Жоспар
Кіріспе
І. Ақша реформасының маңыздылығы
ІІ. Қазақстандағы ақша реформалары
2. 1. 1947 жылғы ақша реформасы
2. 2. 1961 жылғы ақша
реформасы
2. 3. Қазақстан Республикасының 1993
жылғы ақша реформасы
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ақша реформасы - француздың "reforme"
және латынның "reformo" -өзгертемін
деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет
билігімен ақша жүйелерінің толық немесе
ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің
жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм
жағдайында ақша реформасы буржуаздар
мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры
қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын
нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және
баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі
әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды.
Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің
әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы
экономикалық шаралар жүргізуден айқын
көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет
— жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы
жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан
кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан
кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі
Отан корғау шараларына байланысты көп
шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс
қажетінен артық шығара беруге мәжбүр
болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну
тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің
кемуі салдарьшан нақты акшаның айналыс
қажеттілігі де азайды.Ақша реформасы
айналысқа банк билеттері - червонецтерді
шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады.
Червонец таза алтынның 7,74234 г., яғни ескі
10 сомдық аліын шақаға (монетаға) теңелді.
Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен
БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша
реформасын жүргізу және азық-түлік пен
өнеркәсіп тауарларына карточкаларды
жою туралы " қаулысында: "Акша реформасын
жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін
арттыруға, халық шаруашылығын қалпына
келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің
күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі
" деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы
мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына
ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы
басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған
ірі ақшаларынан айырылды және карточка
жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған
бағамен тауарларды көптеп сатып алуына
мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы
мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык
маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның
мәні көтерілді, кеңес сомының кұны толығынан
қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын
өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру
туралы" қаулы қабылданғаннан бастап,
ескі ақша жаңа акшаға 10 сомына 1 сом есебімен
айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген
күні бәріміздің бөркімізді аспанға ата
қуанғанымыз рас. Оған да міне, он бес жылдың
жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың
туу тарихын еске түсіру орынды.
І. Ақша реформасының маңыздылығы
Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген
1895-1807 жылдары ақша реформаларын нәтижесінде алтын монета
айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі
енгізілді. Айналыста алтын күміс және
мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне
92 пайыз алтынмен қамтамасыз етілген мемлекеттік
банктың несиелік билеттері жатады. Ақша
массасының басты бөлігін алтын монеталарға
ауыстырылатын айналыс құралдары құрады,
сондықтан да оларға деген халықтың сенімі
болды. 1917 жылы жазда Уақытша үкімет 20 және
40 рубльдік ақша белгілерін шығарды олар шынының бетіне
жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки»
деп те атайды. Несиелік ақшалар мен керенкилерден басқа Уақытша
үкімет айналысқа сурогаттың әр түрін
енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа
мерзімді міндеттемесі, займ купондары. Мемлекеттік
шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада
қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар рөлін чектер,
бондар, маркалар және басқа да ақшалай
сурогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің
жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға
да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан
кейін ақша айналысының жағдайы біршама
нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы
қағаз ақшалардың массасы 48 есеге дейін
өсіп кетті. Ақша он мың есеге құнсызданды.
1919 жылы алғаш рет кеңестік мемлекеттік
билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу
белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда,
Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста
және басқа да жерлерде жергілікті ақша
бірліктерін шығаруға рұқсат берілді.
Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті
ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында
шығарылды. Ақшаның қатты құнсыздануының
нәтижесі: шаруашылық қатынстардың натуралдануы
мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылады.1920
жылдардың соңынан бастап «еңбек паегін»
ақысыз беру басталды. 1921 жылы наурызды
болған РКП (б) – ның х съезінде жаңа экономикалық
саясат (ЖЭС) қабылданды.Шаруалар өнім
салықтарын мемлекетке төменнен кейін,
артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік
туды. Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу
қалпына келтірілді. Егер 1921 жылдың көктемінде
ақшалай еңбекақыны төлеу тек 10 пайызы
ғана құраса, онда 1923 жылы бірінші желтоқсанында ол
800 пайыздан астамын құрады. Бұл ақша реформасының
арқасында ғана мүмкін болды. 1921 жылы қазанда Ресей Кеңестік
Федеративтік Социалистік Республикасында
Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық
орталығы болып саналады. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша
реформасын жүргізуге дайындық жасау болды. Ақша
реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына
ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық
жағдайдың біршама жақсаруы әртүрлі өнеркәсіп
салаларындағы өнімдерінің көлемінің
өсуі (бидай, мақта және т.б) тауар айналымының
артуы жатады. Тауар шаруашылығындағы
ақша айналысының бірқалыпты болуының
екінші бір алғышарты – бұл ақшаның алтынмен
қамтамасыз етілуі. 1922 жылдың бірінші
қаңтарынан бастап 1923 жылдың бірінші қаңтарына
дейінгі жылдар аралығында Мемлекеттік
банктің алтын валюта резерві 6,7 млннан
31 млн рубльге дейін жетті. 1922 жылы сәуірде
бағалы металдарды жән тастарды еркін
түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін
халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті
болатын. Бағалы металдардан жасалған
монеталар мен шетел валюталарын сатып
алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі
ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына
1922 жылы мемлекеттік ақша белгілерін шығару
жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған
10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта
есептеу олардың төрт нөлін сызып тастау
арқылы жүргізілді. 1922 жылдың 1 мамырынан
бастап барлық есептеулер жаңа ақшалармен
жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін
1923 жылдың бірінші қаңтарына дейін кассаларда
қабылдады. Екінші рет деноинациялау барысында
1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге
немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің
1 миллионына теңесті. Деноминациялар ақшаны
есепке алуды қайталатты, ақша айналысын бірқалыпқа
келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды.
Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында
жаңа ақшалар үсі үстіне шығарыла бергендіктен
де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады. Ақша реформасы екі кезеңде
жүргізілді. 1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда
Кеңхалком декретімен Мемлекеттік банкке
1,2,3,4,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы
банктік билеттерді шығару туралы құқық
берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі
алтын монетадағы (7,74234г) 10 рублге теңесті.
Мемлекеттік банк червонецтерді кәсіпорындарда
векселдік және тауармен қамтамасыз етілген
қарыздар беру арқылы шығарылып отырды.
Бұл тауар айналысының қажеттілігмен
байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік
берді. Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік
сипаты олардың қарызды өтеу барысында
банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер
мен тауарлы материалдық бағалылықтардан
басқа да червонецтер эмиссия саласынан
25 пайыз алтынмен және шетел валютасымен
қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға
айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің
алтын рубльдегі бағамының сақталуын
бақылап отырды.Кеңес мемлекетінің барлық
тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты
валюта болып табылады. Сауда саттықтың жән банктік
несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер
де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық
ақша массасының нақты құнының 1.04.1923 жылы
– 15%, 1.07.1923ж – 37% және 1.10.1923ж – 74 % құрады.
Кәсіпорындар арасында барлық ақшалай
есеп айырысулар, мемлекеттің кірістері
мен шығыстары және басқа да төлемдер
червонецтермен бейнелене бастады. 1888
жылы дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольков (Бриллиант)
1922-1924 жылдар арасында ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигі
болды. Ол 1922 жылдың басынан бастап валютаның
тұрақтылығы елдің экономиклық өрлеуінің
қажетті шарты деп дәлелдеді. Осы уақыттарда
көптеген шаруашылық иелері құнсыз кеңестік
ақша белгілерінің эмиссиялануы – ұлттық
табысты бірінші кезектегі мемлекеттік
қажеттілікке қайта бөлудің мүмкін болар
тәсілі деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы
болған Г.Я. Сокольников барлық тауарлық
шаруашылықта ақша тек қана айналыс және
төлем құралы болып табылмай, сондай-ақ
құн өлшемі және қорлану құралы болып
табылады деп санаған. Қорлану құралы ретіндегі ақшаға
деген қажеттілік алтынның , тұрақты валютаның
келуін талап етті. Алтынға валютаның
еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде
ғана емес, сонымен қатар Г.Я. Сокольников
алтын резервтерін жинақтау қажет деп
санады.
Алтын
қорының үш рөлі болды:
- халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;
- Ішкі нарықта червонец бағамын реттеуші (Мемлекеттік банк алтынды шетел валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алынып отырады);
- Көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві
Червонец тарихқа «алтын» деген
атпен кірді, бұл жерде оның мазмұны патшалық
он рубльдің алтын мазмұнына сәйкес келуінің
қатысы болғандықтан емес. Мемлекеттік
банк валюталық бағамды өзгеріссіз қалыпта ұстау мақсатында
«еркін нарықта» алтынды және шетел валютасын сатып және
сатып алып отырды.
ІІ Бөлім Қазақстандағы ақша
реформалары
2. 1. 1947 жылғы ақша реформасы
Ұлы
Отан соғысы елге – 679 млрд рубльге шығын әкелді,
оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады. Соғыстың зардаптарын жою үшін
экономика облысында рубльдің тұрақтылығын
және оның сатып алу қабілеттілігін көтеру
қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында
өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының,
мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша
реформасын жүргізуге ( КСРО Кеңес министрлігімен
БКП ( О)К қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14
желтоқсанында «Ақша реформасын жүргізу
туралы және азық түлік пен өнеркәсіп
тауарларына карточкаларды алып тастау
туралы») мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа
ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық
купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар
ескі ақшаларға 1: 10 қатынаста айырбасталынды.
Бұндай жолмен айналыста ақша массасы
10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан
құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы
3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға
ұшыраған жоқ, 3000 рубльден 10000 рубльге
дейін 3:2 жеңілдік арақатынасымен 10000 жоғары
2:1 арақатынасымен қайта бағаланды. Мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты
қайта бағаланбады. Колхоздардың кооперативтік
кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің
шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік
қатынаспен 5:4 есебінде айырбасталды.
Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде
15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды.
Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерінде
жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық
монета айырбасталуға жатпады және айналыста
номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның
бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде
жаңа ақшамен төленді. Реформаның басты элементтернің
бірі бұрынғы шығарылған мемлекеттік займдары
( 1947 жылғы займнан басқасы) 1948 жылы біртұтас
2%-тік займға конверсиялануы болды. Барлық
бұрынғы займдар облигациялары 3:1 қатынасымен айырбасталды. 1947
жылғы ақша реформасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құрылуын
білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де реформаға
дейінгі болған ақша айналысының құрылымысақталды.
Бұның сәл ғана айырмашылығы сол , Мемлекеттік
банктің билеттері червонец емес рубль
түрінде шығарылатын болды. Реформа ақша
жүйесін нығайта отырып ақшаның барлық
қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа
өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілеті
бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс
аралығындағы тепе-теңдікті сақтап қала
алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ
бөлшек сауда бағаларын төмендетудің
ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
2. 2. 1961 жылғы ақша реформасы
Үкiмет рубльдiң бағамын шетел
валюталарына қатысты көтеру және оны
алтын базасына өткiзу қажеттiгiн мойындады.
Оған дейiн рубльдiң шетел валюталарына
қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай
да бiр алтындық құрамы бар және алтынға
айырбасталатын шетел валютасының базасында
белгiленiп келдi. Бастапқы кездерi рубльдiң
бағамын анықтау үшiн база ретiнде француз
франкi қабылданған болатын, себебi Франция
валютасының тұрақты алтындық құрамы
болды, ал девальвацияланған болатын.
Бiрақ 1936 ж. француз франкi де девальвацияланды,
сөйтiп оның бағамы бiршама түсiп кеттi.
1937 ж. рубльдiң бағамын АҚШ долларының
базасында есептеу енгiзiлiп, 1 доллар=5
рубль 30 тиын болды. 1950 ж. 1 наурыздан бастап
үкiмет рубльдiң алтындық құрамын (баға
масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгiледi.
Осы бекiтiлген алтындық құрамына байланысты
рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы
анықталды. Осылайша бұрынғы 5 рубль 30
тиыннның орнына-1 доллар (доллардың алтындық
құрамы ол кезде 0,888671 г алтынды құрады)
үшiн 4 рубль болып жаңа бағам белгiлендi.
Ағылшын фунт стерлингiне қатысты алғанда-бұрынғы
14 рубль 84 тиынның орнына 11 рубль 20 тиын
бекiтiлдi. 1961 жылғы деноминация Рубль бағамын
алтын базасына өткiзгеннен кейiнгi он
жылдың iшiнде (1950-1960 жж.) елдiң ақша айналымы,
мемлекеттiк бюджеттiң мөлшерi, сондай-ақ
өндiрiс, ұлттық табыс көлемi және т.б. шамадан
тыс өстi. Экономикалық қызметтердiң көптеген
көрсеткiштерi жұздеген миллиардтармен
және триллиондармен бейнелендi. Осындай
ұлкен сомалардағы шоттармен жұмыс жасау
iс жүзiнде қаржы-банктiк және шаруашылық
органдардың жұмысын қиындатып жiбердi.
Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан
да үкiмет баға масштабын 10 есеге iрiлендiру,
рубльдiң алтындық құрамын көтеру және
айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау
туралы шешiм қабылдады.
1961 ж. қаңтарынан бастап, айналысқа жаңа
үлгiдегi мынадай ақша бiрлiктерi шығарылды:
1,3,5 қазыналық билеттер мен 10,25,50 және 100
рубльдегi мемлекеттiк банк (банкнот) билеттерi,
сондай-ақ 1,2,3,5,10,15,20 және 50 тиындық монеталар.
Ескi үлгiдегi ақша билеттерi және монеталар
жаңа үлгiге 1:10 арақатынасымен ауыстырылды.
1,2,3,5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан
айналыста номинал бойынша қала бердi.
Айырбас 3 ай iшiнде 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап
1 сәуiр аралығында ешқандай шектеусiз
жүргiлдi. Сондықтан да 1961 ж. I тоқсанында
айналыста ескi және жаңа ақшалар қатар
жұрдi. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен
жұргiзiлдi. Сонымен бiрге осындай арақатынаста
тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы
тарифтерi, зейнетақы мөлшерi степендия,
барлық төлемдер мiндеттемелер, келiсiм-шарттар
және т.б. жүргiзiлдi.
Баға масштабын iрiлендiру ақша есебiн және
олардың техникалық қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi.
Ақша билеттерiнiң пiшiндерi қызмет көрсетуiн
жеңiлдеттi. Ақша билеттерiнiң пiшiндерi
шағын болып келуi, оларды айналыста қолайлы
еттi. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдiң
алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 өзгертiлiп,
қайта белгiлендi. Рубльдiң жаңа алтын құрамы
рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзiлiк
бағасын тауарлар бағасымен теңестiрiп,
мемлекеттiк бюджетпен сыртқы сауда арасындағы
күрделi қайта есептеулердi қалыпқа келтiрдi.
1964 ж. Экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық
банкiнiң құрылуымен байланысты, 1991ж. дейiн
экономикалық өзара көмек кеңесiне мүше
елдердiң арасында көп жақты клинрингтiк
есеп айырусылар үшiн қолданылатын ақша
бiрлiгi-аудармалы рубль енгiзiлдi. 1993 ж.
23 шiлдесiнде Ресейдiң Орталық банкi 1961-1991
жж. Кеңес ақшаларының белгiлерiн, сондай-ақ
1992 ж. 5000 жән 10000 рубльдердi айналыстан
бiр апта берiлдi. Айырбастауға 35 мың рульден
аспайтын сомалар жатты.
2.3. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша
реформасы
Бір адамның ауыстырылатын ақшасының
ең жоғарғы мөлшері 1000 рубльден аспады.
Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын
мөлшерде айырбасталуға рұқсат етілді.
Белгіленген лимидтен жоғары соммада
ақшасы бар адамдарға табыс көздері
туралы декларациямен арнайы комиссияға
бару керек болды.
1991
жылы 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де
шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана
жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне
байланысты айна 500 рубльден аспайтын
соммада беріле отырып, ол туралы төлқұжаттарына
белгі қойылды. «Павловск» реформасы нәтижесінде
айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып,
оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген
болатын. Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу
қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшаның ұстамсыз
өсуінде байқалды. Қайта құру жағдайында
өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша
массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар
мен азық –түліктер көбіне шетелден сатып
алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63
млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсті:
1989 жылы 300 тенге, 1990 жылы 234 теңге. 1990 жылы нақты ақшаның эмиссиясы
25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-1985жылдарды
қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар
ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес
келмеді. 1991 жылы қаңтарда «1961 жылғы 50 және
100рубльдік ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде
қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың
салымдарынан қолма қол ақша беруді шектеу
туралы» Президенттің Жарлығы мен КСРО
Министрлер кабинетінің қаулысы қабылданды.
Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар
енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны
жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш
күн берілді. КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы
– рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса
лағанда , тәуелсіз мемлекеттер аумағында
айналыста жүре берді. Әртүрлі себептерге
байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің
саяси тәуелдікке ұмтылуы, сондай-ақ тез
қалыптасып үлгерген заңдармен экономикалық
социалистік директивті үлгісінен нарыққа
өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас
валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді. КСРО ыдырған соң ақшаны
дизинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп
және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті
ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды. 1992
жылы 9 қазанда ТМД елдерімен қол қойылған «Рубльді ресми
төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша
жүйесі мен келісім ақша-несие және валюта саясаты туралы»
соңынан 1993 жылы қыркүйекте алты мемекеттің
бірігуімен рубль аумағының жаңа типін
құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл
сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім
сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып
қана қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің
макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты
шараларын жүргізуді созып жіберді. 1991
жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа
да елдерімен бірге «рубль аумағында» қала берді.
1992 жылы айналысқа 200,500,1000 рубльдік купюралар
шықты. Қазақстан Республикасы президентінің
жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі
1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып,
айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін
ұлғайтылды. Ресейдегі ақша реформасы ескі
үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне оның ішінде
Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді. 1992
жылдың бірінші жарытысында Қазақстан Республикасының
жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер
үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс
жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға
ағылшынның «харрисон» фирмасымен шарт
жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1,3,5,10,20,50 және
100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі.
Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесі
бар. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының
президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны
енгізу туралы» Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен
1993 жылы 15 қаршада сағат 8-ден бастап ұлттық
валюта теңге енгізілді. КСРО Мембанкінің және
1992-1993 ж.ж. Ресей үлгісіндегі қазыналық
және банктік билеттерді айырбастау 20
қаршада сағат 18-де аяқталды. Қолма-қол ақшалардың,
рубльдік шоттардың, салымдары және міндеттемелердің
теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль
айырбас бағамы бойынша жүргізілді. Қазақстан
Республикасының 16 жастан асқан барлық
азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай
алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп,
ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100
мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет
шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде
пайдалануға құқысыз болды. Лимидтен асқан
қаражаттың шығу тегінің заңдылығын арнайы
құрылған комиссия тексерді. Комиссияның
шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімінен
бұрын босатылады. 15 қарашадан 18 қаршаға
дейін аралықта халық теңгемен және рубльмен
де есеп айырыса алады. Сондықтан заңды
тұлғалар мен сол сияқты бөлшек сауданы
жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет
көрсеттетін тұлғалардың ақшалай түсімдері
күнделікті қабылданады: теңгеде – шексіз,
1961-1993 ж.ж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегі ақшаларды
1993 жылы шілдедегі ақшалай түсімдердің
орташа шамасынан аспайтын соммада, 1,3
коэффициентке түзілетін шамада қабылдады. Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі теңгенің валюталық бағамын:
1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі.
Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған
сәйкес баға мен жалақы да өсті. Инфляцияның
өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті.
1994 жылдан бастап 200,500,1000 және 2000 купюрадағы
ақшалар айналысқа шығарылады.1995 жылы
ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығыпқалды,
олардың орнына мыс-никельден жасалған
1,3,5,10,20 теңгедегі монеталар шығарыла бастады.
Сонымен қатар Абай құнанбайұлының жүз
жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік
күміс монеталары шығарылды. Жалпы салмағы
57,54 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың
теңгелік алтын монеталр кірді. 1995 жылдың
аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын
жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды.
Жиынтық 816 доллар трды.Сонымен Қазақстан
Теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы
болып қана қоймай, еркін алмастырылатын
валюталарға шексіз айырбасталады.және
біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.
III. Қорытынды
Ресейде
ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып,
оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды.
Қазан революциясынан кейін ақша айналысының
жағдайы біршама нашарлай түсті. Ақша
құнсыздана бастады. Ақшаның қатты құнсыздануына
байланысты оның нәтижесі: шаруашылық
қатынастарының натуралдануы мен ақшаның
айналыстан шығарылыуы болып табылады.
1922-1924
жылдары ақша реформасында көптеген адамдар
құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың
келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.
Реформа
ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық
қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз
кезегінде бірнеше рет төлем қабілетті
бар сұраныс пен тұтыныс салдарында ұсыныс
арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала
алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында
ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің
ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
КСРО ыдырағаннан соң ақшаны
дезинтеграциялау процесі өте күрделі
жүргізіліп, және бұрыңғы кеңес мемлекеттерінің
меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен
аяқталды.
1993
жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасына
Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол
қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қаршада
сағат 8-ден бастап ұлттық валюта теңге
енгізілді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
- Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
- Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
- Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
- Байназаров Ғ. Теңге маған тарихи жауапкершілікті тарту етті.// Егемен Қазақстан. 14 қараша 2003. 2-3 б
- Мәжитов Д.М. Басты мақсат – тұрақтылықты ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001. 3 б.
- Тобаяқов Б. Тәуелсіздік рәмізі немесе теңгеден деңгеге дейін. // Егемен Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
- Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998. 479 б.
- ҚР Президентінің ұлттық валютаның 10 жылдығына байланысты сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен тәуелсіздігінің белгісі. // Егемен Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.
- Донских А. Теңгенің жаңа дизайны: сіз не туралы сұрап үлгермедіңіз? // Егемен Қазақстан 30 қыркүйек 2006. 7 б.
- Нысанбаев Ә. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы. // Егемен Қазақстан 13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А. Теңгенің тегеуріні. // Егемен Қазақстан 15 қараша 2005. 2-3 б.
- Кәпқызы Е. Теңге мүшелге толды. // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.
- Кәпқызы Е. Теңге және ұлттық рух. // Түркістан. 25 қазан 2006. 3 б.
- Сәйденов Ә. ҚР-ң ұлттық банкі хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005. 6 б.
- ҚР-сы Ұлттық Банкінің ресми хабары. «Көшпенділер алтыны» монеталар сериясынан күміс монетаны айналысқа шығару турасы. // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005 жыл. 2 б.