Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар
Мазмұны
Кіріспе |
||
1 |
Қазақ әдет-ғұрыптың құқықтары туралы жалпы сипаттама |
4 |
1.1 |
Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының қалыптасу тарихы |
4 |
1.2 |
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның мәндері |
9 |
1.3 |
Қазақ даласындағы құқықтық ережелер |
16 |
2 |
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар |
18 |
2.1 |
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі |
18 |
2.2 |
Қазақ әдет-ғұрпындағы қылмыстық жаза ұғымы |
23 |
Қорытынды |
27 | |
Әдебиеттер тізімі |
29 |
Кіріспе
Өзектілігі.Қылмыс әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін келеңсіз құбылыс болғандықтан, оған қарсы үздіксіз күрес жүргізіліп келе жатыр. Сондықтан да қылмысқа қарсы күрестің негізгі механизмін ата-баба құқықтарынан, құқықтық мәдениеттен іздеген абзал. Қоғам үшін құқықтық сананы қалыптастырып, қылмыстың күнә, теріс әрекет екендігін бесіктегі баладан бастап бойына сіңіре білсе, болашақ қоғам үшін жағымды бетбұрыс жасау деп түсінеміз. Осы айтылғандарға байланысты қазақ әдет-ғұрып құқығының зерделенуі мен оның маңыздылығын жете түсіну әлеуметтік-құқықтық мәнділікке ие екендігі айқын бола түседі.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:
1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан керінетін консерватизмі.
2. Қазақ әдет-ғұрып кұқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті. Бұл институтгар қазақ қоғамында және оның құқықгық жүйесіңде ерекше орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.
3. Әдет-ғұрып кұқығы бойынша
қылмыстық істер мен азаматтық
істердің арасындағы
4. Жерге жеке меншік құқығының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының артықшылығымен ұштастырылды.
5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманды сипатта болды.
6. Құқықтық жүйе мен
оның нормалары демократиялық
және компромистік сипатта
Қазақтың әдет-ғұрпындағы қылмыс ұғымы ежелгі дәуірдің құқық мұрағаттарындағы қылмыстың түсінігіне жақын келеді.Қазақтың әдет-ғұрпында «қылмыстың» табиғи нысаны қоғамның тұрмыстық, рулық құрылымының күрделігімен байланысты болды. Соған байланысты қылмыс деп жәбірленушіге немесе оның туысына келтірілген материалдық және моральдық шығынды атаған.
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Мақсаты:Қазақ әдет – ғұрыптың құқықтықтарының мәндерін, нормаларын, шығу тарихын, қылмыстық жақтарын қарастырып түсіндіру.
Міндеті: әдет –ғұрыптың тарихы, нормалары, қылмыс пен жаза түрлері, қазақ заңдар жинағы туралы зерттеу жасап толық сипаттама беру.
Анатация:
- Өсерұлы Н «Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихы» Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихының қалыптасуындағы ерекше кезеңді қамтитын қазақтардың құқығы жүйесінің қалыптасуының тұтас болмысын зерделеудің заңгерлер дайындауда мәні зор. Қазақ қоғамының ұлттық дәстүрлі құқығын қалыптастырудағы билер институтының саяси және құқықтық ролінің маңызы зор. Оқу құралы билер институтын жеке саяси және құқықтық институт ретінде қарастырады. Оқу құралы құқықтану мамандығы студенттеріне және оқытушыларға арналған.
- Қозыбаев М.Қ «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» Қазақстан тарихы(ерте дәуірден бүгінге дейін). Автор көпшілікке ұсынылып отырған кітабында Қазақстан тарихы бүкіл әлем тарихының құрамдас бөлігі ретінде зерделейді.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық Бұл басылымда қылмысытық-құқықтық актілер, оларды жүйелеу, басқа құқықтардан айырмашылығы жайлы жазылған.
- Кенжәлиев З. «Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет» бұл оқулықта қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрі және қазақтардың құқықтық мәдениеті сипатталған.
1 Қазақ әдет-ғұрыптың
құқықтары туралы жалпы
1.1Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының қалыптасу тарихы
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының жалпы мазмұнынан көне дәуірлер туралы елес береді. Евразия көшпелілерінің мемлеттілігі тарихта талай рет өрлеу, талай рет құлдырау дәуірін бастан кешті. Тарихи уақытты қабылдау циклдік жүйеге құрылғандықтан белгілі бір уақытты бір адаммен байланыстырады. Ерте дәуір сақ-ғұн кезеңіндегі тарихи уақиғалар, орта ғасырлар Жошы, Әз Жәнібек, Асан қайғы, Едіге аттарымен, бертінгі уақытта Қасым хан, Есім хан, Тәуке ханмен тікелей байланысты жүйеленеді.
Түп тамыры көне дәуірге бастайтын қазақ мемлекеттік құрлысы да, заңдары да ХVIII ғасырда Тәуке хан атымен байланыстыратыны сол себепті.
Қазақ шежіресі сақ, ғұн, ашина-түркілері өз-ара жалғасқан байланыстардан тұрады. Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-тауарих», Әбілғазы бахадұр ханның «Түрік шежіресі» және «Оғыз нама» дастанына қарасақ, бұл заман Евразия даласында көшпелілердің империя құрған, тұтас билігі жүрген, әлем халықтарын тізе бүктірген.[1,45б].
Орталық Азия мен қазақ даласындағы халықтардың әдет-ғұрып заңдары туралы алғашқы жазба деректер ғұн дәуірінен бастау алады. Қытай жылнамаларын қарап отырып б.э.д. III – II мың жылдар бұрын Арқа мен Алтай арасында көшпелі тайпалардың тұрмыс – тіршілігі мемлекет пен құқық туралы түсініктері туралы хабар аламыз.[1,46б].
Мөде шаньюйдің баласы Лаушан-гию Қытай патшасына жазған хатында ғұндардың қолдануға жеңіл және ыңғайлы заңдары бар. Көшпелілердің заңын орындаудан бас тартқандары, өлім жазасына кесіледі, ал ұрлық, адам өлтіру сияқты қылмыстарды билердің өздері құн төлеу, немесе кек қайтару арқылы шаньюйге жеткізбей шешті. Құн орнына жылқы мен қойдан төледі. Ал енді қашқындар мен сатқындарды ешкім де өз көшінде сақтауға болмайды. Оларды құмға қарай қуады, ол жерден тірі қайту мүмкін емес.[1,49б].
Ғұн заңдарының көпшілігі қылмысқа қарсы өлім жазасын ұсынғанымен, ұрлықтың өзін кісі өлтірумен қатар қойып, өлім жазасын талап етсе де, бұл жазаның бәрінен де құн төлеу арқылы құтылу мүмкіндігін қарастырады. Қылмыс жазасы қашанда малға шағылады, – бұл да көшпелілер өміріндегі шаруашылық қауымның орнын күшейтеді. Ғұн заңдарының екінші ерекшілігі, барымтаға рұқсат берілуі. Өз ішінде қалыптасқан тәртіпке байланысты есесі кетіп бара жатқан ғұн өзінің билерімен келісіп , қарсы жақты шауып есесін қайтаруға хақылы. Ғұн заңдарынан аңғарылатын бір басты ерекшелік мемлекеттік тәртіптің күші. Әкімшілік жүйенің басты ерекшелігі әскери қосын заңы, әр адам, әр ру, әр халық өзіне арналған орынды, алатын үлесін, олжа сын алдын-ала біледі. Соғыс жағдайында, бейбіт уақытта қанша әскер шығару керек екенін, оның азығы , көлігі бәрі де алдын- ала есептелген.[1,54б],
Көне түріктің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары көшпелілердің әлеуметтікөмірін реттейтін басты құрал есебінде қызмет жасады. Осы әдеп-ғұрыптық құқықтық қызметін атқаратын өкілдерін түріктер бектер, билер атайтын. Оларда тасқа басылған, қағазға жазылған заң болмаған сияқты. Бәрі де тұтас руханияттың құрамдас бөлігі есебінде өмір сүрді. Қарапайым өмір салты, күнделікті тіршілік заңдылығы әдет-ғұрып заңдарының өміршеңдігін қамтамасыз етті.[1,57б].
Түріктің тұрмыс-тіршілігі киіз үйлерде, шатырларда өмір сүрді, шөптің шығымына, суға қарай көшіп қонып жүрді, мал шаруашылығымен, аң аулаумен айналысты, жейтіні ет, ішетіні қымыз, теріден, жүннен жасалған киімді киді. Билеушісін таққа отырғызарда ең жақын бектері киізге отырғызып, күннің бағытымен тоғыз рет айналды. Қару-жарақтары мүйізден жасалған жақ пен ысқырғыш жебе қолданады, сауыт-сайман, найза-сүнгі, қылыш-қанжар бар, ал туларының сабына алтын басты қасқыр орнатыды. Ат үстінде садақпен дәл тигізіп атады, табиғаты қатал, аяусыз. Керек болған жағдайда адам, жылқы санын, алым-салық пен малға байланысты ағашқа кертік жасап санайды. Қағаздың орындаған бұйрық райын алтын басты садақ жебесі, балауыз белгімен қоса атқарады. Олардың қылмыс заңдары бойынша: адам өлімі, ханға қарсылық, қарсы жауға өту, бөтеннің әйелінің қойнына бару,тұсаулы тұрған атты ұрлау өлім жазасына кесіледі. Төбелесте болған жазым үшін құн төледі.Көзін шығарса кінәлі жақ қыз береді, қызы жоқ болса әйелінің жасауын берді. Дененің бір жеріне зақым келтірсе айыпқа ат төледі, басқа бір затты ұрлаған адам, ұрланған дүниенің құнын он есе айып төледі. Өлген адамның мәйітін шатырға сақтайды. Ұлдары, немерелері,екі жақтың туысқандары жылқы мен қой сойып, оны шатырдың алдына жайып тастайды құрбандық деп, өздері атқа мініп шатырды жеті рет айналады, осыдан кейін шатырға кірерде беттерін пышақпен жаралап, дауыс салады, қан мен жас қатар ағады. Осылай жеті рет жасайды да аяқтайды.[1,63б].
Белгіленген күні марқұмның мінген атын, тіршілікте қолданған заттарын мәйітпен бірге жағып жібереді, күлін жинап жылдың келісілген мерзімінде бейітке көмеді.
Қытайдың Хань әулетінің тарихында , түркілердің құқықтық көзқарастарын толықтыра түседі. Көтеріліс, сатқындық, адам өлімі, өзгенің әйелімен болған ойнас сияқты қылмысқа өлім жазасы кесілді. Көзін шығарса – қызын береді қызы жоқ болса әйелінің жасауын береді денесінің бір жеріне зақым келсе жылқымен төлейді, жылқы немесе басқа бір зат ұрлағаны үшін оның өз құнынан он есе артық қылып қайтарады. Міне, қазақ билігі немесе «Жеті жарғы» аталатын жолдын түп-тамыры осындай тереңде жатыр.
Н.Я.Бичуриннің аудармасында көне түріктің заң негіздері берілген, олар: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын; Түрік жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын; Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтірген кісілер өлім жазасына бұйырылсын; Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзған адамға өлім жазасы бұйырылсын; Өреде тұрған атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын; Төбелесте мертігудің түріне қарай мүлік түрінде құн төленсін; Ұрланған жылқы және өзге де құнды мүлік үшін ұрыдан он есе артық айып төлеттірілсін.[1,64б].
Өзіміздің тегімізді шын мәнінде түрік халқынан деп есептесек, мемлекетімізді бір кездегі Түрік қағанатының жұртында шаңырақ көтерген, соның мемлекеттік құрылымын мұра тұтқан далалық көп хандықтарды санайтын болсақ, «Қасым хан, Есім хан, Тәуке хандарымыздың да шығарған заңдарын сол түрік дәуірінде қалыптасқан заң-тәртіптік, жетіліп дамытылған табиғи жалғасы дей аламыз» дейді Қ. Салғараұлы /5/. Бірі ,ҮІ ғасырдың екінші жартысының басында, келесісі қазақ хандарының тұсында ХҮІ-ХҮІІІ ғ.б.өмірге келген көшпелілердің саяси-құқықтық заңдарының бізге жеткен нұсқалары осындай. Мұнда олардың түпнұсқалық қалпын қаншалықты сақтағаны да бізге беймәлім. Халық жадында сақталып, ауыздан-ауызға көшкенде ұмытылу салдарынан түсіп қалатын,уақыт талабына сай жүре келе енетін өзгерістердің сыртында,сол заңды тудырушының ана тілінде емес, басқа тілдер арқылы қағазға түсіп,бізге жетіп отыр.[1,82б].
Ғұн дәуіріндегі заңда үрейлі өлім жазасы басым. Қоғамдық формацияның рулық, тайпалық кезеңінде бірлікті сақтап, ел басқаруды қамтамасыз ету үшін аяушылығы жоқ қатаң жаза қолдану өмір қажеттілігінен туған. Кейіннен қоғамның дамуының, ондағы ойлау сана-сезімнің жетілуінің, ел басқарудағы мемлекеттік жүйенің қалыптасуының кезеңдік сатыларында бұрынғы қатаң жазалар уақыт талабына сай бірте-бірте жеңілдетіліп, жазаның басқа түрімен ауыстырылып отырған, соған қоса жаңа баптар да қосылып отырған.
Жалпы бұл заңдарды салыстыра зерттеп білу арқылы өз дәрежесіне қарай қазақ халқының этникалық тұрмыс-тіршілігімен санасу және шаруашылық-мәдени жағдайын ескеру және елдің географиялық орналасу ерекшелігіне орай жасалған мемлекеттік саяси-құқықтық заңы.[1,85б].
Мемлекет және құқық туралы Евразия көшпелілерінің өмірінде іргелі өзгерістерді Шыңғыс хан заманы енгізді. Бірақ зерттеушілер Шыңғыс ханның көшпелілерге енгізген тәртібі өзіне дейінгі дәстүрге сүйеніп жасалғанын ескереді. Шыңғыс ханның «Яса», немесе «Жасақ» заңдарының мәтіні толықтай жиналған жоқ, дегенімен араб-парсы тарихшыларынан еңбектерінде моңғолдардың, өзінде жазу-сызу болмағандықтан, балаларын сауаттылыққа үйренсін деген мақсатпен ұйғырдың ұстаздарын алдырғандығы туралы мәліметтерді келтіреді. «Жасақ» бойынша мемлекет басшысының әр түрлі жарлықтары хатқа түсіріліп және әр түрлі құрылтай кезінде әсіресе бір жорық жасарда, көрші елдерді бағындырарда басшылыққа алынды. Шыңғысханның заңдары мен қаулылары орамалдарға тұмар жазылып, «Ясаны» терең білетін неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған. Моңғолдың заңы түп-нұсқада сақталмаған, ол үзінділер мен мазмұны қысқаша баяндамалар түрінде ғана белгілі.[1,89б].
Мемлекеттік құрлысты нығайту үшін Шыңғыс хан түркі дәуірінен қалған әскери-әкімшілік жүйе ондықты пайдаланды. Ол үшін әр он адамның ішінен ондық басшы, сайлатып, оны жүздің ішіне, жүздің мыңның ішіне мыңдық еңгізді. Он мыңдықты түркі дәстүрімен түмен атады. Әр адам өз ондығына жауап беретін ,олардың ішінен бір адам қашса, қылмыс істесе қалған тоғызы жауап беретін болды .[1,91б].
Ұлы империяның бір шеті мен екінші шетін байланыстыратын сауда және керуен жолдарын, хат-хабар қызметін реттеді. Ұзын жолдың бойына жәмші, ашып, ол жерде жолаушылар демалып, ат ауыстыратын, ас-ауқат ішіп алатын мүмкіндік жасады. Осындай шаралардың арқасында мемлекеттік билік күшейіп, жергілікті келте билеушілердің менмендігі тиылды. Кең байтақ империя ішінде бейбіт тәртіп қалыптасты. «Жасақ» өзіне дейінгі рулық – көсемдік билік жүйесіне аса күшті соққы берді. Шыңғысхан өзінің жарлықтарымен Жасақ – деп аталатын кітап қалдырады, – деп жазады араб саяхатшысы Ибн Баттута 1350-шы жылдары. «Кімде – кім Жасақтың ережесін қолдамаса, орындамаса орнынан алынады. Жасақтың талабы бойынша, олар жылына бір рет жиналады, оны той немесе мереке деп атады . Жер шарының әрбір қиырынан Шыңғысханның тұқымдары, әмірлері, қатындары, әскер басылары бас қосады. Егер сұлтан, Шыңғыс ханның ережелерін бұзса, басқалары орнынан тұрып тәртіпті бұзғаны үшін оны орнынан алып, оның орнына ханның тұқымынан өзге бір адамды отырғызады.[1,94б].
Белгілі әмірлердің бірі ережені бұзса ,қылмысына қарай сол елдің өз ішінде жазасын береді. Шыңғыс заманында елдің тәртібін қатаң ұстайтын жаугершілік заңдар күшейіп, жау әскерінен қорқу қашу үлкен қылмыс саналатын, сүйекке таңба деп есептелінетін еді. Оның бір жарқын мысалын Жошының өмірбаянынан кездестіреміз. 1216 жылы меркіт пен найман елдерін қуа келген Жошы Ырғыз – Торғай даласында Хорезм шах әскерлерімен жолықты. Құпия шежіреде – «Жошы хан Сұлтан Мұхаммедтің қуып жететін көріп бектерімен ақылдасты. Олар: Шыңғыс хан бізді Сұлтан Мұхаммедпен соғысуға жіберген жоқ, шап деген елін шаптық. Жау көп, біз азбыз, сондықтан біз жүре берейік, егер бізді қуып азғана әскер жетсе, онымен соғысайық.. Сонда Жошы тұрып «ертең елге барғанда әкеме, ағаларыма не айтамын. Алыстан жауды көріп қаштық деймін бе?» – деп бектерінің сөзін тындамай, жаумен соғысуға дайындалды. Жошы хан алдыңғы әскермен Сұлтан Мұхаммед әскеріне қарсы шабуыл жасап, Тушыға дейін жетіп, оның қалқанын үш рет шапты. Шах әскері шегінуге жақын еді…» – деп баяндайды.[1,98б].
Хорезм шахтың жүрегіне мәңгі жазылмас үрей салып кеткен соғыс осылай көзсіз ерліктің арқасында болған еді. Монғолдың мемлекет басшылары үшін аталмыш заң ұзақ уақыт бойы билік беделі болып қалды. Ясаның талабын орындамаған хан тұқымының мүшелері билік деген түрік сөзімен аталған Шынғысханның нақыл сөздеріне сәйкес қатаң жазаланатын еді. Шынғысханның «Ясасы » көшпелі өмірдің нормаларын ғана реттестірді. Көшпелілердің әдеттегі құқықтық негізінде әрбір, көбіне көшпелілер үшін қалыптасқан монғолдардың құқық жүйесі басқа жағдайларға мейлінше қолайсыз болды. Әлеуметтік тұрмыстық және қоғамдық өмірдің , оның ішінде Қазақстанның оңтүстігі мен Оңтүстік шығысының әлеуметтік- тұрмыстық және қоғамдық өмірдің көптеген жақтары Ясада реттестірілген жоқ. Ал оның жекелеген қағидалары мұсылманның діни құқығына және жергілікті халықтың әдет-құрпына қайшы келіп отырды. Осының негізінде «Яса» заңын сақтаушылар мен жергілікті халықтың арасында қақтығыстар болып тұрды, ал бұл қақтығыстар әдетте жергілікті халықты қайғы-қасіретке душар етті.Алайда уақыт өткен сайын Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі- әскери үстем тап мұсылман мәдениеті мен мемлекеттігінің дәстүрлерін көбірек қабылдап өз өмірінде «Ясының» қағидаларын орындауы кеми берді.[1,103б].
Тәуелсіздікті аңсаған елге мемлекет құру үшін де ел намысы деп басын өлімге қиятын ерлер қажет болды. Евразия тарихына Жошы ұлысы, немесе Алтын Орда деген атақпен енген ұлыс та ерлік жолын тұтынған азаматтардың қажыр – қайратымен құрылды. Қазақ сахарасында өмірге келген бұл ірі мемлекеттік құрылым осы кезеңге дейін қордаланған әдет – ғұрып заңдарына одан қалды соның құнарлы бөлігі жинақталған «Жасаққа» сүйенді. Алтын Орда хандарының жанынан қара сүйек ішінен шыққан ірі жыраулар мен билерді көреміз. Олардың ішінде Әз Жәнібек ханның ақылшысы Асан қайғы, Тоқтамыспен ренжісетін Едіге би тағы басқалары бар. Шығыс хан тұқымының билігі әлсіреген тұста қара сүйектен шыққан ел билеушілерінің күшейгенін Қият Мамай, Теңіз Бұқа, Жыр Құтлы, тағы басқа мысалынан көреміз. Осылардың ішінде қазақ әдет – ғұрып заңдарының одан әрі даму процесіне тікелей ықпал еткен Едіге би (Ел қамын жеген Едіге) бар. Едіге тек Ноғай Ордасының негізін салған ел басшысы емес, ол көшпелілердің құқықтық көзқарасын әрі қарай дамытқан заңгері. Қазақ халқының аңыздарында Едіге жас күнінде-ақ билік айта бастапты – мыс, оның билік айта жүріп үлкен беделге ие болуының арқасында мемлекет қайраткеріне дейін көтерілетіндігі айтылады. Қазақ хандарының заңдарының шығу тарихы туралы пікірлер де сан алуан. Кейбір ғалымдар оның негізін Шыңғыс ханның атақты Ясасынан іздейді, енді біреулер одан бөлек, өзінше жеке жазылғанды дегенді айтады. Ал, енді біраз ғалымдар қазақ хандарының заңдары сонау түркі дәуірінен бастау алып, бүкіл далалықтарға тән әдеттегі желісі үзілмеген сабақтастығы жатыр дегендей пікірлер білдіреді. Ясамен ауызданып, соның жөн-жосығының бұзылмауы жолында күресіп өскен Дешті Қыпшақ хандарының бірінің ұрпағы ХV ғасырда өмір сүрген Қасым ханның да, ХVІ ғасырдың перзенті Есім ханның да заңдарының ойдан шығарылмағаны, көктен алмағаны, керісінше барды байыптап, оны өз заманына, кезең жағдайына қарай бейімдеп жетілдіргені, өзіндік өзгерістер еңгізгені қазір ешкімге де күдік тудырмаса керек. Олай болса, бұл заңдылықты Тәуке ханның да сақтағанына дау жоқ.[1,115б].
Қазақтың ежелден ғасырлар бойы қалыптасқан, құқық дәрежесіне ие болған әдет-ғұрып қағидалары, солармен бітіскен хан-би ережелері талай дәуірді басынан кешірді. Соған қарамастан өзіндік алғашқы ішкі қасиеттері мен құрылымдарын сақтап қалды, жаңа дәуірге шейін жеткізді. Айнала дүние өзгеріп жатса да, дамыған көрші елдердің ықпалы күшейе түссе де қазақ құқық ережелерінің өмірі ұзақ болды. Ертедегі тұғыры мен қасиеттерін сақтап қалған ата-баба заңдары қазақ қоғамы тарихының ажырамас бөлігі.[1,117б].
1.2Қазақ әдет-ғұрып
Қазақ әдет-ғұрып заңдары бірден көктен түсе қалған жоқ. Ол өз бастауын сонау ежелгі замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыз сақ-массагет,гундерден алады. Кейін әдет-ғұрып заң нормалары батыс-түрік қағанаты дәуірінде жетіле түсіп, ал дешті-қыпшақ, Қарахан тұстарында заң түрінде қалыптаса бастады.[2,35б].
Бұл дәуір ислам
дінінің Қазақстан
Әдет-ғұрып заңдары қашан да болмасын, қоғамның өзі жаратып, өзі қалыптастырғандықтан ерекше күшке ие болады, сөзсіз орындалуға жатады. Адамдардың мінез-құлқына, дініне, санасына сіңісіп, күнделікті міндетіне айналады. Мұндай заңдарды сыртқы күш оңайлықпен өшіре де, құрыта алмайды. Қайта, саяси билеуші өз органдары арқылы бұл қағида-ережелерді қуаттап, күш беріп отыруға дейін алып келеді. Өйткені бұл әдет-ғұрып заңдарын қоғам мүшелері өздері ұнатып қабылдаған, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тек тиімді жақтарымен ғана көрінген.[2,49б].
Әдет-ғұрып заңдары қоғамда араласпайтын жері жоқ, Ол қоғамның барлық тармақтарына кірігіп, сол шеңберде әрекет етеді. Кез келген тармағындағы құқықтық тәртіпсіздік жауапкершілікке апарып жазаға (айып, тоғыз, құн т.б.) не болмаса кешірім сұралатын рухани бишаралықпен өндіріледі. Әдет-ғұрып заңының бір ерекшелігі – түрме қапассыз-ақ тәртіпсіздікке тұсау қоя алуы, өн бойында демократиялық сипаттарының мол болуы дер едік. Сот процесі міндетті түрде жариялы түрде, жиналған көпшілік пікірімен санаса отырып, екі жақтың айғақтарына мән беру, істі ақылға салып, әділ шешу, мәмілеге келу т.б. арқылы жүргізіледі. Кез келген жасалған қылмыс аяқсыз қалдырылмайды. Қаралатын істе көпшілікке тәрбиелік бағыт беретіндей жағы қарастырылады. Әсіресе, нақақ кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық, бүлік шығарушылық, әйел зорлаушылық, зинақорлық, біреудің әйелін алып кетушілік міндетті түрде көпшілік алдында жауапқа тартылады.[2,64б].
Қазақтарда «Қылмыс-күнә», ал оны жасаушы қылмыскерлер «күнәһарлар» болып табылады. Қылмыскер жауапқа тартылуы үшін кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін, істеген ісіне жауап бере алатын болуы шарт. Ал, екіқабат әйелдер, жындылар, кәмелетке жетпегендер, құл мен күңдер (оларды күнәсі үшін қожасы қожасы жауап береді) жауапқа тартылмаған. Міне, сөйтіп, ислам дінімен біте қайнасып, астарласып кеткен қазақтардың қылмыстық құқықтары, оның шариғат заңдары қағидаларымен өте ұқсас. «Күнәһар» деген сөз, тәртіп бұзушылық, біреуге обал жасаушылық. Оның жазасы бұл пәни дүниеде де, ол дүниеде де болатындығы. Қылмыс жасаушылар бұл дүниеде сот алдында, ол дүниеде Алла алдында жауап беруге міндетті.[2,72б].
Сондықтан да әдет-ғұрып заңдарының негізгі талаптарының бірі жасаған қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципін (қанға-қан, жанға-жан), өлтірілсе - өлтірілген, мүгедек етілсе – мүгедек етілген.[2,79б].
Қазақ әдет-ғұрпының («Жеті Жарғының да») негізгі тармағына біреудің отбасын бұзу, зинақорлық жатады. Бұларды жасаушылар міндетті түрде өлтірілген. Өйткені, қайсы бір қоғамды алмайық, ол отбасынан жанұдан құралады. Отбасы бейбіт өмір кешсе, қоғамға жақсы, қабырғасы нық зәулім үй секілді болғаны, ал отбасы бұзылып, іріп-шіріп жатса онда зәулім үй қирады десе де болады Сондықтан да барлық заманда отбасының беріктігіне ерекше көңіл бөлініп отырған. Әрдайым отбасының қожасы – отағасы, яғни сол үйдің иесі ер адам болып табылады. Әке құқығы өте кең. Барлық мал-мүлік пен шаруашылықты басқару қолында болған. Отбасы – ері мен әйелінен, бала-шағасынан тұрады. Әсіресе, отбасысының кілті әйел адамның қолында. Әйелге, үй-іші тазалығынан, тамақ даярлап пісіруден бастап, бала тәрбиесі, қонақ күту, үй шаруашылығы, малды сауу және жайғау, оның өнімдерінен заттар даярлау, киіз басу, өрмек тоқу, т.б. осы секілді өмірі бітпейтін барлық шаруа мойнына жүктелген. Сол үшін қазақтар қыз балаға ерекше мән беріп, жақсы тәрбиелеп өсіруге тырысқан. «Жеті Жарғыда» ері әйелінің зинә жасап жатқанының үстінен түссе, онда әйелін де, оның ойнасын да өлтіруге құқықты, ол үшін құн төлемейді - деп жазылған. Сонымен қатар, өлім жазасына әйелді зорлап зинә жасағандар, сол секілді шариғат некелесуге тыйым салған қағидаларды бұзып, өзінің қарындас, қыздарына т.б. жақындасқандар кесіледі, - дейді. Әлемдегі барлық қазақтар ішіндегі тек қазақтар 7 атаға дейін қыз алыспайды.
Шариғатта да зінәқорлығы үшін жас-кәрі, азат не құл, мұсылман не кәпір, ер мен әйел, еркек пен еркек екеніне қарамай, тек кәмелетке жетсе болғаны өлтіріледі.[2,94б].
Қазақтарда да, шариғатта да әйелді зорлағандардың өлім жазасына кесілуі, әйелдердің жеке мүддесін, абырой-намысын қорғағандық қана емес, әйел адам барған отбасының, қала берді бүкіл руының намысын қорғағандық деп білуіміз керек. Өйкені әйелді зорлау біреудің отбасын бұзғандық болып саналады. Сондықтан да «Жеті Жарғы» бойынша зинақорлар өлтірілген . Әрине бұл жазалар біреудің некелі әйелін зорлағанда жүзеге асырылған. Ал басы бос айттырылмаған әйел мен қыздарды алып қашушы адымды жазалауда басқаша түр алады. Бұл жағдайларда кінәлі адам өлім жазасына кесілмейді, егер тұрмыс құрғысы келмесе, онда қызды ата-анасына қайтарып, үстіне қалың мал төлеп өлімнен құтыла алады. Осы жоғарыда айтылғандар бұзылып, орындалмай жатса, онда «жесір дауы » туындайды. «Жесір дауы» институты өте салмақты, бұл даудың кесірінен барып кісі өлімі, барымта т.б. даулар туындап жатады.
Қазақ әдет-ғұрып заңдарында ұрлық-қарлық, тонау мен қарақшылық та үлкен тарауды қамтиды. Өйткені, мал-мүлік әркімнің меншігі саналып, оған қол сұғушылар әр қоғамда да қатаң жазаланып отырғаны тарихи деректерден белгілі.[2,100б].
Әсіресе, кісі тонаушылық пен қарақшылық жасаушылар өлім жазасына жазаланған. Шыңғыс ханның «Жаса» заңында да « кімде-кім жылқы ұрласа, онда иесіне 9 жылқы етіп қайтаруы тиіс. Мұндай айып төлей алмаса балаларын алу керек. Ал балалары жоқ болса, өзін малша бауыздау қажет» - делінген. Ал, 1640 жылғы Монғол-Ойрат Ережесінде: бір түйе ұрлағанға - 15 тоғыз, айғырға – 10 тоғыз, биеге – 8 тоғыз , сиыр, қой, құнан атқа – 6 тоғыздан айып төлеткен.
Қазақстанда да ірі қара малды ұрлаушылар 4 адам куә болып, айғақтап берсе өлімге кесілген. Кімде-кім ұрлық үстінде адам өлтірсе, онда екі қылмысы үшін жазаға тартылған.[2,114б].
Қазақ әдет-ғұрып нормаларында мүліктік құқық ерекше орын алады. . Өйткені, қазақ қоғамындағы қозғалмалы мүліктің бәрі де жекеменшіктілікке жатады. Патриархаттық- феодалдық , қазақ қоғамында мал жекеменшіктіліктің негізгісі саналады. Кез-келген екі қазақ кездескенде «мал-жаның аман ба?»- деп, бірінші кезекте малды айтуы тегін емес. Мал мен мүліктен кейінгі жекеменшік құқығының объектісіне құл мен күңдер де жатады. Бұл институтты 1822 жылғы «Сібір қырғыздары жайлы Ережеде» Ресей патшалығы шектегені белгілі. Қазақ мемлекетінің және құқығының тарихын зерттеушілердің бәрі дерлік қазақ әйелдерін өзінің құқықтық жағынан жекеменшіктілік объектісіне жатқызып келгені құпия емес. Оған олар: «аға өлсе жеңге мұрас», «қазақ байыса қатын алады», «ерден кетсе де, әйел елден кетпейді», т.т. мақал-мәтелдерге сүйене отырып, қалың малға сатылатынын тілге тиек ететін.Әрине бұл пікір түбірімен қате. Қазақ әйелдері қажет десек, мұсылман елдеріндегі әйелдерге қарағанда артықшылықтарға, ерлермен тең құқыққа ие болғаны даусыз. Құранда: ер мен әйел тең құқықты, олар істеген істеріне бірдей жауап бере,ді, Мұхаммед ғалейһис салам әркім алдымен анасын және анасын құрметтеуді талап етуі қазақ әйелдері құқықтарында жарқын көрінеді. Қазақ қоғамында мүліктік құқық қатты қорғалған.[2,183б].

- Қазақ әдет құқығы бойынша алым-салық ұғымы
- Қазақ батырлары
- Қазақ батырлары және көркем әдебиет
- Қазақ батырларының наным-сенімдері мен этикасы
- Қазақ бейнелеу өнері
- Қазақ даласындағы ірі ойшылдардың саяси ой-пікірлері
- Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары
- Қажетті қорғау шаралары
- Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948 жж.)
- Қазақ АКСР-ның құрылуы
- Қазақастан Республикасының туризмі
- Қазақ әдебиеті кабинеті – мұғалім мен оқушы зертханасы
- Қазақ әдебиетіндегі даналық үрдіс
- Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері