Биогенді элементтер. 2

 
 
 
 

     1.             Кіріспе

    2.             S-элементтері

    2.1.          ІА тобының элементтері

    2.2           ІІА тобының элементтері

    1. Р-элементтері
    1. ІІІА тобының элементтері
    1. ІVА тобының элементтері
    2. VА тобының элементтері
    3. VІА тобының элементтері
    4. VІІА тобының элементтері
    1. D-элементтері
    1. ІВ тобының элементтері
    1. ІІВ тобының элементтері
    2. VІВ және VІІВ тобының элементтері
    3. VІІІ топтың элементтері
    1. Қорытынды
    2. Қолданылған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Химиялық  элементтер тірі ағзаның негізгі  жасушаларын және биологиялық сұйықтықты құрайды. Элементтердің биологиялық белсенділігі Д.И.Менделеевтің преиодтық жүйесіндегі орнымен анықталады, яғни атом құрылысына байланысты болады.

    Периодтық жүйеде І топтың s-элементтерінің ішінде негізгі молекулалар мен макромолекулалар құрамына кіретін сутегі ерекше орын алады.

    Калий және натрий иондары жасушалар аралығына  орналасқан: натрий иондары жасуша сыртындағы сұйықтықта, ал калий иондары  жасуша ішінде болады.

    S-элементтерінің ІІ тобында сүйек құрамына кіретін (Ca, Mg) және сүйектер ұлпаларының құрамына кірмейтін (Sr, Ba, Ra) орналасқан.

    ІІ  топтың s-элементтерінің атом массасы өскен сайын олардың улылық қасиеті өседі және ағзадағы олардың мөлшері азаяды.

    Р-элементтерін де осындай сияқты биогенді элементтер қатарына жатқызады, ал ауыр р-элементтер тірі ағза үшін жоғары улылығымен сипатталады. Р-элементтерінің атомдық салмағы өскен сайын биологиялық активті органикалық қосылыстар түзуге бейім болады.

    D-элементтер негізгі топтың қосымша топшаларында орналасқандықтан негізгі биогенді микроэлементтерге жатады.

    D-элементтер де s- және p-элементтер сияқты жалпы заңдылықпен сипатталады, атомдық массасы өскен сайын ол элементтердің улылық қасиеті күшейе түседі, ал ағзадағы проценттік мөлшері кемиді. 
 
 

        

      
 

    2. S-элементтері

    2.1. ІА тобының элементтері

    Сутек. Биосферада сутек бос күйінде кездеспейді. Биосферада ол табиғи су, газдар және органикалық заттарының құрамында болады. Сутек ағзадағы көмірсутек ақсылдар, майлар және нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Сутек органикалық қосылыстардың құрылысын түзуге қатыспайды. Тірі жасушалар массасының 90% құрайтын суда оттегі атомдарының негізгі мөлшері болады.

    Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып  келеді. Су-маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% - дан 90% - ға дейінгі аралығын құрайды. Су жасушалар жүйесінде еріткіш қызметін атқарады.

    Салмағы 70 кг адам ағзасының 45 л су құрайды. Ағзада екі түрлі құрамды электролит болады: ішкіжасушалық – онда калий катиондары және жасуша сыртындағы – онда натрий иондары болады.

    Сутегінің екінщі бір қосылысы – сутегінің  асқын тотығы – Н2О2 ағзада әртүрлі тотығу-тотықсыздану процестері нәтижесінде зат алмасудың қосымша өнімі ретінде түзіледі және каталаза ферменттерінің әсерінен ыдырайды.

    Литий – бұл микроэлемент. Ол тірі ағзалардың тұрақты құрам бөлігі. Литий ионы сілтілік металдардың ең радиусы кішісі, сулы ерітінділерде күшті гидратталған, осы гидратталған түрінің радиусы Na+ және K+ радиусынан жоғары болады. Бұл мембрана жасушаларының иондық каналдары арқылы Li+ өтуіне бөгет жасайды. Li+ иондары кейбір ферменттер активтілігіне әсер ете отырып, бас миы қатпарлары жасушаларында Na+ - K+ иондық теідігін реттейді. Сондықтан құрамында литий ионы бар дәрілер жүйке ауруларын емдеуде қолданылады.

    Натрий  және калий. Иондары ағзада кең таралған, біріншісі жасуша аралық сұйықтықтарда, ал екіншісі жасуша ішінде болады. Абсолюттік шама ретінде бағаласақ, онда 95% натрий иондары жасуша сыртында болып, ал калийдің осынша үлесі жасуша ішінде болып, зат алмасу процесіне қатысады. Натрий қанның осмостық қысымын реттейді, судың алмасуына, ағзада қышқылдық-негіздік тепе-теідікті ұстап тұруға, жасуша мембранасы арқылы амин қышқылдары мен қанттың тасымалдануына қатысады.

    Шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында калий  мен натийдің мөлшері – 250 г. Натрий және калий фторид түрінде сүйек  және тіс ұлпаларында болады.

    Na+ және K+ иондары жасуша мембраналарындағы аденозинүшфосфатазаны активтендіреді, ол Naиондарын жасушалардан шығарылып,

K+ иондарының жинақталуына жағдай туғызады.

    ІА  тобындағы s-элементтер негізінде жасалған дәрілік препараттар медицинада қолданылады.

  1. Н2О2 – сутектің асқын тотығы (3%-к ерітінді): сілекей қабықшалары (баспа, стоматит) суықтап ауырғанда, олрады шаю мен іріңді жараларды жууда, мұрын қансырағанды тоқтатуда және т.б. үшін залалсыздандыратын зат ретінде қолданылады.
  2. Li2CO3 – литий карбонаты. Әр түрлі жүйке ауруларын емдеуде қолданылады.
  3. NaCl – натрий хлориді. Натрий хлоридінің концентрациясына байланысты изотонды және гипертонды ерітінділер деп бөлінеді. Изотонды ерітінділердің осмос қысымы қан плазмасының осмос қысымына сәйкес келеді. Изотонды ерітінді ағза сусызданғанда кан плазмасын алмастырушы ерітінді ретінде, дәрілік заттарды еріту үшін т.б. қолданылады. Гипертоникалық ерітінділер іріңді жараларды емдеу үшін қолданылады.
  4. NaHCO3 – натрий гидрокарбонаты – асқазан сөліндегі тұз қышқылын тез арада бейтараптандырады.
  5. Na2SO4 /. 10H2O – натрий сульфатының декагидраты – ішті жүргізетін зат ретінде қолданылады.
  6. Na2B4O7 . 10H2O – натрий тетраборатының декагидраты – шаюда, жағуда, антисептикалық зат ретінде қолданылады. Оның сулы ерітіндісі гидролизге оңай ұшырайды.

Na2B4O7 + 7H2O = 4H3BO3 + 2NaOH

Гидролиз нәтижесінде түзілген бор қышқылының антисептикалық әсері болады.

  1. NaI – натрий иодиді – иод препараты сияқты эндемиялық жемсау ауруында қолданылады.
  2. KCl – калий хлориді – ағзада электролит алмасуы бұзылғанда, сонымен қатар жүрек соғысы бұзылғанда қолданылады.
  3. КІ – калий иодиді – иод препараты сияқты жемсау ауруына қарсы қолданылады.
  4. KMnO4 – калий перманганаты – жараларды жуудағ тамақ және ауызды шаюда антисептикалық препарат ретінде қолданылады.

2.2. ІІА  тобының s-элементтері

    Берилий. Биологиялық ролі анықталмаған. Берилийдің қосылыстары улы. Оның ішінде берилийдің ұшқыш қосылыстары және шаңдағы берилий қосылыстары улы болып келеді. Қоршаған ортада мөлшері аз болса да, бериллоз (берилді рахит) ауруына әкеліп соқтырады. Ве2+ иондары сүйек ұлпаларындағы Са2+ ығыстырып, оны жұмсартып жібереді.

    Магний. Салмағы 70 кг адам ағзасында 42 г магний болады, оның жартысынан көбі сүйек ұлпаларында болады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Магний фосфат түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Сүйектегіден басқа магний жасушалар ішінде болады.

    Жасушалар ішіндегі К+ ионынан кейінгі жасуша ішіндегі осмостық қысымды қолдап тұратын Mg+ ионның маңызы үлкен.

    Кальций. Бұл адам ағзасында көптеу таралған элементтердің бірі. Салмағы 70 кг адам ағзасында кальцийдің 1700 г болады.

    Кальций сүйек ұлпасының басты элементі, қан ұю механизмдеріне қатысады, ағзадан  ауыр металдардың бөлініп шығуына  жағдай жасайды, антиоксиданттық қызмет атқарады.

    Кальцийдің  ағзада болатын негізгі массасы сүйектер мен тісте болады. Сүйек құрамына термодинамикалық және кинетикалық тұрақты кальций фосфаты жіне кальций гидроксидінің фосфаты (Са5(РО4)3ОН) кіреді. Сүйек құрамынан басқа 1%кальций жүрек тамырлары мен жүйке жүйелерінің жұмыс жасауда маңызы зор.

    Кальций жетіспеушілігі гипертоникалық кризиске, жүктілік токсикозына шалдықтыруы  мүмкін, холестериннің қандағы деңгейін жоғарылатады, сүйектердің механикалық  мықтылығын төмендететін остеопорозды дамытуы, жүйке жүйесінің қозуын жоғарылатуы, шашты түсіруі мүмкін.

    Барий. Барийдің биогенді маңызы аз зерттелген. Суда және қышқылдарда еріген барий тұздары улы болады. Қышқылдар мен суда ерімейтін күкіртқышқылды барий рентген сәулелерін жақсы жұтады, сондықтан оны асқазан мен ішекті зерттеуде қолданады.

    Стронций. Жануарлар мен адамдар ағзасында стронций сүйек ұлпаларында жиналады және сүйектің сынғыштығына «стронцийлі рахиттің» пайда болуына әкеледі. Сүйектен стронцийді шығару мүмкін емес.

    2.3. ІІА тобының s-элементтері

  1. MgO – магний оксиді (магнезия) – асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылап кеткенде қолданылады.
  2. MgSO4 . 7H2O – магний сульфатының гептагидраты – иммунды нерв жүйесін тыныштандыратын қасиетіне байланысты ұйықтататын немесе нашақорлық әсері бар.
  3. CaCi2 . 2О – кальцийдің гексагидрат хлориді – аллергиялық ауруларда қолданылады.
  4. 2СаSO4 . H2O – кальций сульфатының жартылай гидраты – сумен араластырғанда, тез арада қатып қалады. Осы қасиетіне байланысты гипс сынған сүйекті таңу үшін және тісті протездеуде қолданылады.
  5. ВаSO4 – барий сульфаты – рентген айқындауда қолданылады.

3. р-элементтері

3.1. ІІІА  тобының р-элементтері

    Бор. Тірі ағзадағы бор қосылыстарының биологиялық маңызы зерттелмеген.

    Медицинада  қолданылуы:

  1. Н3ВО3 – бор қышқылы – антисептик ретінде әр түрлі қою майлардың құрамында болады. Ауызды шаюда және офтальмологиялық тәжірибеде 1-3% ерітінді түрінде қолданылады.
  2. Na2B4O7 . 10Н2О – натрий тетрабронаты – антисептик.

    Алюминий. Медицинада қолданылуы:

  1. KAl(SO4)2 . 12H2O – алюмимний калий ашудасы – жұмсартатын, күйдіретін және қан тоқтататын әсері бар.
  2. Al(OH)3 – алюминий гидроксиді – асқазан сөлінің қышқылдығын төмендетуде, «Алмагель» деген препарат құрамына кіреді.

3.2. ІVА  тобының р-элементтері

    Көміртек  және кремний. Жер қыртысының атмосфера және гидросфераның 16,08% кремний; 0,119% көміртегі құрайды.

    Көміртек басқа элементтермен бірге ұзын атомдар тізбегін құрып, құрылымы әр түрлі органикалық қосылыстар түзеді.

    Көміртегінің арқасында өсімдіктер мен жануарлар түрлері көбейді. Қазіргі уақытта биосфера көміртегінің диоксидімен ластанып жатқандығы көп айтылуда, ол отындардың жануы нәтижесінде түзіледі. XX ғасырдың ортасына қарай СО2-нің ауадағы мөлшерінің 20%-тен асып кетуі жерде температураның аса көтеріліп (4-5°С) кетуіне жағдай туғызуы мүмкін. Оның себебі, СО2 спектрдің инфрақызыл аймағында өте жақсы жұтылады. Соған байланысты СО2 атмосфераға радиациялық күн сәулесін өткізіп, инфрақызыл сәулелерінің жылуын кері жібермейді.

    Көміртегі оксидінің (II) адам ағзасына зиянды әсері бар, оны «пеш газы» деп те атайды. Дем алғанда көміртегі оксиді (II) қанға өтеді және гемоглобинмен – карбоксигемоглобин түзеді. Пеш газымен уланғанда гемоглобиннің оттегімен байланысы болмай қалады да, өлімге себепші болады.

    Медицинада  қолданылуы:

  1. Активтелген       көмір      (карболен) - ауыр металдар тұздарымен, алкалоидтармен т.б. уланғанда қолданылады.
  2. КаНСОз натрий гидрокарбонаты – асқазан сөлінің қышқылдығын    кемітеді;    ол   сулы    ерітінділерді    шаюда, жууда қолданылады.

    Кремний. Микроэлемент. Тіршіліктің дамуы мен өсуіне керектілердің бірі. Оның ең көп мөлшері теріде, сіңірде, көздің ұлпаларында кездеседі.

    Медицинада (ЗМgО • 4SіО2 • Н2О) тальк қолданылады – сепкіш (присыпка).

    Қорғасын. Қорғасынның биологиялық маңызы анықталмаған. Қорғасын қосылыстары улы болып келеді. Түрлі қорғасын өндірісінде істейтін жұмысшыларда улану (сатурнизм) болады. Сатурнизм ауруымен шалдыққанда (бастың сынып ауруы, ұйқысыздық талма, жүйке жүйелері) осы белгілер және бүйрек (альбуминурия), асқазан-ішек функциялары бұзылады.

    Медицинада  қорғасын қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады. РbО қорғасын жабыстырғышының құрамында болады, оны тері ауруы сыздауық шыққанда қолданылады. Рентген кабинетінде жұмыс істейтін медбикелердің киімдеріне қорғасын қосылыстары қосылады, себебі қорғасын рентген γ-сәулелерін жұтатын қабілеті бар.

                              3.3. VА тобының р-элементтері

  Азот. Азот негізгі биогенді элементтердің бірі. Тірі ағзада оның мөлшері 3%-тей болады. Азот аминқышқылдарының, ақсылдардың, нуклеотидтердің, нуклеин қышқылдарының, биогенді аминдердің т.б. құрамында болады.

    Біз азотты атмосферада өмір сүрудеміз (ауаның 78% азоттан тұрады), қалған бөліктері оттегі және өте аз бөлігі басқа химиялық элементтерден тұрады. Жер бетінде азотсыз тіршілік болмас еді. Азот және өмір - бөлінбейтін түсінік.

    Зат айналымына молекулалы азот қатыспайды. Адам органикалық қосылыстардағы азотты қолданады.

    Сонымен қатар азоттың нитраты ағза үшін өте зиянды.

    Медицинада қолданылуы:

  1. Азот тотығы (I) немесе "шаттандырғыш газ" – N20 – оттегімен қоспасы наркотикалық зат ретінде қолданылады.
  2. 4ОН – аммиактың сулы ерітіндісі (аммоний гидроксиді,

нашатыр спирті). Адам талып қалған жағдайда мақта немесе дәкеге сеуіп абайлап адам мұрнына иіскетеді.

    Фосфор. Негізгі биологиялық бес элементтің бірі.

    Сүйек ұлпасында фосфордың мөлшері 600 г., ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85% құрайды. Биологияда фосфаттар негізгі екі роль атқарады: біріншіден, көптеген биологиялық компоненттердің құрамдық элементтері ретінде қызмет атқарады; мысалы, сүйек және тісте кальций фосфатының (Са5(РО4)зОН – гидроксиапатит, Са5(РО4)з Ғ-фторапатит) жинақталуы. Адамның сүйегінде 5% ал, тіс эмальдарында 17% фосфор болады. Екіншіден, ең қызықтысы, ортофосфат иондарының туындылары энергия тасымалдаушы қызметін атқарады.

    Медицинада аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) қолданылады.

    Мышьяк. Микроэлемент. Мышьяктың биогенді рөлі мен оның ағзадағы мөлшері белгісіз.

    Мышьяк  қосылыстары өте улы. Стоматологияда мышьяктың оксиді (II), немесе ақ мышьяк Аs2Оз ауру тіс нервтерін өлтіруде қолданылады. Ал ішуге қан аз болғанда, жүйке ауруына шалдыққандарға беріледі.

    3.4. VІА тобының р-элементтері

    Оттек. Өмір сүріп жатқан барлық молекулалар құрамына кіреді. Тірі ағзадағы мөлшері құрғақ зат бойынша есептегенде 70%-дай болады. Ауадағы оттектің көлемдік үлесі – 21%.

    Ауадағы оттектің мөлшеріне көптепен өмірлік процестер байланысты. Оттектің негізгі қызметі тірі ағзадағы зат алмасу процестеріндегі тотығу-тотықсыздану реакцияларын реттеу. Мысалы, "тау ауруы' жоғары таулы аудандарда оттек жетіспеушілігінен болады. Ауадағы оттектің парциальды қысымының азаюы оттекпен ашығуға әкеп соғады.

    Ағзаға  кірген оттек СО2 түрінде өкпе арқылы шығып отырады.

    Тропосферада (20 км биіктікте) үш атомды оттектен тұрады, озонды қабатқа көп көңіл бөлінуі керек. Озонды экран күннің ультрафиолетті сәулелерінен жер бетіндегі барлық тірі тіршілікті қорғайды.

    Медицинада  оттек көміртек оксидімен (ІІ), НСN уланғанда және оттек жетіспейтін ауруларды емдеуде қолданылады. Емдеу мақсатында оттекті тері астына жіберуге асқазанға оттегі коктейлі түрінде пайдалануға болады. Кейінгі кезде жоғарғы қысымда оттегімен емдеу оны гипербаралық медицина деп атайды.

    Күкірт. Ағзада фосфор сияқты күкірт те энергия тасымалдау қызметін атқарады. Жануарлар мен адам ағзасында күкірт цистеин және метионин сияқты аминқышқылдарының құрамында болады.

    Медицинада  қолданылуы:

  1. Тазартылған     күкірт – іш  жүргізетін дәрі   ретінде, сықпа (паста), мазьдар құрамына ендіріліп, емдеуде қолданылады.
  2. Кальций, барий, магний, натрий сульфаты түрінде қолданылады.

    Селен. Айшықты антиоксиданттық қасиеттері бар. Селен антиденелердің түзілуін қуаттайды, эритроциттердің түзілуіне қатысады. Селен еркін радикалдардың қалыптасуын болдырмай отырып, олардың ағзаға зақымдау әсеріне тосқауыл болып, иммундік жүйеге қорғау әсерін көрсетеді. Селен ұйқы безінің қызметін және ұлпалардың эластикалығын қолдауға қажет.

    Селеннің  тапшылығы жүрек дерттеріне, рактың ауруына әкелуі мүмкін. Селеннің жеткіліксіз мөлшері шаршауға, холестерин деңгейінің бұзылуы, ұйқы безі қызметінің жетіспеушілігі, ұрықсыздық сияқты симптомдарға шалдықтырады.

    3.5. VIІA тобының р-элементтері

    Фтор. Фтордың биологиялық маңызы аз зерттелген. Тіс және сүйектің негізгі қатты бөліктерінің түзілуіндегі минералды зат алмасу процесіне қатысады. Тіс және сүйекте фтор – фторапатит (Са5(РО4)зҒ) түрінде болады. Адам фторды ішетін судан қабылдайды, негізінде 1 л суда 1 мг фтор болуы тиіс. Егер ішетін суда фтор жеткіліксіз болса, онда тіс эмалдары бұзыла бастайды.

    Тіс кариесінің негізгі емі – суды фторлау. Бос күйіндегі газ тәрізді фтор өте улы келеді.

    Медицинада  натрий фториді NаF қолданылады; ол тіс  пастасы құрамына кариесті емдеу үшін ендіріледі.

    Хлор. Негізгі биогенді элементтердің біріне жатады. Хлор асқазан сөлі мен плазманың түзілуіне, ферменттердің белсенділігінің артуына қатысып, өмірдегі маңызды қызметгердің бір қатарын жүзеге асырады. СІ анионы биохимиялық процестер айналымына қатысады. Газ түріндегі хлор улы. 

    Медицинадағы қолданылуы:

  1. Сұйытылған   тұз   қышқылы   (8 % -тік)   асқазан   сөлінде қышқыл жетіспегенде қолданылады.
  2. Кальций, калий, натрий хлориді
  3. СаОСІ – хлорлы әк – дезинфекциялаушы зат ретінде қолданылады.

    Бром.   Биогенді элементтерге жатады.

    Медицинада (NН4Вг) аммоний, (КВг) калий және натрий (№Вг) бромидтері қолданылады.

    Йод. Адам мен жануарлар үшін  керекті  микроэлементтер болып есептелінеді. Адам ағзасында йод мөлшері (25мг) жартысынан көбі, онда ол тироксин гармонының құрамына кіреді. Ал ол жетіспесе адам эндемиялық зоб ауруына шалдығады.

    Йодтың  буы улы.

    Медицинада  қолданылуы:

  1. Радиоактивті йод (изотоптары     131І   132І    125І   ) зоб ауруын емдеуде қолданылады.
  2. Йодтың спиртті ерітіндісі 5% немесе 10%-тік антисептикалық зат     ретінде қолданылады және ішуге атеросклерозда 5%, 1-10 тамшы беріледі.
  3. Люголь   ерітіндісі   (KІ сулы ерітіндісіндегі йод). Ауыздың сілекей қабаттарына жағу үшін қолданылады.
  4. КІ – калий йодиді, NаІ – натрий йодиді, эндемиялық зобта қолданылады. "Антиструмин" дәрісі КІ-нен тұрады.
 
 

   4. d-элементтері

    4.1. ІВ тобының d-элементтері

    Мыс. Ересек адамның ағзасында 100 мг дейін мыс болады. Басқа металл иондарына қарағанда мыс иондары аминқышқылдарымен, ақсылдармен активті түрде әрекеттеседі, сондықтан мыс биологиялық активті заттармен тұрақты комплекстер түзеді. Ағзадағы мыстың негізгі функциясы каталиттік әсері, қазіргі таңда мыс элементі бар ферменттер (церулоплазмин, тирозиназа, цитохромоксидаза) белгілі. Медицинада мыс сульфаты СuSО4 • 5Н2О антисептикалық зат ретінде терінің күйген жеріне жағуға, көз тамшысы ретінде т.б. қолданылады.

    Мысқа қажеттілік қабыну және буын дерттерінде артады.

    Күміс.  Тірі ағзада күмістің физиологиялық рөлі  жеткіліксіз зерттелген. Күміс – ультрамикроэлемент.

    Медицинада  қолданылуы:

  1. АgNОз (ляпис) – күміс нитраты – жұмсартушы және күйдіруші зат ретінде қолданылады. Стоматологияда тісті бүтіндеу, алдын ала тіс каналдарын күмістейді. Бірінші күміс нитратынан күміс оксидінің аммиакты ерітіндісін және 10%-тік формалинді алады. Бұл процестің өтуін былай жазамыз:

    2АgNО3 + 2NН4ОН = Аg20 + 2NН4? + Н2О

    Аg2О + Н-СНО = Аg + Н-СООН

  1. Қағаз, мақта, дәке бұлардың бәрі күмістің хлориді мен нитраты ерітіндісіне шыланған болады, олар бактерицидті байлайтын материал ретінде қолданылады.

    Алтын. Адам ағзасында микроэлемент түрінде табылған, оны енді ғана зерттеуде.

    Медицина  практикасында алтынның органикалык және бейорганикалық, радиоактивті және металл алтын қосылыстары қолданылады. (І98Аu) радиоактивті алтын қатерлі ісікті емдеуде қолданылады. Алтынның күміс және мыспен құймасы тісті протездеуде қолданылады 916-ші құйма сынамасында 91,6% Аu, 4,2% Сu және 4,2% Аg бар, оны тісті салуда қолданылады. 750-шы құймасында 75% Аu, 8,3% Аg және 16,7% Сu, ал 583-ші құймасында 58,3% Аu, 13,7% Аg және 28% Сu болады.

    1. ІІВ тобының d-элементтері

    Мырыш. Мырыштың физиологиялық функциясы ферментативті ақсылдармен байланысты. Эритроциттерде мырыштың көп болуы көмір ангидразы құрамында газ алмасуда және демалу ұлпаларында болуымен түсіндіріледі.

    Мырыштың  көп қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады.

1. ZnSО4 • 7Н2О – көз тамшысы.

      2. ZnО – тері   ауруларында присыпка, мазь, паста ретінде қолданылады.

      3. Мырыш-инсулин – қант диабетін емдеуде қолданылады.

    Сынап.  Сынап – тірі  өсімдіктер  мен жануарлар ағзаларының негізгі құрам бөлігі. Сынап негізінде бауыр мен бүйрекке жинақталады. Табиғи сулар, топырақ, өсімдік және жан-жануарлар сынаппен улануда ол биосфераға сынаптың көп мөлшерде тасталуынан болуда. Сынаппен уланғанда ауызға металдың дәмі келіп тұрады, сілекей ағатын болады, адамның бас ауруы және есте сақтау қабілеті нашарлай түседі.

    Барлык  тұздары   улы   болғанымен,   оның   көбі   медицинада қолданылады:

  1. НgО (сары сынап майы) – тері ауруларына қолданылады;
  2. HgСl2 (сулема) – өте улы, онымен жұмыс жасағанда байқаған жөн,        1:1000 қатынасындай етіп сұйытылған ерітіндісін төсеніштерді,           медициналық құрал-саймандарды, бөлмені дезинфекциялағанда           қолданылады.
Биогенді элементтер. 2