Ағза, толық тірі жүйе
№2-дәріс. Ағза, толық тірі жүйе
- Ағза, толық тірі жүйе ретінде.
- Биологиялық ұйым деңгейі және экология.
- Ағзаның толық тірі жүйе ретіндегі дамуы
«Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы әжептеуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельс былай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы...». Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» формасы табылған жоқ. Тек қиялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі құбыжық» кейпінде кездестіруге болады.
Шындығына келсек, тіршілік ететін ағзалардың барлығы жасушалардан тұрады, олардың құрғақ масса құрамының 80%-ы нәруыз. Оның үстіне нәруыздардың химиялық құрамы, қасиеттерінің алуан түрлілігінде шек жоқ, сондай-ақ тірі ағзаның әрқайсысында сирек ұшырасады. Олар химиялық ізденістердің қажетті бағытта өтуін қамтамасыз етеді және бұл ізденістері жеке жасушаларда да, біртұтас ағзаларда да бақыланады. Нәруыз немесе күрделі нәруыздар қоспасы өзінен-өзі ешқандай тірілік (живое) қасиет көрсетпейді. Жасушалар нәруызы, сондай-ақ ағзалар тірі жүйеден тысқары кез келген өзге химиялық зат тәрізді тіршілік қалпында қалады. Ең алдымен тіршілік дегеніміз - бұл тіршілік иесінің өз құрылымдық жаратылымын белгілі жоғары деңгейде қолдай алуы. Бұл қасиет сыртқы ортадан алынған зат есебінде дамып, көбейеді. Мысалы, кристалдар да ерітінділерден белгілі молекулаларды тартып алып, өсе алады. Айырмашылығы - кристалдар бір типті заттардан тұрады және сол затты құрылыс материалы ретінде тұтынады, демек химиялық өзгерту жүзеге аспайды. Сондай-ақ энергия шығындалмайды.
Тірі ағзалар біржасушалы қарапайым немесе көпжасушалы ағза болғанына қарамастан, Жердегі ерекше биологиялық жүйе болып есептеледі. Тірі ағзалар микроскоппен ғана көрінетін бактериялардан бастап, өте зор сүтқоректілерге дейінгілерден құрылысы және мөлшері бойынша ерекшеленеді. Жүйе ретіндегі әрбір ағза өзара байланысты және өзара әрекеттесетін көптеген алғашқы заттардан тұрады. Ағзаның алғашқы заттары: жасушалар, ұлпалар және мүшелер. Олар тек бірімен-бірі өзара әрекеттесіп, өздігінен ұрпақ беретін және дамитын тірілік Тірі ағзалар жасушалардан құралады. Жасушаның бактерия, біржасушалы балдыр, кірпікшелілер тәрізді дербес ағзалар болуы мүмкін. Бактерия жасушасы өте қарапайым, ал біржасушалы қарапайым жәндіктің құрылысы күрделі. Жасуша құрылысының қандай болғанына қарамастан тіршілік иесінің барлық қасиеттерін (тынысалу, қозғалу, қоректену, есу, даму және т. б.) көрсетеді.
Көпжасушалы ағза құрамындағы жасушалар, ұлпалар немесе мүшелердің алғашқы заттары болғандықтан, арнаулы бағытқа катаң бағытталады. Олардың ерекшелігі — белгілі қызмет атқарады және ағзадан тыс өмір сүре алмайды (мысалы, жүйке ұлпасының, бұлшықеттердің және т. б. жасушалары).
Тірі табиғат - көптеген алғашқы заттардан тұратын күрделі жаралымды өкімбилікті (иерархия) жүйе. Тірі табиғат әр алуандылығына қарамастан, бірнеше тірілік құрылым деңгейлеріне бөлінеді. Олар: молекулалық, жасушалық, мүшелік-ұлпалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биогеноздық, биосфералық деңгейлер. Бұл жүйелерде барлық негізгі тірілік қасиеттері бола тұра өздеріне ғана тән маңызды өзгешеліктері де болады.
- қасиеттеріне тән біртұтас ағза түзеді.
- Ағза - құрылысының күрделілігіне тәуелсіз (біржасушалы және көпжасушалы) дербес өмір сүре алатын биологиялық жүйе. Органикалық деңгейдің алғашқы заттар өлшем бірлігі - дарақ, ол жүйе ретінде туған сәттен өмірінің соңғы күніне дейін өмір сүреді. Сонымен бірге ұрық даму үдерісінде ағзаның белгілі дарақтарына тән қасиеттер пайда болады. Мысалы, сүтқоректілерде ұрықтың дамуы балықтар мен жорғалаушылардан ерекше болады.
- Популяциялық-түрлік деңгей
- Дарақтар табиғатта бірінен-бірі оқшауланбай, популяцияға бірігіп өмір сүреді. Популяция – ағзадан жоғары биологиялық жүйе. Ол дәл сол ағзалар бір аумақта ұзақ уақыт мекендегенде пайда болады. Тап осы популяцияның дарақтары өзара еркін шағылысады. Ағзаның бір түріне жататын әр түрлі популяциялар дарақтарының да өзара шағылысуы мүмкін, мысалы, әр түрлі аумақта тіршілік ететін қасқырлар популяциясының дарақтары бірімен-бірі шағылысады. Алғашқы заттардың эволюциялық үдерістері популяциялық деңгейде өтеді, яғни кебейеді.
- Биогеоценоздық деңгей
- Әр алуан ағзалардың түрлері мен популяциялар тіршілік ортасына жинақтала келе биогеоценоз түзеді. Бұл - тіршілік жаратылымы биогеоценоздық деңгейдің карапайым өлшем бірлігі. Биогеоценозға алуан түрлі өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар және ұсақ ағзалардың бірлестігі, сондай-ақ тірі ағзалар орныққан тап сол жердегі литосфера, гидросфера және атмосфераның құрамдас бөліктері енеді. Тіршілік иелері қоршаған ортамен өзара байланыста болады, өйткені тіршілік әрекетіне қажетті заттар мен энергияны тұтынады. Қоршаған ортаға алмасу өнімдерін бөліп шығарады. Сондықтан биогеоценоздың негізгі атқаратын қызметі - энергияны жинақтап, кайтадан бөліп тарату. Биосфералық деңгей. Бүкіл биогеоценоздар жиынтығынан биосфера түзіледі. Биосфера - тірі ағзалар орналасқан Жер кабығы. Бұл ғаламшардағы тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі. Мұнда тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты заттар мен энергия өзгеру айналымы жүреді.[1]
- Биосфералық деңгей
Бүкіл биогеоценоздар жиынтығынан биосфера түзіледі. Биосфера - тірі ағзалар орналасқан Жер қабығы. Бұл ғаламшардағы тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі. Мұнда тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты заттар мен энергия өзгеру айналымы жүреді. Нақты тіршілік деңгейі мен биологиялық ғылым арасында да айқын шектеу болмағанымен, тірі табиғаттағы тіршіліктің жаратылу деңгейін шартты түрде былай межелеп бөлуге болады:
Ағза
- француздың – organisme, латынша - organiso –
құрамын, сыртқы құрылым беремін деген
сөздеріндегі мағынаны береді. Кең көлемде
алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен
байланыста болатын және бір-
Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер)
ғана емес, колониямен өмір сүретін (колониялы
Тіршілік ортасы –ол, табиғаттың тірі
ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыс
Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген
бөліктері мен құрылымы –
Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.
- Қоректену немесе трофикалық байланыс.
- Топикалық байланыс (грекше топос –орын), мекен ету ортасын пайдалануға негізделген байланыстар.
- Форикалық (латынша форас – сыртта) – бұл байланыс бір ағзаның басқа ағзаға таралуына қатысқан кезде пайда болады.
№3-Дәріс. Ағза мен ортаның әрекеттесуі
1. Ағзалар жүйесі және Жер биотасы.
2. Экологиялық факторлар мен тіршілік ортасы туралы түсініктер.
3. Ағзалар өміріндегі физикалық және химиялық факторлар мағынасы.
4. Топырақ пен өсімдіктер өміріндегі эдафикалық факторлар рөлі
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу факторлар ережесі: бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.
Бергман ережесі (1847 ж): бір түрге жататын дене көлемі әртүрлі өкілдердің ішінде неғұрлым ірілері анағұрлым салқын аудандарда таралады.
Аллен ережесі (1877 ж): жылы қанды жануарлардың
салқын климаттық жерлерде денесінің
шығыңқы бөліктері кішірейеді
Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі (1840 ж): экологиялық факторлардың жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор организмнің күйіне көбірек ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңы (1913 ж): экологиялық фактордың минимумы ғана емес, максимумы да шектеуші фактор бола алады, олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық (лат. шыдау, төзу) шамасын, яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділік аумағын анықтайды.
Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей
емес. Оны әрбір ағзаның өзіне тән экологиялық валенттілігі
анықтайды. Экологиялық валенттілік
Қоршаған ортаның экологиялық факторлары – тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлерін ерекше атап өту қажет:
1. Ортаның қарастырып отырған
2. Экологиялық фактордың әсері
тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін,
яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-
Құс базарларында
құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді
биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы
суға түседі; судағы органиканы бактериялар
минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады.
Бұл өз кезегінде планктондық организмдердің,
негізінен шаян тәрізділердің концентрациясының артуына
Экологиялық факторлар табиғаты
жағынан қаншалықты әралуан болмасын, олардың әсерінің
нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға
келеді, өйткені әрқашанда
Экологиялық факторлардың негізгі заңдылықтары:
1. фактордың
белгілі бір мәндерінде
2. фактордың
мөлшері оптималдық жағдайдан
неғұрлым көбірек ауытқыса, дара
организмдердің тіршілік
3. фактор мөлшерінің дара
Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:
1) Абиотикалық факторлар – өлі табиғаттың әсері (климат, t0, ылғалдылық, жарық, т.б.)
2) Биотикалық
факторлар – тірі
3) Антропогенді факторлар –
1. Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы); топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар (судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, тұздылығы, қысымы, ластануы); жер бедерінің әсері.
Абиотикалық факторлардың өзін эдафикалық, орографиялық, т.б. деп бөледі. Эдафикалық факторлар – топырақтың қасиеттеріне байланысты тірі организмдерге тікелей әсер ететін экологиялық факторлар тобы; орографиялық факторлар – жер бедерінің әсері.
2. Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін саналуан әсерлері жатады.
3. Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызылып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.
Сонымен антропогендік фокторлар
2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.
Қоршаған ортаға организмдердің бейімделуі адаптация деп аталады.
Факторлар әсер ету маусымдылығы және бағыттылығы бойынша 3 топқа бөлінеді.
- Қатаң маусымдылықпен әсер етуші факторлар: тәулік уақытының уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.
- Маусымдылықсыз әсер етуші факторлар – кейбір уақыттарда қайталанады: ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б.
- Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, бетпақдалада т. б.)
- Белгісіз әсер етуші факторлар – бұған антропогендік факторлар жатады, ағзалар мен олардың бірлестікреті үшін өте қауіпті.
Жарық және мінез-құлық бағдарлануы.
Жануарлардың мінез-құлығындағы бағдарлануы
Жарыққа байланысты жануарларды күндізгі және түнгі деп бөлеміз. Күн сәулесі осы жануарларға әсер ете отырып, олардың әрекетін басқарады және олардың тіршілік салтын, мінез құлығын, ұйқы мен демалу ритмдерін анықтайды. Мысалы: олардың әрекет сипаттары, тамақтану тәсілдері, жыныстық белсенділіктері т. б.

- Ағылшын абсолютизмінің орнауы
- Ағылшын әдебиеті: Уильям Шекспир (1564 – 1616)
- Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері. Ағылшындар мәдениетіне шолу
- Ағылшын және Франция ағартушылары
- Ағылшын тілі етістігінің арнайы формалары
- Ағылшын тілі сабағы
- Ағылшын тілі сабағында ойын әдістемелерін жасөспірімдердің танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде пайдалану
- Ағзалардың жеке дамуы
- Ағзалардың жеке дамуы — онтогенез
- Ағзалардың жеке дамуы - онтогенез
- Ағзалардың жеке дамуы – онтогенез
- Ағзаның энергия жоғалтуы
- Ағзаны шынықтыру Оның қарапайым күтімі мен жаттығуы
- Ағза реактивтілігі жыныстық әсері