Қазақстан аймақтарының инвестициялық тартымдылығы

     Қазақстан аймақтарының инвестициялық тартымдылығы 

     Жаһандық  қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы  әлемдік ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың  қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін  көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік  реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды.

     Қаржы институттарының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде және осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің тиімсіздігінде пайда болды.

     Қазақстан Республикасы аумақтарындағы барлық шаруашылық субъектілеріне үздіксіз сыртқы нарыққа шығу құқығын ұсыну, шетел инвестицияларын кеңінен тарту, ҚР-ның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту құқықтарын беру шетел инвестицияларын ғылыми-зерттеудің өзектілігін анықтайды.

           Қазақстан Президенті Н.Назарбаев “біздің міндетіміз - әлемдік қоғамдастық алдында  қазақстанды инвестициялар үшін тартымды орын ретінде көрсету, маңызды  салаларға инвесторларды белсене  тарту” – деп атап көрсеткен. Сондай-ақ, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Президентіміз Н. Ә. Назарбаевпен реформалаудың негізгі тұжырымдамалық принципі қалыптасқан. Сол құжаттың басымды ұстанымы - нарықтық қатынас кезінде мемлекеттің экономикасын және жоғары деңгейде шетел инвестициясын нығайту болып табылады.

     Өзінің  әлеуетін жоғалтпай, қалыптасып отырған  нақты жағдайларды ескере отырып, пысықтау мен жетілдіруді талап  ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  
№ 1284 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы  
№ 90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Баяндаманың негізгі мақсаты Қазақстанда шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіруді ілімдік-әдістемелік негіздеу, сондай-ақ инвестицияларды тиімді пайдалануды жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

       Алға қойылған мақсатқа қол  жеткізу ілімдік, әдістемелік  және тәжірибелік сипатта белгіленген  келесідей міндеттерді шешуді  талап етеді:

     - мұнай өндіру саласындағы инвестициялық  үрдістердің қазіргі жағдайы  мен қолданысын және ұдайы өндіріс үрдісіндегі экономикалық өсімге инвестицияның тигізетін әсерін талдау;

     - инвестициялық қызметті реттеудегі  мемлекеттің ролі мен функцияларын  қарастыру; 

     - жекелеген аймақтар бойынша мұнай  өндіруші саланың даму ерекшеліктері  мен бағыттарын мұнай өндіру саласындағы шетел инвестициясын пайдаланудың кешенді мәселелері мен осы салаға инвестиция тарту тетіктерін қарастыру;

     - мұнай өндіру саласындағы трансұлттық  компаниялардың (ТҰК) іс-әрекеті  мен шетел капиталын тартуда  ынталандыру шараларын анықтау;

     - мұнай өндіруші салаға инвестицияларды тарту тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау;

     - көпфакторлық корреляциялық әдісті  қолданумен мұнай және газ  өндірудің пайдалылық деңгейіне  ықпал ететін факторларды зерттеу  арқылы 2015 жылға болжам жасау  негізінде мұнай өндіру саласында инвестициялық стратегия үлгісін дамыту бағыттарын ұсыну.

     Инвестициялау – Қазақстан Республикасы экономикасының нарыққа өтудегі ең басты тетігі және ақша, қаржы, пайда, баға секілді  басқа да тетіктер мен формаларды пайдаланудың базасы болып табылады. Мұнда инвестициялар пайдаланғанда қандай да бір пайдалы нәтижеге қол жеткізуге немесе белгілі бір мөлшерде пайда табуға мүмкіндік беретін көптеген мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың түрлерін сипаттайды.

        Инвестициялық үрдісті зерттей келе, басқару мәнінен максималды тиімділік алуға, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі максималды өсімге қол жеткізуге бағытталған барлық қызметтер жинақталған келесідей іс-әрекеттер циклынан тұратын стратегияны ұсынуға болады:

  1. инвестициялық үрдістің ағымдық жағдайына талдау жасау инвестициялық тартымдылықты және инвестициялық белсенділікті талдау, инвестицияға деген әлеуметтік-экономикалық жүйенің қажеттіліктерін қанағаттандыруды талдау;
  2. инвестицияның қажетті көлемін және инвестициялық тартымдылық көрсеткіштерін анықтау;
  3. жүйенің қажетті инвестициялық тартымдылық жағдайына ие болуға мүмкіндік беретін шараларды өңдеу, таңдау және жүзеге асыру;
  4. инвестициялық тартымдылықтың өзгеруімен байланысты болған әлеуметтік-экономикалық жүйедегі инвестиция ағымының өзгеруі;
  5. инвестициялау есебінен әлеуметтік-экономикалық жүйе параметрлерінің өзгеруі.

     Циклдарды тұрақты іске асыру инвестициялық  үрдісті  басқару жүйесін тұрақты  жетілдіруді және әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету тиімділігін  арттыруды анықтайды.

     Жалпы, қазіргі экономикалық даму кезеңіне сәйкес келетін басқаруды қолданбай инвестициялық үрдісті дамыту мүмкін емес. Сондықтан, инвестициялық үрдістерді басқару субъектілерінің негізгі міндеті әлеуметтік-экономикалық жүйедегі  инвестициялық үрдістің соңғы мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін тиімді басқаруды ұйымдастыру болып табылады.

     Инвестицияны  тарту және тиімді пайдалануды басқару  - кәсіпорынның инвестициялық қызмет саласындағы шешімдерді жасау, қабылдау және жүзеге асыру үрдісі болып табылады. Бұл үрдіс келесі принциптерді сақтаумен ұйымдастырылуы тиіс: инвестицияның мақсатты принципі, инвестицияның табыстылығы мен пайдалылық принципі, жоғары тәукелділікті мүмкіндігінше азайта отырып теңдестіру принципі, инвестицияны тартудың жүйелілік принципі.

     Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі, сондай-ақ олардың тиімділігі жағымды инвестициялық ортаның болуымен анықталады. Тікелей және портфельдік инвестицияның түсімі жекешелендіру үрдісін жеделдетуіне, құнды қағаздар нарығын дамытуына, сонымен қатар тұтастай заңдылықтарды жетілдіруіне, тікелей және портфельдік шетел инвестициясын құқықтық негізде реттеуіне байланысты болады.

     Қазақстан шетелдік капиталды тарту қажеттігін басымды стратегиялық міндеттердің бірі ретінде жариялай отырып, әлемдік  шаруашылыққа ену және ашық экономикаға өту үшін өркениетті заңнамалық базаны құруға қажетті іс-шараларды бірте-бірте жүзеге асырып келеді. Мұндай шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының “Шетелдік инвестициялар туралы” және “Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңдары, “Тікелей және шетелдік инвестицияларды тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басымды салаларының тізімін бекіту туралы” және “Жеңілдіктер мен ерекше артықшылықтар жүйесі және инвесторлармен келісімшарт жасасу кезінде оларды ұсыну тєртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы” жарлықтар қабылданды.

     Елімізге  шетелдік инвестициялар ағынының динамикасы тұрақты түрде ұлғайып келеді: егер 2005 жылы 6,4 миллиард АҚШ долларына  жуық инвестиция тартылса, 2007 жыл оның көлемі 2,7пайызға көбейіп, 17,5 миллиард долларға жетті. Ал 2008 жылы еліміздің экономикасына тартылған инвестиция көлемі 21,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

     Қазақстан ТМД елдері арасында инвестициялық  іс-єрекетке қатысу деңгейі бойынша  екінші орын алады. Бүгінгі таңда  адам басына шаққандағы орташа көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде теңдесіз көшбасшыға айналды.

     Экономикамыздағы  шетелдік инвестиция тарту үрдісін  одан әрі дамуы үшін инвестициялық  саланы мемлекеттік қолдау мен реттеудің  келесідей  бірқатар шараларын жүзеге асыруды талап етеді: инвестициялық ахуалдың, инвестициялық әлеуеттің және инвестициялық қызметте қатысушылардың белсенділігінің мониторингі, инвестициялық қызметті ынталандырудың және реттеудің республикалық және аймақтық кешенді қолдау бағдарламаларын жасау, инвестициялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды өңдеу, нормативтік-құқықтық реттеуді және инвестициялық инфрақұрылымды жетілдіру қажет. Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың мемлекеттік шаралары жергілікті және жоғарғы билік органдарының ынталандырушы шараларынан қалыптасады. Олардың өзара ықпал ету дәрежесі мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін анықтайды.

     Мұнай өндіруші салалардағы  инвестициялық үрдістердің  қазіргі жағдайы. Қазақстанның мұнай өндіруші саласындағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайына республикалық статистикалық мәліметтер негізінде талдау жасау нәтижесінде, бүгінгі күнде елімізде шетелдік инвестициялардың ролінің маңыздылығы, инвестициялық ортаның тартымдылығы, Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша мұнай өндіруші саланың даму ерекшеліктері және мұнай өндіруші салаға инвестицияларды тарту тетіктері, инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты болған кей бір мәселелер, сондай-ақ, бұл мәселелерді шешуде мемлекеттің ролін күшейту жағдайлары анықталды.

     Стратегиялық  аспектте инвестиция елдің дамуындағы барлық жинақ мәселені шешуді анықтаушы және ең алдымен экономиканы жаңғырту, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, ішкі және әлемдік нарықта отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды түйіні болып табылады. 2003 жылы үкімет тарапынан Қазақстанның дамуының 2015 жылға дейінгі индустриалдық- инновациялық стратегиясы қабылданды. Оның басты орындалуы үшін, қомақты инвестициялық бағдарламаны іске асыру ішкі көздерді жұмылдыру және шетел инвестициясын тарту болды. Мәселе тек қана инвестиция көлемінде емес, оның тиімді қолданылуында, сонымен қатар, ресурстардың басымды секторының дамуына бағыттауында. Қазақстандағы инвестициялық үрдістің қазіргі кездегі даму бағыттарының ерекшеліктеріне, олардың әлеуметтік мазмұнына мынадай сипаттама беруге болады:

     1.Қазақстан  посткеңестік кеңістіктегі шетел  капиталын (инвестициялардың барлық  түрлерін) қабылдаушы негізгі мемлекеттердің  біріне жатады.

     2. Инвестиция тартудан алдыңғы қатарда тұруына қарамастан  Қазақстанға шетел капиталының келуі әлі де жеткіліксіз.

     Әрине, шетел инвестициялары қазіргі уақытта  қай елде болмасын экономиканың   жанданып   өсуіне   себеп   болып   отыр.   Олар   Қазақстан  экономикасын демонополизациялау үрдісінде жоғары роль атқарып, еркін бәсекелестікке, өндірісті дамытып, реттеумен ынталандырудың нарықтық тетіктерінің қалыптасуына әсер етіп және осыған сәйкес жүргізілген шаралардың арқасында терең инфляциядан шығуға мүмкіндік берді.

     3. Келесі бір атап көрсететін жағдай, Қазақстанды тікелей инвестициялау үрдісіне негізінен алғанда дамыған шетел резиденттері үлес қосуда. Мысалы, АҚШ-тың үлесі 36%-дан жоғары, Ұлыбритания-17%, Италия-12,8%. Бұлардан кейін Оңтүстік Корея, Қытай, Канада және тағы басқалар. Ал таяу көршілес мемлекеттің үлесіне тек тікелей инвесторлардың 6%-ы ғана келеді.

     4. Республикаға тікелей инвестицияларды  тартудың негізгі түрі - мұнай-газ  салаларына қалыптасқан бірлескен  кәсіпорындар мен негізгілерден  бөлініп шыққан кәсіпорындар болды. Осыған орай атап кететін мәселе, ол салық және басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы компаниялардан жоспардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да басқа түрлеріндегі түсімдер - Ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды.

     5. Инвестициялық үрдістің даму  тенденцияларының ең басты ерекшелігі  - оның шикізат өндіруге бағыттылығы. Мысалы, 1993-2008 жылдар арасында Қазақстанға келген шетел инвестицияларының 67,3%-ы мұнай-газ секторына жұмсалып, ал өңдеуші өнеркәсіптеріне олардың 12,4%- ғана жұмсалған. Сондықтан, экономикамыздың қазіргі жағдайында халықаралық нарықта шикізатқа сұраныстың өсуін дұрыс пайдаланып қалуымыз керек. Таяудағы он жылдықтағы стратегиялық міндеттерді анықтағанда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан экономикасының дәстүрлі артықшылықтарын, атап айтқанда мол табиғи байлықтары мен минералды шикізат қорларын барынша дұрыс пайдалану керектігін баса көрсеткен болатын. Дегенмен де, экономикамыздың дамуын тек қана мұнай-газ секторындағы кірістерге тәуелді болмауы үшін ұлттық экономиканың көп векторлығын дамыту қажет. Өз кезегінде бұл саясат әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, әлеуметтік қолайлы орта қалыптасуына қол жеткізеді. Сондықтан да экономикамыздың тұрақты дамуын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін шетел инвестицияларымен қатар отандық инвестицияларды жандандырып, өңдеуші секторларымызды дамытып, экспортты үлғайтып, ел ішіндегі жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік туғызу қажет.

     6. Инвестициялық үрдістің қазіргі  кездегі жағымды ерекшелігіне 
соңғы уақыттағы   шетел   инвестицияларының   көлемі   азайып,   отандық ішкі инвестициялардың өсуін жатқызуға болады.

     7. Келесі      атап      көрсететін      бағыт - ол      инвестициялық 
қызметті қаржыландырудағы мемлекеттің рөлі артып, үлесінің көбеюі. 
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдерден қай жағынан 
болса да кейін қалуды азайтуда мемлекеттің рөлі, оның экономиканың маңызды салаларындағы инвестицияларды реттеу қызметтері ерекше жүйелі болу қажет.
 

     Мұнай және газ өндірісі Қазақстан өнеркєсібінің  табысты бағыттарының бірі болып  қалуда. Қазақстанда 180-нен аса кен  орындары табылған, олардың тек 60 ғана игерілуде. Қазақстанның мұнай-газ саласының потенциалды мүмкіндіктері өте үлкен. Потенциалды ресурстар бойынша республикада мұнай өндірісі болжамды бағалау бойынша 2015 жылға қарай – 120-150 млн тоннаны құрайтын болады.  

     Мұнай өндірісінің қазіргі деңгейі  Қазақстанның минималды ішкі нарығының қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі нарығының географиясы, әсіресе мұнай өнімін тұтынудағы негізгі аймақтардың қашықтығы экономиканың мұнай саласымен өзіндік қамтамасыз етілуінде проблемалар туғызуда. Оның үстіне мұнайды еркін экспорттау  үшін техникалыќ мүмкіншіліктердің жоқтығы әлемдік нарыққа шығуын тежеуде, бірақ жылдық 5-6 млн тонналық экспорт деңгейін сақтап қалуда.

        Әлемдік мұнай компанияларының Қазақстанда болуы елдің экономикасы, әсіресе мұнай-газ саласы – инвестиция салудың ењ тиімді және тартымды саласы екенін дәлелдейді.

           Аймақтық инвестициялық  қызметтің дұрыс деңгейде дамуы  нәтижелі болуы кешенді аймақтық саясатқа байланысты.

     Қазақстанның  мұнай өндіру саласында мемлекеттік  инвестициялық саясатты және инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын келесідей түрде көрсетуге болады (сурет 3).

     Елімізде  инвестициялық ахуалды жақсартуда және инвестициялық қызметті мемлекеттік  реттеуді жетілдіруде мемлекеттің  инвестициялық саясаты үлкен  маңызға ие.

     Инвестициялық саясаттың бірінші бағыты  - мұнай өндіру саласы бойынша ТШИ тартудың қолайлы жағдайын қалыптастыруы қажет. Яғни мұнда біріншіден,  мұнай өндіру саласындағы инфрақұрылымды дамыту; екіншіден, мемлекеттік кепілдік қорын құру; үшіншіден, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру; төртіншіден, тікелей шетел инвесторларын ынталандыру.

     Екінші  бағыты - мұнай өндіру саласында  инвестициялық қызметті мемлекеттік  реттеудің келесідей жолдарын жетілдіру:

  • мемлекеттік қаржылық қолдау;
  • инвестициялық салықтық преференциялар ұсыну;
  • шетел инвесторларын кеден-аж салығынан босату;
  • мемлекеттік натурдық гранттар беру қажет.

     Осы аталған бағыттарды дұрыс жүзеге асыра отырып, бәсекеге қабілетті  өндірісті құру үшін мұнай өндіру саласында инвестицияларды тиімді басқару қызметін қалыптастыруға болады.  
 
 
 
 
 
 
 

       

       

       
 

     

     

       
 
 
 
 

       
 

       

       
 
 
 
 

     

       

       
 
 
 

     Сурет3 – Мұнай өндіру саласында қолайлы  инвестициялық ортаны қалыптастыруда мемлекеттік инвестициялық саясат үлгісі 

     Республиканың дамуының ұзақ мерзімді кезеңдегі негізгі мақсаты, капитал сыйымды өндірісті ынталандыратындай етіп экономиканы қайта құру болуы тиіс. Бұл жағдайда елдің экономикалық капиталын дамытудың негізі инновациялық қызмет болуы қажет, яғни жаңа интеллектуалдық жетістіктерді пайдалану арқылы жаңа болжанған ғылыми-техникалық ресурстар негізінде өндірістер құру.

     Мұнай өндіру саласындағы инвестициялық қызметті жандандырудағы тағы бір маңызды шара бұл келесідей әлеуметтік шаралар болып табылады: халықтың жұмыспен қамтамасыздандырылуын арттыру, еңбек ресурстарының құрылысын жақсарту және квалификациясын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал жасау, еңбек ету жағдайын жақсарту, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату.

     Мұнай өндіру саласын тиімді бағытта жұмыс  жасауын қамтамасыз ету үшін жоғары деңгейдегі мемлекеттік органдар шетелдік инвестициялардың қозғалысын реттеу тетіктері мен бақылау қызметтерін пайдалана отырып, аталмыш инвестицияларды еліміздің экономикасын көтеру мен қайта құруға және оның тиімді түрде әлемдік нарыққа енуіне мүмкіндік беретін ғылым сыйымды өндірістер мен алдыңғы қатарлы салаларға бағыттау мақсатында кепілдіктер мен жеңілдіктер жүйесін қолдану тиіс.

     Қорыта  айтқанда, Қазақстанда қазіргі инвестициялық  үрдіс пен инвестициялық саясат мєселелерін кешенді шешу үшін ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жєне барлық азаматтардың әл-ауқаттылық деңгейін көтеруге бағытталған мемлекеттік инвестициялық саясаттың басым міндеттері мен қағидаларын дайындау қажет. Сондай-ақ, ұлттық экономиканың негізгі және стратегиялық салаларындағы шетелдік компаниялардың басымдығын әлсірету мақсатында шетелдік инвестицияларды қажетті деңгейге дейін өсіруге, ішкі инвесторларды ынталандыруға және отандық инвестициялар мен ұлттық капиталдың орнын күшейтуге негізделу керек.

Қазақстан аймақтарының инвестициялық тартымдылығы