Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi
Тақырып – 3
Бухгалтерлiк
есептiң тұжырымдамалары
мен принциптерi
- Бухгалтерлiк есептiң стандарттары және тұжырымдамалық негiзi
- Бухгалтерлiк есептiң принциптерi
- Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi
1. Стандарт сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда үлгi, норма деген мағынаны бiлдiредi. Ал бухгалтерлiк есеп стандарттары дегенiмiз кәсiпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргiзудiң және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесi болып табылады. Мұндай ереже бухгалтерлiк есептiң әдiстерi мен тәсiлдерiн, мәнi мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының өз мақсаты, қолданылу орны, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл баспта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелерi қысқаша баяндалады.
Қолдынылу аясы. Стандарттың пайдаланылатын жерлерi мен қандай жағдайда қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтiрiлген негiзгi терминдерге түсiнiктеме берiлетiн бап болып табылады.
Қолданысқа енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшiне енетiндiгi осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсiпорынның есеп саясатына түсiнiк берiледi.
Сонымен қатар стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкiн. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берiлуi мүмкiн.
Бухалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және iшкi болып екi түрге бөлiнедi. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың халықаралық комитетi жасап шығарады. Ал iшкi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлiк есептi жүргiзу үшiн, сол елдiң iшiнде жасалынады. Жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты мен iшкi бухгалтерлiк есеп стандартының арасында тiкелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандартын дайындау барысында әрбәр елдердегi тәжiрибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары iздестiрiлетәiн болса, әрбiр ел өзiнiң iшкi бухгалтерлiк есеп стандартын жасауы барысында халықаралық бухгалтерлiк есеп стандартын негiзге алады.
Бүкiл әлемдегi елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлiк есеп принциптерiн бiр iзге салуға қол жеткiзу үшiн 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитетi құрылды. Бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония, Ирландия, Канада, Мексика, Ұлыбритания, Франция елдерiнiң бухгалтерлерiнiң келiсiмге келуiмен iске асырылды. Бүгiнгi күнi оның құрамында аталған елдерден басқа Үндiстан, Малайзия, Оңтүстiк Африка Республикасы, Швейцария т.б. елдердiң өкiлдерi бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитетi өздерiнiң жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқалай нұсқаулары, ережелерi және түсiнiктерi үшiн табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке бухгалтердiң халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлiк фирмалар және басқалай ұйымдар қаржылық көмек көрсетiп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негiзгi мақсаты-мына төмендегiлердi орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткiзу:
- қаржылық ақпаратты құру барысында қажеттi мiндеттер;
- ақпараттық жүйенi құру принциптерi;
- осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
- қаржылық есеп беру элементтерi;
- өлшеу және мойындау критерийлерi.
Қаржылық есептiң мақсаты- кәсiпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруi туралы ақпараттар беру.
Қаржылық
есеп ұйымның бухгалтерлiк
Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешiм қабылдау процесiнде көрсетiлетiн бухгалтерлiк ақпараттардың қажеттiлiгiн анықтайды және оны бекiтедi. Есеп тұжырымдамасын жалпы және жеке деп аталатын екi түрге бөлуге болады.
- жалпы тұжырымдама бұл бiрнеше елдiң бухгалтерлiк есеп туралы көзқарасын бiлдiредi.
- жеке тұжырымдама тек қана бiр елдiң өз iшiнде жүргiзiлетiн бухгалтерлiк есеп туралы көзқарасын бiлдiредi.
Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру стандартында қарастырылған бухгалтерлiк есеп принциптерi, есеп саясаттары, есеп берулер негiзiнде құрастырылады.
Бүгiнгi
таңда бухгалтерлiк есептiң
Бухгалтерлiк есептiң континенттiк тұжырымдамасы кәсiпорынның жұмысына мемлекеттiң ықпал етуiмен, араласуымен түсiндiрiледi. Бұл бойынша сол елдегi қызмет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекiткен шоттар жоспары және басқа нормативтi құжаттар бойынша жұмыс жасауы тиiс. Бұл моделдi дүние жүзiнде қолдап отырған және оның негiзiнде өзiнiң кәсiпорындары жұмыс жүргiзiп отырған елдердiң қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерiн жатқызуға болады.
Америкалық тұжырымдаманың континенттiк тұжырымдамадан өзгешелiгi, бұл модельде кәсiпорынның бухгалтерлiк есеп берудегi мәлiметтерi негiзiнен қаржы салымшылары мен несие берушiлердiң қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге арналған. Бұл моделдi АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндiстан, Оңтүстiк Африка Республикасы және т.б. елдер қолданып отыр. Бiздiң елiмiздегi ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп континенттiк тұжырымдама бойынша жүргiзiледi.
2. Кез-келген ғылымның, соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң өз принциптерi бар. Латын тiлiнен аударғанда принципсөзiнiң мағынасы жағынан- бастамасы, негiзi деген түсiнiктi бередi. Жалпы алғанда оқулықтарда бухгалтерлiк есептiң жиырмадан астам принципiн оқуға болады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп стандартында бухгалтерлiк есептiң мына төмендегi принциптерi анықталған:
- есептеу;
- үздiксiз;
- түсiнiктiлiк;
- мәндiлiк;
- маңыздылық;
- сенiмдiлiк;
- әдiлеттi әрi тура көрсету;
- бейтараптылық;
- сақтық;
- толықтылық;
- салыстырмалық;
- дәйектiлiк.
Түсiнiктiлiк, маңыздылық, сенiмдiлiк, салыстырмалық деп аталатын төрт принцип- бухгалтерлiк есептегi ақпараттық мәлiметтерiнiң негiзгi, сапалы мiнездемесi болып табылады.
Түсiнiктiлiк принципi.
Бухгалтерлiк
есептiң ақпараттық мәлiметтерi оны
пайджаланушыларға шешiм
Маңыздылық принципi.
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Бухгалтерлiк ақпараттық мәлiметтердiң маңыздылық деңгейiн өлшеу үшiн үш түрлi сапалық аспектiлер қолданылады.
- Уақтылы. Бухгалтерлiк ақпараттық мәлiметтер өз пайдаланушыларына керектi уақытында жеткiзiлiп отыруы қажет. Бұл мәлiметтiң жеткiзiлу уақытының кешiктiрiлуi оның маңыздылық деңгейiн төмендетедi.
- Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазiргi кездегi жасалынғңан болжаулардың нәтижесiнде алынған бухгалтерлiк ақпараттық мәлiметтер пайдалданушыларға тиiмдi болуы қажет.
- Керi байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер пайдаланушыларға тиiмдi , оң әсер етуi қажет.
Сенiмдiлiк принципi. Берiлген ақпараттық мәлiметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенiмдi болса, онда бұл сенiмдi ақпарат болып табылады.
Салыстырмалық принципi. Қандай да бiр кезеңнiң бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi өткен уақыттардағы мәлiметтермен салыстырылып көрсетiлген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседi.
Сақтық принципi. Бухгалтерлiк есептiң ақпараттық мәлiметтерiнде жазылатын цифрлар кәсiпорынның экономикалық жағдайын суреттейдi және пайдаланушылар осы мәлiмет арқылы түрлi шешiм қабылдайды. Сондықтан да әрбiр әрiптiң және цифрдың дұрыс жазылуы үшiн сақ болу қажет.
Есептеу принципi. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, яғни кәсiпорындағы кез-келген операциялар (кiрiстер, шығыстар) есептелiп отырылуы қажет.
Үздiксiз принципi. Ұйымның қызметi үздiксiз жалғаса бередi деп болжам жасалынады.
Мәндiлiк принципi. Ұйымның бухгалтерлiк есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсiпорын жұмысына баға беруiне көмектесуi керек.
Бейтараптылық принципi. Ақпарат сенiмдi болуы үшiн алдын-ала бiр шешiмдi қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзiнiң iрiктелiп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгiлi бiр шешiм қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететiн болса, онда ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын-ала дайындалған ақпараттық мәлiметтер болмаған жағдайда, негiзделмеген бiр қорытындыға келтiрiлмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келедi.
Әдiлеттi әрi тура көрсету принципi. Кәсiпорынның қаржылық қорытынды есебi осы мәлiметтердi пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрi әдiлеттi ақпараттармен қамтамасыз етуi қажет.
Толықтылық принципi. Ұйымның қаржылық қорытынды есебiндегi ақпараттық мәлiметтер сенiмдi болуы үшiн толық болуды қажет етедi және шыққан шығынға қарай олар мәндi болуы қажет. Мәлiметтiң толық болмауы оны терiс немесе жалған етедi.
Дәйектiлiк принципi. Кәсiпорын өзiнiң қызметi барысында таңдап алған есеп жүргiзу саясатын есептi кезеңнiң басынан соңына дейiн дәйектi түрде қолдануы қажет. (жүйелi)
3. Кәсiпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделiктi операциялардың, процестердiң маңызы әр түрлi. Осы процестермен операцияларды бухгалтерлiк есептiң көмегiмен бақылап, тексерiп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлiк есепте әр түрлi тәсiлдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсiлдердiң жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бiр жүйеге келтiрiлуi бухгалтерлiк есептiң әдiстерi болып саналады.
Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi келесi түрлерден тұрады:
- құжаттау;
- түгендеу;
- шоттар;
- екi жақты жазу;
- бағалау;
- калькуляция;
- бухгалтерлiк баланс;
- есеп беру.
Құжаттау.
Барлық ұйымдарда өздерiнiң күнделiктi жұмысы барысында әр түрлi шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды есепке алу үшiн оларға алдымен құжаттар толтырылуы тиiс. Құжат орындалған операциялардың жазбаша түрiндегi анықтамасы болып табылады. қҰжатқа орындалған операциялардың аталынуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бiрлiгi, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөнi, тағы басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгiленген дәлелдi ақпараттық мәлiмет болып есептелiнедi.
Түгелдеу.
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық оепрацияларын сол сәтiне құжатқа жазуға мүмкiндiк бола бермейдi. Құжаттар толтырылғанның өзiнде де қателiктер кетуi мүмкiн және материалдарды сақтау кезiнде олар табиғи кему мөлшерiне сәйкес азайып отырады. Сонымен қатар өндiрiлiп шығарылған дайын өнiмдердi, басқа кәсiпорындардан алынған заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүлiктердi тексерiп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берiлуi мүмкiн. Сондықтан түгелдеу әдiсi арқылы кәсiпорын өзiнiң қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүлiктерiн есептегiмен салыстырып отырады.
Шоттар.
Бухгалтерлiк
есеп шоттары дегенiмiз- шаруашылық
құралдары мен олардың
Екi жақты жазу әдiсi.
Шаруашылық процестерi барысында орындалатын әрбiр операция негiзiнде кәсiпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерiнде екi жақты және тең өзгерiстер болып отырады. Олар екi жақты жазуды керек етедi, яғни бiр шоттың дебетiнде, екiншi шоттың кредитiнде бiрдей сомада көрсетiлуi қажет. Ұйымдардағы мұндай күнделiктi болып отыратын операцияларды, процестердi бiр шоттың дебетiне, екiншi шоттың кредитiнде жазып есептеп отыру үшiн қолданылатын әдiс бухгалтерлiк есепте екi жақты жазу әдiсi деп аталады.
Калькуляция әдiсi.
Қандай
ұйым болмасын белгiлi бiр қызметпен
айналысатындығы белгiлi. Осы процестердi
орындау барысында кәсiпорын
Бағалау
әдiсi.
Бухгалтерлiк есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелiнелi. Кәсiпорындағы мүлiктердiң және мiндеттемелердiң құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдiсiн бухгалтерлiк есептiң бағалау әдiсi деп атайды.
Бухгалтерлiк баланс.
Кәсiпорынның активтерәi мен олардың қалыптасу көздерiнiң белгiлi бiр мерзiмге бiр жүйеге келтiрiп, ақшалай өлшем түрiнде теңестiрiлiп екi жақты кестеде бейнеленуiн бухгалтерлiк баланс деп атаймыз. Оның сол жағында кәсiпорынның активтерi, ал оң жағында қорлану көздерi, яғни мiндеттемелерi мен меншiктi капиталы бейнеленедi.
Қорытынды есеп .
Ұйымның
қандай да бiр өткен уақыт аралығындағы,
есептi кезеңдегi операцияларының, шаруашыық
процестерiнiң қорытындыланып, белгiлi
бiр есеп беретiн күнге бiр жүйеге келтiрiлуi
қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды
есептiң құрамына кәсiпорынның бухгалтерлiк
балансы, меншiктi капиталының өзгерiсi
туралы есебi, қаржы нәтижесi туралы есебi,
ақшалардың қозғалысы туралы есебi, түсiнiктеме
хаты, және басқа да бухгалтерлiк есеп
стандарттарында көрсетiлген ақпараттық
мәлiметтерi кiредi.
Әдебиеттер:
[1], [18], [25], [29], [38].
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- Стандарт ұғымын қалай түсiнесiң?
- Халықаралық стандарт пен iшкi стандарттың айырмашылығы қандай?
- Бiздiң елiмiзде бухгалтерлiк есеп тұжырымдамасының қайсысы қолданылады?
- Бухгалтерлiк есеп принциптерiне жеке мысал келтiр?
- Бухгалтерлiк есеп әдiстерiн ата және түсiндiр
Тақырып – 4
Бухгалтерлiк баланс бухгалтерлік ақпараттың негізгі
формасы
ретінде
- Бухгалтерлiк баланс туралы түсiнiк және оның құрылымы
- Бухгалтерлiк баланстың түрлерi
- Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгерiске ұшырауы
1. Бухгалтерлiк есептiң негiзгi атқаратын қызметiнiң, функциясының бiрi-пайдаланушыларға кәсiпорынның мүлкi және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәлiметтердi уақтылы жеткiзiп берiп отыру. Осындай ақпараттық мәлiметтiң негiзгi қайнар көзi-бухгалтерлiк баланс. «БАЛАНС» сөзi француз тiлiнен алынған.
Бұл сөз қазақ тiлiне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны бiлдiредi. Сырт көзбен қарағанда кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы «актив» және «пассив» деп аталатын екi бөлiмдi кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активiнде кәсiпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетiлсе, оң жағында, пассив бөлiмiнде қорлану көздерi қарастырылады. Бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес бухгалтерлiк баланстың актив бөлiмiнде кәсiпорынның өзiне тиесiлi, яғни қолда бар мүлiктерi қарастырылады.
Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүлiктердi кәсiпорынның әлуеттi табыстары ретiнде таниды. Ал баланстың пассивi деп аталатын бөлiмiнде кәсiпорынның қорлану көздерi туралы ақпаратты мәлiмет жазылады. Ұйымның қорлану көздерi меншiктi капитал және тартылған капитал деп екiге бөлiнедi. Мұндағы тартылған капитал дегенiмiз кәсiпорынның мiндеттемелерi, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады.
Егер
кәсiпорын өз кредиторларының алдындағы
қарызын уақтылы төлей алмаған
жағдайда, олар ұйымынан активтерiн
сату арқылы қарызын қайтаруды талап
ете алады. Кәсiпорынның меншiктi капиталы
инвестордың мүдделiлiгiн
Сондықтан бухгалтерлiк баланстағы мына теңдiктiң әрдайым тең болатындығы сөзсiз.
АКТИВ=МЕНШIКТI КАПИТАЛ+МIНДЕТТЕМЕ
Бұл теңдiктi кейбiр шет елдерде келесi түрде көрсетедi:
АКТИВ-МIНДЕТТЕМЕ= МЕНШIКТI КАПИТАЛ
Әдетте кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы есеп беретiн уақытқа қарай негiзделiп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлiмi ұзақ мерзiмдi активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екi тараудан тұрады. Ұзақ мерзiмдi активтердiң қатарына кәсiпорынның материалдық емес активтерi, негiзгi құралдары, ұзақ мерзiмдi қаржы салымы, ұзақ мерзiмдi дебиторлық борыштары жатқызылады.
Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнiмдерi, аяқталмаған өндiрiсi, қысқа мерзiмдi қаржы салымы, алдағы кезең шұығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтерi қарастырылады. Бухгалтерлiк баланстың пассив бөлiмi үш тараудан тұрады. Оның бiрi меншiктi капитал деп аталып, онда кәсiпорнның жарғылық қоры, резервтiк қоры, бөлiнбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетiледi. Пассив бөлiмiнiң екiншi және үшiншi тараулары тиiсiнше ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мiндеттемелер деп аталады.
Ұзақ
мерзiмдi мiндеттемелер қатарына кәсiпорынның
ұзақ уақытқа алған несиелерi мен
қарыздары жатқызылса, қысқа мерзiмдi
мiндеттемелер тарауында
Жоғарыда
айтқандарымыз түсiнiктiрек болу үшiн үлгi
ретiнде «ККК» фирмасының 2008 жылғы 1 қаңтарға
жасалған бухгалтерлiк балансын 1–кестеде
қарастырайық.
1 – кесте
«ККК» фирмасының 2008 жылдың 1 қаңтарына Бухгалтерлiк балансы
(Өлшем бiрлiгi мың теңге)
| Активтер | Жол коды | Есепті кезең соңында | Есепті кезең басында |
| І. Қысқа мерзімді активтер | 66 000 | 59 400 | |
| Ақшалай қаржылар және олардың эквиваленттері | 010 | ||
| Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары | 011 | ||
| Қысқа мерзімді дебиторлық бережақ, барлығы | 012 | ||
| Кесте 3-жалғасы | |||
| Күмәнді
қарыздар бойынша резервтерді |
121 | 51 000 | 104 000 |
| Алдағы кезең шығындары | 122 | 17 000 | 17 200 |
| Басқа да дебиторлық бережақтар (ҚҚС өтелуге тиісті) | 123 | - | 50 000 |
| Қорлар | 013 | 493 000 | |
| Ағымдағы салық активтері | 014 | ||
| Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер | 015 | ||
| Басқа да қысқа мерзімді активтер | 016 | ||
| Қысқа мерзімді активтердің барлығы | 100 | 475 000 | 723600 |
| ІІ. Ұзақ мерзімді активтер | |||
| Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар | 020 |
1 – кестенің жалғасы
|

- Бухгалтерлiк есеп шоттары
- Бухгалтерлик баланс
- Бухгалтерлик баланс
- Бухгалтерлик баланс
- Бухгалтерлик баланс жане есеп шоттары
- Бухгалтерлик есеп
- Бухгалтерлик есеп
- Бухгалтерия, как структурное подразделение
- Бухгалтерия Междуречья
- Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру
- Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру
- Бухгалтеркий учет за рубежом
- Бухгалтерлiк есептi м нi мен мазм ны Оны йымдастыру принциптерi
- Бухгалтерлiк есептiн fылым ретiнде калыптасуы мен дамуы