылпаз ақын Қ.Аманжолов Ұлы Отан
соғысының сұрапыл жылдарында қарумен
қоса қолдан қаламын да түсірмей, жырлап
өткен.
Қарқаралының ортасымен көк тауларға
барып тірелетін әсем бір көше бүгінде
ақын есімімен аталады.
Аттары
Қазақстанға мәлім
Аға ұрпақ ақын жазушылардың ісін жалғастырып,
Қасымның көзіндей болып танылып келе
жатқан белгілі қазақ ақыны Серік Ақсұңқарұлы
– осы елдің азаматы. Серік ақын өзінің
«Автопортретінде»: «... Қарқаралының Қызыларай
тауы етегінде дүниеге келіппін», - деп
жазады. Ең көлемді және белгілі өлең –
жырлары мен шығармаларын Серік ақын осы
Қарқаралыда жазған. Өзінің Қарқаралысын
Пушкиннің Болдиносымен теңеген Секеңнің
«Шайтанкөл» әнін бүкіл қазақ жастары
айтып жүр.
Өнердің қайнар көзі болған Қарқаралыда
– қазақ ұлттық театрының негізін қалаған
ұлы актер Қалибек, күміс көмей Жүсіпбек,
Шолпан Жандарбекова, Хабиба Елебекова,
Мақпал Жүнісова, талантты әнші, Республикаға
еңбегі сіңген қайраткер Мейірхан Адамбеков
туған. Сол дүлдүлдердің ізін қуған «Салтанат»
халықтық ән-би ансамблі бүкіл еліміздің
мақтанышына айналып, Франция, Германия,
Түркия, Болгария, Ресей мемлекеттеріне
барып, дүниенің төрт бұрышын аралап, өнер
көрсетіп қайтты.
Қарқаралы жерімен Қазақстанның, Совет
Одағының көрнекті мемлекет қайраткерлерінің
есімдері де тығыз байланысты. Жерлесіміз
Н.Нұрмақов Кеңес дәуірінде Қарқаралыдан
бастап, Республика үкіметі аппаратының
орталық органдарында, кейіннен Одақ деңгейінде,
Москва, ВЦИК – тің аппаратында ең жоғарғы
лауазымды, басшы қызметтерде болған.
Қарқаралы округін 30-ші жылдары басқарған
А.Асылбеков, кейіннен Қазақ Үкіметінің
төрағасы болған. 1934 жылы
Қарқаралы қаласына Кеңес үкіметі басшыларының
бірі С.М. Киров келіп жиналыс өткізген.
Біздің жердің тумасы Д. Керімбаев еліміздің
жоғары мемлекеттік қызметі – Қазақ республикасы
Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы
болды. Кеңес үкіметін орнату үшін жан
қиярлық шайқастары, азамат соғысының
жалыны, 30-жылдардың аштығы мен Сталиндік
қуғын-сүргіннің әсері де қаламызға қатты
соққы болып тигені анық. Сондықтан да
болар, қала орталығында тұрғызылған 78
– коммунарларға арналған монументтің
де тарихи маңызы өзгеше көзқарасты қажет
ететіндей. Ескерткіш, арпалысқан заманда
адасып жүріп мерт болған, жарлының жоғын
жоқтап оққа ұшқан, үстем таптың сойылын
соққандарға да, ағы бар, қызылы бар, бір
сөзбен айтқанда, қанға бөккен боздақтарға
арналған.
Қарқаралының тағы бір түлегі, сол заманның
өзінде, 1916 жылы «Қарқаралының Құрметті
Азаматың атанған, генерал Л.Г. Корниловтың
тағдыры таң қаларлықтай. Қазақшаға судай
жорға, орыстың тілмәші мен қазақ қызынан
туған Л.Г. Корнилов, осы жерде оқып, білім
алған. Атақты жерлесіміздің 1917 жылдың
қарсаңындағы қызметі туралы әр түрлі
пікірлер айтылып жүрсе де, Л.Г. Корниловтың
ержүрек, ұлы генерал және өз елінің патриоты
болғаны сөзсіз.
Ал 1882 жылы Қарқаралы қаласында тағы бір
генерал, жаңа Кеңес дәуірінің генерал-полковнигі
Н.К. Мордвинов дүниеге келген.
Қасиетті өлкемізді «батырлар елің деп
тегін айтпаған шығар. Ұлы Отан соғысы
жылдары Қарқаралыдан мындағы жерлестеріміз
қан майданға аттанып, небір ерлік үлгілерін
көрсеткен. Жалындаған самолетін жау әскерінің
төбесіне жасындай қылып түсіріп, отан
үшін жанын қиған, Кеңес Одағының батыры
Нұркен Әбдіровтің ерлігі ұрпақтар есінде
мәңгі сақталады. Ұлы Отан соғысында Днепр
өзенін алғашқылардың бірі болып өтіп,
ерлік көрсеткен үшін, Кеңес одағының
батыры атанған жерлесіміз Мартбек Мамыраев,
соғыстан кейін туған жерге сан рет келіп,
елімен қауышқаны есімізде.
Соғыс жылдары Ленин орденімен, үш рет
Қызыл Ту, Александр Невский ордендерімен
марапатталған және Кеңес Одағының батыры
атағын алған жерлесіміз, гвардия майоры
Петр Иосифович Теряевтің ерлігін Қарқаралылықтар
шын мақтаныш етеді.
Бүгінде көзі тірі, Түркістан қаласында
тұрып жатқан асыл ағамыз, хас батыр, Ұлы
Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының батыры
атанған Рәсіл Есетовтің де тегі Қарқаралыдан.
Ұлы Отан соғысында қыршын кеткен жерлесіміз Ленин орденімен наградталған, капитан А. Қосыбаев Ленинград қаласын қорғауда ерлікпен қаза тапты.
Ерлік
дәстүрі бүгінде жалғасын табуда.
Шежірелі өлке, қасиетті Қарқаралы жері
– ғалымшар кеңістігіне қазақтың қыраны,
Совет Одағының Батыры, «Халық Қаһарманы»,
Австрия мемлекетінің батыры, «Ғасыр саңлағы»
Тоқтарды ұшырды. Тоқтар Әубәкіров – қазақтың
тұңыш ғарышкері, ал дүние жүзі ол адамды
әлемде санаулы ғана болған, нағыз тума
талант, сынақшы-ұшқыш ретінде ертеден-
ақ таныды. Қарқаралыға келген сайын, Тоқаң
туған қаласының жасаған әр бір қадамына
қуанып, марқайып қайтады.
Еліміз егемендік алғаннан соң Қарқаралы
шежіресінің жаңа парағы басталды. Көптеген
қарқаралылықтар бұл күндері мемлекеттік
қызметтерде, экономика мен бизнес саласында
жемісті қызмет атқарып туған жері мен
отанына пайдасын тигізуде.
Республика Мәжілісінің
Кезінде Президент Әкімшілігінің басшысы
қызметін атқарған С. Тұрсынов, вице-министр
Б. Аймаков, Н.Ыдырысовтар да Қарқаралының
тумалары.
Қазақстанның тұңғыш адмиралдарының бірі
К. Әбікеев те біздің жерлесіміз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаев та Қарағанды облысында
қызмет жасаған кезінде бұл өлкеде бірнеше
рет болғанын аудан халқы мақтан етеді.
Өмір өзен өтіп жатыр, тарих болса жалғаса
бермек...
Өтпелі кезеңнің дауылы мен қиындығы Қарқаралыны
да шарпып өтті. Халық үдере көше бастады,
көптеген мекемелер мен кәсіпорындар
тоқтап қалды. Сол бір жылдары қала басында
мектептер мен балалар бақшасы және басқа
да мекемелер жабыла бастады, ал қалғандары
көптеген қысқартуларға ұшырады.
Бірақ, қала осы қиындықтардың бәріне
төтеп берді. Ел экономикасындағы оң өзгерістер,
қала өміріне де ықпалын тигізе бастады.
Шағын және орта бизнес дами түсті. Экономиканың
нақты секторы қарқын ала бастап, тоқтап
қалған мекемелер мен кәсіпорындарға
жан біте бастады. Жаңадан ашылған МТС
пен ауыл шаруашылық несиелік серкіктестігі
жақсы дамып келеді.
Осының
бәрі жаңадан жұмыс орындарын
ашуға, жұмыссыздықты азайтуға және
көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге
өз ықпалын тигізуде.
Оңтайландыру жылдары оңбай қалған әлеуметтік
саланы тірілту жұмыстары қызу қолға алынды.
Тек,
кейінгі жылдары жаңадан №44 орта
мектеп, интернат-пансион, балалар мен
жасөспірімдер орталығы, спорт мектебі,
музыка мектебі ашылды. Өзінің кезіндегі
атағына лайықты ауыл шаруашылық колледжі
де жақсы дамып келеді. Қаламыздың №1,2
орта мектептері де биіктерден көрінуде.
Кәсіптік білім берудің аясын кеңейтуді
көздеп отырған 12-жылдық білім беру Бағдарламасына
және заман талабына сай аудан басшылары
тарапынан қаламызда кәсіптік-техникалык
мектеп ашу жұмыстары да жүргізілуде.
Жаңадан 140 орындық балалар бақшасының
ғимараты салына бастады. Қазіргі заманның
медициналық құрал-жабдықтарымен жарақталған
аудандық аурухана-емхана кешеніні құрылысты
да аяқталуға жақын.
Көптен бері қолдан келмей отырған аудандық
мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары
да басталмақ.
Қазіргі
танда, қаланы одан әрі сәулеттендірудің
әр түрлі жолдары қарастырылуда.
Ертеден жеткен ескінің көзі бірнеше ғимараттарға
өңдеу-жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары
жүргізіліп, көз алдымызда құлпырып шыға
келді.
Осы өңірден шыққан Социалистік Еңбек
Ерлерінің суреттері ілінген «Батырлар
аллеясың, «Қарқаралы-Байтерекң кешені
бүгінде көпшіліктің қызықтап, тамашалайтын
орындарына айналды. Сарыарқадан әскери
ұшқыштарға арналып мемориалдық комплекс
салынуда.
Тарихта «Қара ала көпірң атанған, қалаға
кіре берістегі көпірдің жағасы қоршалып,
сәнді жарықшамдар орнатылды.
Әлеуметтік, коммуналдық және басқа да
мәселелер үнемі бақылауда болуда және
шешімін тауып та жатыр.
Бүгінде қалаға жаңадан су құбырлары тартылып,
қалаішілік су құбырлар жүйесін тарту
жұмыстары жүргізіле бастады. Көне қаламыз
өмір бойы бабаларымыз суын ішкен Суық
бұлақтан қол арбамен тасыған ауыз су
мәселесі, нақты істердің жүзеге асырылу
нәтижесінде тарихта бірінші рет қаржы
қаралып шешімін тапты.
Лас сулар тазалайтын арнаулы қондырғылыры
бар үлен кешені салынып, пайдалануға
берілді. Жаңадан бір жылу қазандығы салынып,
бір қазандық күрделі жөндеуден өткізіліп,
қаланың жылу мәселелері де шешімін тауып
жатыр. Қала орталығында жаңа стадион
салынды.
Қаланың қақ ортасымен ағатын Қарқаралы
өзенінің тоғаны мен жағалауын ретке келтіру
жұмыстары қолға алынды.
Тұрғын үй бағдарламасын орындау жұмыстары
қолға алынып, 12 пәтерлік коммуналдық
үйдің құрылысы басталды.
Қала көшелеріне жасыл желектер, қарағай-қайың
отырғызу, ескі қоршауларды жаңарту, бордюрлер
салу, жаңа жарық бағандарын орнату, асфальт
төсеу жұмыстары атқарылды.
Қарқаралыны облыс әкімі Н.З. Нығматулин
де үнемі назарында ұстап, көңіл бөлуде.
Қала
проблемаларын аудан әкімі Н.И.
Өздері туып, оқып, білім алған сүйікті
қалаларына сыртта жүрген түлектер де
қолғасбыс жасауда.
Қаламен
бірге бүкіл өңірдің келешекке
деген сенімі нығайуда. Қарқаралының
жанында орналасқан өндіріс ошақтары
да қарқын ала бастады. Бұл жерге «Қазақмысң,
«Миттал Стил Теміртауң сияқты қуатты
инвесторлар келді.
Ауданымыз бен облысымыздың әлеуметтік
– экономикалық дамуына Егіндібұлақ селосы
және бүкіл Балқантау өңірі лайықты үлестерін
қосуда.
Ауданымыздың ауыл шаруашылық саласы
да жақсы дамып келеді. Басқа да 22 селолық
округтеріде оң өзгерістер пайда болып,
егістік көлемі ұлғайып, мал басы көбейуде.
Халықтың тұрмысы жақсара түсті.
Еліміздің ұлттық мақтанышы - әсем табиғатты
келер ұрпаққа осы күйінде жеткізу мақсатында,
Мемлекеттік Ұлттық табиғат паркі құрылды.
Қарқаралы ұлттық табиғат паркі кейінгі
екі жылда қажетті жаңа техникалармен,
құрал – жабдықтармен жарақталып, табиғатты
аялауды ғалыми тұрғыдан жүргізу үшін
қажетті қосымша штаттар беріліп, білікті,
білгір мамандар тартылды.
Бүгінде Қарқаралы Республикамыз бен
облысымыздың көптеген қалалары тұрғындары
қуана келетін сүйікті демалыс орнына
айналды. Қаланы айнала орналасқан көптеген
демалыс үйлері мен санаторийлер демалушыларды
әрқашан құшақ жая қарсы алуға әзір. Олардың
ішінде ең жоғары дәрежеде қызмет көрсете
алатын, аты әйгілі «Кенші» - «Шахтер»
демалыс үйі бар. Таяу арада бұның деңгейіне
«Тас бұлақң, «Жемчужинаң сияқты тағы
басқа демалыс үйлері де жетпек. Балаларды
сауықтыру мақсатында «Шапағатң, «Жас
дәуренң, «Романтикң демалыс лагерлері
жұмыс жасап тұр.
Демалушылар мен келген қонақтар, XIX ғасырда
ағаштан өріп салған «Орманшының үйі»
мен бертінде салынған «Табиғат музейін»
өте қызықтап тамашалайды.
Осының бәрінің түпқазығы, Сарыарқаның
Алтын тәжі іспеттес қасиетті Қарқаралы.
Осындай жан жақты жанашырлық пен ерекше
ықыласқа толы пейілдер, Сарыарқаның сары
алтыны, Қазақстанның жазиралы өңірі –
қасиетті Қарқаралының жарқын болашағының
кепілі болып табылады..
Балқаш-Қарағанды
облысындағы қала. Мойынты-Ақтоғай
темір жол. бойындағы станция, Балқаш
көліндегі пристань.Сарыарқаның оңтүстігінде,
Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс
шығанағының жағасында, Қарағандының
оңтүстік-шығысында 487 км. жерде орналасқан.
Балқаш қаласы - Балқаш жағалауында орналасқан қала. Халқы 74,5 мың адам. 1931 жылы қаланған. Қала дәрежесі 1937 жылы берілген. Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады.Балқаш қаласы картаға оралу Қала 1937 жылы құрылған. Қала аумағы 5,9 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 73,7 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 4 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 56,8%-ы қазақтар, 33,5%-ы орыстар, 1,9%-ы немістер, 1,5%-ы татарлар, 2,2%-ы украиндер, 0,4%-ы белорустар, 1,6%-ы кәрістер, 2,1% басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 18,53 өлім – 14,36 табиғи өсім – 4,17 Қалада 01.01.07жылы 414 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 45 орта, 365 шағын субъектілері. Негізгі экономикалық бағыт: түсті металлургия; энергетика; Қаланың негізгі кәсіпорындары: «ЗОЦМ» АҚ, Балқаш қаласы әкімінің жанындағы «Су Жылу Транс» КМК
Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр және жылу энергиясы; түсті металдар өндірісі;
2006
жылы ауыл шаруашылығы
2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 20877 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 31683 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 216083,4 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 5005,3 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 117,7%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1978,6 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемінің 134,0%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 3829,2 млн. теңге шамасында құралды, ақылы қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз)– 887,8 млн. теңге.
Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км. Жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу,механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған 10-нан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 жылы Балқаш қаласы пайда болды.
Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі.Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше шет елдерге шығарылады. Лондондағы халықаралық көрмеде Балқаш мысы ең таза мыс ретінде дүниежүзілік эталон деген атаққа ие болды (1967). Балқаш мыс қорыту комбинатын 1997 жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы алып, өндірісті 6 ай ішінде жобадағы қуатына жеткізді. Бір айда 11, 5 мың тонна рафинатталған мыс өндірген. Жылдық өнім көлемі 100 мың тонна. Қалада тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы, педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық мектеп, 2 халық театры, бейнестудия , т.б.мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия елдерімен байланыстырады.
Бүгінгі таңда Балқашта 363 кәсіпорын бар, оның 286 –ы нақты жұмыс жүргізуде. Қалада 65,5 мың адам тұрады. Мұның 70 пайызға жуығы қазақтар
Көлдері
Облыс аймағында 1600-ге жуық көл бар, оның ішінде 200-ден астамының ауданы 1 шаршы км-ден асады. Облыс жерінің онтүстік-шығыс бөлігінде су айдыны көлемі жағынан Қазақстаңдағы үшінші көл — Балқаш жағалауы кіреді. Көл Батыстан Шығысқа қарай созылыңқы (614 км) орналасқан. Ауданы 18,2 мың км2, су көлемі 106 км3, су айдынының теңіз деңгейінен биіктігі 342 м. Тереңдігі 6-12 м-ден (Батыс), 15 м-ге дейін (Шығыс) ауытқиды, ең терең жері — 26 м. Тұздылығы біркелкі таралмаған, Батыс бөлігі Іле өзенінің суымен тұщыланады, Шығысында тұздылық мөлшері 5г/л дейін жоғарылайды. Антропогендік әсерден Балқаш көлінің деңгейі 2 м төмендеп, суының сапасы да нашарлаған. Аласа таулы және қыратты суайрықтар мен үлкен тұйық ағынсыз алап көлдеріне қарағанда, анғарлық-арналық көлдер түрі көп тараған. Айдын ауданы 0,5-1,5 м2 ұсақ көлдер куаң жылдары жазда кеуіп қалады. Көлдер суының орта минералдылығы 1-10 г/л аралығында. Облыстың аласа таулы және қыратты Шығыс, Оңтүстік-Шығыс аймақтарындағы көлдердің қазаншұңқырлары кіші, таяз, аласа жағалаулы болып келеді. Қуаң жылдары олар құрғап қалады. Неғұрлым терең көлдерінің суы жыл бойы сақталады (Үлкенкөл). Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер бежі және жер асты су ағындарының негізі болып саналады. Солардың бірі — Қаркаралы ауданында орналасқан Қарасор адырлы-жазықты тұйық ойыс. Ол өңірде 50-ге жуық (Қарасор, Саумалкөл, Балықтыкөл, т.б.) көлдер бар. Орта тереңдіктері 1 м, кей жерде 4-5м, орта тұздылығы 35-41 г/л. Көл түбінде емдеу мақсатында пайдаланатын күкіртгі-сутекті шипалы балшық тұнған. Облыстың Солтүстік-Батысында мына көлдер орналасқан — Шошқакөл, Барақкөл, Саумалкөл, Құнақай, Әжібексор, Тассуат т.б., Солтүстігінде Шыбынды, Қаракөл, Оңтүстік-Батысында — Дөңсары, Алакөл, орталық аймағында — Көктіңкөлі т.б. Тұздылығына байланысты олардың суы аса пайдаланылмайды. Облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуде су қоймалары мен каналдардың маңызы зор. Су қоймалары: Самарқан (Нұра өзені), Шерубай-Нұра (Шерубай-Нұра өзені), Кеңгір (Кеңгір өзені), Жезді (Жезді өзені) т.б., сонымен қоса кіші өзендерде көптеген тоғандар салынған. 1973 жылдан бері облыс аймағында Ертіс—Қарағанды каналы жұмыс істейді. Бұл алып гидротехникалық құрылымның (суды төменнен жоғары деңгейге тасымалдайды) ұзындығы 458 км. Орта шамамен 75 м3/с су тасымалдап, Қарағанды, Теміртау сияқты ірі, және кіші қалаларды сумен қамтамасыздандырады. Су тасымалдау үшін 20-ға жуық насос стансалары іске қосылған. Облыс аймағында беткі су қорлары жеткіліксіз болғандықтан, жер асты суларының маңызы зор. Әр түрлі тереңдіктерде, яғни 10-100 м аралығында өспе су көздері мол. Бірақ көпшілік аймақта (шөлейтті, шөлді) олардың минералдылығы, оның ішінде кермектік қасиеті жоғары болғандықтан, ауыз су ретінде қолдану біраз қиындық келтіреді. Облыс аймағыңда 200-600 м жер қыртысы қабаттарында көзі тереңде жатқан жер асты сулары кең таралған. Олардың шаруашылықта кеңінен қолданылуы техникалық тұрғыдан әлі шешілмеген. Аймақта ғасырлардан бері пайдаланып келе жатқан көптеген құдықтар қолданылады (мал шаруашылығында). Олардың тереңдігі орта шамамен 4-10 м, сағатына шамамен 300-500 л су бере алады.

- Қасым Аманжолов (1911 — 1956 жж.)
- Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847)
- Қателердiң байланыстың техникасындағы табылу
- Қатты әсер ететін уландырғыш заттар және олардың сипаттамасы
- Қатты дененің кинематикасы
- Қатты қалдықтар
- Қатысты шама
- Қарыз капиталы және қарыз пайызы
- Қарым-қатынас
- Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
- Қарым қатынас психологиясы
- Қарым-қатынас теориялары
- Қасақана қылмысты істеу сатылары
- Қасиетті «жеті» саны қайдан шыққан