Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған. Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.
Оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау, оқушының қабілетті болып дүниеге келуі және өз қабілеттерін жүре дамыта алуы әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Қосымша материалдарды зерделеу арқылы мына көзқарастарды айқындадым: дарынды балалар ретінде білімнің барлық саласынан бірдей дәрежеде көріне алатын балаларды қарастыратын болсақ, талантты бала ретінде тек бір салада даму деңгейі жоғары оқушыларды атауға болады. Оның ішінде қабілеттің туа біту мен жүре дамуына байланысты да көптеген пікірлердің қалыптасқанын да білдім. Әрине математиканы оқып үйренуде қабілеттің алар ролі зор дер едім. Сондықтан егер де математиканы қабылауға қабілеті болмаған жағдайда, «гуманитарлық» білімдерге бейім оқушының математикалық біліктілігін арттыру үлкен ізденістер мен күрделі жұмысты қажет етеді деп есептеймін.
Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Өз зерттеуімнің объектісі ретінде
дәріс беретін 8 сынып (14-15 жаста) оқушыларын
алдым. Бұл сыныптарда математика пәні
тереңдетіп оқыту бағдарламаларына
негізделіп оқытылады. Пәнді оқыту
барысында сынып 12 оқушыдан тұратын
топтарға бөлінеді. Бұл оқушыларды
оқытуда айтарлықтай
Күнделікті сабақтар кезінде байқағаным,
топтағы ынтымақтастық
Зерттеу жұмысын бастар алдында
жүргізілген сауалнама
· оқушыларының көбісі өз сыныптарының негізгі қызығушылықтарын білуге қызығушылық білдіргенмен, олардың көп бөлігі, яғни 80%-ы сыныптастарыңның 50-80%-ының негізгі қызығушылықтары туралы білетінін көрсеткен, ал бір оқушы сыныптастарының жартысынан көбінің қызығушылықтарынан хабары жоқтығын көрсеткен.
· оқушылардың 25%-ы сыныптастарының өз білімдері туралы пікіріне немқұрайлы қарайтынын көрсеткен.
· оқушылардың 10%-ы өз математикалық білімдері туралы сыныптастарының пікірлерін жақсы емес деп көрсеткен.
· оқушылардың 20%-ы топпен жұмыс жасаудың ұнамайтынын, дегенмен тапсырмаларды орындауда үлес қосуға тырысатынын айтқан.
· оқушылардың 15%-ы топтық жұмыс барысында өз пікірлерінің ескерілмейтінін көрсеткен.
· оқушылардың 30%-ы сыныптағы өзара бағалауға немқұрайы қарайтынын, 10%-ы объективтілік танытуға тырысатынын, ал 10%-ы объективті болуға тырыспайтынын айтқан.
· оқушылардың 20%-ы топтық жұмыс барысында жаңа білімді тек кей жағдайда алатынын, ал 15%-ы сирек жағдайда ғана жаңа білімдермен танысатынын көрсеткен.
Оқушылардың математикалық қабілеттерінің
даму деңгейін анықтау мақсатында Айзенктің
математикалық субтесті пайдаланылды.
30 минут ішінде берілген тесттің
мүмкіндігінше көбірек есебін шығару
керек. Егер есеп шықпай жатса, оны қалдырып,
келесі есепке көшуге болады. Нәтижесінде
тек дұрыс шешілген есептің саны
ғана ескеріледі. Субтест мәліметіне
сәйкес алынған орташа нормативтік
көрсеткіш 91-100 ұпай болып табылады.
8A тобының білім деңгейі
Топтық жұмысты ұйымдастыру
арқылы ондағы оқушылардың қарым-қатынастағы
шиеленістікті жою, олардың арасында
өзара серіктестік және түсіністік
қарым-қатынасты орнату оқушылардың
сенімсіздіктерін жойып, жалпы сыныптағы
оқушылардың қабілеттерін арттыруға
өз үлесін қосар еді. Сонымен қатар,
дарынды балалардың ішкі потенциалын
ашуға бағытталған әрекеттерді
ұйымдастыру олардың топтағы
оқушылармен жақсы қарым-
· Оқушылардың өз әрекетіне, білім алу үдерісіне сыни көзқарасты дамыту олардың білімдегі құндылықтар жүйесін қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Бұл тапсырмалар қатарында көзбен көретін айғақтарды қолдану арқылы ой қорытуды қамтамасыз ету үшін (TrHW3_D5_Act1a_Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлау) «Квадраттық теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу» тақырыбында санды аралықтар суреттеріне байланысты және «Квадраттық функция графигі» тақырыбында график суреттеріне байланысты Блум таксономиясының негізінде анықтау, салыстыру, жалпылау, талдау, қорыту деңгейлеріне арналған тапсырмалар берілді. Оқушыларым өздерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, тапсырмалардың мүмкін болатын шешімдерінің түрлерімен танысты. Топтарға берілген тапсырмаларды бірте-бірте қиындата отырып, оқушылардың сыни ойлауына жағдай туғыздым деп ойлаймын. Сабақтар барысында оқушылар берілген жауап бойынша теңсіздікті және теңсіздіктер жүйесін құрастырды. Жауаптарын парақтарға желімдеп, белсенді қызмет атқырды. Дарынды балалардың топтағы әрекетін ұйымдастыру үшін «Квадраттық теңсіздіктерді шешу» тақырыбын өтуде «Мозаикалық жұмбақ» (TrHW3_D4_Act2c_джиксо тапсырмаларға нұсқаулар) тапсырмасы қолданылды. Оқушылардың пікірін тыңдауға негізделген диалогтық әдісті қолдану пайдаланылды. Жаңа мәліметті түсіндіру алдында алдымен оқушылардың осы мәлімет туралы білімдерін айқындау, олардың іс-тәжірибесімен байланыстыру сауалдары дайындадым. Оқушыларға ойларын жинақтап, тиянақтауға арнайы уақыт беріліп отырды. Топтағы пікірталас әдісін (3 апта 3 күн материалдары) қолдану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру әдісі қолданылады. Сабақтағы жаңа мәліметтер дайын күйінде берілмей, оқушылардың өзара пікірлесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде меңгерілді.
· Оқушылардың әрекеттесуіне бақылау жасау арқылы, қызметтері үйлестіріліп отырды. Оқушыларды жүйеленбеген топтарға бөліп бақылау жасағаннан кейін С.Сил зерттеуіндегі тұжырымдардың дұрыстығына көзім жетті. Оқушыларды қабілеттеріне, қызығушылықтары мен өз еріктеріне қарай бөлуді жүзеге асыру А сыныбындағы оқушылардың түсіну дәрежесіне оң әсерін бергенін байқадым. Сонымен қатар, оқушылардың топтық жұмысқа деген оң көзқарасы да қалыптасты. В сыныбындағы оқушылар керісінше, аралас топтардың түсінік қалыптастырудағы тиімділігін атап көрсетті. Оның ішінде қабілеті жоғары балалар мен орташа қабілетті балалардың араласып келгені тиімді болатынын айтқан. Шынында да, В сыныбындағы Дарын мен Нұрболат өз топтарстарының тапсырмаларды дұрыс орындауын қадағалап, топтағы міндеттердің жүйелі бөлінуін қадағалап отырды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім нұсқауынан гөрі өз сыныптастарының нұсқауын алу тиімді болатынына көзім жетті. Ал бұл оқушылардың өзара әрекеттесуі мен когнитивті икемділіктерінің дамуының маңыздылығына ерекше көңіл бөлген Выготский, Хоу мен Мерсердің соңғы зерттеулеріндегі тұжырымдарды растай түседі. Пиаженің балаларда ересектердің идеяларына қарағанда, өз құрдастарының қарама-қарсы идеяларымен пікірлеріне қарсы келгенде когнитивті өзгерістер болатындығы туралы пікірі де осыны қуаттайды. Балалар топтары оқушыларға даму барысында біршама алда немесе артта қалған өз қатарластарымен өзара әрекетте болып, когнитивті және әлеуметтік қабілеттерінің дамуына септігін тигізетінін растай түсті.
· Топтағы позитивті, достық қарым-қатынас орнатылды. Мадақтау және қолпаштау ескерілді. Сонымен қатар оқушылардың топта жұмыс істеу ережелері бекітіліп, оны қатаң қадағалау мақсатында әр оқушыға топтағы жұмыста жауапкершілік беріліп отырды. Сондықтан топтағы тәртіпті оқушылардың өздері реттеуге жағдай жасалды.
· Оқушылардың бір-бірін және өзін бағалауы, бағалау критерийлерінің нақтылануы жүзеге асырылды. Оқушылармен рефлексия парақтарын толтыру, пікірлесулер болып отырды. (3 апта 1,2 күн) Аталған әрекеттерді орындау барысында өз жұмысыма басқа тұрғыдан қарап, сабақтарымды барынша қызықты етіп түрлендірудің жолдарын іздестіре бастадым. Күрделі тақырыптардың өзін оқушыларымның бұрыннан жинақтаған білімі мен тәжірибесімен байланыстыра отырып түсіндірудің жолдарын іздедім. Өзімнен гөрі оқушыларымның сабақ барысындағы белсенділігін арттыруды көздедім. Бақылау нәтижелері оқушылардың жаңа материалды түсіну үдерісінде жақсы өзгерістердің бар екенін көрсетті. Салыстырмалы анализ жүргізу барысында бақылау жұмысының сапасы А сыныбында 63,63 пайыздан 77,78 пайызға өссе, В сыныбында 54,5 пайыздан 80 пайызға өсті. Оқушылардың оқуға деген көзқарасында өзгерістер байқалды: білім алу үдерісіне жауапкершілігі артты, берілген тапсырмаларды орындауға шығармашылықпен қарай білуі байқалды. Олардың топ ішіндегі серіктестік қарым-қатынасы артып, бір шешімге келе білу, басқаның пікірін сыйлай білу, өз ойын ашық айта білуіне жол ашылды. Өздеріне деген сенімділігі, шынайы алған білімдерін бағалай білуі, көзбояушылыққа жол бермеу, объективтілік артты. Мұны олар өздерінің рефлексия парақтарын толтыруда көрсетті. Оқушылар «Топтағы жұмыста не ұнады?» деген сұраққа топтағы талқылаулар, әркімнің өз пікірімен бөлісетіндігі, бірлесе қызмет атқаратыны, есептердің тез шешілетіні, жауаптардардың өзара тексеріліп, толықтырылатыны, тақырыптардың тез ұғылатыны, сабақтың тез әрі қызықты өтетіні ұнайтынын атап өткен. Ал «Топтағы жұмыста не ұнамады?» деген сұраққа хатшы тым көп жазатынын, тақырыптан ауытқулар болатынын, сыныптастарының көп шулайтынын, келісімге келудің қиындығы болатынын атап өткен. «Өз тобыңыздағы әр түрлі оқушылар сізге оқуда көмектесе алды ма?» сұрағына барлығы дерлік көмектескенін айтқан. Топтағы көшбасшылардың қызметі туралы да жақсы пікір жазған. «Егер сіз мұғалім болсаңыз, топтық жұмыс үшін топты қалай құрар едіңіз?» сұрағына 73,3 пайызы аралас топтарды құрар едім деп жауап берген. Себебі ретінде әр күні әр түрлі оқушылар біріккенін, сыныптағы оқушылардың барлығы да дос болғанын, тақырыпты түсінген оқушылар басқаларға көмектескенін, басқалардың ашылуына кедергі келтірмеуін, оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуын, бір-бірін толықтыруын қалайтынын келтіреді. Ал 26,7 пайызы достарын бір топқа біріктіргісі келгенін айтқан. Оны өте қызықтылығымен, өз достарымен бірге болуды ұнататындығымен түсіндірген. Жалпы осы модульмен жұмыс жасау барысында кездескен қиындықтарды шеше отырып, сыныбымдағы қабілетті балаларға ерекше назар аударудың қажеттігін түсіндім. Олардың қызығушылықтарын ояту мақсатында тапсырмаларды күрделендіріп отыруды қамтамасыз етіп отыруға тырыстым. Топтағы талқылауды ұйымдастыруда кедергілерді жою мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрудың қажеттігін, топтарды жүйелі бөлуді ескердім. Осы нәтижелерім бойынша топта оқыту тәсілдерін қолдануда мұғалімдерге келесі қорытынды тұжырымдарымды ұсынар едім: · Сұрақтардың маңыздылығын арттыру, ойлануға уақыт бөлудің қажеттілігін естен шығармау.
· Көзбен көретін айғақтардың тиімділігін пайдалану.
· Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу қажет.
· Әріптестермен пікір алмасу кейбір шешімі қиындық тудыратын сұрақтарды жеңілдетеді.
· Тапсырмаларды құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері міндетті түрде ескерілгені дұрыс.
· Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйену және өмірден мысалдар келтіру олардың үлкен қызығушылығын тудырады.
· Оқушылардың қателесу қорқынышынан арылту үшін, алдымен мұғалімнің өзі қателесуден қорықпауы қажет деп есептеймін.
· Оқушыларды білім беру объектісі ролінен серіктес роліне жоғарылату олардың тұлға ретіндегі сенімділіктерін арттырады. Сондықтан оқушыларға сенім артудан тартынбау керек.
1 . Тәрбие отбасынан басталады
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен
сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен
ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс
ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің
өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген
ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін
,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп,
дұрыс қарым-қатынас жасаған
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар
тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде
«қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен
,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден
бастауды ұсынады.Баланың жетіліп
қалыптасуында отбасының орны ерекше
екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын
атануға алып келетін ата-аналардың
балалармен ,мұғалімнің оқушылармен
қарым-қатынасындағы бірнеше
Баланы дұрыс тәрбиелеу
үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста
болуы керек.Ғалым-педагог И.
Демек,отбасында ата-ана
осы қасиеттерді барынша
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми
еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық,
жас кезінде қай түрде иіп
тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде
қатып қалмақ» деп түйін
2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-
Оқу-санқырлы рухани өмірдің
тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер
ұжым ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық,
еңбектік,эстетикалық қарым-
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың
–болашақтағы еліміздің ертеңі болып
табылатын балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,
Мектепте оқудан тыс уақытта
оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың
қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз
ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру
көзделеді.Соған сай олардың
Әсіресе,ұстазбен оқушының
өзара түсіністігі ,оқушыға сенім
көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік
қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-
Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау,ұстазбеноқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің
дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы
ұрыс – талас, даужанжал,
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян. .
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы
жан – жақты зерттеп, мінез
– құлықтарының бағыт –
2) Әрбір оқушының адамгершілік
сынды тәжірибелердің құра
3) Әрбір жеке тұлғаның
ерекшеліктері мен
4) Кейбір қиын оқушылардың
оқу – тәрбие процесінде
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын
жүргізу кезінде таланттар
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын
баланың бағдарын, мақсаты мен
міндетін қайта құру. Бұл әдістің
құндылық мәні – оқушы қателігін
түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына
колма береді. Мектептегі нерв жүйесі
нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын
жүргізу көптеген қиындықтар туғызады.
Өйткені, әрбір оқушының өзіндік
ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына
байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін
мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу
процесіндегі әдістік – тәсілдерді
әдістемелік жағынан
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;
- екінші кезең – қиын оқушылар мен көш жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
- Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.
- Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
- 3.Қазақ халқы-ғажап тәлімгер.
- Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
- Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген,әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.
- «Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.
- Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін , заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.
Пайдаланған әдебиеттер:
- 1.Қазақстан мектебі 2002 ж.№1
- 2.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары .2007 ж. №5
- 3. М.Жұмабаев «Педагогика»
- 4.«Оқушыларды біріккен топтық жұмыста диалогқа қалай итермелеу керек?» Мұғалімдердің Ұлттық зерттеу кеңесінің есебі. Эйр Д. және МакКлар Л. (обр). (2001).
- «Орта мектептегі дарынды және талантты оқушыларды оқыту». Дэвид Фултон.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Дарынды балалармен жұмыс
2. Қиын балалармен жұмыс
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

- Дарынды және талантты балаларды оқыту туралы менің ойларым
- Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін химия сабағында дамыту
- Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
- Даталогическое проектирование
- Дата рождения и основные биографические сведения о Салавате Юлаеве
- Даточные люди
- Датский язык
- Дарение наследование жилья
- Дар и проклятье Камиллы Клодель
- Дарственные ценные бумаги
- Дартс: правила и виды
- Дартс: правила и виды
- Дару үләннәре ярдәмендә дәвалану
- Дарфурский конфликт