Балық шаруашылығы



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. Балық шаруашылығы суаттары

2.1. Базалық кәсіпорындар

2. 2. Бағаларды зерттеуге арналған өнімдер мен

қызметтердің жіктелуі және түрлері

2.3. Бағаларды тіркеу

2.4. Бағалар индексі үшін салмақтау схемасын құру

 

ІІІ.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

І. Кіріспе_________________________________________________________2

ІІ. Негізгі бөлім____________________________________________________3

2. Балық шаруашылығы суаттары____________________________________3

2.1. Базалық кәсіпорындар___________________________________________3

2. 2. Бағаларды зерттеуге арналған өнімдер мен

қызметтердің жіктелуі және түрлері __________________________________6

2.3. Бағаларды тіркеу ______________________________________________11

2.4. Бағалар индексі үшін салмақтау схемасын құру ____________________15

ІІІ.Қорытынды___________________________________________________17

Пайдаланған әдебиеттер тізімі______________________________________18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

Балық шаруашылығы – бұл балық шаруашылығы суларында (учаскеде) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын тұрақты пайдалану, өмір сүру ортасын, оларды қорғау және көбейту бойынша экономикалық қызмет түрі. Экономикалық қызметтің осы түрінде статистикалық байқау балық аулау және аквадақыл  өнімдері мен қызметтерінің нақты түрлеріне баға деңгейін анықтау мақсатымен ұйымдастырылады. Балық аулау және аквадақыл  өнімдері мен қызметтерін байқау нәтижелері бойынша құрылатын баға индексі,  балық аулау нәтижесінде өндірілген және әртүрлі арналар бойынша өткізілген өнімнің және балық аулау, көбейту мен өсіру бойынша қызметтерге баға индексінің серпінін өлшейді. Ол экономиканың нақты сегметтерінің аграрлық сектордағы үш саланың біріндегі бағаның өзгеруін сипаттайтын, өндірушілер бағалары индексінің қатарына кіреді.

Баға индексін құру мақсаты үшін экономиканың басқа сегменттерінде (қайта өңдеу өнеркәсібінде, бөлшек саудада және т.с.) аралық тұтыну немесе соңғы қолдануға арналған өнімдерді өндіру бойынша операциялар, сонымен қатар сектор ішіндегі өндіріс құралы ретінде алмасу үшін (балық орналастыру материалы және т.с.) қарастырылады. Жеке тұтынуға алынған өнімдер және спорттық, эстетикалық қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын әуесқойлық (спорттық) балық аулау зерттелмейді.

Балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызметтеріне бағалардың индексі аграрлық сектордағы болып жатқан жалпы экономикалық үдерістерді және балық шаруашығы қызметінің нәтижелілігін бағалау үшін қолданылады. Статистикалық тәжірибеде балық шаруашылығы өнімінің көлемін және ұлттық шоттар жүйесінің негізгі агрегаттарын нақты бағадан салғастырмалық бағаға қайта бағалау кезінде дефляторды есептеу үшін  қолданылады.

 

ІІ. Негізгі бөлім

2. Балық шаруашылығы суаттары

Балық шаруашылығы суаттары (учаскелер) – су қоймалары (өзендер мен оларға теңестірілген каналдар, көлдер, суқоймалары, сутоғандар және ішкі суаттар, аумақтық сулар), сондай-ақ балық аулауға және басқа да су жануарларын өндіруге пайдаланылатын не пайдалануға болатын немесе олардың қорын көбейту үшін маңызы бар теңіз сулары.

Балық аулау – балық аулау және басқа да суда мекендейтін ағзаларды (ұлуларды, шаянтәрізділерді) суқоймаларынан, су жағалауларынан, ішкі немесе ашық теңізден өндіру бойынша қызметтер.

Аквадақыл (балық өсіру немесе су фермерлігі) – су ағзаларын және дақылдарын (ұлулар, шаянтәрізділер, өсімдіктерді және т.с.с.) белгіленген балық шаруашылығы суаттарында өсіру және көбейту бойынша немесе арнайы жасалған жасанды жағдайда тауарлық өнімді алу үшін, өндірісті кеңейту және қоршаған ортада олардың табиғи өсімін жоғарылату бойынша өндірістік процесс. Балық өсіруге сонымен қатар, тірі су ресурстарының табиғи көбеюіне жәрдемдесуге бағытталған балық өсіру-мелиоративті және биотехникалық іс-шаралар жатады.

Кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау болып бөлінеді.

Кәсiпшiлiк балық аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында және балық аулау объектiсi болып табылатын балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру. Балық шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) ғана жүзеге асырылады.

2.1. Базалық кәсіпорындар

Балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін байқау республиканың барлық өңірлерінде жүзеге асырылады. Зерттелуге жататын базалық кәсіпорындардың тізімін құру үшін ақпараттық негіз ретінде Кәсіпорындардың  мемлекеттік статистикалық тіркелімдері, ауыл шаруашылығы тіркелімі және балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызметтері өндірісінің көлемі туралы ағымдағы статистикалық есептіліктің деректері пайдаланылады. Бас жиынтығын ЭҚЖЖ-ке сәйкес «03 балық аулау және аквадақыл» негізгі және екінші экономикалық қызмет түрімен шұғылданатын заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері құрайды.

Іріктемелі жиынтық негізгі жиынтықтың толық және бара – бар қасиетін білдіріп балық шаруашылығын жүргізумен айналысатын, шаруашылық субъектісінің қызметін көрсетуі керек. Бағалық байқау мақсаты үшін базалық кәсіпорындар тізімі жаппай және жаппай емес әдістерді араластыру арқылы жасалады, онда негізгі критериі жұмыс істейтіндердің сандық тізіміне байланысты кәсіпорынның өлшемі болып айқындалған. Жұмыс істеп тұрған ірі және орташа балық шаруашылық кәсіпорындары базалық кәсіпорындар тізіміне жаппай негізде, яғни олардың толық тобы бойынша енгізіледі. Кіші кәсіпорындардың арасында іріктеу жүргізіледі.

Бұл үшін негізгі жиынтықтың ішінен, айқын белгiсі бойынша едәуір үлкен үлес салмағы бар, оның ең маңызды деген бірліктерін таңдауды топшылайтын жаппай емес байқаудың негiзгi массив әдiсi пайдаланылады. Бұндай белгі балық аулау және аквадақылдың өндірілген (өткізілген) тауарлық өнімі мен көрсетілген қызметінің көлемі болып табылады. Статистикалық есептіліктің (балық аулау шаруашылығы және аквадақыл туралы жылдық есептілік) деректерін зерттеу негізінде сараптау жолымен қарастырып отырған саланың зерттеуге едәуір сәйкес келетін шаруашылық бірліктері таңдалады.

Таңдау мынадай принциптерді сақтауды қамтамасыз ететіндей жасалады:

ауқымдылық – барлық типтегі (мамандандырылған және аралас), әртүрлі меншік және ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы кәсіпорындарды қосу;

географиялық репрезентативтілік – өңірдің әртүрлі әкімшілік аудандарында орналасқан, объектілерді іріктеу;

типтілік – балық шаруашылығы қызметіне тән және қажетті өндірістік ресурстарға ие, типтік-бірдей жұмыс шарттары (тауарлардың ассортименті, технологиялық процестері) бар, кәсіпорындарды қосу;

Базалық кәсіпорындар тізіміне балық өнеркәсібі кәсіпорындары балық фермалары, балық питомниктері, судағы торлы балық шарбақтары және т.б. жатады. Сондай-ақ бұл индустриалды кәсіпорындардың салқындатқыш-тоғандарында және жылу электр орталықтарының жылы суларында және гидрорелелік электр стансаларында (ЖЭО, ГРЭС) тауарлық балық өсіруге маманданған шаруашылық жүргізуші субъектілер. Олар өткізетін тауарлық өнімнің құны, әдетте, экономикалық қызметтің қосымша түрі ретінде көрсетіледі.

Олардың тізіміне өндірісте балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызметтерінің едәуір көп көлемі бар жеке кәсіпкерлерді (ЖК) қосуға болады. Бұл әсіресе, егер тізімге енгізілген балық түрлерін аулауды және өткізуді тек қана солар жүзеге асыратын болса, бірақ балық кәсіпорындары өндірмейтін болса маңызды болады. Бұл жағайда, ДК-ң ерікті ынтымақтыстығы негізінде, бағаларды тіркеушілердің тікелей сұрастыруы жолымен олардан бағалық ақпарат алу ұйымдастрылады.

Өңірлер бойынша базалық кәсіпорындардың жалпы саны облыстағы балық шаруашылығының мамандануын анықтайтын балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызмет түрлерін байқау үшін іріктеп алынған барлық тізбе бойынша баға деңгейі туралы деректерді ұсынуды қамтамасыз етуі тиіс.

Балық аулау өңірлер бойынша балықтың әр бір түрі және шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы әр бір тоғандары бойынша бөлінетін белгіленген лимит шегінде жүзеге асырылады. Сондықтан, базалық кәсіпорындарды жандандыру балық аулауға берілетін лимитті бекіту нәтижелері бойынша, сонымен қатар есепті жыл бойы бағалық ақпараттың үнемі тапсырылуын және есеп беретін базалық кәсіпорындардың әрқайсысындағы бағалар қозғалысы үрдісінің репрезентативтілігін алдын ала талдаудан соң жасалады.

Байқаудан шығарылған кәсіпорындар мынадай ережелерді сақтай отырып, басқаларға ауыстырылады:

- өндірісің мамандануы және балық аулау өнім түрлерінің байқалатын тізімі, сондай-ақ, мүмкіндігінше, оны өткізу шарты сақталып қалуы қажет;

- байқауға жаңадан қосылған өнімнің түрлері бойынша бағалар диапазоны басқа кәсіпорындарда қалыптасқан орташа деңгейден аса айырмашылығы болмауы керек;

- мүмкіндігінше кәсіпорындардың дәл сондай меншік нысаны және ұйымдастыру-құқықтық нысаны болуы қажет.

 

2. 2. Бағаларды зерттеуге арналған өнімдер мен

қызметтердің жіктелуі және түрлері

 

Бағалардың деңгейі мен өзгеруін байқау үшін балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызмет түрлерін және өкіл-тауар (қызмет) түрлерін іріктеу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде, АШӨСЖ ведомстволық статистикалық жіктеуішке сәйкес, республикада өндірілетін балық түрлері және балық аулау және балық өсіру шаруашылықтары қызметтерінің бағыттары анықталады, оларды кластарға, түр және түр тармақтарына бөлу жүзеге асырылады. Балық өнімі түрлерінің барлық класы негізгі екі түрге бөлінеді: жаңа ауланған және салқындатылған балық.

Тірі балықтың 5 түртармағы бар:

- аквариумдық тірі балық;

- тірі теңіз балығы, өңделмеген;

  - тірі тұщы су балығы, өңделмеген;

- тірі теңіз балығы, өңделген;

- тірі тұщы су балығы, өңделген.

Салқындатылған немесе жаңа ауланған балықтың 4 түртармағы бар:

- салқындатылған немесе жаңа ауланған теңіз балығы, өңделмеген;

- салқындатылған немесе жаңа ауланған тұщы су балығы, өңделмеген;

- салқындатылған немесе жаңа ауланған теңіз балығы, өңделген;

- салқындатылған немесе жаңа ауланған тұщы су балығы, өңделген.

Теңіз балығы мынадай балық тұқымдастарынан құралады:

- теңіз арқан балығы;

- түйетабан тектес;

- тунецтер;

- майшабақ;

- нәлім;

- сардина;

- пикша;

- сайда.

Тұщы су балығының негізгі төрт тұқымдастары көрсетілген:

- бекіре;

- тұщы су арқан балықты;

- угорь;

- тұқы.

Екінші кезеңде, балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызметтері өндірісінің көлемі туралы ағымдағы статистикалық есептіліктің деректері бойынша әр өңірдің балық шаруашылығының мамандануын көрсететін және республика бойынша балық өнімін өндіру көлемінің елеулі үлесін алатын балық пен қызметтің нақты түрлері іріктеліп алынады.

Республиканың су тоғандарында 100-ден астам балықтардың түрлері мекендейді. Кәсіпшілік балықтар тобына көбіне тұқы тұқымдастары (сазан, тұқы, мөңке, табан балық, шортан, шабақ, торта, ақмарқа, язь, ақ амур, дөңмаңдай, қаяз, қара балық, маринка, шемая, қылышбалық), сонымен қатар шортан, жайын, налим, көксерке, алабұға және бекіре тектестер кіреді.

Әр түрлі тұқымдас балық түрінің мүмкін мөлшері ішінен ең көбін, жыл бойы статистикалық деректерді алуға және байқаумен республиканың барлық өңірлерін қамтуға мүмкіндік болатындай етіп, таңдап алады. 

Бағаларды байқау мақсаты үшін 17 тұщы су, 7 теңіз балықтарының түрлері іріктеліп алынды:

1 кесте

р/с

Балық түрлерінің атауы

Өткізудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы

 

Теңіз балығы

1.

Теңіз бахтағы

0,004

2

Теңіз түйетабаны

0,001

3

Каспий-қара теңіз майшабағы

0,003

4

Теңіз алабұғасы

0,001

5

Теңіз шортаны

0,003

6

Теңіз табан балығы

0,020

7

Минтай мен күміс сайда

0,012

 

Тұщы су балығы

1.

Бекіре

0,002

2

Шоқыр

0,005

3

Қорытпа

0,003

4

Тұщы су бахтағы

0,032

5

Тұщы су албырт балығы (сиг)

0,002

6

Тұқы

0,009

7

Торта

0,029

8

Дөңмаңдай

0,008

9

Тұщы су алабұғасы

0,010

10

Қаракөз, тыран

0,065

11

Көксерке

0,342

12

Жайын

0,068

13

Тұщы су табан балығы

0,178

14

Тұщы су шортаны

0,029

15

Сазан

0,088

16

Мөңке

0,039

17

Ақмарқа

0,046

 

Экономиканың  осы түрінде өндірістік сипаттағы қызметтер негізгі екі түрге бөлінеді: балық аулау саласындағы қосымша және балық өсіру саласындағы қызметтер.

Балық аулау саласындағы қосымша қызметтердің 5 түрі бар:

- мұхитта, жағалауда немесе ішкі суда балық аулау бойынша;

              - теңіз және тұщы су шаянтәрізділері мен былқылдақ денелілерін аулау бойынша;

- су жануарларын аулау бойынша (тасбақа, асцидий, қабықтылар, теңіз кірпілері және т.б.);

- теңіз өнімдерін жинау бойынша  (табиғи інжу, губкалар, маржандар, теңіз балдырлары);

- өзгелері.

Балық өсіру саласындағы қосымша қызметтердің 7 түрі бар:

- шабақтар мен жас балықтарды өсіру және көбейту бойынша балық питомниктерінің қызметтері;

- балықтарды өсіру және көбейту бойынша балық фермаларының  қызметтері, декоративті балықтарды қоса алғанда;

- жас устрицаларды, мидияларды, омарларды, лангусттарды, ас шаяндарын өсіру бойынша теңіз питомниктерінің қызметтері;

- жас устрицаларды, мидияларды, омарларды, лангусттарды, ас шаяндарын өсіру бойынша теңіз фермаларының қызметтері;

- қызыл және басқа да жеуге жарамды теңіз балдырлары мен өсімдіктерін өсіру бойынша теңіз фермаларының қызметтері;

- балық-мелиоративтік жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтер;

- балық өсіру саласындағы өзге де қызметтер.

Өз кезегінде балық-мелиоративтік жұмыстары бойынша қызметтері 7 түр тармақты қамтиды:

- су тоғандарын тыңайту бойынша;

- су тоғандарын мелиорациялау бойынша;

- су алмастыру бойынша;

- суды оттегімен молайту бойынша;

- су тоғандарын әкпен өңдеу бойынша;

- су тоғандарын шөп басу бойынша;

- тірі материалды тексеру бойынша.

Арнайы бөлінген су тоғандарында немесе олардың жекелеген учаскелерінде азаматтардың мәдени түрде балық аулауын, демалуын және спортпен шұғылдануын ақылы негізде ұйымдастыру, өндірістік сипаттағы қызметтерге жатпайды, сондықтан да бағалық байқауға енгізілмейді.

Бағаларды байқау мақсаты үшін, балық аулау саласында қосымша қызметтің 4 түрі, балық өсіру саласында - қызметтердің 10 түрі, ағымдық балық-милиоративтік жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтердің 7 түрі іріктеліп алынды. Балық шаруашылығы өнімдері мен қызметтерінің және олардың өңірлік өкілеттілігінің жалпы тізімі 1-қосымшада келтірілген.

Бағаларын байқау үшін құрылған өнімдер мен қызметтердің тізім жалпымемлекеттік статистикалық нысанын әзірлеуге және оны бекітуге негіз болып табылды.

Бұдан әрі өнімдер мен қызметтердің бекітілген тізімі өңірлерде ағымдағы жылы балық аулауға белгіленген лимитке байланысты анықталады. Іріктеліп алынған өнімдер мен қызмет түрлері бойынша базалық кәсіпорындарда оларды өткізу көлемінің елеулі үлес салмағын алатын нақты өкіл-тауарлар (қызметтер) таңдап алынады.

Біріктірудің барлық деңгейінде есептелетін индекстердің дұрыстығы өкіл-тауарларды (қызметтерді) дұрыс және көрнекті таңдауға байланысты. Бағаларды байқау үшін өкіл-тауарларды (қызметтерді) іріктеудің негізгі принципі бағалардың серпінділік сипаттамасы үшін кәсіпорындар бойынша олардың өкілділігі болып табылады.

Балық аулау, балық өсіру өнімдері мен қызметтеріне бағалар деңгейін байқауға арналған тізбеге түпкілікті тұтыну үшін, сонымен қатар осы экономикалық қызметтің түрі ішінде алмастыру үшін лайықты өкіл-тауарларды (қызметтерді) енгізеді. Олар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

- ұзақ уақыт бойы базалық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін;

- тұрақты сапа параметрлері бар;

- оларды өткізудің жалпы көлемінің жартысынан төмен емесін алатын.

Балық шаруашылығы өндірісінің құрылымындағы өзгерістерді ескеру үшін, балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызметтерін іріктеу аясы мезгілімен анықталып және толықтырылып отырады. Жандандыру байқалатын өнімдер мен қызметтер түрлерінің және түртармақтарының тізбесін ішінара өзгерту және толықтыру жолымен жүргізіледі. Қайта қарау жылдың бас кезінде құрылымдық базистік салмақтауды құрумен қатар жүзеге асырылады.

2.3. Бағаларды тіркеу

Байқау үшін іріктеліп алынған балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызметтерінің бағаларын тіркеу, базалық кәсіпорындардың бекітілген мемлекеттік статистикалық есептілік нысанын толтыру жолымен жүзеге асырылады. Төлем, жөнелпе құжаттарынан, бағалармен келісу шарттарынан және сатып алушы мен сатушының арасындағы жасалған келісімдерді тіркейтін, сонымен қатар өндірістік сипаттағы қызметтерді орындау барысында ұшыраған шығындарды көрсететін басқа да бухгалтерлік есеп құжаттарынан алынған ақпараттар есептілікті толтырудың негізі болып табылады.

Балық аулау және аквадақыл өнімдері мен қызметтерінің нақты түріне тұтынушының өндірушіге төлеген нарықтық бағасы тіркеледі. Оған өнімді тасымалдау, экспедициялау, тиеу және түсіру барысындағы шығыстар қосылады, бірақ қосылған құн салығын есепке алусыз.

Балық аулау өніміне тараптарға өткізуге арналған немесе өз күшімен өңдеуге пайдалану үшін ауланған тауарлық балықтың бір тоннасының бағасы тіркеледі. Бұл ретте, жаңа ауланған балықтарды аулау маусымдық сипатқа ие болғандықтан, (қазаннан сәуірге дейін), ол сатылуда жоқ болған кезеңде балық шаруашылық кәсіпорындарының тоңазытқыш қоймаларында сақтаулы мұздатылған балықтың бағасы тіркеледі, жон еті алынған балықтар қосылмайды, яғни мұздатар алдында етке (филеге) бөліктелген балықтар (өндіруші-кәсіпорындардың есептілігінде көрсетіледі).

Өзара айырбас кезінде қолма-қол (ақшалай) есеп айырысу қоса жүрмейтін баспа-бас айырбастау бағасы; сонымен қатар жалдама жұмысшыларға еңбекақы ретінде заттай түрде берілген өнімдердің бағасы тіркелмейді. Бағадағы сапасы мен санының (стандартты бірлік көлемі) есебінен ауытқулар тіркеу кезінде олардың шамасында көрінбеу керек.

Балықтың нақты түрі бойынша бағаны тіркеу кезінде балық аулау өнімдерінің едәуір көп көлемін үздіксіз өткізуді жүзеге асыратын, өткізу арнасы айқын анықталуы керек. Өткізу арналары тараптық қайта өңдеуші кәсіпорындар, жеке сауда желісі (кәсіпорындардың аумағында және тысқары орналасқан дүкендер, дүкенше және шатырлар), сонымен қатар, сол кәсіпорынның өзінде қайта өңдеу (ыстау, кептіру, сүрлеу) болып табылады. Балық түрінің әрқайсысының бағасы бірнеше өткізу арнасы бойынша көрсетілуі мүмкін. 

Бағалар индексін есептеу үшін бағалық ақпаратты жинақтау кезінде қойылатын басты талап, есепті жыл бойы сипаттамасы бойынша салыстырмалы өкіл-тауарлардың бағаларын тіркеу болып табылады. Салыстырмалықтың негізгі принципі – белгілер арасында олардың бағаларын ескертетін айтарлықтай алшақтықтың болмауы. Егер баға балықтың бірдей түріне тіркелсе, сапалық сипаттамалары (балықтың мөлшері, қоңдылығы және т.б.) бірдей болса және өткізудің бір арнасы бойынша өткізілетін болса екі кезеңдегі (айдағы) бағалар салыстырмалы деп есептеледі,.

Балық кәсіпшілігіне лимит белгілеу және жануарлар әлемі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салыну жағдайларында, базалық кәсіпорындардың бағалық ақпаратты тапсырмау жағдайлары объективті.

Сатылуда жаңа ауланған және салқындатылған балық болмағанда бағалар индексінің серпінділік қатарының үздіксіздігін сақтап қалу үшін:

      бөлшектелген мұздатылған, яғни  жартылай фабрикат ретінде (жон ет, бөліктер, және т.с.с.) дайындалған балықтың өткізу бағасын тіркеу;

      жаңа ауланған және салқындатылған балықтың соңғы нақты өткізілген бағасын қайталау едәуір тиімді болып табылады.

Балық аулау, балық өсіру қызметтері түрлеріне бағаларды тіркеу олардың орындалуға белгіленген бағаларының (тарифтердің) болмауынан, бағаларды анықтаудың шығындық әдісі арқылы жүзеге асырылады. Яғни, баға жұмсалған шығынның жеке құнын бекітілген өлшем бірлігіне қайта есептеу сияқты есептеледі.

Балық шаруашылығында өндірістік қызметті есепке алу оны жүргізу әдісіне байланысты – толық жүйелі немесе толық жүйелі емес. Тиісінше, «негізгі өндіріс» есебіне жататын, атқарылған қызмет құны  қызметтің төрт технологиялық тобы бойынша (өндірушілерін (тұқымдық) биылғыларын, бір жастағыларын, семіртілгендерін өсіру) немесе едәуір үлкен екі топ – биылғы және тауарлық балықтарды (бір жастағыларын қоса) өсіру бойынша тіркеледі. Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес, бухгалтерлік есептілік бойынша кіріске алынған өнімнің құны бұл есептеледі бекітілген өлшем бірлікке аударғанда, статистикалық есептілікте бұл көрсету үшін талап етілетін баға болып табылады. Балықтарды ұстауға жалпы шығындарына азық, элетр энергиясы, су тоғандарын тазарту және тыңайту, тірі материалдарды қарау және басқа да шығыстар жатады. Сонымен бірге, олардың жартысынан көбі – азық шығындары (балықтарды азықтандыру). Әсіресе ерекше шығындысы бұл толық емес жүйелі балық шаруашылығы тармағы және жасанды немесе жаңа жасалған азықтарды пайдалану. Бұдан басқа, азықтарды елден тысқары жерден әкелетіндіктен, дәл осы шығын тармағы едәуір көп бағалық өзгеріске ұшырайды. Сондықтан, балық көбейту және балық өсіру бойынша, балық аулау питомниктері және балық фермалары қызметтерінің барлық түріне тіркеу бағалары балықтың нақты түрі немесе олардың тұқымдастарына қажетті өлшем бірлігінде қайта есептелген, азықтарға (балықтарды азықтандыруға) жұмсалған шығынның  жеке құны сияқты есептеледі. Балық аулау жайылымдарын жалдаудың бір айлық төлем көлемі су тоғанының пайдаланылатын бір гектар ауданы есебімен тіркеледі. Ол бұны жалға беретін балық акваториясы бар балық шаруашылығы ұйымдарында да және оны жалға алатын кәсіпорындарында да тіркелуі мүмкін.

Балықмелиоративтік іс-шараларын жүргізу бойынша қызметтерге тіркеу бағасы ағымдағы жалпы шығынның жеке құны сияқты, оларды күрделі жұмыс түрлеріне қоспағанда, бір гектарға есебімен  анықталады.

Балық аулау саласында балық өндіру бойынша қосымша қызметтерге тіркеу бағасы теңіз бен тұщы су балықтарын аулаумен және балық аулау жайылымдарын күзетумен айналысатын қызметшілерді ұстау, ауланған балықтың белгілі бір түрі немесе тұқымдасының тоннасына есебімен, шығындары болып табылады.

 

2.4. Бағалар индексі үшін салмақтау схемасын құру

 

Балық аулау, балық өсіру шаруашылықтары өнімдері және қызметтеріне бағалар индексін құру деректерді пайдаланудың екі ағынын қамтиды:

1 – өткізудің әртүрлі арналары бойынша өткізілген, балықтардың нақты түрлері бағаларының және балық шаруашылығы кәсіпорындары көрсеткен, балық аулау мен балық өсіру қызметтері бағаларының деңгейі туралы;

2 – өндірілген және өткізілген өнімдердің және көрсетілген қызметердің көлемі мен бағасы туралы. 

Екінші ағын бағалар индексіне арналған салмақтау схемасын құру үшін ақпараттық негіз болып табылатындықтан, зерттеудің ең кіші элементтеріне дейін бөлінген, зерттелетін нарықтың қазіргі құрылымының көрінісін  қамтамасыз ету керек. Салмақтау схемасы – стандартты жіктелімге сәйкес, біріктірудің барлық дәрежелері бойынша анықталған өнімнің, тауардың, қызметтердің, нақты түрлері салмағының жиынтығы. Индекс салмағы олардың жалпы жиынтығындағы әрбір жеке элементтің мәнін көрсететін шама, олардың көмегімен:

      барлық жиынтықтағы жеке элементтің мәні сипатталады;

      бастапқы өлшемсіз элементтер өлшемдес түрге келтіріледі;

      қолданылатын жіктелімнің барлық дәрежелері бойынша өлшемдес элементтерді жүйелі біріктіру  жүзеге асырылады және байқалатын құбылыстың бағалар өзгерісінің жалпы мәні табылады.

Балық шаруашылығына, ауыл шаруашылығы сияқты өнімді өткізу құрылымы салалық ішкіөңірлік мамандануынан және өндірістің табиғи-климаттық айырмашылығына байланысты оның жылдық өзгерісінен елеулі тәуелділік  тән. Сондықтан, халықаралық статистикалық тәжірибе мен экономикалық қызметтің осындай түрлерінде салмақтау схемасын құру кезінде айқындалған, едәуір қолайлы базалық жылдың құндық деректерін немесе есепті кезеңнің алдыңғы бірнеше жылдың (әдетте, үш жыл) орташа шамасын пайдалануды ұсынады. Бұл жекелеген жылдарда өндірісте өнімнің негізгі түрлері арасындағы құрылымдық қозғалысты біркелкі жасайтын етіп, деректерді белгілі орташалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Салмақтау схемасы әр өңір және тұтастай республика бойынша орталықтандырып, құрылады. Оларды құру байқауға енгізілген балық аулау және аквадақылдың  өткізілген балық түрлері, қызметтері бойынша, құндық шамаларды бөлуге негізделген. Экономикалық мағынасы бойынша салмақтау схемасы балық аулау, балық өсіру шаруашылығының өңірлік мамандануы сияқты, сол өткізілген өнімдер мен қызметтердің жалпыреспубликалық көлемінде өнімнің (қызметтің) жекелеген түрлері бойынша оның мәнін көрсететін баланстық кесте болып табылады. Құрылған салмақтау схемасын пайдалана отырып, республика бойынша балық өнімдерінің нақты түрлері бойынша орташа бағалар, өңірлер және ел бойынша жеке және біріктірілген индекстер есептеледі.

Құрылған салмақтау схемасы бірнеше жылдар бойы пайдаланылады. Жыл сайын, балық аулау, балық өсіру өнімдері мен қызметтерінің өңірлік тізімінің өзгеруі бір мезгілде құрылғын салмақтау схемасына тиісті түзетулер жүзеге асырылады. Салмақтау деректерін ротациялау (жою және енгізу) өңірлерде өнімді өткізу арасалмағы жағынан өзгеріске ұшырағандарды есепке алады. Құндық деректерді толық ауыстыру сол уақыттағы және кезеңде, базистік ретінде пайдаланылатын, балық аулау және аквадақыл өнімдерінен түскен кірістерді мүмкіндігінше құрылымдық пропорциясыздау шамасы бойынша, сонымен қатар бағалық байқау үшін анықталып алынған өнімдердің, қызметтердің түрлерін елеулі қайта қарау және кеңейту кезінде жүзеге асырылады.

Қорытынды

Өткізілген балық аулау, балық өсіру өнімдері және қызметтерінің бағалар индексін есептеу мынадай кезеңдерден тұрады:

– облыс бойынша өткізілген өкіл-тауарлар (қызметтер) бойынша орташа бағаларды анықтау;

– республика бойынша өнімдердің, қызметтердің түрлері және түр тармақтары бойынша орташа бағаларды анықтау;

– есепті кезеңдегі өкіл-тауарлар бағаларының жеке индексін өткен айға анықтау;

– агрегацияның әрбір сатысы бойынша есепті кезеңдегі бағалардың агрегатталған индексін өткен айға анықтау;

– есепті кезеңдегі бағалардың жеке және агрегатталған индексін қалған барлық салыстыру кезеңдеріне (өткен жылғы желтоқсанға, тиісті айға, тоқсанға, өткен жылғы кезеңге, және т.с.с.) анықтау.

Қорытындылай келе Товарлы балық өнімін ұлғайтудың интинсивтік  шаралары жайлы толығымен баяндалып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. «Балық аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысы

2. «Халықаралық экологиялық конвенцияны орындау үшін Қазақстанның ұлттық әлеуетін бағалау» БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасы, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі.

3. Егемен Қазақстан газеті.

 

 

1

 



Балық шаруашылығы