Бағалы қағаздар құқығы. 3

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ                                                                 4

1  ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ           6

1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу себептері                                           6

1.2 Инфляцияның  түрлері                                                                                     7

1.3 Инфляцияға  әсер ететін факторлар                                                                 8

   2 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ                                                                11

2.1 Азық-түлік тауарлары нарығындағы инфляция                                           11

2.2 Азық-түлік емес тауарлары нарығындағы инфляцияның жай күйі           13

2.3 Қызмет  көрсету нарығындағы инфляция көрсеткіштері                             17

      3 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ                                                                                                    20

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                             24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ                                                    25

ҚОСЫМШАЛАР                                                                                                         26

 
 
 
 
 
 
 
 

      КІРІСПЕ

     Инфляция  дегеніміз – бағалардың жалпы  өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз  өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. 

     Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 процент құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 процент құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті мәселелердің бірі – инфляция.

        Курстық жұмыстың мақсаты –  инфляцияның факторларын толығымен  анықтап және баға беріп, одан  туатын салдарымен күресудің  жаңа жолдарын іздестіру.

    Курстық жұмыстың міндеттері:

  • инфляцияның мәні мен пайда болу себептері қарастыру;
  • инфляцияның даму факторларын анықтау;
  • Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау;
  • мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаттағы мәселерді шешу жолдарын ұсыну.
  • инфляция факторларын талдаудағы перспективаларын қарастыру.

        Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестiру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бiр  және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр–бiрiне ауысады.

        Ақша – қазiргi экономикалық өмiрiнде мемлекеттiк субъектiнiң басты феноменi болып табылады. Сондықтан көптеген ғалымдар осы мәселеге көп көңiл бөлген. Осы курстық жұмыстың басты мақсаты - сол мәселенi жан-жақтан қарастыру. Бiрiншiден, инфляцияның мәнi және түсiнiгi ашып көрсетіледі. Инфляция – ғасыр бойы қалыптасқан мәселе. Көптеген мемлекеттер инфляция кезiнде экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Батыстағы инфляция ол құнның өсуi деген мағынаны бiлдiредi.

      Экономикалық  құбылыс ретiнде инфляция көптен берi өмiр сүрiп келедi. Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз байланысты деп саналады.

      Қазіргі инфляцияға келесі тән ерекшеліктерін атап өтуге болады: яғни егер бұрын  инфляцияның жергілікті сипаты болса, ал қазір – жаппай, жалпы қамтылған; егер бұрын үлкен және кіші кезеңдерді қамтыған болса, яғни оның кезеңдік сипаты болса, онда қазір ол созылмалы; қазіргі инфляция тек ақшаның ғана емес, сонымен бірге ақша әсерінің ықпалында тұр.

      Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, факторлары мен салдары, онымен күресу жолдары. Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.

      Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан тұратын бөлімнен және қорытындыдан құралған.

          1  ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
 

     «Инфляция»  терминi (латынның inflatio сөзiнен шыққан – кебiну, iсiну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенiнде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) XIX қағаз долларының («гринбектердiң») қипасыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасырды бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бiрiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн кеңiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.

      Инфляцияның дәстүрлi ең жалпы анықтамасы – тауар  айналымының қажеттiлiгiмен салыстырғанда айналыс өрісінің артық қағаз ақша массасымен салыққа толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

      Инфляция  – ақша жүйесiнiң дағдарысты жай-күйi.

  • Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепшi болады:
  • айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
  • қолайсыз төлем балансы;
  • Үкiметке сенiмнiң жоғалуы.

      Ұзақ  уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс  деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы  мен тауар бағаларының өсуi тұрғысында түсiндiрiлiп келдi. Әлi де бiрқатар шетелдiк  авторлар инфляцияны экономикада бағаны жалпы деңгейiнiң артуы ретiнде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуiнде көрiнгенiмен оны тек таза ақша феноменiне жатқыза салуға болмайды. Инфляция әлемнiң көптеген елдерiндегi экономиканық қазiргi дамуының ең өткiр мәселе бiрi болып есептеледi.

     Инфляцияның көрiну нысандары:

  • тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуi, оның үстiне бiрқалыпты емес өсуi, мұның өзi ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуiне ұрындырады;
  • ұлттық ақша бiрлiгiнiң шетелдiк ақша бiрлiгiне қатысты бағамының төмендеуi;
  • ұлттық ақша бiрлiгiнде көрiнетiн алтынның бағасының көтерiлуi.

     Бүгiндегi инфляция бағаның өсуi нәижесiндегi ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бiрге  елдiң экономикалық дамуының жалпы  қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндiрiс пен өткiзу сферасындағы әр түрлi факторлар тудырған өндiрiс үдерісінің қарама-қайшылықтары себепшi болады. Инфляцияның әуел басты себебi – ұлттық шаруашылықтың түрлi өрісіндағы жинақтау мен тұтыну, сұраныс мен ұсыныс, мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтын ақшаға қажеттiлiгi арасындағы алшақтықтар.

     Инфляция  – бұл айналым арналарының  артық ақша белгілерімен аса толып  кетуінің нәтижесінде тауар мен  көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі, сонымен қатар халықтың нақты табысының төмендетілуі, ақшаның құнсыздануы. Инфляция деген сөз – латын тілінен аударғанда «көтерілу, қабыну» деген мағынаны білдіреді.

     Конъюнктураның  циклдік толқуынан болатын бағаның  өсуін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіне «классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс.

     Инфляция  көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атауға болады:

     Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің  тепетендігінің бұзылуы, баланстың  болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің  тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит  Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді.

     Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция  инфляцияны өршітеді. ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлақты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлемқабілеті бар сұраныс тұғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасын өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты таптылық жағдайына және меммлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрын.дырады.

     Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі  рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мү.лдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны  өсіруді бірінші боллып бастамасада, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар. Ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсынысытың сәйкес келмеуі көмектеседі.

     Төртіншіден, елдің экономикасын ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қауыпы туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасында қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетін төмендетеді.

     Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін  сипат алады, ол инфляцияны күту нәтижесінде  орын алады, Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою – инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті. 

     1.2 Инфляцияның түрлері 

     Инфляция  – ақша айналымының  бұзылу заңы. Ол қоғамдық қайта өндіріс  үрдерісінің  диспропорциясынан және экономикалық саясаттың жетіспеушілігінен туындайды. Бұл айналымдағы ақша массасының кәдімгі мұқтаждықпен салыстырғанда, одан артылуы және ақшаның құнсыздануы. Инфляция түрлері әр түрлі. Оларға мыналар жатады:

   1. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы,  оны жабу мақсатында қағаз  ақша шығарылады.

   2. Мемлекеттің өнімсіз шығындарының биік деңгейі.

   3. Тауар тапшылығы.

   4. Бөлек тауар өндірушілердің монополиялық жағдайы, бұл олардың тауар бағасын және қызметті қисынсыз жоғарылатуына мүмкіндік береді.

   5. Өндірістің төмендеуі және т.б.

     Сұраныс пен ұсыныс инфляциясының тұжырымдамаларын инфляцияның әр түрлі себептері қарастырады.

     Сұраныс инфляциясы біріккен сұраныстың өзгеруінен пайда болады. Ол біріккен сұраныстың әр жылдық даму қарқынының өнім шығару қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды.

     Ұсыныс инфляциясы өндіріс шығындарының өсу салдарынан пайда болған бағаға тәуелді (жалақы, шикізат, материалдар және т.б.)

     Орташа  жылдық бағаның жанама өсім қарқынына  байланысты баға былай бөлінеді:

   1. Бірқалыпты немесе жылжымалы  инфляция - әдетте ол жылына 10%–дан артылмайды.

   2. Жай шоқырақ инфляция – жылына 200% -ға дейін.

   3.  Гиперинфляция – жылына 200%-дан жоғары.

     Пайда болу түріне байланысты инфляция ашық және жабық (басыңқы) болып ерекшеленеді. Ашық инфляция – ортақ баға деңгейінен биіктігінің  көрнекі көрінісі болып табылады. Жабық инфляция мемлекеттің тұрақты бағасының мүмкіндігінше табанды және «ресми»  биіктемейтін орталықтандырылған экономикасына тән.

     Әдетте, экономикада сұраныстың өсуi бағаның, жалақының, жұмыспен қамтудың, өндiрiстiң  нақты өсуiне әкеледi. Осы үдеріс шығындар инфляциясы түрін алуы мүмкiн, ал шынында, шығындардың өсуi сұраныстың күштi ықпалы арқылы жүрсе де, практикада инфляцияның бейнесi екi түрi де бiр мезгiлде жүрiп отырады және бiр-бiрiне әсер етуіде болады.

      Сонымен, экономикадағы ақша ұсыныс қарқынының өзгеруi мынадай жағдайларға әкелiп соғады: ұзақ мерзiмдiк аспектiде - өндiрiлген өнiмдердiң саны өндiрiс факторларының шығындарымен және қолданған технологиямен белгiленедi; өндiрiстiң номиналдық көлемi және инфляцияның қарқыны ақшаның ұсынысымен белгiленедi. Статистикалық талдау ақша мен бағаның арасында байланыс барын (көбiнесе асинхрондық) дәлелдейдi. Қазiргi заманғы инфляция – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуiне байланысты өсуiне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесi.

      Инфляция  ашық және басынқы деп ажыратылады. Бiрiншiсi – бағаның өсуi, екiншiсi –  тауардың жоғалуы.

      Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейдi, бұл СССР-да орын алған. Сондықтан  тауарға сұраныстың өсуiнде баға көтерiлмейдi бұл нарық шартына сәйкес және тепе-теңдiктен төмен болады. Содан тапшылық пайда болады. Тапшылық көлеңкелi экономиканы тудырады.

      Қажет тауарды iздеуде сатып алушы сатушыға қажетiнен көп төлеп, бұдан ақша өндiрiстi айналып өтiп, саудада шоғырланады. Сосын өндiрушiлерде тауар өндiруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейедi.

      Ашық  инфляцияны  жiктеу үшiн бiрнеше  белгi қажет:

  • Бағаның өсу қарқыны (баға индексi).
  • Әр түрлi тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейiнiң алшақтауды.
  • Инфляцияның күтiлуi және алдын ала болжануы.

          Бiрiншi белгi тұрғысынан баяу инфляцияны ажыратады, мұнда баға баяу өзгередi, әдетте жылына 10%, секiрмелi, мұнда бағаның өсуi жылына жүздеген процентпен өлшенедi; Гиперинфляция, мұнда бағаның өсуi 1000%–н жоғарылайды және ақша айналымы толық бұзылады.

          Екiншi белгi тұрғысынан инфляцияның екi түрiн ажыратады: тең және тең емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бiр-бiрiне қатысты өзгермейдi, ал тең емес инфляцияда –әр тауардың бағасы бiр-бiрiне қатысты үнемi өзгерiп тұрады.

      Үшiншi белгiден күтiлетiн және күтiлейтiн  инфляцияны бөледi. Күтiлу факторы инфляцияның салдарынан бiлiнедi. Егер фирмалар мен халық келесi жылы баға 5 есе өсетiнiң бiлсе, онда тиiмдi нарық жағдайында олар келесi жылы өздерiнiң тауар бағасын 5 есе көтередi және ешкiм күтiлетiн инфляциядан зардап шекпейдi. Ал күтiлмейтiн инфляция жағдайында бағаның 10%-ке өсуi экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.

Инфляцияны  сұраныс және ұсыныс инфляциясы деп  екi түрге бөледi.

      Сұраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс тепе-тендiгi сұраныс бағынан бұзылады. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуiнде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық  болады, ал бұл бағаның өсуiне итермелейдi.

     Ұсыныс  инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндiрiс шығынының өсуiне байланысты, бағаның өсуi. Бұның салдары жалақының өсуiне және энергия мен шикiзатқа бағаны көтередi.

      Шығынның  өсу қайнар көздерi және экономика  дисбалансының факторлары:

     1. Мемлекет. Ол бағалы қағазды шығару арқылы шығынды өсiредi, бұл фирманың қызмет көрсетуiн жоғары бағамен төлейдi және несие-қаржылық механизм жолымен жүргiзiледi.

     2. Кәсiподақтар. Олар жалақының өсуiн талап етедi, бұдан шығын да өседi, одан кейiн баға өседi, сосын – жалақы ставкасына жаңа өсiмi қайталанады. Нәтижесiнде «инфляциялық серiппе» пайда болады.     

     3. Iрi фирмалар. Олардың монополиялық жоғары баға қоюға мүмкiндiктерi бар және инфляциялық процеске мүмкiндiк туғызады. Әлемдiк экономикалық әдебиетте осы үш факторды инфляциның басты себептерi деп атайды. 

    1. Инфляцияға  әсер ететін факторлар
 

     Инфляция  факторларын келесі түрде топтастырайық:

  • ұдайы өндіріс факторлары: тауарлар өндірісі тоқыраушылық немесе өндіріс көлемінің төмендеуі жағдайында болады. Экономика құрылымының бұзылуы: өндірілетін жиынтық өнімнің 3/4  бөлігін машиналар, жабдықтар және өндірістің басқа құралдары құрайды, ал тұтыну заттарын өндіру халықтың қажеттілігін  қамтамасыз етпейді, яғни еңбек өнімділігі мен халықтың ақшалай табысы өсуі арасындағы арақатынастың бұзылуы;
  • қазыналық факторлар – ақша шығару арқылы орны толтыратын тұрақты бюджет тапшылығы;
  • ақшалай факторлар – ұлттық валютаның валюта бағамының құлдырау (ол тұрақты сипатта болады: біріншіден, теріс- валюта бағамының тұрақсыздығы билікке сенімнің жоғалуына әкеледі, импорттың қымбаттауы жүреді, екіншіден, оң- Қазақстанда экономиканың шикізат саласының дамуы сияқты экспортқа бағдарланған салалардың дамуын ынталандырады), шетел валютасының еркін қолдануы (ұлттық валютаның валюта бағамының оған деген сенімнің жоғалуынан құлдырауы), қосымша ақша шығарылуы, кредит экспансиясы (өндіріс пен қызметтерді өсу қарқынына  қарағанда кредиттің өсуінің озық қарқыны кезіндегі шектен тыс кредиттеу);  
  • сыртқы факторлар: экспорттың өсуінен шетел валютасының  үлкен түсімі, мемлекеттің   сыртқы, берешегінің шамадан тыс өсуі нәтижесінде сытттан қарызға алу.

     Инфляцияның iшкi және сыртқы факторын себептерiн  айыра бiлу қажет. Iшкi факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай - монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестiгінiң бұзылуы, экономиканың циклдың дамуы, өндiрiстi монополизациялануы, инвестициялардың теңгерiмсiздiгi, Әлеуметтiк – саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттiк қаржының дағдырысы – бюджет тапшылығы, мемлекеттiк борыштың өсуi, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесiнiң кеңеюi, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесiнде кредит құралдарының өсуi және басқалары жатады.

     Дүние жүзiлiк құрылымдық дағдырыстар шикiзат, энергетика, валюта дағдырыстары, басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттiк валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығаруға инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.

     Сөйтiп, көп факторлы үдеріс ретiндегi инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндiрiс дамуындағы алшақтықтың көрiнiсi.

     Инфляцияның iс – әрекетiң қаржы мәселерін байланыстырып отыру қажет, өйткенi инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелдi болып келедi:

  • белгiлi бiр салық нысандары мен әдiстерiн қолдану;
  • инфляциялық сипаттағы шаралары мемлекеттiк бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
  • мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығын жабудың әдiстерi;
  • мемлекеттiк берешектiң көлемi.

     Нарықтық  экономика кезiнде қаржы инфляциялық үдеріске бiрқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етедi, инфляциялық тенденцияларды күшейте түседi.

     Бiрiншi фактор – мемлекет шығыстарының өсуi, бұл ерекше төлем алушылық сұраныстың артуын жеткiзедi, сөйтiп тiкелей баға белгiлеуге әсер етедi. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерiлуiне байланысты ақшаның құнсыздануы  бюджет шығыстарының көбеюiне соқтырады, ал оның кiрiстерi, ең алдымен, салық түсiмдерi қажеттiлiктен артта қалып қояды. Бұл сөзсiз болатын ұзақ  уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

     Екiншi фактор – табысқа, пайдаға салынатын  салықтың көбеюi. Салықтың едәуiр бөлiгi баға механизмi арқылы тұтынушыға ауысады  және нарықтағы бағаның көтерiлуiнiң басты себебi болады.

     Үшiншi фактор – бюджеттердiң ұзақ уақытты  тапшылықтары өндiрiстiк емес шығындардың неғұрлым өсуiмен байланысты. Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерiстерге ұшырады.

     Инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсiмдерiн арттырудың қажеттiгiн тудырады және инфляциялық үдеріс мемлекеттiң берешегi мәселерін шиеленiстiредi.

     Сөйтiп, қаржы мен инфляция өзара тәуелдi болып келедi. Қаржы инфляциялық  үдерістердің тездеткiшi бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етедi.

     Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал  етудің механизмі - баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер  жалақыны көбейтуды талап етеді. Халық тауарларды көптен алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар – көкек 1992 жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру  мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.

     Айталық, Батыс Еуропада екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауалардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың қүшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықпен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздікті (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҮӨ-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жағары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктер

     Инфляция  экономикадағы сәйкессіздікті күшейтеді, ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталандырмауға  зиянын тигізеді, бұл жұмыссыздықтың өсуіне, қорланым үдерісін тоқтатуға, шаруашылық байланыстарды бүлдіруге әкеледі; тұтынушылық сұранымы құрылымын бұрмалайды, ақшаны нақты құндылықтарға айналдыруға ұмтылысты тудырады; ішкі нарықтың сыйымдылығын бұзады және төмендетеді; нақты еңбекақыны төмендетеді және халықтың барлық тобының кедейленуін қамтамасыз етеді, төлемге қабілетті сұранымды қысқартады; ақша-кредит жүйесінің атқарымдылығын бұзады, оның ресурстарын қысқартады, капиталды тарту және жұмсау саласы үшін күресті шиеленістіреді, капиталдың елден жылыстауы күшейеді; халықаралық экономикалық қатынастарға теріс әсер етеді, экспортты қысқартады, импорты өсіреді, елдің төлеу балансы нашарлайды; қаржыландыру үдерісіне, мемлекеттік бюджетке теріс әсер етеді, мемлекеттің борышы артады; валюта дағдарысы шиеленіседі.

     Мұның үстіне инфляция халықтың тұрмыс деңгейінің  төмендеуінен қоғамдағы әлеуметтік қауырттықты күшейтеді, ұсақ және орта өндірушілер мен кәсіпкерлер  күйзеледі.

     Инфляциямен  күрес және арнаулы инфляцияға қарсы бағдарламаны әзірлеу экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.

     Мұндай  бағдарламаның негізінде инфляцияны анықтайтын, оның деңгейін жоюға немесе көңілге қонымды шекке дейін  төмендетуге мүмкіндік жасайтын экономикалық саясат шараларының жиынтығының себептерінің талдауы мен фокторлары жатуға тиіс.

     Өнеркәсібі  дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын  бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс  экономистерінің жобалауынша инфляцияның  бұл түрі өндіріс пен жалпы  ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерге қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

Бағалы қағаздар құқығы. 3