Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері
Кіріспе.
Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп - білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі — билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн - Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшынның ең ірі пәлсапалашыларының бірі, қоғам кайраткері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың, негізгілеріне тоқтала кетейік.
1 сұрақ. Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері.
Теологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
Бихевисрисшік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
Инструментадистік анықтама билікті белгілі бір кұралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз еркін билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.
Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті беруді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
Біраз ғалымдар
билікті кең мағынасында
П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет деңді.
Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір, анықтама жоқ екенін байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р. Мартин билік махаббат сияқты, күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек анықталады деп бекер айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы Ж. К. Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының айналасындағы айтыс-тартыстан гөрі нақтылы, шын мәніндегі биліктің өзі көбірек ойландырған, магнитше тарткан.
Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама беріледі. Мысалы, "Философиялық энциклопедиялық сөздікте" билік туралы былай делінген: "Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінді жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер - бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау" ("Философский энциклопедический словарь". М., 1983, 85-бет). Біздіңше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, шардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. (слайд)
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртүтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек.
Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады.
Әдетте, "билік" деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.т. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.
Биліктің басқа түрлерімен салыстарғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оңын, көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, коғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы жөне т.б.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. (слайд) Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:
1. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстау үшін қаншама қаржы кетеді. Оның үстіне, әдетте, билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Мысалы, АҚШ-тың көрнекті президенттері: Ф. Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", Л. Джонсон "Кедейлікке қарсы соғыс" және т.с.с. бағдарламаларды алға тартқан. Оларды жүзеге асыруға қыруар ақша іздестіруге тура келеді.
Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық кұндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т.б. кіреді.
2. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Қазіргі Батыс елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтың кемшілігі мүдделі. Себебі, оларда орта деңгейде түр атын адамдар көп, саяси билік басына келгендер соларға арқа сүйейді, көпшілікті мұқтаждық жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік әділеттілік, халықты сақтандыру кең дамыған. Мысалы, зейнеткер жұмыс істеп жүргенде алған жалақысының 90%-ға дейінгісін ала алады, неше түрлі қайырымдылық қорлары жұмыс істейді және т.с.с.
3. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.т. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады. Оның арнайы дайындалған адамдары болады.
4. Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Шынында да, олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат құралдарының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі.
5. Ақпарат
құралдарымен қатар билікті
Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдык. жәйттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады.
Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама мәліметтер (информация) жатады.
Билікті жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс-амалдар пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.
Биліктің қызметтері мен жіктелуі
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. (слайд) Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен коғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршаулатып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді:
1) жоғары
орталық саяси институттар,
2) орта
буынды аппараттар мен
3) адамдар,
кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар,
өндіріс және басқа ұжымдар
арасындағы қоғамдық
Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.
Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке "иелік етушілерді" биліктің өзімен шатастырады немесе "иелік етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.
Биліктің субьектісіне жеке адам немесе партиялар, үйымдар және т. б. жатады дедік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі, Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.
Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632—1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689—1753) болды. (слайд)
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және коғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның, немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Біраз елдерде соттың тәуелсіздігін және әділдігін қамтамасыз ету үшін ант берген әділ сот құрылады. Мұндай жағдайда сот процесінде судьяларға тәуелсіз, арнаулы ант берген азаматтардан тұратын қазылар алқасы қатысады. Олар айыпкердің кінәсы жөнінде шешім қабылдайды. Соның негізінде судьялар үкім шығарады.
Қазіргі кезде биліктің үш тармағы
жөнінде саясатшы ғалымдардың арасында
әр түрлі көзқарастар бар. Олардың
кейбіреуі билік санын
Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын атайды. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты істерін қалт жібермей әшкерелеп отырса (сондықтан олардан қаймықса), халықтың мұңын мұңдаса, шынында да, төртінші билік емей немене?
Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, талап-тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар.
Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде қарамағында аппараты бар Бас бақылаушы да болады.
Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.
Кейбіреулер биліктің ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр.
Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы, француздың белгілі саясаткерлері Р. Арон, Ж. Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді. Сот билігін жоққа шығармайды, бірақ оны әкімшілік билікке қосады.
Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақгы билік қалыптасқан. Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық (жоғары) және жергілікті билік болып бөлінеді.
Биліктің кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін, жұмысын және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Әр түрлі билік өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді. Атап айтқанда:
1) институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (би ресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі (мәселен, саяси ассоциациялардағы билік, би ресми топтарды және т. б. басқару);
2) жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді. Мысалы, соңғысына экономикалық, ата-аналар, корпорациялар және т. б. билігі жатады;
3) құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті әкімшіліктің және т. б. билігі) болып, сыртқы саясат қатынастарындағы, дүниежүзілік үй ымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі;
4) биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес (монархиялық — корольдік, патшалық және т. б. — президенттік), ұжымдық (партиялық, басқарушы топтардың алқалық, халықтық, таптық жөне т. б. билігі) болып топталады;
5) қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т. б. билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметтік түріне қарай феодалдық,, буржуазиялық және т. с. с. билігі болып жүйеленеді
.
Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.
Бұдан біз саяси биліктің
мағынасының мемлекеттік
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылыгымен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет:
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс;
2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктіңмінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті.
Ең біріншісі — әдет-гурыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Сондықтан, мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша, шах, әмір және т. б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды.
Екінші түріне харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, Аятолла Хомейни және т. б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де кесемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.
Үшінші түріне Вебер ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады. Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.
Легитимдіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Шығыс елдерінің саяси қайраткерлері биліктің легитимділігіне зор назар аударады. Себебі, халық қазіргі үстемдік етіп тұрған саяси тәртіпке сенуі керек. Сонда ғана оны жұртшылық қолдайды және ол тиімді қызмет атқарады.
Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының, жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқыктық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның, өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы. Сот билігі азаматтардың кұқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында ҚР Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады.
Саяси билік мәселесін сөз еткенде оның принциптеріне тоқталмауға болмайды. Олар қоғамдық өмірдің қолайлы, орнықты қалпын қамтамасыз ету үшін қажет. Оған мыналар жатады:
- легитимдік принципі (яғни, билік заңға, заң шығаруға сүйенгенде ғана өзін сенімді, еркін сезіне алады),
- қорғау принципі (билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу және оны арттыра білу керек),
- ұтымдылық принципі (билік батымды, өтімді, ықпалды, табанды болғаны жөн, онсыз билік билік бола алмайды),
- сыр бермеу принципі (билік үшін ең қауіпті нәрсе — шындықты уақытынан бұрын айтып қою).
Қолдағы билікті атқара да білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті ең қиыны десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті қолдану барысында жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзінде рұқсат етілген әлеуметтік іс-әрекеттер жатады. Оның да өзіндік принциптері бар. Оларға жататындар: іштей еріксіздік (әміршінің өз билігі өзінде бола бермейді), сақтық (саяси іс-әрекетті алдын ала парасатты түрде дәлме-дәл есептеп алған дұрыс), қызметтестік (биліктің мықтылығы бірлесіп іс басқара білуде), шыдамдылық (әмірші төзімді, тілектес, мейірбанды болуға тиіс), ымыраға келушілік (биліктің қисыны жағдайға байланысты болуы мүмкін; сондықтан өкім жүргізушіге келісімге, ымыраға келуге, бірлестіктерге, блоктарға енуге немесе олардан іргені аулақ салуға тура келеді), жауапкершілік (әмірші шексіз билікке қызықпай, жауапкершілігін сезінгені абзал), ұлылық (билік жүргізуші өзінің ішкі маңыздылығымен, ұлылығымен, айбындылығымен бағаланады), мәдениеттілік, табандылық, тұрақтылық, өзара сындылық және т. с. с. Билік — дәйектілігімен, іс-әрекетінің қисындылығымен қадірлі. Керек кезінде соңғы қорытынды сөзді айта білгеннің де маңызы зор.
Қоғамдық, өмірді билік арқылы реттеп, жөнге келтірудің бірнеше түрі бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде билік түгелдей топтастырылған болатын. Әлеуметтік бастамалар шығару, шешімдер қабылдау және т. б. бәрі қатал орталықтанған еді. Бұл билік қоғамның прогресті дамуына жол бермейді. Ал кейбіреулер биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдер биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып, барлық адамдарын өкімет шешімдерін қабылдауға, билікке қатысуын қалайды. Содан да болар қоғамның қарқындап дамуына жағдай жасап, халықтың тыныс-тіршілігіне жайлы саналатын қазіргі өркениетті елдер деп аталып жүрген мемлекеттердегі демократиялық республика, конституциялық монархия және т. б. сияқты биліктердің түрлері дұрыс деп саналуда.
Биліктің түрлері
Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.
Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолыңда болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).
Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монарх ін деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған коғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы баскарған шақта) болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония және т. б. елдерде сақталған.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) балып үшке бөлінеді.
Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны "парламенттік президент" дейді. Ол — салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция бойынша оған белгілі бір кұқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сезбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.
Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы, АҚШ, Франция т. б. елдерде. Мұнда атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады. Бұл елдің басқаруы президенттік демократияның ішінде ең үлгілісіне жататындықтан оған толығырақ тоқталайық. АҚШ-та президент 4 жылға хайланады. Онда премьер-министр болмайды. Президент мемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің (министерстволардың аты) басшыларын, министрлер кабинетін және үкіметті тағайындайды. Олар тек Президентке ғана есеп береді. Оның қылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға, халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар. Атқарушы билік шеңберіндегі шешімдердің бәрін президент қабылдайды. Ол саясаттың ішкі және сыртқы басты бағыттарын айқындайды, тұрақтылықты бейнелейді. Ал үкімет бұл кезде күнделікті істермен, елді басқару мәселелерімен айналысады. Президенттік билік төрелік ететін әділ қазы сияқты релді атқарады. Мысалы, экономикалық бағыт қиыншылықтар тудырса, үкімет алмасуы мүмкін. Жаңа үкімет басқа саясат жүргізеді, ал мемлекеттің бастығы баяғы орнында қала береді. Бұдан біз президенттік басқарудың билігі зор екенін көреміз. Бірақ бүл биліктің де шегі бар. Ең алдымен президенттің заң шығаруға өкілеттігі жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды (оны Конгресс шешеді). Парламент президенттің қай тағайындауын болса да бұза алады (оны "право вето" деп атайды). Конгресс президентті орнынан ала алады (оны "импичмент" дейді). Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президентінің бірі Р. Никсон "уотергейт ісі" үшін ("Уотергейт" қонақ үйінде орналасқан демократтардың штаб-пәтеріне жасырын тындау құрылғысын қоймақ болғаны үшін) отставкаға кетуге мәжбүр болды. Егер президент конституцияны бұзса, не мемлекетке опасыздық жасаса, Конгресс оны жұмыстан босата алады. Бірақ ол президенттің саясатымен келіспесе, ол үшін оны босата алмайды. Президенттік республика Латын Америкасы елдерінде кең тараған. Ондай билік Ресейде, Қазақстан және ТМД елдерінің басқа республикаларында да орнауда.

- Билік-саяси финомент ретінде
- Биліктің қызметтері мен жіктелуі
- Биліктің қызметтері мен жіктелуі
- Биліктің пайда болуы, негізгі белгілер және түсінігі
- Билл Гейтс
- Билл Гейтс, как менеджер
- Билл Гейтс - основатель майкрософт
- Билингвизм и его классификация
- Билік
- Билік. Басқару стилдері
- Билік және опозиция
- Билік және оппозиция
- Билік және оппозиция
- Билік және оппозиция