Бағалы қағаздар. 8
ЖОСПАР
І.Кіріспе бөлім
1.Бағалы
қағаздардың қалыптасуы мен
2.Қазақстан
Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
пайда болуы және оның құрылымы
ІІ.Негізгі бөлім
1.Бағалы қағаздар нарығының негізгі 3 моделі
2.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын құру
3.Бағалы
қағаздарды шығару механизмі
ІІІ.Қорытынды бөлім
1.Қазақстан
Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
дамуын жетілдіру
IV.Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін сондай-ақ олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде ќайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдерінің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.
Бағалы
қағаздар нарығы туралы заңға өзгерістер
енгізілгенімен білікті мамандар даярлау,
бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар
нарығындағы операцияларды меңгеру міндетті
пайда болғанын айқындайды. Бұл өте терең
экономикалық және құқықтық білімді, математикалық
және бағдарламалық жағынан қамтитын
және жинақталған дағдыны ұғынуды талап
ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан
бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары
білімді мамандар дайындау – уақыт талабы.
Әрине бұндай істе нақты көмекті қазіргі
батыс және отандық авторлардың ғылыми
еңбектерін оқып, үйренуге болады, сонымен
бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу
– алға басудың кепілі. Менің, жазып отырған
рефератымның негізгі мақсаты – бағалы
қағаздар нарығының теориялық және әдістемелік
негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған
ұйымдық-экономикалық құрылымдарының
нарықтық экономикадағы маңызын көрсету
және бағалы қағаздардың биржада сатылуы
мен олардың үстінен қосымша үлестерді
есептеу.
Нарық – бұл күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы болғандықтан, ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысты ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген, басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90–шы жылдардың басында құрыла бастады.
1990 жылдың басынан экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері–халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан түрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық–экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
- эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын
шаруашылық субъектілері;
- инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері – заңды және
жеке тұлғалар;
-
бағалы қағаздар нарығының
дилерлер, инвестициялық басқарушылар, маркетмейкерлер,
- инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. қорлары;
- қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамудың бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынын қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сонымен бірге өткен тәжірбиені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі қажеттілікті ескеріп, бағалы қағаздар нарығы туралы қарастырлады. Қaзipгi кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы ic-шаралар жүргізуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттік қысқa мерзімді вексельді шығара алады. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметік-психологиялық мәселелер көп кездесті. Соның ішінде экономикалық мәселелерге тоқтайтын болсақ:
а) нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
ә) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
б) заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
в) салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
г) бағалы қағаздар нарығының материалдық техникалық негізінің аздығы;
д)
нарық инфрақұрылымы өсу
Ал, әлеуметтік-психологиялық
Дүниежүзілік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлrici (моделі) бар. Олар:
1. Банктік үлгi - онда бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (мысалы, бұл үлгі Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгi бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілгін жоюды банктер өз міндетіне алады.
2.
Банктік емес үлгі немесе
3. Аралас үлгі — онда бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда).
Еліміздің бағалы қағаздар
Бағалы
қағаздар нapығының нарықтық үлгісінің
банктік үлгіден
- нapықтa акционерлік капитал үлгісінің көптiгi;
- үлестік бағалы қағаздардардың қарыздық қағаздардан көптігі;
- өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
-
нарықтағы банк емес
Бұлардан басқа мемлекетіміздің бағалы қағаздар нapығының нapықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:
Бірінші өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен aқшa-ол "арзан" aқшa өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндіpіcті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешедi.
Екінші әлі көп yaқытқa дейін еліміздің нарығында өндіріс саласын өз активтері мен (қаржыларымен) инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруына тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.
Үшінші саясат факторы — дүниежүзіндегі сияқты, елімізде бос ақша көздерінің нeгiзri иесі – халық. Жекеменшіктендіру купондары apқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқын жүзеге асыру-бүгінгі кездегі ең кезекті саясат (халықтың социалистік менталитетін есептегенде).
Сонымен Қазақстанның қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне факты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Жалған (алдамшы) капитал деген – қосымша құнның бір бөлігін дивидент немесе процент ретінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің титулық бағалы қағаздар – акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болғандар мыналар:
Біріншіден, табыс көзі – тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс әкеледі деген бүлдыр қиял пайда болады.
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептейтін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалар ирроцианалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арқасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады. Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса және одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса оның жалған капиталдың бағасы оған тура пропоцианалды кемді.
1. бағалы
қағаздардың айналысы қор
биржасынан және несие жүйесінен
басталады, ал нақты капитал өндіріс
аясына қызмет көрскетеді;
2. жалған
капиталдың мөлшері бағалы қағаздардың
артылатын жиынтық бағасы, яғни
бағалы қағаздардың бағалы
қағаздарды сатудан түскен табысының
капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістік
нақты капиталдан түскен пайда сол нақты
капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.
Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс
«капиталдану» деп атады. Ал капиталдану
– мүліктің немесе нақты капиталдың
ақша капиталына айналуы деген ұғым.
(К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығармалар, 25 том,
2 бөлім, 9 бет) жалған капиталдың мөлшерінің
өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне
дәл келмейді. Жалпы алғанда, қалған капитал
нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі.
Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың
тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін
дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына
және де бағалы қағаздардың кездері
тез ұлғаюына байланысты болады.
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары KСPO-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазipri егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 10-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттеп тауар-ақша қатыстары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символды» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар "қордың инструменті немесе құралы" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бip субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығы — нарықтық экономикада көтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға муқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизімнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытында бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар міндетімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция не облигация сиякты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге екі жеті, эмиссиялық проспекткісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті оларды сатып алу-сатуға және есеп айырысуға 2-3 жеті, уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,2 ай ішінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
Елде дамыған бағалы қағаздap нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
1. сұраныс пен ұсыныс;
2. делдалдар мен басқа қатысушылар;
3. нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Hapықтың
осы құрамдас бөліктері
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайлықтың әл - ауқатына байланысты. Ceбeбi бағалы кағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өcyi - Қазақстанда бағалы кағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай деген сұрақ туындағанда онда, елімізде қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздадың көлемдісі және ең өтімдіci мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарықынан ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:
Біріншіден, мемлекетік бағалы қағаздардың эмитент Қаржы министрлігі;
Екіншіден, ұлттық банк-оның, сонымен бipre мемлекеттік бағалы қағаздарды дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығының бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.
Бағалы қағаздар нарығының одан әрi дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байлнысты. Бағалы қағаздарға кең көлемде капитал жұмсау 20ғ. ортасында өpicтeй бастады. Осы кезде нарыққа катысушылар да белгілі бола бастады. Алғашғыда бағалы қағаздармен жеке адамдар (трейдер-аторней) жєне банк қызметкерлері айналысты. Кейіннен бұл іске құқықтық тұлғалар да кірісті.Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды топқа бөлуге болады (олар әpi эмитенттер, әpi трейдерлер):
Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік (органдары), ұлттық жане халықарлық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жерплікті әкімшіліктің қағаздары, сатып алушыға жоғары табыс түсірмейді. Дегенмен, халыктың кейбір топтары (мысалы, зейнеткерлер, жалғыз басты адамдар, асыраушысынан айырылған отбасылар және с.с. табысы аздар) беретін табысы аз болсада, ceнімді қағаздарға өз қаржыларын жұмсауға мүдделі. АҚШ-та оларды "көк түбірлі" ("голубые корешки") деп атайды.
Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе, бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар: коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру коғамдары, зейнетақы қорлары және с.с. ұйымдар.
Үшінші топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары қашан қауіптi. Статистика деректері дәлелденгендей олардың ¾ бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек ¼ бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Әлемде кейбір шағын кәсіпорындар табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді, мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кєсіпорындары экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануы (мысалы, жүннен тоқылған және теріден тігілген киімдер, галантерея заттарын шығарушылар). Сондықтан халықты бірсыпыра тобы тәуекелге бел буып, жоғары дивиденд үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.
Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары бағалы қағаздарды жүргізуге жеңілдік береді. Дилерлер қолында капиталы болғасын көптеген операциялар жүргізеді. Дағды бойынша, брокерлер мен дилерлер сатып алған қағаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюнктурасы қолайлы болғанын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың ic-әрекеті –алыпсатушылық.
Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Реапубликасының қазіргі заңдар. Қазіргі заңдар Республикада Конституциясы негізделген. Олар мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кері болады. Қазақстан Республикасында «Бағалы қағаздар туралы» заң 5 наурыз 1995 жылы шыққан. Ал 2.07.2003ж. өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар, заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27 қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтық объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Азаматтық кодекстің 3 бөлімнің 2 бабында бағалы қағаздардың мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біругуге біздің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құлжат түрі, есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуші бірлсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше бірлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар, нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар - әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздарды ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары депозиттік (салым) облигациялар және с.с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Зеинетақы қорларының облигяциялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиторлы облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзіді, ұзақ мерзімді болып үшке бөініп, тек жергілікті басқру органдарын ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс єкелетін, бірақ салық телеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы қағаздар жөніндегі тіркеуден мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.
Бағалы қағазлар нарығын реттейту мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты-байғалы қағаздармен келімімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар бойынша Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия, Қаржы министрлігі, ұлттық банк Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекетік комитеті саналады. Осы бағалы қағаздар нарығының реттетін мемлекетік органдардың ең негізгісі - Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы 21-дегі Республика Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.
Бағалы
қағаздар нарығын мемлекетік реттеу ғылыми
негізделіп, алдын ала дайындалған концепция
жүгінгені дұрыс.
Еліміздегі нарықтық бағалы қағаздардың рөлі күннен күнге артып, ең бастысы мемлекеттік қарыздағы бағалы қағазға айналып келеді. Олардың жүзеге асыруының жүйелілігі жөнінде бірнеше себептер түсіндірілуде:
Біріншіден,
құнды қағаздармен қамтамасыз ету
елдің, үкіметтің мүліктерін, сондай-ақ
болашақтағы бюджеттік
Екіншіден, сауданың уақытты механизміне байланысты екінші реттегі олардың жоғары айналымдылығын арттырады;
Үшіншіден, нарықтың өтпелі кезеңінде дейін үкімет ішкі займдар шығару тәжірибесін меңгерссе де, қазіргі құнды қағаздардың орны бөлек;
Төртіншіден, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы байланыс құнды қағаздарды ұйым шығару мен оларды енгізу жөніндегі жекеленген даярлықты талап етпейді;
Бесіншіден, бұл сектордың құнды қағаз нарығындағы кәсіпқой қадрлардың даярлығы деңгейінің жоғарлылығында.
Ең бастысы – мемлекеттік құнды қағаздардың пайда болуы мемлекеттің ішкі қарыздарын реттеуде әрі қаржыландыруда. Бәрінен бұрын инфляцияны асқындырмау қажеттілігі үшін кәдеге асады. Оның қолданысы ел экономикасының қарыздарының жиынтығын өзгертуге, өзара қарыздану аумағын Қазақстан Республикасы көлемінде азайтуға септігін тигізбекші. Басқаша айтқанда, эмиссиялық әрекеттің ролін төмендегідей, бюджеттік дефицитті қаржыландырудың тиімді жолы болады. Екінші бір жағдайда бағалы қағаздар елдің қаржы – несие жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі болмақ. Сондай-ақ бірінші кезекте Қаржы Министрлігі осы құралды пайдала отырып, валюталық базарда ақша аумағын әрі несие нарығын ұлғайту мүмкіншілігіне қол жеткізіледі делінуде. Нақты ұсынған мемлекеттік қарыздағы бағалы қағаздар айналым мелекеттік проценттің деңгейін өзгерте отырып, инвесторлар жағынан сұранысты арттырып, немесе азайтуына болады. Бұл өз кезеңінде валюталық әрі несиелік нарығы қаржы-қаражатын реттейді деп күтілуде.
Қазақстан
қор нарығының қалыптасу
Өнеркіәсіптік кәсіпорындарды акционерлеу барысында опциондар кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционер енетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі. Опционды сатушы, оның акцияларының сату нарығына белгілі бір кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иесі болмай-ақ, бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, қатыс нәтижесіне айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолына ұстап қалады. Қолайсыз жағдай туған кездері опционды иеленуші тиісті кантрактіге сәйкес тез арада қайта сата отырып, зиянды төмендетеді.
