Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлардың дамуы
Жоспар:
1.Кіріспе
2. Шетел және Ресей этнопсихологиясының дамуы
3. Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлар
4. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері
5.Қорытынды
Қазіргі этникалық
психологияның қарастыратын сұрақтарын
бір тақырып төңірегінде
Бүгінгі
полиэтникалық Қазақстанда
Өз теориясында «этнос», «этностың» дамуы, оның толығымен жоғалуы мәселелерін қарастырды. Теориясының негізі ретінде этностың табиғи-биологиялық сипатын алып, белгілі бір ұлттың қалыптасып, өсіп-өркендеуіне әсер ететін факторына географиялық және климаттық жағдайларды шарттады. Оның пікірінше, биосфераның негізгі бөлігі бола отырып, этностар ондағы болатын процестерге араласып, оның заңдылықтарына бағынуы керек.
Этнопсихология
жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың
орта шенінде Ресейде, кейінірек
Батыс Еуропа елдерінде пайда
болды. Қазақ топырағында
Шетел және Ресей этнопсихологиясының дамуы
Этнопсихология
- адамдардың этникалық психика
Антикалық
кезеңнен бастап тарихшы, философ, саясаткерлер
адамдар арасындағы айырмашылықтарға
көңіл аударған. Этнопсихологиялық
білім элементтері Гиппократ, Платон,
Тацит, Плиния, Страбон еңбектерінде
көрініс береді. Ағартушылық дәуірде
Ш.Монтескье, Д.Юм, Г.Гегель еңбектерінде
халықтар психологиясына философиялық
ой-толғаулар беріледі. Ең алғаш
халықтарды психологиялық бақылау
пәні ету талпыныстары ХVІІ ғасырда
болды. Адамдар арасындағы айырмашылықтың
болуын түсіндіруші фактор климат жағдайы
және орта болды. Интеллекттегі
ХVІІІ
ғасырда француз ағартушылары «халық
рухы» деген ұғымды енгізіп, мәселені
географиялық фактормен түсіндірмек
болды. Географиялық детерменизді түсіндіруші
француз философы Ш. Монтескье болды.
Оның ойынша, адамдарды көптеген факторлар
басқарады: климат жағдайы, дін, заңдар,
басқару принциптері, адамгершілік
нормалары, дәстүрлер. Осындай факторлар
нәтижесінде бүкілхалықтық рух
пайда болады. Көп факторлардың ішінен
климаттық факторды басқы орынға
қояды. Климаттық жағдайдың
Ағылшын философы Д.Юмның «Халықтар мінезі» еңбегіндегі позициясы қызық болып табылады. Юмның ойынша, қауымның өмірінің табиғи факторлары мінез, темперамент, еңбек дәстүрі және өмір сүру салтына әсер етеді. Бірақ ұлттық мінездің қалыптасуына Юмның ойынша, әлеуметтік факторлар әсерін тигізеді. Оған әлеуметтік – саяси қатынастар жатады.
Ұлттың мінезі жайлы білімдердің дамуына үлкен үлес қосқан неміс философы Г.Гегель еңбектері. «Рух философиясыында» ұлт және нәсіл мінезін қарастырады. Ұлттық мінез Гегельдің ойынша, әртүрлі табиғи жағдайлардағы субъективті рухтың көрінуі, мәнділігі бойынша нәсіл мен ұлттың мінезін анықтайды. Соған байланысты нәсілдік және ұлттық айырмашылықтар – бұл белгілі жағдайда жалпы табиғи рухтың көрінуі болып табылады. Мінез сипатына Г.Гегель өмір сүру бейнесін, дене дамуын, айналысатын іс-әрекет түрлерін, ақыл – ой және ерік бағыттылығын жатқызады. Гегель кейбір методологиялық мәселелерді де қарастырады. «Мінез» және «темпераментті» бір қатарға қойып қарауға қарсы шықты. Оның ойынша, ұлттық мінез – жалпы халықтық сипат болса, темперамент – индивидуум сипаты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында этникалық психологияның дербес ғылым ретінде дамуындағы жаңа кезең басталды. Бұл кезең Х.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вунд, Г.Лебон есімдерімен байланысты [6, 153 б.].
Х.Штейнталь және М.Лацарус концепцияларында халық психологиясы нақты емес, мистикалық сипатқа ие. Авторлар халық психологиясындағы динамикалық және статистикалықтың қатынасын анықтай алмады. Бірақ соған қарамастан олардың көзқарастарындағы позитивті жақтар көп. Штейнталь және Лацарус пікірінше, халық психологиясы екі бөлімнен тұрады:
1.
Абстрактілі – халық
2.
Прагматикалық – нақты
ХХ
ғасырдың басында «халықтар
Халықтар
психологиясын зерттеген
Американ
этнологтары Р. Бенедикт және М.Мид
еңбектерінде этникалық аспектілер
психоанализ және эксперименталды
психологияның жетістіктеріне бұрыла
отырып зеттеледі. Бұл еңбектердің
методологиялық концепциялары автрия
психиатры З.Фрейд
Этнопсихоанализдік
бағыт әртүрлі этникалық
Американ
этнопсихолгы Дж.Хониманның көзқарасынша,
қазіргі этнопсихологияның
Дж.Хониман зерттеулерінде адам қылықтарын бөлшектерге жіктеп, әсіресе эмоционалды аймаққа үлкен көңіл бөлді. Бұл мақсатқа байланысты «этнос» ұғымын қолданды. Адамның эмоционалды жағдайы әлеуметтік моделденген мінез-құлықты сипаттап, тұлғаның қажеттілік-мотивациялық аймағын құрайды. Хониман пікірінше, эмоция адамның мотивтерін бейнелеп, қабылданған жағдайлардың нәтижесі болып табылады.
Ресейде
этнопсихологиялық іздеулер алғашында
әдебиетшілер, этнографтар, тілтанушылардың
ісі болды. Орыс халқының этностық өзіндік
санасына деген қызығушылықтар орыс
ағартушылық кезеңінен
Екінші кезеңдегі славянофилдерге : К.А.Аксаков, И.С. Аксаков, Ю.Ф. Самарин; Ф.И. Тютчев, А.А. Григорьев және тағы басқалардың әдеби және публистикалық шығармаларында зейінді жаңа қалыптасып келе жатқан орыс зиялыларына және бүкіл жаңалықтарды оқушыларға этнос ретінде орыстардың өзіндік санасының мәселесіне аудармақ болуға тырысты. Орыс қоғамдық ойлардың екінші бағыты Ресейдің цивилизациялы Батысқа еуропалық мемелекет ретінде енуге бағытталған. Бұл бағыт өкілдері: А.И.Герцен, Н.П.Огарев, В.Г. Белинский, В.П.Боткин, Н.А.Добролюбов [6, 170 б.].
Кеңестік кезеңде ұлттық мәселелер кешенді және экономикалық, саяси, мәдени, және психологиялық факторлармен шартталған деген ұғым қалыптасты. Этнопсихологияда екі бағыт қалыптасты: этнопсихологиялық – ұлттық ерекшеліктерге байланысты әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеу және этномәдениеттік – этномәдени құбылыстарды мен процестерді әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты зерттеу.
1980-
жылдардың аяғы 1990 жылдардың басындағы
этникалық қақтығыстар
Л.Г.Почебут этникалық қауымдастықтарды әлемге деген идеяларына байланысты креативті, яғни идеялары өнімділікке ие, сонымен бірге аккомодивті, өз идеялары өнімсіз, сондықтан басқа социум және этностардан алатындарға бөлуді ұсынды. Концепция Л.Н.Гумелев ұсынған этностарды гомеостатикалық және динамикалық; комплементарлы және комплетарлы емес деген жіктеуді басшылыққа алды.
Сонымен бірге Л.Г. Почебут тұлғаның әлеуметтенуі барысында өзара байланысты үш процесті есепке алуды ұсынады:
- социумизация – индивид тәрбиеленген социумның рухани құндылықтары мен тәжірибесін меңгеруі;
- этнизация – индивидтің өзі жататын этностың рухани құндылықтары мен тәжірибесін меңгеруі;
- мәдениеттену – индивидтің басқа этностар мен социумның рухани құндылықтары мен тәжірибесін меңгеруі.
Тұлғаның
этнизациялануын қарастыруды
Сонымен,
қазіргі батыс және Ресейдегі
этнопсихологиялық зерттеулер теориялық
бағдарлану модификацияларға немесе әр
түрлі философиялық жүйелерге негізделген
психологиялық теорияларға (экзистениализм,
неопозитивизм, необихевиоризм және т.б.)
бағытталған.
Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлар
Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы Иоллыг – тегін ( Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри; Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, Шәкәрім, Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта – аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді. Шығыс республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың («Мұғалім»-1919, «Жаңа мектеп»-1925.) бірінші болып қазақ жерінде жарық көруі, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына сол кездердің өзінде–ақ қалам тартуы – осы айтылғандардың жақсы айғағы.
Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі қарқынмен дами бастады. Оған бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. 1946 жылы орта мектептерде логика мен психология оқытыла бастады. Осы кездері қазақ университетінде логика мен психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім ашылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда психология саласында ұлттық кадрларды даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді. Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші жылдары Е.Суфиев, М.Мұқанов, Т.Темірбековтар диссертация қорғады.
Республикада
алғаш рет диссертация қорғаған
– Е.Суфиев болды. Ол 1952 жылы Қазақ
университетінің кеңесінде «
М.Мұқанов
« Совет жауынгерлерінің ерлік
істерінің психологиялық
Н.
Елікбаевтың «Ұлттық психология»
еңбегіндегі пікірінше, ұлттық психологияның
құрылымдық элементтерінің бірі ұлттық
мінез-құлық болып саналады. Ұлттық
мінез-құлық ұрпақтан-ұрпаққа
Халықтардың мінез-құлқының белгілері: еңбекті сүю, бостандықты аңсау, қайырымдылық, қонақжайлылық, селқостық, қаталдық, ерлік т.б. қасиеттер барлық ұлттарда болатыны белгілі. Әрбір ұлттың өзіндік өмір ерекшелігіне сәйкес түрлі формада, көріністе анықталып отырады [1, 11 б.].
Ұлттық мінез-құлық тарихи жағдайлардың, объективті процестердің себептерінен әрі тәрбиенің ықпалымен қалыптасады.
Сонымен,
ұлттық мінез – құлық дегеніміз
халықтың қоғамдық - өндірістік тәжірибесі
арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан
машығы мен әдетінің жиынтығы, әрі
жалпы (барлық халыққа тән) және ерекше
қасиеттердің бірлігі деп ұғамыз. Еліміздегі
ұлттардың мінез-құлқын, мәдениет пен
тұрмыстан, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлерден
байқай аламыз [1, 13 б.].
Сонымен, бүгінгі полиэтникалық Қазақстанда этностардың даму динамикасын, ұлттық ерекшеліктерді зерттеу өте өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезге дейін қарастырылып келе жатқан этнопсихологиялық тұжырымдамалардың барлығы дерлік жеке сипатқа ие.
Л.Н.Гумелев
этногенез теориясында «этнос»,
«этностың» дамуы, оның толығымен жоғалуы
мәселелерін қарастырды. Теориясының
негізі ретінде этностың табиғи-биологиялық
сипатын алып, белгілі бір ұлттың
қалыптасып, өсіп-өркендеуіне әсер
ететін факторына географиялық және
климаттық жағдайларды
Этнопсихологиялық зерттеулердің бүгінгі күнгі жетістіктері сол салада ғылыми жүмыстар жүргізген ғалымдар еңбегімен байланысты. Этнопсихологиялық ойлар ерте антикалық кезеңнен бастау алып, қазіргі кезге дейін зертеу өзектілігене ие тақырыптардың бірі. Этнопсихологияның дербес ғылым ретінде дамып, жетілуіне үлес қосқандар: Гиппократ, Платон, Тацит, Плиния, Страбон, Ш.Монтескье, Д.Юм, Г.Гегель, Х.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вунд, Г.Лебон, Дж.Хониман және т.б.
Этнопсихология
жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың
орта шенінде Ресейде, кейінірек
Батыс Еуропа елдерінде пайда
болды. Қазақ топырағында
Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері
Н. Назарбаев: «Менің ойымша қазақтардың қайталанбас этикалық,
психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылым
дүние». Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның
әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына,
табиғатына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-
тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен: бұлар жас адамның, жұртқа танымал
моральдық-психологиялық нормасын « сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін
қалатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән-мағынасы
мыналар еді:көшпелі мал шаруашылығынжете игеру; еңбек
сүйгіштікпенқиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті
қайтпау; ата тегін жадыеда сақтау; сөз асылын қастерлеу;тапқырлық пен
алғырлық; ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау; жасы үлкенді сыйлау;
құдайы қонақтың мәселін қайтармау,көрші хақын жемеу.) Аң аулап, мал
бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін,
жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел
аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен
шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды.
Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін ақ-құс аулау, мал
күзету, жау түсіру-тұрмыстың даңғылы машығына айналды. Осы
айтқанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен
«Өнерді үйрен де, жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы
ортақ», « Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе құрт қайнатқан
батырым» сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер
біздің заманымызға
дейін жетті.
Халқымыз кір жуып, кіндік кескен атамекенін аялап, елінің тілі мен
мәдениетін, әдеьиеті мен тарихын, біртуар аяулы перзенттерін
мақтан тұтып, қадірлеп-қастерлеуді ұрпағына аманат еткен. Бізде
қай жүзге жататынымды , қай рудан екенімді білу ес жиып,
есейгеннің белгісіндей дей отыра, мұның түпкі мақсат мұраты
біреу, ло ынтымақты ел болуға бағытталған. Ер азамат үшін туған
халқын жан-тәнімен сүю, оның шаруашылығы мен мәдениетінің
өркендеп, көркеюіне бар күш-жігерімен білімін, еңбегінжұмсап,
үлес қосу перзенттік парыз болған. Қаз дауысты Қазыбек би: «
Алтын ұяң-Отан қымбат... туып-өскен елің қымбат, кіндік кесі, кір
жуған жерің қымьат» - деп тәбіренгенғой қазақ елі-біздің
отанымыз, атмекеніміз, қастерлеп келе жатқан туған жеріміз.
Бұл – әр этностың өз халқының ар-ожданын, имандылық қадір-қасиетін
көздің қарашағындай сақтай білуінен, қажетті жеоінде бұл үшін жанын пида
етуден көрінетін қасиет. Қазақ халқы өзінің ұлы мен қызын қаршадайынан
намысқойлыққа баулып, Отанына, кір жуып, кіндік кескен жеріне дақ
түсірмеуді қатты ескерткен, « арым жанымның садағасы» -деп, ар-намысты
бәрінен де жоғары бағалаған. Өз ұрпағын ата-баба рухында тәрбиелеп,
ұлттық намысты ту етіп ұстаған халқымыз «қоянды қамыс өлтіреді, ерді
намыс өлтіреді дегенді үнемі еске салып келді. Қазақ жесірін өгейсітпеген
жетімін шеттетпеген аса бауырмал халық
Халқымыздың жайсацпсихологиясын аса биіктен бірі-суырып салма
шешендік.Бейнелі, астарлы, тұспалдап үйір халық екендігімізжайлы ғулама-
ғалым Шоқан Уәлиханов: « қазақ шешендікке құмар, сөз өнерін, әзіл-өспақты
жаны сүйеді» -деп, кезінде айтқан еді. Халқымыз « Тіл тас жарады, тас
жармаса бас жарады», «жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады»-деп,
сөз құдіретінің психологиялық астарын жақсы аңғарған. Шебер де, шешен
сөйлей білу-адамның асыл қасиеттерінің бірі есептелініп, мұны олар
өзгелерге психологиялық жағынан әсер етудің ерекше құралы, тәсілі деп те
санаған.
Бұл-халқымыздың
ұлттық психологиясының өзегі
адамгершілігінің басты белгісі, оның ,ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық
санасының практикалық көрінісібарлық кісілік қасиеттердің жиынтығы.
«Тауна қарай аңы, заманына қарай заңы». Әдеп сақтау отбасында, ауыл-
аймақ, ел-жұртта
қалыптасқан мінез-құлық
міндеттейді. Мұны бұзған адамға қауымдастық атынан сол ұжымның өкілі өз
пікірін айтуға тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені әдеп сақтау-әлеуметтік
дәстүр.
Бұл-қазақ халқының әлеуметтік, географиялық, тұрмыстықжағдайына
байланысты, қалыптасқан ерекше қастерлі қасиеті. Бізде «қонақ десе, қой
етін кесіп беретінқазақпыз» дейтін аталы сөз бар
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Елікбаев Н. Ұлттық психология. - Алматы, 1992.
- Еликбаев Н. Социализм и национальная психология.- Алматы, 1988
- Жарықпаев К.Б. Некоторые черты казахского национального характера. Алматы, 1997
- Крысько В.Г., Деркач А.А. Этнопсихология: В 2 ч. – М., 1992
- Платонов Ю.П. Этническая психология.СПб, 2001
- Платонов Ю.П. Основы этнической психологии СПб, 2003

- Қазақстанда жанама салықтар қызметі
- Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы
- Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер
- Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
- Қазақстандағы – экологиялық зерттеулер
- Қазақстандағы экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы экологиялық проблемалар
- Қазақстандағы экономикалық өсу
- Қазақстандағы экономикалық проблема