Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясымен байланыс

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан

қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды,

әсiресе әйелдер мен балаларды  сатудың алдын алу мен

жолын кесу және ол үшiн жазалау  туралы хаттама

Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 маусымдағы № 37-IV Заңымен

ратификацияланған

 

Кiрiспе

      Осы Хаттамаға  қатысушы мемлекеттер, адамдарды,  әсiресе әйелдер мен балаларды  сатудың алдын алу және оған  қарсы күрес жөнiндегi тиiмдi шараларды  қабылдау үшiн олар шыққан, транзиттелетiн  және баратын елдерде мұндай  сатудың алдын алуға, онымен айналысатын адамдарды жазалауға және мұндай сатудың құрбандарын қорғауға бағытталған, оның iшiнде олардың халықаралық танылған адам құқықтарын қорғау арқылы тегiс қамти алатын халықаралық тәсiл қажет деп мәлiмдей отырып, адамдарды, әсiресе әйелдер мен балаларды пайдалануға қарсы күрес жөнiндегi нормалары бар және iс жүзiндегi шараларды көздейтiн бiрқатар халықаралық құжаттардың болуына қарамастан адам сатудың барлық аспектiлерiн қозғайтын әмбебап құжаттың болмауы жағдайын ескере отырып,  мұндай құжат болмаса, адамдарды сату тұрғысынан осал болып табылатын адамдар жеткiлiктi түрде қорғалмайтынына алаңдаушылық бiлдiре отырып, Ассамблея трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы тегiс қамти алатын халықаралық конвенцияны әзiрлеу және атап айтқанда, әйелдер мен балаларды сатуға қарсы күрес жөнiндегi халықаралық құжатты әзiрлеу туралы мәселенi талқылау үшiн ашық құрамдағы үкiметаралық арнайы комитет құруға қаулы еткен Бас Ассамблеяның 1998 жылғы 9 желтоқсандағы 53/111 қарарына сiлтеме жасай отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының адамдарды, әсiресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшiн жазалау жөнiндегi халықаралық құжатпен толықтырылуы осындай қылмыстардың алдын алуға және олармен күресуге мүмкiндiк туғызатынына сенiмдi бола отырып,

      төмендегiлер туралы  келiстi:

I. Жалпы ережелер

1-бап

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық  ұйымдасқан

қылмысқа қарсы конвенциясымен байланыс

      1. Осы Хаттама  Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтырады. Ол Конвенциямен бiрге түсiндiрiледi.

      2. Конвенцияның ережелерi, егер онда өзгеше көзделмесе, осы Хаттамаға mutatis mutandis қолданылады.

      3. Осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес осындай деп танылған қылмыстар, Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстар ретiнде қарастырылады.

2-бап

Мақсаттар

      Осы Хаттаманың  мақсаттары:

      а) әйелдер  мен балаларға ерекше назар  аудара отырып, адамдарды сатудың  алдын алу және онымен күресу;

      b) адам  құқықтарын толық құрметтей отырып, осындай сауда құрбандарын қорғау  және оларға көмек көрсету;  және

      с) осы  мақсаттарға қол жеткiзуде Қатысушы  мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты  көтермелеу болып табылады.

3-бап

Терминдер

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшiн:

      а) "адамдарды  сату" пайдалану мақсатында адамдарды  күш қолданамын деп қорқыту  немесе оны қолдану немесе  мәжбүрлеудiң, ұрлаудың, алаяқтықтың,  алдаудың, билiгiн асыра пайдаланудың  немесе жағдайының осалдығын  пайдаланудың басқа нысандары арқылы не басқа адамды бақылайтын адамның келiсiмiн алу үшiн төлемдер немесе пайда түрiнде параға сатып алу арқылы жүзеге асырылатын арбауды, тасымалдауды, тапсыруды, жасыруды немесе адамдарды алуды бiлдiредi. Пайдалануға, кем дегенде, басқа адамдардың жезөкшелiгiн пайдалану немесе нәпсiқұмарлық пайдаланудың басқа нысандары, мәжбүрлi еңбек немесе қызметтер көрсету, құлдық немесе құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптар, бағынышты жағдай немесе органдарды кесiп алу кiредi;

      b) осы  баптың (а) тармақшасында айтылған адамдарды сату құрбанының жоспарланған пайдалануға келiсiмi, егер (а) тармақшасында көрсетiлген ықпал ету құралдарының кез келгенi пайдаланылған болса, ол назарға алынбайды;

      с) пайдалану  мақсаттары үшiн баланы арбау,  тасымалдау, тапсыру, жасыру немесе алу, егер тiптен осы баптың (а) тармақшасында көрсетiлген ықпал ету құралдарының кез келгенiн қолдануға байланысты болмаған жағдайларда да "адамдарды сату" деп саналады;

      (d) "бала" 18 жасқа  толмаған кез келген адамды  бiлдiредi.

4-бап

Қолдану аясы

      Осы  Хаттама, егер онда өзгеше көрсетiлмесе,  егер осы қылмыстардың трансұлттық  сипаты болса және ұйымдасқан  қылмыстық топтың қатысуымен  жасалған кезде осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес осындай деп  танылған қылмыстарға байланысты  алдын алуға, тергеуге және қылмыстық қудалауға, сондай-ақ осындай қылмыстардың құрбандарын қорғауға қатысты қолданылады.

5-бап

Криминализация

      1. Әрбiр  Қатысушы мемлекет олар қасақана  жасалса, осы Хаттаманың 3-бабында  көрсетiлген әрекеттердi қылмыстық  жазаланатындар ретiнде тану үшiн қажет болатын осындай заңнамалық және басқа да шараларды қабылдайды.

      2. Әрбiр  Қатысушы мемлекет те мынадай  әрекеттердi қылмыстық жазаланатындар  ретiнде тану үшiн қажет болатын  осындай заңнамалық және басқа  да шараларды қабылдайды:

      а) өз  құқықтық жүйесiнiң негiзгi принциптерiн  сақтаған жағдайда - осы баптың 1-тармағына  сәйкес осындай деп танылған  қандай да бiр қылмыс жасауға  оқталу;

      b) осы  баптың 1-тармағына сәйкес осындай  деп танылған қандай да бiр  қылмыс жасауға сыбайлас ретiнде қатысу; және

      с) осы  баптың 1-тармағына сәйкес осындай  деп танылған қандай да бiр  қылмысты жасау мақсатында басқа  адамдарды ұйымдастыру немесе  оларға басшылық ету.

II. Адамдарды сатудың  құрбандарын қорғау

6-бап

Адамдарды сату құрбандарына көмек және оларды қорғау

      1. Әрбiр  Қатысушы мемлекет тиiсiнше жағдайларда  және оның iшкi заңнамасына сәйкес  мүмкiн болатын шамада адамдарды  сатудың құрбандарының жеке өмiрiн  және жеке басын, оның iшiнде  басқалардың арасында осындай  саудаға жататын iстiң құпия сипатын қамтамасыз ету арқылы қорғауды қамтамасыз етедi.

      2. Әрбiр  Қатысушы мемлекет оның iшкi құқықтық  немесе әкiмшiлiк жүйесi тиiсiнше  жағдайларда адамдар сату құрбандарына:

      а) тиiстi сот және әкiмшiлiк талқылау  туралы ақпарат беруге;

      b) қылмыс  жасаған адамдарға қатысты қылмыстық  iстiң тиiстi кезеңдерiнде олардың  пiкiрлерi мен қауiптенулерiн айтуға  және оны қарауға мүмкiндiк  беретiн қорғану құқықтарына зиян  келтiрмейтiн көмек көрсетуге  мүмкiндiк беретiн шараларды көздеуiн  қамтамасыз етедi.

      3. Әрбiр  Қатысушы мемлекет адамдарды  сату құрбандарының дене бiтiмiн,  психологиялық және әлеуметтiк  оңалтуды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды iске асыру мүмкiндiгiн,  оның iшiнде тиiсiнше жағдайларда  үкiметтiк емес ұйымдармен, басқа да тиiстi ұйымдармен және азаматтық қоғамның басқа да элементтерiмен ынтымақтаса отырып және атап айтқанда:

      а) тиiстi пана;

      b) адамдарды  сатудың құрбандарына консультативтiк  көмек және оларға түсiнiктi тiлде  олардың заңды құқықтарына қатысты  ақпарат берудi;

      с) медициналық,  психологиялық және материалдық  көмектi; және

      d) жұмысқа  орналасу, бiлiм беру және кәсiби  даярлық саласында мүмкiндiктер  берудi көздейтiн шараларды қарастырады.

      4. Әрбiр  Қатысушы мемлекет осы баптың  ережелерiн қолдану кезiнде адамдар сату құрбандарының жасын, жынысын және ерекше қажеттiлiктерiн, атап айтқанда балалардың ерекше қажеттiлiктерiн, оның iшiнде тиiстi пана, бiлiм беру және күтiмiне қатысын ескередi.

      5. Әрбiр  Қатысушы мемлекет осындай құрбандар оның аумағында болған кезеңде адамдарды сату құрбандарының жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ұмтылады.

      6. Әрбiр  Қатысушы мемлекет оның iшкi құқықтық  жүйесi адамдарды сату құрбандарына  келтiрiлген зиян үшiн өтемақы  алу мүмкiндiгiн беретiн шараларды көздеудi қамтамасыз етедi.

7-бап

Адамдарды сату құрбандарының  қабылдаушы

мемлекеттердегi мәртебесi

      1. Осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес шаралар қабылдауға  қосымша әрбiр Қатысушы мемлекет  адамдарды сату құрбандарына  тиiсiнше жағдайларда оның аумағында  уақытша немесе тұрақты негiзде қалуға мүмкiндiк беретiн заңнамалық немесе басқа да тиiстi шаралар қабылдау мүмкiндiгiн қарастырады.

      2. Осы баптың 1-тармағындағы  ереженi жүзеге асыру кезiнде әрбiр  Қатысушы мемлекет iзгiлiк ұғымдарын  ескередi және аяушылық бiлдiредi.

8-бап

Адамдарды сату құрбандарының оралуы

      1. Азаматы адамдарды  сату құрбаны болып табылатын  немесе қабылдаушы Қатысушы мемлекеттiң  аумағына кiру кезiнде адамның  тұрғылықты тұруға құқығы бар  Қатысушы мемлекет сол адамның  оралуына көмектеседi және мұндай адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн тиiстi есепке алған кезде оны негiзсiз және жөнсiз кiдiртусiз қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекет  адамдарды сатудың құрбанын, бұл  адам азаматы болып табылатын  немесе қабылдаушы Қатысушы мемлекеттiң аумағына кiрген кезде тұрақты тұруға құқығы болған Қатысушы мемлекетке қайтарса, мұндай қайтару бұл адамның, сондай-ақ бұл адамның адамдарды сатудың құрбаны болған жәйтпен байланысты кез келген iс сипатының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi тиiстi есепке алу арқылы жүзеге асырылады әрi мұндай қайту ерiктi түрде болғаны жөн.

      3. Қабылдаушы Қатысушы  мемлекеттiң өтiнiшi бойынша сұрау  салынып отырған Қатысушы мемлекет  негiзсiз немесе жөнсiз кiдiртусiз  адамдарды сатудың құрбаны болған  адамды оның азаматы болып табылатындығын немесе оның аумағында тұрғылықты тұруға құқығы болуын тексередi.

      4. Тиiстi құжаттары  жоқ адамдар сатудың құрбанын  қайтаруға жәрдемдесу мақсатында  осындай адам азаматы болып  табылатын немесе осындай адам  оның аумағында тұрғылықты тұруға құқығы бар Қатысушы мемлекет қабылдаушы Қатысушы мемлекеттiң өтiнiшi бойынша осы адамды оның аумағына қайтару үшiн қандай құжаттар қажет болса, сондай кiру/шығу немесе басқа да рұқсат беру құжаттарын беруге келiседi.

      5. Осы бап қабылдаушы Қатысушы мемлекеттiң iшкi заңнамасының кез келген ережесiнiң күшiмен адамдарды сату құрбандарына берiлген қандай да бiр құқыққа нұқсан келтiрмейдi.

      6. Осы бап адамдарды  сату құрбандарын қайтару мәселелерiн  толық немесе iшiнара реттейтiн  кез келген қолданылатын екi жақты немесе көп жақты келiсiмге немесе уағдаластыққа нұқсан келтiрмейдi.

III. Алдын алу, ынтымақтастық  және басқа да шаралар

9-бап

Адамдарды сатудың алдын алу

      1. Қатысушы мемлекеттер:

      а) адамдарды сатудың  алдын алу мен онымен күресу; және

      b) адамдарды сату  құрбандарын, әсiресе әйелдер  мен балаларды ревиктимизациялаудан  қорғау мақсатында кешендi негiзде  саясат, бағдарламалар мен басқа  да шараларды әзiрлейдi және  қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекеттер  зерттеулер, ақпараттық науқандар, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында өткiзу сияқты шаралар қабылдауға, сондай-ақ адамдарды сатудың алдын алуға және онымен күресуге бағытталған әлеуметтiк-экономикалық бастамаларды жүзеге асыруға ұмтылады.

      3. Осы бапқа сәйкес әзiрленетiн және қабылданатын саясат, бағдарламалар мен басқа да шаралар тиiстi жағдайларда үкiметтiк емес ұйымдармен, басқа тиiстi ұйымдармен және азаматтық қоғамның басқа да элементтерiмен ынтымақтастықты қамтиды.

      4. Қатысушы мемлекеттер  адамдарды сату тұрғысынан адамдардың, әсiресе әйелдер мен балалардың осалдығына себеп болатын қайыршылық, дамудың төмен деңгейi мен тең мүмкiндiктерiнiң болмауы сияқты факторлардың әсерiн жұмсартуға бағытталған шараларды, оның iшiнде екi жақты немесе көп жақты ынтымақтастық арқылы қабылдайды немесе жетiлдiредi.

      5. Қатысушы мемлекеттер,  бұл адамдарды сатуға әкелетiндiктен, мысалы бiлiм беру, мәдениет немесе  әлеуметтiк саладағы заңнамалық  немесе басқа да шараларды,  адамдарды, әсiресе әйелдер мен  балаларды пайдалануды оның барлық нысандарында тудыратын сұранымға, қарсы әрекет етуге бағытталған екi жақты және көп жақты ынтымақтастық арқылы қабылдайды немесе жетiлдiредi.

10-бап

Ақпарат алмасу және кадрлар даярлау

      1. Қатысушы мемлекеттердiң  құқық қорғау, көшi-қон немесе басқа да тиiстi органдары, тиiсiнше жағдайларда оларға:

      а) халықаралық  шекаралардан кiру/шығу құжаттарынсыз немесе басқа адамдардың құжаттарымен өтетiн немесе өтуге тырысатын адамдар адамдарды сатушы немесе осындай сатудың құрбандары болып табылатынын;

      b) адамдарды  сату мақсатында халықаралық  шекараны кесiп өту үшiн осындай  адамдар пайдаланған немесе пайдалануға оқталған кiру/шығу құжаттарының түрлерiн; және

      с) адамдарды  сату мақсатында ұйымдасқан қылмыстық  топтар қолданатын құралдар мен  әдiстердi, оның iшiнде құрбандарды  арбау және тасымалдау, бағыттар  мен осындай саудамен айналысатын  жекелеген адамдар мен топтардың арасындағы байланыстарды, сондай-ақ мұндай топтардың iшiндегi байланыстарды және оларды анықтау жөнiндегi мүмкiн болатын шараларды анықтауға мүмкiндiк беретiн олардың iшкi заңнамасына сәйкес өзара ақпарат алмасу арқылы ынтымақтасады.

      2. Қатысушы мемлекеттер адамдарды сатудың алдын алу мәселелерi жөнiндегi құқық қорғау, көшi-қон және басқа да тиiстi органдар қызметкерлерiнiң даярлығын қамтамасыз етедi немесе жетiлдiредi. Көрсетiлген даярлық мұндай сауданың алдын алуға, онымен айналысатын адамдарды қылмыстық қудалау әдiстерiне және құрбандардың, мұндай саудамен айналысатын адамдардың құрбандарын қоса алғанда, құқықтарын қорғауға шоғырлануы тиiс. Даярлау барысында, сондай-ақ қатар адам құқықтарын, балалар проблематикасы мен гендерлiк проблематиканы ескеру қажеттiлiгiн назарға алу керек; даярлық үкiметтiк емес ұйымдармен, басқа да тиiстi ұйымдармен және азаматтық қоғамның басқа да элементтерiмен ынтымақтасуға ықпал етуi тиiс.

      3. Ақпаратты  алған Қатысушы мемлекет ақпаратты  ұсынған Қатысушы мемлекеттiң оны пайдалануға қатысты белгiленген шектеулермен байланысты кез келген өтiнiшiн орындайды.

11-бап

Шекаралық бақылау шаралары

      1. Қатысушы  мемлекеттер адамдарының еркiн  жүрiп-тұруына қатысты халықаралық  мiндеттемелерге нұқсан келтiрмей, мүмкiн болғанынша адамдарды сатудың алдын алу және оны анықтау үшiн соншалықты қажет болатын осындай шекаралық бақылау шараларын белгiлейдi.

      2. Әрбiр  Қатысушы мемлекет осы Хаттаманың 5-бабына сәйкес осындай деп  танылған қылмыстарды жасау кезiнде коммерциялық тасымалдаушылар пайдаланатын көлiк құралдарын мүмкiн болғанынша пайдалану, алдын алу үшiн заңнамалық немесе басқа да тиiстi шараларды қабылдайды.

      3. Тиiстi жағдайларда және қолданылатын  халықаралық конвенцияларға нұқсан  келтiрместен осындай шараларға коммерциялық тасымалдаушылар, оның iшiнде кез келген көлiк компаниясы немесе меншiк иесi немесе кез келген көлiк құралдарының операторлары үшiн барлық жолаушылардың қабылдаушы мемлекетке кiруi үшiн қажеттi кiру/шығу құжаттарының бар екендiгiне көз жеткiзу мiндетiн белгiлеу қосылады.

      4. Әрбiр  Қатысушы мемлекет осы баптың 3-тармағында белгiленген мiндеттемелердi бұзғаны үшiн санкцияларды қарастыра  отырып, өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес  қажеттi шаралар қолданады.

      5. Әрбiр  Қатысушы мемлекет өзiнiң iшкi заңнамасына сәйкес осы Хаттамамен осындай деп танылған қылмыстарды жасауға қатысқан адамдардың шығуына рұқсат бермеу немесе олардың визаларының күшiн жоятын шараларды қабылдау мүмкiндiгiн қарастырады.

      6. Конвенцияның 27-бабына нұқсан келтiрместен Қатысушы мемлекет шекаралық бақылау органдарының арасындағы ынтымақтастықты, оның iшiнде тiкелей байланыс желiлерiн құру және оны ұстау арқылы нығайту мүмкiндiгiн қарастырады.

12-бап

Құжаттардың сенiмдiлiгi және оларды бақылау

      Әрбiр Қатысушы мемлекет қолда бар мүмкiндiктер шегiнде:

      а) оларды  заңсыз пайдалануды және қолдан  жасауды немесе заңға қайшы  өзгертудi, көбейтудi немесе берудi  едәуiр дәрежеде қиындататын,  олар беретiн кiру/шығу құжаттарының  немесе жеке куәлiктердiң осындай сапасын қамтамасыз ету;

      б) осы  Қатысушы мемлекет немесе оның  атынан берiлген кiру/шығу құжаттарының  немесе жеке куәлiктердiң қорғалуы  мен сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету,  сондай-ақ оларды заңсыз дайындаудың,  берудiң және пайдаланудың алдын  алу үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды.

13-бап

Құжаттардың заңдылығы  мен жарамдылығы

      Қатысушы  мемлекет басқа Қатысушы мемлекеттiң  өтiнiшi бойынша өзiнiң iшкi заңнамасына  сәйкес, олар адамдарды сату үшiн  пайдаланылады деп күдiк туғызғандарына  қатысты кiруге/шығуға берiлген немесе оның атынан берiлгенi неғайбыл құжаттардың немесе жеке куәлiктердiң заңдылығы мен жарамдылығын ақылға қонымды мерзiм iшiнде тексерудi жүргiзедi.

IV. Қорытынды ережелер

14-бап

Болдырмау ережесi

      1. Осы  Хаттамадағы ешбiр ереже халықаралық құқыққа сәйкес халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықты қоса алғанда, және атап айтқанда, бұл қолданылатын жағдайда, босқындар мәртебесiне және олар да бекiтiлген шығарып жiбермеу принципiне қатысты 1951 жылғы Конвенция мен 1967 жылғы Хаттамада мемлекеттер мен жекелеген адамдардың құқықтарын, мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiн қозғамайды.

      2. Осы  Хаттамада көзделген шаралар,  адамдарды сатудың құрбандары  болған негiздегi адамдарға қатысты  кемсiтушiлiк болып табылмайтындай түрде түсiндiрiледi және қолданылады. Бұл шараларды түсiндiру мен қолдану халықаралық деп танылған кемсiтпеушiлiк принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.

15-бап

Дауларды реттеу

      1. Қатысушы  мемлекеттер осы Хаттаманы түсiндiруге немесе қолдануға қатысты дауларды келiссөздер жүргiзу жолымен реттеуге ұмтылады.

      2. Екi немесе  одан да көп Қатысушы мемлекеттер  арасындағы ақылға қонымды уақыт  кезеңi iшiнде келiссөздер жүргiзу  жолымен реттеуге келмейтiн, осы  Хаттаманы түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау осы Қатысушы мемлекеттердiң бiреуiнiң өтiнiшi бойынша төрелiк тексеруге жiберiледi. Егер де төрелiк туралы өтiнiш берген күннен бастап алты ай iшiнде бұл Қатысушы мемлекеттер оны ұйымдастыру туралы келiсiмге келмесе, осы Қатысушы мемлекеттердiң кез келгенi Сот мәртебесiне сәйкес өтiнiш жасай отырып, дауды Халықаралық Сотқа бере алады.

      3. Әрбiр  Қатысушы мемлекет осы Хаттамаға  қол қою, ратификациялау, қабылдау  немесе бекiту кезiнде немесе  оған қосылу кезiнде өзiн осы баптың 2-тармағының ережелерiмен байланысы бар деп есептемейтiнiн мәлiмдей алады. Басқа да Қатысушы мемлекеттер мұндай түсiнiк берген кез келген Қатысушы мемлекетке қатысты осы баптың 2-тармағының ережелерiмен байланысты емес.

      4. Осы  баптың 3-тармағына сәйкес түсiнiк берген кез келген Қатысушы мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлама жiберу арқылы бұл түсiнiктi кез келген уақытта алып тастай алады.

16-бап

Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекiту және қосылу

      1. Осы Хаттама 2000 жылғы 12-15 желтоқсан аралығында Палермода, Италияда, содан соң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегi Орталық мекемелерiнде 2002 жылғы 12 желтоқсанға дейiн барлық мемлекеттердiң қол қоюы үшiн ашық.

      2. Осы Хаттама,  сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Хаттамаға мұндай ұйымның кемiнде бiр мүше мемлекетi қол қойған жағдайда, экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымдарының қол қоюы үшiн де ашық.

      3. Осы Хаттама  ратификациялауға, қабылдауға немесе  бекiтуге жатады. Ратификациялау  грамоталары немесе қабылдау немесе бекiту туралы құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы, егер мүше мемлекеттердiң кемiнде бiреуi дәл осылай жасаса, өзiнiң ратификациялау грамотасын немесе қабылдау немесе бекiту туралы құжатын сақтауға тапсыра алады. Бұл ратификациялау грамотасында немесе қабылдау немесе бекiту туралы құжатта мұндай ұйым осы Хаттамамен реттелетiн мәселелерге қатысты өз құзыретiнiң саласы туралы мәлiмдейдi. Сондай-ақ мұндай ұйым депозитарийге өз құзыретi саласындағы кез келген тиiстi өзгерiс туралы хабарлайды.

      4. Осы Хаттамаға  қатысушы болып табылатын мүше  мемлекеттердiң кемiнде бiреуi  мүше болса, осы Хаттама кез  келген мемлекеттiң немесе экономикалық  ықпалдастықтың кез келген өңiрлiк ұйымының қосылуы үшiн ашық. Қосылу туралы құжаттар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Қосылу кезiнде экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы осы Хаттамамен реттелетiн мәселелерге қатысты өз құзыретiнiң саласы туралы мәлiмдейдi. Мұндай ұйым депозитарийге өз құзыретi саласындағы кез келген тиiстi өзгерiстер туралы да хабарлайды.

17-бап

Күшiне ену

      1. Осы Хаттама  қырқыншы ратификациялау грамотасы  немесе қабылдау, бекiту немесе  қосылу туралы құжат сақтауға  тапсырылған күннен кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне енедi, бiрақ Конвенция күшiне енгенге дейiн күшiне енбейдi. Осы тармақтың мақсатында экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы сақтауға тапсырған кез келген мұндай грамота немесе құжат мұндай ұйымның мүше мемлекеттерi сақтауға тапсырған грамоталарға немесе құжаттарға қосымшалар ретiнде қарастырылмайды.

      2. Осы Хаттаманы  ратификациялайтын, қабылдайтын  немесе бекiтетiн немесе қырқыншы  ратификациялау грамотасын немесе  осындай iс-қимыл туралы құжатты  сақтауға тапсырғаннан кейiн оған қосылатын әрбiр мемлекет немесе экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы үшiн осы Хаттама оның кешiгiп басталуына байланысты осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Хаттама күшiне енген күнi немесе мұндай мемлекет немесе ұйым тиiстi грамотаны немесе құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.

18-бап

Түзетулер

      1. Осы Хаттама  күшiне енгеннен кейiн бес жыл  өткен соң осы Хаттамаға Қатысушы  мемлекет түзетулер ұсынып, оны  Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас  хатшысына жолдай алады, ол одан әрi осы ұсынысты қарастыру және ол бойынша шешiм қабылдау мақсатында ұсынылып отырған түзетудi Қатысушы мемлекеттерге және Конвенцияға Қатысушылар Конференциясына жiбередi. Қатысушылар Конференциясына қатысатын осы Хаттамаға Қатысушы мемлекеттер әрбiр түзетуге қатысты ымыраға қол жеткiзу үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсайды. Егер ымыраға қол жеткiзу жөнiндегi барлық күш-жiгер жұмсалса және келiсiмге қол жеткiзiлмесе, соңғы шара ретiнде түзетудi қабылдау үшiн Қатысушылар Конференциясының отырысында дауыс беруге қатысқан осы Хаттамаға Қатысушы мемлекеттер дауысының үштен екiсiнен астамы талап етiледi.

      2. Экономикалық ықпалдастықтың  өңiрлiк ұйымдары өз құзыретi  саласына кiретiн мәселелер бойынша  өзiнiң дауыс беру құқығын осы  Хаттамаға Қатысушылар болып табылатын олардың мүше мемлекеттерi санына тең келетiн дауыстар санын иелене отырып, осы бапқа сәйкес жүзеге асырады. Мұндай ұйымдар, егер олардың мүше мемлекеттерi өздерiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырса немесе керiсiнше болса, өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.

      3. Осы баптың 1-тармағына  сәйкес қабылданған түзетудi Қатысушы  мемлекеттер ратификациялауы, қабылдауы  немесе бекiтуi тиiс.

      4. Осы баптың 1-тармағына  сәйкес қабылданған түзету Қатысушы  мемлекетке қатысты ол ратификациялау  грамотасын немесе мұндай түзетудi қабылдау немесе бекiту туралы құжатты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырған күннен кейiн тоқсан күн өткен соң күшiне енедi.

      5. Түзету күшiне  енгеннен кейiн ол онымен байланысты  болуға келiсiм бiлдiрген Қатысушы мемлекеттер үшiн мiндеттi болады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осы Хаттаманың ережелерiмен және олар бұрын ратификациялаған, қабылдаған немесе бекiткен кез келген түзетулермен байланысты болып қала бередi.

19-бап

Күшiн жою

      1. Қатысушы мемлекет Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама жiберу арқылы осы Хаттаманың күшiн жоя алады. Мұндай күшiн жою Бас хатшы хабарламаны алған күннен кейiн бiр жыл өткен соң күшiне енедi.

      2. Экономикалық ықпалдастықтың  өңiрлiк ұйымы, оның мүше мемлекеттерiнiң барлығы осы Хаттаманың күшiн жойған кезде осы Хаттаманың қатысушысы болуын тоқтатады.

20-бап

Депозитарий және тiлдер

      1. Осы Хаттаманың  депозитарий болып Бiрiккен Ұлттар  Ұйымының Бас хатшысы тағайындалады.

      2. Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тiлiндегi мәтiндерiне тең дәлме-дәл болып табылатын осы Хаттаманың түпнұсқасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

 


Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясымен байланыс