Диета ұғымы
ЖОСПАР
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім: Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі
а) Диетология ұғымы
ә) Диетаның (емдәм) түрлері, қолданылуы
б) Салерндік денсаулық кодексі
в) Тиімді тамақтану – диетаның негізі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Терминология
Диетология (грек diata - өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos- ілім) – дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім.
Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты). Емдәм — тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы.
Нольдік диета — адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы.
Аткинс диетасы — XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары белокты, төмен көмірсулы диета.
Вегетариандық диета — ет, балық, құс еттерін жемейтін диета.
"Зона" диетасы — адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета.
Микробиотикалық диета — барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөліп қарастыратын диета.
Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета.
Орниш диетасы — жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы.
Кіріспе
Мақсаты: Әртүрлі емдік диеталардың адам организмі үшін маңыздылығымен танысу;
Міндеті: Диетаның кез келген адамға пайдасын анықтау.
“Тәні саудың - жаны
сау” – деп атамыз қазақ
дөп басып айтқан сияқты. Ал, деннің
сау болуы үшін дұрыс
Адам денсаулығына
әсер ететін әлеуметтік
Тамақтану, яғни тағамдық
қорек алу - тіршіліктің негізі
болып саналатын организмдегі
зат алмасудың дұрыс жүруіне,
организмнің гомеостаз деп
Денсаулық дегеніміздің
өзі – организмнің сыртқы орта
факторларының әр деңгейлі
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар ( жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейіп кетті.
Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас
ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді
тамақтанудың және азық-түлікті зиянды
контаминанттардан қорғаудың
Әр түрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерлерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар көне заманнан бері бізге аян. Жалпы бұл саладағы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу – диетология (емдәмтану) жеке ғылым ретінде пайда болды. Диетология (грек diata - өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos- ілім) – дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын көне заманнан бері Гиппократ есімімен байланыстырады.
Диетология тағам гигиенасымен
Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты). Емдәм — тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы.
Нольдік диета — адам организміндегі қо
Аткинс диетасы — XX ғасырдың
60-жылдары дәрігер Роберт
Вегетариандьіқ диета — ет, ба
1. Вегетариандық — балық пен
еттен басқаның барлығын
2. Веганизм — мал өнімдерінің ешқайсысын да жемейді;
3. Шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын болғандықтан, тағамдарды
жылытпай жейді;
4. Жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер;
5. Фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер.
"Зона" диетасы — адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% белоктан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета.
Микробиотикалық диета — барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылган қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет.
Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета.
Орниш диетасы — жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады.
Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Ежелгі заман емгерлері емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, эмпириялық жолмен құрастырған. Ал ғылым дами келе емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, т.б. жетістіктеріне сүйеніп жасалады. Қазіргі кезеңде емдәм үйлесімді тамақтану теориясына негізделіп, адам организміне қажетті қоректік заттектердің мөлшерін есептеп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, ауруға шалдыққан организмдегі заттек алмасуын реттеуге бейімделіп құрастырылады. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған Емдәм құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты: белокты Емдәм, майлы немесе көмірсулы Емдәм, тұзсыз Емдәм, т.б., ал химиялық құрамына қарай: жеңілдетілген Емдәм, ықшамдалған Емдәм, элиминациялық Емдәм, гипоаллергенді Емдәм, т.б., кейде авторының атымен: Карел Емдәмі, Лейбе Емдәмі, т.б. деп аталады. Мұндай емдәмнің мақсаты — қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш емдәм беріледі, кейде арнайы емдәмді орган функциясын арттыру үшін де береді. Әрбір емдәмнің әр түрлі нұсқалары болады. Оларды аурудың ауырлық деңгейінің өзгеруіне байланысты сәйкестіре отырып тағайындайды.
Емдәмді құрастыру
жолдары
Нақты зерттеу деректері бойынша, ежелгі
заманда емгерлер науқасқа емдәмді тек
клиникалық тәжірибеге сүйеніп, эмпириялық
жолмен құрастырып, қолданған. Ғылым дамыған
кезде емдәмді құрастыру физиология, биохимия,
гигиена, тағы да басқа ғылым жетістіктеріне
сүйеніп жасалынса, қазір емдәм былайша
құрастырылады: үйлесімді тамақтану теориясына
негізделіп, адам ағзасына қажетті қоректік
заттектердің мөлшері есептеліп, жеткіліксіз
заттектердің орнын толтыруға, дертке
ұшыраған ағзадағы заттектің алмасуын
реттеуге бейімделіп.
Емдәмнің түрлері
Құрамындағы қоректік заттектердің басымдылығына
байланысты: белокты емдәм, майлы немесе
көмірсулы емдәм, тұзсыз емдәм және тағы
да басқа түрлері.
Химиялық құрамына қарай: жеңілдетілген
емдәм, ықшамдалған емдәм, элимина-циялық
емдәм, гипоаллергенді емдәм және тағы
да басқа түрлері.
Авторының атымен: Карел емдәмі, Лейбе
емдәмі және тағы да басқа түрлері.
Емдәмнің мақсаты
Жоғарыда
аталған емдәм түрлерінің мақсаты қоректік
заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте
отырып, ағзадағы зат алмасуын реттеу.
Ауру асқынғанда қызметі әлсіреген ағзаға
жеңілдік жасау үшін белгілі мерзімге
арнап аялауыш емдәм тағайындалады. Сондай-ақ,
ағза қызметін арттыру үшін де емдәмнің
берілетін кездері болады. Сырқаттың жеңіл,
асқынған кезеңдеріне сәйкес әр түрлі
емдәм қолданылады. Яғни, аурудың ағымына,
ауырлығына тағы да басқа белгілеріне
сәйкес емдәм белгіленіп, құрастырылып,
беріледі.
Ай диетасы
Шығыстың, Батыстың кейбір ілімі бойынша
айдың, күннің басқа да қуат көздерінің
әсеріне байланысты диеталар бар. Қытайлық,
тибеттік данагөйлер де негізін салған
емдәмдер аз емес. Біз бүгін ай диетасы
жөнінде қысқаша әңгіме қозғамақшымыз.
Айдың жаңа туған және толысқан күндері
атмосфералық қысым мен судың қозғалысы
өзгеріске ұшырап, ол адам ағзасына да
әсер етеді. Жаңа ай туғаннан толысқан
күнге дейінгі кезең – айдың жетілу мерзімі
болғандықтан, бұл күндері адамдар күш-қуатын
нығайтатын дәрумендік және дәрі-дәрмектік
түрлі ем-домды қабылдаса, шипасы мол.
Ай толысқаннан жаңа ай туғанға дейінгі
уақытта адам ағзасы тазару процесіне
тез бейімделеді. Бұл кезде жасару, сауықтыру
шараларын жүзеге асырған дұрыс. Ай жаңа
туғанда ашығудың пайдасы зор.
«Ай диетасы екі жүйе бойынша жүргізіледі:
ай толған күндері 24 сағат, ай жаңа туған
күндері 36 сағат және әр кезеңде алты күн
қатарынан диета ұстау қажет.
Ай толысқан күндердегі диетаның
қысқа мерзімдік курсы (24 сағат).
Диета мерзімі ай толысардың алдында бір
күн бұрын кешкі астан кейін басталып
24 сағатқа созылады. Осы тәулік ішіндегі
ас мәзіріңіз тек сұйық тағамдардан құралуы
керек. Атап айтқанда, жай және минералды
су, жаңа сығып алынған несеп айдайтын
шырындармен ғана қоректену қажет. Егер
ішетін шырыныңыз көкөніс және жеміс-жидектерден
әзірленсе тіпті жақсы.
Диетаны талапқа сай сақтай алсаңыз осы
мерзім ішінде бір келі артық салмақтан
арыласыз. Ағзаңыздың өне бойы тазарып,
түрлі ісіктер жойылады.
Ай толысқан күндердегі
диетаның толық курсы (6 күн).
Диетаның бұл түрі ай толысарда үш күн
бұрын басталып, толысқаннан кейін екі
күнге созылады (барлығы 6 күннен аспауы
керек). Бірінші күні тек пісірілген және
шикі көкөністермен тамақтанасыз. Келесі
екі күнде және ай толысқаннан кейінгі
екі күн бойы ананас пен пісірілген саңырауқұлақ
қана жеп, күніге төрт рет тамақтану қажет.
Пісірілген саңырауқұлаққа түрлі дәмдеуіштер
немесе рафинадталған зәйтүн майын қосуға
болады. Ал ай толысқан күні тек сұйықтармен
тамақтану керек. Ананас пен саңырауқұлақтарды
үйреншікті жұмыртқа және апельсинмен
ауыстыруға болады. Айтылған ақыл-кеңесті
бұлжытпай орындасаңыз, бірден 3 кг артық
салмақтан арыласыз.
Жаңа ай туғандағы диетаның
қысқа мерзімдік курсы (36 сағат).
Ай толысардан бір күн бұрын сағат 18-де
басталып, келесі күні таңғы 6-7-ге дейін
жалғасады. Көкөністер сәбіз, картоп, тәтті
бұрыш, үрме бұршақтан әзірленген сорпаны
күніне 4-5 рет ішу керек. Көкөніс сорпасы
түрлі минералдарға бай және ағзадағы
сұйықтықтарды тез бөліп шығарады. Сорпаның
пайдасы сол, аштықты сездірмейді. Егер
сіз дәл осы кезеңде тек көкөніс сорпасымен
тамақтанатын болсаңыз, ағзаңыз шайылып,
1 кг артық салмақтан арыласыз.
Сырқаттарды сауықтыру емдәмі
1. Асқазанның және ұлтабар безінің
жарасы кезінде, асқазан сөлінің жоғары
және қалыпты қышқылды гастритімен ауырғанда:
Тамақ суда немесе буда пісірілуге,
көбінесе үгітіліп берілуге тиісті. Температурасы
– 600С. Тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет.
Күнделікті рацион: белок - 100 г. май – 100
г. углевод – 400-450 г. ас тұзы – 10-12 г.
Жеуге болмайды: қара бидай
нанын және жаңа піскен нанның барлық
түрін, ет, балық сорпасын, саңы-рауқұлақ
пен күшті көкөніс қайнатпасын, щи, борщ,
окрошканы. Осы диетаны ұстағанда: шырын
бөлгіш күшті әсері бар, асқазанның шырыш
қабығын тітіркендіретін тағамдардан,
соның ішінде сорпадан, қуырған еттен
тартыну қажет. Және де ақ қауданды қырыққабат,
шалқан, саумалдық, пияз, шомыр, тарна жеуден
сақтанған дұрыс. Қатты пісірген, қуырған
жұмыртқаны да жемейді.
2. Қышқылы мен секрециясы
жеткіліксіз созылмалы гастрит, созылмалы
колит болса:
Тамақ суға немесе буға пісіріледі.
Тамақты күніне төрт реттен аз ішпеу керек.
Күндізгі рацион құрамы: белок - 100 г, май
– 100 г, углевод – 400-450 г, ас тұзы – 12-15 г.
Жеуге болмайды: жаңа піскен
нан, дәмденген және қабаттаған қамырдан
пісірген ұн тағамдары. Сүт, саңы-рауқұлақ,
бұршақ сорпасын, окрошка ішуге рұхсат
етілмейді. Семіз етті, үйрек, қазды, сүрдің
барлық түрлерін, басытқылық қалбырларды
да татып алмайды. Балықтың семіз түрлерін,
тұздалған, сүрле-нгендерін жемейді. Шикі,
маринадталған, тұздалған кө-
көністерге, пияз, шомырға, шалғам, тәтті
бұрыш, қияр, сарымсақ, саңырауқұлаққа
да ас мәзірінде орын жоқ. Жүзім шырыны
мен қауыннан да тартынған жөн. Есте болатын
рационның көлемі: әдеттегідей – сұйықты
қосқанда 3 келі. Еркін сұйықтың мөлшері
– 1,2-1,5 литр. Күніне 5 рет тамақтанады.
Ұйқыға жатарда бір стақан айран ішеді.
3. Бауыр және өт жолдарының
қызметі бұзылғанында:
Тамақ көбінесе суға немесе
буға пісіріліп, ұнтақталған күйінде беріледі.
Тамақты күніне 4-5 рет ішеді. Күндік рацион
құрамы: белок – 100 г, май – 100 г. (оның үштен
бір бөлігі өсімдік майы), углевод – 400-450
г, ас тұзы – 10-12 г.
Рұқсат етілмейтін
тағамдар: қуырылған, майлы, ащы және
қышқыл, сондай-ақ сүрленген, тұздалған
және маринадталған тамақтар: ет, балық
және саңырауқұлақ сорпалары, қой, қаз,
үйрек етінен жасалған тағамдар; ми, пияз,
сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелке,
қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық қалбырларынан
жасалған дәмдер, өт жолына тас байланғанда:
бұларға қоса қант қайнатпа, бал және кондитер
бұйымдары.
4. Қант диабеті кезінде:
Тағам құрамында углевод пен
май мөлшері шектеледі. Күндік тағамның
химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін
арнайы кесте бойынша мөлшерленеді. Тамақтану
4 реттен аз болмауға тиісті. Картоп, сәбіз,
қызылша, шалқан, құрамында көміртегі
көп тағы да басқа көкөністерді тамаққа
тек арнайы аспаздық өңдеудеп кейін ғана
қосады.
5. Семіздікпен ауырғанда:
Тамақ құрамынан углевод, май, тәбет ашатын
заттарды шектейді. Тамақты кез келген
кулинариялық тәсілмен тұзсыз әзірлейді.
Оны аз мөлшерде күніне 4-5 рет, кейде көбірек
ішеді. Күндік рацион құрамы: белок – 90-130
г, май – 60-90 г, углевод – 100-200 г, ас тұзы
– 3-5 г (дайын асты тұздау үшін).
Рұқсат етілмейді: жарма, макарон тағамдары,
пісі-
рілген және қуырылған бәліш-тер, қант,
бал қайнатпа, жүзім, қарбыз, банан, інжір,
тұздалған, сүрленген, марина-дталған,
өткір және қышқыл тағамдар.
«Косметикалық диета»
Ертеңгі ас: 100 грамм жеміс шырыны немесе
жас жидек, бір жұмыртқа (немесе сыр), бір
жапырақ арық сүр мен бір жапырақ (50 грамм)
қыздырған нан. Бір шыны шай немесе кофе,
кофеге сүт қатып ішкен жөн.
Сәскелік тағам: Салат. Сыр немесе жұмыртқа.
Бір жапырақ нан. Шамалы ғана жас немесе
қалбырланған жеміс. Бір стақан шай немесе
көже.
Түстік ас: Өсімдік майы құйылған салат,
толыққанды бір ет тағамы. Жеміс немесе
содан жасалған тағам.
Ұйықтар алдында: Бір стақан жылы сүт.
Тамақтанудың 3 алтын ережесі:
1.
Тамақты тартынып ішіңіз.
2. Тамақтың толық құндылығына назар аударыңыз.
3. Тамақтану тәртібін қатаң сақтаңыз.
Артық тамақтанбау, энергия шығынын көбейту
Артық
тамақтану адам сымбатының сынын
кетіреді, көріксіз қатпарлардың, қос
бұғақтың пайда болуына, жастық пен сүйкімділіктің
мезгілсіз жоғалуына әкеліп соқтырады.
Қант пен тәттіні шамадан тыс
тұтынудан сақтану қажет. Қанттың тәуліктік
мөлшері – 70-80 грамнан аспасын. Қанттың
орнына бал мен қайнатпа пайдаланған (қарақат
қайнатпасын) дұрыс.
Ақылға қонымды мөлшерде энергия
шығынын көбейткен жөн. Сөйтіп, дене белсенділігін
күшейтіңіз: Әр күнді дене шынықтырудан
бастаңыз, көбірек жаяу жүріңіз. Онымен
дұрыс диетаны ұштастырыңыз.
Дене салмағын күрт азайтпаңыз.
Дене салмағын азайту айына 1-2 келіден
аспасын.
Тамақтан белок мөлшерін азайтпаңыз.
Арықтау үшін аз тамақ ішу жеткілікті
деп ойламаңыз. Егер сіз арықтауға кесімді
шешім қабылдасаңыз, салауатты тамақтану
стилінің принциптерімен танысуыңыз керек.
- Күн сайын жемістер мен көкөністер жеңіз. Олар жаңа піскен, пісірілген немесе шырын түрінде болуы мүмкін. Олар дәрумендердің, минералдар
дың және балластық заттың тамаша көзі болып табылады. - Сұйықтықты, негізінде минералдық суды, шамалы қант қосылған шайды, көп су қосылған көкөніс және жеміс шырындарын көп ішіңіз.
- Тамақты көңіл аударып ішіңіз. Асықпаңыз. Тамақты көңіл аударып ішу дұрыс тамақтануға мүмкіндік туғызады.
- Алуан түрлі тамақ ішіңіз. "Пайдалы" немесе "зиянды тамақ" болмайды. Қалағаныңыздың барлығын, бірақ шамамен жеңіз.
- Құрамында майы аз тамақты таңдаңыз. Майсыз етті және шұжық өнімдерін сатып алыңыз. Ас үйде зәйтүн немесе рапс майы сияқты, жоғары сапалы өсімдік майларын пайдаланыңыз.
- Күнделікті ет қосылған түскі астардан бас тартыңыз. Егер оларды әзірлесеңіз, тек сиыр еті, бұзау еті немесе құс еті сияқты майсыз етті таңдаңыз.
- Күн сайын дәнді өнімдерді жеңіз. Таңертеңгі асқа арналған дәмді қауыз, бүтін бидайдан пісірілген нан, макарон өнімдері. Пісіру үшін ірі тартылған бидай ұнын пайдаланыңыз.
2011 жылдың үздік диеталары
Бұл сарапшылар кеңесіне медицина саласының 22 маманы кірген. Олар - үздік емдәмшілер, кардиологтар мен эндокринологтар. Жыл сайын мамандар диеталар тізімін жасап, оларды жеті белгісіне қарай бағалайды: қысқа мерзімді салмақ тастау, ұзақ мерзімді салмақ тастау, емдәм оңайлығы, азық-түлік құрамы, диета қауіпсіздігі, диабет және жүрек-тамыр ауруларынан сақтау мүмкіндігі. Бұл рейтинг бір ғана мақсатпен: «арықтаушыларға денсаулығын емес, салмағын жоғалтуға» көмектесу үшін жасалады.
2011 жылы сарапшалыр кеңесі 20 диетаны таңдап алып, оларды 1-ден 5-ке дейінгі шкалада бағалаған.
Алғашқы орындар мемлекеттік институттар құрастырған жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын емдеуге арналған диеталарға берілді. Ал ең нашарлар қатарына азық-түлік пирамидасының қатты ауытқуына негізделген «ақылға қонымсыз» оғаш диеталар енгізілді.
1. Гипертонияны емдеудегі диеталық тәсіл (DASH)
АҚШ
денсаулық сақтау мен әлеуметтік
қызметтер министрлігі «DASH»
2. Өмір салтының терапевтік өзгеруі (TLC)
Диетаны АҚШ денсаулық сақтау ұлттық институты құрастырған. Ол қандағы холестерин мөлшерін азайтып, жүрек-тамыр ауруларының даму қаупін төмендетеді. Барлығына ортақ негізгі талап – 200 мг-нан аспайтын холестерин және 2400 мг-нан аз тұз тұтыну. Калорий 7%-ын қаныққан майлардан, 25-35%-ын басқа майлардан алу қажет. Холестерин көрсеткішін тез төмендету үшін, диетолог қосымша жасұнық қабылдауға кеңес беруі мүмкін.
3. Жерорта теңіздік диета
Әлемдегі ең танымал диеталардың бірі. Бұл артық санауларды қажет етпейтін, әркімге қолжетімді емдәм. Оған тұтас дән, жемістер мен көкөністер, балық, зәйтүн майы мен жаңғақтар кіреді. Бұл азық-түліктердің барлығы жүрек-тамыр жүйесіне пайдалы.
4. Майо клиникасының диетасы
Бұл диета тағам құнарлығын шектемейді, ал энергия тапшылығы клиника мамандары құрастырған дене жаттығуларының көмегімен жасалады. Майо ерекше диетасы клиниканың ресми сайтында 2010 жылы жарияланған.
5. «Көлемді диета» (Volumetrics Diet)
Диета құрастырушысы Барбара Роллстың айтуынша, адамдарды тамақтан шектеуге болмайды. Себебі, әркім тамақ жегенді жақсы көреді. Диетолог құрамында суы көп, құнарлығы аз, көлемді азықтарды (жеміс, көкөніс сорпасы, майсыз сүт тағамдары) қолдануды ұсынады. Дегенмен, мамандардың бұл тәсілге күмәні көп. Өйткені, сұйық тамақ ағзаны нашар қоректендіреді.
6. «Салмақты бақылаушылар» (Weight Watchers)
Бруклин қаласында тұратын үй шаруасындағы әйел 1963 жылы бұл компанияның негізін қалаған. Қазір бұл - арықтауға арналған тауарларды тарататын 30 елде бөлімшелері бар ірі мекеме. Әрбір азық немесе тағам балдық жүйе бойынша бағаланады. Бірақ жуырда компания бұл жүйенің ыңғайсыздығы үшін, одан бас тартқан. Жалпы, көп мөлшерде тұтас дән, майсыз сүт өнімдері мен ақуыздан құралған қарапайым емдәм.
7. Дженни Крейг диетасы
Дженни Крейг диетасының артықшылығы – оның әсері клиникалық деңгейде дәлелденген. Бір кемшілігі – бұл таза коммерциялық емдәм. Себебі, дайын тағамдарға тапсырыс беру қажет. Ал диетаның негізгі шарты: кальций мен жасұныққа бай азықты пайдалану.
8. Орниш диетасы
Дин Орниш кардиологтар кәсіби ортасында жүрек ишемиялық ауруын отасыз және дәрі-дәрмексіз емдеуге арналған емдәм авторы ретінде танымал. Орниш диетасы – бұл жүрек пен тамырларды емдеп қана қоймай, салмақ тастауға көмектесетін жұмсақ вегетариандық диета. Орниш дәнді дақылдарды, көкөністерді, жемістер мен бұршақтыларды шектеусіз жеп, ет, май, қант, алкоголь, жаңғақ, зәйтүн, авокадоны мейлінше аз пайдалануға кеңес береді. Соның өзінде, калорийдің 10% -ын майдан алуыңыз қажет.
9. Вегетариандық диета
Сарапшылар
вегетариандық диетаның өзін емес,
АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі
құрастырған бейімделген
10. Нутрижүйе диетасы
Арықтататын тауарларды сататын тағы бір компания. Бұрын «теле-дүкендер» арқылы жарнамаланған. Қазір клиенттеріне дайын тағамдар мен биологиялық белсенді қоспаларды тікелей таратады. Компания емдәмі қауіпсіз және құнарлы болып есептеледі. Дегенмен, калий, В12 мен D дәрумендерінің жетіспеушілігінен зардап шегеді. Қазақстандықтар үшін бұл емдәм тек ғаламтор желісі арқылы қолжетімді.
2011 жылдың ең нашар 3 диетасы
1.Палеотикалық диета
Палеотикалық диета мағынасы - үңгірде
тұрған адамдардың тамақ мәзіріне барынша
жақын тамақтану жоспарын құру. Біздің
ата-бабаларымыз азығын аң аулап
тапқан. Ал ауыл шаруашылығы – егін
мен мал шаруашылы бертін келе
пайда болды. Сондықтан, палео-диета
ас үлесінде негізгі сүт және дәнді
азық-түліктер толығымен жойылады.
Ежелгі адам орманнан ғана таба алатын
азық-түлікті жеуге болады.
2. Шикі тамақты пайдаланушылар диетасы
Вегандық диетаның бір түрі. Шикі
тамақ жеуді қолдаушылар
3. Аткинс диетасы
Кардиолог Роберт Аткинстың диетасы рейтингте ең соңғы орынды иеленді. Бұл емдәмнің өзгертілген түрі ТМД елдерінде «кремль диетасы» деген атпен белгілі. Бұл тәсілде «май тым көп, ал көмірсу тым аз», - дейді сарапшылар. 2010 жылы ғалымдар көп мөлшерде ақуыз бен малдың майы бар, аз көмірсулы диеталар адамның өмір жасын қысқартатынын дәлелдеген. Сондықтан, Аткинс диетасы өмір мен денсаулық үшін аса қауіпті.
Салерндік денсаулық кодексі
Емдік тамақтанудың маңызы
Салерндік денсаулық
«Бізге Гиппократ өлімнің неден
болатынын айтып кетті.Медицинаның ең
жоғары заңы – диетаны бұлжытпай сақта. Емделіп
жүріп диетаны ұмытсаң, ем қонбайды.
Қанша, қашан, неге, қайда,
неше мәрте және нені қолдану керек?
Осының бәрін диета тағайындаған дәрігер
айтуға тиіс.
Денсаулық қайтып келсін, аурулардан алас
болсын десеңіз, тауқыметке мойымаңыз,
ашуға бой алдырмаңыз.
Тамақты тартынып жеңіз, шарапты мүлде
ұмытыңыз, түскі ұйқыны тәрік қылып, тамақтан
соң сергек жүріңіз.
Егер дәрігер жетіспесе, мына
үшеуі: жайдары мінез, тыныштық, тағамға
қанағатшылдық дәрігер болсын».
Емдік тамақтану
1. Шырыш бөлгіш күшті әсері бар, асқазанның
шырыш қабығын тітіркендіретін тағам-дардан,
соның ішінде сорпадан, балық сорпасынан,
қуырған еттен т.б. тартыныңыз.
2. Құрамында клетчатка көп тағамдарды
(қара бидай нанын, саңырауқұлақты, кепкен
жемістерді, бұршақ тұқымдастарды, ақталған
тары және арпа жармасын) шектеңіз.
3. Ақ қауданды капуста (қырыққабат), шалқан,
шалғам, қымыздық, саумалдық, пияз,
шомыр, тарна жеуден сақта-ныңыз.
4. Өз диетаңызда саңырауқұлақты, жеміс
пен жидектің қышқыл сорттарын пайдаланушы
болмаңыз.
5. Тамақты суға қайнатып немесе буға пісіріңіз.
6. Есіңізде болсын, әр жол-ғы жейтін тамағыңыз
тым көп болмауға тиіс. Тамақтың температурасы
– кәдуілгі. Тамақтану саны – күніне
бес – алты рет. Тұзды аздап пайдаланыңыз.
Күндік рационның жалпы көлемі
сұйықты қосқанда сау адамға ұсынылатын
мөлшерден, яғни 3 литрден аспауға тиіс.
7. Күн сайын итмұрын қайнатпасын,
жатар алдында – бір стақан сүт немесе
кисель ішуді ұмытпаңыз.
Қышқылы мен секрециясы жеткіліксіз
созылмалы гастрит, созылмалы колит болса мына
диетаны сақ-таңыз:
1. Өз рационыңыздан өткір дәмдеуіштерді,
сүрлерді, басытқылық консервілерді шығарып
тастаңыз.
2. Көкөністен – қырыққабат-ты, шалқанды,
бұршақ тұқым-дастарды алып тастаңыз.
3. Картопты, көк пиязды, қаймақты, майшабақты
шектеп пайдаланыңыз.
4. Жүзім шырыны мен қауыннан тартыныңыз.
5. Есіңізде болсын: рационның көлемі әдеттегідей
– сұйықты қосқанда 3 килограмм. Еркін
сұйықтың мөлшері – 1,2 – 1,5 литр. Тамақтың
температурасы әдеттегідей. Тамақтану
саны – күніне бес рет.
6. Күн сайын итмұрын қайнатпасын, ал жатар
алдында – бір стақан айран ішуді ұмытпаңыз.
Созылмалы колит, созылмалы энтероколит болса мына
диетаны сақтаңыз:
1. Тамақтан бұршақ тұқымдастарды, бұршақты
лобияны, жасымықты, шалқанды, шомырды,
шалғамды, тарнаны, саңырауқұлақты шығарып
тастаңыз. Өйткені олар асқазан – ішек
жолының шырыш қабығын тітіркендіреді.
2. Физиологиялық толыққұнды диета қолданыңыз,
ірі клетчатканы, майы алынбаған сүтті,
өткір басытқылар мен дәмдеуіштерді шектеп
пайдаланыңыз.
3. Тамақты негізінен пюре етіп немесе
майдалап турап жасаңыз: қуырған кезде
қабықтандырмаңыз (ұнға аунатпай қуырыңыз).
4. Есіңізде болсын: рационның көлемі әдеттегідей,
сұйықпен қосқанда – 3 литр мөлшерінде.
Тамақтың температурасы әдеттегідей.
Тамақтану саны – күніне бес рет. Тұз
пайдалану қалыптағыдай (күніне 10-15 грамм).
5. Күн сайын итмұрын қайнатпасын, жатар
алдында – бір стақан айран (кефир) ішуді
ұмытпаңыз.
Холецистит, созымалы гепатит, бауыр
циррозы, бауыр мен өт жолдарының
қызметін бұзатын аурулар болса мына диетаны сақтаңыз:
1. Тамақ рационында ет, балық, саңырауқұлақ
сорпалары мен тұздарды мейлінше шектеуге
тырысыңыз. Май, ең алдымен еруі қиын май
жеуді шектеңіз.
2. Құрамында холестерин көп өнімдерді
(ми, жұмырт-қаның сары уызы) жеуден тар-тыныңыз.
3. Қуаттылығы (калориялығы) жағынан толыққұнды,
белогы қалыпты мөлшердегі диета қолданыңыз,
сүзбені, өткір емес сырды кеңінен пайдала-ныңыз.
4. Есіңізде болсын: рацион-ның көлемі сұйықты
қосқанда – сұйықтың мөлшерін көбейту
есебінен 3,5 килограмм. Тамақтың температурасы
әдеттегідей. Кулинарлық өңделуі – тамақ
негізінен майдаланбай, асылып және духовкада
пісірілген күйде пайдаланылады. Тамақтану
саны – күніне бес рет.
5. Күн сайын итмұрын қай-натпасын, ал жатар
алдында – бір стақан айранды ішуді ұмытпаңыз.
Сорпа, басқа да сұйық тағамдарды қосқанда
сұйықтың жалпы мөлшерін күніне 7-8 стақанға
дейін көбейтіңіз.
Әртүрлі себептен семіздікпен ауырсаңыз мына диетаны сақтаңыз:
1. Тәбет
шақыруға көмек-тесетін
2. Өз тамағыңыздан тортты, пирожныйды,
балмұздақты, тәтті жеміс суларын, дәмдеуіш
қосылған тоқаштарды, тәтті сүзбе сыроктарын,
басқа да тәтті тағамдарды шығарып тас-таңыз.
Қантты алмастырғыш ретінде ксилитті
(немесе сорбитті) пайдаланыңыз.
3. Сұйық ішуді (күніне 3-4 стақанға дейін)
және тұз тұты-нуды шектеңіз (күніне 5 грамға
дейін дайын тағамға қосу үшін ғана пайдаланыңыз,
тамақтың өзі тұзсыз дайындалады).
4. Тамақты негізінен асып немесе булап
пісірген күйде пайдаланыңыз.
5. Есіңізде болсын: арасында ұзақ үзіліс
жасамай, тамақты мезгіл-мезгіл ішіп отырыңыз.
Тамақтану саны – күніне кемінде 4-5 рет.
Соның өзінде әрбір ішкен тамақтың тым
көп болмауы маңыз-ды.
6. Оқтын-оқтын жеңілейту күндерін өткізіңіз
(ол үшін алдын-ала дәрігермен кеңесіп
алыңыз).
7. Күн сайын (жақсысы – күніне 2-3 мәрте)
гимнастика жасауды және спортпен шұғылдануды
ұмытпаңыз (желіп жүгіру, жаяу және велосипедпен
серуендеу, жүзу, теннис, шаңғы, коньки,
т.б.).

- Диетические кисломолочные продукты
- Диетические свойства яиц и мяса птиц
- Диетическое кормление мелких домашних животных при недостаточности экзокринной функции поджелудочной железы
- Диетическое кормление служебных собак, работающих при пониженных температурах
- Диетическое питание
- Диетическое питание
- Диетическое питание по группам крови
- Диджител маркетинг
- Дидиктические принципы и методы преподавания ИЗО в начальных классах
- Дидро. Жизнь и творчество
- Дидро и его план преобразования России
- Дидро парадокс об актере
- Диеновые углеводороды (алкадиены, или диолефины)
- Диета долгожителей