Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті

Тарау. Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті  
қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру.  
3.1. Педогикалық әдептің негіздері............................................................19-25  
3.2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру......................26-31  
3.3. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.

 
Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдеп 
 
Баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды. 
Ж.Аймауытов  
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 
Н. Ә. Назарбаев 
Қай-қай мамандықтың да бip айрықша белгiсi болады. Ол адамның үйреншiктi әдетiнен, сөйлеген сөзiнен, тiптi киiм киiсiнен де байқалуы мүмкiн. Мұғалiм кәсiбiнiң ерекшелiгi ең алдымен оның педагогтық әдебiне жатады. Әншi үшiн үн, музыкант үшiн музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалiм үшiн педагогтық әдеп сондай қажет. Сонымен, педагогтiк шеберлiк – тек қана мұғалiмнiң әдiстемелiк сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөздi оқушыларға жеткiзе бiлyi, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға ciңipyi. К. Д. Ушинскийше айтсақ, «педагогика теориясын қаншама жетiк бiлгенiмен, педагогтық әдептiң қыр-сырын меңгермейiнше, бұған оның қолы жетпейдi». Ал, әдептен алыс мұғалiмдi қай оқушы сүйiп-құрметтемек?!. Педагогикалық әдеп — мұғалiмнiң әрбiр нақты ic үстiнде тәрбие мәселесiнiң ең ұтымды әдiс-тәсiлдерiн қолданып, оқушыларды елiктiрiп әкететiн кәсiптiк сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалiмнiң жан-жақтылығының, оның идеялық сенiмiнiң, жүрiс-тұрыс мәдениетiнiң, жалпы және арнаулы бiлiмiнiң, мамандығына байланысты iзденiстерiнiң жиынтығы iспеттi. 
Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек. 
1. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт. 
2. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт. 
3. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. 
Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу - әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т. б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ: 
1. Мұғалім - басшы. Оның «беделі»- билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. 
 
Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады. 
 
2. Мұғалім – компьютер. Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «Мынандай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте суық, қатал, жабық адам. 
Нәтижесі: оқушының өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда болады. 
 
3. Мұғалім-қиналушы. Оның «беделі»- қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды. 
Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді. 
 
4. Мұғалім – таныс (дос). Оның «беделі»- әйгілілік. Оқушылардың ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың проблемасына немқұрайды қарайды. 
Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімнің жоқтығы. 
Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. 
 
«Жағдаяттан жол таба біл!» 
1 жағдаят: 
«Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын. “Сен үшін менің телефонымды алып қойды” деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді.» 
• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді? 
2 жағдаят: 
« Болашақ заңгер болғысы келетін оқушы химия сабағында «Бұл пән болашақ мамандығыма еш қандай қатысы жоқ, маған керегі жоқ» деп кітабын сумкасына салып қойды.» 
Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді? 
3 жағдаят: 
«Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді» 
• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ? 
 
Жас ұстаздарға мынадай 10 кеңес беремін 
1. Сыныпқа көтеріңкі көңіл күймен кір 
2. Алдымен үйрет, сосын талап ет. 
3. Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ бол. 
4. Балаларға берген уәдеңе берік бол. 
5. Әрқашан сабырлы, шыдамды бол. 
6. Оқушының құпиясын сақтай біл. 
7. Оқушыдан өзің орындамайтын істі талап етпе. 
8. Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделіне сүйенбе. 
9. Оқушыға сенім арт. 
10. Оқушының ата-анасын сыйла, ол туралы жаман сөз айтпа. 
 
«ХХІ-ҒАСЫР МҰҒАЛІМІ»  
Жаңа ғасыр мұғалімі, жаңа заман қойып отырған талаптарға, керемет қарқынмен өзгеріп жатқан заман ағымына ілесетін, мұғалімге тән барлық мүмкіндіктерді игерген ұстаз қандай болу керек? 
Осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс. 
 
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік. 
• Жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. 
• Педагогтық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. 
• білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулитын болу қажет 
• педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейімі болуы шарт. 
• мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт. 
• ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс. 
“Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек” 
Ы. Алтынсарин 
«Мен мынаған кәміл сенімдімін, онсыз мұғалім бала жүрегінен орын ала алмайды. Ең негізгісі әр мұғалім өзінің де бала болғанын ешқашан ұмытпағаны дұрыс.” 
Көрнекті поляк педагогі Януш Корчаг  
Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық-білім мен тәрбие. 
Ал сол құндылық мұғалімнің уысында. 
 
Қолданылған әдебиеттер 
1. Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А. М. – Алматы: Дарын,-2004. 
2. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж. Нүржанова.-Алматы, 1991. 
3. Харламов Н. Педагогика,-М., 1990. 
4. Этические беседы с учащимися. /Под ред. И. Ф. Харламова/.- Минск, 1977.

  • Уақыты: 29-03-2013, 01:43
  • Категориясы: Ұстаздарға

Педагогтік әдеп, оқушы, мұғалімнің тұлғасы, баяндама

 

 

 

XXI ҒАСЫР ПЕДАГОГЫНЫҢ  ИМИДЖІ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, 
Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының 
бастауыш сынып мұғалімі Сәріпова Раушан Құмашқызы 

 

Болашақта мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген мұғалім бейнесін қайта қарауымыз керек. Бұл орайда тілге тиек болатыны, педагогтардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы педагогикалық әдептілік негіздері қарым-қатынастардың қажырлығы және оның барлық уақытта сақтала бермеуі. Сондықтан, мұғалімге тән педагогтық қарым-қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып, ұстаздарға оның негізгі сапаларын қалыптастыруымыз қажет сияқты. Сонымен XXI ғасыр педагог имиджіне тоқталатын болсақ, имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді. 

Тартымды имидж:

- Айналасындағы адамдардың көңілін аулау кепілі;

- Кез келген жұмыста  жетістікке жетудің негізгі шарты.  

Егер оқушылар мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге  деген қызығушылығы да болмайды деген  байламға келуге болады.Себебі, баланың  өмірінің жартысы оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде  қалыптастыратын мектепте өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады.Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек?Бар мәселе имиджде.  

Имидж құрылымы:

- сыртқы бейне;

- вербалды және вербалды  емес қарым-қатынасты пайдалану  құралы;

-  ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі. 

Сыртқы имиджді  құраушыларға:

- мимика,

- дауыс күші мен тембрі,

- костюм,

- қимыл,

- мәнер.

Айналаңыздағы адамның санасындағы  сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік  мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ.   Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:

•  Мәнерлі сөйлеу

•  Көндіре білу

•  Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу

•  Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу

•  Шыдамдылық

•  Көргіштік

Басқа мамандық иелеріне қарағанда  мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым  үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында.   Сонымен имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы. Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі мен оның карьерасымен тікелей сабақтас. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог  қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек. Ал педагог имиджі мен педагог әдебі деген ұғым бір-бірімен егіз,бөліп жарып ажыратып айтуға болмайтын ұғым ба дерсің. Сонымен, педагогтық әдеп дегеніміздің өзі не екеніне көңіл аударайық.“Әдеп” (такт) сөзі (латынша – taktus) “жұғысу”, “адам ара қатынасының түрі” мағынасында қолданылады. Әдеп – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп тұру тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста әдепті адам сақ та сергек. Ол өзін ұжымда оған сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауға тырысады. Қайсыбір арсы-гүрсі мінезді мұғалімдер қайдағы бір орынсыз әзіл, тұрпайы тұспал, естіген құлаққа ерсі сөздермен шәкірттерінің жанды жеріне тиеді. Ондай мұғалімдерді оқушылардың суқаны сүймейді. Олар өз әріптестерімен де сыйыспайды. Ондайлармен тіл табысу өте қиын. Мұғалім мен оқытушы арасында болатын қатынаста педагогикалық тактінің маңызы зор. Педагог этикасында бұл ұғым тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арақатынастарын белгілейді. Мұғалімнің педагогикалық әдебі болмайынша ол өз пәнін қанша терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмыста алуан – түрлі, әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған – жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды. Педагогикалық әдептің психологиялық мәні бар екендігін атап кеткен жөн. Жеке адам басқа адамдармен, сондай-ақ жас ұрпақпен қарым-қатынас жасағанда, мол өзінің индивидуалдық өмір тәжірибесін, адамдар арасындағы қандай нормалар арқылы жүзеге асатындығын нақтылы көрсетуге тырысады. Өйткені педагогикалық такт, басқа этикалық ұғымдар сияқты, белгілі бір құрылымнан – өзіне тән ерекше құрамдас мүшелерден тұрады. Солардың ішіндегі ең негізділері: оқушыларға педагогикалық әсер етудегі мөлшерді сақтау мәселесі, ұстаздық ықпалдың нәтижелілігі, жеке адамның рухани дүниесін егжей-тегжейлі түсіне білуі, жас буынның ұнамды қасиетін тани біліп, оны бүкіл адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға пайдалануға қабілеттілігі. Демек педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең басты моралдық қасиеттерінің бірі, онсыз ол ұстаздық ете алмайды. Әдепті сақтамаған адамдар біреуге жақсылық жасап отырып та, оның жанын жарақаттауы да мүмкін. Оқушыларды оқыту тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайылылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады екен. Мұндай айрықша белгілер әдепті мұғалімнің бойында да болуы тиіс. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сөйлесе, оқушылармен де, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесуі керек. Біз мұны әлде де баса айтқымыз келеді, өйткені, әлдекімдердің ойынша әр адамның өзін ересектердің арасында ұстауы – бір басқа да әңгіме де, оқушылардың ішінде ұстауы мүлдем басқа әңгіме көрінеді.Мектепте мұғалім ашық жарқын, биязы, сүп-сүйкімді, ал, сынып табалдырығынан аттаса болды, суық, тұнжыр, түсініксіз боп шыға келетін мұғалімдер қателеседі. Мұғалім әрине, өте жинақты, бірақ табиғи жинақты болуы керек. Жалпы әдеп бар да, педагогикалық әдеп бар. Кез-келген тәрбиелі де мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп пен педагог имиджі – медицина қызметкерлерінің дәрігерлік этикалық сияқты мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Педагогтық әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар-ұятында, адалдықта жатыр. Педагогтық әдепке – баланы адам ретінде сыйлау деп анықтама беруге болады. Баланы құрметтеу қажет екенін алдыңғы қатарлы педагогтар аз ескерткен жоқ. Әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың ар-ұятына деген адалдықта жатыр. Педагогтық әдеп заңдылықтарын кейбір мұғалімдердің өздері білмеуі мүмкін. Бала тәрбиесінде әрдайым “қамқорлықпен қараудың сақталуын” талап етуі қажет. Бұл ойды шәкірттер бойындағы адамдықты сақтау ғана емес, қайта оның дамуына қамқор бола білуіміз керек деп, түсіну керек. Кейде оқушылар әдеп сақтамайды, дөрекілік көрсетеді, тәртіп бұзады. Ол үшін оларға ақырып, жекірудің қажеті жоқ, қайта өз ар-намыстарын қорғап қана қоймай, басқалардың ар-намыстарын да қорғау үшін күресу керек. Мұғалімдердің кейбіреулері педагогтық әдеп – мұғалімнің оқушыны баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері – мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі: үшінші біреулері – пәнді жетік білу және оның методикасын жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл айтылғандардың ішінде аздылы көпті педагогтық әдептің белгілері бар. Педагогтық әдепті меңгеру кейбір мұғалімдерге қарағанда екінші мұғалімдерге жеңілдеу сағатына күмәнсіз, бірақ мұны іштен туа пайда болатын қабілет деу қажет. Сол сияқты, педагогтық әдетті мұғалімнің жалпы мәдени тәртібі, немесе оның жалпы методикалық сауаттылығымен қатар қоюы да қате. Педагогтық әдеп әрине, мұғалімнің барлық қасиеттерімен жылдасып жататыны рас, өзіндік ерекшеліктері болады. Мұғалімнің әдебі бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұстанатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Жөнсіздікке жол беру – педагогтық әдептен айырады. Тәжірибелі педагогтардың да кейде шамдануы мүмкін, бірақ олар шектен шықпайды. Мұғалім неғұрлым ашуланса, оқушылардың соғұрлым көп күлетінін кім білмейді? Педагогтық әдепті шама-шарықты білумен ғана шектеуге болмайды. Шама-шарықты білу – педагогтық әдеп негізінде жатқан педагогтық заңдылықтардың бірі. Шама-шарықты білуге қарағанда әдеп ұғымының мағынасы әлдеқайда кең. Мазмұны жағынан педагогтық әдебі – оның жеке басының іскерлік сияқты көптеген қасиеттерінің жиынтығы. Педагогтық әдеп, кең мағынасында алғанда – мұғалімнің әрбір нақты ісі үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.

Жасөспірімдерге біздің тарапымыздан әрбір педагогтық әдіс-тәсіл әрбір  ескертпе мұғалімнің беделін жоғары көтеретіндей, не болмаса оған нұқсан келтірмейтіндей болуы керек. Мұғалімдер өз талаптарын оқушылардың қалай  орындайтынына маңыз беріп қана қоймай, сонымен қатар, реніш тумау  жағын да ойластырғаны жөн. Барлық уақытта  не болса соған өз көзқарасын таңбайтын, оқушылардың теріс – мінез-құлықтарына  көз жұмып қарамайтын, олардың  кез-келгеніне қатты ескерту жасаудан қашпайтын, бірақ оқушыларына да, өзінің мұғалім атына да ақылмен, құрметпен қарайтын, педагогтық әдептен  хабары мол әдепті мұғалім оқушылардың  жүрегіне жол таба біледі. Жол таба білудің нәзік жолдары: ерік-жігер, ұстамдылық, ілтипаттылық, дәйектілік, талап қоя білушілік, зейінділік, қалжыңдай білушілік, орынды мысқыл, ептілік, көзқарас және дауыс ырғағының  мол болуы. Бірқатар ықпал – әсер әдіс-тәсілдерінен санаулысын ғана пайдаланатын мұғалімдер де бар. Оқушылармен жұмыс  барысында ешқандай ымыраны мойындайтын  да мұғалімдер де бар. Олар көбінесе дауыспен сөйлейді. Сабағын түсінбегенде, сыныпта  тақта сүртілмегенде ондай мұғалімдер шәкірттеріне өктем сөйлейді. Мұндай жәйттерге мән беру керек, бірақ  түрліше мән беру керек. Оқушылар айтқанды ұғып алмаса, айқайдан пайда  жоқ. Сол материалды қайтадан түсіндіру  керек. Күлді деп оқушыларға айқайламай күлетіндей жағдай болса, олар күлкісін бәрібір жасыра алмайды. Мұғалім  ашуланса, олардың күлкісі тіпті  қозып кетеді. Одан да оқушылардың  күлуіне мүмкіндік беріп, өзіңде қосылып күліп, содан кейін құлаққа  жағымды үнмен бір әңгіме бастап, сөйтіп барып жоспарланған материалдың  мазмұнына көшу керек. Мысалы, парта  кір болса, оқушыларға реніш білдіруге  де болады немесе тақтаны үн-түнсіз сүрте бастап, сәлден соң оларға естірте: “Егер сіздерге тақта сүрту  қиын болса, мен-ақ сүртейін” – десе де жеткілікті. Келесі жолы тақта айнадай  жалтырап тұрады. Оны әрине, мұғалімнің беделі біледі.Балаларға ықпал әсер ететін әдіс-тәсіл қорының молдығы  қажетті нәрсе саналмағанымен, мұғалімнің педагогтық әдепке ие екенін білдірмейді. Орнымен айтылса, әзіл-қалжың ашу-ызаның бетін қайтарады. Мұғалім әдебі  – ақыл-ой әрекеті арқылы іске асатын айрықша іскерлік. Әдепті мұғалім  педагогтық әр түрлі әдіс-тәсілдердің  мол арсеналын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып өлшеп пайдалана да біледі. Бір қарағанда көпшілік құрал  ретінде елеусіз көрінгенімен әдепті мұғалімнің бойындағы іскерлік оқушыларға қозғау салатын әдіс-тәсілдерді іріктеу  үстінде көрініс береді, жалпы  жұмыс барысында тік мінезді, көрген-білгені шамалылау мұғаліммен салыстырғанда оның артықшылығы  байқалмай қоймайды. Дәнекерлік қызмет атқаратын мұндай айла тәсілдер айналаға жылу беріп, мұғалім мен шәкірттердің ара қатынастарын жұмсартады. Жеңіл әзілмен мұғалімнің тапқырлығы осының ішінде. Оқушылардың мінез-құлықтарының қыр-сырын нәзік түсінетін әдепті мұғалім, дөрекі добал мұғалімге қарағанда өзін көтеріңкі сезінеді. Әдепті мұғалімге оқушылардан көз айырмаудың қажеті жоқ. Оның оқушыларымен байланысы сенім мен өзара сыйластыққа құрылады. Сондықтан да, ондай мұғалім оқушылармен ара-тұра жеңіл әзілдесіп, қайсыбіреулеріне мысқылмен ескерту жасай алады. Әдепті мұғалімнің мінез-құлқы түгелдей табиғи болады. Оқушылармен әдепті қарым-қатынаста болу әдетіне, мінезінің ажырамас бір бөлігіне айналады. Бойына осындай әдет-дағдылар сіңген ұстаз ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Бұған әр педагог ие болуы қажет. Қарым-қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімнің, мамандығына байланысты ізденіс жемістер қорының жиынтығы. Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, есте сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Ол мұғалім ізденісінің нәтижесі, ол оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады. Мұғалімнің педагогтық әдебінде еліктеу деген болмайды.Мұғалімнің әдебі әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті. Мұғалімнің оқушылармен тіл табысуы көбіне оның жағдайға ой көзімен қарай білуіне, оған басқа жағдайлардан да өзі айрықша маңыз беруіне байланысты. Сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа дәуір педагогы-бұл пәндік білімнің жүйесін, ғылыми білімнің әр саласы бойынша білік пен дағдыны игеріп қана қоймай, сонымен бірге өзінің бойына педагогқа тән әдепті қарым-қатынас белгілерін қалыптастырған, өмірлік педагогикалық әдеп дағдыларды игеруіне бағытталған әдіс-тәсілдерін игерген маман. Ал педагог имиджі – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы. Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, адамның имиджі мен карьерасы бір-бірімен тікелей сабақтас жүреді дейді. Сонда адамның сырт келбеті әсем көрінгенімен, жұмысында әлсіз болса, онда ол адамды идеал деуге келмейді. Сонымен кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог  қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек. 

Әдебиеттер

  1. Қоянбаев Р. Педагогика – А., 2000.
  2. Бұлақбаева М.К., Педагогикалық мамандыққа кіріспе – А., 2005.
  3. Юсупов Б.Ю. Мұғалімге тән педагогикалық қасиеттер -А., 2000.

 

 

 

«Әдептілік педагогтың негізгі қасиеті»

Кафедра:

Педагогика және психология “Жайық жастары” педогогикалық жасағы

Уақыты:

 

Шараның  тақырыбы:

«Әдептілік педагогтың негізгі қасиеті»

Құзыреттілікке  жеткізетін шараның мақсат-міндеттері:

 
А) Ақпараттық құзыреттілік 
 
Ә) Коммуникативтік құзыреттілік  
 
Б) Проблеманы  шешу құзыреттілік  

Студенттерге әдептіліктің негізгі түрлерімен таныстырып,  болашақ  мұғалімдердің өзі-өзі  қалай дұрыс ұстау керектігі туралы ақпараттар беріледі. Мұғалімнің негізгі қасиеттерін ұғыну үшін шараның бөлімдерінде студенттердің шығармашылығын шыңдататын түрлі тапсырмалар беріледі 
Студенттерді болашақта жан-жақты қабілетті ұстаз болуға тәрбиелеу, оқушыларды өз шеберлігі, қабілеті арқылы жұмысына қызықтыра білу. 
Шара барысында студенттердің бойына мұғалімнің әдептілік, шығармашылық, мәдениеттілік қасиеттерін дарытатын нақты мәліметтер беру арқыды шеберлікке үйрету. 
 
Сайысқа қатысушы топтар әр бөлімде берілетін тапсырмалар, жағдаяттарды шешу арқылы студенттер тапқырлыққа, шапшаңдыққа, шығармашыллыққа үйренеді. 

Шараның түрі:

Сайыс, ойын

Шараның әдіс-тәсілдері, қолданылатын пед.технологиялар

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, Ұжымдық оқыту технологиясы  АКТ

Пәнаралық байланыс:

Педагогикалық шеберлік  , психология, практика, бейнелеу өнері Әдебиет 

Оқыту құралдары:

Слайд-шоу, ой қоздау тапсырмалар, тірек схема, сахналық көрмелер, плакаттар,  компьтер, интерактивтик тақта, косымша көрнекілектер

Шараның барысы

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру  бөлімі

Станция ойынының кезеңдері 
I кезең – «Әдепті болайық»  
II кезең - «Шешендік өнер» 
III кезең – «Жағдаяттан сүрінбей өтейік» 
IV кезең «Эммитация» 
 
I  кезең – «Әдепті болайық» Сұрақ жауап кезеңінде студенттер берілген сұрақтарға маршрутта көрсетілген уақыт ішінде жауап беріп станция жетекшісінен баға алып екінші станцияға өтуі керек  
II - кезең «Шешендік өнер»  
Берілген суреттер 
Қыс, Ойын Қыз қуу. Балалар биі. Қазақстан туы. Ұстаз т.б. 
III - кезең «Жағдаяттан сүрінбей өтейік»  Ситуациялық сұрақтарға жауап беру.

IV-кезең «Эммитация» бекеті 

№ 31 аудиторияда шарлармен  безендірілген, қабырғада нақты сөздер орналысқан, келген қонақтарға орны дайындалған. Шараның мақсатын, бөлімдерін таныстыру.

Шараның мақсатымен педагогикалық  отряд мүшесі Саинова Сандуғаш таныстырады  және шараның бөлімдерін хабарлап қатысушыларға  станциялардан өту үшін маршрут түсіндіріліп беріледі.

Әдепке байланысты сұрақтар 
1. Этикет дегеніміз не? 
2. Педагогикалық әдеп дегеніміз не? 
3. Әдепті мұғалімдерге тән қасиеттерді ата? 
4. Әдепсіз мұғалімдерге тән қасиеттерді ата? 
5. Мұғалімнің назарында ұстайтын қандай ескертпелерді білесің? 
6. Күнделікті этикет дегеніміз не? 
7. Мерекелік этикет дегеніміз не? 
8. Этикеттік жағдайлардың қандай түрлерін білесіз? 
9. Халықтар психологиясы дегеніміз не? 
10. Дүкенге барғанда өзіңізқді қалай ұстайсыз?

Ситуация бекетін жүргізуші  Кенжин Армат және Қайырғалиева Армангүл қатысушыларға жағдаяттар беріп жауабын тыңдап бағалайды. Жағдаяттар: 

 

1 – жағдаят.

Жанаттың әкесі жұмыстан келді. Ол қызықты суреттері мен  әңгімелері бар кітап алып келді. Жанат суреттерге қызығушылықпен қарай  отырып, әкесіне оқып беруді өтінді. Әкесі келісті. Ұлы суретті саусағымен көрсете отырып : «Мынау туралы» - деді.  
Әкесі оқыды. Ұлының көздері ойнақтап, қызығушылықпен асығыс түрде «Бұл туралы, мынау туралы, тағы мынау туралы...» - деп көрсете берді. Әкесі оқи берді, ал ұлы тындап отырып ұйықтап кетті.

2– жағдаят

2 – жастағы балаға  мысық туралы түсінік беру  үшін тәрбиеші 2 рет топқа мысықты  әкеліп, бақылау ұйымдастырады. Балаларға өз беттерімен ойнау үшін ойыншық мысық береді. Аз уақыттан соң мысық туралы өлең оқып береді.Мысықтың балалармен тұрған суретін көрсетеді. Бірнеше рет топта да, серуен кезінде де қозғалмалы «Көнілді мысықтар» ойынын ойнатады. Қуыршақ театрының «Мысық бізге қонаққа келді» қойылымын көрсетті.

3 жағдаят.

Мектепке дейінгі балалар  ертегіні сахналағанды жақсы көреді. Ересектер тобында тәрбиеші «Кішкентай қыз» ертегісін оқып берді. Бұл ертегіні тәрбиешілер балалар үшін өздері сахналап берді. Ертегі сахнасы балаларға ұнады. Балалар өз бетімен ертегіні сахналады.Ойынның бірінші күндері театрдан басталады. Балалардың жартысы қойды, кейбірі тамашалап көрді. «Театр» ойынын 2-3 адам бірігіп ойнады.

Интонация мәнерлілігін жаттықтыру жаттығулары. 
Мына қарапайым сөздерді түрлі интонациямен айтып көріңіз: «ия», «жоқ», «сен». 
Қатты-Тұтыға, Ойлана-Ерегесіп, 
Жаймен-Қолпаштап, Қайғра-Көңілі қалғандай, Қысқаша-Таңдана,            Нәзік үнмен-Салтанатты түрде, 
Соза-Шаттана, Мысқылдай-Ашулана

Амандасып  сайысқа қатысатын топтар өздерінің топтарының  аттарын ұрандарын айтады.  
Стансия маршруты

Р.С

Кабинет

Станция атауы

Жауапты

Уақыты

Бағасы

 

28

«Әдепті болайық»

     
 

17

«Шешендік өнер»

     
 

39

«Жағдаят»

     
 

35

«Эммитация»

     

Студенттер суреттерге қарап  өлеңдер шығарды шығарған өлең шумақтары  Тақырыбы Қазақстан туы 
2 ФК тобының 
Кетсін дағы шарықтап алысқа үнім. 
Қонақтасын орыс пен табыс күнім. 
Ұл қыздары көтерсін қол ұстасып. 
Қазағымның ерлік пен намыс туын. 
 
2КДО «Балапан»тобы  
Біз бақытты баламыз 
Қол ұстасып билейміз 
Әсем әнге саламыз 
Айтқан тілді аламыз

1. Балаларға кітап оқып беру әдістемесінің зияны мен пайдасы туралы  айтып берініз. 
2. Балаларға таңымдық әңгімелерді қалай оқуға болады? 
3. Оқылған кітап, әңгіме туралы сұхбатты қандай сұрақтар бойынша жүргізуге болады? 
4.Балаларға оқылған таныс шығармаларды қайталап оқуға бола ма? 
 
1. Тәрбиеші «Мысық» туралы толық оқу сағатын өткізе отырып   қандай білімдік, тәрбиелік мақсаттарды көздеді 2. Қандай әдістер арқылы балалардың мысыққа деге   қызығушылығын оятып баланың санасында мысық туралы білімдерін кеңейтіп, бекіте түсті? 
3. Балалар заттар мен құбылыстар туралы қандай жағдай, қа  материалда кең мәлімет алалады

Ертегідегі әділетсіздікті, қайырымсыздықты көбірек жазалады. Қайырымдылықты көбірек мадақтады.  
1. Үлкендердің сахналау әдісін талдаңыз. 
2. Сахналауда эстетикалық және адамгершілік сезімі қалай қалыптасады?  
3. Сахналау ойынын бейнелеу өнері және ана тілімен қалай байланыстыруға болады? 
1-Тапсырма 
Педагог сөзін дамыту. 
Өз сөзіңізді мына көрсеткіштерге сәйкес талдаңыз. 
Сөйлеу мәнеріңізге «қыстырма-паразит» сөздер енгізілмеген бе? 
Негізгі ойдан ауытқымай өз ойыңызды нақты жеткізе аласыз ба? 
Сөйлеу жылдамдығыңыз қандай? 
Интонацияны дұрыс қолданасыз ба?

Шараның тақырыбымен, мақсатымен  және қандай бөлімдерінен тұратынымен танысып, білімдерін кеңейтеді. шараны бастауға дайындығын білдіреді.

Сұрақ жауап станциясына  бірінші  болып «Балапан тобы келді» берілген сұрақтарға жауап берді Сұрақ жауап станциясынан топтардың барлы жақсы өтті  соның ішінде КШО мамандықтары барлық сұрақтарға нақты толық мысалдарымен жауап берді және берілген уақытта үлгерді.

Сұрақ жауап станциясының жүргізушісі Данагул жауп  «БЭМС» тобы жауап беруде.

Шешендік өнері станциясының жүргізушісі Саинова Сандуғаш. 
2 МК «Болашақ» тобы 
Қыс келді міне алақай 
Ойнауға шық балақай 
Денсаулықты шыңдайық 
Шаңғыны қолға алайық 
Тау басына шыққан соң 
Төмен қарай сырғимыз, 
Күшімізге күш қосып . 
Денсаулықты сақтаймыз. 
Барлық топ студенттері берілген тапсырмалардан орындап өтті Өздерінің шығармашылық қасиеттерін жетілдірді.

Жағдаятқа жауап беру топпен талдау Отряд мүшесіДүйсекешов Исатай

2 аМК тобы жағдаяттарға өте жақсы жауап берді. Топ студенттері өздерінің ұжымшылдығымен белсенділігін көрсете білді.

ІІІ. Қорытынды. Сайысқа қатысқан топтар ойын соңында кіші спорт залға жиналып өздерінің қолдарындағы маршруты бойынша қорытынды шығарылады.

Әр-бір топтың маршрутын алып орындаған тапсырмалары бойынша бағаларын тексеріп талдау жұмысын жүргізу.  
Ой толғанысқатысушыларға сұрақ  
1. станциялардың ішіндегі ең қызықтысын атаңыз

 

 
 

 

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКА

10.06.2011 Просмотров: 5258 Комментариев: 0

Бүгінгі жаһандану заманында  жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда  ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданатын қарым-қатынас, амал-тәсіл, әдістер құрамынан этика елеулі орын алады. 
 
ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп. 
Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді. 
- оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру; 
- мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі; 
- мұғалім шеберлігінің бір бөлігі; 
Осы анықтаманың біріншісі яғни мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық этика жайлы айта кетсек; 
Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс. 
Педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы педагогикалық тактика деп аталады. Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар: 
Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (оқушының сөзбен де, көзбен де оның қадір-қасиетін қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту); 
Ықпал жасау шамасы. (ол шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды; Кейісті тоқтатады, әзілді тежейді, әр сөзді қашан айтады дөп басып біледі). 
Шешімге келу. ( Ең жақсы шешім – байсалды шешім; Ашу –нашар кеңесші). 
Көңіл қалдырмау. (көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергі). 
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (оқушымен жеке сөйлесу– мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек) 
Оралымды жолдар. (әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды). 
Білімді бағалау. (жақсы баға –обьективті (оқушылар сөзімен айтқанда-әділ) баға. 
Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.) 
Әзіл. Тапқыр сөз. (өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді). 
Педагогтық тактика. (Сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ, бірқатар артистік қимыл қозғалыстар және шешендік тәсілдердің қоры болуы тиіс). 
Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы-деп бекер айтылмаса керек, кім болса да ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді. 
Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік. 
ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ: 
Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу; 
Бақылай, қадағалай алу; 
Назарды басқа жаққа аудара алу; 
Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу; 
«жүзіне қарап оқи алу»; 
Оқушылармен байланыс жасай алу; 
Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынас жасаудың барлық түрлерін қолдану керек (ақпарат алмасу; өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; баланың тұлғалық қасиеттерін аша білу; оған ықпал ету және т.б.) 
Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде – кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн. 
Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА дейміз. 
Педагогикалық техника: 
Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды; 
Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды; 
Қол айқастыруға мүлдем болмайды; 
Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек; 
Дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемдігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі); 
Жест және мимика, пантомимиканы дұрыс қолдана білу; 
Өзінің психикалық жағдайын-сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемдігі; 
Өзін-өзі сырттай көре алу икемдігі; 
болуы тиіс және педагогикалық техниканы қатаң сақтау керек, сол кезде алдымызда отырған оқушылардың бәрі түсіндіріліп жатқан сабақты жақсы меңгеретіні сөзсіз. 
Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Аль Фараби - «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагоикалық әдептің қыр-сырына тоқталып кеткен: 
Өнер білімге құштар; 
Мүшелері мүлдем мінсіз; 
Жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін; 
Өзі естіген, көрген, түсінген және аңғар-ған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз; 
Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын; 
Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл; 
Жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын; 
Жаратылысынан игі істерге ынтызар; 
Әділеттілігі мен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; 
Жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасық адамдарға мүлдем рақымсыз, 
Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек; 
Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз; 
Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.

Автор: Д.Ж.АГИБАЕВА, Психолог

 

Автор: Едрісова Р.Б.

Педагогтың кәсіби мәдениет этикасы

 
 

     Педагогикалық этика / әдеп/  - этика ғылымының  өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық  мораль ерекшелігін зерттейді,   педагогикалық еңбек  саласындағы жалпы адамгершілік  ұстанымдарының  жүзеге асыру  өзгешелігін  анықтайды, оның функциясын, этикалық санат  мазмұны принціптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді.      Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде  айналысатын адамдар арасындағы    және кәсіби ортадағы адамгершілік  қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және    мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез –құлық   т.б.   зерттейді.

Негізгі бөлім  

    Педагогикалық этика  педагогикалық мораль мен  моральдік құндылықтардың  негізгі санаттарының  түпкілікті  мәнін  қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен  мінез –құлқына, іс қимылына  және өмірлік  алуан түрлі құбылыстарға  т.с.с.    өзіндік баға беретін  мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен  ар-намыс  туралы түсініктер  жүйесін  моральдік құндылықтар  деп  атауға болады.  Педагогикалық қызметте  моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық  қызмет пен қарым-қатынас тәрізді  түсініктер  этиканың жеке дара тарауына қатысты  педагогикалық   түйсіну  тәрізді   жекелеген  түсініктерді бөле –жара көрсетеді.  Осындай санаттың ішінде  кәсіби – педагогикалық борыш, педагогикалық  әділдік, педагогикалық ар-намыс  және педагогикалық бедел бар.     

    Әділдік дегеніміз жалпы алғанда,  адамдардың адамгершілік қасиеті мен   олардың қоғамдық  танымал  болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы  өзара сәйкестілік деуге болады;   педагогикалық әділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында  олардың   тәртібін, қылығын, оқуға деген  көзқарас- құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін анықтау мен бағалау  барысындағы  мұғалімнің  обьективтілігі мен оның адамгершілігіне өзіндік баға беретін  ерекше  сипаты болады.   Педагогикалық әділдік   өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың   іс қимылды бағалау  және оған қатысты  жауап рекциясының  әр түрлі адамгершілік деңгейде болуында;  педагог обьективтілігінің  өлшемін анықтау көбінесе  педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр түрлі тараптар ара-қатынасының  көбінесе жалпы моральдік бағалауға  түсетіндігінде;   ең ақыр аяғында педагогпен  алдын  ала бағдарламаланған  педагогикалық қажеттіліктерді  балалардың түсінбеуінде;   

    Кәсіби  педагогикалық борыш – педагогикалық әдептің ең маңызды  санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң  талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін  арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның  ата-анасына  деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын  да,  күрделі шиеленістерді  шеше білу  тәрізді  өзгеше іс –қимыл  педагогтың кәсіби борышына  жатады.         

Кәсіби ар-намыс – бұл  педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес,  сонымен қатар оның  қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі  деген түсінікті  білдіреді. Педагог  мамандығында   жеке бастың  ар-намысы  мен  қасиетін түсіну сезімі  ерекше байқалып тұрады.    Егер мұғалім  өз мінез –құлқында және  тұлғалармен ара –қатынас барысында педагог идеалына қойылатын  талаптарды бұзған  болса,   осыған сәйкес  кәсіби  ар-намысқа, педагогтың  адамгершілік  сипатына немқұрайлы қарау әрекеті  демонстарцияланады.   Мұғалімнің ар-намысы – оның  кәсіби борышын орындау барысында көрінетін  нақты  кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.      

    Мұғалімнің педагогикалық беделі-   оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер  ұжымындағы  моральдік  статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие болып жүрген  беделді де,  құрметті  ұстаздың  тәрбиеленушілердің тәртібі мен   нанымдарына  әсер ететін өзіндік тәртіп  түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің  осыған дейінгі  алған  моральдік-этикалық және психологиялық-педагогикалық  даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің , зеректіктіктің , шеберліктің тереңдігімен және  өз еңбегіне  деген ерекше қатынасымен т.б. анықталады.   

    Педагогикалық  әдеп құрамына  адамгершілік санадан адамгершілік тәжірибеге көшудегі  адамгершілік шығармашылық элементі енеді.   Мұғалімнің  адамгершілік шығармашылығына көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп саналатын: педагогикалық мамандықтың  қоғамға қатысты  нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі  оқиғалар орын алған  жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну;  адамгершілік-педагогикалық  нормаларға сәйкес  ең  үлгілі  әрекетті таңдау қажеттілігі;        

 Педагогикалық тәртіп  - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын   педагогикалық моральді іске асыру  түрі.  Тәртіп – іс-қимылдың  барлық обьективтік  әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала  көре білуді көздейтін  адамгершілік  тәртіп.   Осы арқылы  мақсатқа  жетудегі  барынша  жеңіл және мейлінше  жағымсыз түрде жету ізденісі  көрінеді.   Педагогикалық тәртіп – үнемі  шығармашылықта  және  ізденісте болу деген сөз.   

    Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі,  ара-қатынастағы іскерилік,  бірбеткейсіз ұстанымдылығы,  сабырлылығы , адамдарға қатысты  ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.  

     Мұғалімнің педагогикалық  мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық  тәжірибенің  даму барысында қалыптасқан жалпы адами  мәдениет те бар.  Бірақ  педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де  өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың  іс –қимылын ешкім  бақыламайды ғой. Ол көбінесе  өз қылығын өзі  бағалайды,  өзі түзетеді.  Сол себепті    мұғалімнің моральдік «барометрі» педагогикалық  ұяты аса сезімтал және  жоғары деңгейлі болуы шарт.    

    Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі  педагогикалық  ұстанымдар мен  моральдан туындайтын адамгершілік  талаптар үйлесімін анықтайды және оның  педагогикалық қызмет үдерісіндегі  ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді.  Педагогтың кәсіби тәртіп  кодексінің басты  мақсаты  мұғалімнің өз-өзіне , педагогикалық еңбекке , оқушылар  мен  мұғалімдер ұжымына деген  ара-қатынасын анықтайтын  негізгі  талаптарды белгілеу   болып табылады.    

     Педагог тәртібі оның  педагогикалық әрекеттеріне  адамгершілік тұрғыдан реттейді.   барынша толыққанды  кәсіби- этикалық сипаты мен  мақсатқа сәйкестігі  педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта)   ұсынылған: 

-  талапшылдық , жеке бастың қасиетін  қорламау,  түртпектей бермеуінде;

- қарым-қатынас барысында  табиғилық, қарапайымдылық танытып,  мәймөңкелік пен  өрескелдікке жол бермеуінде; 

-бірбеткейліксіз  ұстанымшылдығы   және табандылығында;

- аса дабыраламайтын  зеректік пен  сезімталдығында;  

-тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде;  

-иландыру, нандыру,  ескерту, ұсыныс жасау  және қысымшлық пен  қорлықсық жазалай білуінде;

-өз білімі мен  кәсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын  атап айтпай-ақ білім алушыларды  оқыту және тәрбиелеу білу  қабілетінде;  

-білім алушыларды  тыңдай білуі, оның  және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына  тыңғылықты  қарай білуінде;   

Жоғарыда аталған  педагогикалық тәртіп  түрлері  педагогтың  түрлі  оқу –тәрбиелік  міндеттерін  шешу барысында көрініп, олардың кәсіби қызметінің  тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.   

      Кәсіби әдеп сипаты  келесі  жағдайда  көрінеді:    

- педагогтың сыртқы келбетінен;  

- кез келген орын алған  жағдайды  жылдам және  дұрыс бағалай білуі,  сондай –ақ өз тәрбиеленушілерінің тәртібі мен қабілеті  туралы қорытынды жасауға  асықпауынан;    

- өз –өзін ұстай білу, қиын  жағдайда сезімге жол бермей,  салқынқандылық танытуынан;   

- оқушыларына  қоятын  талаптарының ойға сыйымдылығы   мен оларға деген сезімталдығынан;  

- оқушылардың  жас  және   жеке –дара ерекшеліктерін жақсы білуінен;  

- өз еңбегіне  сыни көзқараспен бағалай білуінен;    

     Әдепті  педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді;   өзінің әріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан  алған заттарын уақтылы қайтарады;   айналасындағы  адамдарға залал келтіретін ,  алып-қашпа сыбыс пен  расталмаған фактілерді дауыстап  қайталамайды;  

     Педагогикалық  тәртіп  қолданылатын  педагогикалық әсер етудегі  әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен  сипатталады.  Ол  бір қалыптылық пен  формализмге төтеп бермейді. Тәртіп негізі –  педагогтың шыдамдылығы мен  салмақтылығында.  Педагог ретінде шығармашыл ұжымды басқарушы тәртіпті  басшының  басты қасиеті  - жоғары талап қоя білу, тәрбиеленушілерге  шынайы  құрмет көрсету. «Тәртіп» түсінігі  көптеген жиынтықтардан құралады,  бірақ, олардың бәрі кішкентай адаммен және  оған деген ерекше сезімталдықпен, қамқорлықпен байланысты.    Педагогикалық тәртіп – мұғалімнің  педагогикалық қызметіндегі сан түрлі жоспарлы рөлі  шартты  мұғалім мінезі мен тактикасының  икемділігін көздейді.  Сабақта — нақтылық, сыпайылық, ұжым сабаққа дайын болмағанда  қаталдық.   Сабақтан тыс уақытта  — жеке әңгімелесу , саяхат кезінде, серуен барысында аса қажет болатын шынайылық, ақжарқындық.   

    Педагогикалық  тәртіп икемділігінің орнына  айқай салу, көп сөйлеу, ызақорлық  таныту кезінде   педагогикалық кәсіби қызметті  тез арада  керісінше сипаттағы  педагогикалық  әлсіздікке айналдыруға болады   деп тұжырымдайды психологтар.  Бұл  дәрігердің сырқат адамға  көмек көрсетудің орнына,   оны ұрып тастауымен пара-пар деген сөз.  

     Кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас әдебінде стиль де маңызды  рөл атқарады.  Педагогтың оқушыларымен ара-қатынас  стилі – бұл әлеуметтік  және адамгершілік  санат.  Ол көптеген  маңызды факторларға  сай қалыптасуымен қатар, соған тәуелді болады:    

- адамның психикалық қалыптасуына;  

- оның құндылық бағытына;   

- білім деңгейі мен жалпы мәдениетіне;  

- маңындағы  әлеуметтік ортаның әсеріне;   

- адамдардың беделіне (педагогтың  қалыптасыуына  барынша ықпал еткен тәжірибелі педагтардың  өнегесі)   

      Ешқандай сауалнама  жинақтары мен ешбір сауал-сұрақ  өткізу жұмыстары  мұғалім мен оқушы , тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы тікелей  қарым-қатынасты ауыстыра алмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр.  Бұл үрдісте  мұғалім тарапынан көбіне ақпараттық мәлімдеме  басым болады. Мұғалім осындай қысым көрсеткен жағдайда, қарым-қатынас жоғалып, түсініспеушілік орын алады.  Мектеп педагогы  өзінің  оқушыға жасайтын  психологиялық  ықпалын ескере бермейді, ал бұл болса назардан тыс қалмайтын  жағдай.  Педагог әр баланың жүрегіне  жол тауып, оның жан дүнесінің  «құлпын» аша білуі тиіс.   Ол өзінің бір ауыз сөзі  бала өмірінде  үлкен рөл атқаратынын және оны өмір бойы  есіне сақтап қалатынын білуі керек.        

  Педагог пен оқушы  қарым-қатынасының талаптарын  қалыптастыру қажет десек, олар:  

— сенімділік;  

— баланы тыңдай білу;  

—өз ара түсінушілікті  негізге алу;    

— іскери қарым-қатынас;  

— ықпал етуден өз ара  әрекет жасауға көшу қабілеті;         

Бұл үрдерістің  барысындағы   ең маңыздысы  мұғалімнің қарым-қатынас шығармашылығы болып табылады.   Бірдей тапсырманы, бірдей әңгімені  мұғалім әр түрлі  ырғақпен , әр түрлі көңіл-күймен  беріп, өткізе алады.   Педагогикалық қарым- қатынастың  маңыздылығын ескере отырып «Сыныпқа кіретін  педагогқа  бірнеше  ереже»  ұсыныбақшымыз:

1.      Өзіңіздің балалармен қарым-қатынасыңыз туралы ойлаңыз, оны құрыңыз;  

2. Педагогикалық қарым-қатынас құру кезінде педагогикалық мақсатты ғана көздеп қоймай, баланың мүддесін де ескеріңіз.  

3.Өз сөзіңізді бір балаға  немесе  балалар тобына нақты бағыттаңыз.  

4. Қарым –қатынасты  «билік» түрінде құрмаңыз. Ең кішкентай сәбидің де қарым-қатынаста   өз еркіндігіне талпынатыны  есіңізде болсын.   

5. Балалар ұжымындағы   психологиялық  атмосфераны  тани біліңіз, бұл баламен қарым-қатынасқа  көмегін тигізеді.    

6. Балаларды тыңдай біліңіз.  

7. Өзіңізбен қарым-қатынас кезінде  олардың көңіл-күйін сезе  біліңіз.   

8. Балалар арасында  егестер болуы мүмкін  екенін және өзіңіздің педагогикалық  дәрменсіздігіңіз арқылы оны ушықтырып алуға болатынын    ұмытпаңыз.

9. Баланың қателігін айту  кезінде  әдептірек болыңыз.  

10. «Қиын»  мәселелерден аулақ болу үшін «неге?» , «не үшін?» деген сұрақтан бастаңыз.

11. Қарым-қатынас барысында бастамашыл болыңыз.  

12. Қарым-қатынас кезінде әсіресе  қыздарға көңіл бөліңіз.  Олар  мейлінше  нәзік,  әрі  эмоцияға  жақын.

13. Балармен қарым-қатынас кезінде  бір қалыпта ( тура жоспар бойынша) әрекет жасаудан аулақ болыңыз. 

14. Кейбір балаларға деген жеккөрішін сезімінен аулақ болып, оны  жеңе біліңіз.

15. Констурктивті бастамасыз  жасалған жұмыс   (тек  қана сынау )  еш нәтиже бермейді. 

16. Балаларға жиі күлімсіреңіз.  

17. Балаларды жиі қолдап, мадақтап, мақтап  отыруға тырысыңыз.   

18. Балалар сіздің өзіне  қалай қарайтыныңызды білуі тиіс. Баланың  тәртібіне  берген сіздің бағаңыз оның өзіңізге деген  қарым-қатынасын  қалыптастырады.   

19. Әр баламен қарым-қатынасыңызды есте сақтаңыз. Есіңізде болсын, Сіздің  қарым-қатынасыңыздың өзгеруі  баланың негативтік  тәртібіне әкеп соқтырады.   

20. Әр әңгімеге  дайындалып, әңгімелесу  стратегиясын құру керек.  

21. Балалардың  өсіп келе жатқаны және олардың  алғашқы тәртібі   өзгеріп отыратыны есіңізде болсын.    

22. Мұғалім мен  сыныптың, тәрбиеші мен топтың арасында   кедергілер  орын алуы  мүмкін. Бұл арада топтағы, сыныптағы, балалар арасындағы   әлеуметтік-психологиялық жағдайды ескеру керек.   

     Сонымен қатар ынталандыру, жазалау және мадақтау  тәсілдерін  пайдалана отырып, мұғалім әр балаға  қатысты ерекше  әдепті болуы тиіс.  Оқытушыны ұжымы қолдамағанда немесе оқушылар бұл мақтау  негізсіз  деп есептеген  жағдайда  мадақтау әдепсіздік.   Жаза қолдану кезінде тәрбиеленушіге құрмет пен талапты біркелкі қоя білу өте маңызды.  Оқушы қылығына ренжуге, әсіресе  бар ашуды  баладан алуға , жеке басын қорлауға  жол бермеңіз.     

    Кәсіби  этика  әріптестерімен және басқа адамдармен түрлі жағдайларда,  ресми және  бейресми  қарым –қатынастар барысында көрінетін  маманның  жалпы мәдениеттілігі деңгейінің  жоғары болуын  көздейді.  Демек, педагогтың  өмірінде  қарым-қатынас мәдениеті ерекше  рөл атқарады.       

Әдепті және  қарым-қатынас мәдениетінің негізгі талаптарын  білу  педагогтың  өзіне де,  өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан  балаларға да  қажетті.  

    Мұғалім  сенімділік, сыйластық және сүйіспеншілік тәрізді  сезімдерді тудыра білуі керек, оларсыз ұстаз  шынайы бедел  болмайды.   Өзіңізге айналадағы адамдардың  қалай қарайтыны жөнінде  және ол неге байланысты  екенін ойланып көріңіз.   

   Адамдармен  жақсы қарым-қатынас  құру  мұғалімнің кәсіби қасиеті  - оқушыны тыңдай, ести білуіне  тәуелді.  Педагогтың ең маңызды  кәсіби қасиетінің   бірі –  көшбасшылық  қабілетінде.


 

 

 

Мақсаты:

Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу; 
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; 
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

 

А. Асылбек 
Мәтінмен жұмыс 
Әдептілік 
Ы. Алтынсарин 
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. 
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі. 
Қасындағы бай: 
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды. 
Сонда ғалым тұрып: 
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен. 
Талдау жұмыстары 
• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді? 
• Әңгімеден қандай ой қорытуға болады? 
Суретпен жұмыс 
Сурет бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу. 
Ойын «Жалғастыр» 
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек. 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) 
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) 
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.) 
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) 
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) 
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) 
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі) 
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) 
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..) 
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) 
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) 
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) 
«Құпия хаттарға» жауап беру 
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады. 
Хаттардың мазмұны: 
1 хат.Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? 
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? 
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек? 
Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері» 
Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырады. 
Әдептілік ережелері 
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. 
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. 
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. 
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі. 
Дәйексөз 
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру. 
Қорытындылау 
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік. 
Жүректен - жүрекке 
Балалар шеңбер бойына жиналып Арасанбай Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.

 

Мақсаты: 
● Адам бойындағы жақсы және жаман қасеиттерді ажырата білуге үйрету, әдептілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру. Балаларды үлкендерді сыйлай білуге, кішіге қамқор болуға үйрету, алған білімдерін тереңдету. 
● Сұрақ- жауап арқылы балалардың сөздік қорын дамыту. 
● Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, инабаттылыққа баулу.

Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.

  1. Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

  1. Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

  1. Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

  1. Сіз деген- әдеп,

Біз деген- көмек.

  1. Ұлық болсаң- кішік бол.
  2. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
  3. Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

  1. Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.

  1. Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте  шығар кекиіп.

Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған»

  1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
  2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
  3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
  4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
  5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік»  деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

1-оқушы: Әдептілік деп  үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы  адамдарды құрметтеуді айтамыз.  Әдепті адам басқадан сыйласым  күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

2-оқушы:

Сонымен әдептілік дегеніміз  әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық  деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

Жас- кәріге сіз деген

Жақсы үлгі іздеген.

Дос боламыз біз деген,

Ізетті ұл мен қызбенен.

Көрініс: Байлық пен ақыл

Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз.

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз.

Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі екен бұл дейміз.

Әдептілік сөзін топтастыру.  

Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

 

 

 

1-тапсырма: Жағдаятты шешу. 
1.Көше бойымен таяққа сүйенген қарт келе жатады. Басын көтеріп жол бағдарлауға шамасы келмей келе жатыр.Сіз оған қарсы кездестіңіз.Не ойлайсыз? Не дейсіз? Не істейсіз? 
Оқушылардың жауабы.

2.Сіз автобуста  отырсыз бір әже кірді. Не ойлайсыз? Не дейсіз? 
Не істейсіз? 
2-тапсырма:Көрініс. 
Дүкенге бір қарт адам келе жатады.Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалады. Бір қыз бала мен ер бала мектепке келе жатқан еді.Ер бала қыз балаға сөмкесін беріп, қарт кісіні көтеріп тұрғызып жібереді. Ол рақмет айтып, кетіп қалады. Қыз бала одан: 
-Ана кісі сенің анаң ба ? 
-Жоқ, анам емес. 
-Жеңген бе ? 
-Жоқ, жеңгем емес. 
-Әлде әжең бе ? 
-Жоқ ,әжем емес . 
-Танисың ба? 
-Жоқ танымаймын. Жәй бір адам ғой. Қыз бала таңырқап қалады.Сендер осы көріністен не түсіндіңдер? (балалар өз ойларын айтады).Әже не деді балаға? (рақмет). 
3-тапсырма. Сиқырлы сөздер. 
Сендер қандай сиқырлы сөздер білесіңдер? (рақмет, кешірініз, қайырлы таң,) 
-Жақсы . 
4-тапсырма. Ойын: «Жалғыстыр». 
Не істеуге болмайды? 
- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды. 
- Құстарды атуға болмайды. 
- Сабақтан кешігуге болмайды. 
Не істеу керек? 
- Үлкенді сыйлау керек. 
- Үлкендерге сәлем беру керек. 
- Оқу құралдарын күтіп ұстау керек. 
5-тапсырма. Сұрақ. 
Әдептілік, жақсы қасиеттерді қайдан үйренуге болады? 
Оқушылар: 
- мақал-мәтелдерден; 
- кітаптан; 
- нақыл сөздерден; 
- мектептен; 
- ата-анадан; 
- жақсы адамнан; 
- газеттен; 
- журналдан, т.б. 
6-тапсырма. Лебіз айту. 
Мұғалім: Енді біз айналамыздағы адамдарға, әке-шешемізге, достарымызға жылы лебіздер айтайық. Оны жапыраққа жазып, ағашқа ілеміз. 
«Әдептілік әлеміндегі» сөздерді оқып, тәрбие сағатын қорытындылау.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеуге, қоғамдық орындарда өзін әдепті ұстай білуге үйрету, бұрынғы білгендерін толықтыру, жетілдіру, сыпайы сөйлеуге, мәдениеттілікке, әсемділікке баулу.

Педагогикалық шеберлік

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет  ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу  өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін  және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог  – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым  мен өнердің тиісті салаларынан  хабардар, жалпы, әсіресе балалар  психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін  жетік игерген маман.