Бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану
Бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану
Мектепке дейінгі
ұйымдарда бейнелеу іс-
Бейнелеу іс-әрекетінде жобалау әдісін пайдалануға қойылатын негізгі талаптар:
- Бейнелеу іс-әрекетінің тақырыбын таңдау, оны орындаудың тиімді жолдарын ойлану, іздеу және оның маңызы мен мәнін шығармашылық бағытта шешу жолдарының қарастырылуы;
- Нәтижеге жетуде бірлескен іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, қажетті құрал-жабдықтарды таңдау, сурет салу, мүсіндеу немесе жапсыру жұмыстарын орындауға бағыт-бағдар беру;
- Балалардың өздігінен дербес әрекет етуі үшін таңдалған тақырыпқа сәйкес іс- әрекеттің орындалу ретімен таныстыру: ең алдымен нені орындау, одан кейін неге көңіл бөлу, үлкен бөліктер мен ұсақ бөліктерді үлестіру, жалпы мазмұнның дұрыс шығуына мән беру (жеке, жұппен және топпен жұмыстар);
- Жобаның (іс-әрекеттің) мазмұндық бөлігінің құрлымын жүйелеу (нәтижеге жетудің кезеңдерін нақтылу);
- Зерттeу әдістерін тиімді пайдалану: мәселені анықтау, оның мақсаты мен міндеттерін нақтылау, оны шешудің болжамын жасау, зерттеу әдістерін талдау, соңғы нәтижені безендіру, алынған мәліметтерді өңдеу түзету қортынды жасау;
Жобалау әдісінде оқытуға қойылатын мақсат:
- бейнелеу іс-әрекетімен
айналысу үшін балаларға
- танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу дағдысын қалыптастыру;
- әртүрлі шағын топтармен жұмыс жасай отырып, коммуникативтік, дағдылырын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету;
- өздерінің зерттеу дағдыларын дамыту (мәселені анықтау, ақпарат жинақтау, бақылау, эксперимент жүргізу, талдау жасау, болжам құру, тарату т.б.);
- жүйелі ойлау дағдысын
қалыптастыру, көркемдік талғамын
дамытып, эстетикалық тәрбие
Жобалау әдісінің теориялық позициясы:
-балаға басым назар
аударылып, оның шығармашылық
қабілетін дамытуға басым
- білім беру үдерісі
оқу пәнінің логикасына ғана
емес, іс- әрекеттің логикасына құрылады
(бала үшін жеке тұлға ретінде
қарау және баланы оның
- жеке жұмыс жасау барысында жобалау әдісі арқылы әрбір баланың өзіндік даму деңгейін қамтамасыз етеді;
- жобалау әдісі баланың
физиологиялық психикалық
- алуан түрлі жағдаяттарды
пайдалану арқылы баланың
- алуан түрлі бейнелеу
іс-әрекетіне қажетті
Жобалау әдісінің маңызы:
Бала жұмыс
барысында шынайы объектімен
және процеспен толық танысады.
Ол баланың нақты жағдаяттарды
шешуге, құбылыстарды терең танып
білуге және жаңа объектілерді
құрастыруға жетелейді.
Ойынның қызметі:
- психологиялық - балаға
түсірілген күшпенен
- психотерапиялық - мұнда
балаға көмектесе отырып өзіне
және өзгелерге деген
- технологиялық - баланың ойлауы мен қиялын шындыққа жақындату;
Ойында бала
өзін қауіпсіз сезініп,
Бейнелеу іс–әрекетінде жобалау әдісін орындау үлгісі
Жобалау кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
1 кезең |
1. Тақырыпты анықтау. Мақсат қою және нәтижені айқындау. 2. Бейнелеу іс–әрекетіне қажетті құралдарды, әдіс –тәсілдерді таңдау. 3. Қандай міндеттерді
шешу қажеттілігін анықтап алу. |
1.Мәселені анықтау, тақырыпты келісіп, бірге таңдау. 2.Балалар өздеріне қажетті құралдарды дайындап алады. (бояу, қылқалам, қағаз, қайшы, желім т.б) 3. Міндеттерді шешу үшін
жекелей, жұппен немесе |
2 кезең |
4. Тәрбиеші балаларға міндеттерді шешуге көмектеседі. 5. Іс–әрекеттерді жоспарлауға
көмектеседі, орындалу ретін 6. Іс–әрекеттерді ұйымдастырады. |
5.Балаларды жұмыс топтарына бірігеді. 6.Балалардың рөлдерін және қызметтерін бөлу, сурет салуға (мүсіндеуге, жапсыруға) кіріседі. |
3 кезең |
7. Тәжірибелік көмек көрсету. (қажет болуына қарай) 8. Жобаны жүзеге асыруға бағыт береді және бақылау жасап қадағалайды. Шығармашылықпен жұмыс жасауға, дербес әрекет етуге бағыт беріледі. |
7.Іс–әрекетке қатысты
өзіндік білім, білік, |
4 кезең |
9. Жұмысты қорғауға дайындалу. 10.Қорытындылау және талдау жасау балаларға рухани ләззәт алатындай, әсер қалдыратындай болуы шарт. |
8. Салған суреттерін сипаттау,
жетістіктерін атап өту. 9.Жобаға тұсаукесер жасау. |
Осы сызбадағы үлгіні пайдалана отырып тәрбиеші технологиялық карта жазуда, яғни сабақтың құрылымын нақты айқындай алады.
Зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері
Бейнелеу өнері
сабақтарын ұйымдастыруда
Ересектер мен мектепалды тобында – бейнелеу іс-әрекеті бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі зерттеу, үлкендердің жүргізген зерттеулері сияқты келесі кезеңдерден тұрады:
- зерттеу тақырыбын таңдау;
- пікірлерді іздеу және мүмкін нұсқаларды шешу;
- ақпараттарды жинау;
Оларды талдап қорыту;
Зерттеу кезіндегі ақпараттарды қорғауға дайындалу (хабарлау, әңгімелеу, көрнекілік, макет және т.б.
Қарапайым тәжірибелер мен зерттеу жүргізу әдіс – тәсілдері:
«Дербес ойлану». Бұл тақырыпта суретті қалай салуға болады? Қандай құралдарды пайдалану тиімді? Бояу түстерін таңдау. Қағаз бетіне қалай орналастыруға болады.
– «Басқа адамдардан сұраймыз». Сурет салу үшін ұсынылған тақырып туралы өзі не біледі, құрдастарынан, ата –аналарынан, іні, қарындастарынан, ата –әжелерінен сұрап мәліметтер жинақтайды. Сол зат жайында жалпы мағлұмат алу сурет салуға үлкен көмегін тиізеді.
«Кітаптардан қараймыз». Салатын суреттің тақырыбына сәйкес кітаптардағы суреттерді тәрбиеші топта, ата–аналары үйінде көрсетеді, бейненің сипаты, құрылымы, пішіні, кеңістікте орналауына, түр–түсіне көңіл бөледі. «Теледидардан қараймыз» (бейне таспадан қарау). Осы тақыпқа сай бағдарламаларды қарау және оның орындалу жолдарымен таныстыруға мән беру.
– «Эксперимент жасау». Бояуларды араластырып басқа түс алу, бояуларды шашыратып сурет салу, жіппен, майшаммен, саусақпен, бормен, ретуш қарындаштармен, үрлеу тәсілімен, монотопия тәсілімен сурет салып көрсету балалардың ой қиялын дамытуға ықпал етеді.
– «Компьютерден ақпарат алуға болады». Мұнда сурет салып, мүсін жасап, жапсыру іс–әрекетін қатысты суреттерді қарап, оның мазмұнына, эстетикалық әсемдігі мен көркемдік сұлулыған баса назар аударылады. Компьютерден көрген материалдар балаларадың есте сақтау қабілеттерін дамытып, сурет салуда зейінін шоғырландыруға, ойлануға, көз алдына елестетуге ықпал етеді. Бірақ, суреттерді ұзақ қарауға болмайды, 10-15 минөттен артық отыруға болмайды.
бақылау жаса, байқап қара.
Қылқалам шеберлерінің өнер туындыларын қарап көру, оның әсемдігі мен бояу түстері, мазмұны жайында қарапайым түсініктер қалыптастыру. Сәулет ғимараттары мен монументалды ескерткіштерге саяхаттар ұйымдастыру, жыл мезгілдерінің маусымдық өзгерістеріне сәйкес белгіленген орындарға саяхат жасап, бақылау жүргізу де табиғат көрнісін бейнелеуде баланың ой қиялын ұштап, бейнелеу іс– әрекетінде оны бере білуге көмектеседі. Бақылау жасау жаңа білімді алудың ең қызықты және лайықты, әдісі. Бақылауға арналған әртүрлі құралдарды пайдалануға болады:
Лупа, бинокль, телескоп,
микроскоп, түнде көретін
–«телефон арқылы достарыңнан, таныстарыңнан, туыстарыңнан сұрап, біл» Телефон арқылы сұрау да балалардың іс –әрекетке қызығушылығын оятып, жауапкершілік, ұқыптылыққа баулиды. Сол сияқты, үн таспалар тыңдау, іс– әрекет барысында баяу музыка ойнап тұруы да балалардың көркемдік тәрбиесіне ықпал етері сөзсіз.
Әдістердің таңдалуы
тәрбиешінің шеберлігіне және
нақты мүмкіншіліктерге
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ БОЙ СЕРГІТУ СӘТІ
Баланың айнала
қоршаған ортадан алған
Ерікті тақырыпта сурет салуда қолданылатын бой сергіту сәттеріне арналған жаттығулар:
а).Ал балалар тұрайық (орындарынан тұрады)
Алақанды ұрайық (алақан соғады)
Оңға қарай иіліп (қолын беліне қойып, оңға иілу)
Солға қарай иіліп (солға иілу)
Бір отырып, бір тұрып (қолды алға созып, отырып тұру)
Біз тынығып алайық еңкейін екі қолын сілкілеп, дем алып тыныстау)
ә). Орнымыздан тұрайық (орындарынан тұру)
Белімізді жазайық (қолдарын белге қойып, айналдыру)
Жоғары - төмен қарайық (бастарын көтеріп жоғары төмен қарау)
Оңға, оңға түзу тұр ( оңға екі рет қисаю, түзелу)
Солға, солға түзу тұр (солға екі рет қисаю, түзелу)
Бойымызға күш жинап (қолды жинақтақтан бүгіп иыққа әкелу)
Біз демалып қалайық (еңкейіп терең тыныстау)
Заттық тақырыптарды бейнелеу сәтінде:
Қылқаламды қояйық
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық (алға, жанына созады)
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық,
Отырайық, тұрайық.
Біз тынығып алайық.
Тынығып біз болған соң,
Әсем сурет салайық.
БАЛАНЫҢ КӨРКЕМДІК ТАЛҒАМЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектепке дейінгі
кезеңде бейнелеу іс-әрекеті
Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің ең ықпалды және өзгермейтін басты құралы. Эстетикалық тәрбие барысында мына міндеттерді шешу қажет:
- баланың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын, көркемдікті қабылдау қабілетін үздіксіз дамыту және талғамын қалыптастыру;
- баланы өмірдің көңілді сәттерін сезе білуге, айналадағы әдістемеліктерді көре білуге, жағымды да сазды әуендерді тындай білуге және оларды сүйе білуге баулу;
Балабақша тәрбиеленушілері көркемөнердің барлық түрімен айналасуға өте қабілетті болып келеді. Бірақ олардың өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар шындықты шынайы, пәк күйінде қабылдайды және оған барынша сенеді. Олар өте еліктегіш келеді: көргендер мен байқағандарын ойын барысында бейнелі түрде іске асырады. Ойын – бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды зеректілікпен ұйымдастыра білсе, ол балаларға игі ықпал жасауға толық мүмкіндік алады. Сондықтан да бейнелеу өнеріне баулуда дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану балалардың ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі әсемдік пен әдемілікке деген сүйіспеншілікке арттырады. Жақсыға сүйсіне білуге, жаманға жек көре қарауға, өнердің алуан түрін көріп, сезіп, тындау арқылы әсемдік атаулыны танып білу қабілетін қалыптастырады, рухани жан-дүниесін байытып, қиялын өрістетеді. Өмірдегі, өнердегі сұлулық туралы түсініктерін жетілдіріп, өз өлкесінің әсем табиғатымен, өз халқының өнеге боларлық әдет-ғұрпымен, ұлттық өнерін сүйіп кең түрде танысуына жол ашады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, бейнелеу өнерінің мүмкіндігі мол. Өйткені өз мәні жағынан бейнелеу өнерінің жанартушылық және жасампаздық сипаты бар.
Бала алған әсерлерін
қайталауға, қиялындағы бейнелерді алуан
түрлі материалдардың көмегімен
біртіндеп бейнелі пішінде
Балаларды көркемөнерге булудағы міндет – оларды заттар мен құбылыстарды жай ғана көшіруге емес, көркем заттар мен құбылыстарды әсерлі бейнелеуге бағыттау. Әсерлі, көркем бейнелеудің негізгі белгісі - әсерлі бейнелер жасау. Алайда бала суретте, мүсіндеуде, жапсыруда заттың өзіне тән қасиеттерін, пішінін, құрылысын, түсін беруге белгілі бір дәрежеде қабілетті болмайынша, сондай дәрежеге көтерілмейінше, бейне жасай алмайды. Салынған суреттің немесе жасалған пішіннің әсем де әсерлі болуы қолдың қимыл-қозғалысының жетілуі мен икемділік дағдыларының қалыптасуына тығыз байланысты. Соның нәтижесінде пайда болған айқын бейнелер балаларда жағымды көңіл күй және қанағаттану сезімін оятады. Орындалған жұмыстардың сәтті шығуы эстетикалық талғамның дамуына мүмкіндік жасайды. Адамдар жасаған заттардың өн бойында олардың еңбегі, өзара қарым-қатынастары көрініс табады. Адамдардың адам үшін, оның бақыты үшін жасаған өнер игіліктері әсемдік ретінде қабылданады. Сыртқы сұлулық заттың атқаратын негізгі қызметін сәйкес келген жағдадйда эстетикалық талғам мен адамгершілік қасиеттер үйлесім табады. Осы үйлесім үйлесім балаларға да түсініктірек болады.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында
тәрбиенің сенсорлық, ақыл-ой, эстетикалық,
адамгершілік және еңбек пен дене
тәрбиесінің алуан түрлі
Дидактикалық ойынның маңызы:
- дидактикалық ойын балалардың ақыл-ойына күш түсіретін міндеттерді, қызықты таапсырмаларды қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді.
- Дидактикалық ойын бүлдіршіндердің танымын қалыптастырады. Өйткені олар ойынды әр түрлі ойыншықтармен, заттармен, қосарлы суреттермен, кесінді үлгілермен ойнайды. Осындай ойын үстінде олар түстерді ажыратуға, пішінді, көлемді, заттардың ерекше белгісін, сипатын білуге және құрылым жасауға дағдыланады;
- Ойын балалардың зейінін тұрақтандырады, есте сақтауын, іс-әрекетке икемділігін, қабілетін өсіріп, байқағыштығын арттырады;
- Ойын үстінде бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын жеңіл меңгеріп, әсемдік пен сұлулықты сергек сезініп, көркемдік талғамы артады.
Дидактикалық ойындар арқылы жүргізілген жаттығулар мен қайталаулар баланы жалықтырмайды, өйткені олар біркелкі болмайды. Мұндай ойындар әр түрлі сипатта және түрлі мақсаттарға қолданылуы мүмкін. Дидактикалық ойын сәбилер тобында олардың іс әрекетке деген құмырлығын арттыру үшін қолданылады. Ал ересек балаларға шеберлер, зергерлер, суретшілер т.б. болып, тікелей өздері рөлге кіріп ойнау ұсынылады. Мұндай ойындық жағдай мазмұнды жұмыс тақырыптарында оқиғаның, әрекеттің дамуы түрінде (ретінде) пайдаланылады. Тақырыптың қойылуы тек бірқатар заттарды бейнелеуге ғана емес, оқиғалардың берілуіне қозғау салуға тиіс. Мазмұнды сурет салу мен мүсіндеу жұмысы кезінде дидктикалық ойынды алдын ала ойнау қиялын дамытып, бейнелеудің мәнерлеу құралдарын еркін менгеруге мүмкіндік тудырады. Дидактикалық ойында балалар ойын әрекетін белгілі бір құрылымдық жүйемен орындайды: баланың ой-ниеті, мазмұн, ойын әрекеттері, ережесі және нәтижесі. Ойында дидактикалық сипаттың болуы тәрбиелік міндетті алға қояды, оның мазмұны балалардың танымын жетілдіруге бағытталады. Дидактикалық ойындардың маңызы – баланың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсенділігін дамытатындығында. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындар жасаған халық педагогикасында жатыр. Сол арқылы балалар өз халқының мәдени бай мұрасымен – сәндік қолданбалы өнер түрлері, көркемөнер туындыларымен танысады. Осы орайды көрнекті ғалым, этнограф, академик Ә.Марғұлан: «Қазақ халқы кілең ою-өрек дүниесінің ортасында өмір сүреді» дейді. Осы ою-өрнектер бойынша қазақтың қолданбалы өнеріндегі әсемдіктің үйлесуін түсіндіруде, заттардағы, тұтынатын бұйымдардағы өрнектерді, сәндік суреттерді көру кезінде ойын элементтерін енгізуге болады. Тәрбиеші өрнектегі біркелкі немесе біртектес элементтерді тауып, олар қалай аталатынын, қайталанып келуін көрсетуді, бірдей элементтердегі бірдей түстерді немесе бояудағы айырмашалақтарды атап айтуды ұсынады. Элементтердің қайталануы жөнінде, олардың дұрыс алмасып отыруы, пайдалануындағы алуан түрлілік туралы пікір білдіруге алып келеді. Мысалы: «түскиіз», «оюлы сырмақ», текемет», «өрнекті кілем», т.б. дидактикалық ойындар ұлттық тұтыну бұйымдары жөніндегі балалардың түсінігін толықтырып, ою-өрнектен белгілі бір құрылым жасау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар баланың алдында қандай да бір құрылым жасау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар баланың алдына қандай да бір міндеттер қойып, оны шешуге көңіл аударуды, зейін қоюды, ерік-жігер мен күшін жұмсауды, ережені ой елегінен өткізе білуді, іс-әрекеттердің жүйелігін, қиыншылықтарды жоюжолдарын қарастырады. Бұл ойындар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, сапасын өсіруге, білім мен икемділікті меңгерулеріне көмектеседі.
А.В. Запорожец дидактикалық ойындардың рөлін бағалай келіп, былай деп жазады: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдер мен икемділіктерді игерудің формасы ғана болып қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның түрлі қабілеттерін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет». Дидактикалық ойын адамгершілік тәрбие міндеттерін шешуге, балалардың көпшіл болып өсуіне ықпал етеді. Тәрбиеші балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастыра отырып, ойын олардың жан-жақты дамуына, өз мінез-құлқын реттеуге, әділ де адал, кешірімді де талапшыл болуына игі ықпал ететіндей жағын қарастырады. Бұл ойындар қандай да бір міндетті шешудің үнемді және ұтымды тәсілдеріне үйртуге мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындардың артықшылығы да осында.
Әр жас тобына сәйкес дидактикалық
ойындарды ұйымдастыруға
3 жастағы балалармен бейнелеу
өнері бойынша арнайы
Сәбилердің бірінші тобына арналған дидактикалық ойындардың ережесі:
а) тәрбиеші фланелографта
дайын қиылған кескіндерді
ә) түр-түсіне, пішініне, кеңістікте орналасуына назар аударады;
б) балалар берілген тапсырмаларды тәрбиешінің нұсқауы бойынша орындайды;
в) тақырыптардың мазмұнына сәйкес талаптарды кейде түрлендіріп, кейде балалардың қабілетіне қарай жеңілдіктер жасап отырады.
«Қандай түс?» ойынын сәбилердің бірінші, екінші топтарында және естиярлар мен ересектер тобында да өткізуге болады. Жоғары топтарда ойынның тәрбиелік мәнін күрделендіре отырып ұйымдастыру үшін тәрбиешінің ізденуіне тура келеді. Мұнда қосымша түстерді қай негізгі түстерді бір-бірімен араластыру арқылы алуға болатыны сұралады. Бір-біріне жақын түстерді топтауға (қызыл, сарықызыл, алқызыл т.б.) тапсырмалар беруге болады. Түстерге байланысты ойыншықтар немесе үлгіні көрсетіп топтауға, әңгімелеуге бағыт беріледі. Кіші топтарда түсті заттың белгісі ретінде қарай отырып, қандай түспен ненің суретін салуға болатынын айтқызса, жоғары топтарда, мысалы: «Жасыл түсті бояумен неің суретін салуға болар еді? Көрсетші» деген сияқты сұрақ-тапсырма беріледі. Бала тікелей суретін салып көрсетеді. Іс-әрекетке бағыттауға арналған көрнекілік-жолақша орнына кез келген түстерді көре алатындай заттар: түрлі түсті сақиналар, таяқшалар, қарындаштар, орамалдар, жалаушалар, т.б. қолдануға болады. Ойын барысында балалардың ынталы, зейінді болуын қадағалап, көңіл күй өзгерістерінің (қуану, ренжу, шаттану, қанағаттану, т.б.) пайда болуына да ықпал еткен дұрыс. Осы әрекетке байланысты жоғары топтың балаларына бос уақыттарында өзі жақсы көретін адамдарының, жолдастарының ойыншықтарының, т.б. суретін салуды ұсына отырып, түсті баланың психикалық көңіл күйіне байланысты қалай қабылдайтынын анықтау керек.
«Кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастыру барысында балалардың сурет арқылы қабылдауын, заттың түр-түсін, пішінін, көлемін бейнелеудегі шеберліктерін жетілдіру үшін дербес әрекет етуге дағдыландыру қажет. Бұл ойында бейнелеудің әсерлі құралдарының бірі – сөздік әдістерді тиімді пайдаланып, балалардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын дамыта отырып, сипаттап айтып бере білуге баулу мақсаты көзделеді. Көкөністер мен жемістердің суретін салуда дөңгелек, сопақша пішіндерді көз мөлшермен бере білуге үйретіледі.
«Моншақтарды тіземіз» ойынында топ бөлмесінде қағаздан қиылған ұсақ дөңгелектермен қағаз бетінде кеңістікті дұрыс бағдарлауды үйренсе, жазғы уақытта далада табиғи материалдармен ойнауды ұсынуға болады. Оған өсімдіктердің гүлдері, бүрлері, түсіп қалған түйіндер, ұсақ тастар алынып, олар жерге моншақ етіп тізіледі, немесе жерге, құмға, қыста қардың бетіне таяқшамен «моншақ тізіп» жаттығады. Ойын кезінде балалардың еркін, дербес әрекет етуіне мүмкіндіктер туғызып отыру қажет.
«Біздің ыдыстарымыз». Балалардың алған білімдері мен икемділіктерін бекіту мақсатында тәрбие жұмыстарына сәйкес басқа пішіндерді де пайдалануға болады. Сәбилердің екінші тобы мен естиялар тобында қарапайым жеңіл міндеттерді шешу көзделеді де, ересектер мен даярлық топтарында ол күрделенеді. Мұндайда ұқсас пішінді заттар, ұлттық тұтыну бұйымдарының кескіндері, т.б. алынады. Ойынды тақтада әр баланы жеке-жеке шақырып, тапсырманы орындауға немесе әр балаға үстел үстінде өз беттерінше құрап көрсетулеріне мүмкіндік жасау тәрбиешінің қалауы мен балалардың қабілетіне байланысты ұйымдастырылады.
«Бейнені құрастыр». Сәбилердің бірінші тобында «Бұл неге ұқсайды?» ойынының міндеттерін меңгергеннен кейін екінші сәбилер тобында «Бейнені құрастыр» деген атпен ойын мазмұны жағынан балалардың жас ерекшелігіне сәйкес тәрбиеші тарапынан күрделендіре өткізіледі. Балалардың ойлау, қиялын дамыту мақсатын көздей отырып, барлық геометриялық фигураларды қатыстыру арқылы мынадай бейнелерді құрауға болады: дөңгелектер мен жіңішке жақтардан гүл, шар, бақ-бақ, ұшақтар, үлкен-кіші дөңгелектерден аққала, жатпайтын қуыршақ, мұнаралар, жарты дөңгелектен доп, шар, кесе, әр түрлі пішіндерден қайық, шелек, табақ, үшбұрыштардан мұнара, ракета, шырша, т.б. ересектер мен мектепке даярлық топтарында құрастырған бейненің бөліктерін өзгерту арқылы басқа бейне құратуға түр-түсіне қарай нақты бейнені беруді талап етуге болады. Түрлі түсті фигуралардан ұлттық ою-өрнек құрауды ұсыну да – тиімді тәсіл.
«Әдемі гүлдер». Балалардың эстетикалық талғамын арттыруға, әсемдікті, сұлулықты сезінуге тәрбиелеуде тәрбиеші олардың алған білім, дағдыларын бекіте, жетілдіре отырып, өз ойларын іс-әрекет барысында бейнелеп көрсете білу дағдыларын қалыптастырады. Ұжымдық жұмыс ретінде жалпылама ұйымдастырып, ойын барысында белсенділік көрсете алмаған балаларға жеке тапсырма береді. Ұсқ қиындыларды көп мөлшерде беріп, өз еркімен жұмыс істеуге баулиды. Гүлдер жайындағы түсініктерін жетілдіру мақсатында кім көп өлең-тақпақтар, жұмбақтар білетінін сұрап, сөздік ойындармен ұштастырады. (26-сурет)

- Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында дарынды оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
- Бейнелеу өнерінің негіздері
- Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы
- Бейнелеу өнері сабағындағы живопись өнерін оқытудың ерекшеліктері
- Бейнемонтаж
- Бейорганикалық қосылыстар
- Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және олардың номенклатурасы
- Бейимбет Майлин
- Бейімделу процессіндегі әлеуметтік жұмыстың рөлі мен маңызы
- Бейімделу формалары мен эволюциясы
- Бейімдік бағдарлап оқыту
- Бейкер Тилли Бишкек
- Бейматаларды тоқып-тігіу әдісі арқылы өндіру
- Бейметалдардың жалпы сипаттамасы