Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуда ең ауқымды фактор
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі –
Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын
жақсартуда ең ауқымды фактор!
Мырзатаев Ержан Кыдырбаевич
Алматы 2012
Мазмұны
Кіріспе.......................
І тарау. Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.......... 6
1.1 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің
деңгейі.......................
1.2 Қазақстанда әлеуметтік жауапкершіліктің даму
жолдарына ұсыныстар.....................
ІІ тарау. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті дамыту.......... 14
2.1 КӘЖ дегеніміз не?...........................
2.2. АҚШ және Еуропа елдеріндегі КӘЖ модельдері....................
Қорытынды.....................
Қосымша.......................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің басты құндылығы – халқы, басты міндеті - өз азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан осы басты қағиданы жіті назарда ұстап келеді. Өйткені, мұның өзі Ата Заңымыздың басты талаптарының бірі болып саналады. Ел Конституциясының алғашқы бабы “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік (бөліп көрсеткен біз – авт.) мемлекет ретінде орнықтырады…” деген сөздермен басталатыны да осыны аңғартады.
Ел экономикасының нақты мүмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде әртүрлі жағдайда болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл мәселе аса күрделі болды. Алайда, соңғы он жылда мемлекеттің адам капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына жұмсап жатқан қаражатының сегіз есе өсуі бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың қарқындылығын байқатады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола түсіп, біз ТМД мемлекеттері арасында көшбасшылар қатарындамыз.
Бірақ мына Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында әлі де қарастыратын мәселелеріміз алда. Соның ең маңызды мәселелерінің бірі – халықтың әлеуметтік жағдайы. Менің қарастыруға ұсынып отырған тақырыбым – Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауқымды ұғым. Бұған қарапайым қайырымдылық пен демеушіліктен бастап, экология, жергілікті қауымдастықпен қатынас, дағдарыс кезінде көмек көрсетуге дайын болу, сапасы жоғары тауар өндіру, сондай-ақ қоғам мүшелерінің заман талабына сай өмір сүруіне қатысты басқа мәселелердің бәрі де кіреді деуге болады. Демек, бөбектердің балабақшалармен жеткілікті қамтылуы, оқушыларымыз бен студенттеріміздің мектептер мен жоғары оқу орындарында сапалы білім алуы, кәсіпорындарымыздың жаңа технологияларға сай жарақтандырылып, ондағы еңбек қауіпсіздігінің күшейтілуі, елді мекендеріміздің экологиялық жағдайы және т.б. осы сияқты қадау-қадау факторлардың бәрі де айналып келгенде халықтың әлеуметтік ахуалын сипаттайтын, соған тікелей әсер ететін жағдаяттар.
Осы тұрғыдан алғанда зерттелетін тақырып өткір де өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілік деңгейін зерттей отырып, дамыту жолдарын ұсыну болып табылады. Қазақстан Республикасы өз алдына мемлекет болып, нарықтық экономикаға көшкенімізден бері, елімізде таңдалынып алынған тақырыптың зерттелу деңгейі әлі де төмен деңгейде. Сол себепті, осы тақырыпты ашу мақсатында келесідей міндеттерді қоямыз:
- Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілік деңгейін анықтау;
- Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің мүмкіншіліктерін белгілеу;
- Шет елдердегі корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің үлгілерін салыстыру.
Зерттеу жұмысының деректік базасы. Зерттеу жұмысын жазуда бірнеше дерек көздері пайдаланылды. Олардың классификациялары келесідей:
Деректердің бірінші тобына ұлттық, трансұлттық компаниялар қабылдаған кодекстері кіреді. Олар: «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі кодексі [14], ресми құжаттар [15], Жеке кәсікер жөнінде Қазақстан Республикасының Заңы [16].
Деректердің екінші тобына интернет желісінде бұқара ақпарат құралдарының ресми сайттарында, әлеуметтік ақпарат агенттіктерінде жарияланған мақалалар жатады [6-13].
Деректердің үшінші тобына елбасының, кәсіпкерлердің республикалық форумдарда, бұқара ақпарат құралдарында сөйлеген сөздері жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ресейдің бизнес әлеуметтік жауапкершілігі бағытында зерттеушілердің еңбектері қаралған. Атап айтқанда, А.А. Шлихтердің «Америка Құрама Штаттарында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен коммерциялық емес секторының өзара қарым-қатынасында бағыттары мен механизмі» [1], Н.Петрова және А. Титкованың Ресейдің саяси энциклопедиясы «Аймақтардағы билік, бизнес, қоғам: бұрыс үшбұрыш» [2], И.Н. Рябецтің «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: әлеуметтік талдау аспектісі» [3] және қазақстандық зерттеушілерден Н.А. Товманың еңбектері [4-5] талданған. Жұмысты жазу барысында жоғарыда аталған еңбектерді басшылыққа алдық. Себебі, нарықтық экономика кеше көшкен елімізде зерттеу жұмыста отандық зерттеушілер жоқтың қасы. Мұның өзі елімізде жұмыстың зерттелу деңгейі қаншалықты төмен екенін көрсетеді.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеуге алынған жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
1.1 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің деңгейі
Елімізде мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін орындау барысына толыққанды үлес қоса алатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын шаралардың қолға алынуы республикамыздың жетістіктерін тұрақты дамытуға жағдай жасайтынын көреміз. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық форумда бұл туралы көптеген жақсы пікірлер айтылды. Соның бірі – мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жолында толыққанды мүдделес әріптес болуы керек деген тұжырым. “Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі бөлігін жүріп өтті, тұтасымен алғанда ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек бизнестікі”, – деп Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткен болатын. Қалың жұртшылық бұл бастаманы қоштайды (7). Бұған дәлел ретінде Дүниежүзілік экономикалық форумның өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап экономикадан әлеуметтік салаға көбірек көңіл бөліп, тұрақты дамуға ден қойғанын айтуға болады.
Негізінен, бизнес табысты болса, қоғам қарқынды дамиды. Ал қоғамның тұрақты да қарқынды дамуы бизнестің табысты өркендеуіне жол ашады. Бұл тұрғыдан қарасақ, екі жақты қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланыста. Сол себептен, әлеуметтік жауапкершілікті ескеретін бизнес мемлекеттегі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене араласатын, “мен табысты бизнесменмін, сол себепті, қоғамның тұрақты болуын қалаймын” деген ниеттегі кәсіпкерлердің санын көбейтуге бағытталған.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін де адамға үлкен дарын керек. Ал талант пен азаматтық жауапкершілік тоғысқан кезде нағыз тұлғалар пайда болатынын және елді сүю – өркениеттіліктің ең үлкен белгісі екенін естен шығаруға болмайды. Ал бұл қағиданы ұстанбаған ірі кәсіпкерлердің өздері қолдағы барынан айрылғанын тарихтан білеміз.
Елбасымыз Жезқазған
қаласында өткен форумда
Әрине, мұның бәрі баршамызға үлкен міндеттер жүктейді. Әсіресе табысты жұмыс істеп жатқан компаниялардың өз ұжымының және қоғамның әлеуметтік мәселелерінен шет қалмағаны дұрыс. Негізінен, бізде әлеуметтік жауапкершілікті қажетті деңгейде дамытуға енді ғана назар аударыла бастауы – бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі қалыптасып қалған көзқарастан нарық экономикасы кезіндегі қарым-қатынасқа түбегейлі көшуіміздің белгісі деп түсіну керек.
Кейбір компаниялар (нақты айтқанда, көбісі) КӘЖ-ті жақсы PR лозунг ретінде қолданады. Мысалы, оның артында не тұрғанын түсінбей, қоғам алдында компания имиджін жақсарту керек болса немесе өнім әлеуметті жауапты компаниямен өндірілгенін артық бір рет айту керек.
Қайырымдылық мақсатында бөлек қайырымдылық қорын құру жөн. MBA бағдарламасының көптеген европалық студенттері КӘЖ енгізілген компанияларда жұмыс жасағылары келетінін айтады. Кейбір елдерде КӘЖ бар компанияларға салық жеңілдіктері және бұл бағдарламалар жоқ болса, айыппұлдар қарастырылған. Көптеген жағдайда бұл ресми лозунгтарға әкеліп соғады. Бұдан мынадай қорытындылар келтіруге болады:
- Қайырымдылық
пен әлеуметтік
- Компания
құндылығын арттыруға
- Жауапты және әдепті бизнес - тиімді бизнес.
Солай бола тұрғанымен де, қоғамдық санада, әсіресе дамушы елдерде, КӘЖ әлі көп уақыт PR мен маркетинг синонимы болып тұр.
«Экологияны талап, ластайтын трансұлттық компаниялар үшін осы КӘЖ принциптері құрастырылған. «Әлеуметтік жауапкершілік» термині кең таратылып, насихаттауда, сондықтан оның кіші бизнеске қатысы жоқ деп нақты айта аламын. Өйткені кіші бизнес мемлекеттер мен континенттерді талаған жоқ, экологияны ластаған жоқ. Әлеуметтік институттар, трансұлттық компаниялар, ұлттық компаниялар және қаржы секторы әлеуметтік жауапты болуы керек. Дағдарыс кезінде елеулі жеңілдіктерді, елеулі демеу мен мемлекеттік жәрдемді солар алған болатын. Сондықтан, олар әлеуметтік жауапты болатын уақыттары жетті» - деген Алматы кәсіпкерлер ассоциациясының президенті Виктор Ямбаев. Расында да солай. (13)
Ендеше, бұл зерттеуді жүргізудегі негізгі мәселеге Қазақстанда КӘЖ-ді дамыту үшін қандай қадамдарды жасау керек?
Білуімізше, Кеңес Одағы кезінде, өз қаржысы мен қоғамдық тұтыну қоры қаржысына негізгі материалдық игіліктерге тең қол жеткізуді көздейтін, ұлтық табысты бөлісудің мүлдем басқа механизмі болған. Кеңес моделі аясында қызметкерлерді үй-жаймен, балаларды мекетпке дейінгі білім берумен, медициналық қызмет көрсетумен және т.б. қамтамасыз ету, әлеуметтік инфраструктураның мекемелер торын иемденген, мемлекет пен ірі кәсіпорындар қаржысынан болған.
Нақты КӘЖ механизмі Давос манифестінде (1973 ж.) тұжырымдалған, онда компаниялар өздерінің қызметкерлері мен отбасы мүшелері, серіктестері мен контрагенттері алдында әлеуметтік жауапты екені жазылған. Мұндай шешімді қабылдау, бір жағынан, компанияның кәсіпқой қызметкерлерін ұстап қалу үшін, компанияның жақсы беделін жасау мен серіктестерімен, ұлғайған бәсекелестік жағдайында, экономикалық байланыстарды орнықтырумен байланысты. Әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысу, сонымен қатар аймақты дамыту, Давос манифесті бойынша компанияның әлеуметтік міндетіне жатпайды, тек қана имидждік қызмет ретінде, қайырымдылық көмек ретінде қарастырылады.
Қазақстанда қазіргі кезде мемлекет те қатаң шараларды қабылдамайды, компаниялар да КӘЖ негізгі принциптерін орындамай келеді.
1.2 Қазақстанда әлеуметтік жауапкершіліктің
даму жолдарына ұсыныстар
Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілік мәселесін көтеру үшін келесідей ұсынысым бар: екінші ДАВОС-қа айналып, беделі артып келе жатқан кезекті Астана Экономикалық Форумында арнайы пленарлы отырысында талқылау керек. Себебі, осы сұхбат платформасында шетелдің бизнес өкілдерімен пікір, тәжірибе алмасып, қарастыруға кеңінен мүмкіндік бар.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің принциптерін мойнына алған компаниялар өздерінің шаруасына оң эффективті әсерін береді, егер компаниялар өз еркімен, адал әрекет етсе. Компаниялар қоғамның қай тұстарына (жергілікті жердің немесе халықтың қай әлеуметтік тобына) әлеуметтік көмек көрсететінін өздері шеше білу керек. [5, 42 б]
Келесі бір қозғайтын мәселе: Ірі ұлттық компаниялар, трансұлттық корпорациялар әлеуметтік жауапкершілікке ерекше көңіл бөлу қажет. Себебі, қазіргі таңда, олар – Қазақстан экономикасының негізгі тірегі болып есептеледі. Бұл ірі компаниялар әлеуметтік жауапкершілік бойынша белгілі бір деңгей есебінде әрекет етіп жатыр. Алайда, бұл әрекеттер көбіне қайырымдылықпен бітуде.
Кіші және орта бизнеске әлеуметтік жауапкершілікті артудың орны жоқ, себебі, бұлар қоршаған ортаға аса экологиялық зиянын тигізіп жатқан жоқ. Елбасымыз айтқандай, кіші және орта бизнес – мемлекет локомотиві болып табылады. Бірақ, бұл бизнес өкілдері өздері орналасқан жергілікті жерде қайырымдылық, спонсорлық көмек көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр болмақ!
Әлеуметтік жауапкершіліктің үш бұрышында: мемлекет, бизнес, азаматтық қоғам болса, осындағы азаматтық қоғам – ең әлсіз тұс. Себебі, азаматтық қоғамның түсінігінде әлеуметтік жауапкершілік мемлекет тарапынан, ал бизнес өкілдерінің тарапынан қайырымдылық, спонсорлық көмек болу керек деген түсінік жатыр. [2, 202 б.]
Компаниялардың корпоративті әлеуметтік жауапкершілігіне қоғам тарапынан ынталандыру үшін жоғарыдағы түсінік өзгеруі керек. Сонда ғана, қоғам тарапынан түрлі әрекеттер, мысалға (шетел тәжірибесінен):
- корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі бар, әлеуметтік жобаларға қатысатын компаниялардың тауарын алу;
- корпоративті
әлеуметтік жауапкершілік
- корпоративті
әлеуметтік жауапкершілік
- өз карьерасын әлеуметтік жауапкершілігі бар жұмыс берушімен қатынасу. [1, 93 б]
Әрдайым жақ болуы сияқты әрекеттер орын алады. Ал бұл сәйкесінше, компаниялардың тұтынушылар үшін бәсекелесуге алып келеді. Ал бәсеке бар жерде сапа артады. Осы мақсатпен, қоғамның әлеуметтік жауапкершілік танымын арттыру мақсатында, ұсынамыз:
- Жоғары, арнайы оқу орындарында «корпоративті әлеуметтік
жауапкершілік» секілді дәріс енгізуін;
- Қоғамдық орталарда әлеуметтік жауапкершілік түсінігін танытуды;
- Мемлекет осындай әрекеттерді қоғамға танытуын қамтамасыз ету керек.
Мұндай ұсыныстар дамыған, дамушы мемлекеттерде орындалып жатса, дұрыс болмақ. Мұндай қоғамда өскен азамат кейін де өз бизнесін бастарда міндетті түрде әлеуметтік жауапкершілікті ерекше орынға қояды.
Енді мемлекет тарапынан ынталандыру жұмыстарын кеңінен қарастыру керек. Мемлекет тарапынан Қазақстанда Салық кодексінде әлеуметтік жобаларға қатысқан бизнесті ынталандыру нормалары қарастырылған (2009 жылдан бері әлеуметтік жобаларға қатысатын бизнестің корпоративтік табыс салығын төмендету бойынша ынталандыру жүйесі жүргізіліп келеді) (15). Сонымен қатар, Елбасы жыл сайын әлеуметтік салаға ынталандыру үшін «Парыз» сыйлығын белгілегенін білеміз. Дағдарыс кезінде де мемлекет көмегін аяп қалғаны жоқ. [11]
Мемлекет пен кәсіпкерлік әр деңгейде сенімді әріптес болу керек!
Менің мұндағы мемлекеттің тарапынан болатын әрекеттерге беретін ұсыныстарым келесідей:
- Мемлекет КӘЖ жөнінен «Парыз кодексін» енгізу керек (бұл кодексте идеалды бизнестің портреті сипатталады);
- Арнайы «Бизнес» телехабарын құру керек («Парыз Кодексін» орындамайтын компаниялар өздерінің сыртқы имиджінің түсуіне, сондай-ақ, сол компанияларға тұтынушылар тарапынан сұраныс азаятынына алып келетінін түсінеді, ал керісінше, орындаушылар қосымша пайдасына алып келеді);
- Мемлекет КӘЖ жүйеленуінде нақты ережелер мен нормаларды бекіту керек, заңнамалық базасын құрастыру керек;
- Жергілікті жердегі мемлекеттік органдар мен кәсіпорын, фирма,
компания сол жердегі әлеуметтік нысандарға белгілі көмек көрсету керек;
- Облыс көлемінде КӘЖ жөнінен Кеңес құру қажет (яғни бұл кеңеске облыс көлеміндегі билік органдары, ірі кәсіпорындар кіреді);
- Кеңес аясында әр түрлі әлеуметтік бағыттарда «қайырымдылық», «әлеуметтік жауапкершілік» қорларын құру қажет (мысалға: бұл қордан төтенше жағдай орын алған нысандарға кідірместен қаржы жіберіледі);
- Мемлекет түрлі кәсіпорындардың әлеуметтік мәселе жөнінен серіктестігіне алып келуін қамтамасыз ету керек.
Мемлекет осындай Кеңеске кірген әлеуметтік жобаларға белсене қатысқан кәсіпорындарға салық жөнінен жеңілдіктерді қарастыру керек. Бұл Кеңес облысқа бөлінген бюджеттің жұмсалуын қарастырса дұрыс болады. Бұл - дегеніміз, бюджеттің эффективті жұмсалуын қамтамасыз етеді. (Ресейде мұндай бюджет (мөлдірлілік) – «Прозрачный бюджет».) [4, 106 б]
Компаниялардың «Парыз Кодексінің» үлгісіне ұмтылуы, корпоративті және әлеуметтік жауапкершіліктің артуына әкеледі.
Мұндай механизм біздің Қазақстан үшін тиімді деп ойлаймын. Мұндай жоба іске асып жатса, елімізде аймақтың тұрақты дамуы жақсара түспек. Яғни, қазақстандықтардың өмір сүру жағдайы жақсарады. Жергілікті жердегі билік органдарының жауапкершілігі артып, халықтың мемлекетке сенімдігі артады. Бұл механизм өзінің тиісті нәтижесін беретініне сенімім мол.
Мұндай жобаның ұсынуымның себебі, біз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшкенімізге небәрі 20 жыл болды. Елбасымыз айтқандай, Болашақтың іргесін бірге қалайтын болсақ, бірге жұмыс жасау қажет.
ІІ тарау. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті дамыту
2.1 КӘЖ дегеніміз не?
Әлеуметтік жауапкершіліктің үшінші бұрышындағы қарастыратын субъект – кәсіпкер. Ең алдымен, кәсіпорындарға КӘЖ беретін мүмкіндіктерге тоқталайық:
- КӘЖ қандай басымдылықтар береді?
- Сатулардың көлемін арттыру;
- Шығындарды азайту;
- Қызметкерлерді тарту, сақтау, ынталандыру және дамыту;
- Капиталға қол жеткізуді жақсарту;
- Басқа компаниялармен альянстар мен серіктестіктер құру;
- Қауіп-қатерлерді басқаруды жақсарту;
- Беделді қалыптастыру және айрықша басымдылықтарды құру;
- Қызметкерлер мен клиенттердің неғұрлым жоғары берілгендігін қалыптастыру;
- Сауда маркасының беделін нығайту.
Стратегиялық КӘЖ ортақ құндылықтарды қалыптастырудан, яғни, қоғам мен бизнес үшін игіліктерді құрудан тұрады.
Бизнес үшін басымдықтар таңдалып алынған КӘЖ стратегиясы мен КӘЖ бағдарламаларының бағыттылығына байланысты тікелей және қосымша көздерден туындайды. Тікелей басымдықтар жиі шығындарды үнемдеумен, сатуларды арттырумен немесе жаңа нарықтардың пайда болуымен көрінеді.
Қосымша пайдалар жиі беделді қалыптастыру, бренд құнын арттыру және әлеуетті қауіп-қатерлерді жою түрінде көрінеді.
- КӘЖ компанияға акционерлерімен байланысында қалай көмектесе алады?
Тікелей: басшылық акционерлер мен әлеуетті акционерлерге ұсынатын қаржылық емес есеп/КӘЖ есебі арқылы. Бұл есеп талап етілмейді, бірақ қосымша салым болып табылады, себебі онда компания өз ұстанымы мен қызметін (жүйелер, кадр ресурстары, басшылық, табиғатты қорғау нормалары және т.б.) құруда бағдар ала алатын критерийлер қатары аталады.
КӘЖ коммерциялық кәсіпорындар арасында қоғаммен байланыстың жаңа шегі болып табылатындықтан, қоғамға мәлімделген КӘЖ жобалары компанияның ұстанымдарын және оның нарықтағы беделін нығайтады, осылайша қоғамдық лояльдылықты арттырады. Бұл жағдайда КӘЖ жобалары акционерлермен байланысты қолдайды, өйткені бизнеске оң әсер береді, және оларды акционерлер алдында қорғау жеңіл болады (бюджет тұрғысынан).
КӘЖ компания басшылығының акционерлермен байланысын екі түрлі жолмен қолдайды.
- КӘЖ компанияға қоғаммен байланысында қалай көмектесе алады?
КӘЖ-ті мойындау қоғам мен мүдделі тараптан туындайды. Бұл бизнестің қоғамға тиімді тартымдылығы танылатын басымдылықтарға әкелуі тиіс. Мұндай мойындауға қол жеткізу үшін компания қоғамға әсер мен басымдылықтар туралы айқын және тиімді ақпарат беруге ат салысуы тиіс.
- Компаниялар КӘЖ-ке ие болмаса не болады?
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік міндетті емес, ерікті болып табылады, алайда бұл жағдайда компанияның нарықтағы алар орнына зор әсерін тигізеді. КӘЖ басқарудағы жаңа сұлба болып табылады және алға қарай қадам басқан сайын неғұрлым жоғары сұранысқа ие болып отыр. «Price Waterhouse» зерттеуіне сәйкес КӘЖ компаниялар бәсекеге түсетін жетекші бизнес-факторлардың бірі болмақ, себебі ол байланыстар арқылы имиджді нығайтады және компаниялар бойынша инвестициялардан жоғары қайтарымдылыққа ие, қызметкерлердің берілгендігінен бастап және бәсекеге қабілеттілікті арттырумен, жаңа клиенттерді жинаумен және жаңа нарықтарды ашумен аяқтай отырып.
- Компанияның қай бөлімі КӘЖ айналысуы тиіс?
Негізінен КӘЖ байланысты барлық қызметпен КӘЖ бөлімі айналысуы тиіс. Егер компанияда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бөлімі болмаса, онда бұл қызметпен немесе онымен байланысты мәселелермен маркетинг/коммуникация бөлімі немесе кадрлар бөлімі айналысады.
- Ішкі КӘЖ дегеніміз не?
Бұл компанияның өз жұмыс
ортасында жауапкершілікті
- КӘЖ есебі дегеніміз не?
КӘЖ (әлеуметтік) есебі компанияның өзінің клиенттеріне, қызметкерлеріне және мүдделі тараптарға қатысты тәжірибеде қолданатын жауапкершілік деңгейін көрсету, және компаниямен жүзеге асырылатын белгілі бір КӘЖ жобалары туралы мәлімдеу мақсатымен шығаратын мерзімді баяндамаларынан тұрады.
- КӘЖ және бәсекеге қабілеттілік арасындағы байланыс қандай?
КӘЖ және бәсекеге қабілеттілік тығыз байланысты. Өсіп отырған фактылар саны бәсекеге қабілеттілікті ынталандырушылар, адам және әлеуметтік капитал сапасы мен осы қасиетті КӘЖ арқылы дамытудағы корпорация салымы арасындағы өзара тығыз байланыстарды көрсетеді. Компания деңгейінде бұл процессте кері байланыстың екі циклы бар:
Олардың бірі корпорация рөлі болып табылады. Корпорация өзінің КӘЖ бойынша қызметінің қалай бағытталатындығы мен орта мерзімді және ұзақ мерзімді болашақта елдің адам және әлеуметтік капиталын нығайтатын және табиғи капиталды сақтайтын стратегиялық салаларда шешімдерге көзделгендігіне ақылмен қарауы тиіс.
Екінші жағынан, қоғамның нарықтар мен саяси факторлар арқылы компанияның нарықтық механизмдегі жауапты тәжірибесін мойындауынан және трансформациялауынан тұрады. Осы кері байланыс циклдарының көмегімен КӘЖ мәселелері бәсекелі басымдылықтар көзіне айналды (мысалы, экономикалық әсер және еңбек өнімділігін арттыру), ары қарай аймақтық және ұлттық деңгейде бәсекелестік қарқындылығы мен инновациялық әлеуетті арттырады. [10]
Сонымен, кәсіппен айналысатын мекемелерде КӘЖ орын алу керек. Қазіргі таңда кейбір кәсіпорын, компанияларда КӘЖ-тің кей тұстары ғана бар. Сондықтан КӘЖ орнататын компаниялар шетелдің тәжірибесіне сүйенгені дұрыс деп ойлаймын. Әсіресе, Азияның жолбарыстарына айналып жатқан Сингапур, Малайзия, Еуропа елдерінің дамушы мемлекеттерімен тәжірибе алмасқан жөн.
2.2 АҚШ және Еуропа елдеріндегі КӘЖ модельдері
Компаниялардың ішкі және сыртқы әлеуметтік жауапкершілігін қарастырып, талдамас бұрын, мынадай ұсынысым бар:
Әр компания өзіне лозунг ұстар, идеология орнатып, дәріптеу керек! Сонда, компания басшылары ғана емес, жұмысшы табы да әлеуметтік жауапкершілікті болады.
Енді АҚШ және Еуропа елдеріндегі КӘЖ модельдерін қарап көрелік:
1-кесте: АҚШ және Еуропада КӘЖ модельдері
АҚШ және Еуропада КӘЖ модельдері | ||
АҚШ |
Еуропа | |
Экономикалық жауапкершілік |
Корпоративті басқарудың принциптеріне сәйкес бағытталу, тиісті сыйақы мен тұтынушы қорғау. |
Заңдық негізде орнатылған тәртіп, мысалға, аптасына 35 сағат жұмыс уақыты, МРОТ,өндіріс ережесі, мед. препарат тестілеу. |
Заңдық жауапкершілік |
Корпорацияның орта деңгейдегі заңдық белгіленген тәртіп ережесі. |
Кәсіпті жүргізуде терең реттелген заңнамалық ережелері. |
Әдепті жауапкершілік |
Жергілікті орта қолдау тенденциялары. |
Жоғарғы деңгейдегі салық, жоғарғы деңгейде мемлекеттік әлеуметтік қорғау. |
Қайырымдылық (филантропия) |
Өнер, мәдениет және Жоғары оқу орындарында спонсорлық. |
Жоғарғы деңгейдегі салық мемлекеттің түрлі саланы қаржыландырады. |

- Бизнестің жол картасы 2020
- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
- Бизнестің құқықтық негіздері
- Бизнес - тренинги
- Бизнес туризм в Северной Америке
- Бизнес ұғымы және бизнестің даму тарихы
- Бизнес-элита в современной России 2012 год
- Бизнес – смысл жизни или увлекательная интеллектуальная игра
- Бизнесс на Западе и в России: сравнительный концептуальный анализ
- Бизнесс план (рекламная компания)
- Бизнес-стратегия и информационные технологии
- Бизнес тәуекелі және оның түрлері
- Бизнесті бағалау
- Бизнесті мемлекеттік реттеу мәні обьектілері мен субьектілері