Банк жүйесінің түсінігі
Қазақстан
Республикасының білім мен
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетi
Экономика және қаржы факультеті
Экономикалық
теория кафедрасы
Тақырып: Банк
жүйесінің түсінігі
Орындаған: Альсеитов А.К.
Қостанай - 2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Банк жүйесі...................
1.1 Банктердің
пайда болуы мен дамуы.........
1.2 Банктің
мәні және оның қызметтері.....
2 Екі деңгейлі
банк жүйесін құру.............
2.1 Ұлттық
банк – Қазақстан
2.2 Банк
жүйесінің екінші деңгейінің
құрылымы......................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішніде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қарым-қатынасының; мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының екі буынды банк жүйесінің, нарықтық экономикаға бара бар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр. Мұндай жағдайда ол қылықтың орнын толтыру үшін озық тәжірибені қолдану мақсатында отандық және шетелдік банк тәжірибелерін салыстырудың принциптік тұрғыдан мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған акша-несие қарым-қатынасының; банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша-несие саясатының банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен мүмкін болмайды.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдай да көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңетер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажеті болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады, әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» -үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды. Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастау-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулыктар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерттеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда айлғандардың барлығы дерлік шындыкқа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
-
банк мәнін макродеңгейде оның
қызметімен байланыстыра
-
оның мәнін әр түрлі
тұрпаттарына қарамастан банктің
біртұтас жүйесі ретінде
-
банктің мәнін ашып көрсету
оның басқа экономикалық
-
банк мәнін ашып көрсету оның
құрылымын ашып көрсетуді
Банктің
мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне
карамастан бірыңғай болады әрі оның
мәні коммерциялық банкке де, инвесстициялық
банкке де, эмиссиялық
банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей
тән болып табылады.
1 Банк жүйесі
1.1 Банктердің пайда болуы мен дамуы
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызғаа дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек; бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды. Банк - бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған несие берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы толық болуы қажет. Несие операциялары калай жүйеге айналады, солай өсімқорлықта тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасьнда бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, карыз алушы одан бас тартады. Несие мәмілелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүргізеді. Банк - несие, ақша, есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай мекемелеср Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619
жылы Венеция қаласындағы
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып. одан алғашкы неміс банктері, ал Францияда француз банкілері пайда болды және т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.
Ежелгі банктердің несие операцияларымен катар трансферит деп аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне ауыстыру кеңінен қолданыла басталды. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін (hudu - «гуду») шығарды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа (банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі несие мекемелері пайда бола бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдьң басында оған елдің эмиссиялық банкісі дегені атақ (статус, мэртебе) берілді. Оның банкноттары төлемнің әмбебеп, заңды құралына айналды.
1846
жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық
банктерді біріктірген елдің
орталық банкісі ретінде
Ресейде
банкісі мемлекеттік тұрғыдан дамиды,
ал жекеше эмиссиялык банктер болған жоқ,
тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж.) орталық
эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік
банк пайда болды.
1.2. Банктің мәні және оның қызметтері
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр турлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы тусініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оиы ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулыктар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда айлғандардың барлығы дерлік шындыкқа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін
ұсынады:
-
банк мәнін макродеңгейде оның
қызметімен байланыстыра
-
оның мәнін әр түрлі
тұрпаттарына қарамастан банктің
біртұтас жүйесі ретінде
-
банктің мәнін ашып көрсету
оның басқа экономикалық
-
банк мәнін ашып көрсету оның
құрылымын ашып көрсетуді
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвесстициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т.б. бір-бірінен өзгеше болады, бірак; бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлерін көрсетеді.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешілігі бар онімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстары ұдайы өндіріс пайзында өнімді пайдаланылады.
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға шығады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт міндетті блокты камтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:
-
банк капиталы сауда және
-
өз өнімінің сипатымен басқа
кәсіпорындар мен
-
банк ісі мен банкті басқару
саласында өзіндік ерекшелігі
бар жұмыспен айналысатын
-
банк техникасын, үй ғимаратын,
байланыс және коммуникация
Банктың өзіндік ерекшілігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның мынадай болуы керектігін ұйғарады:
- оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешілікке ие болуы керек:
-
бірыңғай заң аясында,
- өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне (банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы - бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән қызметі.
О.И.
Лаврушин банктің 3 кызмет ету аясын
былайша анықтап берді. Оның біріншісі
- ақшалай қаражатты
Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау процесі тек банктерге ғана тән емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің біркатар ерекшеліктері болады:
-
шоғырландырылған уақытша бос
бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне
емес, басқалардың қажеттілігіне
қайта бөлу тәртібімен
- шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі - бастапқы несие беруші (банк клиенті);
-
қаражатты шоғырландыру тек
Екінші қызмет - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырыла-ды. Ақшалай қаражат айналымы экомиканы және халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы ретттеледі.
Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек.
Оған
теренірек үңілуі қажет. Банктер арқылы
ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден
екіншісіне, экономиканың бір саласынан
екіншісіне құйылады (ағылады). Банк шоты
бойынша жүзеге асырылатын операциялармен
капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі,
яғни оларды экономиканың бір секторына
шоғырландыра отырып, басқа салалар мен
аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінстің
банк ресурстары жұмыс істеу саласы бойынша
да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша
да бір-бірімен сәйкес келмейді. Бүкіл
экономикалық өмірдің ортасында болатын
банк капиталдың мөлшерін, мерзімін және
бағытын шаруашылықтың, қажеттіліктеріне
қарай түрлендіру (өзгеруі) мүмкіндігіне
ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл тәуекелдікті
(қатерді) азайтатын әрі ұдайы өндіріс
субъектілерінің арасындағы қатынасты
кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін
қызмет.
2.Екі деңгейлі банк жүйесін құру
2.1Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Қазақстан
Республикасының Орталық банкі
еліміз тәуелсіздік алғаннан
соң ҚСРО Мембанкінің
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай ІІрезидентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа зандарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа - алады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған кұрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің занды қызметтерін атқаруға араласуға құкығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахстана" атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютанын ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
•
ақша айналымы, несие, банктік есеп
-айырысу мен валюталық
• ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
• несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу - сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
2.2. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
"Қазақстан
Республикасындағы банктер
Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың басында республикада екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген: оның ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталының 100%-і республика үкіметінің қатысуымен құрылған; 1 мемлекетаралық банк; 22 шетелдердің қатысуымен құрылған (резидент емес банктердің еншілес банктерін қосқанда) банктер, Республикада шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зей-нетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы", Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны; "Қазақстандық қор биржасы" ЖАҚ; "Бағалы қағаздар Орталық депозитарийі" ЖАҚ; "Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ; "Қауымдастықтарды несиелеудің қазақстандық қоры" Қоғамдық қор; "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" ЖАҚ; "Ақмола қоры" ЖАҚ; "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі агенттігі" ААҚ; "Шағын несие" үкіметтік емес ұйым" Қоғамдық қор және т.б.
Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқайсысына сипаттама берелік.
Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет. Инвестициялық банк - негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші денгейдегі банк.
Шетелдің қатысуымен кұрылғаи банк - акциясының 50 проценттен астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде және/немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк:
•
Қазақстан Республикасының
• Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға акциясының 50 процентінен көбісі республиканың резиденті еместің қарамағында, меншігінде және/немесе басқаруында;
• Қазақстан Республикасының резиденттері еместің қаражатын басқаратын сенімді адамы - республиканың резиденті.
Мемлекетаралық банк - халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық, қорының иеленушісі Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттердің үкіметі.
Банк емес несие-каржы мекемелері - Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.
Коммерциялық банктер - кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін керсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты – неғұрлым жоғары пайда табу.
Қазақстан
Республикасының
Банк құрушы занды немесе жеке тұлға Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу үшін өтініш беруі керек. Арызға келесі құжаттар қоса тіркеледі:
• жаңадан құрылатын банктің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғысы, жарғыны қабылдаған және банктің органдары бекіткен хаттама;
• құрылтайшылар туралы мағлұмат (Ұлттық банктің белгіленген тізімі бойынша), құрылтайшы-заңды тұлғаның соңғы екі жылдағы бухгалтерлік балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық фирманың (аудитордың) қорытындысы;

- Банк жүйесінің түсінігі
- Банк жүйесін қалыптастыру
- Банки
- Банк и банковская система
- Банки. Банковская система РФ
- Банк и банковское дело
- Банк и банковское дело
- Банк жүйесі
- Банк жүйесі
- Банк жүйесінін, маңызды элементі — банктер болып табылады
- Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
- Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
- Банк жүйесінің құрылымы
- Банк жүйесінің қызметтері