Авто ісі пәнін оқыту әдістемесі

Авто  ісі пәнін оқыту әдістемесі

1.  Кәсіпке баулу мұғалімдерінің  сабаққа ұзақ мерзімді және  ағымдағы дайындықтары.

Кәсіпке   баулу  мұғалімнің  оқушыларға  техникалық,  технологиялық  білім  мен  ептілік  беретін,  оқу  және  еңбек  үрдісін  ұйымдастыратын,  балаларды  перспективалық  технологиялармен  таныстырып,  олардың  полутехникалық көзқарасын  жоспарлы  оқу  үлгісі.

   Технологиялық  еңбек  сабақтарын  жоспарлау  оқу  үрдісін  ұйымдастырудағы  нақтылықты,  бағдарламада  қойылған  мақсаттарды  жүзеге  асыруға,  шеберханалар  мен  кабинеттерді  ұтымды  пайдалануға,  сапасы  жоғары  өнім  дайындауды  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.

     Мұғалімнің сабаққа дайындығы  мынадай түрлері  қолданылады:  бір  жылға  арналған  күнтізбелік  - тақырыптық және  әр  сабаққа арналған  жоспарлау.  

        Күнтізбелік  -  тақырыптық  жоспар. Күнтізбелік –тақырыптық  жоспар  бағдарлама  мен  әдістемелік  ұсыныстарды  оқып  шығып,  жыл  бойына берілген  сабақтарды  бөлімдер  мен  тақырыптар  бойынша  ойластыру  негізінде  құрылады.  Жоспарлау  мұғалімнің  сабақ  мазмұны  мен  реттілігін,  мақсатын  нақты  анықтауына  мүмкіндік  береді.  Күнтізбелік – тақырыптық  жоспар мұғалімнің  сабақты  материалдық  -  техникалық  жағын  (материалдар,  саймандар т. б.)көрнекі  құралдар  мен  үлестірме  материалдарын  (технологиялық  нұсқаулық  карталарды,  кестелерді,  бұйымның  үлгілерін,  сызбаларын)  дайындап  ойластыруға  мүмкіндік  жасайды.

    Күнделікті  сабақ  жоспары  сабақтың  өтілетін  кезеңіне жасалатын  және мұғалімнің  тікелей сабақ  барысында қолданылатын құжаттарының  бірі.    Оқушылар  әрбір  сабақ  барысында  анықталған  бір  еңбектік  білім  мен  ептілікті  меңгеретіндіктен,  мұғалім,  оқушыларға  берілетін  білім  көлемі  мен практикалық  жұмыстарда  қалыптасатын  еңбек  шеберлігін  анықтап  алады. 

 

2.  Іштен жану қозғалтқышының  жалпы  құрылысы мен жұмысын оқытудың  формасы мен әдістемесі.

Қозғалтқыштың жұмысы және құрылысы тақырыбын оқытудың мазмұнын оқытуда қажетті  құрал-жабдықтар мен  көрнектерді падалалана отырып сабқтар түсіндіріледі.  Қабырғалық  планшет,  бүклет,  әдістемелік  нұсқаулар. Автомобильдермен тракторлардың қозғалтқышының моделі.

Іштен жану қозғалтқышының  жалпы құрылысы мен жұмысын оқытуда  сабақтардың мазмұны төмендегідей қарастырылады.  

1. Қозғалтқыштың  жұмысы және құрылысы тақырыбын  оқытудың мазмұны, тиімді әдістері  мен формалары.

2. Карбюратердегі  және дизельді двигательдердің  атқаратын қызметті, құрылымы және  жұмыс істеу принциптері. 

3. Газ алмасу  процестері, олардың атаулары және сипаттамалары. Қозғалтқыш жұмысын сипаттайтын теминдер, олардың анықтамалары. “Қызмет істемейтін нүктелер”, поршень жүрісі, жану камералар көлемі, цилиндрдің жұмыс істейтін және толық көлемдері, жану дәрежесі, двигатель метражы.

Іштен жану қозғалтқышының  жалпы құрылысы мен жұмысы.

Автомобильдің іштен жанатын жылу қозғалтқыштары ең көп тараған қозғалтқыштардың бірі болып есептеледі. Жанармайлолардың цилиндірлеріні ішінде жанып, оның жануы  пайда болған жылу энеергиясын механикалық  энергияға айналдырады.

Қолданылатын  отын түрлеріне қарай қозғалтқыштар  тез буланғыш сұйық отын бензинмен  жұмыс істейтін карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс  істейтін – дизельдік; автомобильдің  өзінде баллонда сақталатын сығылған немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газ балонды түрлерге ажыратылады.

Бір цилиндірлі қозғалтқыштың жұмыс істеуі принципі төмендегідей.  
Цилиндірлердің ішінде еркін қозғалып тұратын поршені болады. Поршень біліктің кривошипімен шатун арқылы топсалы жалғасқан. Жанар қоспасының зарядтары цилиндірлер ішінде тез жануынан пайда болған газдар қызып, әрі көлемін кеңейтуінен туған қысым поршеньді қозғалысқа келтіреді. Өйткен пошень шатунмен топсалы жалғасқан әрә екінші басы иінді біліктің кривошипінің мойнымен топсалы жалғандықтан шатунмен бірге қозғалған поршень иінді білікпен оның екінші басына бекітілген маховикті қозғалысқа келтіреді. Шатун және кривошип әсерімен түзу сызықты қозғалған поршень қозғалтқыштың иінді білігі мен моховигін айналмалы қозғалысққа келтіреді.

 

3. Кәсіптік  оқыту сабақтарында оқытудың конструкторлық – технологиялық жүйесін пайдалану әдісі.

Конструкторлық-технологиялық  жүйенің негізгі мақсаты - оқушылардың орындаушылық және шығармашылық іс-әрекеттерін үйлестіру. Осы жүйеге сәйкес еңбек объектісін дайындауда алдымен оның конструкциясын және технологиясын әзірлеу қажет болды. Сонымен бұл жүйеде оқушылар алдымен бірқатар техникалық сұрақтарды шешеді, содан кейін барып, бөлшекті өңдеуді, оларды құрастыруды, т.б. орындайды.

Конструкторлық-технологиялық  жүйе тек оқушылардың интеллектуалдық іс-әрекетінің мазмұнын алдын ала анықтайды, ал практикалық еңбектік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру әртүрлі жүреді. Дегенмен көп жағдайда шеберханаларда оқу заттық-операциялық жүйеде өтеді. Бұл жүйе мектеп оқушыларын өндіріс жағдайында кәсіптік еңбекке дайындығын жеделдету ұмтылысынан туындады.

Дегенмен кәсіптік оқыту (еңбекке баулудың) жүйелерінің  нәтижелі қолданыс табуы оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге  байланысты болды.

 

4. Иінді  білікті  механизм тақырыбын  оқытудың әдістемелік ерекшелігі.

Сабақтардың мазмұны оқышыларға оқытудың сөздік практикалық әдістерін пайдалана  отырып сабақ мазмұны түсіндіріледі. Сабақтың мазмұны.

  1. Иінді білікті  механизмнің атқаратын қызметі, құрылымы және жұмысы.
  2. Иінді білікті  механизмнің негізгі бөлшектер  құрылымының ерекшеліктері.

      3.   Белгілі ақаулар, олардің  себептері мен жою тәсілдері

Иінді білікті  механизіміне қалпақшасы мен цилиндірлер гильза, сақиналар мен поршендері, поршендер саусақтары, шатундар иінді білік, маховик және картер кіреді.

Цилиндрлер  блогы қозғалтқыштың негізгі  бөлшегі болып, оған барлық бөлшектнр  мен механизімдер бекітіледі.

Поршень газдардың  қысымдарын өзінің саусақтары арқылышатунға ( жұмыс кезінде) беру үшін қажет  болса және дайындық тактыларында поршень  арқылы іске асырылады.

Поршень сақиналары. Атқаратын қызметіне қарай сақиналар  компрессиялық  және май ысырғыш  болып бөлінеді. Компрециялық қозғалтқыш картеріне газдардың өтпеуі үшін, ал май ысырғыш цилиндр қабырғаларындағыартық  майды ауыстыру үшін қолданылады.

Поршен саусақтары шатунды поршенмен топсалы қосу үшін керек.

Шатун поршень  мен иінді біліктің шатунды монын  жалғастыру үшін және жұмыс жүрісінде  поршеньнің күшін иінді білікке  беру үшін және сондай – ақ  дайындық тактылары кезінде иінді біліктің қозғалысын поршеньге беру үшін керек.

Иінді білік  шатуның поршеньге берілген күшін  айналдырушымоментке ауыстырып, мохавик  арқылы трансмиссияға береді.

Шатунды подшипниктермен  түпкі подшипниктер. Иінді біліктің мойындарына үлкен күш түсетін  болғандықтан оларға подшипниктердің арнаулы түрлерін қоюға қоюа тура келеді. Ондай подшипниктер жұқа беиметалдан немесе триметалдан ішпе тәрізді жасалынады.

Моховик қозғалтқыш жұмысын қалыптастырып, поршеньдерді өлі нүктеден шығарып, қозғалтқыштың  оталуын  және автомобильдің орнынан қозғалуын жеңілдетеді.

Қозғалтқыштың картері иінді білік және т.б. қозғалтқыштардың бөлшектері орнатылатын  негізгі табыны болып табылады.

 

5. Мектептегі  оқу шеберханаларының техника-технологиялық   жабдықталу нормативі. 

Оқу шеберханасында оқушыларда кәсіптік шеберлік дағдының негізі қалыптасады. Демек ол жер, барлық оқу бағдарламасына  сәйкес жабдықталып, оқу-тәрбие жұмыстарының ұтымды ұйымдастырылуы жолдарын қарастыратын, қолайлы, жұмыстардың түрін үнемді және өндірістік әдістерді оқытудың негізі болып табылады.

Оқу шеберханалары, бөлмелері  педагогикалық талаптарға жауап беру қажет:

  1. мектеп оқушыларын еңбеке балу мен тәрбиелеуде оқу бағдарламаларын орындау үшін қажетті жағдай жасау;
  2. оқытудың политехникалық және кәсіптік бағдар беру бағыттылығын жүзеге асыру мен оны оқушылардың оңай түсінуін көрнекі құралдармен мүмкіндік туғызу;
  3. оқыту мен оқушылардың қоғамға пайдалы, өнімді еңбегін ұштасыру үшін материалдық жағдаймен ұштастыру;
  4. оқытушы мен оқушы еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін артыруға  мүмкіндік туғызу;
  5. оқу құралы көмегімен берілетін ақпарат қазіргі ғылыммен техника жағдайын көрсете алатын ғылыми ақиқат дәрежесінде болуы қажет. Обьектілер мен техникаларды оқушыларға түсіндіруді жеңілдету педагогикалық анықталған  және бұрмаланған түсінік тудырмауы қажет;
  6. ақпарат азмұны, оны жеткізу оқу бағдарламаларына, оқушылардың танымдық мүмкіндігіне, олардың дайындық деңгейіне сәйкес болумен қатар, мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеру және пән аралық байланысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет.

Автоісі пәні бойынша  териялық, техникалық күтім, жолда жүру ережелері және Автомобильті пайдаланудың негізі жөнінде сабақтар өткізіледі, сондықтан әр қайсысының өзіндік  кабинеттері мен шеберханалары  болуы қажет

 

6.,38, 48 Газ тарату механизімін оқытудың әдістемелік ерекшелігі.

Газ тарату механизімін оқытуда сабақтар мазмұны былай қарастырылады.  Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеуі оның цилиндірлерін уақтымен жаңа жанар қоспасы мен жаңартып және олардың ішіндегі пайдаланылған газдарын шығару газ бөлгіш механизімінің жәрдемімен атқарылып отырады.Газ бөлгіш механизіміне клапындар мен серіпелер, итергіштер, штангалар, күйенте, бөлгіш білікпен жетекші шестернялар бөлу фазалары кіреді.

Газ алмасу фазалары. Клапындар цилиндрдегі процестердің барынша жақсы өтуіне көмектесетін моменттерде ашылып ждабылуға тиісті. Сорылу басталған кезде сорғыш клапын бұл кезде жабық тұрады. Шығару кезінде клапындардың қалпы бұған қарама-қарсы болуға тиіс. Клапындар поршень өлі нүктелерге дәл жеткен кезде емес, соларға жақындаған кезде ашылып жабылып тұрады.

Егер клапындар  порщень өлі нүктелерге дәл жеткен моменттерде ашылатын болса, онда цилиндрді  жаңғыш қоспамен толтыру және пайдаланылған  газдардан оларды арылту жеткілікті болмайды.

Газ бөлу механизімнің негізгі ақаулары: клапындардың тығыз  жанасып жатпауы, клапындар жетегі қозғалтқыштардың тозуы.

  Енгізу клапының тығыз жанасып жатпауының белгілері – қозғалтқыш қуатының кемуі, енгізу құбырларындағы компрессия мен тарсылдың азаюы. Клапын стержіні мен күйенте винті аралығжылу саңылауының болмауы, күйенің жиналуы, клапының немесе ершіктің жұмыс бетінің күюі немесе зақымдануы ақаулық  себептері болып есептеледі. Шығару клапыны тығыз жанасып жатпаған жағдайда, қозғалтқыштың қуаты төмендейді, сол сияқты өшіргіште тарсыл пайда болуы мүмкін.

 

7. Оқушыларды  кәсіпке баулудың дидактикалық  жүйелері және олардың қысқаша  сипаттамасы. 

Оқушыларды  алғашқы кәсіби еңбеке баулудың мазмұны  жалпыға міндеттібілім беру стандарт талаптары негізінде түзілген типтік оқу бағдарламасы негізінде анықталады. Оқыту мазмұнын анықтайтын бағдарлама мазмұны белгілі бір анықталған деңгейдегі педагогикалық талаптарға сай болуы қажет. Олар: бірқатар дидактикалық қағидалардың  және арнайы дидактикалық жүйе негізінде орындалуды талап етеді. Яғни төмендегідей орындалуы:

  • оқыту мазмұнының жүйелігі және бірізділігі;
  • оқыту мазмұнының ғылымилығы, яғни бағдарлама мазмұнында кездесетін терминдер, түрлі заңдылықтар, факторлар ғылыми негізделген тұжырымдарға сай болуы;
  • оқыту мазмұны оқушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі қажет;
  • оқыту мазмұны аймақтық, өндірістік және ұлттық ерекшеліктерді ескеруі қажет;
  • оқыту мазмұны дидактикалық жүйелердің (заттық, операциялық,операциялық-заттық, операциялық кешенді, моторлы-жаттығу, проблемалық-аналитикалық және конструкторлық-технологиялық) жүйелердің біріне сай болуы қажет.

 

  1. Майлау жүйесін оқытудың  әдістемелік ерекшелігі.

Майлау жүйесін  оқытуда сабақтар мазмұны оқушыларға былай түсіндіріледі.

Өзара қарым  қатынаста болатын  болатын денелердің арасындағы біріне қарағанда, екіншісінің салыстырмалы қозғалуын және ондай қозғалыстағы қарсылық білдіретін күштерді үйкеліс күштері деп атайды. Үйкеліс күштерінің шамасы өзра үйкелісте болатын бетердің өңделуіне,  жылдамдығына және олрдың арасындағы қысымға байланысты.

Бірақ үйкеліс  күштерін азайту үшін қолданатын тәсілдердің  ішінде күшті әсер ететіндердің бірі үйкеліс бетерінің  арасында май  қабатын жасау.

 Майлау жүйесіне катердің табаны,  май қабылдағыш,  май насосы, май сүзгілері,  май радиаторы,  майдың қысымын көрсеткіш, трувопроводтар мен каналдар кіреді.

Қозғалтқыштың майлау жүйесіне май кртердің табанынан  май қабылдағыш арқылы насосқа береді. Бұдан кейін май сүзгісіне  беріледі., ал одан әрі қысымның күшімен  цилиндр блогы бойына орналасқан  орталық май магистралына  және каналдардың бойымен иінді біліктің түпкі мойнына,  бөлгіш біліктің таяныш мойнына келеді. Иінді біліктің түпкі мойындарынан  май біліктің жақтарындағы  тесік арқылы шатунға беріледі.

Бөлгіш шестернялар  мен таяныш фланец бөлгіш біліктің артқы подшипнигінен аққан май ағыны тік каналмен артқы қуыс тесік жолымен күйенте өсінің каналына беріліп, одан тесік арқылы күйентенің втуласына, реттегіш винттер мен штангілердің  жоғары ұштарына беріледі. Штанглармен ақан май итергіштермен жұдырықшаларды майлап отырады. Қалған қозғалтқыштың бөлігі шашыраған немесе өздігінен аққан майлармен майланады.

 

 9. Оқу жұмысының нәтижелігін бақылау және есепке алу және бағалау

 Авто ісін оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау есепке ал, бақылау және бағалау оның аса қажетті құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдыстыра білуі, көптеген жағдайда оқыту процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап  отыру тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың маңызы  ерекше Бақылау көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру  дәрежесі анықталады.

Білімді бақылау  және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде  жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциялдық, және тәрбиелік.

Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты)-бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.

Жүйелік, бірізділік- әрбір сабақ тақырып ьойынша  оқушылар оқу әрекетінің басқа буындармен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту қорытындылау, тақырыптық бақылау.

Жеке-дара қатынас  - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.

Жан-жақтылықта – бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интелектуальдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Дифференциялдық қатынас - әрбір пәнің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге  оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі  әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау  педагогика ғылымы мен практикасында  белгілі бір әдістерді қолдану  негізінде жүзеге асады.

Олар мыналар:

  • ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық,  фронтальдық сұрақ)
  • жазбаша бақылау;
  • практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарынан,еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).машиналы бағдарламалап бақылау;
  • өзін-өзі бақылау.

 

10. Қозғалтқыштың  қоректендіру жүйесін оқытудың  тиімді әдістері мен формалары. 

Карбюраторлы  қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің  приборлары; отын багы, сүзгі тұндырғыш  немесе насос, карбюратор ауа сүзгісі, отын өтетін түтік, енгізу және шығару трубопроводтары, өшіргіш кіреді.

Жоғарыда айтылған приборлардың өзінің атқаратын қызметі  бар.

Отын багы –  автомобильдің бензин құяатын ыдыс.  Оны жүк автомобильдерінің  кузовының  астына, жеңіл автомобильдерінің  артқы жүк салатын багажнигінің састына бекітеді.

Отын сүзгісі – отынды бактан карбюраторға жеткізіп беру үшін керек  Оны автомобильдерде қозғалтқыштың, білігі жағынан картерге және қозғалтқыш цилиндірінің  қатар арасына  немесе бөлгіш шестернясының қақпағының бүйіріне бекітіледі.

Отынды мұқият тазартатын сүзгісі – карбюратордың алдыңғы жағынаорналасқан.

Карбюратор  – бензин мен ауадан жанғыш қоспаны  дайындау үшін керек. Ол қозғалтқыштың  енгізу тробопроводтарына орналастырылған.

Ауа сүзгісі  – ауаны механикалық қоспалардан  тазарту үшін керек. Ол карбюратордың үстіне, бөлек жерге орнатылып, карбюратормер труба арқылы жалғастырылады.

Отын трубопроводтары  –отын беретін приборларды бак  және карбюратомен  қосып жалғастыруға арналған.

Өшіргіш – қозғалтқыштан  жанып шыққан газдың даусын бәсеңдету  үшін керек.

Айналу жйілігін шектеуші иінді біліктің айналу жиілігін шектейді. Ол датчикпн шектеуіштен тұрады.

 

11. Мұғалімнің  кезекті сабаққа дайындалуы, оқушылардың  білімін бағалауы.

Кәсіпке   баулу  мұғалімнің  оқушыларға  техникалық,  технологиялық  білім  мен  ептілік  беретін,  оқу  және  еңбек  үрдісін  ұйымдастыратын,  балаларды  перспективалық  технологиялармен  таныстырып,  олардың  полутехникалық көзқарасын  жоспарлы  оқу  үлгісі.

   Технологиялық  еңбек  сабақтарын  жоспарлау  оқу  үрдісін  ұйымдастырудағы  нақтылықты,  бағдарламада  қойылған  мақсаттарды  жүзеге  асыруға,  шеберханалар  мен  кабинеттерді  ұтымды  пайдалануға,  сапасы  жоғары  өнім  дайындауды  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.

     Мұғалімнің сабаққа дайындығы  мынадай түрлері  қолданылады:  бір  жылға  арналған  күнтізбелік  - тақырыптық  және  әр  сабаққа  арналған  жоспарлау.  

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау  педагогика ғылымы мен практикасында  белгілі бір әдістерді қолдану  негізінде жүзеге асады.

Олар мыналар:

  • ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық,  фронтальдық сұрақ)
  • жазбаша бақылау;
  • практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарынан,еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).машиналы бағдарламалап бақылау;
  • өзін-өзі бақылау.

 

12. 44  Қарапайым корбюратордың жұмыс істеу принципін түсіндірудегі көрнекілік әдістер.

Карбюратор  қозғалтқыштың  қоректену жүйесі тақырыбын оқытудың мазмұнын  оқытудағы  көрнекіліктер: Қабырғалық  планшет,  буклет,  әдістемелік  нұсқаулар. Автомобильдермен тракторлардың карбюратор қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің   моделі, карбюратор  бөлшектері.

Кәсіптік оқыту  сабақтарында пайдаланылатын  көрнекіліктер  оқыту  үрдісін  дұрыс  ұйымдастыруға  ықпал  етеді, себебі  оқыту  үрдісінің  мазмұны  техникалық  үрдістер  және  объектілерге  байланысты.  Бұл  объектілер  мен  үрдістердің   зерделенуі  бірінші  құрылымның  екіншісімен  сабақтастығы  шарттарынсыз  жүзеге  аспайды.  Сондықтан  әрбір  сабақта  мынадай  көрнекіліктер  кеңінен  пайдаланылады:  объектілер,  үрдістер     моделі  және шартты  белгілер.  Бұлардың ара қатынасы  нақты дидактикалық  мақсатқа,  сабақ мазмұнына,  көрнекі құралдың  бар-жоқтығына,  олардың саны  мен сапасына  және  т. б. тәуелді түрін өзгертеді.

     Көрнекілік  жаңаны  тану  ретінде,  ой  немесе әңгімені  елестету, оқушылардың  аңғарымдығын  дамыту,  материалды  есте  сақтау  қабілетін  арттыру  үшін  қолданылады.

     Көрнекіліктер  оқыту  үрдісінің  барлық  кезеңдерінде  қолданылады:  жаңа  білімді  қабарлаған  кезде,  кейде  оқытушы  жаңа  білімді  хабарлауды  орнына (мысалы,  кинофильмді  көрсету,  тәжірибе  жасау);  білімді  орнықтыру  және  іскерлік  пен  дағдыны  жасау  кезінде,  үйге  берілген  тапсырмаларды  орындаған  кезде  (схемаларды  сызу,  таблицаларды  жасау,  суреттемелерді  орындау  және т. б.); меңгеруді  бақылаған  кезде  (мысалы,  кесте  бойынша  айтып  беру,  аспаптар  құрылысын  түсіндіру).

1. Карбюратерлік қозғалтқыштың қоректену   аспаптарының орналасуы, жұмысы, құрылымы, атқаратын қызметі. 

2. Карбюратерлік  двигательдің қоректенуінің принциптік схемасы.

3. Карбюраторлық  қозғалтқышты қоректену  ақаулары, оның белгілері, себептері және  жою жолдары.

Жанғыш қоспа  бензин булары мен ауадан тұрады; ауа-мен  араластырылған бензин тамшыларынан-жасалып, эмульсия деп аталатын қоспадан мұның айырмашылығы міне осында. Карбюраторлы қозғалтқышта  жанғыш қоспа цилиндрден тысқары, карбюратор деп аталатын    арнаулы   приборда жасалады.

 

13. Кәсіпке  баулу мұғалімдерінің жүргізетін ғылыми ізденіс жұмыстары. Теорияның  практикамен байланысы қағидасы.

Кәсіби  педагогикадағы ғылыми зерттеуді басқаруға  келетін болсақ оқушыларды кәсіпке және еңбек технологиясына баулудың мазмұндық және процесуальды жақтарын жаңа сапалы деңгейге көтеру, білім беру саласындағы оқытушы педагогтардың негізгі мақсаттары білім болып есептеледі.

Олар төмендегі  бағыттар бойынша зерттеу әдістерін  жүргізуді талап етеді.

  1. Білім сапасын арттыру бағытындағы оқушының білімін және ептілігін дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдарын іздеу.
  2. Оқушылардың еңбек технологиясына қызығушылығын қабілетін, икемділігін арттыру жолдарын зерделеу.
  3. Оқушыларды еңбек тәрбиесіне соның ішінде ұқыптылыққа еңбек сүйгіштікке еңбекті қажетілік деп тануға баулу бағыттарын жетілдіру жлдарын іздеу.

Әдетте педагог  өздерінің ғылыми зерттеулерін жұмысын  мектептегі оқу тәрбие жұмысын зерттеуден бастайды, яғни мектепте сабақ беретін жоғары деңгейде қалыптасқан және өзі тәжірибесі мол, көрсеткіші жоғары ұстаздар жүргізетін педагогикалық үрдісін зерделейді.

Теория мен тәжірибенің байланыстылығы қағидасы.

     Бұл қағида «филосопияның» «тәжірибе» танымының ішкі бұлағы қағидасына негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жтыр; оқытудың сапасы мен тимділігін тәжірибе өмірмен, тығыз байланысты, теория мен тәжірибе байланысты оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапалы жоғары болса олар өндіріске тез икемделеді.

 

 

 

14. Автомобильдің  Электр жабдықтары тарауын оқытудың  тиімді әдістері мен формалары. 

Тақырыптық  жоспар бойынша «Автомобильдің электр жабдықтары» жалпы құрлысымен қызметін  қабырғалық  планшет,  плакат,  әдістемелік  нұсқаулар, электр жабдықтарының бөлшектерін пайдалана отырып сабақты түсіндіреді.

Электр тогы автомобильде карбюраторлы қозғалтқыштың  жұмыс қоспасын жандыру, стартердің көмегімен қозғалтқышты оталдыру, жолға, кабинаға жарық түсіру, дыбыс беріп қосымша жабдықтарды қоректендіруде қолданады.

Ток көзі деп  – энергияны  түрлерінің бірін  электр энергиясына айналдыратын приборларды  атайды. Автомобильде механикалық энергияны  электр энергиясына айналдыратын генератор  және химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын аккумулятор батареясы ток көздері болып саналады.

Автомобильде  ток  көзі  ретінде  аккумуляторлы  батарея  мен  генераторды  қолданады.

Қозғалтқыш  жұмыс  істемей  тұрған  немесе  зая  жүрістің  кіші  айналымында  жұмыс

 істеп   тұрған  кезде  тұтынушыларды   аккумуляторлы  батарея  қоректендіреді,  ал 

 генератор   тұтынушыларды  қозғалтқыштың  орташа  және  үлкен  айналымдарда 

 жұмыс   істеуі  кезінде  қоректендіреді  және  аккумуляторлы  батареяны   зарядтайды.

 

15. Жалпы  білім беретін мектептерде оқушыларды  кәсіпке баулудың міндеттері  мен мазмұны 

Мектепте берілетін  білімнің мазмұны мына мәселелерді  қамтуды көздейді:

- табиғат, қоғам,  техника, мәдениет, адам жайындағы  білімдермен;

- дүние танымын  қалыптастыру.

- адамды жан-жақты  дамыту міндетерін шешуге бағыттау;

- жастарды өмір  сүре білуге, еңбекке, білім алуға,  мамндықты дұрыс таңдауға мүмкіндігінше  дұрыс тәрбиелеу.

Бастауыш сыныптарда

а/ түрлі материалдарды  пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін үйренеді;

ә/ ауылшаруашылық  дақылдарын мектептің тәжірибе аулаларында  өсіруге қатысады;

б/ көрнекі құралдарды жөндеу, жаңарту, толықтыру;

в/ балаларға  таныс мамандықтар жайында кәсіптік  бағдар беру жұмысын өткізу т.б.

Ү-ІХ сынып оқушыларына.

а/ ағаш, металл өңдеуді үйренеді;

ә/ электротехникалық, металтану, графикалық жұмыстың негізімен  танысады;

б/ халық шаруашылығының басты салалары туралы түсінік алады;

в/ мектеп шеберханасында, мектеп аралық оқу өндірістік тәжірибелер  жинақтайды;

г/ кәсіптік бағдар беруге ерекше мән беріледі.

Х-ХІ сыныптарда түрлі мамандық бойынша оқушыларды  кәсіпке баулу барысында жүзеге асырылады

1.  Жаратылыстану  – математика пәндері және  өндіріс негіздері. Мамандық таңдау, есептеу техникасы және информатика  негіздері жаңа пәндер бойынша оқушыларды қазіргі өндірістің ғылыми негіздерімен таныстырып, оларға қажетті білім беру.

2. Оқушыларды  сабақтың барысында түрлі оқу  аспаптары, жаңа құралдармен таныстырып, олармен жұмыс істей білуге  үйрету, дағдыландыру.

Авто ісі пәнін оқыту әдістемесі