Дене тәрбиеснің мақсаты мен мінтеттері

                 Дене тәрбиеснің мақсаты мен мінтеттері.

 

Дене мәдениеті мен  спорт бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын таңдаудың әдістемелік негіздері оқытып, үйрету үдерісінің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен байланысты. Бұл қандай да бір спорт түрінің ерекшелігіне байланысты оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға дифференциалды жолмен шешу қажеттілігімен байланысты.

Дене мәдениеті мен  спорттық білім жүйесінің мақсаты  барлық жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады.

Бұл мақсат дене мәдениеті мен спорттың қазіргі заманғы даму сатысында жетілдірудің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен жүзеге асады.

Білім беру мекемелеріндегі оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде дене мәдениеті мен спорт жүйесінің негізгі жалпы міндеттеріне мыналар жатады:

- оқып, үйренушілердің дене сапаларын дамыту және жетілдіру;

- әрбір оқып, үйренушіге дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын меңгерту;

- мақсатқа лайықтылық, батылдық және шешімшілдік, бастамашылдық және тапқырлық, табандылық және жігерлілік, ұстамдылық және байсалдылық, ұжымшылдық сезімі және өзара жолдастық көмек беру сияқты адамдық қасиеттерге тәрбиелеу;

- денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз қозғаушы күштердің және кәсіби қызмет жағдайының әсеріне орнылықты арттыру.

Дене мәдениеті курсының арнайы міндеттері – оқытып, үйретудің  мақсаттар мен міндеттерін іске асыруға, бағыттылық оқыту бағдарламасына дене мәдениетінің барлық бөлімдерін кіргізу, олардың әрқайсысын меңгеруге оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу, оқу-тәрбие үдерісін жандандыру. Әрбір міндеттің өзінің өзгеше ерекшелігі болады.

Бірінші міндет – дене мәдениеті міндеттерінің ішінде басты орынды дене сапаларын дамыту және жетілдіру алады.

Төзімділікті, күшті, шапшаңдықты және әбжілдікті дамытудың жоғары деңгейінің маңызы жалпыға белгілі және көпшілік мойындаған қағида болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда бұл дене сапаларының маңыздылығы тек дәлелденіп қойылған жоқ, сонымен бірге адам ағзасының жалпы тұлғалық жағдайына олардың әсерінің сандық және сапалық сипаттамасы алынған.

Жоғары дене дайындығы  деңгейі бар, үлкен дене жүктемелері  мен жүйке-психикалық күштенудің әсері  жағдайында жан-жақты дамыған адам, тәжірибе бойынша, жұмыс қабілеттілігі, қажуы, жүйке орнықтылығы көрсеткіштері  бойынша басқа адамдарға қарағанда  едәуір басымдықта болады.

Екінші  міндет -  дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын әрбір оқып, үйренушінің меңгеруі жүруде, жүгіруде, секіруде, өзін-өзі қорғау әдістерін орындаудағы әрекетте және қозғалу біліктілігіндегі қалыптасуды қарастырады.

Адамның қозғалыс біліктілігінің бөлшегі ретінде әдістер мен жаттығулар дене және психологиялық сапаларды дамыту және жетілдірудің тиімді құралы болып табылады. Олар экстремальды жағдайларда апаттық-құтқару құралдарын, жеңіл суға сүңгудің (водолаз) жабдықтарымен, киімімен жүзу, сүңгу және басқа судағы және су астындағы әрекеттер, күтпеген жағдайда кедір-бұдырлы, жыртылған жермен жүгіру, қарлы- борасын жағдайында қашықтықты қажет болған жағдайда шаңғымен жүріп өту сияқты арнайы дағдыларды меңгеруге негіз болады

Суға жүзуді үйрету үдерісі  ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру, әсіресе жүрек-қан-тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсарту, денсаулықты нығайту және шынықтыру мақсатында жеке тұлғаның дене және ерік-жігер сапаларын жетілдіру үшін қолайлы мүмкіндік туғызады.

Шаңғымен жүру негізінен қысы қарлы аудандарда меңгеріледі. Қазіргі таңда кез келген ауа райында роликті шаңғылармен, роликті конькилермен шаңғымен қозғалу жаттығуларының иммитациялық мүмкіндіктерін орындауға болады.

Үшінші  міндет – оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде оқып, үйренушілердің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру.

Жеке  тұлға – адамның психологиялық-әлеуметтік қасиеттерінің негізгі иесі.

«Жеке тұлға» ұғымында жеке адамның қоғам құрамында болатындығы  анықталатын белгілері айқындалады.

Мақсатқа ұмтылуға, батылдыққа және шешімшілдіке, бастамшылдыққа және тапқырлыққа, табандылыққа және қажырлылыққа, ұстамдылыққа және сабырлылыққа, ұжымшылдық сезіміне және өзара жолдастық көмектесуге тәрбиелеу өскелең ұрпақтың және азаматтың жеке тұлғасы сипаты мен сапаларын қалыптастырудаға маңызды міндеті болып табылады.

Жоғарыда атап көрсетілген  сапаларды дене мәдинеті мен спорт  құралдары арқылы дамыту және жетілдірудің іс жүзіндегі мүмкіндіктері адамдардың жеке ерекшеліктерімен алдына қойылған оқу және тәрбиелік міндеттерді  шешуі есепке алынып пайдаланылатын арнайы жаттығулар мен әдістемелік  тәсілдерді шұғылдану сабақтарында орындау кезінде оларды жүйелі және мақсатты бағытта қолдану жағдайында ғана жүзеге асырылады.

Адамның өзінің даралық қасиеті (индивидуальность) қоғамдық-тарихи мәдинетті дамытудағы іс әрекет пен білім иесі ретінде әрбір адамның тіршілік қызметіндегі дара ерекшеліктері мен алдына қойған оқу және тәрбиелік міндеттерін жүзеге асырудағы өзіне тән қайталанбайтын рухани күйі мен ішкі сезімі болып табылады.

Төртінші міндет- оқу тәрбие үдерісіндегі сауықтыру бағыты. Бұл бірінші кезекте денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз жағдайлардың әсеріне орнықтылықты, төзімділікті арттыру және  кәсіби қызметтің өзіне тән ерекшелігі болып табылады.

Бұл міңдетті шешуде теория мен іс тәжірибені дене мәдениеті  мен спорттың үдерісіндегі байланысы  принципі өз көрінісін табады.

Кез келен спорттық міндетті шешу тек студенттің денсаулыға есебінен ғана емес, керісінше денсаулықты  үнемі нығайту және ағзаны шынықтырудағы  мақсатты  міндеттерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс. Жақсы денсаулық дене мәдинеті мен спортты дұрыс ұйымдастырудың басты нәтижелерінің бірі ретінде қарастырылады.

Оқу және кәсіби қызмет үдерісінде пайда болатын әртүрлі бейнедегі  қолайсыз қозғаушы күштердің (факторлардың) көптігі, адам ағзасының орнықты төзімділігін арттыру шараларын талап етеді. Мұның негізі, жан-жақты дене даярлығын қажетті денгейіне жеткізу болып табылады.

Бірқатар жағдайларда  жекелеген сыртқы қолайсыз әсер етуші  күштердің әсер етуіне ағзаның жоғары  төзімділік көрсетуіне жетуі үшін жан-жақты дене даярлығы арнайы құралдар мен денені жаттықтыру әдістерімен толықтырылады.

Студентің психикалық дамуының қозғаушы күші, оның қабілеттері мен  қоршаған ортамен байланысу түрлерінің  жеткен даму денгейінің арасындағы үйлеспеушілік болып табылады.

Дене мәдениеті мен  спорт саласындағы арнайы міндеттерді  шешу жеке тұлғаның рухани және дене сапаларының қалыптасуы үшін үлкен маңызға ие. Оларды орындау спроттың қандай да бір түрі бойынша спортшыларды дайындаудың қажетті мүмкіндігі болып табылады.

Арнайы міндеттердің жекелеген (тобына) дене дамуында ауытқуы бар және дене даярлығы төмен студенттермен шұғылдану сабақтарын ұйымдастыру міндеттері арнайы қарастырылады. Бұл міндеттерді шешу оқытушыдан медицина саласы мен физиологияның жас ерекшеліктері мен морфологиясынан арнайы білімі болуын талап етеді.

Жеке тұлғаның құрылым негізі, яғни студенттің қызығушылығы мен қажеттілігі, күрделі  психикалық құрылымының бағыты оның мінез – құлқын, іс әрекетін, спорттық қызығушылығын анықтайды.

Адамның оқу және кәсіби қызметі жағдайындағы және мінезіндегі мазмұндық айырмашылық дене мәдениеті мен спорттың жалпы және арнайы міндеттерін шешу қажеттілігін айқындайды. Арнайы міндеттерде дене дайындығына нақтылы, ерекше талап қою өз сипатын табады.

Арнайы міндеттерді шешу және оны жүзеге асыру жолдары  студенттердің дене және психологиялық  дайындықтарын дұрыс ұйымдастыруда  негізді маңызы бар.

Алайда арнайы міндеттерді  анықтау елеулі қиындықтар туындатады, яғни дене даярлығына қойылатын ерекше талаптың сипаты сырт көзге жиі байқалмайды.

Арнайы міндеттерді шешуге қойылатын негізгі талапты бөліп қарау үлкен қиыншылық туғызады, өйткені әрбір спорт түрі үшін оларды шешудің өзіндік ерекшелігі болады.

Студенттің психикалық дамуы  – жеке тұлғаның сапалық біртіндеп дамушы өзгерісі, яғни оның барысында әртүрлі динамикамен жас ерекшелігіне қарай жаңа құрылу қалыптасады.

Студенттердің дене даярлығына қойылатын ерекше өзгешелігі бар  талапты талдау негізінде дене мәдениеті  мен спорттың арнайы міндеттерін  анықтаудың маңызды мәселесі, студенттерді оқытып, үйрету үдерісінде барынша  көп мөлшерде қажетті қозғалыс дағдылары мен дене, психологиялық, арнайы сапаларын анықтау болып табылады.

Студенттердің дене даярлығына қойылатын ерекше талап арнайы міндеттерде  өз көрінісін табады.

Дене мәдениетінің құралдары мен әдістері арқылы шешілетін арнайы міндеттер мыналар болып табылады:

- оқу аудиторияларындағы аз қозғалыстағы және бір сарынды еңбек немесе сабақ кезіндегі орныққан күш түсуіне төзу қабілеттілігін қалыптастыру;

- 

төзімділікті, шапшаңдықты  және жауап беру және әрекет реакциясының дәлдігі, кеңістікте және уақытқа бағдар жасауды дамыту және жетілдіру;

- дененің үйлесімді салмағын сүйемелдеу;

- ыстыққа, суыққа, температураның ауытқуына ағзаның төзімділігін арттыру;

- 

батылдықты және шешімшілдікті, ұстамдылық пен сабырлылықты, бастамашылдық  пен тапқырлықты, мақсатқа ұмтылушылық пен сезім күші орнықтылығын дамыту;

- жүйке және жүрек қан-тамырлары жүйесіндегі, асқазан-ішек жолдарындағы қызметтік бұзылуды, көздің қажуын, мүсіннің ауытқуын қалпына келтіру.

Арнайы міндеттер дене мәденитінің барлық тарауларын оқыту  бағдарламасына ендіру, жекелеген тақырыптар бойынша шұғылдануға бөлінген оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу есебінен жүзеге асырылады.

Арнайы міндеттерді дұрыс  анықтаудың негізді (принципті) мәні бар, өйткені бұл міндеттер оқу тәрбие үдерісінің мазмұны мен бағытына елеулі әсер етеді.

Арнайы міндеттердің сипаттамасы  спорт түрінің ерекшеліктерін сапалы ұғынуға қажеттілікпен, олардың әрқайсысының оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне қоятын талаптарына байланысты болады.

Мектептерде және кәсіби орта білім беру мекемелерінде мамандық (профиль) бойынша оқыту ендірілуімен байланысты оқу үдерісін тиімді арттыратын, оған дараландыру мүмкіндіктерін туғызатын, оқушыларды дайындаудың дифференциялау бағдарламасы дайындалуда.

Дене мәдениетін жетілдірудің маңызды бағыты спорт мектептерінде, мамандандырылған спорт залдарында, спорт үйірмелері сияқты қосымша  білім беру жүйелерінде оқытып, үйрету үдерісін даралау болып табылады, яғни олардың әрқайсысында әртүрлі спорт түрлерінің ерекшеліктерін есепке алатын күрделі бөліктерімен (дифференциял) оқу бағдарламалары болады.

Бұдан басқа, бөліктермен  үйрету және даралау негізінде дене мәдениеті мен спорт бойынша  оқытып, үйретуде оқу бағдарламасын  қалыптастыру шұғылданушыларға биологиялық, ауа райы географиялық және әлеуметтік қозғаушы күштердің әсерлерін есепке алып жүзеге асырылады. Сонымен бірге, бұл қозғаушы күштер оқытып, үйретудің спецификалық міндеттерін анықтап, іске асыруға елеулі әсерін тигізеді.

Оқытып, үйретудің мазмұны, сипаты, жағдайы және студенттерді даярлаудың өзіндік ерекшеліктері  болады, яғни оларды оқытып, үйретудің  және тәрбиелеудің арнайы бағытын анықтайды. Студенттерді арнайы бағытпен дайындау дегеніміз, қандай да бір спорттың түріне жалпы және жекелеген бейімделу міндеттерін шешудің ең жақсы дәрежесін қамтамасыз ететін дене мәдениетін оқытып, үйретудің және тәрбиелеудің формалары мен әдістерін, жүйелі құралдарын іріктеу, таңдау және іс жүзінде қолдану болып табылады.

Қазіргі өскелең өмір талабы жағдайында дене мәдеиетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеудің арнайы бағыты жайлы мәселелер үлкен теориялық және тәжірибелік маңызға ие болуда.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен тәжірибе көрсеткендей студенттерді дене мәдениетіне оқытып, үйрету мен тәрбиелеудің арнайы бағытын анықтайтын қозғаушы күштер мыналар болып табылады:

- білім беру үдерісі жүргізілетін орындағы жағдай;

- оқу барысындағы дене жүктемесінің және жүйке-психикалық күштенудің мөлшері мен сипаты;

- ЖОО-дағы оқытудың сапасы және оның студенттердің дене және психикалық жағдайларына әсер етуі;

- оқу топтарын жүйелеп, құру ерекшеліктері;

- 

кейбір жекелеген ерекшеліктері (білім, біліктілік және дағдыларды меңгеруге ынталану дәрежесі; оқу-спорттық базаның ұзақтығы және бытыраңқы, бөлек-бөлек орналасуымен байланысты және т.б.).

Студенттер күнделікті өздерінің  уақыттарының негізгі бөлігін аудиторияларда, спорт ғимараттарында, яғни дымқылдық  немесе құрғақтық көрсеткіштер жоғары, ауасы ластанған жерде жаттығумен шұғылдану кезіндегі ұзақ күштену жағдайында өткізеді.

Ағзаға елеулі әсер етуші  тітіркендіргіштердің саны, жүктемелер сипаты, оларды жою үшін арнайы шаралар кешенінің әсерімен өзгеруі мүмкін. Мысалы, егер қажу, шаршау, жүйке-психикалық күштенуі пайда болса жеткіліксіз дене белсенділігін қалпына келтіретін, нашар сезім күйін түсіретін, жұмыс қабілеттілігін тез орнына келтіретін және көңіл-күйін көтеретін жаттығулар орындалады. Мұндай оқу бағдарламасында белгіленбеген жаттығулар спорт ойындары, қызмет түрі бойынша қызықты, күлкілі жарыстар түрінде өткізілуі мүмкін.

Дене тәрбиесінің маңызды  міндеттерінің бірі әрбір шұғылданушыны дене жаттығуларын орындауға қызықтыру болып табылады. Мұнда оқытушының біліктілігіне, қабілеттілігіне және тәжірибелілігіне, оқу орнының материалдық-техникалық және оқу-спорттық базасына, санитарлық-гигиеналық жағдайына, сабақ өтілетін орынның спорт құрал-жабдықтарымен және спорт қондырғыларымен жарақтандырылуына көп дәрежеде байланысты.

Оқу тобының ұжымын ереже  бойынша бірдей жастағы шұғылданушылар құрайды. Оқытып, үйрету барысында әрбір шұғылданушының спецификалық ерекшеліктері ескеріледі, спорттық құрал-жабдығынсыз және спорт қондырғыларынсыз да орындалуы мүмкін әртүрлі жаттығулар, әдістер мен әрекеттер меңгеріледі. Студенттердің даярлық деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым оқытып, үйрету құралдары мен әдістері де әртүрлі және күрделірек болады.

Оқытып, үйретудің арнайы бағытын анықтайтын қозғаушы күштер оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және сипатымен өзара тығыз байланыста. Әрбір оқытушының барынша маңызды міндеті-студенттердің дене тәрбиесінде бұл қозғаушы күштердің барлығы жан-жақты талдануы және есепке алынуы мүмкін.

Дене мәдениетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеудің арнайы бағыттылығын жүзеге асыру, студенттердің жұмыс  қабілеттілігін арттыру, сонымен бірге  сабақ үлгерімін жақсарту үшін барлық құралдар мен әдістерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан кәсіби қызметін табысты жүргізу үшін оқытушы оқу-тәрбие үдерісінің арнайы бағыттылығын анықтайтын негізгі қозғаушы күштерді ескеру қажет; шұғылданушылардың дене және психологиялық жағдайларына олардың әсер етуі; дене мәдениетіне оқытып, үйретудің барынша тиімді құралдары мен әдістерін пайдалану.

Дене мәдениетіне оқытып, үйрету мен тәрбиелеудің арнайы бағыттылығының міндеттерін шешу студенттермен  жұмыс жүргізуде оқытушыдан (жаттықтырушы) кәсіби шығармашылық ізденіс және жоғары педагогикалық шеберлікті және арнайы дайындық деңгейін талап етеді.  

Дене мәдениеті  мен спортқа болашақ мамандарды оқытып, үйретудің әртүрлі әдістерін пайдаланудың  психофизиологиялық ерекшеліктері  

Іс жүзіндегі қызметте дене мәдениеті мен спортты оқытып, үйрету әдістерін жүзеге асыру шұғылданушы  студенттердің дене дайындығы жағдайлары, дене дамуы, денсаулық жағдайы сияқты бірқатар қозғаушы күштерге байланысты болады.

Дене мүмкіндігі жағдайы дене дамуы, студенттердің дене дайындығы мен денсаулық жағдайы көрсеткіштерінің жалпы саны бойынша бағаланады.

Дене дамуы бой, салмақ, кеуде оралымы, бұлшық ет жүйесінің  дамуы, сол сияқты өкпенің өмірлік  сиымдылығы, кеуде қаңқасының қозғалмалылығы, бұлшық ет күші, икемділік сияқты морфологиялық көрсеткіштерін сипаттайды. Дене дамуының деңгейі сыртқы тексеру және антропометрлік көрсеткіштерінің мәліметтері бойынша анықталады.

Денсаулық жағдайы адамның  барлық органдары мен жүйелерінің  дұрыс қызметі, сол сияқты аурудың  болмауы, шұғылданушы ағзасындағы морфологиялық өзгерістерге байланысты болады. Бұл мәліметтерді медициналық (диспансерлік) тексеру кезінде анықтауға болады.

Студенттердің дене даярлығы әр жақты қозғалыс қабілеті, дене және қолданбалы дағдылардың үйлдесімді даму деңгейін алдын ала болжалдайды.

Дене дайындығы күшті, шапшаңдықты, төзімділікті және әбжілдікті дамытатын дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен жетілдіріледі.

Дене жаттығулары шұғылданушылар ағзасының қызметтік жағдайын елеулі жақсартады. Жаттығумен жүйелі шұғылданған студенттердің жүрек-қан тамыры жүйелері әртүрлі жүктемелерде қалыпты сезінеді, қан айналу жүйесі органдарының үнемді жұмысымен сипатталады. Өкпенің арттырылған көлемі қанды оттегімен жақсы қамтамасыздандырады және оның қорғаныс қасиетін арттырады, яғни басқа да ағза жүйелері мен органдарының қызметіне қолайлы әсері байқалады.

Дене жаттығулары адам ағзасындағы зат алмасу процесін жақсартады, Сонымен, бұлшық етке негізгі қуат беретін зат болып табылатын гликогеннің мөлшері артады. Гликоген үнемді жұмсалады, ыдырау өнімдерінің тотығуы толық және шапшаң жүреді, зат алмасу өнімдерінің бөлінуі жылдамдайды.

Ағзада басқа да қолайлы  процестер жүреді, яғни денсаулықтың нығайтылуына, сол сияқты жалпы және кәсіби жұмыс қабілеттілігін жақсартуға мүмкіндік туғызады.

Жаттығулар дене дамуын жақсартады, денсаулықты нығайтады, дене жетілуінің негізгі құралы болып табылатын студенттердің жан-жақты дене даярлығы деңгейін арттырады.

Студенттердің жоғары дене даярлығы ақыл-ой қызметін дамытады, оқу  пәндерін жақсы меңгеруге мүмкіндік туғызады, қолайсыз қозғаушы күштердің әсеріне ағзаның төзімділігін артырады.

Студенттердің жоғары деңгейдегі дене даярлығы оларға өз қызметтерін анық, дәл орындауға, дене жүктемелері мен жүйке-психикалық күштенуін жеңуге мүмкіндік жасайды.

Дене даярлығы жақсы студенттер шаршауға, қажуға бой алдырмайды, төзімді  болады, оқу материалын тез меңгереді, жақсы оқиды, болашақта жақсы кәсіби маман болады.

Оқу үдерісінде қолданылатын жаңа технологиялық жүйелер студенттердің  спорттық бейімділігін қалыптастырудың  барынша маңызды және сенімді құралы болып қала береді. Оның сенімділік дәрежесі әдістік, физиологиялық, ұйымдастырушылық және басқа қозғаушы күштердің әсеріне байланысты болады. Сондықтан шұғылданушылардың дене даярлығы жағдайын белгілі бір дәрежеде сүйемелдеу және жүйелі түрде арттырып отыру маңызды. Бұл дене мүмкіндігі жағдайына, әсіресе нәзік қозғалыс үйлестігін өндіруге оңды әсер ететін ерекше өзгешелігі бар жаттығуларды жүйелі түрде орындау есебінен іске асырылады.

Теренажерлар залында  дене күштерін шамадан тыс өсіру аз қозғалмалылықтың төмендеуіне және күштенуге әкеледі, күрделі қозғалыс дағдыларын меңгеруді қиындатады. Спорттық ойындар, мысалы баскетбол, волейбол, стол теннисі, суға жүзу, спорттық қозғалысты орындау кезінде жоғары сезімталдықты, үйлесімділікті дамытуға жағдай жасайды.

Оқытып, үйрету және жаттығу  нәтижесі ретінде дене жетілдірілуі шұғылданушының морфологиялық ерекшеліктері, қызметтік мүмкіндіктері мен қозғалыс қабілеттерінің кешенді көрсеткіштерімен анықталады. Дене жетілдірілуін қалыптастыру құралдарды, әдістерді, дұрыс пайдалану, оқу қызметінің жағдайы және ұйымдастыру, сол сияқты оқытушылардың (жаттықтырушылардың) біліктілігіне, білім беру мекемесінің материалдық қорының мөлшері мен жағдайына байланысты көп қырлы үдеріс болып табылады.

ЖОО білім алу кезеңінде  студенттер морфологиялық жағынан  елеулі өзгереді, яғни бойы мен салмағы  өседі. Бұл жылдарда мектепте қалыптасқан  дағдыларын бекітеді және жетілдіреді, өз беттерімен дене жаттығуларымен сапалы түрде шұғылданады.

Бұған дұрыс ұйымдастырылған  оқу үдерісі мен демалыс, тамақтану, ұйқы, қалыпты тұрмыстық жағдай, медициналық қамтамасыздандыру  мен бақылау, жеке және қоғамдық гигиена  ережелерін сақтау, бос уақыт мөлшері, зиянды әдеттерден аулақ болу салауатты  өмір бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Алайда денені жетілдіруге  қол жеткізудің басты және тиімді құралына сипаты мен қарқындылығы бойынша әртүрлі дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану жатады. Дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану студенттердің дене мүмкіндігі жағдайына, дене дамуына, денсаулық жағдайына және дене даярлығына жан-жақты және терең әсер етеді.

Жаттығудың әсерімен кеуде  қаңқасының оралымы иық және сан  бұлшық еттерінің көлемі артады; тері асты май ұлпаларының қалындығы  азаяды; жарақат алу мүмкіндіктері  төмендейді; омыртқа, қол, мойын, аяқ  және табан формалары өзгереді; бұлшық еттер білеуленіп бедерленеді; жүрек,тұлға және сымбат сұлуланып, үйлесімділікте болады. Мына қызметтік көрсеткіштері де елеулі жақсарады: өкпенің өмірлік сиымдылығы мен көлеміе кеуде қаңқасының қозғалмалылығы, бұлшық ет күші артады, салмақ тұрақтайды.

Бірқатар жағдайларда дене жаттығулары дене құрылысының туылғаннан және қалыптасқан кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік туғызады.

Әсіресе бұған спорттық қозғалыс-қимылдық ойындар, гимнастикамен, жеңіл атлетикамен, шаңғы дайындығымен, жүзумен және спорттың басқа түрлерімен шұғылдану қолайлы жағдай туғызады.

Бұл міндеттерді шешуде дене мәдениеті мен спортқа оқытып, үйретудің психологиялық – физиологиялық  негіздері ерекше рөл ойнайды.

Психология ұзақ уақыттар бойы табиғат және қоғам туралы ғылымдардан бөлек қарастырылған білім саласы болатын. Бұл елеулі шамада психологиялық ғылым өз пәніне идеалистік тұрғыдан қарастырылуынан болды. Ол өзінің алдына адамның ішкі әлемін зерттеу, оның әсерлену, қоршаған ортаның әсерінен байланыссыз ағзаның терең ішінде туындайтын бастапқы рухани тіршілігіне тән бұл ішкі дүниені ұғынуы міндеттерін қойды.

И.М.Сеченов психологияның  табиғат туралы басқа ғылымдардың  ішіне қосылуы, яғни оның дүниесі  қоршаған ортаның әсер етуі барысында  жүретін «психологиялық қызметтерді қалыптастыруды зерттеу дүниесі» ретінде қарастырды.

Кеңес үкіметі кезеңіндегі психологтардың жүргізген жұмыстарындағы психологияның рефлекторлық концепциясы, И.М.Сеченовтың дамытылған материалистік қозқарастары сыртқы құбылыстардан оқшауланған ішкі әлем туралы ғылым болуын доғарды. Адам психикасы ішкі дүниенің ең бастапқы қасиеті ретінде емес тіршілік қызметіндегі ұзақ уақыттар нәтижесі ретінде, яғни оның даму үдерісінде ағза сыртқы ортамен өзара белсенді әрекеттестікте болады, оған бейімделеді және оның дұрыс әлемінде көрінеді. Сыртқы ортаның оңды әсер ету көрінісі мен қызметінде пайда болады, яғни оны психикалық деп атауымызға болады. Осындай бейнеде психикалық үдерістер, дене мәдениеті мен спортта ерекше мәні бар объективті зерттеу пәніне айналады. Дене мәдениетіне оқытып, үйрету үдерісінде ерекше мәні бар, психологиялық ғылым сүйенетін негізгі санаттар (категориялар) мыналар болып табылады: түйсік (сезім), қабылдау (түсіну), ойлау, жад, назар, елестету, сөйлеу.

Түйсік.

Түйсік дене мәдениеті  дағдыларын қалыптастыруда маңызды  рөл ойнайды. Түйсік адамның бірінші танымдық қабілеті болып табылады. Түйсік бұрын сезім органдарына әсер еткен нысандардың бейнелерін көзге елестету түрінде із қалдырады. Аристотель, бұл бейнелердің мына үш бағытта бірігетінін атап көрсетті: ұқсастығы, шектес байланыстылығы және қарама-қайшлы бойынша, сонымен бірге ол байланыстардың негізгі түрлерін, яғни психикалық құбылыстар ассоциациясын бөлді. Түйсік – мидың жүйке орталығын қоздыру және сезім органдарына олардың әсері нәтижесінде пайда болатын шындықтың жекелеген қасиеттерінің көрінісі. Түрлері бойынша түйсік көру, есіту, дәмін сезу, иіс сезу, түйсіну. Түйсіктің қайсы бірінің сапалық ерекшелігі олардың модальдығы (сөздің шындыққа қатынасы) деп аталады.

Түйсік – немесе сыртқы немесе ішкі ортада пайда болатын  сапалы түрде түсіндіру, бірақ адамның  мінез құлқына, іс-әрекетіне әсер ететін оның орталық жүйке жүйесінде қайта өңделген елеулі қоздырғыштардың психикалық құбылыстарының ішіндегі ең қарапайымы. Түсінуге қабілеттілік жүйке жүйесі бар тіршілік иелерінің барлығында болады. Бірақ әлемді бейнелер түрінде қабылдау қабілеті тек адамда ғана жаратылған. Түйсіктің тіршіліктегі рөлі мыналардан тұрады, яғни сыртқы және ішкі орта жағдайы ондағы маңызды биологиялық қозғаушы күштер туралы мәліметтерді орталық жүйке жүйесіне дейін жеткізеді. Бұл процесс стимул беретін қоздырғыштар түрінде әртүрлі қуат түрлерін қабылдау және қайта өңдеу үшін туылған күйінен бейімделген адамның сезім органдары немесе талдағыштар (анализаторлар) арқылы жүзеге асады. Қоздырғыштардың әсер етуінің басталуымен және түйсінудің пайда болуы арасында бірқатар уақыт өтеді, бұл латентті (жасырын) кезең, яғни бұл уақытта жүйке импулстарына стимул беру әсерімен қуаттың қайта пайда болу процестері жүреді. Түйсіктің пайда болу нәтижесі – сезімталдықтың пайда болуы.

Дене мәдениеті және спортпен шұғылдану барысында, егер түйсік қажетті  және пайдалы жүктемемен сәйкес келетіндей мөлшерленіп, белгіленген болса, олар дұрыс болғаны және адаи істелінген дене еңбегінен қанағаттану сезімін алады.

Жаттығу кезінде алынатын әртүрлі стимул беретін қоздырғыштарға байланысты түйсік жекелеген түрлерге бөлінеді. Оларға мыналар жатады: бұлшық ет жүйелерінің жағдайы туралы ақпарат беретін перцептивті түсіну және ішкі органдардан түсетін интероцептивті түйсік, сол сияқты уақыт, үдеу, жалпы соматикалық  жағдайы туралы ақпарат әкелетін түйсіктің спецификалық түрлері. Сондықтан стимул түрлерінің әртүрлі дене қозғалыстарымен дене жүктемелерін меңгеру барысында белгілі бейнеде уақытпен белгіленген және есепке алынған болуы тиіс. Көп жағдайда спорттық нәтижелер бұған байланысты болады. Биологиялық белсенділіктің көрініуі ретінде түйсік жаттығуда беріледі. Дене жаттығуларын орындау барысында түйсікті қабылдайтын және беретін сезім органдарының жұмыстарын уақытша жандандыру тәсілдерін меңгеру маңызды. Бұған қыздырыну, реттелетін тыныс алу, жоғары және төменгі температурада денені ысқылау, биологиялық белсенді нүктелерге массаж жасау және т.б. жатады.

Қабылдау (түсіну).

Қабылдау – адамның  өзін қоршаған әлемде объективті шындық пен бағдардың көрсететілуін  қамтамасыз ететін ақпараттарды қабылдау және қайта өңдеп даярлаудың күрделі үдерісі. Затты сезіммен көрудің үлгісі ретінде қабылдауға (түсіну) сезімдік бейнені қалыптастыру, оның ақпараттық мазмұнын, әрекеттің сәйкес келетін мақсатын бөліп қарау, нысанның жекелеген белгілерін айыру, нысанды бүтін ретінде айқындау кіреді.

Қабылдау (түсіну) қандайда бір дене жаттығуларын үйрену барысында жекелеген қозғалыс әрекетін немесе берілген заттың бейнесі түрінде алға шығатын тұтас заттардан немесе құбылыстан алынатын әртүрлі түйсіктерді байыппен түсініп (шешім қабылдау) қорыту болып табылады.

Қабылдау талдағыштары (анализаторлары) мына түйсіну түрлері бойынша  айырмаланады:  қабылдау-көру, талдағыш (анализатор)-көру; қабылдау – есіту, талдағыш (анализатор)- есіту; қабылдау – сезіну, талдағыш (анализатор) – есіту; қабылдау – түйсіне қабылдау, талдағыш (анализатор)- бұлшық етпен, терімен.

Қабылдаудың дамуы барлық сезім органдарының жетілуімен, яғни тәжірибенің, білімнің артуымен, зердемен, көзге елестетумен, ойлаумен, назар  аударумен, сезіммен және ерік  жігермен байланыстарды күшейтумен қамтамасыз етіледі.

Қабылдаудың орнықтылығы  оқытып үйрету және жаттығуды орындау  барысында әртүрлі бейнедегі  дене қимылдарын есте сақтаудың орнықтылығымен, жылдамдығымен, оларды жекелеген жаттығуларды орындауды қалыптастырумен байланысты.

Дене тәрбиеснің мақсаты мен мінтеттері