Қазақстан - менің Отаным
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал
біздің халқымызда атамекенді ардақтау
сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың
басынан қандай қиын кезеңдер өткенде
де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан
қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын
да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті
жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен
дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені
Отан біз үшін оттан да ыстық.
Туған
жер
Беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың
жырын жастар іздер ме?
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Жырды шашу болды оған бір арман.
Менің кіндік қаным тамған жер Көкшетау облысындағы Қызыл ту ауданы. Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Табиғаты тамашаауылыма жазғы демалыста барып тұрамыз. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзенін «жанға дауа, дертке дауа»- деп атам көп айтады. Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша табиғат оятқан болар.
Менің
Баянауылым
Қазақстанда табиғаты керемет
өңір өте көп. Соның бірі
жер жәннаты саналған Баянауыл
екеніне ешкім таласпайды. Оның
көзді тұндырар табиғатын
Табиғаты Баянымның ғажайып,
Сұлулықтың сырын сенен табайық,-
Топырағыңда аунап-қунап
Құнарынан жұтып-жұтып алайық.
Көрікті
қала-Астана
Астана қаласының ерекше
Мен Алматы қаласында
Астана
– бас қала
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
Лебяжі
ауданында Әйтей батыр
ауылы бар
Көз тоймас жинаулы әсем жасауына
Шипалы жақсы жер ғой жасаруға.
Не
Не
деп Амонжол Шамкенов ағамыз жырлағандай, өзіңнің кіндік қаның тамған жерге тең келер ешбір мекен жоқ. Лебяжі ауданыны «Әйтей батыр» атындағы ауыл мен туылған жер. Ауыл тұрғындарының өмірі өзгеше. Есік алдында әңгіме – дүкен құрып отырған ата-әжелердің сұхбаты мені ылғи еліктіреді. Олар көбінесе ел тарихынан әңгімелейді.
Ауылымызға Әйтей батыр атын бергенде Павлодар облысының әкімі Қ.Нүрпейісов және қала әкімі Б.Демеуов, Астанадан көптеген ғалымдар келген. Батыр мүсінін салтанатты түрде ашты. Батыр аруағына ас беріліп, киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерт қойылды.
Найза, қылыш, қалқан ұстаған батыр мүсіні менің көз алдымнан кетпейді. Осындай батырлар арқасында бүгінгі бейбіт өмірдің келгеніне қуаныштымын.
Біздің
Қазақстандағы қорықтар
Біздің Қазақстанда Қорықтар саны тоғыз. Олар: Ақсу-Жабағалы, Науырызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары.
Мен осы қорықтардан Марқакөл қорығы жөнінде нағашымнан естігенім бар еді. Сондықтан осы туралы білетінімді жазғым келіп тұр.
Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында орналасқан. Ауданы 75 мың га.Оңтүстік Алтай мен Күршім тау жоталарының арасын және Марқакөл көлін қамтиды. Өсімдіктердің 1400 , сүт қоректілердің 50, құстардың – 250, балықтың - 4 түрі кездеседі. Оның ішінде марал, бұлғын, аю, сілеусін, тағы басқа да сирек кездесетін жануарлар бар.
Тараз
– тарихи қала
Қазақстанның ежелгі алдыннан келе жатқан қалаларының бірі - Тараз қаласы. Тарихи деректерге сүйенсек 1856 жылы қала Әулие – Атаатымен, 1856 жылы қаңтарда Мирзоян аты беріледі. Ал 1938 жылы мамыр айында ақын Жамбыл тамыздың аты берілді. 1997 жылы 8 қаңтарда Жамбыл қаласына өзінің тарихи аты Тараз қайтарылды. 2002 жылы ЮНЕСКО көлемінде қала өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Облыс Жамбыл облысы болып қалдырылды.
Осы тарихи –киелі өңір атақты
ақын атамыз Жамбыл Жабаевтің
туған өңірі. «Пірім менің
Ақын болу менің ұлы мақсатым,
Ақындардың жалғастырам жақсы атын.
Өлең сырын мен сіздерден
Сонда ғана шын ақындық күйге
енем.
Ұлыларды
ұрпақ ұмытпайды
Қазақ халқының тарихында «
«Атақты қазақ үш биі,
Бірінші әзіз Төле еді
Бұзылмайтын сөз айтқан
Шешеннен шешен демегі
Және де әзіз киелі
Босатқан буын, жүйені
Қаз дауысты Қазыбек.
Үш
бидің ел тыныштығы, оның бақытты
келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп-қатерді
елемей, бастарын бәйгеге тіккен осы
шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ- бірлігі
басқалаларға да ықпал етіп, қазақ
халқын бір мақсатқа жұмылдыра түскен.
Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабалар
арқасы екенін түсініп, үш биіміздей
ұлыларды, елім деп еңіреген батырларымызды
ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет деп білемін.Үш
биге қойылған мүсін ұрпағының оларға
деген құрметінің бір белгісі деп түсінемін.
Байқаңыр
касмодромы
Қызылорда
қаласынан солтүстік-батысқа
21 тамыз 1957 жылы планета аралық «R-7» ракетасы ұшырылды. Ал 1957 жылдың 4 қазанында осы ракета орбитаға бірінші Жер серігін жеткізді.
Қазіргі еліміздегі өзекті
Мен келешекте экология мамандығын таңдағым келеді. Экология және адамзат бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Туған жердің тау-тасы, орман-көлі –тұнған тарих, ақиқаттан алыстамайтын аңыз. Сол аңыздың Асан қайғы атамдай бір кейіпкері болу- менің арманым.
Туған
жер
Табиғаттың тамаша жазы қандай,
Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,
Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,-
деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс өте көп.
Тәуелсіз ел болдық. Біз тәуелсіз
елдің балаларымыз. Алдағы
Алып
тұлға байсалды, алаулаған
Алатау...
Әсем қала Алматы Жоңғар Алатауының етегінде орналасқан. Ақ бас қарлы Алатау қаланы баурайына алып, қорғап тұрған алып денелі батырдай. Алматыға қонаққа барғанда бізді Медеу мұз айдынына апарды.
Сол
жолы мен Алатау ды өте жақыннан
көрдім. Қарағайлы Алатау жап-жасыл
еді. Жұпар ауасы, аңқыған дала исін
мен алғаш рет сол жерде
сезініп, сол жерде жұттым.. Мүмкін
алыстан манаураған тау сілемдері
менің табиғатқа деген
Алатау асқар биік тұлғаң қандай
Сән беріп Алматыға тұрған сондай
Керемет суретіңді жырға қосып,
Жыр жаздым
мен бір бейне ақындардай.
Алтын
дәнді Қазақстан
Қазақстанның табиғат жағдайларының қолайлығы көптеген дәнді дақылдарды егуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда 272,5 млн. га жер бар, оның 222,5 млн. гектары ауыл шаруашылығына жарамды. Бұл жердің 80 пайызына жуығын жайылымдар, 15 пайызына жуығын жыртылған жерлер, 4 пайызын шабындықтар алып жатыр. Шабындықтар мен жайылымдардың жалпы ауданы жөнінен Қазақстан Аустралия (450 млн.га), АҚШ(320млн.га),
Қытайдан(234млн.га) ғана кейін тұр. Ал Ресеймен салыстырғанда( 80 млн. га) бұл көрсеткіш екі есеге асып түседі. Жыртылған жердің мөлшерінен (36 млн.га) мемлекет дүние жүзінде 6-орын алады.
Біз өзіміздің алтын
Ахмет
Иассуи кесенесі
Ахмет Иассауи кесенесі тарихи қала Түркістанда орналасқан. Ол көне архитехтуралық ескерткіштердің бірі. Әуелі Қарахан дәуірінде(927-1212) тұрғызылып, оның қираған іргесі XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасыр басында Әмір Темірдің бұйрығымен жаңартылған. Бұл ескерткіште Исламға дейінгі салт-сана түрі мен Ислам дінінің қағидалары, Құран аяттары тоғысқан. Қазандақ бөлме-ежелгі тайпалар өміріндегі қазанды қасиет тұту дәстүрін бейнлесе, мешіт- мұсылмандар ғибадатханасы.Тайқазанға 60 шелек су сыяды, салмағы 2 тонна. Мешіттің қабырғалары кілем тәрізді күйдірген ақ керішпен безендірілген.Күмбез көгіспен қапталған, орталықтары ақшыл, жасыл түсті теңбіл яшмадан қашалған.
А.Яссауи халық өнерінің
Төрт
түлік мал –
халқымыз байлығы
Халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты.
«Ат-ердің қанаты» деп айтатын
дана халқымыз жылқы өте
Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн.
Отырарда
–Арыстан баб
Отырар Қазақстанның орта ғасырлық үлкен қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан.
Отырар қаласы Фараб деп те аталған. Әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кейдесоқ емес. Нағыз Шығысқа тән қала әкімнің сарайы, көпестер мен қолөнершілердің үйлері, мешіт, бірнеше моншалар болған.Шет аймақтарында кірпіш құюшылар, ұсталар, зергерлер тұрды.
Отырарда қазіргі күнде ұлы ғұлама , әулие Арыстан Баб кесенесі орналасқан. Арыстан баб А.Иассауидің ұстазы болған. Сол себепті әулие аралаған мұсылмандар ең алдымен Арыстан баб басына тәу етіп, сосын ғана Түркістанға жол алады. Мұсылманшылық салт бойынша әулие аттаған күнә саналады. Еліміздің түкпір-түкпірінен Түркістанға барып жатқан кісі қаншама. «Өлі байымай, тірі байымас» деп дана халқымыз тегін айтпаған.
Екібастұз - Павлоодар облысындағы ең әдемі қалаларының бірі.Тіпті облыс қана емес, бүкіл еліміз, шет елдіктерге де жақсы таныс қала.Өйткені, Екібастұзда жер асты байлығы-тас көмір өндіріледі.Мұнда алып МАЭС-тер, кеніштер бар.Қала тұрғындары осы өндіріс орындарында жұмыс істейді.
Осы қалада ата-анамның
Мен Павлодар облысы, Ақтоғай ауданында Ақтоғай ауылында дүниеге келдім.Ата-әжелерім осында тұрады. Демалыс сайын біздер ауылымызға келеміз.
Ақтоғайдың табиғаты таза, шөбі шүйгін. Өзенінің бір жақ беті таза болғандықтан, үлкен-кіші сонда шомылады. Екінші бөлігі лас. Ауыл адамдары да кейде өзеннің тазалығына көңіл аудармайтын секілді. Мал суарғанда өзен лайқаланып кетеді.
Ауылымыздан 3-4 км қашықтықта орман бар. Үлкендердің айтуынша сол орманда кішкентайорман жануарлары кездеседі дейді.Бірақ мен қояннан басқа жануар көрген емеспін. Мүмкін түлкі де бар шығар. Әрине орманға жалғыз баруға қорқамыз. Атам маған келесі бір демалыста сонда апаратынын айтты. Мен сол күнді асыға күтудемін.
Ауылды жеміс-жидектің кені
Менің Ақтоғайым осындай.
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданындағы Әуелбек ауылы менің туған ауылым. Ауылымызда Қаракөл деген көл бар. Суы мөп-мөлдір таза. Менің әжемнің апасы үйге қонаққа келгенде сол көлдің суын ғана ішеді.Бұл көлдің суы «мың дертке дауа» дейді. Орман-тоғайы жеміс-жидекке толы. Шөбінің шүйгіндігінен малдары семіз. Ауылға келген сайын айран -сүт, қаймаққа тойып кетеміз. Ағарған кісі денсаулығына таптырмайтын тағамдар,- дейді әжем. Демалысты ауылда өткізіңдер ылғи шақырады.Біз ауылға ұшып жетеміз.

- Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар
- Қазақстан мен Франция
- Қазақстан монғол империясының құрамында
- Қазақстан Моңғол кезеңінде
- Қазақстанның 20 жыл ішіндегі жетістіктері
- Қазақстанның АӨК дамуының бағыттары
- Қазақстанның банктік жүйесі
- Қазақстан Қытай қатынасы
- Қазақстан-Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс
- Қазақстан мемлекеттілігінің түп-тамырлары
- Қазақстан мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім
- Қазақстан мен Германияның білім беру деңгейлерін салыстыру
- Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм
- Қазақстан – менің елім