Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті
Заң факультеті
«Азаматтық құқықтық пәндер» кафедрасы
Мәнжазба
Тақырыбы: Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері
Дайындаған: Қаражанов Б.Н
Ю-209 тобы
Тексерген: Тлеулесова Б.Т.
Ақтөбе-2013
Жоспар:
Кіріспе
- Сотта азаматтық істі қозғау
- Істі сотта қарауға әзірлеу
- Сотта іс қарау
- Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау
- Сот актілерін орындау
- Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау
- Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқыктың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді.
Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс жөне т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері
а) сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
Азаматтық
сотта іс қарау саласында
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік,құқық беруші, тіндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтық іс жүргізу құқықтың нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың турлері.
Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс жүргізу әрекеттер төртібін реттейтін жалпы жөне деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары - азаматтық, отбасынан енбек құқықтық қатынастардан туатын даулар ішіндегі істерді әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді жене ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар.
Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы -ҚР АІЖК-сі болып танылады.
Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында колданылады. Жалпы ереже бойынша жанадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.
Азаматтық іс жүргізу
құқығы ғылымының пәні: - тәжірибеде
оның қолданылуымен тығыз
1.Сотта азаматтық істі қозғау
Процеске қатысушы тұлғалар бұл сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін тұлғалар. Бұған: бұлар өкілдер, аудармашылар, куәлар, сарапшыларды жатқызамыз. Іске қатысушы тұлғалар болып: тараптар, дау нысанына дербес тараптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұйымдар немесе негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекшеліктері іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды
1) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткуен адамның арызы бойынша;
2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол тиісті ұйғарым шығарады.
Талап - құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгінуі.
Талап - субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.
Талап - азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері - бұл талаптың құрамды бөліктері. Оларға (элементтеріне):
- мазмұны;
- нысанасы;
- негіздемесі жатқызылады.
Талаптың мазмұны - талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотңа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың мазмүны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы - бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
- Талап қоюшы
мен жауапкер араларында
- Талап қоюшымен
материалдың-құқықтық
-Тараптар араларындағы құқың қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау (мысалы: туылған сәбидің әке-сін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы некені бүзу).
Талаптың негіздемесі - талап қоюшының сотңа өз үндеуін негіздейтін мөн-жайлар.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
- материалдық-құқықтық белгілер;
- процессуалдық-құқықтық белгілер. Талаптардың процесуалдық-құқықтық белгісі
бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдық-құқықтық жіктелу негізі ар-қылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелу негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:
1 - ұйғару туралы талаптар;
2 - мойындау туралы талаптар;
3 - өзгертетін (құқың қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған) талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атңару талаптары дегеніміз - бүл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз мін-деттерін орындатуды сүрауы ұйгару талабы деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкерден қарызды төлеуі, пәтерді босатуы, келтірілген зардапты өтеуі). Осындай сотқа ңойылган талаптар бойынша сот шешім-дері негізінде атқару парақтары беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі қүңың қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сүрайды (мысалы, талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлың құқығын бекітуін сұрауы).
Талап термині екі мағынада қолданылады:
1 - материалдық;
2 - процессуалдық.
Материалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз -сотқа үндеу арқылы субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап қоюшының талап қоюға (материалдың мағынада) құқығы бар не жоқтығын анықтайды.
Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз — дауды қарап, шешу үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істі мәні бойынша шешу үшін сотқа тікелей талап арыз, арыз және шағым беру. Бұл нақты азаматтық-құқықтық дау бойынша сот төрелігіне жүгіну құқығы.
Талап қою құқығы -Сотқа жүгіну арқылы құқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын аза-маттарға және ұйымдарға (ҚР АІЖК-нің 5-бабы), сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға (ҚР АІЖК-нің 45-тарауы) тиесілі.
Талап қою құқығының шарттары - нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен байланыстыратын мән-жайлар.
Бүл шарттар өзара:
- жалпы;
- арнаулы;
- жаратымды;
- жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады. Талап қою құқығының жалпы шарттары:
-Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі, яғни азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі (ҚР АІЖК-тің 45-бабы);
- Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы (ҚР АІЖК-тің 24-бабы);
- өз құзыреті шегінде сол мәселе туралы азаматтық іс бойынша қабылданған сот шешімінің жоқтығы;
- тараптардың
өзара дауды аралық соттың
қарауына беру туралы
Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны - жаратымсыз сипатта болады.
Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз -бүл кейбір субъектілер немесе категория істері үшін жалпы шарттармен қатар, заңмен белгіленген шарттар.
Талап қою құқығының шарттары болмауы сотпен келесі әрекеттер жасауына әкеледі:
- талап арызды
қайтару (ҢР АІЖК-тің 154-бабы)
- талап арызды
қабылдаудан бас тарту (ҚР
- іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК-тің 247-бабы);
- арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖК-тің 249-бабы).
Талап арыз - субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгіну нысаны.
Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсынуы қажет.
Талап арыз мазмүны:
- кіріспе;
- сипаттау;
- дәлелдеу;
- сүрау бөліктерінен түрады.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК-і 150-бабының 1-бөлігі).Талап арыздың кіріспе бөлігінде:
- талап арыз берілетін соттың атауы;
- талап қоюшының
атауы, оның тұрғылықты жері
немесе, егер талап қоюшы ұйым
болса, оның түрған жері мен
банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер
арызды оның өкілі берсе,
- жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері, немесе егер жауапкер ұйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері көрсетілуге тиіс.
Талап арыздың (арыздың) сипаттау бөлігінде:
- талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
- талап қоюшы
өзінің талаптарын негіздейтін
мән-жайлар және бұл мән-
Талап арыздың дәлелдеу бәлігі кейде оның сипаттау бөлігімен ұйқасады. Осы бөлікте талап қоюшы (арыз беруші) өзінің талаптарын қанағаттандыру үшін заң нормаларына сілтеме жасайды. Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасайтын болса, онда:
- талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс;
- арызға, әрекетке
қабілетсіз адамның мүдделері
үшін арыз беретін жағдайларды
қоспағанда, азаматтың сотқа талап
қоюмен жүгінуге келісімін
Талап арыздың
сұрау белігінде мүдделі
Талап қоюды қамтамасыз ету - іске қатысушы адамдардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кепілдік ету үшін заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес соттың іс-әрекеті.
Талап қоюды қамтамасыз ету мақсаттары:
- егер сот шешімін орындауды қиындатса;
- егер сот шешімінің орындалуын мүмкін етпесе.
Талап қоюды қамтамасыз ету жәніндегі шаралар:
- жауапкерге тиісті жөне онда немесе басңа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу;
- жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;
- басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған ңатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;
- мүлікті тыйым салудан босату туралы талап ңойыл-ған жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата түру;
- борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұруы мүмкін.
Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін:
- сол сот тараптардың арызы бойынша;
- сол сот өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін (ҚР АІЖК-і 163-бабының 1-бөлігі).
Ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап қоюды қамтамасыз еткен жағдайда жауапкер талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылдаған шаралардың орнына соттың депозиттік шотына талап қоюшы талап ететін соманы енгізуге құқылы (ҚР АІЖК-нің 162-бабы).
Жауапкер талап қоюда бас тартңан шешім заңды кү-шіне енгеннен кейін талап қоюшыға оның жазбаша өтініші бойынша қабылданған оған талап қоюды қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу ту-ралы талап қоюға қүқылы (ҚР АІЖК-нің 165-бабы).
Диспозитивтік принцип бойынша тараптар өз еркілері бойынша өздерінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау тәсілін жөне көлемін анықтайды. Сонымен:
1 -талап қоюшы талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге құқылы;
2 - талап қоюдан бас тарту;
3 — жауапкер талап қоюды мойындауға құқылы;
4 - тараптар өзара бітімгершілік келісімін жасауымен істі аяқтауы мүмкін.
Әрқайсысын жеке қарастырайың.
Талап қоюдың
негіздемесі мен нысанасын
Талап қоюдан бас тарту - сотта талап қоюшының өзінің субъективтік құқығын сот арұылы қорғау талабынан бас тартып қозғалған азаматтық істі қысқартуға бағытталған. Егер талап қоюшының талабын беліп қарастыруға болатын болса, онда ол талаптың бір бөлігінен бас тартуға құқылы (талап арызы бойынша материалдык; залалды және моральдық зиянды өтеуді сұрайтын болса, онда тек материалдық залалды өтеуін талап етіп, ал моральдык зиянды өтеуден бас тартуы мүмкін).
Сот талап қоюшының талап ңоюдан бас тартуын бекіт-пеген жағдайда, сот бүл туралы ұйгарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.
Талап қоюды
тану - сотта талап қоюшының талаптарын
қанағаттандыруға және талап қоюшы
үшін лайықты сот шешімін шығаруға
бағытталған жауапкердің
Жауапкердің өзіне берілген субъективтік құқығына сәйкес талап қоюды тануы ешкімнің басымдылығынсыз өз еркімен жүргізіледі.
Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бүл жөнінде одан қолхат алынады (ҚР АІЖК-і 49-бабының 1-бөлігі).
Тараптардың бітімгершілік келісімі - бұл заңмен белгіленген жағдайларға сәйкес сотта материалдың-қүқыңтың дауды шешуді қысқарту. Бітімгершілік келісімнің мәні - дауды өзара бітімгершілікпен шешу арңы-лы іс жүргізуді аяқтау.
Бітімгершілік келісімі:
- өзара процессуалдың көну (талап қоюшы өзінің та-лап ңоюдың бір бөлігі бойынша бас тартуы, ал жауапкер осы өзгертілген талап қоюды мойындауы);
- бір жақты
көну (талап қоюшының талап қоюы,
ал жауапкер тек талап қоюдың
бір бөлігін мойындауы)
Сотта жасалған бітімгершілік келісім - бүл сот отырысында немесе одан тыс жасалған келісім, бірақ сотқа жолданған.
Соттан тыс жасалған бітімгершілік келісім - бұл сот отырысынан тыс жасалған келісім және сотқа жолданбаған. Соттан тыс бітімгершілік келісім жасалу фактісін және оның шарттарын жалпы тәртіп бойынша тарап сотта дәлелдеуі мүмкін.
Тараптар бітімгершілік
келісімін тек талап қою
Талап арызды қайтару туралы судья мынадай ұйғарым шығарады, егер:
-талап қоюшы істердін, осы санаты үшін дауды сотңа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті колдану мүмкіндігі жойылмаса;
- іс осы соттың қарауына жатпаса;
- арызды әрекетке кәбілетсіз адам берсе;
- арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
- осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша. Дау жөнінде іс бар болса;
Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот ұйғарымына жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.
Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі болмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына сәйкес сот арызды қараусыз қалдыруы мүмкін, егер:
- талап қоюшы
осы санаттағы істер үшін
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға қол қойған жөне оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;
- осы немесе басңа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша жөне сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
2. Істі сотта қарауға әзірлеу
Азаматтық істерді әзірлеудің міндеттері:
1) істі дұрыс
шешу үшін маңызы бар мән-
2) тараптардың
құқықтық қатынастарын және
3) іске қатысатын
адамдардың құрамы мен
Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот қана әрекет етеді, бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сөйкес емес. Әрине, судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі. Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар. Мысалы, тараптар іс бойынша сотңа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.
Әзірлеу сатысында дәлелдемелер
ұсынуға жағдай жасалуына байланысты
іс жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы
мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі қарауға
әзірлік жүргізу кезінде
Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс жургізу әрекеттері
Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр түрлі іске қатысушылар жүзеге асырады, бірақ процесте негізгі қыз-метті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-і 170-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын ескере оты-рып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді жүргізеді:
- талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойыншажауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын ңарсылықтарды аныңтап алады, егер бүл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін жөне бүл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
- талап ңоюды қамтамасыз ету туралы мәселені ше-шеді;
- талап қоюшының өтініші бойынша оның берген та-лап арызын (арызын) қайтару туралы үйғарым шығарады;
- басңа да қажетті іс
жүргізу әрекеттерін жасайды.
Судья іс жеткілікті
Сот хабарлаулары мен шақырулары
Істі сотта қарауга әзірлеу сатысы істі сотта қарауға өзірлеу туралы үйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы үйғарым шығарумен аяқталады.
Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот оты-рысында қарауға тағайындау туралы үйғарым шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен процестің басқа да ңатысушыларына істі ңараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.
Іс бойынша тараптарды және басңа да іс жүргізуге қа-тысушыларды (куәларды, сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уаңыты мен орны туралы:
- соттың шақыру қағаздарымен (іске қатысушы түл-ғалар және пошта арңылы);
- тапсырыстық хат арңылы;
- телефонограмма немесе жеделхат арңылы;
- хабарлау мен шақырудың
жасалуын қамтамасыз ете-тін
Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні керсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шаңыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті (ҚР АІЖК- 131-бабының 3-бөлігі), себебі, одан кейін сотта іс ңарау кезінде судья үшін сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы үйғарым шығаруға негіз болып табылады.
Егер іске ңатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланбаса, яғни ҚР АІЖК-нің 11-тарауында бекітілген талаптары сақталмаса, онда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бүл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және іс жүргізуге қатысуға жаңадан тартылған адам-дарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы жіберіледі.
Егер сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсы бірі келмеген жағдайда, сондай-аң, олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауга (сотта іс қарауды жалғастыруға) құқылы (ҚР АІЖК-і 187-бабының 4-бөлігі).
3. Азаматтық
істерді бірінші сатыдағы

- Азаматтық іс жүргізу ұғымы
- Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы
- Азаматтық кқық
- Азаматтық коғам
- Азаматтық кодекс
- Азаматтық корганыс
- Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар
- Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
- Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
- Азаматтық іс жүргізу және сарапшы мен маманның құқықтық жағдайы
- Азаматтық іс жүргізу құқығы
- Азаматтық іс жүргізу құқығы
- Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымы
- Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері