Білім сапасы
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.
Білімнің
сапасын көтерудің қазіргі
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр.
Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиылық міндеттерінің бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру. Осыған орай, білім сапасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып “Сапа” ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі – стандартқа сәйкестігі, екіншісі – оқушының сұранысын қанағаттандыру.
Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл педагогтар ( Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков) еңбектерінде арнайы сөз етіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларынң қабілеттерін дамыту (Б. Тұрғымбаева) эстетикалық тәрбие беру мәселесі (С.А. Ұзақбаева, Б.А. Әлмұхамбетов, А. Қомақов) зерделенген еңбектерінде балалардың көркем мәдениеттік тәрбиесін жетілдіру жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып, көрсетілген.
Дамыта
оқыту технологиясының
Шығармашылық
- өте күрделі психологиялық
Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін көтеру баланың таңымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр.
Балалардың логикалық ойлауын дамытуға, оқу белсенділігін арттыруға деңгейлеп оқыту ерекше әсер береді.
Деңгейлеп оқытуда көзделетін мақсат – балаға білімді даяр түрде берілмей, мұғалім баяндап бермей, олардын алдына белгілі проблеманы міндетті қойып, соны өздері шештіруге бағыттау. Деңгейлік оқытудың негізгі ерекшелігі баланың білетіні мен білмейтінің және проблемалы міндетті шешуге дайын тұрған тәсіл болғандықтан, проблемалы жағдай пайда болады, осыған орай, баланың ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
Білімнің
жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа
технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты
меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс
түсінбеушілік ұйымдастырушыға
әртүрлі кедергі жасайтыны
Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала сапасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Жұмыстың мақсаты: Балаларға сапалы білім берудің жан-жақты амал-әдістерінің ғылыми негіздерін ашу. Сапалы білім берудегі ата-ана рөліне, ұстаз еңбегіне, бала денсаулығы қоршаған орта әсеріне жан-жақты талдау жүргізу. Білім сапасын жетілдірудегі жаңа технология негіздеріне тоқтала отырып, пайдасын, әсерін нақты мысалдармен дәлелдеу.
Жұмыстың міндеттері:
- балалардың шығармашылық тілін дамыту әдістемесі
- балаларды сөйлету әрекеті арқылы тілін дамыту;
- балалардың тілдерін түрлі әдіс -тәсілдер арқылы жетілдіру;
- көркем сөз, көркем ой арқылы байланыстырып
сөйлеуге үйрету;
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог – ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминің әр қырынан ашып көрсетуде.
Технология - өндірістік үрдісті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. ( Кларин М.В.)
Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған ( Монахов В.М.)
Технология – дидактикалық жүйенің процесуалды бөлігі ( Чаянов М.)
Педагогикалық технология – тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы ( Беспалько В.П.)
Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Оқыту технологиясы оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші ғылым сапасында оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар және нақты оқыту процесі сапасында функция атқарады. ( Селевко Г.К.)
Білім беру технологиялары мына негізде ұсынылады:
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- ірі блогты шоғырландыра оқыту технологиясы;
- перспективалық - озық оқыту технологиясы;
- ойындық оқыту технологиясы;
- оқу материалдарының сызбалық және белгілік модельдерінің негізінде жеделдетіп, оқыту технологиясы;
- жекелеген оқытудың технологиясы;
- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы.
Педагогикалық технология ұғымы мынадай деңгейлерде қолданылады:
Салалық ( пәндік): бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік (модульдік) жеке әрекеттер технологиясы ұғымды қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабақ технологиясы, жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.
1. Концептуалдық негізінің болуы қандай да бір технология философиялық, педагогикалық, технологиялық ғылыми тұжырымдамаға негізделуі тиіс.
2.
Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің
барлық бөліктері логикалық
3.
Басқаруға оңтайлығы.
4. Тиімділігі. Білім беру стандартын міндетті түрде қанағаттандыруы тиіс.
5. Қайталауға жарамдығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкіндіктін мол болуы.
Педагогикалық технологияның даму көзімен құрамдас бөліктері болып:
- әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;
- педагогика, психология, қоғамдық ғылымдар;
- озат педагогикалық тәжірибелер;
- отандық, шетелдік тәжірибелерді нысанға алу;
- этнопедагогика.
Педагогикалық
технологияларды мынадай
1. Педагогикалық қарым – қатнасты ізгіліктік негізінде құру;
- ынтымақтастық педагогика;
- ізгілікті – тұлғалық оқыту технологиясы;
- адамгершілікті қалыптастыруға негіздеу.
2. Баланың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы.
- ойын сабақ технологиясы;
- проблемалық оқыту;
- тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы;
- коммуникативті оқыту жүйесі.
3. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген:
- программалап оқыту;
- дифференциалдап оқыту;
- даралап оқыту;
- ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;
- компьютерлік технология;
Осы
технологияларды қолдана
- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
- қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;
- қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.
Сапалы
білімді қамтамасыз етуде қазіргі
қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол,
оқушылардың қызығушылығын арттыруда
жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз,
өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден
ұтады. Соның бірі орыс тілді мектепте
қазақ тілін оқытуда қолданылған шығармашылық
тапсырмалар, оқушылар өздері ізденеді,
тілге деген құрметі артады, әр тақырыптың
мәні ашылып, талданады, қазақ халқының
салт-дәстүрімен таныстырылып, сыйластыққа
үйретеді, пәнге деген қызығушылықтары
да арта түседі деп ойлаймыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Айғабылов Н. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой белсенділігін арттыру. - Алматы, 1970 ж.
2. Жәркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. - Алматы, 1984 ж.
3. Занков Л.В. Избранные педагогические труды. - М.,“ Педагогика”, 1990 г.
4. Занков Л.В. Индивидуальные варианты развития младших школьников. //Под редакцией Занкова Л.В., Зверева М.В. Педагогика, 1973 ж.
5. Кәтенбаев Б.Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар. - Алматы, 1991 ж.
6. Львов М.Р. Методика развития речи младших школьников. -М., 1985г.
7. Мали Л.Д. Методика обучения младших школьников основным видом творческих работ на уроках чтения ( 2- класс) Автореф. дисс. канд. пед. наук. М., 1985 г.
8. Маркова А.К. Психологические критерий эффективности учебного процесса. Вопросы психологий № 4, 1977 г.
9. Сабыров
Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру
жолдары. А., Мектеп, 1978 ж.
Білім
беру үрдісінің субъектісі. Білім
беру үрдісі субъектісін дамыту шартының
алғашқы баспалдағы - кәсібилік. Білім
беру үрдісінің субъектісін дамыту
шарты – білім сапасын арттыру.
Скакова
З.С.
ММ «№13 орта мектебі»
БІЛІМ
БЕРУ ҮРДІСІ СУБЪЕКТІСІН ДАМЫТУ ШАРТЫ
– БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ.
Елбасымыз
Н.Назарбаев «Бәсеке басы - білім»
деген. Ендеше ұстаздар қауымы ел басқаратын
болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін
қамтамасыз етіп, Елбасының үкілі үмітін
ақтауға барлық күш – қуатын жұмсаған
жөн. Болашақ жастардың білімділігі мен
біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік
шыңы – білім сапасын арттыру.
Білім
сапасын арттыру сатылары:
Білім беру
Білім беру
үрдісі
Білім беру
үрдісінің субъектісі
Білім беру
үрдісінің субъектісін
дамыту шарты Білім сапасын арттыру
Қазақстан
Республикасы өзінің ғылыми
Білім үрдісінің негізгі мақсаты – біздің отандық білім беру үрдісінің әлемдік талап бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі
қоғамда жүріп жатқан
Субъект - таным объектісі ретінде сыртқы әлемге төтеп бере алатын ізденімпаз, іскер, мақсаткер адам.
Субъектілік ұғымының мазмұны оқытуды басқару жүйесі мен білім беру жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Бұл ұғымның өзі объектіге, яғни – балаға әсер етудің мәні мен мазмұнын жояды.
Ал білім беру үрдісінің субъектісі – білім үрдісі баланың дамуына, тұтас тұлға болып қалыптасуына, қоғамдық өмірдің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік ұсынуы тиіс. Білім беру субъектісінің өзара әрекетін үйлестіруді қамтамасыз етудегі және білім беру үрдісінің қорытындысының және сапасының артуының маңызды аспектісі әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану болып табылады.
Ал әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, "Бала объект те, мақсат та нәтиже де емес, ол үрдіске қатысушы, қоғамның, мектептің, ата – ананың, өзінің даму үрдісініңс өзара іс - әрекетіне қатысушыбаланың субъектілік ұстанымы, оның қалай болу керек, кім болу керек деген белсенділігі өте қажет. Ендеше, осы белсенділікті тудырушы кім? - әрине мұғалім.
Тіл
білімінің атасы Ахмет
Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол - өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі[1].
Білім беру үрдісі субъектісін
дамыту шартының алғашқы
баспалдағы - кәсібилік. Қоғамның дамуы
мен қарыштап дамуы оның азаматтарының
барлық саладағы кәсібилігіне байланысты.
Осы мәселені терең зерттеген А.К.Маркова
мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің
төмендегідей психологиялық критерийлерін
анықтаған[2].
Критерийлер:
Объективті
Субъективті Нәтижелі Шығармашылық
Субъективті
критерийлер:
Адамның
мамандығы: Субъективті
критерийлер:
- оның табиғатына - кәсіби – педагогикалық
- қабілетіне
- қызығушылығына - кәсіптің маңыздылығы
- өз
ісінен қанағат
табатындығына
байланысты
жатқызады
Кәсібиліктің
бірден келе салмайтындығы
Мұғалімнің
өз мамандығына бейімделу кезеңі
Мамандықта
өзін - өзі актуландыру кезеңі
Мамандықты
еркін меңгерген кезең
Мамандықта кәсібилік деңгейге жеткен кезең.
Білім беру үрдісі субъектісін
дамыту шарты – білім
сапасын арттыру деңгейін төмендегідей
әрекеттердің сапасын анықтау арқылы
дәлелдеп отыр:
Мұғалімнің
сапасы + тұлғаның сапасы =
білімнің сапасы[3].
Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты – білім сапасын арттыру. Ендеше оқушының білім сапасын арттыруда күнделікті өткізілетін сабақтың қызықты, мазмұнды, жаңа талаптарға сай жүргізілуінің маңызы өте зор[4].
Оқушының білім сапасын арттыру - өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық – гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс – қимылын жүйелілікпен арттыруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімге байланысты.
Қорыта келгенде, білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты - оқушының білім сапасын арттыру болғандықтан, сабақ жүргізетін кез – келген мұғалім сабақ өткізудің ең тиімді, ең қызықты, ең қажетті, ең тартымды, ең өзекті үрдісін таңдап алу қажет. Мұндай үрдіс оқушының білім сапасын арттырып қана қоймайды, оның білімге деген біліктілігін арттырып, ізденімпаздылық пен шығармашылыққа деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады, білім кеңістігіне жол ашады.
Қазіргі
таңдағы кез – келген мұғалім
өз ісінің хас шебері, өз жұмысының
алдыңғы қатарлы машинисі
Баяндаманың соңын: Жай мұғалім – хабарлайды
Жақсы мұғалім – түсіндіреді.
Керемет
мұғалім – көрсетеді

- Білім философиясы
- Білім эволюциясы
- Білі сухі вина
- Білки та їх значення
- Білл Гейтс - геній нашого часу
- Білорусія у міжнародній торгівлі
- Білорусь у 1991-2012 рр
- Білімгерлерге қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру негіздері мәні мен мақсттарын оқыту
- Білімді ұрпақ ел келбеті
- Білім және қоғам
- Білім құндылық ретінде
- Білім мазмұны. Мемлекеттік білім стандарты
- Білім мекемесіндегі сапаға жету жолдарын жоспарлауды мына үлгіде құруға болады
- Білім негізі - бастауыш мектеп