Биосфераның пайда болуы. 3
Биосфера
Биосфера.
Биосфера (гр. биос—тіршілік, ө
Биосфера [2] —
тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты.
Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге
дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе
мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде
организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға
енгізді. Бірақ биосфера және оның жер
бетінде жүріп жатқан процестері туралы
ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий
Биосфераның негізгі үш қабаты.
Биосфера негізінен үш қабаттан
құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су),ли
Биосфераның бөлімдері:
- Тропосфера
- Гидросфера
- Литосфера
- Ноосфера
Биосфераның пайда болуы
Жердің бөлімдері.
Биосфера бірден пайда болған жоқ.
Ол өте көне заманнан бері қарай
күні бүгінге дейін біртіндеп
дамып келеді. Биосфераның ертеден
бері қарай құралып келе жатқанын
дәлелдейтін палеонтологиялық м
- Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен. Олар көк жасыл балдырлар болатын.
- Силур кезеңінде өсімдіктер құр
лыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті. - Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
- Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты.
- Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады.
Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі: триас, юра, бор.
- Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды.
- Юра дәуірі жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбу
ындылар,жалаңаш тұқымдылар – гинасомер,қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті. - Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде – бор дәуіоінде, қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің аяғында Шығыс Азиямен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты деп жорамалдайды.
Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа.
Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер.
Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.
Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік
дамуының ақырғы және ең қысқа дәуірі
болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай
ғана болды. Бұл дәуірге тән жағдай
– сол суық кезеңдер және мұз
дәуірі жылы ылғалды ауа райымен
алмасып отырғаны байқалады. Өйткені
өсімдік әлемі мен жер
Биосферадағы тіршіліктің
Тірі организмнің
Луи Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганизмдер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды. Ф. Энгельс: «Табиғат диалектикасында» материалистік тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта да тыныштық қалыпта болмайтынын, ол үнемі қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты. Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады .
Биосфера және адамзат
Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі организмдерінен әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.
Жер спутнигін, космос корабльдерін
ұшыру, Ай мен Марсқа саяхат жасау қамын
кірісу, атом кемесі мен атом электр энергиясын
салу, екі-үш жылдың ішінде миллион гектар
тың және тыңайған жерлерді игеру, шөлді
жерге канал жүргізіп, жасанды көл жасау,
мәуелі бау-бақша, саялы ну орман – тоғай
өсіру, жер шарының түкпір-түкпірімен
тікелей хабарласу – бәрі де бүгінгі заманның
үйреншікті әдетіне айналып отыр. Бұл
ғажайыптарды, әсіресе соңғы 20-30 жылдың
ішінде көріп отырмыз. Сондықтан да біздің
заманымызды ракеталар, космос корабльдері, компьютерлер ғасы
Литосфера, гидросфера, атмосфераны көрсететін Жердегі белгілі сурет.
Бірақ биосферадағы объектілер жойыла қалса, ол қалпына тез арада келе қоймайды. Мыңдаған және миллиондаған жылдарды қажет етеді. Мысалы, орман-тоғай алқабын кесіп, не оттап, не өртеп жойып жіберу оп-оңай. Арқыраған оғысы қатты өзеннің арнасын басқа жаққа бұрып жіберуге болады. Бірақ арнасындағы балық құриды, кеме жүзбейді, жағаларындағы ел көшіп кетеді, құс пен жабайы аңдар басқа жаққа ауып кетеді, жер құлазып қалады. Ұлан байтақ кең далаға мыңдаған тракторларды жауып жіберіп, жер қыртысын айналдырып, шаңын бұрқыратып қара дауыл тұрғызуға да адамза тбаласының шамасы әбден келеді. Бірақ биосфера заңдарында бұлай болмайды. Мысалы, жоғарыда көрсетілгендей, су тартылып, кеуіп қалған көл қалпына оңай келмейді. Миллион жыл уақыт кетеді. Биосферадағы пайда болып ғасырлар бойы шалқып жатқан айдын шалқар көлдің экосистемасы бұзылғаннан кейін қалпына келуі мүмкінде емес. Оның ішіндегі балығы, өсімдігі, климаты, арнасы, басқа да биосфералық құбылыстары адам танымастай өзгеріске ұшырап кетеді.
Саялы сыңсыған ну орман-тоғайсыз, айдын-шалқар көлсіз, арқырап аққан
өзенсіз- жайқалып өскен шекарай шалғын
шөпсіз, бітік шыққан егінсіз адамзат
қоғамының шарықтап өсуі мүмкін емес.
Сондықтан да біздің заманымызда биосфераны
қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын
сарқып алмай, өте ұқыптылықпен, жанашырлықпен
орынды пайдалану маңызды проблемаларға
айналып отыр. Биосфераны «бағындыру»
ғана емес, көп жағдайларда бүгінгі таңда
биосферамен «достасу», оның заңдарымен
келісу, санасы керек болады. Демек, бұл
адамға қажетті барлық заттардың бәрі
де биосферадан алынады деген сөз.
Биосфера Жердің тірішлік қабығы деп аталатыны
сендерге мәлім. Биосфера терминін ғылымға
1875 жылы австрвялық ғалым Э. Зюссенгізген болатын. Ал 1926 жылы
орыс ғалымы В. И. Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп,
оның анықтамасын ұсынды. В. И. Вернадский
бойынша биосфера деп ғаламшарымыздағы
барлық тіршілік дүнниесі мен олардың
арасындағы өзара зат және энергия айналымы
тұрақты жүзеге асатын жердің ерекше қабығын
атайды.
Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны жаие литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік бойынша мейлінше емін-еркін таралады. Сондықтан тіршіліктің таралу аймағы мен биосфераның шекарасымен берлық жерде бірдей сәйкес келе бермейді.
Биосфераның жоғарғы және төменгі
шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі
де нақты мәліметтер жоқ. Тірі организмдер
атмосфераның төменгі бөлігінде, әсіресе
100 м биіктікке дейін өте тығыз
орналасады. Бірақ жыртқыш құстар
биікке еркін көтеріледі, мәселен, кондор
7 км биіктікке көтеріле алады. Ал жоғары
көтерілген ауа толқыны
Биосфераның құрамы мен құрылымы.
Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің
құрамында мынадай химиялық элементтеркездеседі: сутек, кө
Тірі организмдер мен олардын
тіршілік ортасы өзара тығыз байланысып,
ұдайы өзгеру мен даму жағдайында
болатын жүйелер жиынтығын
Жер шары биомассасының жалпы салмағы Жердің жалпы массасымен салыстырғанда (6-1027т) әлдеқайда аз. Биомасса материктер мен мұхиттарда да біркелкі таралмаған. Материктердегі биомасса мөлшері Дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседей көп. Материктерде жасыл өсімліктердің, ал мұхиттарда жануарлардың үлес салмағы басым болалы (6-кестені қараңдар).
Материктердегі тіршілік дүниесінің, басым көпшілігі (биомассаның 90%-ынан астамы) тропиктік ормандарда (500 т/га-дан астам) шоғырланған, ал ең төменгі көрсеткіш биік тау бастары, шөлдер мен полярлық аймақтарға тән. Яғни, құрлықтағы тіршілік дүниесінің таралуы күн жылуы мен ылғалдың түсу мөлшеріне тәуелді.
Дүниежүзілік мұхиттағы тірі организмдер тіршілік ету ерекшелігіне қарай планктон.
Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен мұхиттар географиясынан сендер жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталардың болғаның және олардың бөлшектенгенін білесіңдер (оларды еске түсіріңдер). Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады.
Тектоникалық картадан ірі литосфералық тақталарды, рифтілердің және шұңғымалардың таралу аудандарын анықтаңдар.
Материктік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінетінін білесіңдер (олардың айырмашылығын естеріңе түсіріңдер).
Материктік жер қыртысының жоғарғы
бөлігінде шегінді жыныстар қабаты,
ал одан төменде геофизикалық деректер
бойынша, гранит және базальт қабаттары
орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының
шекаралас бөліктерінде сейсмикалық
толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні
байқалған. Мұхиттық жер қыртысында
гранит қабаты болмайды және шөгінді
жыныстар қабаты салыстырмалы түрде
жұқа болып келеді. Материктер мен
мұхиттардың шекаралас
Материктік жер қыртысы
Негіздері архей мен протерозойда қалыпта
Қалқандарда платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатады, оларға көбінесе қыратты-үстіртті жер бедері сәйкес келеді. Қалқандарды құрайтын жыныстардың ерекшелігіне байланысты оларда үгілу біршама баяу жүреді. Платформаның қалқаннан тыс, шегінді жыныстармен жабылған бөлігін тақта деп атайды.
Неотектоникалық қозғалыстар әсеріне
ұшыраған платформалар қозғалмалы сипат
алады. Мәселен, мезозой және альпі
қатпарлықтары әсерінен Қытай платформасының
тұтастығы бұзылып, бірнеше бөліктерге
ажырап кеткен; қазіргі кезде оның
аумағында жерсілкіну жиі байқалады.
Сондықтан оны параплатформа (қозғалмалы)
деп атайды. Ішкі күштердщ әсерінен
кейбір платформалардың іргетасында
терең жарықтар пайда болып, интрузивті
жыныстардың жоғары көтерілуі жүрген.
Соның әсерінен жарылыс күшті
жүрген Сібір жәнеҮндістан плат
Бірақ тірі организмдердің ғаламшар табиғатын қалыптастырудағы маңызы өте зор. Тірі организмдер Жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады.
Өлемдегі тіршіліктің негізгі қозғаушы күші болып табылатын бұл процесс үш кезеңде жүзеге асады. Ең алдымен, Күн энергиясының қатысуымен жүретін фотосинтез процесі нәтижесінде бастапқы (өсімдік текті) органикалық заттар түзіліп және ауаға көп мөлшерде оттек бөлініп шығады. Екінші кезеңде бастапқы органикалық өнімдер жануартектес өнімдерге айналады.
Бүгінгі таңда Жер шарының 4 млн км2-ден астам жері ерекше қорғауға алынған, оларды қорықтар деп атайды. Қорықтар адам аяғы баспаған, табиғи ландшафтының эталоны болып саналады. Негізінен, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан, "Қызыл кітапқа" енгізілген өсімдіктер мен жануарларды қорғау шаралары жүргізіледі. Қорықтарда адамның кез келген шаруашылық әрекетіне тыйым салынған, тек ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ғана рұқсат беріледі.
Табиғат ескерткіштеріне ғылыми, тарихи, мәдени-эстетикалық мәні зор табиғат объектілері жатады. Алғаш бұл ұғымды неміс жаратылыс зерттеушісі А. Гумбольдт енгізген. Біздің елімізде табиғат ескерткіштері көптеп кездеседі, олардың ең әйгілілері: Шарын шатқалы, Өншіқұм, Жұмбақтас, Таңбалытас және т.б.
Қорықшалар дегеніміз — азая бастаған есімдіктер мен жануарлар санын қалпына келтіру және де басқа шаруашылық мақсаттары үшін уақытша қорғауға алынатын жерлер. Олар: кешенді, ботаникалық, аңшылық, геологиялық, ландшафтылық болып бөлінеді.
Резерваттар — өзінің құрылымы жағынан қорықшаларға жақын, кейбір елдерде (Финляндия, АҚШ) қорық дәрежесімен бірдей табиғи аумақтар. Ұлттық (табиғи) саябақтар — табиғатты қорғаумен қатар оны ғылыми-ағарту, мәдени-эстетикалық бағытта да пайдалануды жүзеге асыратын жерлер. Алғашқы ұлттық саябақ 1872 жылы АҚШ-та құрылған. Бүгінгі таңда дүниежүзінде 2400-ге жуық ұлттық саябақтар құрылған (ірі ұлттық саябақтарды естеріңе түсіріңдер). Біздің елімізде де ұлттық саябақтар құру шаралары қарқынды жүргізілуде.
Осынау жүргізіліп жатқан шаралардың
барлығы. Көркем де нәзік, әсем де тылсым
табиғатты мүмкіндігінше
Биосферадағы тірі организмдердің қызметі
Энергетикалық қызметі
Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктерфотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа организмдер пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағытіршілік қалыпты жүріп отырады.
Газдық қызметі
Газдардың тасымалдануы және олардың
бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі организмдердің қатысуымен
жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның
газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз
етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар
биогенді жолмен пайда болған. Тірі организмдердің
тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмір
Жинақтау қызметі
Тірі организмдер коршаған ортадан
алған, биогенді элементтерді өз
мүшелерінде жинайды. Тірі организмдер
құрамында болатын элементтердің коршаған
ортада кездесетін элементтерден едәуір
айырмашылығы болады. Тірі организмдердің
құрамында сутек,көміртек, азот
Тотығу-тотықсыздану қызметі
Тірі организмдер топырақ
Биохимиялық қызметі
Тірі организмдердің биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген организмдердің) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.[4]
Биосферадағы алғашқы
Тіршіліктің биосферада пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша 5-6 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар ішінде бір клеткалы қарапайым организмдерден құрылысы да, түр өзгешілігі де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың таңғажайып түрлері пайда болды. Биосфера тармақ жайған тіршілік атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті. Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің 500 мыңнан астам түрлерін сый еткен. Биосферада тіршілік пайда болғаннан бері қалыптасқан соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ заң ережелері тым қатал еді.
Адам өз биосферасына сай қоғам
құра бастағанына 10 мың жылдай ғана
темір мен пайдалы қазбалардың
пайдалана бастағанына 4-5 мың жыл
өтті. Биосфераның шексіз емес, шар
тәріздес екенінің дәлелдегенінен 5 ғасыр,
биосфералық өзгертуге
Қосымша
Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы,
негізінен, тірі организмдердің қарекетімен
байланысты Жер қабығының
(сферасының) бірі. Биосфера ұғымы "географиялық қабық"
ұғымына жақын. Заттар мен энергия алмасуының курделі биохимиялық
циклондарымен өзара байланыстағы атмосфераның
жер беті бөлігін, гидросфераны және лит
Биосфералық қорық
1) Табиғи ортаның антропогендік
өзгерістерін аспаптармен және
биоиндикаторларды бақылау
2) Қоршаған антропогендік ландшафтылардың жергілікті әсеріне, сондай-ақ тікелей антропогендік әрекеттерге ұшырамаған, катаң қорғалатын, жер аумағы айтарлықтай үлкен табиғи телім.

- Биосфераның пайда болуы
- Биосфераның химиялық құрамы
- Биосфера: определение, структура, границы, закономерности развития
- Биосфера- состав и круговорот веществ
- Биосфера: состав, основные процессы, источники загрязнения, нормативно-законодательная база
- Биосфера.Состав,структура,устойчивость и целостность
- Биосфера: структура, функции, значение
- Биосфера, ноосфера, человек
- Биосфера. Ноосфера. Человек
- Биосфераның дамуы мен эволюциясы
- Биосфераның құрылымы және оның шегі
- Биосфераның құрылысы
- Биосфераның құрылысы мен қызметі
- Биосфераның пайда болуы