Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері. 2
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері 3
1. Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі 3
1.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі 3
1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 5
2. Заңды тұлға 7
2.1. Заңды тұлғалардың түрлері 8
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері 9
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі 11
Қорытынды 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13
КІРІСПЕ
Елiмiз нарық экономикасына
көшiп, нарық қатынастары аясында
әлеуметтiк және экономикалық реформаларды
жүзеге асырғалы он жылдан асып барады.
Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген
реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға
жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде құқықтық реформалар біздің еліміздің заңгерлерінің әмбебаптығын, терең білімділігін талап етуде.
Біздің зерттеу
тақырыбымыз бүгінгі күнге
Мен өз жұмысымды осы кісілердің еңбектеріне және Азаматтық кодекске сүйене отырып жаздым. Бұл жұмысым негізінен үш тараудан, сондай-ақ кіріспеден және қорытындыдан тұрады.
Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде
құқықтардың және міндеттердің иелерін
"құқық субъектілері" деп немесе
"тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық
тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық
қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді.
Құқық өкілеттігін алған құқық
қабілетті атаулының бәрін
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және Заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
1. Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі
Азаматтық кодекстің 12-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлға болып ұғынылады», - деп көрсетілген.
Азаматтық алған
адам сол мемлекеттің құқық
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылы 19 маусымда қабылданған
"Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары
туралы" Заң күші бар Жарлығының
2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының
азаматтары болып саналмайтын және
басқа мемлекеттің азаматы
Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі". Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде Азаматтық құқықты пайдаланады.
1.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі
1. Құқық субъектілерін
сипаттайтын негізгі құқық
Конституцияның
аталған тұжырымына орай азаматтарды
құқық қабілеттілігі заңда
1) белгілі
бір лауазымды иеленуге немесе
белгілі бір қызметті жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.)
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен
жөн, біздің заң бойынша құқықты
жою қашан да уақытша сипатта
болады. Сонымен қатар құқық
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да Заңды жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дей тұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық
қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі
құқықтарды ала алады, сол арқылы
өзіне әртүрлі міндеттерді
2. Азаматтың
құқық қабілеттілігі оның
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастық, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагерге көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттігіне әсер етпейді.
1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың
әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың
өз әрекеттерімен Азаматтық
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің
17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі
кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа
толғаннан кейін толық
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда Мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап).
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар
ғана ер жеткен деп саналады
(АК-тің 17-бабының 1-тармағы). Осы
жасқа толған соң адам
Толық емес
немесе ішінара әрекет қабілеттілігі
бойынша азамат өзінің әрекеті арқылы
кез келген құқықтық әрекетті жасай
алмайды, былайша айтқанда, заңда
тікелей көрсетілген
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топка бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас
аралығындағылардың әрекет
- өздерінің
заңды өкілдерінің, яғни ата-
- ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас
аралығындағы жасы кәмелетке
толмағандар заңды өкілдерінің
келісімінсіз мыналарды
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық
меншік құқығы бар
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке
салым салуға және өзінің
14 жастан 18 жасқа
дейінгі кәмелетке толмағандар
басқалай мәмілелерді, яғни
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, онын ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандар үшін
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. (АК-тің 27-бабы).
Ал, азамат, айталық жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.
2. Заңды тұлға
Өз құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, Жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізіңде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық
кодексте былайша қаралған: 1) толық
және сенім серіктестіктерге қатысушылардың
тиісті серіктестіктердің
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
2.1. Заңды тұлғалардың түрлері
Азаматтық кодекс Заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы).
Осындай саралау
заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын
ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады.
Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына
сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын
заңды тұлға мемлекеттік
Коммерциялық
емес ұйым заңды тұлға ретіңде
мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік
қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік,
қауымдастық одақ нысанындағы заңды
тұлғалардың бірлестігі және заң
актілерінде көрсетілген өзге де
нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық
емес ұйымдар туралы заң бойынша:
1) коммерциялық емес ұйымның өзінің
жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей
ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса
алады; 2) жекелеген ұйымдық-құқықтық
нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның
мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын
немесе өзге заттық құқығын сақтап
қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық
жүргізу құқығында немесе оралымды
басқару құқығында мүлкі бар
ұйымдар жататын болғандықтан мұның
өзі құрылтайшының заттық құқықты
иеленетінін білдіреді. Мүлкіне
өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік
құқықтарын сақтап қалатын заңды
тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер,
акционерлік қоғамдар мен өндірістік
кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің
мүлікке меншік құқығы болғандықтан
қатысушылар бұл мүлікке
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі "коммерциялық, емес ұйым" заң құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).
3. Мемлекет пен әкімшілік- аумақтық
бөлініс азаматтық құқық субъектілері
ретіндегі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы
мен әкімшілік-аумақтық бөлініс
заңды тұлға болып
Мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөліністерінің құқық қабілеттілігі өздерінің алдында тұрған міндеттермен тығыз байланысты. Оның құқық қабілеттілігінің әмбебап болуы да сондықтан дер едік, яғни ол жеке мүлде емес, қоғамдық мүддеге негізделетінін есте ұстаған жөн.
Азаматтық айналымда
мемлекет атынан Қазақстан Республикасының
мемлекеттік басқару және билік
органдары өзінің құзыреті шегінде
әрекет ету құқығына ие болады. Заңда
қаралған тәртіппен Қазақстан

- Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері
- Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
- Азаматтық құқық туралы түсінік
- Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері
- Азаматтық құқық түсінігі
- Азаматтық құқықтық жауапкершілік
- Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы жалпы тусінік
- Азаматтық құқық негіздері
- Азаматтық құқық негіздері «Құқық негіздері» пәні бойынша
- Азаматтық құқық обектілері
- Азаматтық құқық объектілері
- Азаматтық құқық субъектілері
- Азаматтық құқық субъектілері
- Азаматтық құқық субъектілері