Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау. 2. 2
Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау.
Ауа бассейні екі түрлі жолмен табиғи және антропогендік ластанады. Күшті шаңды борандар мен тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері қалалардың кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. «Маңғыстау мұнай» өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.
Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ бостан бос жағып жіберілді.
Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3 рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.
Атмосфераның лсатауын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыстарда ондай 40 жуық қондырғы бар.
Сондай-ақ еңбекті жаңа үздік
үлгілерге сай
ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді, бейбітшілікті сақтау және қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, энергия мен шикізатпен қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т.б. осының бәрі жеке елдің емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-біртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады.
Адамзаттың барлық ғаламдық
проблемаларын бір ғана
Бұл қазіргі таңдағы
ең негізгі мәселе болып отыр,
өйткені құрғақшылық пен тұщы
су көздерінің болмауы
Адам экологиясы
Аталған мәселелердің барлығы бір нүктеде қиылысады. Ол - Адам. Адам-биологиялық, сондай-ақ әлеуметтік тіршілік иесі. Адам табиғаттың құрамдас компоненті болып табылады. Табиғат, табиғи географиялық орта белгілі - бір дәрежеде адамның өмір сүру образы, оның басты өмірлік кәсібін, яғни мәдени-шаруашылық типін анықтап береді. Мәдени-шаруашылық тип кез-келген этностың мәдениеті мен өнерін, дүниетанымын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін анықтайды.
Ауаның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Олар жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді.
(Тау-кен ісі, кен байыту
және металлургия салалары
Ауаның өндіріс қалдықтарымен зиянды газдармен ластануы
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік
ортасы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды.
Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы
болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат
үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның
құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан
– тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера
(40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км)
және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр
қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі,
газдық құрамы, тіршілік нышаны болады.
Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының
тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық
сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның
негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік
іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың
шығарлуы. Оларды ауаны ластағыш заттар
деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын
қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді
таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке
қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот,
көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады
және жерді метеорит әсерлерінен, күн
және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден
қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды,
ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер
шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы
ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге
ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы.
Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрcеткіштері
оның ластану дәрежесі болып саналады.
Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың
шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты
құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда
ауаны ластанған деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері -
өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу
энергетикасы, қару жарақтарды сынау,
ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда
аталған объектілерден атмосфераға түскен
заттар ауа құрамындағы компоненттерінің
қатысумен химиялық немесе фотохимиялық
өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда
болған химиялық өнімдер суға, топыраққа
түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды,
құрлыс материалдарын бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл
газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің
тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі
тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз
ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық
реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген
жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға
бастайды.
Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер
әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі.
Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті
мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың
тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа
құрамындағы негізгі екі газдың тепе-теңдік
мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы
жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера
экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны
ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің
экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше
үлес қосып келеді.
Біздің республикамызда атмосфера ауасына
шығарылатын зиянды заттар мен газдар,
т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет
ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында
болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға
және тоқсанға жіктеліп «Ақпараттық экологиялық
бюллетен» журналы арқылы көпшілікті
хабардар етеді.
Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау
бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы
ең көп ластанатын қалаларға Ленинград,
Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине
бұл үнемі өзгеріп отырады.
Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің
т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны
бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп
ластанған қалалардан бірінші орынға
Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал
1999-2001 жылдары Өскемен шығып отыр. Бұл
жерде қара металлургияның ластағыштары
және түсті металлургия кәсіпорындарынан
шығатын қалдықтар көп.
Алматы мен Зырян қалаларының
зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы
Республика жағдайында атмофераның ластануына
өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан
нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген
технологиялық процестер нәтижесінде
құрамында қатты және сұйық бөлшектері
бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде
бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар
өте қауіпті, улы келеді. Олар негізінен
күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот
оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі
қатты және сұйық заттар.
Атмосфера тұрақты көздерден шығатылатын
зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген
деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763,0
мың т.), Қарағанда (601,6 мың т.), Жезқазған
(487,0 мың т.), Шығыс Қазақстан қаларында
(170,0 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола
(120,0 мың т.), Атырау (90,0 мың т.) облыстары
болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы,
металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары
шоғырланған.
Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар
мен газдардың көпшілігі осы облыстар
мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді,
суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы
қоршаған ортаны ластап жатыр. Қазгидромет
мәліметі бойынша республиканың әрбір
шаршы километріне жылына орта есеппен
1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.
Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың
ау бассейні автокөліктерден шығарылатын
зиянды заттармен ластанып отыр.
Соңғы 2001 жылдың мәліметі бойынша Өскемен
қаласының ауасында күкірт диоксиді және
фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты
денгейден 1-4 ШМК-ға артып отыр. Сол сияқты
ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент,
Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе,
улы формальдегид (3 есе көбейгені ) Шымкент,
Тараз және Петропавл қалаларында байқалып
отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдын мөлшері
Теміртауда (2,3 ШМК), Петропавлда (3 ШМК)жетсе,
ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне
жеткен.
Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің
ластануы көбінесе қатаң континентальды
ауа райына да байланысты. Жауын-шашын
мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи
тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент,
Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында
ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары
балмайды, соның себебінен қалалар үнемі
қалын зиянды улы тұманмен оранып жатады.
Ауа бассейінің құрамында ауыр металлдардың
болуы да өте қауіпті.
Әсіресе, кадмий, қорғасын, мырыш, сынап,
мөлшері үнемі бақылауға алынады. Ауыр
металлдармен ауаның ластану республика
бойынша жоғары болмағанмен жекелеген
қалалар бойынша жағдай жақсы емес. Мысалы,
қорғасын көрсеткіші Ленинградта – 17
ШМК, Балқашта – 8, Шымкентте – 6 есе болып
отыр. Бұл көрсеткіштер кейбір жылдар
17-81 ШМК-ға жеткен.
Қазақстан ауа бассейінің ластануы көршілес
мемлекетердің ауаға шығарлатын зиянды
заттардың есебінен де көбейе түседі.
Өйткені, ауа бассейнінің бәрімізге ортақ
екені айқын.
Қоршаған ортаның химиялық
ластануыньң кейбір түрлері казіргі кезде
глобальды экологиялық проблемаларды
туғызьш отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі
байқалып отырған "Жылу эффектісі",
"Озонның жұқаруы", "Кышқыл жауындар",
"Фотохимиялық тұмшалар" және осылардың
әсерінен туындайтын аурулар.
Адам баласы әсіресе, атмосфера
(ауа бассейіні) ауасының ластану көздерін
тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз,
атмосфераның ластаңуына жалпы сипаттама
берсек, ендігі жерде оған толығырақ
токталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлық
зиянды заттар атмосфера аркылы түрлі
химиялық қосылыстарға айналып, газ, сүйық
немесе қоспа түрінде топырақ, су бетінде
келіп, одан адам организміне түседі.
Атмосферадағы тіршілікке кажетті
барлық процестер оның тропосфера кабатында
жүреді. Оның жер бетінен калыңдығы 10-18
км. қашықтыкты (қалыңдықта) қамтиды. Енді
біз жекелеген зиянды заттардың өзіне
және қоршаган ортаға тигізетін әсеріне
токталамыз.
Көміртегі оксиді (СО2) және монооксид (СО2). Жалпы отын
жақкан кезде көміртегінің екі газы түзіледі.
Екеуі де ластағыш газдар. Оның көміртегі диоксиді - улы емес,
ал монооксид улы болып келеді Ол адамньң
қандағы гемоглобинмен өте тез қосылып
зиянды қоспа түзіп ауру туғызады.
Соңғы жылдары атмосферадағы
көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде
жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда.
Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10
жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу
эффектісін туғызуда. Ал жылу эффектісі
өз кезегінде жер шары климатыньң орташа
температурасын көтеріп, түрлі экологиялық
апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа
райының өзгеруі, кауіпті циклондар мен
цунамилар, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына
себеп болып отыр. Аталған газдармен катар
метан, азот оксиді, озон т.б. газдар кун
сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен,
ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін
ұзын толкынды жылу сәулелерін өткізбей,
көмір кышкылы газдарының қызып, жалпы
атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде.
Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір
қышқылы газының атмосферадағы мөлшері
0,029% болса, ал 90 жылдары-0,035%-ке жетіп, 20%-ке
көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері
бойынша 2000 жылдары 30%-ке жетпек. Ол жағдайда
жер шарының орташа температурасы 0,1°С-қа,
ал 2050 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген.
Осы мәліметтерді компьютерлік жүйе арқылы
есептегенде жер шарының орташа температурасы
жақын жылдары 1,5 - 4,5°С-қа жетуі әбден ықтимал.
Жер шарының осылайша жылып
кетуі дүниежузілік мүхиттардың деңгейін
1,5 метрге көтеріп, планетамызда "топан
су" қаупін туғызары сөзсіз.
Мұхиттардың деңгейінің көтерілуі
адамзат үшін кауіпті проблема. Міне, осының
бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан
оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз
жөн.
"Озонның жұкаруы". XIX
ғасырдың 80-жылдарында атмосфера
қабатында озонның кейбір
Осы жағдайға байланысты БҰҰ
жанынан ғылыми кеңес құрылып "озонның
жұкару" себебін зерттеу басталды. Нөтижесінде,
оның негізгі көзі – хлорфтор көміртектік
(фреондар) қосылыстар екені анықталды.
Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп,
фотохимиялық ыдырауларға ұшырап, хлор
тотығын түзеді. Ол өз кезеңіндегі озон
молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде
озонның жұкару процесі басталып, космостан
келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің
еркін өтуіне жол беріп, бүкіл тіршілік
атаулыға кауіп төндіреді.
Бүкіл дуниежүзілік денсаулық
сақтау (БДС) ұйымының мәліметі бойынша
атмосферадағы озонның 1%-ке азаюы кауіпті
ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған.
Сол сияқгы УК сәуленің көбірек өтуі адам
баласының иммундық қорғаныс кабілетін
азайтып, жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне
жол ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай,
1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халыкаралық
Конвенция кабылданды. Оның максаты —
озон кабатынан бүлдіргіш заттар шығаруды
тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей
мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар ұжымы
еңбек етуде.
"Қышқыл жауындар" — атмосфераға
байланысты казіргі кезеңдегі үлкен проблема.
Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид
(SO2) пен азот тотығы (NO, азот қос тотығы
NO2)
Фотохимиялык тұмша. Атмосфера қабатында азот оксидтері,
көмірсулар, озон, күннің радиациясының
фотохимиялык, реакцияға ұшырауы нәтижесінде
пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық
тұмшадан айырмашылығы автокөлік моторларынан
шығатын газдар күндізгі жағдайда улы
түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық
тұмша алғаш peт 1930 жылдары Лос-Анджелес
каласы үстінде есепке алынған.
Қоршаған ортаның радиациялық
ластануы
Радиациялық ластанудың басқа
ластанудан коп айырмашылығы бар. Қысқа
толқынды электромагниттік сәуле шығару
мен зарядталған бөліктерді бөліп шығаратын
тұрақсыз химиялык элементтердің ядросы
радиоактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер
мен шығарылган сәулелер адамның организміне
түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде
түрлі аурулар пайда болады. Радиациялык
ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма
және бэта сиякты радиоактивті сәулелер.
Ионданған сәулелер адам,
жануар организмдерінде акуыз,
фермент және баска да заттардың өзгеруіне,
яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы сырткы мүшелерінің
зақымдануынан және радиациялык ластаушылардың
ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.
Сәуле ауруының дәрежесі алынған
сәуленің мөлшеріне байланысты балалар,
қарт адамдар мен ауру адамдар сәуле ауруын
кетіре алмайды. Адамдарда 50 рентген мөлшеріндегі
сәуледен сәуле ауруы байкалмайды. Ал,
100 рентгеннен бастап сәуле ауруы дами
бастайды.
Сәуле ауруы өзінен алынған
сәуленің мөлшеріне карай ауыр және созылмалы
болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле
алганда ауыр сәуле ауруына ұшырайды,
ал аз мөлшерден ұзақ уақыт сәуле ауруына
шалдығады.
Сәуленің әсер ету мөлшеріне
қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады:
1-дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген мөлшерінде;
2-ші дәрежесі орташа 200-300 рентген; 3-ші
дәрежесі ауыр 300-500 рентген мөлшерінде;
4-ші дәрежесі өте ауыр — 500 рентгеннен
астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезеңде жүреді:
бірінші кезең — сәуленің организмге
әсері мөлшеріне карай болады. Оның ең
алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу,
бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, терінің
бозаруы, қан кысымының секірмелі болуы,
естен тануы болады. Екінші кезең — бірінші
кезеңнен кейін уақытша аурудың жағдайы
жақсарады. Бұл қезеңді латентті кезең,
яғни, жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі
деп атайды. Алған радиация мөлшері көп
болса, бұл кезең қысқа: болады да екі күннен
- үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік, терлегіштік,
тәбетінің төмендеуі, ұйқысыньң бұзылуы
байкалады және қанда өзгеріс болады.
Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле
алғанда сэуле ауруыньщ асқыну кезеңі
бастаЛады. Аурудьщ температурасы кэтеріліп,
ішіне кан күйылады, жаралар пайда болады,
бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда
болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары
тү-седі, қан үюы бү^ьілады да жүклалы аурулар
дами бастайды (өк-пенщ кабынуы, дизентерия,
іш өту, канның бүзылуы, т.б.). Төртінші
кезең — сэуле ауруыньщ жеңіл түрі, бүл
осы кезенде ауру жазыла бастайды. Ауыр
түрі болса, онда адам бірінші кезенде
өліп кетеді. Орташа жэне ауырлау түрінде
адамньщ жазылуы бірнеше айға созылып
кан азаяды, кан қысымы көтеріледі жэне
организмнің әлсіздігі байқалады.
Егер тамақ не су арқылы радиоактивті
заттар адамның ішкі органдарына туссе,
онда адамга 25-30 г активтелген көмір, 50
г күкірт қышқыл барийді немесе 25-30 г балшық
суьш ішкізеді. Адсорбент радиактивті
затгарды қанға өткізбей сіңіріп алады.
Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 лирт су беріп
қүстырып, аска-занын жудырады. Осыдан
соң тағы да адсорбент беріп, іш айдай-тын
дәрімен ішек-карнын тазалатады. Адам
баласы сэулемен катар эр түрлі жаракат
алса (күйік, сынық, т.б.) онда ең алдымен
жараға эр тұрлі микробтар түспейтіндей
етіп алғашқы көмек көр-сетіледі. Құсқысы
келіп, басы аурьш, басы айналғанда этапир
зин немесе аэрон таблеткаларын береді.
Сәуле алғаньш біле са-лып 3-4 сағаттан
соң тетрациклин, биомицин береді, сонымен
катар сульфадемизин, этазол, фталозол
сияқты дәрілерді де береди Егер ішіне
кан хүйылған жагдайда тез қймыл жасатпай
5% хлорлы кальций ертіңдісін 4 сагат сайын
бір ас касықган беру керек. Сәуле аурумен
ауырған адамдарға сорт, әр түрлі жеміс
шырыньш немесе көп су ішкізу керек. Аздап
тұз қосылған су беріп, ауруларды аз-аздан
жиі тамакхандыру керек.
Адамның іс-әрекеті нәтижесінде
биосфераның радиацияльгқ ластануы өте
үлкен кауіп тудырып отыр. Казіргі кезде
радио-активті заттар өте кең қолданылуда.
Осы элементтерді тасымал-дауда болатын
немкүрайдылықгың нәтижесінде өте күшті
радиа-циялық ластану болады. Мысалы, атом
каруын сынақган өткізу биосфераның радиациялық
ластануына әкеліп соғады. Жиырма-сыншы
ғасырдың екшші жартысынан бастап, түрлі
атом электр станциялары, мүз жарғыш кемелер,
ядролық қондырғылары бар сүңгуір кайықгарды
кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп
пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер
дүрыс жүмыс істегенде қоршаған ортаның
радиоактивті нуклидтермен ластануы өте
аз мөлшерде болады. Осы атомдық энергияны
пайдаланатын меке-мелерде авария болтан
кезенде жатдай өзгеше болады. Радиация-лык
ластану нәтижесінде түскен радиоактивті
шөгінділердің өзі бірнеше мындатан километрге
дейін таралады. Казіргі кезде әске-ри
өнеркәсіптің радиоакитивгік каддьгқгарын
сақтау мен жою мәселесі түр. Ол калдықтар
жыл санап қоршаған орта үшін аса кауіпті
бола түсуде.
Радиоактивтік ластану өткец
ғасырдың 40-шы жыддары уран-ның ыдырау
реакциясы ашылғаннан бастап пайда болтан.
Атом энергиясын американдықтар сотые
мақсатында, ал 1945 жылдан бүрын Кеңес дәуірінде
оньі бейбіт мақсаткд пайдалана бастады.
Атом энергиясын пайдалану кезінде сакман
дыру шаралары коса
шаралары коса жүргізіледі.
Өйткені, атом қоңдыртылары жүмыс істеу
кезінде, адам өміріне кдуіпті радиоактивті
шлак түзіледі. Ал оны залалсыздаңцыру
оңай шаруа емес. Радиоактивтік калдық-тарды
теңізге, мүхиткд, өзенге тастауга рүқсат
етілмейді. Әрине, бүл жагдай кейбір капиталистік
еддерде сақгалмайды. Мәселен, Ирландия
жаталауы казір ядролық үйіндіге айналтан.
Жыл сайын мүхит түбіне радиоактивтік
калдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыган
елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорыңдарда
белгіленген са-нитарлық нормата дейін
радиоактивті заттардьщ концентрация-сын
азайтатын тазарту қондыргылары салынтан.
Каддықтар бал-лондарта салынып цементтеледі
де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасының
мәселелері миллиондаган адамдарды ой-ландыруда.
Атом электростанциядаты аппараттарга
немкүрайды кдрауға болмайды, олардың
ойламаған жерден апатка үшырауы — объективтік
шындық. Солардьщ бірі -
Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль
апаты айналадағы орта мен халықтьщ денсаулытына
кдтты эсер еткен, атом энергиясындағы
ешуақытта болмаган апат. Чернобыль апаты
кезінде атмосферага 50 МК радиоактивті
заттар шытарылган және ауданы 3000 км болатын
жерге таралган.
Біздің республикамызда Семей
ядролық сынақ аймағы жайында тоқгалып
кетейік. Мүнда 40 жылдан астам уақыт ішінде
500-ден астам жер асты жэне жер бетінде
түрлі жарылыстар болып, жарылған заттардьщ
куаты Чернобыль апаты кезіндегі жа-рылгыш
заттардьщ куатынан бірнеше мьщ есе асып
кеткен. Осы жарылыстьщ 27-сі атмосферада,
113-і жер бетінде, ал калганы жер астында
жүргізілген. Олардың радиоактивті калдықтары
жарты миллион адамга зиянын тигізгені
белгілі болып отыр. Семей полигонынан
басқа Казақстан жерінде 27 әр түрлі термоядролық
сынақгар өткізілетін әскери полигондар
болтанын жасыруға болмайды. Олар негізінен
Батыс Казакртандағы Азғыр, Тайсойған,
Нарын полигондары.
Күнделікті түрмыста да түрлі
түрмыстық техникалардан, компьютерлерден,
рентген агшаратгарынан да сэуле алады.
Мысалы, адам баласы телевизор караудан
бір жылда 0,5 мбэр сэуле алса, компьютер
мен рентген аппараттарынан бір жылда
370 мбэр сэуле алады.
Атмосфераның озон кдбатының
жүкаруы күн радиациясы сэу-лесінің жер
бетше эту каупін туғызуда. Міне, осы кезде
ядролық энергияны пайдалану адамзат
алдында көптеген мәселелерді шешуді
талап етуде.

- Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
- Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
- Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
- Атмосфера - проблема загрязнения
- Атмосфера: проблемы загрязнения
- Атмосфера: проблемы загрязнения
- Атмосфера: размеры, значение для жизни, состав, история образования, строение, свойства
- Атмосфераның радиоктавті заттармен ластануы
- Атмосфераның экологиялық мәселелері
- Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
- Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
- Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
- Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
- Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау