Қазақстан Республикасындағы жетім балалардың құқықтық жағдайлары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жетім балалардың құқықтық жағдайлары

 

 

Тексерген: Башаева Н. Д.

Орындаған: Шалқарова Ж. Ш.

Группа: ХН-221

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2014 ж

 

 

Жоспар

І. КІРІСПЕ

 

І. 1. Жетімдік. Жетімдіктің негізгі себептері.

 

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 
  ІІ. 1. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың қоғамдағы рөлі

ІІ. 2. Қазақстандағы ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қорғау ұйымдары мен шаралары

II. 3. Қазақстандағы ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың статитикалық көрсеткіші

II. 4. Шетелге асқан  ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар

II. 5. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды асырап алудағы құқықтары мен міндеттері

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.  
 Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.

   Жетімдік әлеуметтік жетім және тұл жетім болып бөлінеді. Әлеуметтік жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.

Әлеуметтік жетімдікке әкелетін себептер:

  • анасының алкоголизмді қолдануы;
  • ата-анасының ажырасуы;
  • босқындар мен қашқындар отбасыларына жату;
  • ананың мүгедектілігі;
  • ата-ананың баланы тастап кетуі;
  • ата-аналық құқықтың орындалмауы;
  • әкесінің өлімі;
  • бас бостандығынан айыру орындарына түсіп қалу.

Тұл жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.

Кейбір әдебиеттерде жетімдіктің себептерін келесілерге бөледі:

1. табиғи – географиялық, экологиялық, биогенетикалық, табиғи  апаттар: жер сілкінісі, су тасқыны, борандар, таудағы қар көшкіні.

2. техногендік – авариялар, апаттар, өндіріс орындарынан травма  алу.

3. әлеуметтік - әлеуметтік  және халықаралық қақтығыстар, соғыстар.

4. әлеуметтік-экономикалық  – «кедейшілік» факторы: ашаршылық, кедейшілік, аурулар, тұрғын үйлерінің  жоқтығы, өмір сүру деңгейінің  төмендігі, медициналық қызмет көрсетулер мен әлеуметтік қорғаудың болмауы.

5. әлеуметтік-психологиялық  – қоғамдағы моральдың, мәдениеттің  төмендігі, тәрбие, білім беру жүйесінің  жеткіліксіздігі.

6. криминалдық факторлар  – қылмыс, ішімдік, нашақорлық.

7. тұлғалық факторлар  – құндылық бағдарларының жоқтығы, ажырасулар, баладан бас тарту.

Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата-аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын-қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның - Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х - ХХ ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІ. 1. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың қоғамдағы рөлі

 

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масылдықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады. Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеуметтендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиеленушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе жүйке жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар. Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділіктерінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыпта-суы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар- тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңбе-ріндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.

 

ІІ. 2. Қазақстандағы ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қорғау ұйымдары мен шаралары

 

Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала - отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер сыйлаймыз. Ол Отбасы үлгісіндегі балалар үйі, ондағы шиеленістерді реттейтін және әр балаға жаңа отбасын сыйлайтын делдалдық ұйым. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасаймыз. Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте өзекті. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы қажет, сонымен қатар өздерінің отбасы махабатын сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махаббатын сезіндіру. Онысыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыгез болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған махаббатты жат елдерден тауып жатқандар да бар. Жат елге барып Қазақстанды қорғау үшін тәрбие алмайды. Қазақстанымыздың атын шығаратын да сөндіретін де осы балаларымыз. Ұлттық рухымызды қалыптастыратын да, ұлттық мүддемізді көтеретін де осы асыл қазыналарымыз.

Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды орналастырудың түрлі орындары бар, олар:

Отбасылық балалар үйі – бұл бір немесе бірнеше жетім балаларды, ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды асырауға алған отбасы. Мұндай отбасылар бірнеше жылға келісімшартқа отыру арқылы құрылады. Отбасылық балалар үйінің бірнеше түрі бар: бір немесе бірнеше бала асыраушы отбасы, тәрбиешімен бірге тұратын отбасы, асырап алған балалары мен  өзінің балалары тұратын отбасы.

Отбасы типіндегі балалар үйі – бұл арнайы отбасы типінде құрылған балалар үйі. Оның интернаттық мекемелерден айырмашылығы, бала тұлға ретінде әлеуметтік қалыптасуы, тәрбиеленуі үшін қолайлы жағдайлар туғызатын отбасына түседі. Оның жетіспеушілігі қалыптасқан отбасы ортасы бұл бала үшін жеткілікті бейімделмеген болуы және қамқоршы ата-ана міндеттерін алған тәрбиелеушілер ата-ана міндеттерін орындауға жеткілікті дайын болмауы болып табылады.

Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларға арналған мектеп-интернаттар.   Интернат   (латын   тілінен     аударғанда   internus – ішкі деген мағынаны білдіреді) – жартылай немесе толық мемлекеттік қамтамасыздандырудағы білім беру мекемесі, мұнда балалар тұрады, білім алады, яғни олар күтіммен қамтамасыздандырылатын үй.

Приюттар – қиын өмірлік жағдайға тап болған баланың тұрғылықты жерін, оны мақсатты орналастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін уақытша өмір сүру мекемелері.


Балалар ауылдары (SOS – Киндердорф) – отбасына жақын түрінде жетім балаларды тәрбиелеу мекемесі. Алғаш рет 1949 жылы авсриялық педагог Герман Гмайнермен құрылған, қазір дүние жүзінің 120 мемлекетінде жұмыс істейді. Біздің елде жылы құрылды. Қазіргі кезде елдің Алматы, Астана, Теміртау қалаларында жұмыс істеп келеді.[

Қазіргі кезде ата ана қамқорлығынан айырылған балалар үйлерінде көрсетілетін тәрбие түрлері:

  • Әлеуметтік-тұрмыстық тәрбие - өзіміздің салт-дәстүрлерімізге тәрбиелеу;
  • Әлеуметтік-педагогикалық тәрбие - олардың бойында шыншылдық, жанашырлық, адамгершілік пен мейірімділік, ұйымдастырушылық қасиеттерге тәрбиелейді. 
  • Әлеуметтік-психологиялық тәрбие - ұлттық тәлім-тәрбие берудің нәтижесінде өз ұлтына тән ұлттық қадір-қасиеттерді, ұлттық сана сезімді, мінез-құлықты, түйсік-түсінікті, көңіл-күйді, ұлттық сезімді, эмоциялық шымырқануды, ұлттық мақтанышты, ұлттық талғамды, ұлттық материалдық және рухани құндылықтарды, ұлттық мүдделерді, мақсат-мұраттарды, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машықтарын, іскерлік пен тәжірибені, өнерді меңгерту болып табылады; 
  • Әлеуметтік-құқықтық тәрбиелер - білім алу барысында өздерінің құқықтары мен міндеттеріне үйрету;
  • Әлеуметтік-экономикалық тәрбиелер - әр бала өздерінің қаражаттарын тиімді жұмсауға үйрету, демек қаржылық сауаттылыққа үйрету.

Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін сөз еткенде, Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” повесін мысалға алуға болады. Бала Бауыржанның психологиясын, отбасындағы тәрбие алу рәсімдерін осы кітапты талдау барысында көреміз. Баланы өмірге бейімдеуде жетімдер үйінің, тәрбиешілердің да орны бөлек. Олай дейтін себебіміз, бала бір жақта тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйіткені баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: тәрбиешісіне, ата-анаға, бірге жүрген құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты. Отбасы- өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт. Отбасы “дербес мектеп, әлеуметтік институт” деп қарастыратын болсақ, әке-шеше-сол орданың ұстаздары, ал ата-әже-профессорлар іспеттес. Сол сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1959 жылдың 20 қарашасында 1386 (XIY) қарарымен қабылданған “Бала құқықтары Декларациясында”, 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданып, 1990 жылдың 2 қыркүйегінде күшіне енген “Бала құқықтары туралы Конвенцияда” бала өмірі мен денсаулығы, білім алуы мен тәрбиесі жан-жақты қаралған. Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Сол сияқты отбасы үлгісінде тәрбиеленетін балаларымызды да осылай тәрбиелеу. Осы аталған міндеттерді қазақ отбасында қалай жүзеге асырудың жүйесін жасауда бірізділік болмағанымен, ғалымдарымыз өздерінің зерттеу нысанасы тұрғысында қарастырып келеді. Әрине, қазақ отбасындағы өзіндік ұлттық тәрбиесінің ерекшелігі, ұстанатын қағидалары, сүйенетін тағылымдары бар. Т.Рысқұлов кездерінде отбасы үлгісінде тәрбиелену теория жүзінде пайда болғанымен іске аспады. Кейіннен заңдары да қабылданып бірте-бірте отбасы үлгісіндегі үйлер пайда болып, тастанды, жетім балаларға арналған арнайы үйлер де салынып, іске аса батады. Бұл мәселеге өзіміздің Тұрар Рысқұловтың тигізген үлесі өте зор. Тіпті осы балаларға арналған кереметтей заңдарымыз да бар. Ол «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» 2000 жыл 13 желтоқсандағы № 113-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттiлiк, адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi. Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала - отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ.

Айталық, бүгінде жетім балалар паналайтын мекемелерде 16 мыңнан астам бала тәрбие көреді. Оның 3 мыңнан астамы тұлдыр жетімдер, 1922 баланы бағудан жақындары бас тартқан, 1019-ы тастанды сәбилер. Сол сияқты, панасыз қалған – 6 мың бала, 1146 түрмеде мерзімін өткеріп жатқандардың, 3 мың іздеуде жүрген қашқындардың, 1 мың медициналық мекемелерде емделіп жатқандардың баласына осы мекеменің дәм-тұзы бұйырып отыр. Олардың әрқайсысын бағып-қағып, тәрбиелеуге мемлекет жылына АҚШ ақшасымен есептегенде 3600 доллар шығындайтын көрінеді. Баласының бар жүгін мемлекетке арқалатып қойып, ардан да, адамдықтан да безіп жүрген азғындардың әрекетіне не шара?

Дегенмен, Алла әлемнің тепе-теңдігін сақтаған ғой, “жетім көрсең, жебей жүр” дейтін қағиданы ұстанған қайырымды жандардың жүрегі қашан да қараусыз қалған сәбилерге елжіреп тұратын болса керек. 2004 жылы құрылған “Бала үміті” атты қоғамдық қайырымдылық қоры қазір Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде жұмыс істеуде.

Бүгінде қор балалар мекемелерінің тапсырысы, Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау жөніндегі комитетінің ұсынысы бойынша ізгілікті жобаларды жүзеге асыруда. Ол сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорымен, “Шығармашыл, бастамашыл әйелдер лигасы” қоғамдық бірлестігімен, «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары» одағымен, “Адам құқығы және заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстандағы халықаралық бюромен” және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен тығыз араласып, мына дүрбелеңі мол өмірдегі кедергілерді аттап, бала жүрегінің қуанышы, сәби күлкісі үшін уақыт ұттыратын сәттері жетерлік.


Сондай-ақ, мемлекетімізде Сара Назарбаеваның бастамасымен жетім балаларды қамқорға алатын «Бөбек» қоры 1994 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді.

«Үміт» балалар үйлеріне  жас аналар бас тартқан балаларды қабылдайды. Ол келісімшарт бойынша 7 жылға жасалады, егер анасы мүлдем бас тартқан болса, отбасы үлгісіндегі балалар үйіне жіберіледі.

Жүзеге асырылған жобалар 2004 жылы 2298430 теңгені құраса, 2005 жылы 4067367 теңге, ал биылғы тоғыз айда 5238370 теңге болды. Қаржы айтарлықтай көп болмаса да, атқарылған жұмыс ауқымын, адамға деген қамқорлықты ештеңемен өлшеуге болмас.

Бұл жетім балалар мәселесі біздің еліміздегі, расында, шешілмей келе жатқан, жүректі ауыртатын ең үлкен мәселе. Оның шешілмей жүрген себебі, жетімдер тағдырына немқұрайлы қарайтын Үкімет бұл мәселені мықтап қолға алған емес. Мысалы, Мәжіліс депутаты Тито Сыздықов былай деп айтады: «Біз қаншама рет мәселе көтеріп, депутаттық сауал жолдадық, Үкімет оны құлағына да ілген жоқ. Бір айта кетерлік жайт, бізде жетімдер мәселесі олардың шетелдіктерге берілуі тұрғысынан ғана туындап отырған жоқ. Мен, мысалы, еліміздегі жалпы жетім балалар мәселесін көтеріп, бірнеше рет депутаттық сауал жолдадым. Себебі бізде мемлекет тарапынан жетім балаларға толыққанды көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Сөзімізді таратып айтар болсақ,  қазіргі  заңымыз бойынша   мектепті  бітіргеннен кейін жетім балалар далада қалып жатыр.

 

II. 3. Қазақстандағы  ата-ана қамқорлығынан айырылған  балалардың статитикалық көрсеткіші

 

Ресми ақпараттарға сүйенсек Республикамызда 75000 жетім бала ар екен, олардың 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп–интернаттарда - 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала, ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерде тәрбиеленуде. Жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала, бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарларға әкелуі мүмкін. Балалар еркін қоғамдағы жауапты өмірге дайын болуға тиіс. Ал жетім бала балалар үйінен түлек болып шыққаннан кейін күн сайын ересектердің көмегінсіз бастан кешіруіне тура келетін түрлі проблемаларды шешуге қауқары жоқ. Балалар үйлері түлектерінің ішінде олардың қатарластарына қарағанда, қылмысқа қатысушылар немесе қылмыс құрбандары неғұрлым жиі ұшырасады, жұмысынан немесе тұрғын үйінен неғұрлым жиі айрылады, ал өз отбасын әрең құрса, оның нашақорлық немесе маскүнемдік жолға түсуі тіпті оңай, сонымен қатар олардың арасында суицид құрбандары да жиі кездеседі. Бұл - олардың жеке-дара өмірге енуінің үлкен қиындықтармен ұштасып, әр уақытта табысты жүрмейтінінің белгісі.

II. 4. Шетелге  асқан  ата-ана қамқорлығынан  айырылған балалар

 

1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына  басыпты. Бұл – асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты. «Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Айғақ болатын тағы бірер сандарды келтірелік. Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген. Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші орында – АҚШ (6406 бала), екінші орында – Испания (600), үшінші орында Бельгия (343) тұр. Одан әріде немістер – 173, канадалықтар – 167, ирландықтар – 140, француздар 131 жетімімізді асырап алған. Енді мынадай бір қызық дерекке назар аударалық. Шетел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі – орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен. Онда да басқа ұлттардың арасында өзбек, тәжік, түрiкмен, қырғыз ұлтының бірде-бір баласы жоқ. Неміс, украин, белорус, татар, поляк, молдован, грек, кәріс, грузин, шешен, армян және ұйғыр ұлтының өкілдері ғана бар.

 

II. 5. Ата-ана  қамқорлығынан айырылған балаларды  асырап алудағы құқықтары мен  міндеттері

 

1. Баланы  асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан  дамуы жөнінде қамқорлық етуге  міндетті.

2. Бала асырап  алушы баланың пікірін және  уәкілетті қорғаншы және қамқоршы  органдардың нұсқамасын ескере  отырып, өз бетінше тәрбие беруге  құқылы әрине заңға қайшы боласа.

3. Бала асырап  алушы баланың пікірін ескере  отырып, оның міндетті орта білім  алғанға дейін білім беру мекемесін  және баланы оқыту нысанын  таңдауға құқығы бар және баланың міндетті түрде орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.

4. Шетелдік  бала асырап алушылар Қазақстан  Республикасының дипломатиялық  өкілдіктеріне және консулдық  мекемелеріне асырап алған баланың  денсаулық жағдайы туралы есеп  береді. Баланы асырап алу тәртібі. 5. Шетелдік азаматтардың, соның ішінде балалардың туысқандары болып табылатын адамдардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларды асырап алуы туралы істері аудандық (қалалық) соттарда қаралады. Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті. Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе балалар үйі жағдайында болу тәрбиеленушілердің психикалық дамуындағы ерекшеліктердің пайда болуына алып келетіні белгілі. Негізінде бұл психикалық даму мен негативті тұлға құрылымдарының қалыптасуындағы кедергілер.

Балалар үйінде тәрбиеленуші жетім балаларда маңызды әлеуметтік институт – отбасының әсері болмайды. Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі – уақытша орын және оқуды бітіргеннен кейін балалар ашық социумға өз еркінше  өмірге жіберіледі.

Тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстардың тиімділігінің негізгі өлшемдері балалар үйінен шыққаннан кейін олардың қоғамда өз бетімен еркін өмірге бейімделуінің жоғары деңгейі болып табылады. Тәрбиеленушілердің  бейімділігінің негізгі көрсеткіштері ретінде келесі белгілерді көрсетуге болады: біріншіден, тәрбиеленуші қаншалықты өзінің білімін жалғастыра алды, мамандық бойынша қаншалықты дайындала  алды; екіншіден, тәрбиеленуші қаншалықты жұмысқа орналаса алды; үшіншіден, ол қаншалықты өз отбасын кұрып, балаларын тәрбиелей алды.

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің әлеуметтік жұмыстардың түзету-дамыту бағыттылығын жүзеге асыру кезінде тәрбиеленушілер тұлғасы дамуындағы кедергілер мен негативті ауытқушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі және мақсатты жұмыстар жүргізу қажет, қалыптасып кеткен негативтік тұлғалық құрылымдарды түзету және сәтті өзіндік өмірге талап етілетін тұлға сапалары мен қасиеттерін дамыту қажет.

Тәрбиеленуші тұлғаның дамуына балалар үйінде болудың әсер етуін жеткіліксіз есепке алу және бұл әсерді түзету бойынша жүйелі және  мақсатты жұмыстың  жоқтығы тәрбиеленушілерде әртүрлі тұлғалық қарама-қарсы құрылымдарды, психикалық дамудың ауытқушылығын дамытады, яғни бұл      балалар үйінен шыққан түлектердің әлеуметтік бейімсіздігіне әкеп соқтырады. Сондықтан біздің ұсынымыз, жетім балаларды қоғамға бейімдеуде балалар үйінде және мектеп-интернаттарда оқыту-тәрбиелеу процесінде әлеуметтік бейімдеу бойынша нұсқаулықтарды кеңінен қолдану керек.

Балаларды қоғамға бейімдеу түзету-дамыту жұмыстары бағытында жүргізілу керек.

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987. 

2. Қазақстанда  жетім балалармен әлеуметтік  жұмыс жүргізу мәселесінің құқықтық  негіздері. – Алматы: Ұлт тағлымы, 2005. – № 4. – Б.314-318.

3. Жетім балалармен  әлеуметтік жұмыс – өзекті  мәселе. – Алматы: Қазақстан жоғары  мектебі, 2005. – № 4. – Б.233-235.

4. Жетім балалардың  әлеуметтенуінің кейбір ерекшеліктері //Мектепке дейінгі және бастауыш  білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары  және мәселелері халықаралық  ғылыми-практикалық конференция  материалдары. – Алматы, 2007. – Б.118-123.

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасындағы жетім балалардың құқықтық жағдайлары