Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
С Ө Ж
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Ауданы: 736, 1 мың шаршы шақырым
Халқы: 2,3 млн адам
Тығыздығы: 2,9 адам/км
Құрамындағы облыстар: Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары
Батыс Қазақстан - республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа(24% жуық) және минералды тыңайтқыш (35%) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.
Батыс Қазақстанның әрбір облысы өзіне
тән маманданған. Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облысында жүргізіледі.
Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары .
Атырауда республикамыздағы ірі мұнай
өндеу зауыты жұмыс істейді (республика
бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы
(26%). Ауданның батысындаҚарашығанақ мұнай газ конденсаты кен
орны бар. Бүл жерде мұнайды өндірумен
бірге жаңадан салынған зауытта мұнайды
өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп, өндірісті
одан ары дамытуда Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді.
Бұл газ Ақтау қаласындағыпластмасса зауытыны
Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе
облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-бояу зауыты және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқышшығаратын Алға химкомбинаты бар.
Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша
сала ретінде дамыған. Атырау, Орал және Ақт
Ауыл шаруашылығы
Агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл
шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту
қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында
судың жетіспеуінен егіншілікпенайнал
Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және балық өңдеу салалары (Атырау қаласындағы
балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консерві зауыты) ерекше орын алады. Тамақ өнеркәсібінің
(ұн тарту,нан пісіру және т.б.) жақсы дамыған облыстарына
Батыс Қазақстан және Ақтөбені жатқызуға
болады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында
жеңіл өнеркәсіп біршама жақсы дамыған.
Негізгі кәсіпорындарына тігін және был
Басқа экономикалық аудандарға
қарағанда Батыс Қазақстан
Аймақтың аумағы арқылы жоғары деңгейде механикаландырылған және автоматтандырылған магистральды құбыр жолдары салынған. Олардың бірнешеуі мемлекетаралық маңызға ие: Ақтау- Атырау-Самара (Ресей), Орта Азия-Орталық, Бұқара-Орал (Ресей), Атырау-Ор (Ресей), Қарашығанақ-Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара (Ресей). Құрлық көліктері арасындағы маңыздысы - темір жол.
Каспий теңізінің Шығыс жағалауында республикамыздағы жалғыз Ақтау порты орналасқан. Порт әр түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнайды, мұнай өнімдерін шет елдерге тасымалдауға арналған. Порттың айналасындағы су қатпайтын болғандықтан жыл бойы жүк тасымалдауға мүмкіншілік бар. Бір мезгілде сыйымдылығы 12 000 тонна болатын, төрт танкерге қызмет жасай алады.
Аймақ шаруашылығының карқынды дамуы нәтижесінде төрт ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты.
- Атырау-Ембі өнеркәсіп торабы өнеркәсіптің мұнай және балық өңдеу салаларына маманданған. АӨК құрамына енетін өндірістер: Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауыты, республикамыздағы ең ірі балық өңдеу комбинаты мен машина жасау зауыты (мұнай- газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады) және Балықшы кентіндегі кеме жөндеу зауыты мен балық консерві комбинаты.
- Маңғыстау өнеркәсіп торабының (құрамында Ақтау, Жа
ңаөзен, Форт-Шевченко қалалары мен бірнеше кенттер бар) негізгі маманданған саласы - мұнай-газ өнеркәсібі. АӨК құрамында: газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қаласы), пластмасса зауыты (Ақтау қаласы), балық консерві комбинаты (Баутина кенті), балық зауыты мен токыма фабрикасы (Ералиев кенті) бар. Кешеннің дамуына Маңғыстау түбегіндегі мұнай, газ, құрылыс материалы сияқты ресурстардың тигізер үлесі зор. ТМД көлеміндегі мұнай өндіретін аудандар арасында Маңғыстау 6-шы орынды иемденеді, кешеннің аумағы 128 мың км², қала халқы 87%. - Ақтөбе өнеркәсіп торабы никель, хром өндірісіне маманданған, хромды өндіретін және байытатын кәсіпорны Хромтау қаласында орналаскан.
Сонымен бірге маманданған
салаларына ферроқорытпа, минер
- Орал өнеркәсіп торабы ауыл шаруашылық, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өңдеуге маманданған. Өнеркәсіп торабының құрамы: механикалық, жөндеу, аспап жасау зауыттары, құрылыс-монтаж құралдарын дайындайтын зауыт, кеме жөндеу кәсіпорны, металл бұйымдары зауыты, былғары зауыты, байпақ-киіз фабрикасы, ет консерві және ұн тарту - жарма комбинаты, мия зауыты және т.б. Соңғы кездерде Батыс Қазақстанның экономикасының көтерілуі aуданның көптеген экономикалық-әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіншілік береді. Былтырғымен салыстырғанда жаңа жұмыс орындары 30%-ға көбейді. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби деңгейін көтеру орталықтары ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздар саны 2%-ға төмендеді.
Атырау
Атырау (207 мың адам) - Каспий теңізінің іргесі солтүстігінде, Жайық өзенінің жағалауында орналаскан. Іргесі XVII ғасырда балықшылар елді мекені ретінде қаланған (ол кезде Гурьев деп аталды). Алғашкы кезде Жайық өзенінің құяр жерінде пайда болған елді мекенді Үйшік деп атады. Үйшіктің мағынасы балықты торға түсіретін жер деген мағынаны білдірген. Елді мекеннің салынуы бекіре балықтарының көбеюі кезінде Жайықтан жоғары жібермей үстау мақсатында қаланған болатын. Ол кездерде Атырау балық шаруашылығы дамыған кішкене ғана уезд орталығы болған. Теңіз жолының ашылуы Ембі алабындағы мұнай өнеркәсібінің орталығына айналдырды. Республикамыздағы тұңғыш мұнай өңдеу зауыты да осында салынды. Сонымен бірге мұнай құралдарын шығаратын, механикалық және кеме жөндеу зауыты, балық консервісі, ет, сүт және нан комбинаттары бар.
Ұлы Отан соғысы жылдары Атырау ерекше маңызды қалалардың бірі болды. Бір жағынан Қазақстанды фронт болып жатқан аудандармен байланыстырса, екіншіден, батыстан көшірілген өнеркәсіп орталықтары мен адамдарды тасымалдады. Атырау арқылы Баку мұнайы Орал және Сібір аудандарына тасымалданды. Су жолы арқылы соғысқа қару-жарақ, азық-түлік, әскерлер жіберілді.
Атырау қаласы үш аудандан түрады: Ескі, Жаңа және Гипсті. Ескі бөлігі Жайықтың Еуропа бөлігінде орналасқан. Бұл аймағында ескі, бір қабатты ағаш кірпіш үйлер мен әкімшілік үйлері орналасқан. Сол жағалауында (Азия бөлігі) жаңа үй құрылысы жүргізілуде (Ембі мұнай қалашығы). Жағалаудың осы бөлігіндегі мұнай өңдеу зауыты маңында Гипс қалашығы бар. Бұлай аталу себебі үйлердің құрылыс материалдары гипс блоктарынан салынған.
Ақтөбе
Ақтөбе (300 мың адам) - Батыс Қазақстанның
индустриалды және мәдени орталығы. 1869
жылы Ақтөбе бекінісінің орнында
салынған. Қазіргі таңда Ақтөбе - облыс
орталығы. Ресейдің Орынбор және Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық
экономикалық аудандарының облыстарымен
шектеседі. Қаланың географиялық орны
қала халқының ұлттық құрамына және экономикасы
мен мәдениетінің дамуына әсер етті. Қаладағы
негізгі ұлт өкілдері қазақтар, татарлар, б
Орал
Орал - көрікті калалардың бірі. Қаланың іргесі XVII ғасырда Жайық қалашығы деген атпен қаланған болатын. 1773-75 жылдар аралығында Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің орталығы болатын. Қаланың қазіргі атауы 1775 жылдан бері аталады. Ресей патшайымы Екатерина кетерілістің атауын халық санасынан шығару мақсатында Жайық қалашығын Орал деп өзгертті. Жергілікті қазақтар Теке деп атаған. Қала Ресей,Қазақстан, Орта Азия аралығындағы сауда жолында орналасқандықтан тез дами бастады. Өзенде кеме қатынасының басталуы мен темір жолдың салынуы өнеркәсіптің дамуына әсер етті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал Сталинград шайқасының жақын тылына айналды. Сол кезде қалаға әскери қорғаныс саласының 14 өнеркәсібі және 20 әскери госпиталь көшіріліп әкелінді.
Бүгінгі күнде ет консерві комбинаты
(Қазақстанда 4-орын) ұн-жарма және мия зауы
Батыс аймақтың болашағы бар жас қаласы - Ақтау (168 мың адам). Іргесі 1960 жылдары қаланған. Мұнай және газ өнеркәсібінің мұнай химиясының орталығы және Каспий теңізіндегі портты қала. Ақтаудан Маңғыстаудың барлық мұнай өндіру аудандарына автомобиль жолы, алЖетібай мен Жаңаөзенге темір жол тартылған
Ақтау
Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.
Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа
2010 жылдың сәуір-мамыр айларында О
Экологиялық проблемалары
Каспий теңізі алабындағы мұнай және газ кен орындарын
кең көлемде игеру теңіздің және жағалаудың экожүйесіне қолайсы
Үдемелі индустриалды дамудың аймақтағы көрінісі
2014 жылдарға арналған үдемелі
индустриалды-инновациялық
Ақтөбе-индустриясы дамыған өлке. Болашақ
жоспарларын да ауыз толтырып айтуға болады.
2015 жылға дейін 2 және 3-кезектегі «3-Жаңажол»
газ өңдеу зауытының құрылысын бастау
жоспарланды. Күрделі минералды тыңайтқыш
өндіретін комбинат, алтын қоспасы бар
рудаларды өңдеу фабрикасы салынады. Теміржол
мен төсеніштер шығаратын және қуаттылығы күніне
600 тонна болатын әйнек зауытының құрылысы басталды.
2015 жылға дейін Ақтөбеде 80 жоба жүзеге асатын
болады.
Ал Атырау облысы индустриалды-инновациялық даму
бағыты бойынша атқарған жұмысы аз емес.
Атап айтқанда, Атыраудағы макарон фабрикасы,
Индер
ауданындағы ас тұзын өндіретін зауыт
(2 млрд тонна тұз қоры бар көлден зауыт
жылына 50 мың тонна тұз өндіреді) және құрғақ
құрылыс қоспаларын шығаратын
зауыт. Бұл зауыт 2010 жылы іске қосылды.
Құрылыс тауарларының 10 түрін шығарады.
Ал Құлсарыда 80 адамды жұмыспен қамтыған
қазан зауыты жұмыс істеуде.
Мекеме мұнай компанияларына өз өнімдерін
жеткізуде. Жылыой ауданындағы құс фабрикасының
тәулігіне 150 мың жұмыртқа өндіретін қуаты
бар. Сонымен қатар,
Атырау облысындағы «ҚазТурбоРемонт»
зауыты газ турбиналық құрылғыларға жөндеу
жасап, қызмет көрсетеді және 157 адамға
жұмыс тауып беріп отыр.
Өңірде Индустрияландыру картасы аясында
2010-2012 жылдары жалпы құны 58 млрд теңгенің
21 инвестициялық жобасы іске асты. 1900 жұмыс
орны ашылды. Қазіргі таңда 26 жоба іске
асырылуда. Оның құны 1 трлн. 400 млрд теңге. Еліміздегі
«Фармация» компаниясы бір реттік шп-
риц үшін бөтенге алақан жаймайтын болды.
Барлық медициналық мекемелер шприцті
үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасы бойынша Атырау облысында
ашылған «Брандо» зауытынан алуға қол
жеткізді. Мұнайлы өлке - Маңғыстауға келер
болсақ, өңірдің индустриалды-инновациялық
дамуы қарқынды. Осы кезге дейін аймақтық
индустриаландыру картасы бойынша облыста
229,4 млрд теңгені құрайтын және жаңадан
10,4 мың жаңа жұмыс орны ашылатын 31 жо-
ба іске қосылды. Ал республикалық индустрияландыру
картасына жалпы құны 394,1 млрд теңге болатын
және 20 мыңнан жұмыс орны ашылатын 3 жоба
енгізіл-
ді.
Дәлірек айтқанда, Маңғыстауда 2010 жылы
8 нысан, 2011 жылы 9 нысан іске қосылды. 2012
жылы Маңғыстау облысында Индустрияландыру
картасы бойынша сметалық құны 11 млрд.
теңге болатын 6 жаңа кәсіпорын іске қосылды.
1162 жаңа жұмыс орны ашылды. Өткен жылы
аймақта «Эко - су тазарту» ЖШС мұнай қалдықтарын
қайта өңдейтін «Шырын» зауыты іске қосылған.
Сүт өнімдерін шығаратын «Гурман» ЖШС
өндірісі қуаттылығын арттырды. Іске асқан
тағы
бір жоба-аммиак, азот қышқылы, аммиак
селитрасын шығаратын «ҚазАзот» ЖШС өндірісі
жаңартылды.
АСКИ-Маңғыстау» ЖШС мұнай мен мұнай өнімдерін
сақтайтын терминал салып, су мен газ құбырларын
шығаратын «АрланGroup-Aktau» ЖШС зауыты ашылды.
Сонымен қатар, жақын күндері «Осетр -
Аралды» тауарлы бекіре фермасын құру
жұмыстары аяқталған.
2013 жылы 3 жоба жүзеге асады, оның құны
111, 4 млрд теңге. Жобалар іске асқанда,
3862 жаңа жұмыс орны ашылады. Олар: Шетпедегі
цемент зауыты, Ақ-
таудағы сұйық дәрілер шығаратын фармацевтикалық
кешен, жол битумын шығаратын зауыт. Сондай-ақ
телекөпірде маңғыстаулықтар орта қуатты
электр өнімдерін жинақтап шығарумен
айналысатын «Риг» ЖШС жұмысымен таныстырды.
Мекеме электр құрылғыларын жасайды және
энерготехника-
лық өнімдерді тасымалдайды. Бұл облыста,
жалпы батыс өңірде баламасы жоқ мекеме.
Онда 180 маман жұмыс істейді.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың
арқасында Батыс Қазақстан облысының
соңғы үш жылдағы дамуы негізгі көрсеткіштердің
қарқыны өсіп отыр. Өнеркәсіп өндірісі
соңғы үш жылда 1,6 есеге өсті. Өңдеу өнеркәсібінде
өнім көлемінің 3 пайызға артуы қамтамасыз
етілді. Индустрияландыру картасы аясын-
да облыста 1700 жұмыс орнын ашу арқылы 256
млрд. теңгеге 33 инвестициялық жоба іске
асырылуда. Бұл 1700 жұмыс орнын құруға мүмкіндік
береді.
Облыстағы ірі кәсіпорын «Агрореммаш»
АҚ өртке қарсы құралдар өндірісі мен
коммуналдық техникалар шығарады. Мұнда
металл конструкциясының бетіне
қорғаныш жағу өндірісі де іске қосылған.
Жылына 8,5 мың тонна металды мырыштайтын
цех үдемелі индустриалды-инновациялық
бағдарлама аясында ашылды. Жоба құны
240 млн. теңгені құрады. Мырыштау цехында
55 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қазіргі таңда Оралда «Қарашығанақ» газ
құбыр құрылысы Елбасының тікелей тапсырмасымен
жүзеге асырылды. Облысты 500 млн. текше
метр өндіріп, қамтамасыз етіп отыр. Соның
арқасында, өңірдегі тұрғындардың 80 пайызы
газға мұқтаж емес. Батыс Қазақстан облысы
бұдан бөлек көгілдір отынның көмегімен
электр қуатын, өндіретін газ турбиналық
электро-стансасымен және тәтті тағамдар,
макарон өнімдеріншығаратын зауытпен
мақтана алады.
Міне, еліміздің батысындағы
облыстардың әлеуметтік-экономикалық
әлеуеті осындай. Қазақстанның қазынасын
байытып, экономикасын дамытуда Маңғыстау,
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының
үлесі зор.

- Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері
- Батыс түрік қағанаты
- Батыс – Түрік қағанаты
- Батыс Түрік қағанаты
- Батыстық психологияның бүгiнгi даму бағыты
- Батыстық психологияның бүгінгі даму бағыты
- Батька Минай
- Батыс еуропадағы ортағасырлық философия
- Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия
- Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия
- Батыс Еуропадағы орта ғасыр философиясындағы теоцентризм
- Батыс және шығыс өркениет
- Батыс Қазақстан облысы
- Батыс Қазақстан облысының табиға