Аударма және өркениет
Аударма және өркениет (монография)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Аударманың мәдениеттанулық мәселелері
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2 Аударманың онтологиялық
2.1 Лингвомәдениеттану және
(Тіл. Мәтін. Дискурс.)
2.2 Концептсфера. Аудармадағы интерпретация және түсіну мәселесі
2.3 Аударма эквиваленттілігі
ретінде
3 Аударма және өркениеттік
3.1 Коммуникация құралдарының
өрісі
3.2 Аудармашы тұлғасына қатысты ойлар. Аудармашының
көшпелі-маргиналды тезаурусы
3.3 Өркениеттілік үрдістер аясындағы қазақ мәдениетіндегі
аударма ісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
N 1 КІРІСПЕ
Мақсаты :1. Аударманы мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастыру
2.Аудармашы тұлғасының көшпелі-маргиналды түсінігін қамту.
Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым-қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы, аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі-маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік “сахнасында” өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын “тайға таңба басқандай” айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет “ұлы көштен” қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс. Мәдени сұхбат үрдісі аясында ұлттық мәдениеттің жаңғыруы өзге мәдениеттер даярлаған мол мұраны жатсынбай, сіңіре білу қабілетіне барып тіреледі.
Адамзат жазулы тарихта жүргеніне біраз уақыт болғандықтан көптеген рухани құндылықтар қағаз бетіне түсірілген мәтін ретінде тіршілік етіп жатқандығы кімге де болса мәлім. Сол мол қазынаны өзіміздің бай мәдени мұрамыздай көріп, одан шығармашылық шабыт алу үшін, алдымен, сол қазынаны түсінікті ететін амал-тәсіл керектігі даусыз. Ендеше, түрлі тілде сөйлейтін адамзаттың ортақ мұрасын өз мәдени мұрамыздың іргелі бөлігі деп қарауға мүмкіндік берер аударма мәселесі бүгінгі таңның өзекті тақырыбы.
2003 жылы Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі өзіндік бірегей орнының нығаюы мәдени-тілдік алыс-берісті арттыру ісіне, яғни аударма ісіне де тәуелді. Елдер мен халықтар арасындағы саяси-экономикалық, рухани, мәдени байланыстар ауқымының ұлғаюы аударма ісінің білікті мамандарын ғана даярлауды қажет етіп қоймай, сонымен қатар, тәржіма туралы теориялық зәру мәселелерді күн тәртібіне ұсынады.
Жер шарын мекендеген мыңдаған халықтардың түрлі тілде сөйлеу факті, сонымен қатар, күн өткен сайын өсіп келе жатқан мәдениетаралық коммуникация аударма ісін күнделікті қажеттілікке айналдырып отыр. Аударма әрі көне, әрі жаңа өнер. Аударманы өнер деп атаудың өзі де оның мәдени әлеуетінен хабардар еткендей. Ал сол аударма барысында орын алатын мәдениеттер сұхбаты өркениеттілік болмыс-бітімнің өзіндік ерекшелігін сомдайды. Ендеше, аударманы зерделеу – оны өз еншісіне айналдырған тілтанудың, әдебиеттанудың ғана жеке ісі емес, мәдениеттану сынды әмбебап әрі пәнаралық ғылымның да ортақ ісі болмақ.
Осы монографияға атау болып отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы мәдениеттер арасындағы сұхбаттастыққа тікелей байланысты болғандықтан, аударма ісін мәдени байланыстар мен өзара ықпалдастықты негіздеудің күрделі феномені ретінде қарастыруға мүмкіндік аламыз.
Мақсаты 1.АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІн қарастыру
2.Аударма – мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп, мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс екендігін дәлелдеу.
1 АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ
Аударманың мәдениеттанулық мәселелеріне не жатпақ деген сұрақ туындары заңды. Ол үшін, алдымен, аударманың мәдени феномен екендігі де, оның адамзат мәдениетімен тығыз байланыстылығы да шүбә келтірмес айғақтар екендігін еске сала кеткіміз келеді. Әрине, аударма – мәдени құбылыс. Өйткені, біріншіден, аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен мәдениетті бөліп-жарып қарастыра алмайсыз, себебі мәдениет – адами болмыс ету нәтижесі. Екіншіден, аударма – мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп, мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс.
Аударманың, соның ішінде, әсіресе, көркем-әдеби, поэтикалық аударманың әдебиет, поэзия сынды өнер қатарына жататындығы да қисынды. “Прозадағы аудармашы – құл, ал поэзиядағы аудармашы – қосавтор” деген В. Жуковскийдің қанатты сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Ол аударманың өнер ретіндегі көрінісін танытады. Сонымен, аударманың мәдениеттің айнасы болып есептелетін өнерге де тікелей қатысы барлығы оның мәдениеттанулық құбылыс ретінде анықталуына тағы бір себеп болады. Сөйтіп, аударма – шығармашылық әрекет түрі ретінде де мәдениеттанулық зерттеу нысанына қойылар талаптар биіктігінен көрінеді.
Аударманың адамзат мәдениеті тарихында көрінуі және де жалпы мәдениеттер арасындағы қарым-қатынасты өрбітуге тигізген ықпалы да, әрине, өз алдына, үлкен мәдениеттанулық мәселе.
Аударма ісінің мәдениеттің мәйегі
болып есептелетін тіл
Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша тілмаштық, жазбаша тәржіма, еркін баяндау, әңгіме ету және тағысын тағылар…) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Оған қоса, аударма ісі, расында да, мәдениетаралық байланыстарды нәтижелі ететін әрі өзі сол қарым-қатынастардың салдары ретінде пайда болатын қызмет. Сондықтан да аударманы пәнаралық ізденістер шекарасында – мәдениеттануда зерделеудің өзіндік қисыны бар.
Сонымен, аударма – мәдени құбылыс. Мәдениетті кең философиялық тұрғыдан адами болмыс нәтижесі деп анықтаймыз. Адами болмыс дегеніміз не? Ол – уақытқа тәуелді шексіз көп түрөзгерістерді басынан кешірген пенденің өзін-өзі қалыптастыру процесі. Адами болмыс қашанда мүмкіншілікті болмыс, ықтималдылық процесс.
Адамды адам ретінде ерен етіп тұрған да, оның өзіндік әлемі – мәдениетіне тіреуіш болып тұрған да нағыз адами болмыстың іргетасы – мән-мағыналық кеңістік, рәміздік кеңістік, таңбалық кеңістік. Мән-мағыналық, немесе рәміз-таңбалық кеңістік абстрактілі бейнелерден, ұғымдардан, сөздер мен таңбалардан, рәміздерден, эйдостардан (идеялардан) тұрады. Фиксацияда, көшіруде, аударуда – осылардың бәрінің адам үшін мәні бар нәрсені көбейтуінде мәдениеттің негізгі қыры да, сыры да танылады. Ол мәдениеттің кумулятивтік, жинақтаушылық рухын баяндайды.
Мақсаты : .1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдерін анықтау
2. аударма түсінігін талдау.
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
Аударма ұғымы мен оның мәнін, әсіресе, мәдениеттанулық ғылым аясындағы мазмұнын ашып көрсету осы бөлімшенің алға қойып отырған міндеті. Соған қол жеткізу үшін аударма түсінігін талдаудан бастаған жөн. Айтылған сөзді ауызша қотару барысындағы тілмаштық болсын, хатқа түсірілген сөзді жазбаша тәржімалау болсын, жалпы, мән-мағынаны тасымалдау (хабарлау, баяндау, әңгімелеу) болсын – бәрі-бәріне қатысты, жалпылама алғанда, аударма деуге негіз бар. Макроконтексте аударма дегеніміз адами әлемнің заңды процесі әрі кез келген жанның табиғи қабілеті. Бір тілдің өз ішінде әлдебіреудің айтқанын, жазғанын одан басқа адам қабылдау, түсіну барысында өзінің “ішкі” тіліне аударады деуге болады. Өйткені әрбір адамның “өз тілі” бар, сондықтан басқа адамның айтқанын біз үнемі аударма заңдылығымен қабыл аламыз.
Кезінде Р. Якобсон “Аударма туралы” деген эссесінде [6, 22 б.] аударманың үш түрін көрсеткен екен:
1) бір тілдің өзінің ішіндегі
тілішілік аударма, яғни бір
тілдің лингвистикалық
2) сөздің төл мағынасындағы
3) семиотикааралық аударма,
Осыдан, былайша айтқанда, аударма болып есептелмейтін “аударманың” екі формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру, “rewordіng”. Сондай-ақ, үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотикааралық аударма немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда да сөз “аударманың” аудармасы, интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан тура өз мағынасындағы аударма бар және жанама мағынадағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.
Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар. Тар мағынасында аударма деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде түсінікті етіп жеткізуді айтады. Тар мағынасындағы аударма жалпы аударма ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді. Расында да, аударма дегенде ана тілімізден басқа тілде жазылған көркем-әдеби шығарма мәтіні немесе басқа да керегі болып тұрған ақпарат, хабарлама және т.б.-ны өзімізге түсінікті түрде өз тілімізде бізге жеткізуді көз алдымызға елестетеміз.
Кең мағынасында аударма деп
қандай да болмасын мәдени ақпарат
түрін, мәдени мәтінді өзінің үйреншікті
арнасынан басқа түрге
Бәріміздің білетініміздей, адамзаттың бір тілде ғана емес, бірнеше мыңдаған тілдерде сөйлейтіндігінен барып аударма қажеттілігі туындайды. Тілдердің көп түрлі болуына биологиялық тұрғыдан алғанда еш негіз жоқ. Өйткені барлық адамзат балалары биологиялық бір түр өкілдеріне жатады. Шындығында, адам тек нәсілдік белгілері бойынша: терілерінің түсіне, бас сүйектерінің көлемі мен формасына, қан құрамына және т.б. белгілері бойынша ғана бірнеше топқа бөлінеді. Осыны негізге алсақ, онда әлемде бес-алты тіл ғана болуы тиіс еді. Қазіргі заманда, әртүрлі есептеулер бойынша әлемде төрт-бес мыңға жуық тілдер бар көрінеді. Жалпы бар тілдердің нақты санын беру өте қиын екендігін де айта кеткен жөн, өйткені көп жағдайда сөз қандай да бір дербес тіл туралы әлде сол тілдің диалекті туралы болып жатқандығын ажырату қиын. Сонымен, мұндағы мәселе биологиялық себептен мүлдем басқада жатыр деген сөз. Әрине, адамзат тек қана биологиялық-табиғи өмірлік бағдарлама шегінде қалып қоймай, өзінің жаратылыс табиғатынан тысқары жатқан, одан мүлдем бөлек заңдылықтарға, яғни шынайы адами-мәдени әлем заңдылықтарына да тәуелділік танытатыны бәрімізге аян.
Мақсаты: 1:Аударма дегеніміз не? Сұрағына жауап беру
2.Сөзді қолдану жағдайы мен контекст аударма терминінің қай мағынада алынғандығын нақтылап беру
Аударма дегеніміз не? Аударманың түп сырына, терең тұңғиығына (философиясына) “сүңгімес” бұрын ұғымның өзін анықтап алу керек. “Аударма” деген сөз күнделікті тұрмыстық деңгейде жалпыға мәлім және де түсінікті болып көрінгенімен де, көптеген басқа сөздер сияқты, ол да бірмағыналы жайдақ сөз емес. Сондықтан оны пайдалану барысында үнемі нақтылап отыру да керек. Сөзді қолдану жағдайы мен контекст аударма терминінің қай мағынада алынғандығын нақтылап береді. Аударманың ғылыми анықтамасын біз сол аударманы арнайы зерттейтін тілтанулық ғылым саласы – аударматанудан көптеп кездестіреміз. Сол анықтамаларды келтіру ретіне сай өзіміздің зерттеу жұмысымызда көрініс тапқан аударма мәселелерін нақтылаймыз. Сонымен, қазіргі таңда аударманың алуан түрлі анықтамалары бар. Аударманың өзіндік теориясын беруге ұмтылған әрбір зерттеуші, әдетте, зерттеу объектісіне өзіндік анықтама береді.
Француз аудармашысы
және аударма теоретигі Э. Кари аудармаға
берілген анықтамалардағы
Ғылыми терминнің ұтымдылығы оның бірмағыналығы, бірізділігінде болса, онда, ең алдымен, аударма сөзінің ондай талапқа сай еместігін, яғни көпмағыналы екендігін айта кеткен жөн. Ол, ең аз дегенде, екі ұғымға қатысты: аударма – мәдени-интеллектуалды әрекет, яғни процес ретінде алынған аударма және аударма – сол әрекеттің, сол процестің нәтижесі, әрекет өнімі ретінде алынған аударма, басқаша айтқанда, аудармашы жасаған сөз туындысы ретінде алынған аударма. Аударма жасау нәтижесінде пайда болған жаңа туындыны ғалымдар өзара “транслат” деп те атайды.
Аударматану
ғылымындағы беделді
Біздің
зерттеп отырған
Осы жоғарыда
айтылған аударма түсінігінде
“аудару дегеніміз түсіну”
Мақсаты:1. Аудармаға коммуникациялық теория тұрғысынан анықтама беру
2.Р.К. Миньяр-Белоручевтің аударма туралы ережесін талқылау , дәлелдеу
Аудармаға коммуникациялық теория тұрғысынан берілген анықтама Р.К. Миньяр-Белоручевке тиесілі: “Аударма туралы ғылымның нысанасы – екі тілді қолдану арқылы жүзеге асатын жай ғана коммуникация емес, түпнұсқаның аудармашы мен қабылдаушының өзара әрекеттесуін корреляциялайтын қызметтен құралатын коммуникация. Бұл коммуникацияның орталық буыны аудармашының қызметіне барып тіреледі, немесе сөздік әрекеттің ең күрделі түрлерінің бірі болып табылатын аударма осы сөздің толық мағынасындағы аударма болып есептеледі” [10, 25 б.].
Демек, аударма нәтижесінде екі сөз туындысы мен екі қабылдаушы қалыптасады. Аударма қандай да болсын коммуникация компоненттерін қосарландыра түседі. Аударма теориясын ұқсастық туралы, шынайы әлем заттарының ұқсастығы туралы, шынайы әлемнің адам санасында көрініс табуының ұқсастығы мен адамзат тілдерінің ерекше көркем мүмкіндіктерінің ұқсастығы туралы іргелі білім деуге болады
Біз тілдердің шындықты түрліше
бөлшектеп, бірдей құбылыстар мен заттарды
олардың алуан түрлі
Аударма – құндылықты қайта таныту. Егер кез келген сөз туындысы шындықтың фрагментінің индивид санасы арқылы бейнеленуі болса, онда аударма бейненің бейнесі, көріністің көрінісі болып табылады. Аударма шындықтың тікелей тура өзінің емес, оның Басқаның санасымен сарапталған көрінісі болады, өйткені біз фактінің бейнеленуін емес, факт туралы басқа біреудің ойын аударамыз. Аударма Басқаның ойын қаншалықты анық жеткізе алады және ол қаншалықты қажет, аудармашылық “адалдықтың” шекарасы қайда? Осындай сұрақтар легі аудармамен айналысатын әрбір адам алдында толассыз туындап отырары сөзсіз.
Аударманың анықтамаларынан
Осы ізденіс жұмысында аударманы мәдениеттанулық мәселе етіп жаңа бір қырынан қарастыруды көздеп отырғанымыз белгілі. Бірақ сол ізденіс барысында аударманы арнайы зерттеу пәні қылатын аударматанудан біржола қара үзіп кетуге де болмайды, өйткені ол ғылым саласының аудармаға енді ғана пәнаралық аймақ ретінде “ауыз сала бастаған” мәдениеттанудан гөрі жинақтаған мағлұматтары да, әдіс-тәсілдемелері де жетерлік. Жалпы, аударманы, оны арнайы зерттейтін ғылыми пәндерге қатысты жазған авторлардың анықтамаларын тұжырымдай келе, аударманың мәдениеттанулық мәселе екендігін мойындауға, сөйтіп, аудармаға жаңа бір мәдениеттанулық анықтама беруге әбден болатын сияқты.
Аударма теориясы аударма тәжірибесі, практикасымен тығыз байланыста дамыған дүние. Тағы бір ескеретін нәрсе – аударма теориясында аударуға даярланған түпнұсқа мәтін тілін – түпнұсқа тілі (ТТ) дейді, ал аударма жасалып отырған тілді – аударма тілі (АТ) дейді. Осындай керекті деп табылған мағлұматтардан соң енді тікелей аударма теориясының бастамасын сол кәрі тарих қойнауынан мәтін қазбалай отырып табуға болады екен. Аударма тарихы сонау көнегөз қария Цицероннан бастап осы замандағы аударма теоретиктеріне дейін ешкімді ұмыт қалдырған жоқ. Бірақ біз монография көлемін ескере отырып, ең маңызды-маңызды деген тұлғаларға, олардың аударма туралы айтқан, жазған пікірлеріне тоқталамыз.
Римнің ұлы шешен ділмары – Марк Тулий Цицерон (б.д.ғ.106-43) Эсхил мен Демосфен сөздерінің аудармасына берген алғысөзінде өзін ұлы шешен-жазушының қарапайым аудармашысына теңейді. Бұл салыстыруымен ол Рим қоғамының аудармашы мамандығына қалай қарайтындығын танытты. Өйткені біз Цицерон трактаттарынан аударма, аудармашы, аудармашылық қызмет туралы кейбір теориялық ой түйіндерді кездестіреміз. Сондай-ақ, Цицерон еңбектерінен біз ең алғаш рет аударма теориясы категориясының оппозициясын, ал нақтырақ айтсақ, еркін аударманың сөзбе-сөз аудармаға қарама-қарсы қойылғанын анықтаймыз.
Әулие Иероним деген атпен аударма
тарихында Көне Өсиет мәтінін
латын тіліне аударып, “Вульгатаны”
даярлауымен өзіндік орын алған
ғұламаның әдеби мұрасының
Бұл сәлемдемені жазуға не себеп
болды десек, кезінде Иеронимге
аударма жасау барысында
Француз Қайта Өрлеуінің өкілі, жазушы, аудармашы, типограф Этьен Доле (1509-1546) есімі елге танымал. Оның атын атамай өткен бір де бір аударма туралы ғылыми жұмысты таппайсың. “Француздың ұлы аудармашылары” деген мақаласында Е. Эткинд: “Франциядағы аударма тарихы трагедиядан басталады”, – дейді [12, 467 б.]. Мұнда ол Этьен Доленің инквизиция қолынан қаза тапқандығын меңзеп тұр. Доле 1546 жылы Парижде 37 жасында отқа өртеліп өлтірілді. Инквизицияның мұндай шешім шығаруына Платонның диалогтарын аудару барысында (”Антиохты”) Доленің бір ғана “rien du tout”, яғни “тіпті”, “мүлде” деген сөзді қосып жіберуі себеп болды.
Э. Доленің “Бір тілден екіншісіне жақсы аудару тәсілі туралы” деген трактаты 1540 жылы жарияланған еді [13]. Ол трактат Еуропадағы толығымен аударма мәселесіне арналған назариялық шығарманың алғашқысы болып табылады. Оны кейде мамандар “аудармашылардың тұңғыш хартиясы” деп те атайды. Доле француз тіліне “traducteur” (тәржімашы) және “traductіоn” (аударма) деген сөздерді енгізген адам болып есептеледі. Оның алдында француз тілінде аударма түсінігін латын тілінен еніп, сәл-пәл түрін өзгерткен ”translater”, аса нақтылық танытпайтын “tourner”, “mettre” (”бетін аудару”, “қайтара айту”) деген ұғымдар арқылы білдіріп жүрген болатын.
Мақсаты :1. Аудармашылық қызметтің аударатын тілге әсер ету сипаты туралы талқылау.
Аудармашылық қызметтің
Ондай процестер қай тілде болсын кезігіп отырады. Мысалы түрік тілін тазарту жайлы айтқан Зия Көкалып болсын [14], қазақ тілінің мұң-мұқтажын жоқтаған М. Дулатов [15], А. Байтұрсынов [16] және т.б. ана тілдерінің ақпараттық-экономикалық басымдылық танытқан мәдениеттің шылауында кетпеуін көздеп, тілдегі кірме сөздермен шұбарлану сынды үрдістерге тойтарыс боларлық механизмдер іздегенін жақсы білеміз.
Осы мағыналас көзқарастарды тағы да мысалдап келтірер болсақ, онда Франциядағы «Плеяда» (1556) атты әдеби мектеп төңірегінде бас біріктірген жас ақындар аударма ісі француз әдебиетінің дамуын тежеді деген қағиданы ұстанғандығын айта аламыз. Ал 1549 жылы «Плеяданың» ақын-теоретигі Жоашен Дю Белленің (1522-1560) «Француз тілін қорғау және даңқын шығару» деген трактаты жарық көрді [17]. Аударма теориясы мен тарихы үшін Дю Белленің трактаты үлкен қызығушылық туғызды. Онда автордың XVI ғасырда бірқатар француз гуманистерінің аудармашылық қызметке деген қарым-қатынасын тереңірек түсінуге және аударманың шынайы өмірде аударатын тілдің дамуын тежейтіндігі немесе оны дамытуға дем беретіндігі туралы айтқан ойларын білуге болады.
Аударма тарихында Дю Белленің есімі «аудармашылық скептицизм», яғни аударма мүмкіндіктеріне күмән келтіретіндігімен белгілі болған. Осыған орай А.В. Феодоров былай дейді: «Егер орта ғасырларда аудармашылар өз қызметінің нәтижелілігіне еш күмән келтірмесе, Қайта Өрлеу дәуірінен бастап, ондай күмәндану пайда бола бастайды. Рас, басында ол тек поэзияға қатысты туындаған болатын» [8, 26 б.].
Дю Белленің трактаты бүгінгі таңда, Ж. Мунэннің айтуы бойынша, аудармаға қарсы барлық аргументтердің антологиясы болып табылады. Трактаттың авторы аударма проблемасын оған дейін сараптаған ежелгі заман әдебиетшілерінің еңбектерімен жақсы таныстығын білдіреді. Дю Белленің “аудармашылық скептицизмінің” уәж-аргументациялары неде екендігін анықтап көрейік. Біріншіден, Дю Белленің кез-келген аудармаға қарсы еместігін атап өту қажет. Ол да, Данте сияқты, поэтикалық шығармаларды толық аударып жеткізу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. Бірақ оның трактатының пафосы ұлттық тілді дамыту жолындағы аудармаға берілетін рөлге байланысты. Дю Белле трактатының ең басты мақсаты – француз тілін қорғау мен оның даңқын аспандату. Сондықтан, аударма мәселесі де француз тілінің даму проблемасы тұрғысынан қарастырылады.

- Аударма өркениеті
- Ауди А 6
- Аудио
- Аудио- , видеокодеки
- Аудиовизуальная культура
- Аудиовизуальное документирование
- Аудиовизуальные средства обучения
- Ауган согысы
- Ауған соғысы
- Ауғанстандағы азаматтық соғыс
- Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың жолдары
- Аудандық және облыстық соттар
- Аудандық жобалар құру, оған ландшафттық тұрғыдан баға беру
- Аудан көркемөнерпаздарының өнер байқауын өткізу туралы