Бюджеттік құқықтар
ЖОСПАР
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстанның қолындағы экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз ететін серпінді дамып келе жатқан отын-энергетика, металлургия және химия кешендері бар.
Сонымен бір мезгілде біздің алдымызда экономиканың теңдестірмелігін қамтамасыз ету, өңдеуші өнеркәсіпті, жоғары технологиялы және ғылыми қамтымды өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және агроөнеркәсіп секторын ілгерілете дамыту жөніндегі аса маңызды міндеттер тұр.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң, республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады. Рыноктық қатынастарға көшу бюджет байланыстығына қатты әсер етті. Ол жылма – жыл қарыздар болған кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды мемлекет дотациялап отырды.
Мемлекеттік бюджет –
мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары.
Ол мемлекеттің шығын мен
Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады. Бюджет талшығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығынның айырмашылығын жабу үшін, мемлекет қиыстырылған вариантына көшеді. Демек мемлекет ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының, бнлгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы.
Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызды да болады. Бюджет талшығын бәсеңдету үшін мемлекет тек қана ішкі міндеттермен ғана шектелмей, қайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады. Міне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.
1. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет
Бюджеттік құқық мемлекеттік бюджетті (Республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығы) қалыптастыру және болу, сондай - ақ бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың аса маңызды бөлімі болып табылады.
Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру
және болу, сондай-ақ бюджеттік ресурстарды
пайдалануды ұйымдастыру
Осы бюджеттік қатынастарға мына келесідей белгілер тән болады:
1.бұл қатынастар
2.бұл қатынастар әрқашанда
бөлу және қайта бөлу
З.бұл қатынастар әрдайым республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістеріне түсетін ақша сипатындағы құнның және сол бюджеттердің шығыстарынан бөлінетін ақша қаражаттарының біржақты қозғалыстарын білдіреді;
4.бұл қатынастар орталықтандырылған мемлекеттің ақша қоры және жергілікті әкімшілік — аумақтық құрылымдар көлемінде орталықтандырылған ақша қорлары арқылы қалыптастырылатын және бөлінетін бюджеттік ресурстар нысанындағы ақша қаражаттарының ағымын көрсететін базистік қатынастарға жатады;
5.бұл қатынастар әрдайым
мемлекеттің және жергілікті
өкілді органдардың негізгі
Бір-бірімен ете тығыз іс - әрекет жасай отырып, өздері реттейтін тиісті қатынастарына қарай жүйеленген түрде жалпы және ерекше бөлімдерде белгілі бір тәртіппен орналасқан бюджеттік құқықтық нормалар арқылы көрсетілетін бюджеттік құқықтың ішкі құрылысы бюджеттік құқықтың жүйесін білдіреді.
Бюджеттік құқықтың жалпы бөлімі мына: 1. мемлекеттің бюджеттік құрылысы; 2. бюджет саласындағы мемлекеттік басқару; 3. бюджеттік жоспарлау; 4. бюджеттік бақылау; 5. бюджеттік -құқықтық жауапкершілік сияқты институттардан құралады.
Ал ерекше бөлімінде мына институттар көрініс тапқан: 1. бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу; 2. бюджеттің шығыстарын құқықтық реттеу; 3. мемлекеттік кредита құқықтық реттеу.
Мемлекеттің бюджеттік құрылысының құқықтық негіздері -Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің ұйымдастырылу құрылысын, құрылым негізіндегі қағидаттарын және бюджет жүйесіндегі уәкілетті органдардың құрылымы мен өзара іс қимылдарын, сондай-ақ бюджеттік реттеудің мақсаты мен әдістерін белгілейтін бюджеттік құқықтың институты болып табылады.
Мемлекеттік бюджет саласындағы
басқару — бюджеттік қызмет аясында
тәртіптеуші және жүйелеуші іс-әрекеттерді,
ұйымдастырушы ықпал сипатындағ
Бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері — мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлауды жүзеге асыруға қажетті біліктіліктері бар уәкілетті мемлекеттік органдар шеңберін және олардың тиісті бюджеттік құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ бюджеттік жоспарлауды (процесті) мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде заңи регламенттеп, оның негізгі қағидаларын белгілейтін бюджеттік құқықтың институты болып табылады.
Бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері — бюджетті қалыптастыру, бөлу және бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалану процестерінің заңды негізде, мақсатқа сай жүргізілуін бақылап, тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті, арнайы мамандандырылған мемлекеттік органдардың шеңбері мен дәреже — деңгейлерін және құзыреттерін айқындайтын, сондай ~ ақ осы бақылаудың түрлері мен әдістерін белгілейтін бюджеттік құқықтың институты ретінде көрініс табады.
Бюджеттік заңдарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік -мемлекеттің бюджеттік қызметі аясындағы тиісті субъектілердің бюджеттік құқық бұзушылық жасағандары үшін оларға заңда көзделінген мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерін қолдану қағидалары мен тәртібін және жауапкершілік шараларын белгілейтін бюджеттік құқықтың институты болып саналады.
Бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу - әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге салықтық және салықтық емес негізде, тұрақты бекітілген және реттеуші кірістер түріндегі ақысыз аударымдар есебінен құралатын төлемдер жүйесін сондай — ақ оларды мәжбүрлеп алу, қабылдап алу және кірістерге енгізу тәртібін белгілейтін бюджеттік құқықтың аса маңызды институты болып табылады.
Бюджеттің шығыстарын құқықтық
реттеу — Республикалық бюджетте
немесе жергілікті бюджеттерде жинақталған
бюджеттік ресурстарды бюджет туралы
заңға және бюджеттер туралы нормативтік
құқықтық шешімдерге сәйкес бөлу және
пайдалану процестерін белгілей
Мемлекеттік кредитті құқықтық реттеу — мемлекеттік немесе жергілікті деңгейдегі бюджетке занды және жеке уақытша басы бос қаражаттарын мемлекеттік заемдарда (оның құжаттарында) орналастыру арқылы қайтарымды және ақылы негізде тарту және оларды өтеу - қайтару мерзімдері мен механизмдерін белгілеу барысында туындайтын қатынастарды реттейтін бюджеттік құқықтың институты ретінде сипатталады. Мемлекеттік бюджет мына келесідей:
1. материалдық мағынасында
бюджет мемлекет ауқымында
2. экономикалық мағынасында бюджет жалпы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті, мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде орталықтандырылатын ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
3. ұйымдастырылу - қаржылық
мағынасында бюджет
4. құқықтық мағынасында
бюджет мемлекеттің әр жыл
сайын қабылдайтын негізгі
Бюджеттік қызмет Рсспубликалық және тиісті жергілікті бюджетті қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ бюджеттік ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жоспарланған және жүйеленген экономикалық - құқықтық қызметтері болып табылады.
Бюджетті қалыптастыру әдістеріне:
І.салықтарды белгілеу;
2.алымдарды, баждарды, төлемақыларды белгілеу;
З.салыққа жатпайтын кірістерді белгілеу;
4.ұлттық банктің кірістерінен қаражат алу;
З.алынған ресми трансферттерді пайдалану;
б.республикалық бюджеттен берілген ссуда үшін төленген (түскен) қаражаттарды пайдалану;
7.сыртқы қарыз алу негізінде ақша қаражаттарын тарту;
8.ішкі қарыз алу негізінде ақша қаражаттарын тарту;
9.бюджеттік - банктік кредиттер aлy;
10. сыртқы экономикалық қызметтерден түсетін кірістерді пайдалану;
11. бағалы қағаздарды шығару (эмиссиялау) жатады. Бюджетті болу әдістері:
1. мемлекеттік органдар
мен мемлекеттік
2. мемлекеттік мекемелерді сметалық - бюджеттік қаржыландыру;
3. бюджетаралық қаржыландыру;
4. қайтарымды (кейде
ақылы) негізде бюджетаралық
5. қайтарымды және ақылы негізде бюджеттік ссуда беру;
6. әлеуметтік — экономикалық
жағдайды, ғылым мен мәдениетті,
елімізді қорғау істерін
7. бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға кететін
5. мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.
Бюджетті пайдалануды ұйымдастыру:
І.бюджетті атқару тәртібін белгілеу;
2. бюджеттік ресурстарды болу тәртібін белгілеу;
З.бюджеттік ресурстарды пайдалануды жоспарлау;
4.бюджеттік ресурстарды пайдалану тәртібін белгілеу;
5. бюджеттен бөлінген ақша қаражаттарын мақсатқа сай және пайдалану үшін оған бақылау жүргізу сипатында көрініс табады.
Бюджеттік құқықтың құқықтық реттеу аясына — пәніне мыналар жатады:
1.бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;
2.бюджеттің шығыстарының бағытын (құрамын) анықтау;
З.мемлекеттік бюджеттің құрылысын анықтау;
4.республикалық және
жергілікті өкілді органдардың
бюджет саласындағы
5.Бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу жатады.
Бюджеттік құқықтың өзіне тән құқықтық нормалары, яғни бюджеттік құқықтық нормалары бар.
Бюджеттік құқықтық нормалар
мына келесідей белгілермен
І.бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді жене олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;
2.бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер жүктейді және өктем билік береді;
З.бұл нормалар әрқашанда
мемлекеттік құзыретті
4.бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған;
5.бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма түрлері есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық көрсеткіштері, т.б.) ұшырасады;
6.бұл нормалар көбінесе өктем-әмірлі сипатта болады;
7.бұл нормалардың біршама
бөлігі құзырет белгілеу
8.бұл нормалардың көбі
тиісті қаржылық заңдарға
Міне осы құқықтық нормалардың жиынтығы бюджеттік құқықты құрайды.
2. Бюджеттен тыс қорлар
Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі ретінде көрініс тауып отырғаны белгілі. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік — экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді.
Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын болды. Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік — экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі болып бөлінеді. Ал құқықтық тұрғыдан қарастырсақ Қазақстан Республикасының Заңдарына, жарлықтарына сәйкес құрылатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының талаптары негізінде құрылатын бюджеттен тыс қорлар бар. Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерде осы қорларды қалыптастыру көздері де бірден белгіленеді. Сонымен бюджеттен тыс қорлар деп Қазақстан Республикасы "қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Республикалық немесе жергілікті бюджеттің қарамағына жатпайтын, сондай-ақ қатаң мақсатқа бағытталған ақша қорлары нысанында қалыптасатын ақшалай қаражаттар қорларын айтамыз.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы бірден - бір мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен Ұлттық қорды жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржы-қаражаттары негізінен бүкіләлемдік экономика аясында әлсін-әлі туындайтын кейбір жәйттерге орай шикізат секторы бойынша жоспарланған түсімдердің белгіленген көлемде алынбауына байланысты Көрініс табуы мүмкін бюджет тапшылығын жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президент айқындаған мақсаттарға жұмсау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерге берілетін түсімдер немесе ресми трансферттер түрінде пайдаланылады.
Ұлттық Қорды басқару Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Кеңес тарапынан жүзеге асырылады.
Кеңестің құрамы:
І.Қазақстан Республикасының Президента;
2.Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;
З.Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының төрағасы;
4.Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің
5.Қазақстан Республикасының
Президенті әкімшілігінің
6.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төрағасы;
7.Қазақстан Республикасының
Премьер-министрінің
8.Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
9.республикалық жөне
жергілікті бюджеттердің
Негізінен шикізат секторы ұйымдарынан алынатын мына салықтар мен міндетті төлемдердің: 1. заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығының; 2. қосылған құн салығының; 3. үстеме пайда салығының; 4. бонустардың; 5. роялтидің: 6. жасалған келісімшарттарға орай өнімді бөлу бөлігіндегі ҚР үлесінің республикалық және жергілікті бюджеттерге жоспарланған мөлшерден артық түсірілген сомаларының 10 проценті ресми трансферттер ретінде Ұлттық қордың кірісіне аударылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Шеденов Б.А., Байжомартов
Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы
2. «Қазақстан Республикасының заңы: \Бюджет жүйесі\». Алматы, 1997 ж.
3. Ғ. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері «Атамұра», 1998ж.
4. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж.
5. Дулатбеков Н. Амандықова С.
Тұрлаев А. Мемлекет және

- Бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Бухгалтерлік құжаттар, оларды құру тәртібі, тексеру және өңдеу, есептік регистрлер
- Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік тапшылық
- Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік тапшылық
- Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік тапшылық
- Бюджету
- Бюджетування в системі оперативного фінансового планування
- Бюджетування в умовах кризи
- Бюджеттен тыс қорлар
- Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- Бюджеттен тыс қорлар, олардың мағынасы
- Бюджеттен тыс қорлар, олардың мағынасы
- Бюджеттік емес қорлар
- Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері. Біртұтас және федералды мемлекеттердегі бюджеттік жүйенің ерекшеліктері
- Бюджеттік құқық