Дін және ғылым

                 Қазақстан Республикасының  Денсаулық  сақтау Министрлігі

   Оңтүстік Қазақстан  Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

Тақырыбы: Дін және ғылым

 

 

 

 

 

 

 

                                                     

 

 

                                                    Орындаған: Инаят Г

                           Тобы: 203 ФК «Б»

                           Қабылдаған: Байқабулов Қ.С

 

 

 

 

                                                    

 

 

 

 

                                                    

 

 

                                               Шымкент 2015ж

 

 

Дін жайлы түсінік


Тарихи жадыға тиесілі  адамзат тарихының  өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

     Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» . Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оныңсубстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.Құрбандық не мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.

      Адам ұжымдары қақтыгыссыз сүре алмайды. Адамдардың алғашқы бірлестіктері зорлық-зомбылықсыз, «бәрінің бәріне соғысынсыз» (Т. Гоббс) болып көрген де емес. Бастарын біріктіре тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра адамдар бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық «құмарлығын» өзіндік бір жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретінде құрбан шалу қарастырылады. Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылды. Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиеггі кездестіреміз, яғни дін де адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық құштеріне кері әрекет етіп, әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады.

Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дін адам Жанынан туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым болып табылады.

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды» .Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке лайық, мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса түсінікті нәрсе. Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты. Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және де ол адам болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да. Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын алар рөлі ерекше.

 

Дін мен ғылым.Олардың бір-бірімен байланысы

Тарихтан әлемге белгілі ақиқат: Орта ғасырларда араб елдері мен Ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия тәрізді көптеген ғылым салалары қауырт дамыды. Көп ұзамай бұл құбылыс «Ислам Ренесансы» деген атауға ие болды. Өйтпегенде ше, тіпті Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі жұмыс істеді, мұнда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударып, ғылымның ерекше түрі «фәлсафа» қалыптасты, Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар дамыта бастады. Осынау орта ғасырларда ғылымның ерекше дамуына Шығыстың, араб елдерінің, оның ішінде Орта Азия ғалымдары әл-Фарабидің, Әбу Әли ибн Синаның, Әбу Рушдтың, Бирунидің, Махмұт Қашқаридың, Жүйнекидің және тағы да басқа ғұламалардың сіңірген еңбегі өте айрықша. Қазақтың Отырар жерінде дүниеге келген Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Узлаг әл – Фарабидің жалғыз өзі 128-дей ғылыми еңбек жазды. Сол дәуірдегі ғалым-дардың қай-қайсы да Жаратқан Иеміздің құді-реті күштілігін мойындады. Әл – Фарабидің аспан денелері, дүниенің пайда болуы туралы еңбектерінде Аллаһ Тағала үнемі бірінші орында тұр. Ол өзінің «Азаматтық саясат» деген трактатында: «Бірінші (Тұлға) жөнінде – бұл Құдіретті Алла деп сену керек» деп жазады. 

ҮІІІ – ІХ ғасырда АронРашид әл Мамун ғылымының ірі өкілдерінің бірі – Мұхаммед Хорезми тіпті, Бағдатқа шақырылып, сондағы «Даналық үйінің» қайраткері атанып, «Китаб әл – Мұхтасар» деген кітап жазып, бұл шығарма ХІІ ғасырда Еуропа халықтарының тілдеріне аударылды. Хорезмдік бұл ойшыл үнділердің, парсылар мен римдіктердің математикадағы күрделібелгілерінің орнына сан белгілерін ойлап тауып, алгебраның негізін қалады және Евклид пен Птоломей ілімдерін одан әрі дамытты. Хорезмидің «Астрономиялық кестесі» теңдесі жоқ еңбек болды. Осы Мұхаммед Хорезмидің арқасында кезінде Бағдатқа Мұхаммед әл-Ферғани, Ахмед әл-Марвази және жұлдыздар туралы ілімнің негізін жасаушы Аббас әл-Жауһарилар келді. 

ХІІІ ғасырда Ислам ғылымының көптеген салалары латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады. Олардың ішінде әл-Фарабидің ғылыми еңбектері, музыка, фи-лософия, оптика, геометрия, астрономия, медицина туралы ілімдері кең тараған еді. Оны таратқаны үшін монах Рожер Бекон шіркеу түрмесінде 14 жыл қамауда отырды. Осы орайда айта кететін бір жағдай, мұсылман емес елдердің көбінде кезінде ғылыммен айна-лысқан адамдар Исламнан басқа діндерде қатты қуғындалды. Мысалы, Италиядан шық-қан философ Джордоно Бруно әлемнің ақыры болмайтынын дәлелдемек болғаны үшін жазаланып, 1600жылы тірідей өртеп жіберілді. Испаниялық философ Липель Сервет қан айналымын зерттегені үшін ХҮІІ ғасырда отқа өртеліп, өлтірілді. Галилео Галилей жердің айналатындығын дәлелдегені үшін көп уақыт бойы түрмеде отырып, жазаланды.

Осындай оқиғаларды еске алып, сарапатай келе доктор Хусейн Хамид Хассан өзінің 1995жылы Новосибирск қала-сындағы баспадан жарық-қа шыққан «Исламдағы ғылыми зерттеулердің бостандығы» атты еңбегінде былай деп жазады: «Құранды зер сала оқыған адам одан бостандыққа, ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір нәрсе таба алмас еді. Керісінше, көптеген аяттардан жерді өңдеу, Алла тағаланың жасаған нәрселерінің бә-рін адам игілігі үшін зерттеуге мүмкіндіктер берілгендігін кездестіреді. Тарихта ешқашанда Ислам мемлекеттерінде ғалымдардың еркін ойлауына кедергі болу, зерттеу мен жаңа нәрселерді ойлап табуларына тиым салатын жайттар болған емес. Керісінше, ондай адамдарға материалдық жағынан сый-сияпаттар көрсетіліп, қоғамдық ортада мәртебелерін көтеріп отырды. Ал бұл кезде Еуропада қиянат белең алып, шіркеу ғалым-дардың ашқан жаңалықтарын құдайға қарсылық деп бағалап, олардың көзін жойып отырды».Мұсылмандар арасында ғұламалардың қуғынға ұшырағандары болған да шығар. Алайда, Ислам дінінде ғұламаларды жазалау мәселесі жоқ, керісінше, біздің қасиетті дінімізде ғалымдар пайғамбарымыздан кейінгі Алла тағала ісін алға апарушылар ретінде бағаланып, оларға құрмет көрсетілді. Мұсылман елдерінде кейбір ғалымдар қуғындалса, бұл Ислам дінінің үкімімен болған іс емес, ол сол елдің билеушілері тарапынан болған адами үкім ғана.Өз заманында Әбу Райхан Бируни Құран Кәрімде айтылған су тасқынына байланысты көптеген зерттеулер жүргізсе, ағылшын археологы Леонард Ч. Вулли (1880-1960) қазба жұмыстары арқылы бұл жойқын су тасқынының болғанын дәлелдеді. Атақты саяхатшы-теңізшілер, ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген Христофор Колумб пен Васко до Гама Ислам ғалымдарының ғылыми еңбектерін пайдаланып,жер шарын аралады. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой Құран Кәріммен терең танысқаннан кейін Ислам дінін мойындап, «Мені Мұхаммедтің үмметі деп есептеулеріңді өтінемін», - деді, Карл Маркстің өзі Құранды араб тілінде оқып, оның ұлылығы мен тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады, немістің атақты ақыны Гёте: «Егер Ислам Аллаһқа мойынсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз», - деп жазып кетті. Ислам дінінің осындай ғылым, білім, руханияттағы маңызы Кеңес дәуірінде дұрыс бағаланбады, ол қоғамда Ислам ғалымдарының ірі ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерін тек материалистік жағынан ғана жақтау орын алып, дінге қатысты жақтары жасырылып, қайта оны дінге қарсы қоюға бағыт ұсталды. Сол бір атейстік идеологияның зардаптары енді – енді ғана жойылуда.

Қазір өркениетті елдердің ғалымдары «дін-адамның таным – түйсігінің дүние мен жаратылысқа деген көзқарасын айқындайтын аса күрделі де маңызды әлеуметтік – мәдени институт, ерекше қоғамдық сана», - деген пікірлер айтуда. Ал енді Ислам философиясының түсіндіруінше: «Дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін әркім өз жүрегі арқылы сезінуге тиіс. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі». Ал, Ислам дінінің қасиетті кітабы – Құран Кәрім барлық ғылымның қайнар көзі, адамды рухани кемелділікке жеткізетін Аллаһ сөзі. Белгілі бір діннің мәнімен мағынасын түсіндіруге, уағыздауға арналған кітаптар мен шығармаларды – діни әдебиет-тер деп атайтыны белгілі. Ислам дініндегі ең басты діни әдебиет – Аллаһ Тағаланың Жәбірейіл періште арқылы сүйікті пайғамбары Мұхаммедке (с.ғ.с.) бөлік-бөлігімен көктен түсіріп отырған 114 сүреден құралатын қасиетті Құран Кәрім. Кейін оған Құран Кәрімнің мәнін қосымша түсіндіріп, мұсылмандарға бағыт-бағдар беретін ережелер мен шешімдер қосылды. Олар: хадис, иджма, қияс деп аталады. 

      Құран Кәрім  – адамзатты қараңғылықтан нұрға  бастайтын құдайлық рахмет –  мейірім көзі (худ, 17 аят), ол жеке  адамдар мен қоғам үшін қажетті  құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси  – басқару, этикалық-моральдық жүйелердегі  негізгі қағидалар мен ұстанымдарды  белгілеп беруші. Ақиқаттың ұлы  Кітабы – Құран Кәрімнің әлемдік ғылымды дамытуға, адамзат баласының дүниетанымы мен көз-қарасының қалыптасуына, рухани жан-дүниесінің кемелденуіне тигізген ықпалы, қосқан үлесі, келешекте де атқара-тын қызметі өте сүбелі. Кезінде Париж Дәрігерлер Академиясының мүшесі, доктор Маурики Буалде былай деп жазғанды: «Құрандағы ғылыми болжамдардың көпшілігі хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) дәуіріндегі білімдарлар деңгейімен салыстыруға келместей ерекше терең.Демек, оны адамзат еңбегінің туындысы деу ақылға сыймайды. Сондай-ақ, Құран Алла тағала тарапынан уәхи болып түскен кітап екеніне ешбір шүбә болмасы анық. Сонымен қатар Алладан түскен күйде өзгерместен сақталғаны ешбір шүбәсіз, біз бұған кәміл сенеміз. Құранда адам қолынан келмейтіндей оқиғалар баяндалуына да айрықша көңіл бөлген жөн». Ал енді екінші бір француз ғалымы әрі жазушысы доктор Морис Букель былай дейді: «Құранды түсіну үшін адамға энциклопедиялық білім керек. Ислам дінді де, ғылымды да бір-бірінен ешқашан ажырата қарастырмағанына мен енді таңқалмаймын. Өйткені қазіргі заманда ғылым қаншалықты биік жетістікке жетсе де, дінмен одақтас болып келеді. Тіпті ғалымдар кейбір нақты ғылыми жетістіктерді тереңірек түсіндіру үшін Құранның аяттарына жүгінеді».Иә, әлемге әйгілі ғалымдардың өздері мойындап отырғанындай, Құран Кәрім – Аллаһ тағаланың сөзі, ол – бар ғылымның бастауы, дінсіз – ғылым соқыр. Олай болса, ғылым – Аллаһ тағаланың сипаты, шынайы діннің кепілі. Өзінің өнерімен әуелі Англияға, сосын Еуропа мен Америкаға танылған Кэт Стивенс Құран Кәрімнің алғашқы сүресі Фатиханың тәпсірін оқығаннан кейін оның Құдай сөзі екеніне иланып және бүкіл әлеммен байланысы бар екенін түсініп Ислам дінін қабылдайды... 17 жыл бойы еңбектеніп, араб және ағылшын тілінде «Соңғы пайғамбардың өмірі» атты альбом шығарып, онда 66 минут  бойы Ұлық пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірін жырлайды. Және де ол мұсылман болғаннан кейін есімін Юсуф Ислам деп өзгертіп, «Юсуфтың бас июі» атты кітап жазады. Ол өзінің Аллаһтың ақ жолына түскені туралы былайша сыр шертеді: Көпшілік әндерімді сүйіп тыңдайтын. Ән таспаларым, күй табақтарым көп сатылып, аз уақыттың ішінде байып кеттім. Мал-мүлік, атақ-даңқ, дүние ойын-сауық, қысқасы, адам армандайтын барлық қызықтың иесі едім. Бірақ ешқандай өзімді бақытты, сезінбедім. Нәпсінің жетегінде кетіп, ойыма келгенді істесем де жан-дүнием құлазып тұратын. Айналып келгенде, мұның бәрі рухани сұранысымды қанағаттандыра алмады. Ақиқатты және тура жолды іздей бастадым. Іздегенімді Ислам дінінен таптым.Бұл жолға келгенім де қызық. Бірде қатты науқастанып, ауруханаға түстім. Ауырып жатып, Алланың құдіретін есіме алдым. Қатерлі бұл дерттен Құдайдың құдіретімен ғана жазылдым. Қасиетті Құдыс (Иерусалим)қаласына барып келгеннен кейін, туған інімнің өтінішімен ағылшын тіліне аударылған Құранды оқып едім, алғашқы Фатиха сүресі «Мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға ғана тән» деп басталады екен. Ойға қалдым. Шынайы ақиқаттың алдында алғаш рет бас иіп, Ислам дінін қабылдадым. Ислам өмірдің, тіршіліктің және табиғат пен әлемнің барлығына үкіметкен қасиетті заң. Алланың заңы Ислам – бас ию, мойынұсыну деген сөз. Бүкіл әлем сүйіспеншілдіктен және мойынсұнудан ғана жасалған. Сондықтан бір ғана Құдай – Алладан басқаға бас имеңіздер, мойынсұнбаңыздар. Ол бар нәрсені біледі, бізді де. Өзін білуіміз үшін жаратқан. Ендеше, бұл дүниенің өткінші қызықтарына алданбаңыздар. Бұл дүние – мәңгілік емес, ахиретке арнаған егіндік қана, жемісін о дүниеге барғанда татасыздар. 

      Фатиха  сүресінде ай-тылған «Әлемдердің  Раббысы» деген сөз 18 мың әлемнің  тәрбиешісі деген мағынаны білдіреді. Адамдар бір әлем болса, жеміс және көкөністер екінші бір әлем. Басқаларын қоятұрып, осы екі әлемнің ғана бір-бірімен байланысын зерттегенде Алланың барлық нәрсені адамдар үшін жаратқанын көреміз.  Мысалы, «Әлем кітабының» кезекті бір бетін ақтарсақ, жаңғақ деген ағаштың жемісі туралы оқимыз. Адамның бас сүйегіне ұқсайтын жаңғақтың да сүйегі бар. Оны аршысақ, миға ұқсайтын дәнін көреміз. Міне, осылайша адамның басы мен жаңғақта өзара байланыс бар. Сыртқы терісі де, сүйегі де, қабыршағы да, дәні де адамның бас сүйегіне, ми қабыршағына және миға ұқсайды және бір қызығы адамның миында ғана болатын күміс, ион деген элементтер күллі тіршілік, өсімдік атаулының ішін-де тек жаңғақта ғана кездеседі. Ендеше Аллаһ Тағала миға керекті элементті адамның басы мен миына ұқсайтын жаңғақтың ішінде жаратып отыр. «Раббымыздың құдіреті және күллі әлемнің иесі» деген сөз. Осылайша Құранның табиғат кітабымен байланысын көргенде исламға еріксіз мойынсұнып, осы кітапты бас июі» деген кітабын айтып отыр)».

Нейл Армстронг 1969 жылғы 20 шілдеде «Аполлон – ІІ» экипажының астронавтары Андрин, Коллипс, Армстронг Ай планетасына барып қонды. Олардың ішінде экипаж командирі Нейл Армстронг адамзат баласының ішінде ең бірінші Ай топырағына аяқ басып, «Бүркіт айға қонды» деген атпен тарихта аты қалды. 

Осы астронавтар жерден көтерілгенде парақтары ортасынан ашылған кітапқа ұқсас денені көрсе, ертеңіне ерекше бір дауысты естиді. Нейл Армстронг айға аяқ басқанда жаңағы дауысты тағы да естіп, қайран қалады. Ол дауыс «Рабби-әл арду-дини еһдаху-иза күн әлим» деген сөздің жалғасымен бітіп, мынандай сөздермен бірнеше рет қайталанады: «Әмһәду әл-лә иләһә илла Аллаһ». Бұл дауыстардың бәрі магнитті таспаға жазып алынады.Олар жерге оралысымен магнитті таспаға жазып алынған әлгі дауыс тыңдалып, оның жұмбағын шешпек болып, бірнеше қалаға барады. Осы мақсатпен Нейл Армстронг Мысыр астанасы Каирге келгенінде айда естілген дауысты көшеде естіп, қатты таң қалып, оның нендей музыка екенін сұрағанында мысырлықтар оның азан дауысы екенін айтады. Кейін үлкен конференцияда Нейл Армстронг сөз сөйлеп, онда былай дейді:

    - Мен ғарышқа Бисмиллаһисіз шығыппын. Бисмиллаһиді қазір айтып жүрмін. Айда азан дауысын естігенім ғылыми дәлелденген ақиқат. Енді мен мұсылмандарданмын. 

Иә, Аллаһ Тағаланың құдіретінде шек жоқ. Нейл Армстронгтың айда азан дауысын естігеніне ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)мына бір хадисі нақты куә: «Сіздер азан шақырсаңыздар Аллаһ рахмет қылып жеті қат аспан есіктері ашылып, азан дауысы Аллаһтың хұзырына ашық тоқтаусыз жетіп тұрады».

 

 



 

Құран және ғылым

Адам баласы үшін шынайы өмірдің мәні ғылым – білімді игеруде жатыр. Ал, өзінің үйренген нәрсесін басқаларға үйретуден қол үзгендер –тіршілік етіп жүрсе де жансыз өлікке тең. Неге десеңіз, адамның жаратылыс мақсаты –көріп-білу, үйренгенін басқаларға үйрету. Ғылым –тура жолға салатын маңызды құрал, әсіресе ол уахиге (Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген хабар) сүйеніп одан нәр алса, онда оның таным шеңбері жер мен көктен де кеңейіп, мүлде ерекше маңызға ие болады.Атақты ғалым, физик Паскаль тылсым ақиқаттарды егжей-тегжейлі зерттеп, телескоп арқылы жарық жылдамдығымен триллион жылдық қашықтықты көргенде көз шарасы жасқа толып, тізе бүгіп тағзым еткен күйі «Иә, Аллаһ Тағалам, сен не деген ұлығсың!» деп дауыстап жіберген екен. ХІХ ғасырдың және бір неміс ойшылы Пренс Отто Вон Бисмарк: «Ей, Мұхаммед . . . Мұғалімі болып үйреніп, өзің таратқан мына кітап сенікі емес. Ол Құдайдікі. Бұл кітаптың Аллаһтан екенін мойындамау - жаратылыс тану ғылымдарын түгелдей жоққа шығарғандай күлкілі нәрсе» - дейді.Түсініп отырсыз ба? «...бұл кітапты Аллаһтан екенін мойындамау, жаратылыс тану ғылымдарын түгелдей жоққа шығарғандай күлкілі »

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Ілім жолындағы жанның өлуі - шейт» дейді.Иә, Құран бұдан 14 ғасыр бұрын түскен. Дегенмен ол «мәләй- аладан», яғни, кеше мен бүгінді, оған қоса ертеңді тегіс құдірет уысында ұстап тәспі тастарындай ойнатқан, жүйелерді басқарып, жүрек соғысымызға дейін мүлтіксіз біліп тұрған Аллаһ Тағаланың ежелгі және мәңгілік (әзәли,әбәди) ілімінен келген.Мектеп-медресе көрмеген, хат танымаған «умми» адамның жеке тұлға, отбасы, қоғам, экономика, құқық, биология, физика, астрономия, медицина, экология, метеорология, әдебиет, өнер, мәдениет т.б. күллі жаратылыстың барлық болмысын түгелдей қамтыған біртұтас нұқсансыз жүйе жасап шығуы мүмкін бе?Демек, Артур Беллегри айтпақшы: «Мұхаммед жеткізген Құран – Аллаһ тағаланың өз сөзі».Құран туралы том-томдап кітаптар жазылды, Батыс ғалымдары жаңалықты қасиетті Құраннан іздеуде. Ал, бізде ше ол ғылым үшін ертегі, әпсана, ғалымдар үшін өткеннің тарихи жазбасы болып қала беруде.Өз заманында Әбу Райхан Бируни Құран Кәрімде айтылған су тасқынына байланысты көптеген зерттеулер жүргізсе, ағылшын археологы Леонард Ч. Вулли (1880-1960) қазба жұмыстары арқылы бұл жойқын су тасқынының болғанын дәлелдеді. Атақты саяхатшы-теңізшілер, ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген Христофор Колумб пен Васко до Гама Ислам ғалымдарының ғылыми еңбектерін пайдаланып, жер шарын аралады. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой Құран Кәріммен терең танысқаннан кейін Ислам дінін мойындап, «Мені Мұхаммедтің үмметі деп есептеулеріңді өтінемін», - деді, Карл Маркстің өзі Құранды араб тілінде оқып, оның ұлылығы мен тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалады, немістің атақты ақыны Гёте: «Егер Ислам Аллаһқа мойынсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз», - деп жазып кетті.Бірақ, осы жазған мақаламда қасиетті Құран Кәрім оны адамзатқа жеткізуші Аллаһ елшісіне (с.ғ.с.) мақтау айта отырып, уақыт озған сайын жасарып келе жатқан Құран Кәрім мұғжизаларының өмірдегі көріністерінен бірнеше мысал келтіруді жөн көремін:

-«Адамдардың қолымен  жасағаны әрі істеген тірліктері кесірінен құрлық пен теңізде бүлік пайда болды» (Рун сүресі. 30-41 аят).

Осы аятқа дәлме дәл келетін мысалдар өте көп екен. Мысалы:- Осыдан екі үш ғасыр бұрын эмигранттар Австралияға тұңғыш рет кемеге тиеп сиырлар апарады. Аз уақытта сиырлардың тезегі бүкіл жайылымды былғап, қойлар, сиырлар шөп жей алмайтын күйге ұшырайды. Оның үстіне кең алқап тезектен көрінбегендіктен шыбын-шіркей атаулының қыз-қыз қайнаған нағыз отанына айналады. Осыдан экологиялық әрі экономикалық проблема туып, жыл сайын екі млн.гектар құнарсызданып, жасыл өлке жұтаң тарта бастаған екен. Бұл тығырықтан шығар жол іздеген экологтар Австралияға Африкадан сасық қоңыз әкеледі. Бір пілдің тезегін небары 7-ақ сағат ішінде сыпырып – сиырып жоқ қылатын сасық қоңыздарға сиыр тезегі бұйым құрлы болмады. Осылайша аз ғана уақыт ішінде Австралияда экологиялық тепе-теңдік қайта қалпына келеді.Тағы бір қызық мысал 50-жылдары Қытайдың бір экономист ғалымы сұр торғайларды қыру арқылы пәлен миллион тонна артық егін жинаймыз деп «жаңалық» ашады. Тұрғын халықты бір кісідей қолда бар затты қаңғырлатып торғай біткенді үркітіп барынша қондыртпауға, аспанда қанатын талдыруға жұмылдырады. Қанаты талып құлаған торғайларды жаппай қырып салады. Нәтижеде, күзде сол өлке түйір астықсыз аш қалыпты. Сөйтсе, егінді құрт-құмырсқа тып-типыл ғып кетсе керек. Ақыры қытайлар көрші елдерден торғай сатып алуға мәжбүр болған екен.

Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клеткалар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алайда, жетінші ғасырда түскен Құран Кәрімде бұл мәселе туралы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа құйылған аталық сперматозойттан жаратыланы айтылады: «Аллаһ Тағала ер мен әйел жұбын тамызылған бір тамшы шәуеттен жаратты» (Нәжім сүресі (45-46)Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетикамен микробиология ғылымдарының дамуы нәтижесінде дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін аталық клетка тарапынан айқындалады. Ал әйел ағзасы бұл жерде ешқандай рөл ойнамайды.Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әр кез қан алдырып, хадистерінде қан алдырудың пайдасын ескерткені тегін емес. Қан беру кезінде дененің қорғаныс қызметі артады, зат алмасу күшейеді. Бұлар қан берушінің өзін жақсы сезінуіне жағдай жасайды.Бұхариде Абу Хурайрадан риуаят етілген хадисте: «Күнжіт- өлімнен басқа әр дертке дауа» -екендігі айтылған. Ауырған, әсіресе сырқаттан айығып келе жатқан уақытта протейіннің мол болғаны маңызды. Сондай-ақ, нәрлі тағамдар мен дәрумендер де адамның тез сауығып кетуіне көмектеседі. Дәрігерлер сырқат кісілерге әлбетте осыларды қолдануға кеңес береді. Өйткені олар ауырған адамның күш қуатын қалпына келтіреді әрі тағамды тез сіңіруге көмектеседі. Ғылыми зерттеулер осы ерекшеліктердің барлығы күнжітте кездесетінін анықтаған.Ислам дінінде отыз күндік парыз ораза бар екендігі бәірімізге белгілі. Оған қосымша Мұхаммед (с.ғ.с.) әр айдың 14, 15,16-сы күндері сондай-ақ әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері жиі-жиі үзбей нәпіл ораза ұстаған. Ал, ашығу, ораза ұстаудың денені тазалау мен емдік қана емес, рухани тазару, сана-сезімді дамыту тұрғысынан қаншалықты пайдасы бары туралы бұл жерде айтпай-ақ қояйық.Құранда «ара» мағынасы беретін «Нахыл» сүресінің 68-69 аяттарында бал аралары жайында:

«Раббың бұл бал арасына шабыт берді: таулардын ағаштардан, адамдардың құрған омарталарынан өздеріңе үй жасаңдар. Сосын жемістердің барлығын же де, Раббыңның саған тән еткен жайылым жолдарына шық. Олардың қарнынан түрлі-түсті бал шығад, онда адамдар үшін шипа бар. Ойлаған қауым үшін мұнда бір дәлел бар екені күмәнсіз»- деп түсіндіріледі. Бүгінде ғылым: «Ең жетілген компьютер секундына 16 миллиард операцияны орындаса, бір араның миы секундына 10 триллион операция жасай алады. 500 грамм бал үшін 900 ара бір күн жұмыс істесе, бір ара 25 минутта 50 гүл, 450 грамм бал үшін 17 мың ара он млн. гүлге қонады. Ханша аралардың барлығын бақылай алатын радар жүйесі болады. Бөтен ара омартаға кіргісі келсе ханша ара радар жүйесі арқылы мұны байқап, дереу басқа араларға ескертіп, барлығы бірден 50 градустық ыстықтың жүйесін орнатып, ол араны өлтіреді екен», дейді.Иә, ғылым дамыған сайын Құран жасара бермек.

Құранның көптеген аяттарында адам баласының дүниеге қалай келетіні Аллаһтың құдыретімен ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіні туралы көп айтылады. («Муминун» сүресі (12-14-ат. т.б.) Осы аяттардағы шындықтар ХХ ғасырда ғылым мен технологияның шарықтау шегінде ғана айқындалғаны – адамды Құранға және оны түсіндіруші Аллаһқа жақындата түспеуі мүмкін емес.Осы тақырыпта айтылар сөздің салмағын бұл шағын мақала көтермейді. Адамның ауаның ағыстары бұлттардың қоюлануы, күн күркіреп, найзағайдың пайда болуы жаңбыр жаууы, жерде дәннің өсуі, күндіз бен түн, аспан-галактика-кеңеюі, бұлардың белгілі бір осьте айналуы, жер бетіндегі жұптар, теңіз бен мұхит құпиялары, бал арасы мен құмырсқаның таңғажайып әлемі, құстардың қалай ұшатындығы, жануардың желініндегі сүт, адамның құрсақта пайда болуы, даму сатылары т.б. айтып тауысқысыз мың сан мәселелерді өзіне тән ерекше стиль арқылы өте көркем, әрі ғажап түрде баяндаған.Құранға терең үңіліп қарар болсақ ондағы мәліметтердің маңыздылығын, ескірмейтіндігін көреміз, бұған қоса әрдайым ғылым салалары әбден дамығанда ғана анықталатын ең соңғы межені көздегенін байқаймыз.

Ғылым – бақытты болатындығымызға кепілдік беріп, бізді адамдықтың шыңына ғана бастаса пайдалы екендігі ал, адам баласына үрей туғызып, қорқынышты түс ұялататын ғылым мен технология адамзаттың шынайы даму жолына кедергі келтіретін қараңғылық қана екені белгілі.Сондықтан да, кемеңгер А.Энштейн: «дінсіз ғылым – соқыр, ғылымсыз дін - ақсақ» екенін дәлдесе, қазақ ақыны М.Мақатаев: «дін – ғылымының анасы» деп жырлап – Ұлы Абай атамызӘуелі Аят, Хадис - сөздің басы 
Қосарлап бәйтсымал келді арасы.Қисынымен қызықты болмаса сөз неге айтқан Пайғамбар мен оны Алласы - деп сөздің басы Аят, Хадис екенін оның қисынын (логикасын яғни ғылыми мәнін) уағыздап:Алланың өзі де рас,  
Сөзі де рас Рас сөз ешқашанда жалған болмас!-депті.Баршамызға Раббым сол расты толық түйсінуге нәсіп етсін! Әмин!

Тарихтан әлемге белгілі ақиқат: Орта ғасырларда араб елдері мен Ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия тәрізді көптеген ғылым салалары қауырт дамыды. Көп ұзамай бұл құбылыс «Ислам Ренесансы» деген атауға ие болды. Өйтпегенде ше, тіпті Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі жұмыс істеді, мұнда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударып, ғылымның ерекше түрі «фәлсафа» қалыптасты, Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар дамыта бастады. ХІІІ ғасырда Ислам ғылымының көптеген салалары латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады, мұсылман емес елдердің көбінде кезінде ғылыммен айналысқан адамдар Исламнан басқа діндерде қатты қуғындалды. Осындай оқиғаларды еске алып, сараптай келе доктор Хусейн Хамид Хассан өзінің 1995жылы Новосибирск қаласындағы баспадан жарыққа шыққан «Исламдағы ғылыми зерттеулердің бостандығы» атты еңбегінде былай деп жазады: «Құранды зер сала оқыған адам одан бостандыққа, ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір нәрсе таба алмас еді. Керісінше, көптеген аяттардан жерді өңдеу, Алла тағаланың жасаған нәрселерінің бәрін адам игілігі үшін зерттеуге мүмкіндіктер берілгендігін кездестіреді. Тарихта ешқашанда Ислам мемлекеттерінде ғалымдардың еркін ойлауына кедергі болу, зерттеу мен жаңа нәрселерді ойлап табуларына тиым салатын жайттар болған емес. Керісінше, ондай адамдарға материалдық жағынан сый-сияпаттар көрсетіліп, қоғамдық ортада мәртебелерін көтеріп отырды. Ал бұл кезде Еуропада қиянат белең алып, шіркеу ғалымдардың ашқан жаңалықтарын құдайға қарсылық деп бағалап, олардың көзін жойып отырды». Ислам дінінің осындай ғылым, білім, руханияттағы маңызы Кеңес дәуірінде дұрыс бағаланбады, ол қоғамда Ислам ғалымдарының ірі ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерін тек материалистік жағынан ғана жақтау орын алып, дінге қатысты жақтары жасырылып, қайта оны дінге қарсы қоюға бағыт ұсталды. Сол бір атейстік идеологияның зардаптары енді – енді ғана жойылуда.Қазір өркениетті елдердің ғалымдары «дін–адамның таным – түйсігінің дүние мен жаратылысқа деген көзқарасын айқындайтын аса күрделі де маңызды әлеуметтік –мәдени институт, ерекше қоғамдық сана»,–деген пікірлер айтуда. Ал енді Ислам философиясының түсіндіруінше: «Дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім.

 


Дін және ғылым