Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Плевра функциясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Морфологиялық пәндер кафедрасы
Кредит №1. Тақырып 6.
Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Плевра функциясы.
Орындаған: Косалиева У.
Тобы: 103 “А” МІК
Қабылдаған: Танабаев Б.Д.
2014жыл
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Тыныс алу жүйесі
2. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі.
3. Тыныс алу жүйесінің балалардағы ерекшелігі
4. Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.
5. Өкпеқап және көкірек аралық.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тыныс алу жүйесі (systema
respiratorium) өте маңызды газ алмасу қызметін атқарады,
ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін
емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы
оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен
байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс
алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды
тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы
кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы
мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің
тіршілік әрекетінің барлық процестеріне
жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл
газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз
етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы
газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен
алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып
тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді.
Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны
тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады.
Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы
ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге
300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18
тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен
6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның
салмағына және бойына байланысты, бойы
ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп
ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға
ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың
өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л.ауа өтеді,
бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады,
сондықтан баланың денесінен бу ретінде
су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:
- қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
- диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.
Тыныс алу жүйесі-Systema Respiratorium
Тынысалу ағзалары дем алған ауамен бірге өкпе арқылы қанға оттегін жеткізіп, дем шығарған кезде көмірқышқыл газын шығару үшін қызмет етеді. Суда тіршілік ететін жануарларда тыныс алу мүшелері қызметін бірінші ішектің арнаулы тесіктері болып табылатын желбезектер атқарады.Оның жан-жағында саңылаулар (желбезектер саңылаулары) түзіледі, олардың жиектерінде біраз қантамыр капиллярлары бар күлтелер болады. Желбезек саңылаулары арқылы өтетін су желбезектерді шайып, соның нәтижесінде оттегі судан алынып , тікелей қанға өтіп ,ал көмірқышқыл газы суға бөлініп шығады. Жануарлар суда тіршілік етуге көшкеннен кейін су арқылы тыныс алатын мүшелер –желбезектер ауамен тыныс алатын өкпеге-ауысады.Бұлай ауысу біртіндеп жүреді.Мәселен, қосмекенділер ерте личинка кезінде желбезектер-мен, ал ересек кезінде өкпемен тыныс алады.Құрлықта тіршілік ететін жануарларда жорғалаушылардан бастап желбезектер өздерінің маңызын жоғалтып, басқа мүшелер түзуге жұмсалады да, ал тыныс алу қызметін желбезектер сияқты бірінші ішектен өсіп шығатын өкпе атқара бастайды. Сүтқоректілерде тыныс алу мүшелері алдыңғы вентральді қабырғасынан дамып бүкіл өмір бойы онымен байланысын сақтайды. Адамда да сақталатын тыныс алу және асқорыту жолдарының жұтқыншаққа айқасуы да осымен түсіндіріледі.Тыныс алу актісін іске асыру үшін таза ауа ағынының тыныс алу бетіне баруын, яғни айналысын қамтамассыз ететін тетік қажет.Осымен байланысты, өкпеден басқа тыныс алу жолдары болады, атап айтқанда: мұрын қуысы мен жұтқыншақ (жоғары тыныс алу жолдары), содан соң көмей, кеңірдек және бронхтар(төменгі тыныс алу жолдары).
Бұл жолдардың ерекшелігі
Ішек жұтылатын ауа мұрын (немесе
ауыз) қуысы және жұтқыншақ арқылы
көмейге өтеді. Ауыз қуысы мен
жұтқыншақтың құрылысы жоғары
да асқорыту жүйесін
Мұрын қуысы
Дем алғанда ауа өкпенің
Мұрынның шырышты қабығы(
Біріншіден, кіpпікшелі эпителий мен жабылған , оның кірпікшелері тұтас кілемше түзіп , оған шаң-тозаң шөгіп қалады. Кірпікшелердің толқынды жыбырлауы нәтижесінде шөккен шаң тозаң мұрын қуысынан шығарылады. Екіншіден, шырышты қабықты шырыш бездері glanduale nasi ,орналасқан, олдардың шығаратын секреттері шаң-тозаңды орап, оның шығарылуына жағдай жасайды, сондай-ақ ауаны ылғалдандырады. Үшіншіден, шырышты қабық вена тамырларына бай, олар төменгі қалқанда және ортаңғы қалқан-ның төменгі жиегінде түрлі жағдайларда ісінетін үңгірлі денелерге ұқсас қалың өрім түзеді; олар зақымданғанда мұрыннан қан кетеді.Бұл түзілістер-дің мұрын арқылы өтетін ауа ағынын жылытуда маңызы зор.
Сипатталған шырышты қабықтың тeтіктері ауаны механикалық жағынан өңдейді және ортаңғы , төменгі мұрын қалқандары мен мұрын жолдары деңгейінде орналасады. Сондықтан-мұрын қуысының бұл бөлігі тынысалу бөлігі ,regio respiratoria , деп аталады . Мұрын қуысының жоғарғы бөлігінде , жоғарғы қалқан деңгейінде,иіс сезу мүшесі түрінде , өтетін ауаны бақылауға арналған тетік бар, сондықтан мұрын қуысының жоғарғы бөлігін иіс сезу аймағы ,regio olfactoria , деп атайды.Бұл жерде иіс сезу нервінің нервтік ұштары – иіс сезу анализаторының рецепторын құрайтын иіс сезу жасушалары жайғасады.
Көмей
Көмей,larinx ,IV , V және VI мойын омыртқалары деңгейінде дәл тіласты сүйегі астында , мойынның алдыңғы жағында орналасып, бұл жерде сыртқы жабын арқылы айқын білінетін қырат түзеді.Көмей артында жатқан жұтқыншақпен, көмей кіреберісі , aditus laryngis , деп аталатын тесік арқылы тікелей қатынасады.Көмейдің жандарынан ірі мойын қантамырлары өтеді , ал көмей алдыңғы жағынан тіласты сүйегінен төмен жатқан бұлшықеттермен (mm. sternohyoidei , sternothyroidei, omohyoidei ), мойын шандырымен және қалқанша бездің үлестерінің жоғарғы бөліктерімен жабылған. Көмей төменде кеңірдекке жалғасады.
Адам көмейі-тамаша музыка
Көмей өзіндік музыкалық аспап
болумен қатар қозғалыс
Кеңірдек
Кеңірдек, trahea (грекше, trahus-бұдырлы) көмейдің жалғасы ретінде VI мойын омыртқаның төменгі жиегі деңгейінде басталып , V кеуде омыртқасының жоғарғы деңгейінде аяқталып сол жерде екі-оң және сол жақ бронхыға бөлінеді.Кеңірдектің бөлінетін жері кеңірдек айырығы , bifurcatio traheae деп аталады.Кеңірдектің ұзындығы 9-11 см, орташа көлденең диаметрі 15-18см. Кеңірдек қабырғасы фиброзды, сақиналы байламдармен , ligg. annularia, қосылған 16-20 толық емес шеміршекті сақиналардан , cartilagines tracheales, тұрады; әрбір сақина шеңбердің 2/3 бөлігін ғана алып жатады. Кеңірдектің артқы жарғақты қабырғасы, paries membranaceus, жалпайған және онда көлденең және бойлық , тыныс алғанда, жөтелгенде және т.б. жағдайларда кеңірдектің белсенді қозғалысын қамтамассыз ететін бірыңғай салалы бұлшықет тіні будалары болады. Көмей мен кеңірдектің шырышты қабығы кірпікшелі эпителимен (дауыс байламдары мен көмей қақпашығының бөлігін қоспағанда ) жабылған және лимфа тіні мен шырышты бездерге бай.
Бронхтар
Оң және сол басты бронхтар (bronchus, грекше-тынысалу түтігі ),bronchi principales dexter et sinister тұрған жерден тік бұрыш жасай шығып , сәйкес өкпенің қақпаларына келеді. Оң жақ бронх сол жақ бронхтан кең , өйткені оң өкпенің көлемі сол өкпенің көлемінен үлкен .Сонымен қатар сол жақ бронх оң жақ бронхқа қарағанда екі есе ұзын, оң жақ бронхта 6-8 , ал сол жақ бронхта 9-12 шеміршекті сақина болады. Оң жақ бронх сол жақ бронхқа қарағанда тік орналасқан, сөйтіп, кеңірдектің жалғасы сияқты болады. Оң жақ бронх арқылы арттан алға қарай доға тәрізденіп v. cava superior –ға қарай бағыттала , vena azygos өтеді, сол жақ бронхтың үстінде қолқа доғасы жатады. Бронхтардың шырышты қабығының құрылысы кеңірдектің шырышты қабығының құрылысымен бірдей.
Тірі адамда бронхоскопия
Өкпе
Кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады. Өкпенің сыртқы жұқа қабықшамен-екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен (плерва) жабылған. Өкпеқаптың сыртқы жапырақшасы кеуде қуысының ішін астарлайды, ал ішкі жапырақшасы бүкіл өкпені қаптайды. Жапырақшалар арсында аз мөлшерде өкпеқап қуысы бар. Сүйықтық өкпенің тыныс қозғалысы кезінде жапырақшалардың үйкелісін азайтады. Өкпеге кіретін бронхылар тармақталып, бронх ағашын түзеді, бронх бұтақшаларының ұшында альвеолалар-өкпе көпіршіктері болады.
Альвеолалар-диаметрі0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктер. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған. Капиллярлар мен альвеолалардың жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді. Адам өкпесінде, шамамен, 700 млн альвеола бар. Альвеоланың ішкі бетіне эпителий жасушаларынан түзілген жұқа қабыршық қапталған. Осы қабыршаққа байланысты көпіршіктер қабысып қалмайды., тұрақты көлемі сақталады. Қабыршақ микроорганизмдерден де қорғайды, содан кейін өзі сіңіріледі немесе сыртқа қақырық түрінде шығарылады.
Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында 21% оттек6 79% азот6 0,03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырашылығы-өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, кқмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өепедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобнмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады.
Ұлпалардағы газ алмасу. Оттекте қаныққан артерия қаны қанайналымның үлкен шеңберімен организмнің барлық ұлпаларына тасымалданады. Ұлпаларда оттек, оттек концентрациясы жоғары капиллярлардан ұлпа сұйықтығы арқылы жасушаларға диффузияланады да, тотығу процестерінде қолданылады. Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.
Артерия қаны вена қанына айналып, қуыс веналар арқылы жүрекке, әрі қарай қанайналымның кіші шеңберіне өтеді. Күні бойы адам пайдаланатын оттек пен көмірқышқыл газының мөлшері дене белсенділігіне және денсаулық күйіне байланысты өзгеріп отырады.
Тыныс қозғалыстары. Өкпеде бұлшық ет ұлпалары жоқ, сондықтан олар өздігінен жиырыла алмайды. Тыныс алу қозғалыстары, негізінен, қабырғааралық бұлшық ет пен көкеттің жиырылуы арқылы қамтамасыз етіледі. Көкет дегеніміз-кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөлетін күмбез тәрізді бұлшық ет. Тыныс алғанда қабырғааралық бұлшық еттер жиырылып, қабырғаларды көтереді, көкет жайпақ болып, құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түсіреді. Нәтижесінде кеуде қуысының көлемі артып, өкпеқап қуысындағы қысым төмендейді. Осы кезде өкпе кеңейіп, қысым азаяды да, атмосфералық ауа өкпеге барады. Тыныс алу іске асырылады. Тыныс алуға бронхылар, кеңірдектің шеміршекаралық бұлшық еттері, омыртқа жотасының бұлшық еттері, иық белдерінің бұлшық еттері, т.б. қатысады.
Тыныс
шығарғанда тыныс алу бұлшық
еттері босаңсиды, қабырғалар басылады,
көкет көтеріліп, дөңес болып, кеуде
қуысының көлемі кішірейеді. Сонымен
қатар өкпе көлемі де
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі.
Тыныс мүшелері мұрын нан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады.
Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ – ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ , шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.
Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.
Тыныс алу жүйесінің балалардағы ерекшелігі
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минөттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3,
Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде – 25 см3, 1 жаста – 80 см3-ге дейін артады, 2 жаста – 140 см3, ересек адамда – 400 см3. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 53 см3, 1 жаста – 210 см3, 13 жаста – 707 см3, 20-25 жаста – 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шамамен 1788 см3.
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде – 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада – 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,108 тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде – 6 м2, ересек адамда – 50 м2, яғни 8 есе артық.
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзын дығы балаларда – 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда – 10-12 см.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мүиы дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіңіруге болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл -қордағы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газбен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым Бұл айырмашылық көп болады.
1-ші кесте. Балалар мен жас
өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылыгы
Бала жасы |
Ер бала |
Қыз бала |
6 |
1200 |
1100 |
7 |
1400 |
1200 |
10 |
1630 |
1460 |
12 |
1975 |
1905 |
15 |
2600 |
2530 |
17 |
3520 |
2760 |
Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, Бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйым дылығын құрады.
Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді.
Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше.
Ересек адам 1 минөтте өкпесінен 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылының сыртқа айдалуы байқалады.
Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.
Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газының тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.
Бұлар дан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бүзылса, дем алу тоқталып, тірлік те жойылады. Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жарты шарларының қыртыстары да қатысады.
Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде – 4 л, футболистерде – 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда – 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минөтіне – 6-8 рет, ал жаттықпаган адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, Бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның қоректенуін жөне физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.
Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсер ететінін естен шығармаған жөн.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда есте сақтайтын тағы да бір жағдай — дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондықтан мектеп жұмысын да сабақ кестесін жасағанда Бұл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйықтауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дұрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондықтан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.
Осы жазылғандарды қорыта келе, балалардың сабақ оқитын, еңбек ететін үйдегі бөлмелері мен мектептегі сынып бөлмелерінің, балалар бақшасындағы топтардың бөлмелерінің ауасын жиі-жиі желпіндіріп, тазартып отыру аса маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, баланың далада, таза ауада көбірек ойнауы маңызды.
Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.
Тыныс алу жүйесіне жоғарғы тыныс алу жолдары, төменгі тыныс алу жолдары және газ алмасу аппараты жатады. Жоғарғы тыныс алу -мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек.
Төменгі тыныс алу жолдары-трахея, бронхтар.
Газ алмасу аппараты-өкпе.
Тыныс алу жүйесінің аурулары балаларда көп кездеседі, ол анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты:
Мұрын. Мұрын кеңістігі балаларда жетілмеген және тар. Шырышты қабаты қабынған кезде ол ісініп, тыныс жолдары тарылып, демалысы нашарлайды, тыныс алуы нашарлап, ему қабілеті де нашарлайды.
Көз-мұрын каналы кең, сондықтан мұрын инфекциясы коньюктива қапшығына жиі ауысып, коньюктивит дамиды.
Жұтқыншақ-жіңішке және қысқа.
Евстахиев каналы-қысқа және кең , нәрестелерде ересек балаларға қарағанда горизонтальды орналасқан және оның тесігі хоандарға жақын орналасқандықтан инфекция жиі барабан кеңістігіне ауысады.
Көмекей жоғары орналасқан сондықтан нәрестелер жатып сұйық тамақты жұта береді. Тар болғандықтан қабынған кезде стенозға (тарылуға) әкеледі.
Кеңірдек үлкендермен салыстырғанда кеңірек келеді. Шеміршектері әлсіз, тыныс алу бұлшықеттерімен жалғасқан. Сондықтан да осы бұлшықеттердің қатты қозғалысының әсерінен сырыл пайда болады, тыныс алуы қиындайды. Көбінесе экспираторлы ентігу дамиды.
Бронхтар-жіңішке және иілгіш. Ерте жастағы балаларда кеңірдектің бронхтарға бөлінетін жерінің бұрышы бірдей, сондықтан бөгде заттар екі жаққа бірдей түседі. Сонымен қатар ерте жастағы балаларда бронхиальды ағаштың тазартылу қызметі толық орындалмайды.
Өкпе-нәрестелерде толығымен жетілмеген. Өкпенің ұлпасы борпылдақ және эластикалық талшықтарға кедей, тамырларға бай. Осыған байланысты ерте жастағы балаларда өкпесі қанға бай және ауалы. Сурфактант жетіспеушілігіне байланысты ателектазға бейім. Сурфактант альвеолалардың ішкі қабатын астарлап жатады және олардың жабыспауын қадағалайды.
Тыныс алу жиілігі жасына байланысты:
ЖТБ-да минутына 40-60 рет.
1 жасында 35 рет
5 жасында 25 рет
10 жасында 20 рет
15 жасында 16-18 рет
Өкпеқап және көкірек аралық.

- Балаларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырудың әдістері
- Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
- Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
- Балалардың дене динамикасы
- Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту
- Балалардың жүйке жүйесінің анатомиясы
- Балалардың жүрек және қантамыр жүйесінің АФЕ-рі. Тумастан біткен жүрек ақаулары
- Бала құқығы туралы
- Бала құқығы туралы конвенция
- Бала құқықтары
- Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар идеяларының тəрбие мазмұнында ескерілуі
- Балалар агрессиясы туралы психоло-педагогикалық коррекция
- Балалар бақшасының мектепке даярлық тобында өткізілетін сабақтар үлгісі: жиын, санау, сан
- Балалардағы қант диабетінің морфологиялық ерекшеліктері