Атырау қаласының тұрақты даму стратегиясы

 

МАЗМҰНЫ

 
 

КІРІСПЕ............................................................................................

3

 

I Негізгі бөлім....................................................................................

5

1.1

Атырау облысының  жалпы характеристикасы мен орналасуы..........

5

1.2

Тұрақты дамудың  стратегиясы..........................................................

6

1.3

Қазақстанда тұрақты  экологиялық дамудың бағдарламасы................

7

 

Қорытынды.......................................................................................

12

 

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................

13


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

       КІРІСПЕ

 

 

       Мемлекеттің не болмаса жеке бір қаланың тез ауқымды дамуы оның халқына, экономикасына жақсы жақтарын тигізетін болса, ал экологиялық тұрғысынан максимум кері әсерін тигізеді ,тигізіп қана қоймай келешек ұрпаққа зардап әкеледі. Қарқынды дамуға экономикалық, экологиялық, социологиялық негізгі аспектілері болады. Ал қарқынды дамудың индикаторы жұмыссыздықтың деңгейі, халықтың миграциясы, демографиясы, ауыл шаруашылығының дамуы, халқының денсаулығы, экологиясы.

        Қазақсатан Республикасына Атырау  облысының қарқынды дамуының  маңыздылығы кең көлемде мұнай және газ  қорының болуы, үлкен ауқымда инвистицияның келуі, көміртегі ресурстарының игерілуі ол дегенміз Каспий жағалауындағы және де бүкіл Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына ғана байланысты емес, сонымен қатар Атырау қаласы үлкен су қоймаларында орналасқан бұл дегеніміз экологиялық саясатта теңіздің бұзылуына әкеледі.

        Тұрақты дамудың көптеген анықтамалары мен көрсеткiштерi қалыптасуда. Олар кең диапозонда: жай тепе-теңдіктен жүйелік және біртұтастық түсініктері арасында қолданылып келеді. «Тұрақты даму» түсінігі көпжақты кең көлемде қолданатын ұғымға айналып отыр. Тұрақты дамуды экономика тек қана оңды дамып отырған кезең деп біржақты қарамауы керек. Тұрақты даму ұғымы қолданылғанда ойланудың абстрактілі тәсілі қолданылады да, көптеген процестер мен көрсеткіштердің негізінде сондай тұжырым жасалынады. Ойланудың абстрактілі тәсілі қолданылу барысында зерттеушілір зерттеліп жатқан құбылыстарға тән емес, оның түпкілікті мәнін ашпайтын кездейсоқ белгілер мен қосалқы процестерден ойын алшақтатады. Сөйтіп зерттеуші құбылыстың немесе процестің ішкі дүниесіне еніп, олардың нағыз мәнін ашады.

  Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты еліміздің халқына Жолдауында «Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды мәселе» деп айтылған болатын. Шын мәнісінде де, Жолдауда атап көрсетілгеніндей, экономикалық жетістіктерге қол жеткізу, республика тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту – өмірлік маңызды мәселе болумен қатар, басты қажеттілік екендігі де айдай ақиқат.

   Бір құптарлығы, тәуелсіздігіне 20 жыл толған біздің кең-байтақ, қуатты Отанымызда бұл бағытта ілгерілеушілік айқын аңғарылуда. Оған нақты деректер де жеткілікті. Мәселен, Давоста өтетін Бүкіләлемдік экономикалық форумда әлем мемлекеттерінің бәсекеге қабі­леттіліктерін жаһандық зерттеудің жыл сайынғы қорытындысы шығарылды. Давостың сарапшылары 144 ел бойынша деректерді талдады. Рейтингтің қорытын­дылары бойынша Қазақстан 51-ші орынды иеленді, бұл еліміздің өз жағдайын өткен жылмен салыстырғанда 21 позицияға жақсартқанын білдіреді. Қазақстанның мұндай жоғары көрсеткішке қол жеткізуі, менің ойымша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа индустрияландыру саясатының және осы саясаттың ұтымды іске асырылуының нәтижесі деп білемін.

  Қазіргі кезеңде республикамызда осы саясаттың аясында 440-тан астам жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Соңғы жылдары Елбасының тікелей бастамасымен көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Олардың арасында «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік-2020» және тағы да басқа бағдарламалар бар. Қазір біздің еліміз экономиканың нақты секторына және ауыл шаруашылығы секторына тікелей бет бұрды. Сонымен қатар Ұлт көшбасшысының әлеуметтік жаңғырту бастамасы әлеуметтік дамуымыздың нақты бағдарын да ашып берді. Сондай-ақ Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы халықтан үлкен қолдау тауып отыр.

   Қазақстанда қазір еңбек етуге, қоғам дамуына өз үлесін қосуға жағдай толықтай бар, масылдықтан арылатын уақыт та жетті. Енді осы бағдарламалар нәтижесінде қазіргі кезеңде еліміз кешегі жаһандық дағдарыстан аман-есен шығып, тұрақты даму жолына толық қадам басуы көп нәрседен хабар берсе керек. Ақиқатына келгенде, бұл екі елдің бірінде болмаған жағдай. Мемлекет басшысының Назарбаев Университетінде жақында ғана студенттерге оқыған дәрісі тек жастарға ғана емес, орта буынға да пайдалы. Сапалы білім, саналы тәрбие және өнімді ең­бектің берері мол екендігі айтпаса да түсінікті. Дана халқымыздың «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген ұлағатты сөзі жайдан-жай айтылмаса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

      

 

 

       І. Негізгі бөлім

 

       1.1 Атырау облысының жалпы характеристикасы мен орналасуы

 

        Атырау  қаласы 1992 жылға дейін Гурьев  деп аталып келген. Атырау облысының  орталығы 1640 жылы Михайло Гурьевпен  тұрғызылды. 1708 жылдан бастап ол  осы кісі есімімен аталып келеді. Қала  Жайық өзенінде орналасқан. Батысында Астрахань облысымен, солтүстігінде – Батыс Қазақстанмен, шығысында - Ақтөбемен, оңтүстік-шығысында - Үстірт Маңғыстау облысымен шектелген. Ол Каспий теңізінің суларымен шайылады. Облыстың территориясы 118 мың квадрат километр. Шекараның ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 350 км, шығыстан–батысқа қарай 600км. Климаты теңізге жақын орналасқанымен де тез өзгермелі, шөл болады, жазда ауа-райы + 40,42 С мен, ал қыста -38-40 С болып тұрады. Халқының саны 450 мың адам ол дегеніміз Қазақстан Республикасының  3 пайызын құрайды. Халықты жартылай тығыздығы 3,81 квадрат метрге 1 адамнан келеді. 2002 жылы Атырау қаласында 196,0 мың адам өмір сүрді. Ол дегеніміз облыстың жартысы. Облыста 2 қала, 7  район, 14  село, 189-ауыл бар. Облыста 200 мектеп, 10 колледж, 3 институт, 40 аурухана бар. Каспий теңізі керемет ішкі қойма себебі онда балықтардың байлығы. Олар қызыл балық, сазан, белуга, севрюга, шипа.

        1990 жылдан  бастап қызыл балық саны күрт  төмендеп кетті. Ол браконьерлердің  қолдарынан және экологияның  ластануынан болды. Қолайсыз экологиялық жағдай қызыл балық популяциясының 70 пайызына қатер тудырды. 1997 жылы Балық өнімдерін өндіретін екі завод салынды. Соңғы 25 жылда Каспий теңізінің деңгейі өсуде ол каспий аймағындағы мемлекеттердің Азербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түркменстендағы шөлейт зоналарды басуда. Сонымен қатар Атырау облысы Каспий теңізіндегі байлықтармен қоса мұнай және газ, борат, калий және натрийленген тұздар қорының байлығымен танымал. Ембі мұнай барлау жазық даланы игеруіне көп еңбектерін тигізді. Мұнай қоры жағынан Теңіз тек қана СНГ-нің Самотлорсктегі Тюменнен қана артта қалады. Теңіздің игерілуі бүкіл облыстың тек қана облыстың емес сонымен қатар мемлекеттің экономикасын күрт көтерді, елеулі өзгерістер енгізді.

       Қазақстан  әлемдегі үлкен мұнай игеру мемлекеттерінің бірі болды. Қазіргі таңда облыста Каспий шельфин игеруде. Сараптаулар бойынша мұнай игеру 2010 жылы 55млн.тонна жылына болмақ. Ал 2030 жылы 74-75 млн.тонна.Ұлттық байлық жағынан Атырау облысы мемлекетте бірінші орында. Бірақ та ауыл өнімдері жағынан оллыс 14 облыстың ішінде 13 орында. Жұмыссыздық 13,5 пайыз ол дегеніміз Республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бір айлық орташа жалақы 35,5 мың теңге.

          Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі — Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады.

Облыс қойнауы мұнай мен  газға, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен  орындарына толы.

Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады.

Облыс аумағындағы  ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл — Индер (110,5 ш.м.).

Жері шөлейтті, қоңыр топырақты, негізінен шөлге  төзімді өсімдіктер өседі. Облыс аймағының жартысын ащы және сортаңды комплекстер, сондай-ақ құмдар алады.

 

 

            1.2 Тұрақты дамудың стратегиясы

 

           Энергетика мен экологияны әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты факторлары ретінде қарастыра келе, Президент Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет экологиялық ойлау мен мәдениетінің жаңа ғылыми парадигмасын құрайтын ғаламдық энергия-экологиялық стратегияны тұжырымдап берді.

          Бұл жоба осы кезеңде тұрақты  дамудың стратегиясына айналды.  Энергия-экологиялық стратегияның негізгі ғылыми пайымдаулары Елбасының «Постиндустриалды қоғам қалыптасуының стратегиясы мен өркениеттер серіктестігі», «Ғаламдық қауымдастық пен өркениеттер серіктестігін түбегейлі жаңарту стратегиясы», «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энерго­экологиялық стратегиясы» атты үш монографиясында жақсы тұжырымдалды.

          Тұрақты даму мәселесі қаншалықты  айқын мағынадағы ғаламдық сипатқа  ие болуына қарай, оның шешілуі  үшін соншалықты негізде ұзақмерзімді  ғылыми болжамда жаһандық энергия-экологиялық  стратегия мен оны жүзеге асырудың БҰҰ аясындағы бағдарламасы қажет.

Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың 2007 жылғы 25 қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясының 62-сессиясында  сөйлеген сөзінде осы идея көтерілді, ол ғаламдық энергия-экологиялық стратегияны  жасауды және оны Рио+20 тұрақты даму жөніндегі Дүниежүзілік саммитінде 2012 жылы талқылауды ұсынған еді.

          БҰҰ-ның мыңжылдықтар дамуы мақсатынан  бұлжымайтындығын Елбасы 2011 жылдың 23 қыркүйегіндегі БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессиясында жоғары мінберден  сөйлеген сөзінде тағы да мәлімдеді, халықаралық қауіпсіздік жағдайына Қазақстанның ғаламдық болжамын білдірді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Жаһандық энергия-экологиялық стратегияны қабылдауға қатысты ұсынысын тағы да қайталап, ауқымды экологиялық «Жасыл көпір» бастамасын көтерді. Оның идеялары бүгінгі таңда нақты жүзеге асырыла бастады.

          2012 жылғы «Рио+20» БҰҰ тұрақты  дамуы бойынша Конференциясына  арналған Жаһандық энергия-экологиялық  стратегияны қалыптастырудың» кезекті  сессиясында ғалымдар мен мамандар Көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясын талқылады.

          Экологиялық, экономикалық және  әлеуметтік тұрғыдағы макроөңірлік  тұрақты дамудың үйлесімділік  дәрежесі адами капиталдың дамуымен тікелей байланысты. Шын мәнінде, тұрақты дамудың жаңа технологиялық құрылысын жетілдіру қажет, ал ол өзіне лайық кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

         

 

          1.3 Қазақстанда тұрақты экологиялық дамудың бағдарламасы

 

          2000 ж. ҚР мемлекеті БҰҰ-ның дамыту бағдарламасымен бірге «2001-2004 жж. тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» атты Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - тұрақты даму (ТД) институттары арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді болдырмауды жетілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік, ақпараттық және тұрақты даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылылығын арттыру болып табылады.

         Бұл бағдарлама тұрақты даму институттарын дамытуға, басқару жүйесін жетілдіруге, экологиялық қызметгің зияткерлік әлеуетін және ұйымдастырушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бағдарлама шеңберінде талдаулар өткізіліп, Қазақстанның күн тәртібіндегі XXI ғасырға тұрақты дамуын зерттеу сектораралық ынтымақтастықтың кедергілерін жеңуі жөнінде ұсыныстар дайындайды. Сонымен қатар, тұрақты дамудың Ұлттық Кеңесін құруға ықпал етеді. Бағдарламаны басқару комитеті жүзеге асырады, оған министрлік өкілдері мен ведомстволар, донорлар кіреді. Сектораралық басқару үлгісі болатындай оның отырысына Парламент мүшелері мен халықаралық ұйымдар шақырылады.

         Ел бойынша оперативті мәлімет базасында ұлттық сарапшылар бағдарлама бойынша жұмыстардың түгелге жуығын атқарады. Алынған нәтижелер Қазақстан жағдайында шынайылығымен көрініп, қаржылай ұсталған шығынды қысқартады.

         Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру. Бағдарламадағы негізгі міндеттердің бірі: «Әкімшілік шеңберде қоршаған ортаны қорғау бойынша институттар талдауы мен экологиялық басқаруды жақсарту үшін ұсыныстар дайындау», реформаларды басқару бойынша жобалармен және мемлекеттік тиімді басқарумен және сектораралық нығайту мәселелерімен тығыз байланысты.

         Тұрақты саяси даму бағдарламасына жәрдемдесу бойынша жүйелі түрде және түрлі жоспарда болады. Экологиялық жобалар (Ғаламдық Экологиялық Қор, СИЯП, Каспий экологиялық бағдарламасы), «ҚР-ның кедейлікті жеңу

Абстрактілі ойлану тәсілі арқылы тұрақты даму категориясын төмендегідей түсінуге болады:

- тұрақты даму тек қана оңды, яғни бір түрлі сипаттағы даму деп түсінбеу керек. Экономикалық даму, әдетте, белгілі бір уақыт аралығында орын алады. Демек, тұрақты дамудың сипатын ашу үшін қысқа мерзімдік экономикалық дамуды емес (3-4 ай, немесе 1-3 жыл), ұзақ мерзім аралығы алынады (5, 10, 15, 20 жыл). Қысқа мерзім аралығы алынса, онда экономикалық дамудың сипатына дәл баға берілмейді, себебі әртүрлі себептерден дәл сол мезетте экономика дағдарыс қарсаңында немесе дағдарыстық жағдайда болуы мүмкін. Немесе, экономика қазір жақсы дамып отырғанына қарамастан, 3-4 жылдан кейін, мысалы, ауыр экономикалық жағдайға душар болу қауіпін байқамай қалуы мүмкiн.   Сондықтан,   тұрақты   даму   концепциясы   ұзақ   мерзім аралығындағы экономикалық дамуды зерттеуге бағытталады.

- тұрақты даму концепциясы дәстүрлі қалыптасқан “экономиканың циклді дамуы” теориясын жоққа шығармайды. XIX ғасырдың көрнекті ғалым-экономистерi С.Кузнец, И.Шумпетер, Дж.М.Кейнс, К.Маркс, Н.Кондратьев, С.Жуглар нарықтық экономиканың циклды дамуының экономикалық заңдылығын дәлелдеп берген. Экономикалық заңдарды өзгертуге ешкімнің құдіреті жетпейді, өйткені олар объективті (яғни адамдардың қалаулары мен еріктеріне тәуелді емес). Демек, тұрақты даму барысында да циклдық толқындар орын алып отырады. Бірақ, тұрақты даму концепциясын басшылыққа алған мемлекет өзінің экономикалық саясатының басымдылығы ретінде экономиканы дағдарысқа жібермеу, онда экономиканы тұрақтандыру саясатын ұсынады.

- экономиканың құлдырауын тоқтатып немесе тоқыраудан шығарып, 
қайтадан жаңа деңгейде макроэкономикалық тепе-теңдікті орнату арқылы 
экономиканы даму траекториясына шығару.

Қоршаған ортаны қорғау және дамыту бойынша Бүкіл әлемдік Комиссияның есебінде тұрақты дамудың төрт негізгі мәселелерін атап өтті . Олар:

  • адам өміріндегі табиғат базаларының қысқаруы;
  • кіріс пен активтердің теңсіз бөлінуі;
  • кедейшілік деңгейінің өсуі;
  • әлемге қауіп пен қауіпсіздік.

М.Қажыкен тұрақты даму мәселесінің туындауын дүниежүзілік қауымдастықтың жалпы планетарлық деңгейде біртұтастық бағытта даму процесінің әсері деп тұжырымдайды.

Тұрақты даму теориясының қалыптасу процесінің ерекшеліктері мен қарама-қайшылықтары жоғарыда қарастырылған концепциясында кеңінен орын алып отыр. Әрбір концепцияда тұрақты дамудың әр жақтарының экологиялық, экономикалық, әлеуметтік басымдылықтары негізге алынған.

Бірсыпыра концепциялар экологиялық басымдылықтарды алдыңғы  орынға қояды. Бұл концепциялар тұрақты дамудың алғашқы түсінігіне көп көңіл бөлген. Қазіргі және болашақтағы қажеттіліктер осы мәселе көлемінде көрініс тапқан. Осыдан барып табиғи ресурстарды болашақ ұрпақ үшін сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері тұрақты даму теориясының басты бағыты болып қалыптасқан.

Елімізде және алыс-жақын шетелдерде жүргізілген  жүйелі статистикалық талдау экологиялық  жүйе мен экономика арасындағы өзара тығыз байланыстың бар екенін көрсетеді. Бұл байланыстардың беріктігі көптеген жағдайда антропогендік теріс әсерлерден нашарлап бара жатқан қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Антропогендік әсердің табиғи процестерге қаупі орасан зор, кейбір аймақтың, тіпті континенттің табиғи жағдайын өзгертіп жіберуі мүмкін.

Тұрақты даму теориясының бір жақты экологиялық өрбуінің өзіндік қарама - қайшылықтары аз емес. Мысалы, М.Кажыкен: соңғы өнімнің көлемін және өндірістің өсу қарқынын арттыра түсу басымдылықтарынан кері қайту, экономикалық өсуді жылдамдатудан бас тартудың қажеттілігі туралы тұжырым экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі басты бағыт" деп таныған. Мұндай көзқарас өткен ғасырдың 70-ші жылдары Америка Құрама Штаттарында «нөльдік өсу» концепциясы ретінде кеңінен тараған болатын. Бұл концепцияның негізгі дәлелдері мыналар болған:

1. Ресурстардың  таусылу шегі. Ресурстардың жетіспеушілігі Мальтустың теориясының дәстүрлі тақырыбы. «Өсудің шегі» кітабының авторлары минералды ресурстардың негізгі түрлерінің қорымен қамтамасыз ету көрсеткіштерін есептеп шыққан. Бұл көрсеткіш қазіргі кездегі белгілі қорларды бүгінгі өсу қарқынын сақтай отырып, қанша жыл пайдалануға болатынын анықтауға бағытталған. Қарастырылған 19 минералды шикізаттың ішінде тек көмір көрсеткіші 100 жылдан асып түскен.

Алтын қорының  қазіргі таңда игеруге мүмкіндігі 9 жыл, қалайы -15, мырыш -18 және мұнай -20 жыл. Шикізаттың барланған қорын 6 ece өсіріп есептегенде олармен қамтамасыз ету мыс үшін 20 жылдан 48 жылға, мұнай -20 жылдан 50 жылға дейін өскен. Ғалымдардың жасаған қорытындылары бойынша қазіргі кездегі ресурстарды тұтыну деңгейі және оның болжамдық өсуі сақталған жағдайда қазіргі кездегі қайта пайдалануға келмейтін ресурстар 100 жылдан кейін өте қымбат болады.

Минералдардың орнын алмастыру, әрине, ресурстардың жалпы жетіспеушілігінің әсерін тежейді. Әйтсе де, нақты жағдайларды жақсартуға әкеле алмайды. Әңгіме бір немесе екі минералдық қордың таусылу орнын толтыруда емес. Мәселе: мыс, қорғасын, алтын, күміс, қалайы, мырыш, вольфрам және сынап сияқты минералдардың шығындарын шектеуде. Бұл орын шикізаттарды өндірістердегі біршама алмастыруды қажет етеді. Кейбір металдар алмастыруға жатпайды. Металдарды пластмассамен ауыстыру қажет деген көзқарастар бар. Бірақ, пластмасса мұнайдан дайындалатынын естен шығаруға болмайды. Оның да игеру шегі бар. Сонымен, жалпы ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында бір материалдарды басқалармен ауыстыру тұйықтан шығар жол емес.

2. Қоршаған ортаны ластаудың шегі. Қоршаған ортаны ластаудың шеткі 
шегі - жылулықты жоғалтумен байланысты.  Материалдарды қайта қалпына 
келтіру, сөз жоқ, жылу қалдықтарын ұлғайтады. Соңғы кезекте барлық 
пайдаланатын энергия бірте-бірте төменгі температуралық жылылыққа 
айналады. Уильям Нордхаустың есебі бойынша энергияны тұтынудың 500 ece өсуі (4 пайыздық жылдық қарқынмен 160 жыл) қоршаған орта үшін өте тиімсіз.

3. Экологияның  бұзылуы. Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға кері 
әсерінің көлемін энергия мен материалдардың антропогендік тасқыны мен 
табиғи тасқынды салыстыру арқылы шамалап бағалауға болады. Тек қана 
адамзатты   азық-түлікпен   қамтамасыз   етуге   дүниежүзілік   экономика 
шығаратын   энергияның   20   пайызы   кетеді.   Бұл   тұрғыда   энергияның 
антропогендік шығынының жалпы көлемі ғана маңызды емес, оның бөлінуінде біркелкіліктің жоқтығы да үлкен мәселе. Дүниежүзілік энергия шығынының 94 пайызы солтүстік жарты шарға келеді, ал 75 пайызы жер құрлығының 0,3 пайызына шоғырланған. Мұнайдың мұхитқа табиғи жағдайда құйылуы жылына шамамен 0,1 млн. тонна құрайды, ал антропогендік ластану шамамен 2,2 млн. тонна. Адамның іс-әрекетіне байланысты күкірт пен сынаптың атмосфераға шығуы   шамамен   табиғи   деңгейде.   Ал   тыңайтқыш   өндіруде   азотты атмосферадан жасанды байланыстыру табиғи қалыптан жоғары және азотты атмосфераға қайта қайтарудың табиғи деңгейінен анағұрлым асып түседі. Азоттың жинақталуы су қоймаларының бұзылуына әкеліп     соқтырады. Адамның қоршаған ортаға әсері жылына шамамен 5 пайызға өседі және әр 14 жылда екi еселенедi.

Осы дәлелдерге сүйене отырып, «нөльдік өсуді» жақтаушылар мынадай қорытындыға келеді. Бұл жағдай ереуілдер, терроризм, жатырқау және енжарлық жағдайларында көрініс тауып отыр. Егер өрлеуді тоқтату бағытында қажетті қадамдар жасамаса, онда адамзат өмірінде экологиялық тоқыраулар, генетикалық апаттар, эпидемиялар, ядролық қирау, саяси ретсіздік сияқты қиыншылықтар туындайды. Өсу кедейшілік пен теңсіздікті жойған емес және жоя да алмайды. Техникалық прогресс жағдайды қиындата түседі, өйткені ол жеке бостандықты жояды.

Әйтсе де, бұл  «нөльдік өсу» концепциясы теориялық  тұрғыда да, іс жүзінде де жеңіліс тауып келеді. Экономистердің басым көпшілігі өсуді жалғастыру концепциясын қолдайды. Өйткені, экономикалық өсу өмір деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің азық-түліктердің, киімдер мен пәтер-үйлердің, жоғарғы дәрігерлік қызмет көрсетудің деңгейі жоғары болса, онда олар өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұған қоса бос уақыттың, көңіл көтерудің, молшылықтың, өнер мен жеке бастың жұмыла қимылдауы өмір сапасын көтере түседі. Экономикалық өсу кедейліктiң мәселелерін шешуге пайдаланылады және толық жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады. Дамыған елдердің соңғы ширек ғасырдағы бірқалыпты экономикалық өсуі ерікті жеке тұлғалардың іс-әрекетін шектеудің мүмкін еместігін көрсетіп отыр. Сондықтан да экономикалық өсуге кері әсерін тигізетін капиталдың жетіспеушілігі, энергия мен шикізаттық материалдардың тапшылығы мемлекеттік саясаттың басты объектісі болуға тиiс.

Қазіргі кезде  экологиялық жүйенің құлдырауы, ол табиғи кешеннің, биологиялық өнімділіктің шапшаң төмендеуі, шаруашылық қызметтің  шамадан тыс көптiгi нәтижесінде болып отыр. Экологиялық жүйе дегеніміз, бұл бірыңғай кешен, тіршілік иелерінің тобы және олардың қоректену ортасынан тұрады. Экологиялық жүйе тұйықталған және теңделген, өзін-өзі ұстап тұратын жүйені құрайды. Табиғат тек қалыпты халық шаруашылығының деңгейінде өзін-өзі қалпына келтіріп, тазарта алады. Бұл дегеніміз халық шаруашылығын тұрақты дамыту қажет деген пікірге келіп саяды. Қазақстанда қоршаған ортаның мәселелері негізінен өткен жүзжылдықтың соңына қарай шиленісе түсті. Бұл өнеркәсіптің шексіз өсуінің, ғылыми, әскери зерттеулерді жүргізуде табиғи ресурстарды ойланбай, қалай болса солай пайдаланудың, ел территориясына әскери полигондарды орналастырудың нәтижесінде болды. Қазіргі кезде де республика экологиялық дағдарысты басынан өткізуде. Экологиялық қауіпке қарсы күресу үшін арнайы қоршаған ортаны қорғайтын үкімет орындары ашылды. Экологиялық дағдарыстан шығу үшін шұғыл және батыл іс-қимылдар керек. Құқықтық мемлекетте адамның Конституциялық құқығын сақтау тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды" делінген.

Қоршаған ортаны қорғау бағытындағы экологиялық мәселелерге тек қана бар күштерді біріктіріп және үкімет назарын аударып қоймай, экологиялық тәрбие беру керек.

Бүгінгі күннің негізгі мақсаты экономиканың нарықтық қатынастарда дамуындағы оның тұрақтылығы тек экологиялық тұрақтылық пен әлеуметтік тұрақтылыққа тығыз байланысты. Экономика тұрақтылығы әлеуметтік тұрақтылықты жасағанымен экологиялық тұрақсыздықты тудыруы мүмкін. Ал экологиялық тұрақсыздық экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты жоюға әкеледі. Демек, экономиканың тұрақты дамуы тек экология және әлеуметтік салаларды қаржыландыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

          Қорытынды

 

 

          Адамзат қоғамының алдында тұрған  экологиялық мәселелер оның дамуының  барлық тарихи кезеңдерінде орын  алып отырды. Бірақ, өндірістік  қоғам мен демографиялық жарылыс  кезеңінде адамзаттың табиғатқа  теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық  сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

          Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

          1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған  орта мен даму комиссиясы «Біздің  жалпы болашағымыз» атты есебінде  «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

          1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро  қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған  орта мен даму бойынша өткен  конференциясы «Тұрақты даму»  концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.  Сонымен қатар конференцияда мәлімдеме мен екі концепция қарастырылды климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

          Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.  БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Назарбаев Н.Ә. Тұрақты даму - адамзаттың аман қалу амалы //Егемен Қазақстан. 4 қыркүйек. 2002.

2. Есекина Б. Проблемы интеграции принципов устойчивого развития в национальную экономику //Саясат. 2004. №7. – С. 11-14.

3. Кажыкен М.  Устойчивость социально-экономической  системы (десятилетию концепции  устойчивого развития) //Транзитная  экономика. -2001. №3. - С. 11-14.

4. Экономика США в будущем (проблемы и прогнозы). – М.: Прогресс, 1982. - С. 91-92.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995. 30 тамыз. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. 

 


Атырау қаласының тұрақты даму стратегиясы