Ата – ананың бала алдындағы құқықтары мен міндеттері
Жоспар
Кіріспе
І. Ата – ананың бала алдындағы құқықтары мен міндеттері
ІІ.Отбасы және ненке
ІІІ. Отбасы тәрбенің бастауы
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.
Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің
ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері
жас нәресте дүниеге келген күннен бастап,
оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын
жоспарлайды және саналы азамат болып
өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған
баланың қажеттігін толық қанағаттандыру,
оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн
тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір
сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты
үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету,
бойында жастайынан мәдени құндылықтар
мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері
педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова,
М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова,
Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты
сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері
оның халықтық педагогика мұраларының
мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне
заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық
еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар,
тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз
көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі
бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың
мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп
отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, құқықтық,
сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ
отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге
асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат
тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің
мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын
нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін
дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына
тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің
күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл
мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі
деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен,
еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық
шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне
баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында
олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру,
болашаққа мамандық таңдауға дайындауды
түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу,
баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың
қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей
қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты
тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік
және зиялылық жағынан қалыптастырудың
негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы
баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға
қатыстыру, олардың тәртіп және мінез
құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға,
халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке
жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы
адамгершілікке тәрбиелей білді.
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының
негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді.
Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау
іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен
қаруландыру, негізі ойлау операцияларын
меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын
қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің
басқа да салаларымен тығыз байланысты
тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге
де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ
халқы бала тәрбиелеуде экономикалық
тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен,
тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет
айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан.
Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті»,
«Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің
көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық
емес», «Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді
сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса
да тоймайды» деген мақалдары дәлел бола
алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық
тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде
екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ
отбасында экономикалық тәрбие арқылы
айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты
негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде
меңгеру жүзеге асты.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың
тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға,
отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал
табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы
ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу
сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету
арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып
табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке
үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп
отырған.
Бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы қоғамымыздың, оның ішінде әрбір ата – ананың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Ата – аналардың құқықтары мен міндеттері халықаралық ратификацияланған және ҚР заңында, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда, Қр «Бала құқықтары туралы» заңында, ҚР «Білім туралы» заңында және өткен жылы толықтырылып , өзгертілген «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» заңында анықтап көретілген.
Атапа айтар болсақ, ҚР «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» заңың 11-тараудың «Ата – аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі» деп аталатын 68-бабында ата – аналардың балаларының алдында тең құқылы, яғни отбасының еріне немесе әйеліне ерекше бір артықшылық т.б. берілмейтіні баяндалады. Сондай – ақ, бұл ата – ана құқықтары балалары 18 жасқа толғанда немесе кәмілетке толмай жатып некеге турғанда тоқтатылады. Бұл жағдайда кәмілетке толмаған, некеде тұрмаған ата – аналарда бала туылмаған жағдайда, олар 16 жасқа толғанда ғана ата – ана бола құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алады. Ал ата – аналар 16 жасқа толғанға дейін олардың балаларына қамқоршы тағайындалады, ол өз кезегінде ата – анларымен бірге баланы тәрбиелеуді жүзеге асырады.
70-бапта ата – аналардың
балаларын тәрбиелеу ен білім
берудегі құқықтары мен міндеттері
баяндалады. Ата – аналар балаларының
денсаулығына, дене бітімінің дамуына,
жан – жақты өсіп жетілуіне,
емдетуге, тексеруге міндетті. Ата
– аналар балаларын тәрбиелеуге
құқылы және міндетті, яғни балаларын
рухани, эстетикалық, адамгершілік, патриоттық
тәрбие беруге жауапты.
1. Ата-аналар өз баласының
денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге
құқығы бар және осыған міндетті.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында
баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар
оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік
жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр
сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін
жауаптылықта болады.
3. Ата-аналар баласының міндетті
орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта
білім алғанға дейін оның пікірін ескере
отырып, білім беру ұйымын және баланың
оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесі мен білім
алуына қатысты барлық мәселелерді баланың
мүдделерін негізге алып және оның пікірін
ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар
шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер
болған кезде, бұл келіспеушіліктерді
шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
71-бап. Ата-аналардың баланың
құқықтары мен мүдделерін қорғау
жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының заңды
өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз
кез келген жеке және заңды тұлғаларға
қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары
мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган ата-аналар мен баланың мүдделерi
арасында қайшылықтар барын анықтаса,
ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге
құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында
келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын орган баланың құқықтары
мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға
мiндеттi.
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.
72-бап. Ата-ана құқықтарын
баланың мүддесінде жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне
қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың
мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары
жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы
болып табылады.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.
73-бап. Баласынан бөлек
тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын
жүзеге асыруы
1. Баласынан бөлек тұратын
ата-ананың баласымен араласуға,
оның тәрбиесі мен баланың
бiлiм алуы мәселелерiн және
бала үшін басқа да маңызды
мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.
Егер мұндай араласу баланың
тән саулығы мен психикалық денсаулығына,
оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян
келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын
ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына
кедергi жасамауға тиiс.
2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде
баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы
ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың
арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге
алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың
талап етуі бойынша қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органның қатысуымен сот шешедi.
Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына,
аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне
үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың
адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн,
ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы
қарым-қатынастарды, баланың дамуы және
тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн
(ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін,
ата-аналардың материалдық және отбасылық
жағдайын және басқа да осындай жағдайларды)
ескередi.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын
ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге
асыру тәртiбi туралы жазбаша түрде келiсiм
жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келiсiмге келе
алмаса - дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда
осы органның және баланың ата-аналарының
қатысуымен сот шешедi.
4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру
тәртібі туралы сот шешiмi орындалмаған
жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын
ата-ананың білім беру ұйымдарынан,
медициналық және басқа да
ұйымдардан өз баласы туралы
ақпарат алуға құқығы бар.
Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына
қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден
бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас
тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.
74-бап. Ата-аналардың баланы
басқа адамдардан талап ету
құқығы
1. Ата-аналар баланы заңның немесе
сот шешiмiнің негiзiнсiз өз қолында ұстап
отырған кез келген адамнан оны қайтаруды
талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда
ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа
жүгінуге құқылы.
Бұл талаптарды қарау кезiнде
сот, егер баланы ата-аналарына беру баланың
мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға
келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың
талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға
құқылы.
2. Егер сот ата-аналары да, бала
қолында отырған адамның да оның тиісті
түрде тәрбиесін және дамуын қамтамасыз
етуге жағдайы келмейтінін анықтаса, сот
баланы қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органның қамқорлығына бередi.
Отбасы және неке
Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы
Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.
Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Туыстық және туысқандардың түрлері
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негізделген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы — әкесі, ал енді бір жағдайда — атасы болып табылатын көкесі мен жиені.
Қазақ тілінде туыстықтың әр түрлі дәрежесін білдіретін сөз, ұғымдар көп: мысалы, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Мұны қазақ коғамында ұрпактар арасындағы байланыс ерекше жақындықпен ажыратылатындығы арқылы түсіндіруге болады. Сондыктан да әрбір ұрпақтың жеті атаға дейінгі өз атауы болады.
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай-ақ алыс туыстық та есепке алынады. Бүгінгі күні мұрагерлердің алты кезектілігі аныкталған. Оларға: балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарынан баска (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толык туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай-ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтелері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде он жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары өгей әкесі мен өгей шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады.
Сондай-ақ өсиет бойынша мұрагерлер де болады. Қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі мүлікті бөлуде азаматтың разылығын білдіруін өсиет деп атайды. Азамат өзінің бар мүлкін толығымен немесе бір бөлігін өзіне жақын адамдарға, болмаса тіптен жақын емес адамдарға қалдыруын мұра қалдырушының өзі шешеді. Бұл процеске ешкімнің араласуына кұқығы жок. Сондай-ақ мұра қалдырушы бар мүлкін заң тұлғаларына немесе мемлекетке өсиет етуі мүмкін.
Туған ағалары мен қарындастары толык туыс және толык емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа-қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні-қарындастар толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері баска болса, оларды бір кіндіктен таралғандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бip, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар дер атайды. Қазақстанның отбасылык заңнамасы құқықтық жағынын ағасына іні-қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.
Толык емес туыс аға-қарындастарды ерлі-зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға-қарындастармен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жок, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның туыстары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары — екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке-шешесі және өгей ер бала мен кызы да сүйек жақындар деп есептеледі.
толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы
Отбасының ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.
Неке мен отбасын қорғау
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде — отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамкоршылык органдары, ішкі істер органы.
Екінші түрі — отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді — кұқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата-анасы тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.
Сот арқылы қорғау — отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.
Сонымен, отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жекебасындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады.
Отбасы тәрбиенің бастауы
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.
Балаға деген таза көңілді жанашырлық, ата-аналардың: балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, саналы тәлім-тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір касиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ететін отбасылық ахуал мен тәлім-тәрбие қандай болуын білдірсе керек.Әке-шешенің жеке басты үлгі-өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата-аналардың үлгі-өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс-әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-әрекетіне, басқалармен ара-қатынасына еліктейді. Олай болса, әке-шеше қарым-қатынасы, өзара сыйластығы, бір-бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір-біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі-өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс-әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының сипатын құрайды.Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң-солын тани бастаған шақ аралығындағы үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер негізінде пысықталады. Ата-ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін-бірі толықтырады. Ата-ана тәрбиесі терең ата-аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз деген сөзін басшылыққа алған біздің балабақша ұжымы бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын дамыту, өркендету барысында жұмыс жасайды. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттеріміздің бірі. Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымы ең маңызды міндеттердің біріне айналады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасындағы «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сапасы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Баланы тәрбиелеу, дамыту мен білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы өзара тығыз байланыста болуы қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала тәрбиелеуде іске асырушылар – балабақша мен отбасы. Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым-қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің максат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз. Ата-аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында құрылуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік бере отыра, ата-аналарға «Ашық есік» күн өткізіп, топтарға саяхат жасап, балабақша жұмысынан көрініс көрсетіп, ата-аналармен әңгімелесіп, олардың алған әсерлерімен бөлісе отырып, туындаған сұрақтарға жауап бердік. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде өткізілетін жиналыс ата-аналар қатынасының бірлігінің міндетті түрі. Мұндай жиналыстарда жалпы талаптар ұсынылады, балалармен отбасында: еңбек, адамгершілік, дене тәрбиесін ұйымдастыруға, балабақша өміріне бейімделуіне нұсқау беріледі. Балабақшаның ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы көзделуі қажет. Олар үшін сұрақ-жауап кештері, «дөңгелек үстелдер», іскерлік ойындарды өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Ата-аналарға кеңес беру баланың даму мен тәрбиеленуінің, денсаулығын сақтауының накты жағдайларын талдауға көмектеседі. Кеңес беруді өткізгенде сенімді мағлұматтар жинап, белгілі бір отбасының баланы тәрбиелеудегі тәжірибесін пайдалануға болады. Кеңес беруді ұйымдастыруда ата-аналардын дайындық деңгейін ескеру маңызды. Бұл кеңес берудің түрін аныктайды. Жекелей кеңес беру екі жақтың да белсенділігіне байланысты болу керек. Мұндай кеңес ақыл, тілек, нұсқау беру түрінде өткізіледі. Топтық кеңес беру ата-аналармен арналған жұмыстардың түрі. Олар бірнеше отбасында бірдей қиыншылықтар туындаса немесе бірдей кызығушылықтары болса жүргізіледі. Топтық кеңес берудің мынадай тақырыптарын алуға болады: «Балалар ойынына талаптар», «Баланың дамуынын көрсеткіштері», «Тіл дамыту негіздері». Жыл бойына жүргізілетін жоспарларды ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі заман талабына сай ата-аналар өзекті мәселелерді, әртүрлі тақырыптарды өздері ұсына алады.
Бүгінгі жас отбасылар - еліміздің
ертеңгі - рухани кемелдену дәрежесіне
жету үшін ұлттық тәрбиенің де алар орны
ерекше. Қазақстан мемлекеті үшін бар
білімі мен қабілетін сарап ететін, елін,
туып өскен жерін, тілін, халкынын тарихын,
діні мен мәдениетін, жеке тұлға тәрбиелеу
- жалпы жұртшылык, әкімшіліктер мен білім
беру мекемелерінің басты міндеті.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына
арналған Жолдауында: «Біз Қазақстанның
барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен
өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға
тиіспіз және оларды қалыптастыру басты
міндеттеріміздің бірі» деген сөзін басшылыққа
ала отырып, балабақшада ата-аналардың
катысуымен «Менің Қазақстаным» атты
ұлттық тәрбие жұмысын жүргіздім. Мұндай
шаралар аналардың және баланың бойына
жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Балалардың
шығармаларын шындай түсу мақсатында
«Біз бақытты отбасы» атты сайысын көрсету,
қолөнер шеберліктерін, сауалнамалар,
тестілеу тапсырмаларын орындау сияқты
сайыс кезеңдерінен өте отыра өз бағаларын
алды.
Отбасында өсіп келе жатқан ұл-қызға тәлім-тәрбие
беру мақсатымен арнайы ата-аналарды балаларымен
балабақша ауласын көгалдандыру іс-шараларына
қатыстыра отыра, қоршаған ортаға, табиғатты
сүюге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін
арттырдық.
Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай,
өсер бала бола ма?» деген мақсатымен ата-аналарды
балаларымен спорттық ойындар кешендеріне
қатысуы жиі жоспарланып отырады. Себебі,
ойындардың басты тәжірибелік мәні - болашақ
ұрпақты жан-жақты дамытып, ой-өрісін өрбітеді.
«Әкем анам және мен» атты спорттық жарыс
өткізіліп, ата-анаммен балабақшаны бір-біріне
жақындастырып, қиыншылықты бірге жеңіп,
табысқа жетуге баулиды.
Отбасы педагогикалық процеске тарту,
тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен
қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың
ата-аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсата
әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиешінің отбасына
баруы, ата-аналарда тәрбиешінің жеке
басы туралы көзқарастарын, оның балаларының
қарым-қатынас тәсілдері мен әдістері
жайлы түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші
сонымен қатар ата-аналардың нені кадірлейтінін,
өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы
мәлімет алады. Осы мақсатта ата-аналарды
топ өміріне тартып, әртүрлі бірлескен
іс-әрекеттер түрлерін, мерекелер мен
сауық кештерінің ұйымдастырылуы қажет.
Толық емес отбасында тәрбиеленіп жаткан
балаларға ата-аналардың толық мүмкіншіліктері
жетпей жатқанда, каржы мәселесін тұрмыстық
мәселенің шешуін таба алмай, еңселері
түсіп жүрген ата-аналарға психологиялық
тұрғыдан көмек болатындай баяндамалар,
кеңестер ұсынамын. Бұл отбасылардың өмірдің
бастарына түсірген тауқыметіне қарсы
тұра алатындай өмірге тез бейімделіп
кетуіне себеп болады. Ұжымымызда әлеуметтік
жағдайы төмен, қамқорлықтағы, көпбалалы
отбасына көмек ұйымдастырылды. «Қайырымды
болсаң өзгеге, шапағаты тиер өзіңе» акциясы
ұйымдастырылды. Отбасы мен балабақша
- бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының
әлеуметтік тәжірибесі балаға берері
бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі
кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне
ыңғайлы ықпал жасайды. Ата-аналар және
балабакшаның өзара қарым-қатынасының
бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл
ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты
ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші,
ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан
ұйымның өзара қарым-қатынасы өте киын
жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы
және талапшылдығымен оның отбасында
кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады.
Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау
және танымдық қасиеттерін, шығармашылық
қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға
ретінде дамытуға бағытталады.

- Ата Заңның асқаралы асуы
- Ата заңымыз «Конституция» туралы
- Атака окружающей среды на иммунитет
- Атаки,обеспечивающие перехват данных
- Атақты қоғам қайраткері
- Аталық без және ұрық безінің су шемені.Крипторхизм
- Атаман А.М. Каледин. Исторический портрет
- Асыл тастарға жалпы сипаттама
- Ата-анаға психологиялық кеңес
- Ата-аналарға арналған «Сынақ» іскерлік ойыны
- Ата-аналардын кұкыктары мен міндеттері
- Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі
- Ата аналармен жұмыс
- Ата-аналармен жұмыс