Қазақстан Республикасының прокуратурасы
МАЗМҰНЫ
Ескерту. ҚР 1997.06.19 N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi, Нысаны мен тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды - 2002.08.09 N 346 Заңымен.
1 ТАРАУ
Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының
прокуратурасы мемлекет атынан
Республика аумағында
2. Прокуратура кез келген заңдылық
бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде
шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы ме
Ескерту.
1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
Қазақстан Республикасы
прокуратурасын ұйымдастыру,
Ескерту.
2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
3-бап. Прокуратура
органдарын ұйымдастырудың
және олардың қызметiнiң
принциптерi
1. Қазақстан Республикасының
прокуратурасы төменгi прокурорлар
жоғары тұрған прокурорларға
және Қазақстан
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар
мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар
мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз
жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының
Президентіне ғана есеп береді.
3. Өздерiнiң заңда белгiленген
өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура
органдарының қызметiне араласуға тыйым
салынады.
4. Заңда белгiленген негiз бен
тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық
қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар,
лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн
мiндеттi.
5. Прокуратура органдары Республиканың
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына
қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл
жасайды.
Ескерту.
3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
4-бап. Прокуратура
органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары
мен мазмұны
Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарының
үстемдігін қамтамасыз ету,
1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан
Республикасы Президентiнің жарлықтары
мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің
дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары
қадағалауды жүзеге асырады;
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлықтарын
және өзге де нормативтік құқықтық актілерді
бұзушылықтарды анықтайды және оларды
жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн
заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге
наразылық жасайды;
4) адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарының, заңды тұлғалар
мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын
қадағалауды жүзеге асырады;
5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын
қадағалауды жүзеге асырады;
6) анықтау мен тергеудiң заңдылығын
қадағалауды жүзеге асырады;
7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын
қадағалауды жүзеге асырады;
8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын
қадағалауды жүзеге асырады;
9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік
органдардың норма шығармашылық қызметіне
қатысады;
10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
11) заңда белгiленген тәртiппен
және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге
асырады;
12) статистикалық көрсеткiштердiң
тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн
қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк
құқықтық статистиканы қалыптастырады,
арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық
статистика және арнайы есепке алу саласында
заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге
асырады;
13) заңдылықты, құқықтық тәртіпті
және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз
ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық
саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды
жүзеге асырады;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде айқындалған
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту.
4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
5-бап. Прокуратура
органдарының жоғары қадағалауды
жүзеге асыру жөнiндегi
қызметi
1. Заңдардың, Қазақстан
Республикасы Президентi
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор
өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы
қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң
тапсыруына;
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге,
шағымдарға, хабарларға және басқа да
мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей
анықталуына;
3-1) жоспарлы тексерулер жүргізудің
жартыжылдық жиынтық жоспарына;
4) жоғары тұрған прокурордың
тапсыруына және сұрау салуына байланысты
жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ
өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы
мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы
прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген
мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру
бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi
тағайындаған прокурор жоғары тұрған
прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн
ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi
мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер
олар осы Заңда және басқа нормативтiк
құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп
пен нысандарда жасалған болса, заңда
белгiленген салдарларға әкелiп саяды.
Ескерту.
5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2012.07.10 N 36-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
6-бап. Прокуратура
органдары қызметiнiң
құқықтық кепiлдiгi
1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн
жүзеге асыруына кедергi келтiру
немесе оған заңсыз шешiм
2. Прокуратураның талап етуi бойынша
тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:
1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi
өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнд
2) тексерiске қатысу және қорытынды
беру үшiн мамандар бөлуге;
3) прокурорлардың қадағалау қызметiн
қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар
қолдануға мiндетті.
3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде
берген талаптары (сұрау салулары,
тапсырмалары, нұсқаулары) мемлекеттік
органдардың, лауазымды, жеке және заңды
тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi.
4. Талап етiлген ақпарат прокуратура
органдарына заңдарда белгiленген нысандарда,
сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен
мерзiмде берiледi.
5. Прокурорлардың өз құзыретi
шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк
органдардың, меншiк нысандарына қарамастан,
ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге,
олардың басшыларында және басқа да лауазымды
адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс
материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде
жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда,
құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен
танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан
талап етiп алдыруға құқығы бар.
6. Лауазымды адамдар мен азаматтар
прокурордың талап етуi бойынша айғақтар
беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге
мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен
ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады.
Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен
немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз
ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла
отырып та жiберiлуi мүмкiн.
7. Прокурордың заңды талаптарын
орындамау не прокурордың талабы бойынша
дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жауапты
8. Прокурор, заңда көзделген басқа
жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi
жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың
мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер
беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын
танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп
жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын
олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз
жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.
Ескерту.
6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.02 N 266, 2000.03.29 N
42, 2002.08.09
N 346, 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
7-бап. Арыздарды қарау
1. Прокуратура органдары
заңдарда белгiленген
2. Егер адам бойындағы, психикасындағы
немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан
өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын
болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде
қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын,
заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн
қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi
орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке
тарту шараларын қолданады.
4. Прокуратура органдарына қол
қойылмай жасалған арыздар тексерiлмейдi
8-бап. Прокурордың
iс-әрекеттерi мен актiлерiне
шағымдану
1. Прокурордың iс-әрекеттерi
мен актiлерiне жоғары тұрған
прокурорға немесе сотқа шағым
беруге болады. Прокурордың талаптары
мен актiлерiне шағым беру
2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың
iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым)
бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың
орындалуын тоқтата тұра алады.
3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың
және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары
бойынша не өз бастамасы бойынша төмен
тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады
не оларды қайтарып ала алады.
Ескерту.
8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
8-1-бап. Заңдылықты,
құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы
күресті қамтамасыз
ету жөніндегі қызметті
үйлестіру
1. Прокуратура органдары
құқық қорғау және өзге де
мемлекеттік органдардың
2. Үйлестіру кеңестері өз қызметін
Қазақстан Республикасының Конституциясын
Қазақстан Республикасының Заңдылықты,
құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы
күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру
кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының
Президенті бекітеді.
Ескерту.
Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
2 ТАРАУ
Прокуратура органдарының жүйесi және
оларды ұйымдастыру
9-бап. Прокуратура органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының
прокуратурасы органдарының
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
жанынан ведомстволар, мекемелер құрылуы
мүмкін.
Прокуратура органдарының өз нышандары
болады, олардың сипаттамасын Қазақстан
Республикасының Президенті бекітеді.
Ескерту.
9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
10-бап. Республиканың
Бас прокуроры және оның
орынбасарлары
1. Республиканың Бас
Прокурорын:
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика
Президентi бес жыл мерзiмге қызметке
тағайындайды;
2) қызметтен Республика Президентi босатады;
3) ол Республика Президентiне есеп
бередi;
4) оны өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде
қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс
жасаған жағдайда болмаса, Сенаттың келiсiмiнсiз
тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен
қолданылатын әкiмшiлiк жазаға, қылмыстық жауаптылыққа
тартуға болмайды.
2. Республика Бас Прокурорының
бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын
Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика
Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады.
3. Республика Бас Прокурорының
орынбасарлары сонымен бiрге Бас прокуратураның
тиiстi департаменттерiнiң бастықтары болып
тағайындалуы мүмкiн.
Ескерту.
10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.02 N 266, 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
11-бап. Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi
Республиканың Бас
Прокуроры:
1) Республика аумағында заңдар мен Президент
Жарлықтарының және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды
жүзеге асырады, төменгi прокуратуралардың
қызметiне басшылық етедi;
2) Республиканың Конституциясы
мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен
өзге де құқықтық актiлерге наразылық
жасайды;
3) Қазақстан Республикасының
Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа
қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі
үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;
4) Қазақстан Республикасының
прокуратурасын ұйымдастыру мен оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық
және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларының
тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасы
прокуратурасының органдары мен мекемелерiнiң
барлық қызметкерлерi және жұмыскерлері
орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар
шығарады;
4-1) өз құзыретi шегiнде:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс
жүргiзу кодексi мен жедел-iздестiру
қызметi туралы заңдарының анықтаумен тергеу органдарының,
сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi
нормаларын қолдану мәселелерi бойынша;
құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi
үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке
алумәселелерi бойынша
нормативтiк құқықтық актiлер;
осы Заңға және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiле
4-2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау
мен тергеудi жүзеге асыратын органдар
шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер
бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды;
5) прокуратураларды, прокуратура
органдарының мекемелерiн құрады, қайта
құрады және таратады, олардың құрылымын,
құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтары мен
мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының
Президентi бекiткен штат санының лимитi
шегiнде прокуратура органдарындағы штат
санын және еңбекақы төлеу
қорын белгiлейдi;
5-1) Республика Президентіне Қазақстан
Республикасының прокуратурасы жанынан
ведомстволарды құру, қайта ұйымдастыру
және тарату, олардың басшыларын қызметке
тағайындау және қызметтен босату туралы
ұсыныс енгізеді;
6) Республика Президентiне жоғары
сыныпты шендер мен әскери атақтар беру
үшiн кандидатуралар ұсынады;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің
келісімімен облыстардың прокурорлары
мен оларға теңестiрiлген прокурорларды
қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады;
7-1) ведомстволар басшыларының
орынбасарларын, облыстар прокурорлары
мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың
орынбасарларын, сондай-ақ аудандар, қалалар
прокурорлары мен оларға теңестірілген
прокурорларды қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады;
8) елдегі заңдылықтың жай-күйі
және прокуратура органдарының қызметi
туралы Республика Президентi алдында
есеп бередi;
9) белгiленген тәртiппен прокуратура
органдарының қызметкерлерiне сыныптық
шендер мен әскери атақтар бередi;
10) прокуратура органдарының
қызметкерлерiн және жұмыскерлерін Қазақстан
Республикасының мемлекеттiкнаг
10-1) "Прокуратураның құрметтi
қызметкерi" атағын бередi, осы атақты
беру тәртiбi туралы Ереженi бекiтедi;
11) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қару мен оқ-дәрi алу, сақтау, алып
жүру және тасымалдау тәртiбiн айқындайды;
11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының
қарауына сот практикасының мәселелерi
бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар
енгiзедi;
12) өзiне Қазақстан Республикасының
заңдарында берiлген өзге де өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
Ескерту.
11-бапқа өзгеріс енгізілді- ҚР 2001.10.10 N 247 (2001.01.01 бастап күшіне
енеді), 2002.08.09 N346, 2004.12.20 N
13 (2005.01.01
бастап қолданысқа енеді), 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2011.01.06 N 379-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
12-бап. Бас прокуратура
1. Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасына
2. Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi
орынбасары және орынбасарлары болады.
3. Бас прокуратураның құрылымын
және оның қызметкерлері мен жұмыскерлерінің
өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi.
4. <*>
5. Бас прокуратура:
1) Республика прокуратура органдарының
iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi
бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын
қамтамасыз етедi;
2) Республикада заңдардың орындалуын,
заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына
талдау жасайды;
3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру
жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
4) Республика прокуратура органдарының
заңдардың орындалуын қадағалау жөнiндегi
жұмысын бақылайды;
5) жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды
және тергеудi жүзеге асыратын басқа да
республикалық құқық қорғау органдарымен
өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн
үйлестiрiп отырады;
5-1) қылмыстар профилактикасы,
азаматтардың конституциялық құқықтары
мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің
мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім
мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар
мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау
тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас
жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын
енгізіп, есептілік және қызметті бағалау
жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық
қоғам институттарымен ынтымақтастықтың
әртүрлі нысандарын белгілейді;
6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастырады және жүргiзедi;
7) норма шығарушылық қызметiне
қатысады;
8) халықаралық ынтымақтастық
саласында прокуратура органдарының атынан
өкiлдiк етедi.
6. Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер
жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын
тиісінше ағымдағы күнтiзбелiк жылдың
25 мамырына және 25 желтоқсанына дейiнгi
мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
ресми сайтында орналастырады.
Ескерту.
12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.02 N 266, 2002.08.09 N 346, 2009.07.17 N
188-IV(қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),
2010.12.29 N 374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2011.01.06 N 379-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2012.07.10 N 36-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
13-бап. Облыстардың прокурорлары
Облыстардың прокурорлары
және оларға теңестiрiлген
1) облыстық, қалалық, аудандық және оларға
теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық
қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi
қызметiне басшылық жасайды;
2) бағынысындағы барлық қызметкерлерi
мен жұмыскерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар,
өкiмдер, нұсқаулар шығарады.
Ескерту.
13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
14-бап. Облыстардың прокуратуралары
1. Облыстардың прокуратураларына
және оларға теңестiрiлген
2. Облыстардың прокурорлары мен оларға
теңестiрiлген прокурорлардың бiрiншi орынбасарлары
мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен
көмекшiлерi болады. Облыстардың прокурорларының
орынбасарлары облыстық прокуратуралардың
тиiстi басқармаларының бастықтары болып
тағайындалуы мүмкiн.
3. Облыстардың прокуратураларында
және оларға теңестiрiлген прокуратураларда
басқармалар мен бөлiмдер болады. Басқармалар
мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар
прокурорларының аға көмекшiлерi және
көмекшiлерi болып табылады. Басқармалар
мен бөлiмдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың
лауазымдары белгiленедi.
Ескерту.
14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
15-бап. Қалалық, аудандық
және оларға теңестiрiлген
өзге де прокурорлар
мен прокуратуралар
1. Қалалық, аудандық
және оларға теңестiрiлген
2. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген
прокурорлар:
1) қалалық, аудандық және оларға
теңестiрiлген өзге де прокуратуралардың
прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету
жөніндегі қызметіне басшылық жасайды;
2) бағынысындағы барлық қызметкерлер
мен жұмыскерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар,
өкiмдер, нұсқаулар шығарады.
3. Қалалық, аудандық және оларға
теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарлары,
аға көмекшiлері және көмекшiлерi болады.
4. Қалалық, аудандық және оларға
теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер
құрылуы мүмкiн.
Ескерту.
15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
16-бап. Төменгi прокурорлардың
жоғары тұрған
прокурорларға бағыныстылығы
1. Прокурорлардың бағыныстылығы:
1) жоғары тұрған прокурорлардың ұйымдастыру
және қызмет мәселелерi жөнiндегi нұсқауларының
төменгi прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн;
2) төменгi прокурорлардың жоғары
тұрған прокурорлар алдында қызмет мiндеттерiн
орындауы үшiн жауапкершiлiгiн;
3) жоғары тұрған прокурорлардың
қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың
өкiлеттiгiн жүзеге асыруын;
4) жоғары тұрған прокурорлардың
төменгi прокурорлар актiлерiнiң күшiн жоюын,
қайтарып алуын, өзгертуiн;
5) жоғары тұрған прокурорлардың
төменгi прокурорлардың iс-әрекеттерi мен
актiлерiне жасалған шағымдарды шешуiн
қамтиды.
2. Республиканың Бас Прокуроры
төменгi прокурорлардың бағыныстылығының
өзге де нысандарын белгiлеуi мүмкiн.
17-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар
1. Бас прокуратурада,
ведомстволарда, облыстардың
2. Алқа отырыстарында прокуратура органдары
қызметiнiң мәселелерi, сондай-ақ заңдардың
бұзылуының анықталуына байланысты Бас
Прокурордың, ведомство басшысының, облыс
прокурорының немесе оған теңестiрiлген
прокурордың ұйғарымы бойынша заңды бұзған
лауазымды адамдардың қатысуымен алқалы
түрде қарауды қажет ететiн өзге де мәселелер
қаралады.
3. Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң
жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
4. Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың
бұйрықтарымен iске асырылады және прокуратура
органдарының қызметкерлерi мен жұмыскерлері
үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына
қарай прокурорлық қадағалау актiлерi
қабылданады.
5. Алқа жұмысының регламентiн
және алқа мүшелерiнiң мәртебесiн Республиканың
Бас Прокуроры айқындайды.
Ескерту.
17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2011.01.06 N 379-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
3 ТАРАУ
Прокуратураның құқықтық актiлерi
18-бап. Прокуратураның құқықтық актiлерiнiң жүйесi
1. Прокуратураның құқықтық
актiлерiнiң жүйесiн:
1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық,
қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау,
ұсыныс, үндеу, алдын ала ескерту, заңға
түсiндiрме;
2) Прокуратураны ұйымдастыру
және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн
актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер,
ережелер, нұсқаулықтар құрайды.
1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң
қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық
қадағалау актiлерi жариялануға тиiс.
2. Прокуратураның ережелерi мен
нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен
бекiтiледi.
Ескерту.
18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
19-бап. Наразылық
1. Прокурор Конституцияға,
заңдарға және Республика
2. Заңсыз актіні, шешімді қабылдаған органға
немесе лауазымды адамға немесе жоғары
тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды
адамға наразылық келтіріледі. Органның
немесе лауазымды адамның заңсыз iс-әрекеттерiне
наразылық нақ осындай тәртiппен жасалады.
3. Прокурордың наразылығын тиiстi
орган немесе лауазымды адам күнтізбелік
он күн ішінде қарауға тиiс.
Наразылық бойынша шешім дайындау және
қабылдау қажеттілігіне байланысты прокурор
оны қараудың өзге де мерзімін белгілеуге
құқылы, бірақ бұл кемінде күнтізбелік
он күн болуға тиіс.
Наразылықты сотта қарау мерзiмi Қазақстан
Республикасының заңдарында айқындалады.
Орган немесе лауазымды адам наразылықтың
қаралатын күнi туралы прокурорға хабарлауға
мiндеттi.
4. Наразылықта прокурор заңсыз
актiнiң күшiн жоюды не оны Конституцияға
және заңдарға сәйкес келтiрудi, сондай-ақ
лауазымды адамның заңсыз әрекеттерiн
тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына
келтiрудi талап етедi.
5. Прокурор наразылық жасалған
актiнiң не iс-әрекеттiң орындалуын наразылық
бойынша шешiм қабылданғанға дейiн тоқтата
тұруға хақылы. Заңдарға жасалған наразылық
олардың қолданылуын тоқтатпайды.
Ескерту.
19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
20-бап. Қаулы
1. Заңның бұзылу сипатына
қарай прокурор қылмыстық iс
қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы, ә
2. Прокурор заңның қолданылуына
тексерiс жүргiзу туралы, заңсыз құқықтық
актiнi алдырып тастау, қарау, тұмшалау
салу туралы, тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды
жою немесе алып тастау туралы, күшiн тоқтата
тұру туралы, прокурордың талабын мәжбүрлеп
орындату туралы, жеткiзу (күштеп
әкелу) туралы, сондай-ақ
заңда көзделген басқа да реттерде қаулы
шығарады.
3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi
орган немесе лауазымды адам заңмен белгiленген
мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмаған жағдайда,
прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi
түрде орындауға тиiс. Қаулының орындалу
нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады.
Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде
орындамау Қазақстан Республикасы заңдарында көздел
(583-бапты қараңыз K010155)
Ескерту.
20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
21-бап. Санкция
1. Прокурор жазбаша
түрде:
1) алынып
тасталды - ҚР 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен;
2) қылмыстық iс жүргiзу заңдарында
көзделген жағдайларда тiнтуге және (немесе) алуға;
(232-бапты қараңыз K970206)
3) айып тағылған адамды қызметтен
шеттетуге, сезiк келтiрiлген
немесе айып тағылған адамды сараптама
жүргiзу үшiн медициналық мекемеге орналастыруға;
4) Конституциямен және заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен
сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта
жөнелтiмдерi құпиясына, сондай-ақ тұрғын
үйге қол сұғылмау құқығына қатысты жедел-iздестiру шарала
5) шетелдiктердi немесе азаматтығы
жоқ адамдарды шығарып жіберу үшiн ұстауға;
5-1) бейне-, аудиотехниканы немесе
өзге де арнаулы техникалық құралдарды
пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау мен жазып алуға,
телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары
арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулерді тыңдау
мен жазып алуға;
5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың
лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарын қоспағанда)
банк құпиясын құрайтын құжаттарға қол
жеткiзуіне;
5-3) (алып тасталды
- ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);
5-4) Қазақстан Республикасының
аумағында қылмыс жасаған және тергеуден
жасырынып жүрген адамға қатысты халықаралық
iздестiру жариялауға;
6) тiкелей заңмен көзделген өзге
жағдайларда санкция (келiсiм) бередi.
2. Көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға
санкция берудi немесе оны беруден бас
тартуды прокурор санкция сұрауға негiз
болған материалдарды зерделегеннен кейiн
лауазымды адамның қаулысына қарар түрiнде
немесе өзге жазбаша нысанда жиырма төрт
сағаттың iшiнде ресiмдейдi.
3. Адамның және азаматтың бостандық
құқықтарын шектеуi мүмкiн жедел-iздестiру
және өзге қызмет мәселелерi жөнiндегi
ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердiң
қолданылуына келiсiм бередi.
Ескерту.
21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшіне
енеді), 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),
2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N
262-IV (2010.10.21
бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 №
478-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2011.11.09 N 490-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2012.07.05 N 30-V(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
22-бап. Нұсқау
1. Прокурор:
1) қылмыстық iстердi қозғау мен тергеу
жүргiзуге байланысты анықтама және тергеу
органдарына;
2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асыратын органдарға;
3) заңмен белгiленген өзге де
жағдайларда нұсқау бередi.
2. Республика Бас Прокурорының жедел-iздестiру
қызметi, анықтама және
тергеу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк
сипаттағы нұсқауын барлық тергеу және
анықтама органдары, жедел iздестiру қызметiн
жүзеге асыратын органдар орындауға мiндеттi.
23-бап. Өтiнiш
1. Прокурор заңға сәйкес бұзылған
құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң,
жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн
қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасауға
хақылы.
2. Прокурорлық қадағалау актiлерi
қабылданбаған немесе олар заңда белгiленген
мерзiмде қаралмаған жағдайларда прокурор
органдар мен лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi
мен актiлерiн жарамсыз деп тану туралы,
сондай-ақ заңды бұзушылықты болдырмау
туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы. Прокурор
наразылық келтiрiлген актiнiң күшiн арызды
сот қарағанға дейiн өз қаулысымен тоқтата
тұруға құқылы.
3. Сотқа берiлген прокурорлық
қадағалау актiлерiнiң қабылданбауына
немесе қараусыз қалдырылуына байланысты
өтiнiштi сот заңда белгiленген тәртiппен
қарайды.
4. Прокурордың өтiнiшiне мемлекеттiк
баж бен өзге де алымдар
салынбайды.
Ескерту.
23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
24-бап. Ұйғарым
1. Заңды бұзушылықты
жою туралы жазбаша ұйғарымды
прокурор енгiзедi және оны
заңды бұзуға жол берген
2. Ұйғарымда Конституцияның, заңдар мен
Республика Президентi актiлерiнiң бұзылған
нормалары көрсетiлiп, құқық бұзушылықтың
сипаты мен заң бұзушылықты жою жөнiндегi
шаралар туралы нақты ұсыныстар болуға
тиiс.
3. Ұйғарым прокурор белгiлеген
мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға тиiс.
Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға
дереу хабарланады. Прокурордың ұйғарымын
орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көз
4. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға
не сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Ұйғарымға
шағымның берiлуi оның орындалуын тоқтата
тұрмайды.
5. Жоғары тұрған прокурор немесе
сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға
дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата тұра
алады.
Ескерту.
24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.

- Қазақстан Республикасының сайлау жүйелері
- Қазақстан Республикасының Салық
- Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- Қазақстан Республикасының салық құқығы
- Қазақстан Республикасының портфелдік инвестиция жағдайы
- Қазақстан Республикасының Президенті
- Қазақстан Республикасының Президенті
- Қазақстан Республикасының Президенті
- Қазақстан Республикасының Президенті
- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
- Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы бойынша