Қазастан республикасының шекара қызметі тарихы
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.
Заң факультеті.
Әкімшілік құқық кафедрасы.
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің тарихы.
Орындаған:
Тексерген:
Қостанай 2013 жыл.
Жоспар:
- Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің тарихы.
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік шекара күзеті бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру туралы» жарлығы.
- Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етудегі ҰҚК Шекара қызметінің рөлі мен маңызы.
Қазақстан Республикасы
ҰҚК Шекара қызметінің тарихы –
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 мамырдағы «Мемлекеттік шекара күзеті бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру туралы» Жарлығымен мемлекеттік шекара режимін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің Бас басқармасы Қазақстан Республикасының мемлпекеттік шекара күзеті бойынша Мемлекеттік комитетке қайта өзгертілді. Комитет Төрағасы болып генерал-майор Б.С.Зәкиев тағайындалды.1996 жылдың мамырында Жеңіс Күніне байланысты, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қуатты ведомстволардың жоғарғы командалық құрамымен кездесуі болып өтті. Кездесуде Қазақстан Республикасының Шекара күзеті мемлекеттік комитетінің (ШКүзмемком) Төрағасы генерал-лейтенант Б.Зәкиев сөз сөйледі.1996 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының ШКүзмемком-де салтанатты жағдайда, ҚР Президентінің «ҚР ШӘ, ІІМ, ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің, ҚР Президенті күзеті қызметінің және Республикалық ұланның әскери рәміздері туралы» Жарлығына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Б.Сәрсенов Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Шекара әскерлерінің туын генерал-лейтенант Б.С.Зәкиевке тапсырды.1997 жылғы тамызда, Алматы облысы бойынша жұмыс сапарында ҚР Президенті Н.Назарбаев «Достық» ЖБӨП аралап, Үшарал шекара отрядының «Жоңғар» шекара заставасында болып қайтты. Президент заставаның жеке құрамымен әңгімелесіп, олардың қарулары мен техникаларын қарап шықты.1999 жылғы 7 мамырда Астана қаласында Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс Күндеріне арналған салтанатты қабылдауда, ҚР Президенті Н.А.Назарбаев "Әскерлерді басқару, олардың жоғары жауынгерлік дайындығын және әскери борышын үлгілі орындау ісінде қол жеткізген табыстары үшін " Күршім шекара отрядының бастығы полковник А.Т.Брекешевке ІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыс етті. "Астана" естелік медаліне ҚР МШКК қолбасшысы генерал-майор Бұзұбаев Т.И. және генерал-майор К.Х.Бекжанов ие болды.1999 жылы Ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті «ҚР ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Күштерінің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар шаралар туралы» Жарлық шығарды. Оған сәйкес МШКК ҚР ҰҚК Шекара қызметі болып қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР ҰҚК ШҚ Директоры болып генрал-лейтенант Б.С.Зәкиев тағайындалды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев жұмыс сапаымен Маңғышлақта болып, ол жерде «Батыс» өңірлік басқарманың қолбасшылығымен және жеке құраммен кездесті. Президент жергілікті билік өкілдеріне шекара отрядтарына әр түрлі көмек көрсетуді тапсырды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев шекара бөлімдеріне жауынгерлік туды табыс етті және шекара сақшыларына олардың қиын жауынгерлік қызметтеріне табыс тіледі.Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, шекара әскерлерінің, оның басқару органдарының қалыптасуы, барлық обьективті қиындықтарға қарамастан, ҚР Қарулы Күштерінің жалпы мәнмәтінінде жүзеге асырылды.Осы кезеңде Шекара әскерлерінің басшылығы бірқатар қиындықтарға тап болды. Атап айтқанда, ол: командалық және техникалық кадрлардың едәуір жинақталмауы; әскерлердегі заставалар мен бөлімшелердің өміріне және қызметіне ең қажеттілермен (мысалы әскерлерге арналған күрделі құрылыстың тоқтап қалуы және заставалар мен бөлімдер гарнизондары тұрғын-үй қалашықтарын жұмыс жағдайында ұстап тұрудағы қиындықтар) қаржыландырылуы және жабдықталуы мәселелеріндегі іркіліс; әскери қызмет беделінің түсуі және әскерлерге қызметке келген, жас толықтырулардың белгілі бір бөлігінде өз мемлекетінің тағдыры үшін азаматтық жауапкершілік сезімінің төмендеуі.Бұл, кезінде бірыңғай мемлекет, бірыңғай шекара әскерлері бола отырып, олардың ыдырауымен себепші болған белгілі объективті фактор болды. Дәлдеп айтқанда, ол - тәуелсіз мемлекет пен олардың құрылымдарының құрылуы және қалыптасуы сияқты, осындай күрделі және көп қырлы үдерістегі шарасыз, белгілі объективтік қиындықтар еді. Әскерлер басқармасына бұдан бұрын тән емес, негізгі міндеттер орындалды. Атап айтқанда, олар:
- шарттық-құқықтық жұмыс;
- әскерлер қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу;
- дербес материалдық-техникалық қамтамасыз етілу;
- идеологиялық бағытты есепке ала отырып, әскерлерде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты реттейтін, негізгі құжаттарды дайындау;
- мемлекеттік шекара күзетінің Тұжырымдамасын,
Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің
2000 жылға дейінгі мемлекеттік шекараны
жайластыру және дамыту Бағдарламасын
әзірлеу және жүзеге асыру.1996 жылғы 17 қаңтарда
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.А. НазарбаевМемлекеттік шекараны Шекара
әскерлерімен күзету Тұжырымдамасын және
1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы
Мемлекетік шекарасының қалыптастырылу
мен жайластырылуының, Шекара әскерлері
құрылысы мен дамуының Мемлекеттік бағдарламасы
бекітетін, Жарлық шығарды.1996 жылғы желтоқсанда
Қазақстан Республикасы Президентінің
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекеттік
шекараларын күзету бойынша әскери борыштарын
орындау кезінде байқатқан ерліктері
мен жанқиярлықтары үшін 25 жауынгер-шекарашыларды Қазақст
Мемлекеттік органдардың құрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында
ҚР Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы
Жарлығымен ҚР Мемкүзком таратылды және
оның функциялары ҚР Қорғаныс министрлігіне
берілді. Осы уақыттан бері ҚР ҚК Шекара әскерлері
егемендікке ие болған тәуелсіз мемлекеттің
мемлекеттік шекара күзеті бойынша іс-әрекетті
Президенттің, Үкіметтің және Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрінің міндеттеріне
және нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады.1997
жылғы 17 қарашада ел Президенті Н.Назарбаевтың
ҚР Қарулы Күштерін реформалау бойынша
одан арғы шаралар туралы Жарлыққа қол
қоюы Қазақстан Шекара әскерлері тарихында
бетбұрысты кезең болды. Осыған сәйкес
ҚР ҚМ Шекара әскерлері Мемлекеттік шекара
күзетінің Күштері болып өзгертілді. Әскерлер
өміріндегі орын алған барлық өзгерістерге
қарамастан, шекарашылардың алдында тұрған
міндеттер бұрынғыдай болып қала берді.
Ол – құрлықта, теңізде, өзендерде, көлдерде
ҚР мемлекеттік шекарасының күзеті мен
қорғанысы, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық
мүдделерін қорғау. Бұл бір текті емес
шешім барлық шекара жауынгерлерінде
өз түсінігін тапты. Тарих тәжірибесі
бізді мемлекеттік шекара күзетінің міндеттерін
әскерлердің әртүрлі түрлерінің бөімшелерімен,
бөлімдерімен, құрамаларымен тығыз әрекеттестікте
шешуді үйретті. Тәжікстан жерінде жауапты
міндеттерді шешу бойынша ЖҚАБ бірлесе
қызмет атқару соның жарқын үлгісі болып
табылады. 2001 жылғы 8 ақпанда Қазақстан
Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне
сәйкес Тәжікстан Республикасынан Қазақстан
Республикасының жеке құрама атқыштар
батальонының шығарылуы аяқталды.ҚР Үкіметінің
2000 жылғы 5 қыркүйектегі, ҚР ҰҚК Шекара
қызметінің шекара заставаларына батыр-шекарашылар
аттарын беру туралы, №1343 Қаулысы.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі жауынгерлері
рухының қалыптасуы үшін спортшы – шекарашылардың
орны ерекше, осылайша 1996 жылғы Атланта қаласындағы
қазіргі бессайыс бойынша алтын медальға
прапорщик Александр Парыгин ие болса,
лейтенант Владимир Вохмянин атыс бойынша
Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне
ие болды, 2000 жылғы жазғы Олимпиадада кіші
лейтенант Ольга Шишигина (алтын медаль)
Олимпида чемпионы болды, ал прапорщик
Татьяна Хромова күміс медальды иеленді.2001
жылғы маусымда Жапонияда ІІІ Шығыс-Азия
ойындары өткізілді. Құрамына Шекара қызметінің спортшылары
кірген Қазақстанның спорттық командасы
осы жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, қатардағы Иван Баглаев бір күміс медальға ие болса, лейтенант
С. Шакимов және прапорщик В.Бердута –
қола медальдарды олжалады. Ауыр атлетші прапорщик А.Макаров күміс
медальды жеңіп алды. Майор Наталья Гурова
- 1998-2008 жылдары оқ атысы бойынша Азия және Әлем
чемпионы, прапорщик Лада Джиенбаланова
– қазіргі бессайыс бойынша 2008 жылғы Азия
және Әлем чемпионы, 2008 жылғы Олимпиадада
- лейтенант Илья Ильин (алтынмедаль) жеңімпаз атанса, прапорщик Асхат Жіткеев
Қазақстан қоржынын күміс медальмен торлықтырды,
сол сияқты 2009 жылы келісімшарт қызметінің
қатардағы жауынгері Масим Раков – дзюдодан
Әлем чемпионы атанды.Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік Күні қарсаңында 2001 жылы Жоғары
Қолбасшы Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің
офицерлері: подполковник А.Бәйменовке (2177 ә/б), подполковник А.Жабағиевке (2534 ә/б), аға л
Қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде
ІІ дәрежелі«Даңқ», 1 және 2 дәрежелі «Айбын» ордендерімен,
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етудегі ҰҚК Шекара қызметінің рөлі мен маңызы.
КСРО өз тіршілігін тоқтатқаннан кейін өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан Республикасы, Кеңестер Одағы құрамына кіретін басқа да елдер сияқты мемлекеттік тәуелсіздікке ие болды. Оның халықаралық құқық субъектісінен шығатын, барлық өкілеттіктер сабақтастығы жаңа егеменді мемлекет алдында оның қалыптасуының, тіршілігін және дамуын қамтамасыз етілуінің барлық салаларындағы көптеген проблемаларды ашып берді. Ұлттық қауіпсіздік мәселесін шешу мемлекет пен қоғамның басты стратегиялық басымдығы болып танылды. Бұрынғы КСРО құрылған, қауіпсіздік жүйесіне негізделе отырып, сондай-ақ, қазіргі халықаралық тәжірибені пайдаланып, Қазақстан елдің қазіргі шын мәніндегі геосаяси жағдайымен мәжбүр ететін, осы мәселені шешудегі өз тәсілін қалыптастырды және қолданды. Сонымен, Қазақстан Республикасы өзін, аумақтық тұтастығы мен біртұтастығын қамтамасыз етуге тырысатын, егеменді мемлекет ретінде байқатты.Қазақстан кеңестік дәуірден кейінгі кезеңде, өзін дамудың демократиялық жолы бойынша келе жатқан және ұлттық экономикада оң перспективалары бар мемлекет ретінде білдіріп, әлемдік сахнадағы өзінің ұстанымын нығайтты. Сондықтан егемендікті, аумақтық тұтастықты және ұлттық қауіпсіздіктің басқа да құрастырушыларын қорғау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болды. Ол туралы Бас Қолбасшы- Қазақстан Республикасының Президенті 1992 жылы Сарыөзек дивизиясы әскери қызметшілерінің алдында сөйлеген сөзінде атап өткен болатын.Кез келген басқа бүгінгі заманғы егеменді мемлекет сияқты, Қазақстан Републикасы Мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігі немесе шекаралық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне шекарадағы құқыққа қарсы әрекетті анықтау, оның алдын-алу және жолын кесу бойынша саяси, әскери, құқықтық, жедел, ұйымдастыру, экономикалық, техникалық, ақпараттық жүйені және өзге де шараларды жүзеге асыру, шектес мемлекеттердің тарапынан болатын агрессияға тойтарыс беру нәтижесінде қол жеткізіледі.Терроризм және шектес мемлекеттердегі халықаралық саяси жағдайдың күрделенуі, тұрақсыздық ахуалы алдын-алу шараларды қабылдауды талап етеді және мемлекеттің өз азаматтарының және жалпы мемлекет мүдделерінің қорғалуын қамтамамасыз етуге дайындық туралы мәселе кезек күттірместен, бірінші орынға қойылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – павлодар: «ЭКО» ҒӨФ.2006. – 569 б.
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
- Қазақ энциклопедиясы.

- Қазахстандық қоғам дамуының жолдары мен Перспективалары
- «Қазгермұнай» компаниясы туралы
- Қазіргі Америка политологиясы. Р. Даль. Г. Алмонд
- Қазіргі араб халқы Алдыңғы Азия
- Қазіргі банк жүйесінің жағдайы
- Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
- Қазіргі жағдайдағы Орта Азиядағы 5 елдің саяси беталысындағы жаңа бағыттар
- Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cултандар
- Қазақ хандығының құрылуы және Қазақ халқының қалыптасуы
- Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
- Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселері
- Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері
- Қазанғап Тілепбергенұлы(1854 – 1921)
- Қаза очеркінің поэтикасы