Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар. 2
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары” термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.
“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді [1]:
- оқытудың мақсаты;
- білім берудің мазмұны;
- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;
- оқушы, оқытушы;
- әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды “... оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады” деп айта келіп, оның құрылымын төмендегідей анықтайды:
- оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;
- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау;
- мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;
- оқыту технологиясын талдап жасау.
Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:
-дидактикалық жүйені
көрсететін технологияның бүтіндік
принципі;
-қойылған мақсатқа жету
үшін нақты педагогикалық ортада
технологияларды қайта өндіру
принципі;
-сәйкес келетін педагогикалық
жүйелердің өзін-өзі дайындау
механизміне әсер ететін факторлардың
приоритеті және педагогикалық
құрылымдарының сызықтық емес
принципі;
-оқушының жеке тұлға
ретінде қалыптасуына және оның
танымдық қабілеттілігіне оқыту
процесінің бейімделу принципі;
-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.
Педагогикалық технологияның міндеттері:
- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;
- мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;
- технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;
- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;
- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.
Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі."Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту технологиясы" ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:
- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;
- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".
- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М.Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?» мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.
Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:
а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;
ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет;
б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;
в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;
г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қажет [2].
Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді [3].
Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған [4].
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:
- ойын арқылы оқыту технологиясы;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту;
- деңгейлік саралап оқыту;
- міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;
- бағдарламалап оқыту технологиясы;
- оқытудың компьютерлік технологиясы;
- дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту.
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі:
- үнемі қайталау;
- ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілік;
- зорлықсыз, еркімен оқыту;
- әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Сондай-ақ әрбір педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету.
Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе - оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.
Парадигма
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Парадигма[1] (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
Саясаттануда[өңдеу]
Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастыру дың сынын білдіретін, әлеуметтік
құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау
үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама
желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20
жж. ғылыми айналымға енгізген американ
философы және қоғам тарихын зерттушісі
Г.Кун.Ол сондай-ақ, белтілі ғылыми дәстүр
шеңберінде кейбір зерттеушілік практика
шеше алатындай жеткілікті мөлшерден
шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.
Саясаттанудағы негізгі парадигмалар[өңдеу]
Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.
Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен , қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді:
қақтығыстық парадигма (конфликт), XIX ғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер және т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді.
мәмілеге келу парадигмасы (консенсус). Өкілдері: М.Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.[2]
Педагогикалық парадигма[өңдеу]
Педагогикалық парадигма- педагогикалық міндетгердін белгілі топтарда қалыптаскан үлгі- стандарты, дағдылы көзқарасы. Алайда, танымал үлгі-стандартты және көзкарастарды күмәнді етіп койғанымен, педагогика ғылымында және төжірибеде фактілер қолданылады
Педагогикалық парадигма екі жақтық қызмет атқарады: бір жағынан - педагогика ғылымға ғылыми проблемалардың шешімін жеңілдетеді, ал екінші жағынан педагогикалық шығармашылық мәселердің өңделуін тоқтатып, жаңа идеялардың қабылдауына кедергісін сәл болса да тигізеді. Кейбір педагогикалық парадигмаларды келтіруге болады.
1. қазіргі заманда төл педагогикамызда
«білетін адам» (ЗУН жүйесімен
жабдықталған) парадигмасы «тіршілік
әрекетіне дайын адам» парадигмасына,
яғни белсенді және шығармашылық
ойлауға қабілетті және іс
әрекет, өзіндік өсетін, интеллектуалды,
өнегелі және дене тәрбесін
өзгерістер енгізілуде;
2. көптеген педаготтардың пікірінше,
тәжірибиеде қолжеткізу принціпін
іске асыра отырып, оқу материалының
мазмұны және білім көлемі
оқушылардың жас ерекшелік ақыл ына сай және алғашқы дайындық деңгейіне
сай болу қажет. Егерде осы принципті спортта іске асырсақ, онда бірде-бір спортсмен
біз жеткен жетістіктерге жете алмаушы
еді.[3][3] Оларды теориялық тәсіл немесе
жеке білім деңгейі шенберінде ғылыми
бірлестік бөліседі.[4].[5][6][7]
Шет тілін оқыту әдістемесінде қолданылатын құзіреттіліктер
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан
бері, елімізде көптеген өзгерістер болуда. Білім
Құзіреттілік
«Білім туралы» заңда «құзіреттілік
Педагогикалық құзіреттілік дегеніміз
– педагогикалық жүйенің жағдайы мен
оның дамуын болжап, үздіксіз қадағалауды
қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау,
өндеу, жұмыс үрдісінде қолдану. Құзіреттілікті арттырудың,
жүргізудің өз ережесі болады [2].
Құзіреттілікті
l Құзыр: 1. кімнің болмаса да, жақсы хабардар болған сұрақтар төңірегі;
2. қандай-да біреулердің билігі, құқы;
l Құзырлылық: 1.бір сұрақтар төңірегіне жинақтаушы;
Мұғалім біздің тәуелсіз мемлекетіміздің
болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының
кілті бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтардың
тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын
себуші ұстаздардың қолында. Еліміздің
бәсекеге қабілетті елу ел қатарына қосылу
үшін қазіргі алға қойған мақсатымыз қазақ
елі үш шет тілін менгеру керек делінген.
Қазіргі таңда шет тілі мектептен бастап жоғарғы оқу орындарына дейін
оқытылады. Қазіргі қоғамға жан жақты дамыған
, ізденімпаз, шығармашылыққа құштар , қабілетті
, кәсіби құзіретті , педагогикалық үрдістің
шебері, жаңа идеяларға құштар педагог
қана өз ісінің шебері болуы мүмкін. Ал пән
мұғаліміне келетін болсақ, білімнің өзіндік құндылығын
анық түсінген, мәдениеті жоғары, өз пәнінің
шебері, алдындағы дәріс беретін тұлғаға
рухани өсуінің мотивациясын қалыптастыратын
, педагогикалық әдістермен қаруланған
кәсіби шебер болуы тиіс. Ұстаз оқушылардың
іс ірекетін болжап , ұйымдастырып , кемшіліктерін уақытылы түзетіп
, нәтижеге үнемі жетіп отырған кезде ғана
құзіретті бола алады. Кәсіби педагогикалық
шеберлікті , шынайылықты талап ететін
қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін ,
жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді.
Қазақстан Республикасындағы он екі жылдық
орта білім беру тұжырымдамасында он екі жылдық
мектептің педагогі жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін
игеруге міндетті деп белгіленген. Олар:
білімділік құзіреттілік, әлеуметтік құзіреттілік,
арнайы құзіреттілік, дара құзіреттілік,
әдістемелік құзіреттілік, зерттеушілік құзіреттілігі, басқарушылық
құзіреттілігі, тәрбиелік құзіреттілік. Олай болатын
болса, қазіргі таңдағы типтік мектептерде
осы аталған құзіреттіліктің қандай саласы жұмыс
істеп жатқандығын қарастырайық:
Грамматикалық құзіреттілік- тіл ережелерін білу, грамматикалық
ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық
кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып,
оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату,
талдату.
Социолингвистикалық
құзіреттілік- мәтіндердің шығу және танып білу үрдістерін
меңгеру. Бұл тындалым арқылы басқа адамның
(мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады. Бұл үшін
оқушылардың бірін бірі тыңдауына жағдай жасау
қажет. Бұл жағдайда тідік орта қалыптасады,
яғни оқушыларды мәтін арқылы сөйлеуге үйрету.
Дискурсивті құзіреттілік- айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру.
Біл қазіргі таңдағы ең қажетті құзіреттілік.
Себебі, оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет.
Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту
ұстанымдарында ерекше айтылады.онда сөйлеу
тілін үйретуді фонетикадан емес, синтаксистен,
яғни, оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.
Стратегиялық құзіреттілік- әнгімелесуші адам мен байланыс жасау.
Бұл- диалог құру және оны жалғастыру барысында жүзеге асатын
үрдіс. Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық
бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік
тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады.
Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір
– бірімен қарым- қатынас жасау кезінде маңызы зор екенін
әрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.
Социомәдениеттік құзіреттілік- тілді тасымалдаушы, қолданушы
халық мәдениетін білулерін білу және қолдану.
Шет тілі оқулықтарына педагогика бойынша тақырыптар енгізілген. Олар:
шет елдердің салт дәстүрлері, ұлттық ойындар, ұлттық
тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар,
отбасы тәрбиесінің дәстүрлері. Осы тақырыптар бойынша
оқушыларды шет елдерінің әдет-ғұрып, салт
–дәстүрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың шет тіліне деген қызығушылықтарын
арттыру және шет елдердің мәдениеті, тұрмысы,
салт дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.
Шет тілін оқытуда оқушылардың лингвомәдени құзіреттілігіне тоқталатын болсақ,
лингвомәдени құзіреттілік оқушылардың меңгеріп жатқан шет тілінде
грамматика арқылы яғни сөз арқылы мәдениетін тану.Лингвомәдени құзіреттілік жеке тұлғаның рухани
өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Діл
Менталитет немесе діл (лат. me nta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік т оптың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл
халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан
ерекшелігін тану болып табылады. Сол
арқылы адамдардың жалпылама және нақты
баға беруі, әлеуметтік ұстанымы әзінің
әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға
белсенді қарым-қатынасы пайда болады.
Жалпы мәліметтер[өңдеу]
Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына
тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан
мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің
біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл
мәдени бірегейленуімен және тұлғаның
өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну
деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін
(отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік,
т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде
қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен,
шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны
мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен,
этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының
әмбебапты болатындығын ескерген жөн.[1] Діл "біз және біз емес"
деген ажыратушы оппозицияға негіздел еді.[2]
Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген
жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты
жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық,
бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың,
рәміздердің, мағыналардың пайымдалған
жүйесін құрайтын діл саналы талқыға түсіп
отырады. ¥лттық мінез-құлық мәдени архетиптермен
бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи,
этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс
табады. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі
заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді.
Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың
ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен
де, мәдени сабақтастық нышандарымен де
тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық
Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар
ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ
белгілер бар.[2]
Діл — әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы.[3] Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады.[4]
Діл ұғымы[өңдеу]
Ғылыми-публицистикалық және саяси әдебиеттерде діл туралы соңғы жылдары ғана айтыла бастады. Сондықтан бұл ұғымды түсінуде кейде бірмағыналылық жетіспей жатуы мүмкін. Соған қарамастан, бір мәселенің басы ашық деп сеніммен айтуға болады. Ол қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік прогреске жету үдерісінде бұқараның саяси ділінің шешуші рөлін атқарады.
Ділдің табиғатын түсіну үшін, оны, алдымен, мына үш қырынан қарастырып көрейік. Біріншіден, діл жеке адамның немесе әлеуметтік топтың сана деңгейін көрсетеді, санамен тығыз байланыста болады. Сонымен қоса ділдің санамен шектелмей, одан тысқары жаткандарды да қамтитынын ұмытпау керек.
Мысал үшін бір стандартты ахуалдағы саяси сана деңгейі түрліше екі азаматтың әрекетін алып қарайық. А деген азамат, үнемі әлеуметтік белсенділік танытады, ел ішінде немесе сыртында болып жатқан оқиғаларға қатысты өзінің; тұрғысын ұстанып, белгілі бір саяси кештерді белсенді қолдайды, кейбіреулерінің әрекетіне сыншылдықпен қарайды. Ол саясатты бүкілхалықтық іс деп біледі, өзін де саясаттың әрі объектісі әрі субъектісі деп есептейді және содан туындап жататын жауапкершілікті түсінеді.
Екінші Б деген азамат өзін саясаттан тысқарымын деп есептейді. Оның саяси партиялармен ісі жоқ, олардың бағдарлмалары, басшылары оны қызықтырмайды. Сайлау кезінде дауыс беруге бармайды, өзін сайлауға да қарсы. Мінеки, бұл мысалдан біз саяси санаға қатысты ділдің, бірінші жағдайда — саяси белсенділік, екінші жағдайда енжарлық сипаттағы көрінісін байқаймыз.
Жеке азаматтар ғана емес, ірі әлеуметтік топтар да бүкіл қоғам осындай саяси сана деңгейіне пропорциялы белсенді немесе пассивті болуы мүмкін.
Мынадай сұрақ туындайды: пассивті қоғам немесе азамат Б өз әрекетімен өздерін саясаттан аулақ үстай алды ма? Әрине, жоқ. Олар саяси енжарлығымен-ақ өздерінің саяси тұрғысын білдірді. Келтірілген жағдайда олар билікке әділ емес жолдармен келгісі келетіндердің пайдасына әрекет жасады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: ешкім де саясаттан тысқары бола алмайды, авторлық қоғам мүшесінің саясатқа араласпауының өзі — консерваторға көмектесуден көрініс беретін саясатқа араласу.
Бұдан шығатын екінші қорытынды: саяси сана деңгейі ділдің критериі ретінде көрініс береді. Саяси белсенділік жағдайын қоғам динамикалы дамиды, өз келешегін өзі жасай алады. Екінші жағдайдағыдай, қоғам мүшелері белсенділік танытпаса, оның тағдырын билік басындағылар шешеді.
Ділдің екінші кыры адамның немесе әлеуметтік топтың әрекетке және ойлауга қабілетінен көрініс береді. Ол ақыл сапасының көрсеткіші ретінде жеке адамдардың немесе топтың рухани жағдайын, нағыздықтың түсінілу бейнесін айқындайды, ойлау тұрпаты және ұжымдық калыптасатын ойлау мен тәртіптің құрылымы ретінде көрініс береді.
Қоғам өзінің дамуы кезінде түрлі сілкіністерге, дағдарыстарға ұшырап отыруы мүмкін. Осындай төтенше жағдайларда кейбір қоғамдар тығырықтан жол тауын шығады, енді біреулері құрып кетуі мүмкін. Бұл қоғамның өрекетке және ойлауға кабілеттілігіне байланысты.
Өткен ғасырдың екінші жартысында коммунистік билік орнатқан бірқатар елдер бұқаралық апат жағдайларын бастарынан кешірді. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде Камбоджада 8 миллион адамның 3 миллионы қырылып калды. Эфиопияда екі-ақ жылдың ішінде халықтың жартысына жуығы жойылды. 1929-1933 жылдардағы қазақ халқы басынан кешкен нөубет бұлардан асып түсті — этностық қазақтардың үштен екісі қырылды және шет елдерге босып кетті.
Билікке күмәнді жолдармен келіп алып, ойына келгенін істейтін үкіметке сеніп, оған қарсы шыға алмай, екінші сөзбен айтқанда, ділдің мешеулігі салдарынан өрлеуден аулақ қалу, құрып кету каупі қазір де сейілді деп айтуға болмайды. XX ғасырдың екінші жартысында мұндай жағдайлар Индонезияда, Ауғанстанда, бұрынғы Кеңес Одағының қарауында болған ұлттық республикаларда көрініс берді.
Ділдің келесі, үшінші кыры—адамдардың дүниені белгілі бейнеде қабылдауы мен сезінуінен, прогреске дайындыгынан, зауқынан көрініс береді. Дүние дегенде бұл жерде адамдардың әлеуметтік өрлеуге қол жеткізген, мүдделері ескерілген, құқықтары қорғалған, шын мәніндегі ерікті қоғам ұғымын көз алдыға елестетуге болады. Өрлеудің кепілі демократия десек, адамдардың демократиялық санасы мен мәдениеті деңгейінің ділді айқындайтын фактор болын шығуы осыдан көрінеді. Адамдар еркіндікті сезінуі, оған құлшынуы, өз мүддесін алға тартып, құқықтарын пайдалана білуі керек. Ол үшін бірқатар саяси-құқықтық білім керек.[5]

- Білім берудегі қазіргі парадигма. Педагогикалық ғылымдардың әдістемесі
- Білім берудегі сапа менеджменті- басқарудың инновациялық негізі
- Білім беруде интерактивті тақтаны қолдану
- Білім беруді ақпараттандыру құралдарының сапасына қойылатын талаптар жүйесі
- Білім берудің жаңа технологиялары
- Білім берудің мазмұны
- Білім берудің мазмұны
- Білім әлеуметтік институт ретінде
- Білім беру
- Білім беру
- Білім беру
- Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
- Білім берудегі кредиттік технология
- Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар