Еңбек психологиясы, дау-дамай

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Еңбек психологиясы, дау-дамай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Ағыбай Шолпан

                                                               Тексерген: Турниязова Ж.Қ    

 

 

 

 

Алматы 2014 ж.

Мазмұны:

 

1.  Дау-дамай  туралы  түсінік  және  оның объектілері.......................................................................

 

2.   Дау-дамайдың  жіктелуі...........................................                                                                              

 

3.  Дау-дамайды  ретке  келтіру  принциптері  мен  себептері.........................................................................                             

 

4.  Дау-дамайдың  динамикасы.....................................

 

5. Дау – дамай  тудырушы  тұлғалардың  сипаттары...                        

 

6. Наразы  типтің  жанжалкеш.......................................                                                              

 

7.  Даудың  дамуына  бейімделген  типтік  мінез-құлық реакциялары  ....................................................................

 

8.  Өндірістік  дауды  басқару, дауда  өзін-өзі  ұстаудың  негізге  стильдері........................................................

 

9. Дауды шешудің  негізгі әдістері................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  Дау – дамай  -  өзінің  шешілуін  талап  ететін  және  оны  жеңуге  бағытталған  белсенділікті  келіп  шығаратын  адам  үшін  маңызды  психологиялық  мәселе  ретінде  қабылданатын  қарама  -  қайшылық.

Дау – дамай  -   жақтардың (тараптардың) өзара  әрекет  процесінде  келіп  шығатын маңызды  қайшылықтардың  шешілуінің  ең  өткір  тәсілі.

Дау – дамайдың  негізгі  функциялары:

  • белгілі  бір  психологиялық  жүйенің  (адамның,  топтың, ұйымның,  қоғамның),  әлеуметтік  субъекттің  тіршілік  әрекетіндегі  проблемалар  мен  қайшылықтардың  айқындалуы;
  • берілген  әлеуметтік  субъекттің (психологиялық жүйенің)  қайшылықтары  мен  оның  дамуының  шешу  жолдарын  анықтау.

Дау – дамайдың  басқа  функциялары:

  • белгі  беруші  функция  -  дау – дамайды  қоғамның  белгілі  бір  жағдайының  көрсеткіші  ретінде  сипаттайды;
  • ақпаратты  функция  -  жүйедегі  сәтсіздіктің  себептерінің  көрінуі  және  айқындалуы;
  • дифференциялаушы  функция -  әлеуметтік  күштердің  дауындағы  әрекетке  қатысушыларды  қайта  топтау  мен  қайта  бағыттауды  көрсететін  әлеуметтік  дифференциация  процесі;
  • динамикалық  функция  -    әлеуметтік  прогреске  мүмкіндік  туғызу; мұнда  дау  жиналған  қайшылықтардың   дамуының  бастапқы  нүктесі  және  оның  шешу  тәсілдері  ретінде  қаралады.

Дау – дамайдың  объекті  үш  түрге  бөлінеді:

  • бөліктерге  бөліне  алмайтын  объектілер;
  • дау – дамайдың  қатысушыларының  арасында  түрлі  пропорцияларға  бөліне  алатын объектілер;
  • дау – дамайдың  екі  қатысушысы  да  бірге  иелік  ете  алатын  объектілер  - «алдамшы  дау – дамай»  жағдайы;

Дау – дамай  мынадай  белгілермен  сипатталады:

  • қайшылықтардың  болуы;
  • қайшылықты  жеңуге  бағытталған  белсенділік;
  • қайшылықты  шешуді  талап  ететін  маңызды  мәселе  ретінде  түйсіну.

Дау – дамайдың  негізгі  элементтері:

  • инцидент (ақпаратты)  -  өзара  әрекеттесуші  субъекттердің  ең  болмаса  біреуіне  өз  мүддесінің  басқа  қатысушылардың  мүддесінен  айырмашылығын  көрсетуге  көмектесетін  жағдаят;
  • инцидент (әрекеттік)  -  бағыт-бағдар  құндылықтары  мен  мүдделерінің  әр   түрлілігі  үшін  қарсы  тұрушы  әрекеттерді  жариялау  үшін  сылтау;
  • дау  -  дамай  жағдаяты  -  нақты  бір  уақыт  кезеңінде  даудың  дамуы;
  • дау - дамайдың  субъекті - индивид  немесе  индивид  тобы  болып  табылатындаулы  өзара  әрекетке  қатысушылар;
  • дау  -  дамайдың  предметі  -  даулы  өзара  әрекеттер  тудыратын  айырмашылықтары  бар,  нақты  мүдделер  мен  бағыт – бағдар құндылықтары.

Дау – дамайдың  жағдаяттарын  анықтайтын   шарттар:

  • техникалық  шарттар:  топтағы  лидерлер  саны,  топтардың  ұйымдастырылуы  мен  бірігуі  дәрежесі  және т. Б,;
  • саяси  шарттар:  тәуелділік  пен  билік  қарым-қатынастары  арқылы  анықталады;
  • әлеуметтік  шарттар: топ  ішіндегі  коммуникация  жүйесі, өзара  түсіністік  деңгейі;
  • психологиялық  шарттар:  дауласушы  жақтардың  тұлғалық  ерекшеліктері.

 

2. Дау – дамайлар  жіктеледі:

  • қатысушылар  саны  бойынша  -  жаппай  және  жұп;
  • ұзақтығы  бойынша  -  қысқа  мерзімді  және ұзаққа  созылған;
  • көлемі  бойынша  -  кең  көлемді  қамтитын,  дауға  кім  қатыса  алса,  соның  бәрі  тартылады (барлық  тұрғындар, ұйымның  барлық  жұмысшылар),  және  парциалды,  дауға  небәрі  бірнеше  субъект  ғана  қатысады (ұйымның  екіжұмысшысының  арасындағы  дау);
  • даулар  мәртебесінің  ара қатынасы  бойынша - вертикальді  және  горизонтальді;
  • танылу  сипаты  бойынша  - іскерлік (көңіл  көбірек  кофликт  предметінебөлінеді)  және  эмоциялық, бұл  жағдайда  даудың  предметі қарсы  тараптың  жазғырулары,  реніштері,  шамданушылықтарына  «батады»;
  • қарсы  әрекет  өріс  алатын іс-әрекет  немесе  қарым –қатынас  сферасы бойынша  -  өндірістік (іскелік, қызметтік),  тұрмыстық,  отбасылық,  саяси,  әскери,  қылмыстық  даулар;
  • жеңу  үшін  қажетті  шарттары  боынша  -  оңай  шешілетін  даулардан  шешілмейтін  дауларға;
  • салдарлары  бойынша  -  асқынулармен  және  асқынуларсыз.

 

3.  Дау – дамайдың  себептерінің  түрлері:

  • әлеуметтік  психологиялық  себептер: топтағы, ұйымдағы  кейбірадамдардың  өзінің  тұрмыс  жағдайына  қанағаттанбаушылығы;
  • моральдік – этикалық  себептер:  берілген  топтар  мен ұйымдардың  құндылықтары  мен  қоғамдық  нормаларын  мойындамау;
  • ұйымдық  сипаттағы  себптер:   қол  астындағылар  мен  басшылардың  өзара  қарым – қатынасы  мәселелері;ақпаратты  факторлар  бойынша  даулардың  себептері:

бір  объект  жайындағы толық  емес  дәйектер;

    ақпаратты  орынсыз  жария  ету;

еріксіз (немесе  саналы) қате  ақпарат;

  • құрылымдық  факторлар  бойынша  даулардың  себептері:

билік  заңдылығы  мәселелерінің  екіұштылығы;

субординация  мәселелерінің екіұштылығы;

меншік  мәселеріндегі  түсініксіздіктер;

  • дау – дамай  факторларының  құндылықтары:

топтардың  мінез – құлық   нормаларының  бұзылуы;

кәсіби  құндылықтардың  бұзылуы;

  • қарым – қатынас  факторлары:

арадағы  бар  қарым – қатынасқа  қанағаттанбаушылық;

өзара  қарым – қатынастар  мақсатының  сәкессіздіктері;

  • мінез – құлық  факторлары біреудің  мінез – құлқы  біреудің  қауіпсіздігіне  қатер  төндіреді,  біреулер  үшін  ыңғайсыздық  тудырады.

М.Х.Мескон, М.Альберт  және Ф.Хедоурндар  өндірістік,  ұйымдық  даулардың  негізгі  себептерін  көрсетеді:

  • ұйымдағы  ресурстардың (қаржы) бөлінуі  мәселелері:
  • мақсаттардағы  айырмашылықтар: ұйымның  ішінде  мамандандыру  қанша  көп  болса,  өзара  түсініспеушілік  те  сонша көп болады, демек  әрбір  құрылымдық  бөлімшелердің  өз  мүдделері  болады;
  • құндылықтарды  түсіну  айырмашылықтары;
  • өмірлік  тәжірибе  мен  мінез – құлық  мәнеріндегі  айырмашылық;
  • қызметтес  тараптардың  өзара  түсініспеушіліктеріне  алып  келетін  қанағаттанарлықсыз  коммуникация.

Дауды  реттеу  мәнісі  -  тоғысқан  мүдделерді  көру  және  қанағаттандыру  немесе  оларды  ажырату.

Реттеу  мақсатындағы  дауды  талдау  үшін  құрылымды  элементтер  болып  табылады:

  • жанжалдасушы  тараптар  құрамы  және  басқа  қатысушылар  ( жанашырлар, шағыстырушылар,  жарастырушылар,  кеңес  берушілер,  кінәсіз  құрбандар  және  т.б.);
  • келіспеушілік  аймағы - даудың  предметі, дәйек  немесе  наразылық  тудырушы  мәселе;
  • әр  бір  қатысушыға  жазбаша  түрде  жағдай  жөнінде  мәлімдеме  жасалады;
  • мотивтер  (саналы, санасыз,  рационалды,  иррационалды);
  • дауласушы  тараптар  әрекеті  -  бір  мезгілде  орындалмайтын  мотивтер  мен  мақсаттардың  нәтижесі,  наразылықтардың  болуы.

 

Реттеу  процесінің  басталуы  үшін  бір  қатар  принциптер  мен  шарттарды  сабақтау  қажет.  Бұларға  жатады:

  • реттеуге  тараптардың  өз  еріктерімен  қатысу  принципі.  Реттеу  процесін  қосуға  немесе  қолдауға  мүмкіндік  береді;
  • құпиялық  принципі  -  ізгі  қатысушылардың  (ниеті  түзу)  дауды  реттеу  барсында  және  даудың  жайылып  кетпеуін  қалайтын  шарттары  ретінде;
  • тараптардың  белсенділік  принципі  -  дауласушылардың  шынайы  мүдделеріне  жетуге  және  сындарлы  реттеуге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді;
  • делдалдың (медиатордың)  бейтараптық  және  әділдік  принциптері -  реттеуге  қол  жеткізудің  маңызды  шарттары.

Дауды  табысты  реттеу  ережелері:

  • дау жағдайының бар екендігін  мойындау, оппоненттің (қарсы  сөйлесеуші) дәйек  және  құдылық  ретінде  бар  екендігін  мойындау.  Бірақ  бұл  олар  тарапынан  ұсынылған  талаптардың  мүлдем  әділдігін  мойындауды  білдірмейді;
  • әр бір  тараптардың  қарсылық  және  келіспеушілік  пен  айырмашылық  дәйектерін  қабылдау;
  • сәйкес  келмейтін  мүдделердің  мазмұны  жайында  анық  бір  көрініс  болуы  керек  (мүдделердің  екіұшты,  араласқан  мәні  дауды  реттеуге  жинақталуға (бір  тотамға  келуге) мүмкіндік  бермейді);
  • белгіленген  жалпы  мінез – құлық  нормалары  мен  ережелерін  қабылдауға  тараптарды  дайындау.  Бұл  нормаларды  сақтау  келіссөз  барысында  да,  кейінгі  жағдайларда  да  олардың  арасындағы  қарым – қатынасты  қолду  немесе  сақтауды  қамтамасыз  етеді.

Конфликтолог  даудағы  келіссөз  процесіне  және  делдалдыққа  кіріспес  бұрын  мыналарды  білуі  қажет:

  • дауға  тікелей  кім  қатысады (жеклеген  адамдар, ұйымдар)  және  кім  қандай  жақтарды  қолдайды;
  • дау  -  жанжал  негізінде  не  жатыр,  қарсы  сөйлеушілерді  не  бөліп  жатыр,  олардың  қандай  талаптары  бар  және  қарсы  күрестің  себептері  қандай;
  • дау (оның  тарихы)  қайсы  кезеңде  тұр,  реттеуге  шара  қолданылды  ма,  жоқ,  әлде  оған  әрекет  жасалынды   ма (егерде  әрекет  болған  болса,  оның  орындалмауының  себептері  және  қандай  жақсы  нәтижелер  бар);
  • нақты  жағдайдағы  мүдделер,  мәселелер,  ұстанымдар  мен  ұсыныстар  арасында  қандай  айырмашылық  бар.

 

4.  Дау – жанжал  динамикасында  мынадай  дәуірлер  мен  кезеңдерді  бөліп  көрсетуге  болады:

  • объективті  проблемалық  жағдайлардың  келіп  шығуы:

өзара  әрекет  субъектінің  объективті  проблемалық  жағдайды  сезінуі;

бұл  жағдайды  жанжалсыз  тәсілмен  шешуге  тараптардың  әрекеті;

даудың  алдындағы  жағдайдың  келіп  шығуы;

  • инцидент  -  тараптардың  алғашқы  қақтығысы,  мәселені  өз  пайдасына  күшпен  шешуге  әрекет;
  • даудың  ушығуы (эскалация)  -  қарсы  сөйлеушілердің  күресінің  бірден  қарқындылануы;
  • қарсы  әрекетті  баланстандыру - тараптар өзара  әрекетті  жалғастырады,  бірақ  күрестің  қарқыны  төмендейді;
  • даудың  аяқталуы - даулы  қарсы  әрекеттен  мәселенің  шешімін  қарастыруға  және  дауды  бітіруге  өту.

 

5. Дау – дамай  тудырушы  тұлғалардың  сипаттары:

  • өзінің  психикалық  сипаттары  бойынша  өз  серіктесінен қатты  айырмашылықтары  болады;
  • қарым – қатынастың  психикалық  мәдениетінің,  жалпы  мәдениеттің  жеткіліксіздігі  бойынша;
  • сол  адамның  дау – дамайлық  жағдайының  жалпы  деңгейі.

Ф.М.Бородкин  мен  Н.М.Коряк  дауды  тудырушы  (даукеш, жанжалкеш) тұлғалардың  мынадай  негізгі  типтерін  көрсетеді:

  • наразы  типтің  жанжалкеш  тұлғасы;
  • ригидті типтің  жанжалкеш  тұлғасы;
  • басқарылмайтын  тип;
  • өте дәл  тип;
  • мақсатты  тип;
  • «конфликтсіз»  типтің  даукеш тұлғасы.

 

6. Наразы  типтің  жанжалкеш  тұлғасы  мынадай  мінез – құлық  ерекшеліктерімен  сипатталады:

  • үнемі  зейін  орталығында  болуды  қалайды;
  • бақаларға  болған  қарым – қатынасы  олардың  өзіне  қалай  қарайтыны  бойынша  анықталады;
  • жанжалға  тез  барады;
  • рационалды  мінез – құлық  өте  аз  білінеді, эмоциялы - қызбалық  -  өте  жоғары;
  • өзінің  іс - әрекетін  нашар  жоспарлайды;
  • ауыр,  жүйелі  жұмыстан  қашады;
  • даудан  қорықпайды  және  өзін  мұнда  сенімді  сезінеді;
  • ол  жиі  жанжалдың  көзі  болып  табылады,  бірақ  өзін  олай  санамайды.

Ригидті  типтегі  жанжалкеш  тип:

  • күдікті;
  • өзін - өзі  аса  жоғары  бағалайды;
  • әрдайым  өзінің  жеке  маңыздылығын  құптауды  талап  етеді;
  • бірбеткей және  иілмейді, нақты  жағдайларды  есепке  алмайды;
  • біреудің  көзқарасын  зорға  қабылдайды;
  • өте  ренжігіш.

Басқаруға  көнбейтін  жанжалкеш  тип:

  • қызба  өзін  нашар  бақылайды;
  • болжап  болмайтын  мінез-құлық  иесі;
  • жиі  шамданады, өзін  агрессивті  ұстайды;
  • өз  маңыздылығын  құптауды  үнемі  талап  етеді;
  • өзінің  сәтсіздіктерінде  басқаларды  кінәлағанды  жақсы  көреді;
  • өз  іс-әрекетін  жоспарлай  алмайды;
  • бұрынғы  тәжірибелеріндегі  қателіктерден  сабақ  алмайды.

Өте  дәл типтің  даугенді  тұлғасы:

  • өз  жұмысына  асқан  дәлдік  иен  қарайды;
  • өзіне  жоғары  талаптап  қояды;
  • айналасындағыларға  да  өте  талап  қойғыш;
  • өте  жоғары  мазасыздануға  ие;
  • ұсақ-түйектерге  сезімтал,  өте  мән  бергіш;
  • өзінің  асқан  дәлдігі  мен  күдіктілігінен зардап  шегеді (ұйқысыздық,  бас  аурулары  жиі  мазалайды).

«Даусыз»  типтің  даукеш  тұлғасы:

  • бағалауда  және  пікірлеуді  тұрақсыз;
  • оңай  иландырушылық  қасиетке  ие;
  • мінез-құлқы  тиянақсыз;
  • берілген  жағдайда  бір  сәттік  табысқа бағдар  жасайды;
  • лидерлердің  пікіріне  тәуелді;
  • ымыраға  артықтау  талпынады.

Тұлғаның  мақсатты  даукеш  типі:

  • дауды  өзінің  мақсаттарына  жетудің  басты  құралы  ретінде  қарайды;
  • дауды  жиі  өршітеді;
  • өзара  қарым-қатынастарда  қулық  жасауға  бейім;
  • дауда  рациоаналды  әрекетт  жасайды, қарсыластарын  бағалайды;
  • дауда  мінез-құлық  техникасын  меңгерген;

 

7.  Даудың  дамуына  бейімделген  типтік  мінез-құлық реакциялары:

  • серіктесін  бөліп  жіберу;
  • жеке  жаратпаушылық  қасиетін  саналы  және  санадан  тыс  көрсету;
  • ұсақ  ілінісулер;
  • серіктесін  кемсіту,  серіктесін  тұлға  ретінде  кемсіте  бағалау;
  • серіктеске  жаман  пиғылмен  айтылған  күдік;
  • сұхбаттасының  дұрыстығын  немесе  өзінің  қателерін  мойындауды  қаламау; 
  • үнемі  өзінің  көзқарасын қыстырмалау  және  серіктесіне  қысым  жасау.

 

 

       

 

8. Дауда  өзін-өзі  ұстаудың  негізге  стильдері:

  • конфронтация (қарсы  тұру)  -  басқа  тараптың  мүдделеріне  залал  келтіре  отырып  өз  мүдделеріне  жетуге  ұмтылу;
  • көндігі  -  басқа  тараптың  мүдделері  үшін  өз  мүдделерін  құрбан  ету;
  • қашу  --  өз  мақсаттарына  жету үрдісі  мен  бірлестікке  ұмтылыстың  болмауы;
  • бақталастық  --  қарсы  тарапқа  міндетті  түрде  залал  келтіру  бағытқа  алынбаған,  өзара  жарысты  әрекет;
  • мәмле  --  өзара  бір-біріне  жол  беру;
  • қызметтестік  --  екі  тараптың  да  мүдделерін  толық  қанықтыратын  шешімдер  қабылдау.

 

9.  Дауды  шешудің  негізгі  әдістері:

  • жұмысқа  қойылатын  талаптарды  түсіндіру;
  • үйлестірілген  және  ықпалдастық  механизмдер;
  • бірнеше  жұмысшылардың  әрекетінің  бірігуін  талап  ететін жалпы  ұйымдық  кешенді  мақсаттар;
  • сыйақылардың  жүйелік  құрылымы – осы  арқылы  салдардың  алдын  алу  мақсатындағы  адамдардың  мінез-құлқына  әсер  ету.

Дауды  басқарудың  негізгі  стратегиялары:

  • даудың  алдын  алу  стратегясы:

       даудың  нақты  предметін  жою;

төреші  ретінде  тәуелсіз  мүдделі  емес  адамды  тарту  және  шешіміне  бағынуға  дайын  болу;

дауласушы  тараптың  біреуі  екіншісінің  пайдасы  үшін  даудың  предметінен  бас  тартқызуға  қол  жеткізу;

  • дауды  басу  стратегиясы  қажет  болған  жағдайлар:

мақсатты  түрде  дауласушылар  санын азайту;

бір-бірімен  дауласушы  адамдардың  өзара  қарым-қатынасын  ретке  келтіруші  жөн-жосықтар,  нормалар  және  ережелер  жүйесін  істеп  шығу;

даулы  өзара  қарым-қатынастың  келіп  шығуына  тосқауыл  болатын  жағдайлар  жасау;

  • кейінге  қалдыру  стратегиясы.  Мақсаты:

дауласушылардың  біреуінің  екіншісіне  деген  қатынасын  өзгерту.

Қажет:

дауласушылардың  біреуінің орны  мен  ролін  басқасының  ой-қиялында  азайту  немесе  арттыру;

дауласушының  даулы  жағдай  туралы  ойын  өзгерту.

Дауды  шешудің  негізгі  принциптері:

  • түсіністік  принципі  --  нақты  мәселені  сезіну,  даудағы  күштердің  өзара  қатынасын,  даудың  предметін  сезіну; даукеш  тұлғалардың  білімі, даудың  шығу  жағдайындағы  жақсы  бағыт-бағдар.
  • Алдын  ала  болжау  принципі  --  топтардың  және  әріптестрдің  арасындағы дауды  болжау  және оған  өз  уақытында  дайындық жасау.

 

 

 


Еңбек психологиясы, дау-дамай