Девианттық мінез-құлық түсінігі мен теріс мінез-құлықтың дамуы

 
Кіріспе

 

                                             «Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады»

                                                                                         Әбу Нәсір әл-Фараби

 

 Тақырыптың өзектілігі. Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлық бүкіл дүние жүзінде басты мәселелердің бірі болып отыр. Біздің дамушы елімізде де осы мәселе орын алуда. Ауытқушылық мінез- құлық жастарымыздың тәрбие, білім алуына кедергі болғандықтан осы мәселені қарастыру маңызды.

Жастардың ауытқитын мінез-құлыққа жасайтын социологиялық зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың, әсіресе біздің қазіргі кездегі жастарымыздың үлесі мол, ол халықтың басқа да топтарының арасынан салыстырғанда, екінші жағынан алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың девианттық мінез- құлықты бастан кешіруі жастардың ортасындағы негативті құбылыстардың болуымен байланысты болып келеді. Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциалдық сипатындағы- зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар ортасында кең тараған.  
Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлықтың көбеюі мен жастардың теріс қылықтарға баруы әр елдің басты мәселелерінің бірі. Өйткені жас жеткіншектер ертеңгі еліміздің болашағы болғандықтан әр мемлекеттің осы мәселені басты орынға қою маңызды. Қазіргі Қазақстан қоғамында жастардың көп бөлігі батыс елдеріне еліктеп отырғаны және сол батыс елдерінің жақсы жағын емес жаман жақтарын өз бойларына сіңіруі осындай теріс қылықтарды жасауға итермелеп отыр. Жастардың батыс елдеріне еліктеуіне де біздің қателіктеріміз бар, яғни бұқаралық ақпарат құралдары және тағыда басқа жастар көп еліктейтін жарнамалар арқылы өз бойына сіңіріп алады. Жас жеткіншектердің басқа елдерге еліктеуі мен еліміздегі басты құндылықтарды жоғалтуымыз, яғни салт-дәстүр мен мәдениетімізге балта шаппақ. Қазақстандағы жасы кәмілетке толмаған құқық бұзушылардың әлеуметтік жағдайы мынаны көрсетеді. Олардың жарты пайызының отбасында келіспеушіліктер мен жайсыз отбасылар болып отыр. Девиантты мінез-құлықтың күшеюунің маңызды факторларының біріне құқықтық нигилизм, заңға, құқық қорғау органдарына және оның өкілдеріне селсоқ қарау жатады.

 

 

 

Жастар – болашақтың іргесін қалайтын тұлғалар болғандықтан, жастардың әлеуметтенуіне жағдай мен  мүмкіндіктер жасауымыз қажет. Жастар көптеген: социология, психология, педагогика, юриспруденция және тағы басқа ғылымдардың танымдық объектісіне айналып отыр. Олардың әрқайсысы жастарға қатысты өз пікірі мен көзқарастары бар. Жастармен жұмыс жасағанда әлеуметтік қызметкердің атқаратын қызметтері де маңызды.

Жастар кез-келген қоғамда  үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді, жастарды қорғау проблемалары, жастар мен жасөспірімдерді қызметте және өнеркәсіп орындарында кемсіту мәселелері белгілі болып отыр. Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына жататындықтан да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып отыр.

 «Девиантты мінез-құлық  және жастар» тақырыбы жастар ортасында қарқын алып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе тек біздің елімізді ғана емес, сонымен қоса дүние жүзін алаңдатып отырған мәселелердің бірі деп білеміз. Теріс мінез-құлықты жастардың көбеюі мен дамуы мемлекеттің құлдырауына алып келеді. Жастардың арасында девианттық мінез-құлықтың алдын алу мақсатында көптеген шет ел мемлекеттері бірқатар жұмыстар атқаруда. Бұл тек мемлекеттімізде туындап жатқан мәселе емес, бүкіл дүниежүзіндегі басты мәселердің бірі. Мен сол себепті жастардың ортасындағы өзекті мәселе ретінде девианттық мінез-құлық деп есептеймін.

 Жастардың ортасындағы девианттық мінез-құлықты алдын алу мен азайту мақсатында шет елдерде көптеген орталықтар мен бірлестіктер ашылған. Жапонияда теріс мінез-құлықты жастармен жұмыс жасайтын мыңға жуық бірлестік жұмыс жасайды екен. Бірлестіктер әртүрлі бағытта жұмыс жасап жатыр. Бүкіл елді алаңдатып отырған мәселе болып отырғандықтан, біз де осы мәселеге көңіл бөліп, шешу жолдарын қарастыруымыз қажет деп есептеймін.

 Теріс мінез-құлықты көрсеткен жас жеткіншек өсе келе, басқа да заң жүзінде айыпталатын қылмыстарды жасауы мүмкін. Жасалынып жатқан жұмыстар да аз емес, сол жасалынып жатқан жұмыстарды жүйелендіру арқылы тағы да жастар арасында жаңа саясаттар мен жаңа ойлар керек.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Девиантты мінез-құлықтыларды зерттеушілер көне заманнан бастау алып қазіргі кезеңге дейін зерттеліп келеді. Девиантты мінез-құлықты зерттеушілердің қатары батыс елдерінен бастау алды – Э. Дюркгейм, Р. Мертон, Ч. Ламброзо, П. Брока, У. Шелдон, Г. Беккер, К. Эриксон. Ресей зерттеушілері ары қарай дамуына өз үлестерін қосты. Олардың қатарында – М. Попов, И. Гилинский, В. Афанасьев, В. Кудрявцев. Біздің елімізде социология ғылымдары кейінен бастап дами бастағандықтан зерттеушілердің қатары да біршама аз. Отандық зерттеушілердің қатарынан – Ш. Жаманбалаева, Д. Қазымбетованың еңбектерін қарастыруға болады. Девиантты мінез-құлықтыларды зерттеушілердің қатары өсіп келуде. Алғаш рет «Аномия» түсінігін қолданған социолог – Э. Дюркгейм болды, кейінен Р. Мертон «Аномия» теориясын қолдана отырып, девианттық мінез-құлық теориясын мәдениеттің жасайтын мақсаттарымен әлеуметтік-ұйымдасқан оларға жету жолдарының құралдары арасындағы пайда болған келіспеушіліктер деп түсіндіреді.  
          Тақырыптың нысаны - жастардың ортасындағы девианттық мінез-құлық. 
            Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологияларына талдау жасау тақырыптың мақсаты болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер кешені анықталады:

-девиантты мінез-құлық  түсінігі мен теріс мінез- құлық мәселесін теориялық- әдістемелік зерттеу негіздерін көрсету;  
- жастардың арасында кеңінен таралған мәселелерді анықтау мен девианттық мінез-құлықты өзекті мәселе ретінде көрсету; 
- девиантты мінез- құлықтың пайда болуына себепші негізгі факторларды көрсету; 
- Қазақстандағы жастардың ортасындағы девиантты мінез-құлықтың деңгейін анықтау;

- жастардың арасындағы  девианттық мінез-құлықтың деңгейін  азайту мақсатында жасалынып  жатқан әрекеттерге талдау жасау;

 Тақырыптың құрылымы мен көлемі. Тақырып кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Девианттық  мінез-құлық түсінігі мен 

теріс мінез-құлықтың дамуы

 

Қоғаммыздың кеселіне айналып отырған девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлықтың  әлеуметтік себептері Р.Мертонның айтуынша- қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта ,ал Э.Дюркгейм әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында деп түсінеді. Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі «девиантты мінез-құлық» тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлеріне де өз ықпалын тигізеді:

Қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.); Біздің елімізде әлеуметтік орта әсері ретінде қарастырылатын қоғамдық үрдістер туралы айта кетсек, мемлекеттік саясатымыз жарқын өмірді күтетін арманшыл жастар үшін бар жағдайды жасап отырған болса, Елбасы жолдауы 50 елдің қатарына кіру мақсаты ұстанылған әлеуметік экономикалық өрлеу жағдайында, ал салт-дәстүріміз ұлттық ділімізбен дінімізді өміршеңдігімізді дәріптейтіні белгілі.

Өз ықпалын тигізетін  жеке, пайда табуды көздеген кейбір ақпарттық басылымдар мен интернет желісін мақсатсыз, орынсыз пайдалану  деп есептеймін.

Тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

Микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).           

Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлықтың деңгейін азайту мақсатында жасалынып жатқан әрекеттер

Жастар мен балалар  арасындағы ауытқып кеткен мінез-құлық  проблемасы- қазіргі замандағы ғылымның негізгі психолого-педагогикалық  проблемаларының бірі. Жастар мен  балалар- жұртшылықтың бүгіні мен болашағының сандық және сапалық мінездемесі, оның әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, Қазақстанның дамуындағы басты анықтауыш элемент.

Жастар мен балалар  әлеуметтік-психологиялық зерделеудің  нысаны ретінде өз мәні бойынша біртекті емес. Жас ерекше орын алады, она зерделеу әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, осы санаттағы әр түрлі топтардың ролін анықтауға мүмкіндік береді. Осындай топтың білі кіші жасөспірімдер. Жасөспірім кезінде тұлғалық негіз қаланады, оның негізгі қасиеттері: денелік және психикалық денсаулық, адамгершілік және интеллектуалдық потенциал. Жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы оның қоғамдық өмірге қатысуы мен өзін табуы ғана емес, қоғамның дамуы, сондықтан дене және психикасы сау жастарды тәрбиелеу мақсатында балалар жағдайын, проблемаларын зерделеп, қабағалар отыру керек.

2009 жылғы 28 мамырда  Қарағанды облысының Топар кентінде  өткен «Жасөспірімдер мен балалар  арасындағы девиация проблемалары»  көшпелі семинар басты бағыты  болды. Семианр жұмысына ішкі  саясат, ішкі істер, балалар құқықтарын қорғау департаменттерінің, СӨС орталығының және жастар бастамашылығының мамандары қатысты. Балалар құқықтарын қорғау департаментінің мамандары жастардың каникул уақытында жұмысқа орналасуы мен балалардың әлеуметтік-маңызды бастамларға қатысуы, бала еңбегін қанау проблемалары көтерілген «Бала еңбегі және еңбекпен тәрбиелеу» атты тренинг өткізді. Секцияға қатысқандарға электронды түрде бала еңбегі тақырыбында тренингтер мен сынып сағаттарын өткізу үшін материалдар табыс етілді. Семианар аяғында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде аймақтағы балалар жағдайы проблемалары талқыланып, алдағы жұмыстарға ұсыныстар берілді.

Девиантты қылық жеткіншек  кезінде кең таралады және бұл 18 жастан кейін төмендейді. Девиантты қылықты топтастыруда 3 негізгі бағытты қарастыруға болады: педагогикалық, психологиялық, медициналық.

  • Педагогикалық бағыт. Девиантты қылық-әлеуметтік ортада қабылданған нормадан және мәдени құндылықтардан, қоғамның өзіндік даму процесінен ауытқушылық.
  • Медициналық бағыт. Девиантты қылық адамдардың өзара қарым – қатынасындағы (әрекеттері, қылығы және т.б) қоғамда орнатылған нормалардан ауытқу ретінде анықталады. Бұл әсіресе психикалық денсаулыққа қатысты.
  • Психологиялық бағыт. Девиантты қылық – қоғам мен жеке адам арасында, жеке адам мен отбасының арасында және т.б. шиеленістерді қате шешу салдарынан пайда болатын адамгершілік және әлеуметтік психологиялық нормалардан ауытқушылық.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердегі девиантты қылықтың нақты себептері төмендегідей сипатта топтасады:

-          өзін бақылаудың төмен деңгейі немесе оның мүлдем жоқтығы;

-          отбасындағы жағымсыз жағдай;

-          ересектердің бала проблемасын дұрыс түсінбеуі;

-          баланың өз – өзіне сенімділігінің жетіспеуі;

-          көшенің, ортаның және құрдастарының жағымсыз әсері;

-          өзіне назар аударту тілегі;

-          ата – аналардың үнемі қолының бос болмауы;

-          баланың интеллектуалды дамуының әлсіздігі;

-          қарапайым әлеуметтік дағдылардың жоқтығы (мысалы, құрдастарымен қарым – қатынасқа түсе алмауы);

-          бос уақыттың көп болуы, баланың әлеуметтік өмірге араласпауы, отбасының тұрақсыздығы және төмен материалдық жағдай.

Мінез-құлықтағы бұзылулар  тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады.Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің, әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген, тұжырымын ұсынды.Олар балалар мен жасөспірімдегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:

1.Тәртіпке қарсы мінез-құлық;

2.Антиәлеуметтік (қоғамға қарсы)

3.Делинквентті (құқыққа  қайшы келетін)

4.Аутоагрессивті мінез-құлық.

Девиантты қылығы бар жеткіншек келесі ерекшеліктерге ие:

  • жағымсыз психикалық күштеме.
  • тәуекелділікке жоғары дайындық.
  • жоғары агрессивтілік.

Девиантты қылықтың келесі топтамасын ұсынуға болады:

Психикалық денсаулық  нормасынан ауытқушылық, яғни адамда анық немесе тұйық түрдегі психопатологияның  бар болуы (бұл топқа астениктер, шизоидтар, эпилептоидтарды) қосуға болады.

Әлеуметтік патологияның әртүрлі формаларында көрінетін  – ішімдікке салыну, есірткі қабылдау, жезөкшелік және т.б. адамгершілік нормалардан ауытқушылық кейде қылмыс формасында да көрінеді. Жеткіншектерді құрметтеу, оларға көмектесу, өзін – өзі бағалау сезімін дамыту және қажетті деңгейде пайдалы кеңестер беру – жас тұлғасының жақсы адам қатарына қосылуына көмектесер еді. Жеткіншектерден жақсы қылық талап ететін болсақ, ол онымен жақсы болмайды. Керісінше оған жақсы жағдай, адал қарым – қатынас жасайтын болсақ, онда ол жағымсыз әсерге қарсы тұра алады.

Жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлық соңғы жылдары жалпылық сипат алып, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аулап отыр. Қазақстан жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау көрсеткіші бойынша (адам басына шаққында, 100 мың адамға 57) әлемде бірінші орында тұр. Бұны шетелдік баспасөз, халықаралық қоғамдық ұйымдар былтырдан бері айғайлап жазып жатыр. Біздің билік Қазақстанда қалыптасқан бұл жағдайды жасырып келген болатын. Бүкіл әлем Қазақстандағы осы жан түршігерлік жағдайды жазып дүрлігіп жатқасын, енді соңғы бір-екі айда ғана бұл жағдайға назар аудара бастады. Қазақстан жеткіншек балалардың (ұлдар мен қыздардың) өзіне қол жұмсауы бойынша әлемде бірінші орында тұр. Қазақстанның көрші Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Монғолия сияқты елдерден қандай айырмасы бар. Бұл елдерде балалардың өзін-өзі өлтіру көрсеткіші неге Қазақстаннан бірнеше есе төмен. Осы мәселе туралы жауап іздеп көрсек, сұрақтың жауабы қоғамдағы девианты мінез-құлықтың жалпылық сипатына әкеліп саяды.

Жасөспірімдердің әумесерлік проблемасын талқылау, «қиын балалармен»  жұмыс тәржірибелерімен бөлісу, оның алдын алудың тиімді әдістерін анықтау  мақсатында 2011 жылғы 14 қарашада «ВСПЛЕСК»  Белсенді Жастар Одағы» жастар қоғамдық бірлестігі «ШҚО арнайы жеткіншектер үйі» ММ бірлесіп «Девианттық мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында конференция ұйымдастырды.Конференция жұмысына ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен ШҚО Білім басқармасының өкілдері, облыстың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатты ұйымдардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тәрбиешілері, педагогтары мен психологтары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Психолог мамандар мәселені теориялық тұрғыдан талқыласа, интернатты ұйымдардың педагогтары мен психологтары жұмыс тәжірибелерін ортаға салды.Статистика көрсеткендей, облыстың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатты ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан 1499 баланың 12-сі ішкі істер органдарыда есепте тұр, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге азайғанын атап өту қажет.

Мамандардың айтуынша, балалардың девиантты мінез-құлықты болуының негізгі себебі қолайсыз отбасы, ата-аналардың  балаға көңіл бөлмеуі, әлеуметтік жетімдік, балалардың бақылаусыз, бос жүруі және т.б. Осыған байланысты, ең алдымен баланың бос уақытын ұйымдастыруға назар аудару керек, олар үйірмелерге қатысып, қосымша білім берумен қамтылуы қажет, сондай-ақ, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша шаралар қолданылуы тиіс.

«Қиын балалармен» жұмыстың түрлері мен әдістері әр алуан. Интернатты ұйымдардың қызметкерлері аталған бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда құқық қорғау, қарулы күштер органдарының өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды тартады, балалар арасындағы өзін-өзі басқару, балаларды стрестік күйден арылту, рухани-адамгершілік тәрбие беру сияқты тәсілдер де қолданылады.

Девиантты мінез-құлықты  жастармен әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістеріне талдау жасау

Қоғамның басқа топтарына  қарағанда девианттық мінез-құлық  жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процесі және деликвенттік мінез-құлық бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты жалпы қабылданған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз. Біріншіден, психогармоналды процестерден басталып, Мен концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.

Жүргізілген зерттеулер бойынша жасөсіпірдерде девиантты  мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді  жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі.

Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар:

1.     Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлаудың төмендеуіне септігін тигізеді. Себебі, соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі, сонымен қоса өзін де.

2.     Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.

3.     Кейбір топтар бойынша, әсіресе, төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлануына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсе етеді.

4.     Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін береді.

Статистикалық зерттеулерге қарағанда жасы толмаған құқық бұзушылардың 44 пайызы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер. Ғалым  
А.Е. Личко отбасының сәтті дәрежесін талдай келіп, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді:

1.Отбасындағы қамқорлықты  күшейту (гиперопека)  баланың  ішкі өмірінің көріністерінен (оның  ойлануына, сезіміне, мінез-құлқына)  отбасындағы қаталдыққа дейін  әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің  болуы;

2. Немқұрайлық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс  бақылаусыз қалуы. 

Ресейлік ғалым Я. Гилинский  девиацияның шығу көзі деп-қоғамдағы  әлеуметтік теңсіздікті атайды. Девиация сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдени және т.б. факторларға байланысты келеді.

Бұл проблема, әсіресе, өтпелі кезеңдерде күшейе түседі, себебі, бұл  кезде қоғам өмірінің барлық салалары түбегейлі өзгерістерге түсіп, бұрынғы  мінез-құлық ережелері қайта қаралады.  

Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни, объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлықының қалыптасуына әсер етеді. Төмендегі сандар жиынтығынан девианттық іс-әрекеттердің бір қырынан динамикасын көруге болады:

3. Бейнесіне жасалуы,  барлық уақытта баланың ниетіне  ықылас білдіру және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;    

4. Отбасында «күл қызының»  пайда болуы-бұл ата-ананың өзіне  көп көңіл бөліп, ал балаларына  аз көңіл бөлуі. 

Деликвенттік жасөспірімнің  психологиялық құқықтық нысанасында  қызуқандылық міндетті түрде болады.

Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар  қызуқандылықтың дамуына алып келетін  мына жағдайларды көрсетуге болады:

-жиі болатын ата-аналар  арасындағы ұрыс-жан-жалдар;

-ата-аналардың бірін-бірі және балаларын сыйламауы;

-балаларға қарау мен  бақылаудың болмауы;

-жасөспірімдердің пікірін  елемеу;

-ата-аналардың тиісті  жылаулықты бере алмауы;

-балалардың ар- намысына  тию; 

-тәрбие жүйесінің  сапасыздығы. 

Қорыта келгенде, болашағыңды  болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы дүниеге әкеле алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

                                              ҚОРЫТЫНДЫ

Девиантты  мінез-құлықты  көрсеткен жасөспірім өсе келе, басқа  да заң жүзінде айыпталатын қылмыстарды  жасауы мүмкін. Жасалынып жатқан жұмыстар да аз емес, сол жасалынып жатқан жұмыстарды жүйелендіру арқылы тағы да жастар арасында жаңа саясаттар  мен жаңа ойлар керек.Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуының негізгі себебі қолайсыз отбасы, ата-аналардың балаға көңіл бөлмеуі, әлеуметтік жетімдік, балалардың бақылаусыз, бос жүруі және т.б. Осыған байланысты, ең алдымен баланың бос уақытын ұйымдастыруға назар аудару керек, олар үйірмелерге қатысып, қосымша білім берумен қамтылуы қажет, сондай-ақ, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша шаралар қолданылуы тиіс.Атап айтар болсақ біздің облысымызда девиантты мінез-құлықтың негізгі себебі болатын қолайсыз отбасылар, әлеуметтік жетімдер, балаға көңіл бөлмейтін ата-аналар тіркеуге алынған, тиісті бағытта жұмыстар жасалуда.Жасөспірімдерге алғашқы баспалдақ болып саналатын білім беру ұйымдарында үйірмелер, уақытын бос өткізбеуге арналған жұмыстар жақсы жолға қойылған деп айтуға болады.

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, әрбір жеке тұлға , тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптасып  дамуына, әлеуметтенуіне сай әрекеттенуі керек.. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла отырып жүзеге асырылады.

Біздің елімізде  жеке тұлға бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына ,  әлеуметтендіруге  барыгша мүмкіндік жасалынып отыр.Айтып кетер болсақ:салауатты өмір салты, әлемдік білім кеңістігіндегі жаңалықтармен сусындау, елдің тұрақты дамыған экономикалық әлеуметтік жағдайы, (мысалы:студенттердің қаржы табуына, дұрыс таңдау жасауына ) жасалынып отырған мемлекет тарапынан қамқорлықтар.

Соңғы кездерде « Ел арна»  телеарнасынан көрсетіліп жүрген «Мүмкін  емес» көрсетілімі еліміздегі девианттық мінез-құлық иелерін әшкерелеп,  халыққа ой салады.Осындай көрсетілімдер девиантты мінез-құлық иелеріне теріс пікір туғызып сақтандыруға шақырады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

                           Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Современные западные исследования социологической классики. - М.: Наука, 1992

2. Ядов В.А. Методология и методика социологического исследования. - М.: Наука. 2002.

3. Добреньков В. И., Кравченко А. И. Социология. В 3-х томах. - М.: Наука, 2000.

4. Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. Алматы: Қазақ университеті, 2002

5. Тажин М., Аяган Б.Социология негіздері. Алматы, 1992.

6.Габдуллина К.Г. и др., Социология. Учебник для студентов высших технических    учебных заведений.- Алматы: Санат, 1997.

7. Әбсаттаров  Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану. Алматы: Ғылым, 2004.

8.Конт  О. Дух   позитивной   философии:   Слово   о   положительном           мышлении. СПб, 1910.

9. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. – М-, 1991.

10.  Арон Р. Этапы развития социологической мысли. – М., 1992.

11.  Сорокин П.Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1992.

12.  Вебер М. Избранные произведения. – М, 1990.

13.  Структурно-функциональный анализ в современной социологии. – М., 1968.

14.  Большой толковый социологический словарь. Дэвид Джери, Джулия  Джери. Т. 1,2.,1999.

15.  Габдуллина К.Г. Общества прогресс и регресс. А., 2003.

16. Аженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. А.: Қазақ     университеті, 2004.

17.  Биекенов   К.У.,    Жаназарова   З.Ж.,    Нурбекова   Ж.А.    Социология общественного мнения. – Алматы, 2001.

11. Гуревич  Л.Я. Системные реформы высшего образования в Казахстане. – Алматы, 1999.

  1. Садырова        М.С.        Социально-профессиональная        мобильность интеллигенции. – Алматы, 1999.
  2. Жаназарова З.Ж. Социология семьи. –Алматы, 2001.
  3. Садвакасова А. Институционализация социологии в Казахстане. Алматы., 2003.
  4. Экономическая социология. Курс лекций (рук. Авт. Коллектива Л. Я. Гуревич). Алматы, 2002.
  5. Касымова Л. Н. Практикум по экономической социологии. Алматы, 2002.
  6. Дарменова Б. К. Социология управления. Алматы, 2002.

 

 




Девианттық мінез-құлық түсінігі мен теріс мінез-құлықтың дамуы