Базарда етке ветеринариялық санитариялық сараптау жасау
Жоспар
- Ветеринариялық - санитариялық сараптау.
- Мал шикізатының ветеринариялық – санитариялық сараптау.
- Мал және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
- Сүт және сүт өнімдерінің ветеринариялық – санитариялық сараптауы.
1. Ветеринариялық санитариялық сараптау.
Мал дәрігерлік санитарлық сараптау – мал шаруашылығы өнімдерін дайындау технологиясын қадағалай отырып, алынған ет пен ет өнімдері, сүт пен сүт тағамдары және шикізаттарды, сондай-ақ тағам ретінде пайдаланатын балық, көкөніс, бал т.б. өнімдерді тиісті санитарлық тексеруден өткізіп, олардың сапасына нақтылы баға беру тәсілдетін үйретеді.
Мал өнімдерін дайындау кезеңінде, оларды өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, сондай – ақ тамақ кәсіпорындарында тағамдар мен жартылай фабрикаттар дайындағанда және базарларда сатылғанда тиісті ережеге сай мал дәрігерлік санитарлық сараптау жүргізіледі.
2. Мал шикізатының ветеринариялық санитариялық сараптамасы
Мен Семей өңірлік ветеринариялық зертханасына ет комбинатынан зерттеуге әкелінген май - терінің қос тотық санын және қышқыл санын анықтадым.
Қос тотық санын анықтау:
Колбаға 1-2г. майды өлшеп (±0,01). Майды өлшеп су моншасында еріттім. 7,5 мл мұзды сірке қышқылы және 5 мл хлороформ қоспасында ерітеді. Алынған ерітіндіге 1 мл жаңа дайындалған қаныққан йодты калийдің судағы ерітіндісін қостым. Колбаны тығынмен жауып, 5 минут шәйқадым. 60 мл су қосып, оған 1 мл 1% крахмал ерітіндісін қосқаннан кейін, ерітінді көк түске боялды. Одан кейін 0,01н гипосульфит ерітіндісімен көк түстін жоғалуына дейін титірледім. Бақылау үшін қайта сол реактивтерді, бірақ майсыз қолдандым.
Шошқа шел майы сынамасы ЭК 238 – 250 бойынша жұмысты бастадым. Органолептикасы: ақ түсті, ашық қызыл реңді, жеке сынамалар пестичный; бөгде иісі жоқ; еріткенде сөлі мөлдір, иісі өзіне тән. Титрлеуге 0,05 мл 0,01н гипосульфит NaK ерітіндісі кетті.
Қос тотық санын мына формула бойынша анықтадым:
Д=
Мұндағы:
а-май мен титрлеуге кеткен 0,01н гипосульфиттің мөлшері;
б-жоғарғыдай, бірақ бақылау сынамасы үшін;
0,00127-0,01н гипосульфит
мөлшері;
М-май мөлшері (г).
Майдың қос тотық санын анықтау нәтижелері:
1-сынама (0,03-0,05)*0,127/1,35= 0.03% I
2-сынама (0.28-0.05)*0.127/1.42=0.02% I
3-сынама (0,75-0,05)*0,127/1,75= 0.06% I
4-сынама (0,52-0,05)*0,127/1,3 = 0.05% I
5-сынама (0,68-0,05)*0,127/1,25= 0.06% I
Терінің қос тотық санын анықтау нәтижелері:
1-сынама (0,35-0,05)*0,127/1,25= 0.03% I
2-сынама (0.2 -0.05)*0.127/1.5 =0.02% I
3-сынама (0,38-0,05)*0,127/1,2 = 0.04% I
4-сынама (0.45-0,05)*0,127/1,38= 0.4% I
5-сынама (0,15-0,05)*0,127/1,45= 0.1 % I
Май-терінің қышқыл санын анықтау:
Колбаға немесе химиялық стаканға 2г. май өлшеп алдым (±0,01г.). Су моншасына қойып, 1:2 қатынасындағы нейтралды спиртпен эфирдің 20 мл қостым. Алынған қоспаға 3-5 тамшы 7%-ті фенофталеиннің спирттік ерітіндісін қостым. Содан кейін оны тез арада 0,1н NaOHK мен жоғалмайтын қызылтым түстін пайда болуына дейін титрледім.
Титрлеуге 0,1н NaOH K=0,99 кетті.
Қышқыл санын мына формула бойынша анықтадым:
Х=
Мұндағы:
Х-қышқыл саны;
а-титрлеуге кеткен 0,1н NaOHK мл мөлшері;
5,61-0,1н ерітіндісінің 1 мг-гі NaOHK мл мөлшері;
М-май мөлшері (г.).
Майдың қышқыл санын анықтау нәтижелері:
1-сынама 0,02*4/1,1=0.73 мг NaOH
2-сынама 0.03*4/1,25=0.96мг NaOH
3-сынама 0.01*4/1.26=0.32 мг NaOH
4-сынама 0.02*4/1.3=0.62 мг NaOH
5-сынама 0.2*4/1.2=0.67 мг NaOH
Терінің қышқыл санын анықтау нәтижелері:
1-сынама 0.2*4/1,29= 0.62 мг NaOH
2-сынама 0.25*4/1,3=0.77мг NaOH
3-сынама 0.3*4/1.25=0.96 мг NaOH
4-сынама 0.11*4/1.3=0.34 мг NaOH
5-сынама 0.1*4/1.35=0.3 мг NaOH
3. Мал мен құс шаруашылығының ветеринариялық санитариялық сараптауы.
Мен практика барысында әр түрлі мал ұшаларын тексеруді үйрендім. «Жаңа базар» базарының ветеринариялық зертханасынан күніне 4-5 қой, 3-4 ірі қара, 3-5 шошқа және кей кезде 1-2 жылқы малдарының ұшалары сараптаудан өтеді. Мен өндірістік тәжірибені өту кезінде әрбір әкелінген ұшаның ең алдымен вет.күәлігін немесе анықтама қағазын тексердім. Одан кейін ғана ұшаларды тексеру жұмыстарына кірістім.
- Ірі қара малдарының сойылғаннан кейін ұшасын және ішкі органдарын тексеру:
1) Басты зерттеу. Басты теріден алып тастайды, тілді ұшынан және екі жанынан кеседі жақтан еркін түсіп тұруы керек. Тілді, ерінді, ауыз қуысының сілекей қабықтарын қарап қолмен ұстап тексереді. Тілді сілекейден және жем-шөп қалдықтарынан тазалайды. Егерде тілде патологиялық өзгерістер жоқ болса оны кесіп қарамайды. Жақтың, жұтқыншақтың (орта және шеткі) құлақ түбінің лимфа түйіндерін ашып тексереді.
Жақтың бұлшық
еттерін сыртқысын қарама-
2) Іш құрылыс мүшелерін зерттеу - Ішкі құрылыс мүшелерінің кұрамына өкпе кеңірдегімен жүрек, бауыр өт қабымен, көк ет және қарын жатады.
Өкпені сырт жағынан және ұстап қарайды. Бронх бездерін трахеобронхит бездерін, оң және сол бронх бездерін, ортаңғы, каудальды, краниалды бездерін ашады. Кеңірдек пен бронхты және өкпе паренхимасын өкпені ұзына бойына ірі бронхтардың бағытына қарай кесу арқылы тексереді.
3) Жүректі зерттеу. Жүрек қабын ашады. Жүректің сыртқы сірі қабығы және жүрек қабының жағдайын тексереді. Содан кейін жүректің оң және сол бөлігін үлкен кривизина арқылы тіледі, бір мезетте жүрек капшығы /предсердий/ мен кабығын /желудочков/ ашады.
Жүректің бұлшық ет қабатын (миакард), жүректің ішкі қабығы /эндокард/ жүрек қан тамыры және қалқанын қарайды. Жүрек бұлшық еттерін тесіп алмай ұзына бойына және көлденеңінен бірнеше тіліктер жүргізеді /цистицеркоз/.
- Бауырды зерттеу. Бауырды сырттай қарап, ұстап тексереді көк ет және виссералды жағынан қарайды. Көк ет бауырға жабысқан жағдайда ажыратады, бауырдың патологиялық өзгеруіне /абсцессы/ қарап паренхимасын тексереді. Порталды лимфа түйіндерін тіліп қарайды
және өт жолына қарай тесіп алмай 2-3 рет тіледі. - Көк бауырды зерттеу. Көк бауырды сыртынан қарап тексереді, содан кейін бойлай тіледі және оның сыртқы-ішкі түрлерін анықтайды.
- Бүйректі зерттеу. Бүйректі капсуладан шығарады. Ұстап көреді. Патологиялық өзгеріс барын байқаған жағдайда тіледі. Бір мезетте бүйректің лимфа түйіндерін тексереді.
- Желінді зерттеу. Желінді мұқият қолмен ұстап тексеріп қарайды. Қатарынан 1-2 жерден терең тілік жүргізеді. Лимфа түйіндерін ашып тексереді.
- Ішек қарынды зерттеу. Оның сірі қабығы жағынан қарайды. Бірнеше асқазан және лимфа түйіндерін кесіп көреді. Керек болған жағдайда ішек карынның кілегейлі қабығын ашып қарайды.
- Жатыр мен аталық ұрық бездерін, қуық, ұйқы безін зерттеу. Қарап тексереді, керек болған жағдайда ашып кесіп көреді.
- Ұшаны тексеру. Ұшаны сырт жағынан және ішкі жағын қарайды ұйыған қандарға, өсінділерге, сүйегінің сынғандығына және тағы да басқа патологиялық жағдайларға көңіл аудару керек. Керек болған жағдайда негізгі лимфа бездерін сырттай және кесіп қарау керек, және мойынның, белдеменің, анконустың бұлшық еттерін кесіп цистицеркозға тексереді.
- Ұшаның мынадай негізгі лимфа түйіндері тексеруден өтуі тиіс: мойынның артқы терең безі, қабырға-мойын, бірінші қабырға, қолтық асты немесе жауырын асты, мойын сырты безі, төстің алдыңғы /жұп және тақ/, төстің үсті, қабырға арасындағы, үстіңгі орта қабатты, астынғы орта қабатты, белдің, жамбастың сыртқы және жамбастың кемік басы, жамбастың медиалды, латералды бездері. Құйымшақ, шап бездері. Бұзауларды тексергенде кіндігін және аяқ буындарын қарайды.
- Ұсақ малдардың ішкі мүшелерін және ұшасын тексеру ірі қара малдардың тексеру тәртібіндей тексереді. Казеозды лимфаденитке тексеру үшін мойынның сыртқы және тізе буыны тексеріледі.
- Союдан кейінгі шошқаның ішкі мүшелері мен ұшасын зерттеу методикасы негізінен ірі қара малды союдан кейінгі зерттеуіндей, бірақ кейбір ерекшеліктерін атап өту керек:
- Шошқада жақ асты бездерін, көмейдің шырышты қабығын, өңеш үстіндегі миндалинді мұқият тексеру қажет. Цистицеркозға зерттеу жүргізу үшін қосымша желке бұлшық еттерін және көк етін, қажет болған жағдайда жауырын-шынтақ, бел, жамбас кесіп қарайды. Көк етін алып трихинеллоскопияға зерттеу жүргізеді.
- Бас маңайында жақ асты бездерінен басқа қосымша бездер бар. Олар жақтың арт жағында сілекей бездері күре тамырға бөлінген жерде орналасқан.
- Ортаңғы қабатты үстіңгі лимфа түйіндерден тек краниальді ғана болады. Олар өте құбылмалы саны жағынан /1-5/, орналасқан жері алдыңғы аорта доғасы. Шошқада оң және солдан басқа, ортанғы /астыңғы/ бронхиалды лимфа түйіндері бар. Кеңірдек бронхқа бөлінетін бұрышында орналасқан, кейде сол бронхиалды лимфа түйінімен қосылып бірыңғай конгломерат түзеді.
- Шошқада ірі қара малдан айырмашылығы көкбауыр лимфа түйіндері бар. Көк бауыр артериясын жағалай орналасқан.
- Шошқада төс, қабырға аралық және қолтық асты лимфа түйіндері болмайды. Мойын үсті лимфа түйіндері үш топқа бөлінеді: үстіңгі, астыңғы және ортаңғы.
- Тізе асты лимфа түйіндер шошқада екі топқа бөлінеді: терең және сыртқы. Сыртқысы жиі кездеседі.
Шошқаның топшы асты бірінші қабырғасының лимфа түйіндері қара малға қарағанда жақсы жетілген. Ортаңғы және жанындағы бел, құймышақ, бүйрек, жамбастағы лимфа түйіндер үлкен семіз шошқаларда майынан көрінбейді және сау шошқада білінуі қиын.
- Жылқы малын сойғаннан кейінгі ішкі мүшелерін, ұшасын қарап тексерудің ерекшелігі:
Лимфа түйіндері жылқы малында, ұсақ түйіндерден құралған пакет түрінде көрінеді. Жылқыда қосымша тіласты лимфа түйіндері жақ аралық кеңістікте болады, төменгі жақтың тармақтану бұрышында, шынтақ буынына жақын иық сүйекте, иықтағы екі басты және үш басты бұлшық етінде.
Басты зерттеу
кезінде жақ асты тіл асты лимфа
бездерін кеседі, танау, ауыз, мұрынның
шабылған жерін қарайды. Жылқының ішкі
құрылысын тексерген кезде
Жылқы ұшасын тексергенде қосымша бұлшық еттерін ішкі жағынан меланомаға тексереді. Жылқы малының қалған тексерулері ірі қара мал ұшасын тексергенмен бірдей.
Мен «Жаңа базар»
базарының ветеринариялық зертханасында
ұшаларды жоғарыдағы көрсеткіштер бойынша
тексеру барысында Жарма
Аурулар табылған және өзгерістер бар мүшелер 5% хлорлы әк ерітіндісімен утилизацияға жіберілді, ал ұшалары шексіз сатылуға босатылды.
Фасциоллез, дикрацеллез – инвазиялық ауру, бауыр сорғыштар, трематоттар Fasciola hepatika, Fasciola gigantika. Тоғышарлары бауырдың ұлпасында, өтте, өт жолында мекендеп ауру туғызады. Бұл аурумен қой, ешкі, ірі қара, түйе, жылқы, шошқа, есек, бұғы, қоян ауруды.
Зақымданған мүшелерді утелизацияға жатқызып, ал таза мүшелер мен ұшаны сатуға бөгетсіз жібереді. Егер ішкі органның 2/3 бөлігі зақымданса бүкіл ішкі орган мен ұшаны утилизацияға жібереді.
Актиномикоз –
ірі қара малының созылмалы ауруы.
Қоздырушысы – сәулелі
Актиномикоз процессі сүйекті, ішкі ағзаларды, ұшаның бұлшық еттерін зақымдаған кезде, ішкі ағзалар мен ұшаны утилизацияға жібереді. Бас сүйегі мен бұлшық еттері зақымдалса, оны толығымен утилизацияға жібереді. Егер бастың тек лимфа түйіндері ғана зақымдалса, онда оларды кесіп алып тастап, ал басты пысыру арқылы залалсыздандыруға жібереді.
Эхинококкоз – Эхинокок қапшығының ішіне сұйық толған төмпешік тәріздес паразит сыртынан кутикулярлы қабықпен қапталып, ішінде ұрығы болады.
Эхинококкозбен зақымдалу аса көп болса, ұша мен ішкі органдарды утилизацияға жібереді. Егер эхинококк бір ғана мүшені зақымдаса, онда сол ғана мүшені тех.утилге жібереді. Ал, зақымданбаған мүшені бөгетсіз босата береді.
Пневмония – Аурудың жиі пайда болу себебі – малдарды ылғалды суық же,рлерде, цемент еденде ұстау; зеңді жеммен азықтандыру, тасымалдау режимін сақтамау.
Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы олардың кілегей қабықтарының өзгеруімен анықталынады. Пневмонияда - өкпенің жекелеген бөліктерінде тығыздалған ошақтарды көруге болады.
Барлық жағдайда өкпені жекелей немесе толықтай бракқа жібереді. Жұқпалы емес этиологиялы ошақты пнемонияда барлық сойыс өнімдері шексіз босатылады.
Сонымен қатар «Жаңа базар» базарының зертханасында мал ұшасынан басқа құс ұшалары да тексеріледі. Мен тауық етіне пероксидаза, CuSO4 реакциясын қойдым. Тауық етінен 2,5 г. сынама алдым. Үстіне 100 мл дистилденген су құйып, оны 2-3 мин. қойып қойдым. Содан кейін одан 2 мл сорып алып, үстіне бензидин 2%, 1% H2O 2 тамшы тамызғаннан кейін реакция нәтижесін оқыдым.
Еттен 20г. сынама алып, 60 мл дистилденген су құйып 10 мин. бойы су моншасына қойдым. Содан кейін кішкене тұндырып арнайы фильтр қағазын қойып, фильтрациядан өткіздім. Содан соң 2 мл – інсорып алып үстіне CuSO4 5%, 3 тамшы тамызып, нәтижесін қарадым. Сау құстың етінде пероксидазаның белсенділігі жоғары болады, ал ауру малдың етінде қабілеті удәуір төмен болады.
Реакция нәтижесі бойынша құс еті сөлінің түсі көкшіл – жасыл. Түс кешігіп барып пайда болады да, тез арада қоңыртым түске айналып кетті. Бұл реакция бойынша құс сау, сондықтан сатуға жіберіледі.
Ауыл
шаруашылық құстарының
Мен «Жаңа базар» базарына әкелінген жұмыртқаларды мал дәрігерлік-санитарлық сараптаудан өткіздім. Әкелінген жұмырқаның әр тобына, жұмыртқа дайындаған шаруашылыққа құстың жұқпалы ауруларынан аман екені көрсетілген куәлік және мал дәрігерлік куәлік беріледі. Сараптаған кезде жұмыртқаның түсін, тазалығын және қатты қабығының бүтіндігін анықтадым. Овоскоптың көмегімен ауа камерасының биіктігін, ақ заты мен сары уызының жағдайын анықтадым. Жұмыртқалар балауса және сатуға жарамды.
4. Сүт өнімдерінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы.
Сүт – тағамдық маңызы жоғары, иммунологиялық және бактерицидтік қасиеттері мол, ұрғашы сүт қоректі жануарлардың сүт бездерінде пайда болатын күрделі биологиялық сұйықтық.
Сүттің құрамында адам организмі үшін өте қажет, өте сіңімді заттар (ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар, витаминдер, ферменттер, гормондар) мол болады.
Адам тағамдарында
сүт өнімдерінің – айран, май,
қаймақ, қымыз т.б. алатын орны үлкен.
Ашытқан сүт өнімдерінің
Мен «Жаңа базар» базарының зертханасына Жаңа – Семей ауданы, Куль Төбе ауылынан әкелінген 20л сүттен 250 мл сүт сынамасын алып зерттедім. Ең алдымен мен сүттің органолептикасына және тазалығына назар аудардым.
Органолептикасы бойынша: түсі – ақ, иісі - өзіне тән, дәмі – аздап тәтті, консистенциясы – біркелкі.
Сүттің механикалық
тазалығын «Рекорд» құралы арқылы тесердім.
250мл сүтті фильтрден өткізіп, алынған
тұнбаны стандартты тазалық этолонымен
салыстырдым. Тазалық 3 түрге бөлінеді:
Этолон бойынша таза, орташа, таза емес.
Зерттелініп отырған сүт тазалы
Және де сүттің тығыздығын, қышқылдығын және майлылығын анықтадым.
Сүттің тығыздығын анықтау:
Бұл анализдің мақсаты сүттің табиғи тазалығын анықтау. Егер сүтке су қосылғаны анықталса, оның тығыздығы төмендейді. Ал, егер де бетінде кілегей болса керісінше тығыздығы артады. Сүттің қалыпты тығыздығы 1,0270А – дан 1,0330А – ға дейін болуы керек. Сүттің тығыздығын ареометр арқылы тексереді.
250мл сүтті
цилиндрге құйып, приборды
Сүттің қышқылдылығын анықтау:
Ең бірінші колбаға 10 мл сүт құйдым, содан соң 20 мл дистилденген су, 3 тамшы 1% фенолфтолеин спирт ерітіндісін қосып, децинормальді күйдіргіш натриймен қызыл түске енгенше титрледім, ол 1 мин.тұру керек. Титрлеуге кеткен ерітіндінің көлемі 10-ға көбейттім.
Сүттің майлылығын анықтау:
Таза май өлшегішке тығыздығы 1,81 – 1,82 10мл күкірт қышқылын құйдым. Тығыздығы 0,810 – 0,813 1мл изомильді спиртін қосып, құғақ резинка тығынмен жаптым. Температурасы 650С су моншасында, тығының төмен қаратып 5 мин. ұстадым. Су моншасынан алғаннан кейін бір біріне қарсы орналастырылған центрифугаға 5 мин. қойдым. Центрифугадан алып қайтадан су моншасына қойдым. Май өлшегішті вертикальді қойып, май қабатының мөлшерін көрдім. Ол көздің деңгейіндей болуы керек.
Сараптау нәтижесі: оргрналептикасы бойынша сұт жақсы, тазалығы таза., тығыздығы – 1,0270 , қышқылдығы -180Т, майлылығы 3,8, сүт сатуға жарамды.
Сондай – ақ мен «Жаңа базар» базарының зертханасында қаймақ пен кілегейдің құрамында ірімшік қоспасы бар ма, жоқ па екендігін анықтадым.
Анықтау барысы: Ыстық суға (66-750С) бар стаканда бір шәй қасық қаймақ пен кілегейді араластырдым. Егер өнімге ірімшік қосылған болса, ол түбіне шөгеді. Таза қаймақ пен кілегей шөгінді бермейді.
Содан кейін мен сары майдың өсімдік майларымен фальсификацияланғанын анықтадым. Пробиркада зерттелінетін майдың бірдей мөлшерін және де оған бензолдағы резорбциннің қаныққан ерітіндісін және берік азот қышқылын араластырдым. Сынамада өсімдік майлары болса, онда куңгірт түс пайда болады.
Нәтижесінде қаймақ пен кілегей және май таза, сатуға жарамды болды.
Қорытындылай келе мен «Вет.сан.экспертиза» пәні бойынша университетте алған теориялық білімімді нығайтып, іс жүзінде қолдана алдым деген ойдамын.
5. Балық шаруашылығының өнімінің ветеринариялық санитариялық сараптамасы.
Мен «Жаңа базар» базарының зертханасына әкелінген балықтан сынама алып мал дәрігерлік – санитарлық сараптау өткіздім. Ең алдымен балықтың органолептикасына назар аудардым, сосын бактериоскопия жасадым.
Органолептикасы. Көздері шығыңқы емес, құрсақ қуысы үрленбеген, желбезек шірімеген, иісі өзіне тән, қабыршақтары бүтін.
Бактериоскопия. Мен балықтың арқа бұлшықетінен 25г. ет алдым. Одан жұғынды жасап, оны Грам әдісімен бояп, микроскоппен қарадым. Метоцеркарий табылған жоқ.
Зерттелінген балық

- Базарный Сызган
- Базаров и Аркадий. Сравнительная характеристика
- Базаров и Павел Петрович Кирсанов
- Базаров - личность с твёрдыми и бескомромиссными убеждениями, человек дела
- Базедова болезнь
- Базель III — новые стандарты капитала и ликвидности
- Базельский комитет по банковскому надзору
- База и банк данных
- Базальная стимуляция
- Базальная тревога
- Базальные ядра
- Базальные ядра
- Базальные ядра
- База оподаткування