Қазақ ұлы ойшылдардың ілімдері
ЖОСПАР
І . Кіріспе
І І. Негізгі бөлім
1) Қазақ ұлы ойшылдардың ілімдері
2) Қазақ хандығының құрылуы
3) Тәуке хан және Тәуке ханның “Жеті Жарғы” заңдары
4) Тәуке ханның сыртқы саясаты.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебеттер
КІРІСПЕ
XIX ғасырдың екінші жартысында
және XX ғасырдың бірінші жартысында
Қазақ елі феодалдық қоғамдық
қатынастар дәуіріде болғаны
бәрмізге белгілі. Бірінші
Енді осы ұлы ойшылар мен ғалымдардың, әлеуметтік-саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша шолу жасайық.
Қазақ ұлы ойшылдардың ілімдері
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен бірге сол кездегі орыстың ұлы демократиялық өкілдерінің шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына идеясын жақтаған адам. Оның аққан жұлдаздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болғпн еді. Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды. Осы тұрғыдан келгенде Шоқанның қоғамдық көзқарастарына талдау жасау қызғылықты болып табылады.
Бұл мәселені тарихшылар, әдебиетшілер, соның ішінде Ә.Х. Марғұлан, С. Мұқанов сияқты белгілі авторлар біраз зерттеген. Жеке мақалалар мен монографиялар да бар.
Әрине, бұл еңбектердің бәрінде олар Шоқанның қоғамдық көзқарастарының көп қырына бір ғана көзқарас тұрғысынан қарады деп үстірт ұғуға болмайды. Ғылымның мақсаты – объективтік ақиқатқа ұмтылу. Ол ақиқатқа жету үшін, сансыз ізденістерді, талпыныстарды қажет етеді.
Міне, осы орайда Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер айтылып жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың революцияшыл демократтарының идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Академик С. Зимановтың монографиясында /1965ж./ Уәлихановтың саяси көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін үш ұдай пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көрсетеді.
Бірақ, ғалымдардың бәрі негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орыстың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанан мойындайды.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөзқ ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «о мусульманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер-білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтіре алмайды.
Айталық, Сібір казактарына арналған сот реформасы туралы мақаласында /жазбаларында/ ол ресми үкіметке көптеген талаптар қояды. Бұл талаптар негізінен халық өмірін жақсартуға, оның сот мәселесі жөнінде дербестігін сақтай отырып, орыстармен араласуға мүмкіндік алуға бағытталған.
Адам - әрқашан да өз ортасының презенті. Ендеше Ш. Уәлихановқа берер бағамыз нақты тарихи жағдайларға байланысты болмақ.
Ш. Уәлиханов 1864-ші жылы жазған
еңбегінде реформаны іске асыру
барысында халықтық ерекшелігін
ескеруі жайлы пікірін
Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің игілігі үшін сарп еткен, өз халқынның даңқты ұлы. Ы. Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты.Ы. Алтынсарин Қазақстанның Ресейге толық қосылып, кең қазақ даласын игеру мәселесі міндет етіп қойылған дәуірде өмір сүрді.
Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейге крепостнойлық праовны жою үшін саяси және идеологиялық күрестің шиеленіскен дәуірінде қызмет етсе, Ыбырай Алтынсарин 70-80-ші жылдарында крепостнойлық право жойылып, Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті. Ы. Алтынсаринның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстандағы капитализмнің ықпалына түскен аудандардың бірі еді. Ресейдің экономикалық өмірінде болып жатқан үлкен өзгерістер және сол өзгерістердің Қазақстанға ықпалы Ы. Алтынсариннің ағартушы және прогрессивтік пікірлерінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың өзоқ мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негігі құралы етіп баолық қазақ ауылдарында орыс-қыпғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады.
Өзінің шығармаларында Ы. Алтынсарин көбінесе жергілікті өкімет, сот орындарының өкілдерін, молдаларды сынады, себебі, оның шығармалары негізінен оқушы балаларға арналған еді. Ы. Алтынсарин оқушылардың көпшілігі болыс, ауылнай, сот болатынын жақсы білді. Сондықтан Ы. Алтынсарин оқушылардың бойына ізгілік өрнегін егу үшін «Қырғыз хрестоматиясында» демократия және гуманизм рухында жазылған өлеңдер мен әңгімелерді басты. Келешекте қазақ ауылдарында демократиялық идеялардың таратушысы болу үшін, оларды әділеттік, тазалық, шындық рухында тәрбиеледі.
Ыбырай Алтынсарин патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген қлт саясатында сын көзімен қарады. Реседің үстем таптарының орыс ұлтына жатпайтын басқа халықтарға жүргізген ұлттық кемісітушілік саясатын көре білді. Орыс шенеуніктерінің қазақтарды төменгі нәсілдің адамдары деп санауы, қазақ халқына надан, тұрпайы көріп, жиіркенішпен қарауы Ы. Алтынсарин секілді халықтың адал ұлдарына өте ауыр тиді. Ы. Алтынсарин «білімді орыстардың» жергілікті халықты жек көре қарауын сынай отырып, мәдениетті адамдардың міндеті – қазақ халқын мешеусің деп қорламай оның мәдениетінің дамуына көмектесу деді.
Ол өз заманының қоғамдық-саяси тәртіптеріне де сын көзімен қарады. Бірақ, қоғамның ауыртпалықтарын, жергілікті өкімет орындарының өкілдерін, реакцияшыл қазақ феодалдары мен молдарын сынаса да, ол қоғамдық-саяси құрылысты тұтас сынауға өресі жетпеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды.
Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай.
Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.
Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі.Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көщге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білуі, өздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, бұлар көкірекке сәуле, көңілге сенім береді деп толғанды ол.
Тән азығы мен жан азығының адам өмірінде бір-бірімен байланысты екендігін Абай терең ұғынған: тілек, мақсат, арман сияқты өмірдің күштері адасның денсаулығы, жүйке-жүйелерінің саулығына байланысты қалыптастырылады. Адам бойындағы туа біткен болмысы дамымай ескерусіз қалса, қуаттың (қабілеттің) қайсысы болса да жоғалады, болмаса ешнәрсеге жарамай қалады. Егер оны үнемі ескеріп, күтіп, күнде тексерсе, ол кәдеге асады..
Қазақ халқының мешеулігіне қайырған Абай патриархалды-феодалдық әдет-ғұрыптарды, надандықты, артта қалғандықты, кертарпалықты ызамен сынады. Оларды қазақ халқының прогресс жолындағы басты кедергі деп санады. Қазақстанның дамуына жол ашып, оны мешеуліктен құтқарудың негізгі құралы – орыс білімі арқылы халықты ағарту деп білді.
Абайдың бұл идеясы бір жағынан өз заманында іс жүзіне аспайтын қыял болғанымен, екінші жағынан, болашақта жемісін беретін өте игілікті идея болды.Абай адамдарды көркіне қарап емес, адамгершілік деңгейіне қарап бағалау керектігін ерекше атап көрсетті. Ұлы ойшыл ақын жастарға жар тандау мәселесіне де дәл осы тұрғыдан келудің қадет екендігін үйретті.
Абайдың сүйіспеншілік, махаббат, отбасы жөніндегі пікірлерінің құндылығы – демократиялық, ойларды ту еріп ұстайлы.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан аса ірі қоғам және саясат қайраткері, оқымысты, жазушы, Петербург массондарының мүшесі. Ол Ресейдің І Думасының депутаты. «алаш» қозғалысын ұйымдастырушы, әрі «алаш» партиясының көшбасшысы, ұлттық «Алаш Орда» үкіметінің төрағасы, т.б. саяси-әлеуметтік қызметтер атқарады. Ол Санкт-Петербургтегі Орман Шаруашылығы институтынтәмамдаған, оқымысты, экономист. Студент кезінде саяси жұмыстарға белсеңді қатысқан. Маркс ілімін оқыды. Ол қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды білу үшін орыстың демократиялық әдебиеттерін қазақ тіліне аударды. «Коммунистік жар» деген атпен «Коммунистік партия манифесін» қазақ тіліне аударды. Ол өзінің Қазан төңкерісіне дейінгі өмірін патша әкімшілігінің әділетсіз отаршыл саясатымен күресуге арнады. Қазақ еліндегі әлеуметтік қатынастарды әділетті құру үшін тер төкті. Осы мақсаттарын орындау үшін Бөкейхан 1906-шы жылы орыс демократтарының «халық еркіндігі» (кадет) партиясының бөлімшесі ретінде Қазақ саяси ұйымын құрды. Оның бағдарламасы Орал қаласындағы «Факел» газетінде жарияланды. Онда алғаш рет қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік тұрғыдан дамуы үшін өмірлік мәні бар мақсат мен міндеттерді іске асыру белгіленді. Мысалы, қазақ жерін сол халықтың меншігі, ол жеке меншікке берілмеуі керек деп танылған заңдар қабылдау үшін күш жұмсады, қазақ ажстары оқитын мектептер, медреселер, жоғары оқу орындарын ашу, т.б. мәселелер қойды.
Ә. Бөкейхан қазақ халқының шаруашылығы, қазақтың тарихы туралы еңбектер жазды. Оның «Сібір темір жолы аудандарының экономикалық зерттеу материалдары» 1904-ші жылы Ташкентте жарияланды. 1914-ші жылы Бөкейхан социал-демократиялық партияның құрылтайына қатысып, онда Ресей мемлекеттік депутаты А.Ф. Керенскиймен кездеседі. Құрылтайда Ә. Бөкейхан «Ресейдегі қырғыздардың жағдайы» туралы баяндама жасайды. Мұнда Ә. Бөкейхан Кадет партиясының орталық комитетіне сайланды. Орыстың массон ұйымының Жоғары Кеңесінің қаулысымен 1917-ші ылы Ә.Бөкейхан Батыс Қазақстандағы уақытша үкіметтің комиссары болып тағанындалады.
Бұл жерде массон ұйымының саясаты Ә.Бөкейханның ойынан алыс жатты, яғни қазақтарға автономияны бермеу, өзін қуғынға салу мәселесі көзделген.Осы жылдары ол өзінің қудалау мерзімі біткеннен кейін Орынборға келеді, бірақ, оның Омбыға баруына рұқсат етілмеді. Ә.Бөкейхан Орынборда қоғамдық-саяси жұмысқа онан әрі батыл кірісті. Орынбордағы халық Ә.Бөкейханды жергілікті үкімет – қалалық думаның мүшелігіне сайлады.
1917-ші жылы Ә.Бөкейхан Томск қаласында автономшылардың құрылтайына қатысты. Құрылтайда қазақтардың Сібір үкіметінің құрамында автономия алуға қаулы қабылданды. Осы жылдың желтоқсанында Орынбор қаласында бүкіл қазақтың құрылтайынды Алаш автономиялық мемлекетінің уақытша халықтық кеңесі – «Алашорда» құрылды. Оның бірінші төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды. Алашорданың жүргізе бастаған саяси-әлеуметтік өзгерістерінің сол уақытта болып жатқан азамат соғысы жоққа шығарды. 1919-1920-жылдары жоғары өкіметтің қаулысымен амнистия (кешірім) жарияланды. Алаш партиясының басшылығы большевиктер партиясына қосылу туралы шешім қабылдады. Партияның көптеген басшыларының ішінде тек Ә.Бөкейхан большевиктерге қызмет етуден бас тартты. 1926-шы жылы КСРО ғылым академиясының шақыруымен автономиялық және одақтас республикаларды зерттеуге арналған ерекше комитетінде Қазақстанды зерттеу эксперті болып қызмет атқарды. 1927 жылдан 1937-ші жылға дейін Ә.Бөкейхан өзінің Мәскеудегі пәтерінде «үй тұтқынында» отырады. 1937ж. тамыз айында Ә.Бөкейханды Кеңес Өкіметіне қарсы контрреволюциялық күресті ұйымдастырды деп айыптап, ату жазасына бұйырады.
Ә.Бөкейхан қазақтың географиясын жан-жақты терең зерттеген ғалым. Жер – адамзаттың алтын бесігі. Қандай да бір халық, ұлт болмасын, оның дамуы жерге байланысты. Ол Қазақстанның қандай аймағында жер құнарлы, құнарсыз екенін өте жақсы білген. Сондықтан осыған орай қазақ халқы өзінің ыңғайлы, тиімді, сапалы шаруашылығын ұйымдастыруы қажет деген.
Ол өзінің «Қырғыздар», «Павлодар уезі», «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы», т.б. мақалаларында жер, мал шаруашылығы туралы өте көптеген ой-пікірлер, ұсыныс, кеңестер берген. Ә.Бөкейхан этногенез, яғни халықтардың шығу тегі туралы да маңызды зерттеулер жүргізген. Мұны оның мынадай шығармаларынан байқауға болады. Олар: «Қырғыз елінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері», «Қырғыздар» және т.б. Бұл еңбектерінде статистикалық деректерді тиімді, ұтымды қолдана отырып, қай уезде қанша, қандай адамдар тұртынын айтқан.
Ә.Бөкейхан мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде де көп келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Мысалы, «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақаласында оның себебін терең ашып баяндайды: біріншіден, Кадет партиясы жерді бөлу және сатуға, екіншіден, ұлттық автономияға қарсы, үшіншіден, діннің мемлекеттен бөлінуіне қарсы. Ә.Бөкейханның пікірі бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.Ә.Бөкейханның мұндай алдыңғы қатарлы, әлеуметтік ғылыми жаңа көзқарастары, ой-пікірлері қазақ қоғамының қазіргі өмір жағдайына аәйкес келіп, іске асырылуда.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы аддынғы қатарлы өкілдерінің бірі, әрі ірі оқымысты – ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Ол еңбек жолын ағартушылықтан бастады. Орын алып отырған қиындықты деңу үшін ол қазақ жазуымен айналысады. Ол алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуге кіріседі. Алдымен қазақ балаларының сауатын ашатын «Әліп-би» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазу үшін оған қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын зерттеу қажет болды.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығы құрылуы туралы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. М.Дулати “Тарихи Рашиди”. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары. Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы. ХҮ ғ ортасындағы Әбілхайыр Ұлысы және оның Моғолстанмен ара-қатынасы. Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойына көшіп келуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның күшейе бастауы. Есен-Бұғы ханның қайтыс болуы. Жүніс хан. Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына жорығы. Қазақ хандығының Дешті Қыпшақ үшін күресі. Жәнібек хан. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнауы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. Сыр бойы. Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр бойы – дәстүрлі өркениет ошағы. Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік, экономикалық, әскери-стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны. Сыр бойының қысқы жайылым мен қыстау ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы, оның кезеңдері. Бұрындық хан. ХҮ ғ. 90-шы жж. шиеліністі жағдайлар және 1495/96 жж. келісімдер.
Тәуке ханның (1680-1718 жж.) билікке келуі. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ішкі саяси өміріндегі өзгерістер. Батырлар мен билердің рөлі. Хандық Кеңес. «Жеті жарғы» заңы. Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастыруға қатысқан атақты билер. Харадж, соғым, сауын, бадж, зекет салықтары. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. Сібірге барған бес елшілік. Тобыл қаласына барған Тәшім батыр елшілігі. Қазақ-орыс, қазақ-жоңғар қатынасы. ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты. 1710 жылы Қарақұмда үш Жүз өкілдері жоңғарларға қарсы күшті жұмылдыру мәселесін қарастыруы. Бөгенбай батыр қазақ жасағының қолбасшысы. Тәуке ханның қайтыс болуы, қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылықтың етек алуы. Қазақ жеріне шапқыншылық барысында қатыгездік танытқан жоңғар билеушісі. 1718 жылы Аягөз бойында қазақ сарбаздарының жоңғарлардан жеңілу себебі. Жоңғарлардың 1723 жылғы басқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды» оқиғалары. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі. 1723 ж. қыркүйек айында Әбілхайыр ханның Еділ қалмақтарына қарсы жорығының мақсаты. 1726-жылы Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып Әбілқайырдың сайлануы. Біріккен қазақ жасақтарының жоңғарларға ойсырата соққы берген жері. 1726-жылғы Бұланты өзені бойындағы «Қалмақ қырылған» шайқасы. 1729-жылғы «Аңырақай» шайқасы, олардың тарихи маңызы.
Тәуке хан және Тәуке ханның “Жеті Жарғы” заңдары
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718). «Жеті жарғы» заңдары.
Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды.
Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.
Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.
Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.
Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.
XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.
«Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары).
XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі.
«Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Тегінде, «Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы правосын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.
«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде баянды етілді.
«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.
«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды :
1. Жер дауы заңы
2. Отбасы - неке заңы
3. Әскери заң
4. Сот заңы
5. Қылмысты істер заңы
6. Құн заңы
7. Жесір дауы заңы
Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді .
Тәукеханның сыртқы саясаты
Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .
Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.
Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған соң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
Қорытынды
Саяси ілімдер тарихы – әлемді, мемлекетті, билікті, саясатты, адамның саяси мінез-құлқын қазіргі заманғы ғылыми тұрғыдан танып-білудің маңызды қайнар көзі мен жауапты бөлімі. Қоғамдық ғылымдар құрылымындағы саяси ілімдер тарихының орны.
Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің зор шектеулі.
Азаматтық қоғам және оның мазмұны, белгілері көрсетілген. Азаматтық қоғам- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік- экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етіледі. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, азаматтың уақыты шектелмейді, өлкеге - аймаққа бөліну болмайды, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Саяси ілімдер тарихы саяси, заң және өзге де әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғылыми болжам жасау мен футурологияның, заманауи ғаламдық мәселелерді зерттеудің іргетасы.

- Қазақ филасофиясы қалыптасуының ерекшеліктері
- Қазақ философиялық ойшылдарының кезеңдері
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихи ерекшеліктері
- Қазақтың ұлттық ойындары
- Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі
- Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы
- Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы
- Қазақтың ұлттық тағамдары
- Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы