Дәрісіз емдеу
МАЗМҰНЫ:
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. ..............2
Жалпы дәрісіз емдеу жайлы
- Сүлікпен емдеу.........................
.............................. ............................3
3.1. Алгоритмі, Гирудотерапия.................
4) Қыша қағаздарын қою...........
5) Компресс қою арқылы
емдеу.........................
5.1. Жылы компрессті қою әдісі.....
5.2. Суық компресс.................
5.3. Ыстық компресс қою............
5.4. Ылғалды қыздыру және
дәрілік компресстерді қою.....
6) Жылытқышты қолданудағы мейіркештік сатандарт.....................
7) Мұзды мұйықты қою әдісі.......
8) Оңқа қою...........................
9) Сумен емдеу процедурасы.......
10) Қосымша сұрақтар:
10.1. Тест сұрақтары.....................
10.2. Сөзжұмбақ.....................
10.3. Бақылау сұрақтары.....................
10.4.Терминологиялық диктант.......................
11) Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе.
Дәрісіз емдеу.
Терінің ішінде нерв талшықтардың көп болғандықтан рефлекс арқылы қан айналасына әсер етуге болады. Нерв рецепторлары жылымен тітіркендіргенде –қан тамырлары кеңейеді, ал суықпен тітіркенсе тамырлары жіңішкереді. Жылы процедуралар ауырғаның басады.
Жылының әсері барлық ағзаға таралмайды, терең тіңдерге әсер етеді.
Ағзаның суыққа әсері 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде тамырлар жіңішкеріп тері бозарады суық болады, құан ішкі мүшелерге қарай ауысып, ауырғаны басылдады.
Екінші кезең бір минуттан кейін басталады, тамырлары кеңейіп тері қызарып жылынады.
Үшінші кезеңде терісі көкшіл – қызыл болып мұздайды, тері қабаты қаздың терісі секілді болады.
Суық процедуралырдың әсері дененің сыртқы қабаттарына жайылады. Дәрісіз емдеу әдісі рефлекс арқылы бүкіл ағзаға әсер етеді.
Дәрісіз емдеу процедураларына жатады: қыша, оңқа, сүлік, мұздатқыш, жылытқыш, емдеу ванналары, массаж т.б.
Сүлік туралы аңыз
Медициналық сүлік
ретінде қолданылатын
СҮЛІКТІ ҚОЮ ТӘСІЛІ.
Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.
Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.
Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.
Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсіндінің аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тәрізді), құйымшақ айналасы, самай аймағы.
Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинцеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
- Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз.
- Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
- Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.
- Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.
- Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.
- Теріні құрғатыңыз.
- Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.
- Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.
- Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.
- Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.
- Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.
- Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды).
- Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.
- Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.
- 30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі.
- Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз.
- Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз.
- Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).
- Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
- Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
- Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.
Ескерту:
- сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;
- сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;
- асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;
- сүлікті бір рет қана қолданады.
Гирудотерапия – сүлікпен емдеуді осылай атаған. Қазіргі таңда кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда, герентологияда кеңінен қолданылып, күретамыр және қан тамыр ауруларына, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома секілді ауруларға таптырмас емге айналды. Тіпті соңғы кездері адамдар сүліктің көмегімен арықтап, адам жасын жасартатын «сиқырлы емші» ретінде де пайдалануда. Сүлікті қажет деген жерге тек арнайы маман ғана салады. Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры адамның артық арам қанын сорып алып, қан айналысын жақсартатын артықшылығына қоса, тағы бір кереметтілігі оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде. Түрлі ферменттермен қатар қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты артықшылығы болып саналады. Ол бір сағат ішінде адамның 15 мл-дей қанын сорып алады, одан соң өзі ажырайды.
ҚЫША ҚАҒАЗДАРЫН ҚОЮ.
Қышаны дененің жапсырылған тұсы қызарғанша (әдетте 5-10 минут) ұстайды. Алғаннан кейін денеге жабысып қалған қышаны жылы сумен шайып, содан кейін ептеп сүртіп тастайды, тері қатты қызарған болса, ол жерге вазелин жағады. Қышаны қолдан дайындау үшін оның құрғақ ұнтағын (балалар үшін оны жартылай бидай не картоп ұнымен араластырады) жылы су қосып, қою ботқа болғанға дейін араластырады. Дайын ботқаны нығыздау матаға 0,5 см қалындықпен жағады. Содан кейін бетіне шүберек салып денеге жабысқанша саусақпен басып ұстайды не бинтпен таңып тастайды. Тыныс жолдары қабынғанда қышаны кеуде тұсқа (кеуденің дал ортасына) және балтырға, бронхит кезінде кеуденің бір не екі жағына, гипертонияда желкеге қояды. Тері ауруларымен ауырғанда қышаны пайдалануға болмаңды.
Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.
Іс-әрекет алгоритмі:
- Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
- Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
- Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).
- Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.
- Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).
- Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.
- 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).
- Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.
- Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
- Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.
- Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Ескерту:
- қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;
- қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;
- емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға деиін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.
КОМПРЕСС
Науқас адамға компрестің тигізетін әсері қыша мен банка қоюдан кем емес. Компрестің бірнеше түрі болады : жылы, ыстық және мұздай.
КОМПРЕСТІ
МЫНАНДАЙ АУРУЛАРҒА
- буын ауруларына ;
2) өкпенің сыртқы шел қабығы қабынғанда ;
3) әйелдердің емшектері қабынғанда ( мастит ) ;
4) ине салу салдарынан ісік пайда болғанда ;
5) буынның сіңірі созылған жағдайда ;
6) егер дене зақымданса ( травма ) , онда зақымданған жерге бір тәуліктен кейін компресс қойылады.
КОМПРЕСТІ ҚОЮҒА БОЛМАЙТЫН АУРУЛАР:
- тері аурулары болса ;
- науқастың дене қызуы жоғары болса ;
- егер теріде іріңді жаралар ( карбункул, фурункул ) болса.
ЖЫЛЫ КОМПРЕСТІ ҚОЮ ӘДІСІ
ЖЫЛЫ КОМПРЕСС ( СОГРЕВАЮЩИЙ ). Жылы крмпресс ұзақ уақыт қан тамырлары мен лимфаларды кеңейтіп, қан мен лимфа айналысын жақсартады. Сөйтіп, ішкі органдардың да жұмысын жақсартуға септігін тигізеді.
Жылы компресті дайындау үшін, әуелі 8-10 қабат дәкені дайындап алып, компресс жасайтын ерітіндіге батырады, сонан соң сығып алып теріге қояды. Үстіне арнаулы қағаз салып, оның үстіне бір қабат мақта қояды да бинтпен таңып тастайды. Компресс салынған жерде 8 сағат тұрады. Компресс жасайтын ерітінділердің түрлері: камфора майы ( 2 ас қасық камфора майына жарты литр су қосады ) , вишневский майы, вазелин немесе өсімдік майларының қандайын болса да пайдалануға болады. Ал 45 процент этил спиртін пайдаланып компресс қойса, басқалардай емес ол тезірек кебеді. Сондықтан спиртті 4-6 сағат ішінде алу керек.
Жылы компресті қоюға қажет заттар :
- жылу өткізбейтін материал (түкті мата, мақта, жүннен тоқылған орамал) ;
- ылғал өткізбейтін зат ( клеенка, арнаулы қағаз ) ;
- мақта ;
- бинт ;
- 8-10 қабат дәке ;
СУЫҚ КОМПРЕСС
Суық компресс қан тамырларын тарылтып, нерв талшықтарының сезінгіштігін азайтады.
СУЫҚ КОМПРЕСС ҚОЙЫЛАТЫН АУРУЛАР:
- дене жаңадан зақымданғанда ( трамва, ушиб );
- буын немесе сіңір зақымданғанда ;
- мұрыннан қан кеткенде ;
- бас ауырғанда.
Суық компресті әрбір 2-3 минутта ауыстырып тұру керек. Әдетте суық компресті екі дана етіп дайындаған дұрыс. Біреуін қойған кезде екіншісі мұздай суда тұруы керек.
Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.
- Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
- Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
- Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.
- Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.
- Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.
- Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.
- Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.
Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.
ЫСТЫҚ КОМПРЕСС
Ыстық компресс жасау үшін алдымен 2-10 қабат дәке дайындап алады. Сонан соң оны 60-70 ° С ыстық суға батырып сығып алады да тиісті жерге қояды. Компрестің сыртынан клеенкамен және мақтамен жауып 10 минуттай тұру керек. Немесе клеенканың сыртынан жылытқышпен ( грелкамен ) , кейде жүннен жасалған қалың матамен жабады. Ыстық компрестің басқа компрестен айырмашылығы – оны бірнеше минут қолмен басып тұрып, салқындаған кезде ауыстырып отыру керек.
ЫСТЫҚ КОМПРЕСТІ МЫНА АУРУЛАРҒА ҚОЛДАНАДЫ:
- мигрень ( сақина ) яғни ми қан тамырлары тарылғанда ;
- өт жолдарының қызметі нашарлағанда ;
- бұлшық етке суық тигенде ( миозит ) ;
- буын ауруларына.
ЫСТЫҚ КОМПРЕСТІ ҚОЮҒА БОЛМАЙТЫН АУРУЛАР:
- науқас іш бүлігіне ұшырағанда ( острый живот ) ;
- науқастың миына қан құйылғанда ( инсульт ).
Дайындаңыз: ыстық (t-60-700С) суы бар
ыдысты, су термометрін,
- Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.
- Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.
- Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
- 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.
- Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.
- Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.
- Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).
- Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
- Науқасты жылы жабыңыз.
- Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
ЫЛҒАЛДЫ Қыздыру және дәрілік компресТерді қою
Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.
Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.
Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.
Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.
Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты.
- Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.
- Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
- Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.
- Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.
- Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.
- Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.
- Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).
- Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.
- Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).
- Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.
- 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
- Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.
- Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.
Ескерту:
- егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;
- спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;
- компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;
ЖЫЛЫТҚЫШТЫ
ҚОЛДАНУДАҒЫ МЕЙІРКЕШТІК
Жылытқыш жазық бұлшық
еттерді босатып, ішкі мүшелерге
қанның толуын күшейтеді, сондықтан ауырғанын басылуына
әсер етеді. Жылытқышты ауырған және көгерген
жерге қойса, жылудың әсерімен ауырғаны
басылады. Медицинада резеңке қалтадан
жасалған және электр жастық жылытқыштары
қолданылады.
Көрсеткіштері:
- Дененің әр түрлі бөліктерін жылыту үшін
- Жалпы жылыну үшін
- Созылмалы гастрит және колит ауруында(ауырсынуды басу үшін)
- Гипертоникалық кризде
- Бүйрек ұстамасында
- Гематоманы емдеу үшін
- Радикулитте
- Буындардың қабынуында
- Тері және майлы қабаттың қабынуларында
Қарама - қарсы көрсеткіштері:
- Іштің түсініксіз ауырсынуы
- Жедел аппендицитте
- Жедел холециститте
- Жедел панкреатитте
- Перитонитте
- Қан кеткенде
- Терінің зақымдануында
- Іріңді жараларда
- Маститте
- Дене қызуы көтерілгенде
- Қатерлі ісіктерде
- Ессіз пациенттерге қолдануға болмайды.
Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.
Жабдықтар:резеңке жылытқыш(1.5-2), су температурасы (60-70С), жеке орамал, 1% хлорамин ерітіндісі бар ыдыс, жылытқышты өңдейтін екі дәке, су температурасын өлшейтін термометр.
Процедура барысы:
- Пациентпен сенімділік қарым қатынас жасау, процедураның мақсатын, жүрісін түсіндіру.
- Керекті жабдықтарды дайындау.
- Ыстық суды (600С) жылытқышқа құю.
- Жылытқыштың жоғарғы бөлігін қысып ауаны шығарып бұрандасын жабу.
- Жылытқышты бір жағына бұрайды.
- Төмен ұстап құрғатып сүрту.
- Жылытқышты орамалмен пациентке беру.
- Жылытқышты керекті жерге 20 минутке қою.
- Жылытқышты алып, суын төгу.
- Пациенттің терісін қарап, ығғайлап жатқызу жылылап көрпе жабу.
- Қолды жуып, резеңке қолғапты кию.
- Жылытқышты 1% хлорамин ертіндісімен өңдеу(екі рет аралығы15мин).
- Сумен жуып, құрғату арнайлы жеріне қою.
- Қолғапты шешу, қолды жуып құрғату.
Мұзды мұйықты қолдану
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
Іс-әрекет алгоритмі:
- Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
- Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
- Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
- Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
- Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
- Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.
- Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.
- Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.
- Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.
- Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.
- Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

- Дәріс конспектісі.Өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмалар
- Дәрістер кешені
- Дәріхана гигиенасы
- Дәрумендер (витамин)
- Дәрумендердің қуатты күші Адам ағзасын сауықтырып, жасартады
- Дәрумендер және олардың пайдасы
- Дәстүрден тыс әдістерді пайдаланып сурет салу
- Дәрілерді қолдануда туындайтын аурулар
- Дәрілік заттардың айналымындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу
- Дәрілік заттардың әсері ағзаның қасиеттеріне байланыстылығы
- Дәрілік заттың химиялық құрылымы
- Дәрілік өсімдіктер
- Дәрілік өсімдіктер
- Дәрілік түрлер технологиясының қысқаша тарихы