Екінші дүниежүзілік соғыс. 4
Жоспар
І. Кіріспе
1.1
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
әлемдегі жағдай........................
1.2
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі......................
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа мемлекеттері.........6
2.2 «Қырғи-қабақ» соғысының
басталуы......................
2.3 «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары Кореядағы соғыс...............15
2.4 БҰҰ-ның халықаралық
өмірдегі рөлі..........................
2.5 «Қырғи-қабақ»
соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы......................
ІІІ. Қорытынды
3.1 Қош бол, екі полюсті
Әлем..........................
Кіріспе
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.
80-90ж.ж.
халықаралық қатынас жүйесінде
жаңа түбегейлі төңкеріс болып
өтті.Орталық және Оңтүстік
1.2
Екінші дүниежүзілік
соғыстың нәтижесі.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қанды соғыс болды. Бұл соғыста 60 млн. адам құрбан болды, оның ішінде Кеңес Одағының 27 млн. азаматтары және 6 млн. Польша азаматтары. Екінші дүниежүзілік соғыста адамзат шығыны бірінші дүниежүзілік соғыстан 6 есе көп болды, ал материалдық шығыны 12 есе көп болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол фашизмнің күйреуі. Фашистік және милитаристік агрессорлы мемлекеттері Германия,Италия,Япония және олардың одақтастары толық күйреді. Олардың экономикасы, саясаты, идеологиясы күйреді, қарулы күштері тізе бүкті, территориялары антифашистік коалиция әскерімен оккупацияланды. Оккупациондық өкімет жергілікті антифашистердің көмегімен фашистік режимдерді, фашистік партияларды жойды және де фашистік басшыларды соттады. Тек қана Испания мен Португалияда фашистік режимнің диктаторлық түрі сақталды.Соғыс кезінде оккупацияланған мемлекеттерде оккупанттарға қарсы «Қарсыласу» қозғалысы пайда болды.Соғыстан кейін Қарсыласу қозғалысының қатысушылары қоғамдық-саяси өмірде маңызды рөл атқарды.Көптеген мемлекеттерде олар билік басына келіп,мемлекеттердің саясатын анықтап отырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижелерінің бірі болып көптеген мемлекеттердің капиталистік емес даму жолына түсуі. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттерінде оккупанттардан азат етілгеннен кейін, олар Халықтық демократия мемлекеттері атағына иеленді, коммунистердің басқаруымен немесе қатысуымен үкіметтер құрылды, олар антифашистік, демократиялық, содан соң социалистік өзгертулерді жүзеге асыруға кірісті. Кеңес әскерімен оккупацияланған Шығыс Германия мен Солтүстік Кореяда осындай өзгертулер болды. Жапония күйреген соң және 1945-1949ж.ж. азаматтық соғыстың жеңісінен кейін Қытайда өкімет басына коммунистер келді.
1949ж.
1 қазанында Қытай Халық
Екінші
дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды
нәтижесі-отарлық жүйенің
2.Негізгі бөлім.
2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
Шығыс Еуропа мемлекеттері.
Екінші дүниежүзілік соғыс Шығыс Еуропа мемлекеттеріне алып экономикалық және демографиялық шығын алып келді. Өндірістік және көлік инфрақұрылымының бүлінуі,инфляцияның өсуі,дәстүрлі сауда байланыстарының бұзылуы және тұтынушылық тауардың жетіспеушілігі аймақ мемлекеттерінің басты мәселесі болды. Соғыстан кейін көптеген шығындарға тап болған елдерге тән соғыс алдында бұл елдер әлеуметтік-экономикалық даму жағынан биік сатыда болған-Польша, нацистік оккупация жылдарында толық күйзеліске ұшырады, Венгрия Германия одақтастары арасындағы соғыстың аяқталу қарсаңында және кеңес оккупациясының алғашқы жылдарында ең көп зардап шекті, Чехословакия бірнеше территориялық бөліністі басынан кешірді. Шығыс Еуропаның әлемдік өнеркәсіп пен өндірістегі үлесі екі есе төмендеді. Сонымен соғыс Шығыс Еуропа елдерінің тек қана экономикалық жетілдіру жағынан артта қалдырған жоқ сонымен қатар оның даму сатысы да артта қалды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың
нәтижесінде Шығыс Еуропада
Шыңыс Еуропа мемлекеттері
Қысқа мерзім ішінде соғыстан кейінгі ауыр мәселелердің бірі-халық қозғалысы шешілді. Потсдам конференциясының шешімімен Чехословакияның Судет облысы территориясынан, Польшаның жаңа жерлерінен, сонымен қатар Венгриядан және де КСРО құрамына кірген бұрынғы Шығыс Пруссиядан Германияға неміс халқын депортациялады. Екі мемлекет арасындағы «халықтың айырбасын» реттеген 1945ж. кеңес-польша келісімі болатын. Нацизмге қарсы күреске қатысушылардың отбасылары және де мүшелері КСРО территориясында тұрып жатқан поляк және еврей ұлт өкілдері оптацияға құқық алды, яғни олар кеңес немесе польша азаматтығын таңдау құқығына ие болды. Оптация тәртібінде КСРО мен Чехословакияның шекаралық аймағынан халықтың айырбасы жүзеге асырылды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі қалыптасқан ішкі саяси жағдай күрделі еді. Авторитарлық фашистік режимдердің күйреуі, халықтың кең түрде қарсыласу қозғалысына қатысуы, мемлекеттік саяси жүйенің терең өзгеруінің салдарын тудырып жатты. Бірақ та шын мәнінде демократиялық қайта құруларға дайындық үстіртін сипатта болды. Авторитарлық саяси психология соғыс жылдарында сақталып қана қоймай сонымен қатар нығайып та үлгерген. Көпшіліктің сана сезімінде бұрынғыдай мемлекеттен әлеуметтік тұрақтылықты және өсуді көру тән еді.
Шығыс Еуропа мемлекеттерінде билік
басына келген жаңа мемлекеттік элитаның
басым бөлігі авторитарлық саяси мәдениетінде
қалыптасқан болатын. Көптеген осы адамдар
өз өмірін бұрынғы режимдермен күресуге
арнады. Бастарынан түрмені, каторганы,эмиграцияны
кешірді. Соғыстан кейін Шығыс Еуропаның
саяси өмірінде күрес рухы заңы орнады.
Бұған ықпал еткен қоғамдық үлгілердің
идеологиялық жүйенің қарама қайшылығына
толы соғыс мұрасы, национал-социализмнің
жеңілісі басқа қарсыластарды коммунизм
мен либералды демократияны бетпе-бет
қалдырды. Соғыста жеңіп шыққан осы идеялардың
жақтастары Шығыс Еуропа мемлекеттерінің
саяси элитасында кең қолданды. Бірақ
бұл болашақта идеологиялық қарама-қайшылықтың
жаңа орамын уәде етті. Ұлттық идеяның
ықпалының өсуімен де жағдай қиындатылып
отырды.
2.2 «Қырғи-қабақ» соғысының
басталуы
Халықтық-демократиялық
және ұлт-азаттық революциялар, соғыстан
кейінгі сілкініс жағдайында батыс
мелекеттері АҚШ-тың
«Қырғи-қабақ» соғысының алғашқы насихатшысы болып Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1646 жылы 5 наурызында сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген сөзінде Черчиль Еуропаны КСРО «темір шымылдырықпен» бөліп, өз билік аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты және өзінің «доктриналарын және билігін шексіз жүргізгісі келеді» деді.
Черчиль КСРО-ның «өктемдік саясатын» шектеуге «ағылшын тілінде сөйлейтін барлық мемлекеттерді» көмекке шақырды. Батыстың капиталистік елдерінде сонымен қатар Шығыстың Кеңес блогындағы мемлекеттерді Черчиль сөйлеген сөзінен кейін белсенді насихаттаушы науқан басталды. Америка өкіметі өзінің «комунизмді шектеу» ресми доктринасын жариялады және де «атом дипломатиясын», яғни атом қаруын қолдануға дейін бару саясатын жүргізді. Атом қаруын иеленген АҚШ Еуропа және Тынық мұхитындағы әскери базаларынан АҚШ-тың бомбардировщиктері КСРО-ның территориясына жете алатындығына кәміл сенді. 1945 жылдың соңында Президент Трумэн директиваларымен құпиялы жоспар бекітілді. КСРО-ға қарсы әскери іс-қимыл жағдайында кеңестердің 20 қаласын атом бомбаларымен атқылау көзделді.
Өз
кезегінде И.В.Сталин басқаруымен
Кеңес басшылығы ағылшын-
Атомдық шабуылдан сескенген КСРО ядролық қарудың құрылу жұмыстарын тездетті. Оны академик М.В. Курчатов басқарды. 1949 жылдың 29 тамызында Кеңес атом бомбасының сынағы өтті.
1952 жылдың қараша айында АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини аралында ядролық қарудың қуатты түрі – термоядролық құрылғысының жердегі жарылысы сынақтан өтті. КСРО өзінің термоядролық қаруын 1953 жылы 12 тамызында сынақтан өткізді.
1953
жылы АҚШ-та континентаралық
Кеңес ракета-ядролық қаруының құрылуы АҚШ-тың атом монополиясын құртты, бірақ та қарулану жарысын тоқтатқан жоқ. Шығыс пен Батыстың тайталасы күшейіп жалғасып жатты.
Шығыс пен Батыстың арасындағы
қарым-қатынастың шиеленуіне
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Ирандық Азербайджандық партизандарға қолдау көрсетті. Олар Иранның орталық өкіметіне қарсы соғысып жатқан еді. КСРО өкіметі достық және бейтараптық келісім шартты жоққа шығарды, ал кеңестік мөр Түркияның Батыс Армения мен Қара теңіз бұғаздарына қатысты деген мәселені көтере бастайды, бұл жерлерге ежелден Ресей өз талабын білдірген еді.
Грецияда партизандық отрядтар Коммунистердің басқаруымен қарусызданудан және Король өкіметіне бағынудан бас тартты. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Ялта келісімі бойынша Греция Ұлыбритания ықпалында қалған еді. Сталин Грецияның компартиясына қарулы күреске шықпауына кеңес берді, бірақ компартия оның кеңесін қабылдамады. 1946 жылы Грецияда партизандық соғыс басталды, ол 1949 жылға дейін созылды. Бұл соғыс партизандардың жеңілуімен аяқталды.
«Қырғи-қабақ» соғысы кезінде біртіндеп бір-біріне қарсы екі әскери –саяси коалициялар пайда болды. Бұл коалициялар сәйкесінше КСРО және АҚШ-пен басқарылды.
Еуропаның
Халықтық-демократиялық елдері КСРО-мен
және бір-бірімен достастық, ынтымақтастық,
өзара көмек келісімдермен
Кеңес
Одағы Корей Халық-демократиялық
Республикасымен экономикалық және
мәдени ынтымақтастық туралы келісімге
кол қойды. 1950 жылы 14 ақпан айында
екі ірі социалистік
Қарама-қарсы АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің блогы құрылып жатты. 1947 жылы Америка континентінің мемлекеттері Канададан басқасы америкааралық «өзара көмек келісім» шартын жасады. 1948 жылы тұрақты Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды.
Еуропада
әскери-саяси блоктарды
Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланысқан Батыс Еуропалық мемлекеттердің әскери-саяси тобы пайда болды. 1949 жылы сәуір айында Солтүстікатланта ұйымы келісімі – НАТО құрылды. Оның құрамына АҚШ, Канада және Батыс Европа мемлекеттері кірді. 1955 жылы мамыр айында Варшава келісіміне қол қойылды. Оның құрамына (қол қою мезетінде) Албания(кейін 1968 жылы ол келісімді жоққа шығарды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР кірді.
Екі
тайталасып жатқан блоктардың бұрынғы
жаугершілік мемлекеттерге
1946
жылы АҚШ пен Англия өздерінің
оккупацияланған аймақтарын
Батыс аймақтарда оккупациялық өкімет буржуазиялық партия өкілдерімен басқарылатын неміс администрациясының қолына басқару функцияларын біртіндеп бере бастады. 1948 жылы Лондонда өткен кеңесте АҚШ, Англия, Франция, Бельгия, Голландия және Люксембург өкіметтері Тризония территорисында жеке мемлекет құру шешіміне келді. Бұл жолдағы маңызды қадам болып АҚШ, Англия және Францияның Тризонияда оңаша ақша реформасын өткізуі саналды.
1949 жылы тамыз айында Батыс Германия парламентіне сайлау өтті. 1949 жылы 7 қыркүйекте парламенттің бірінші сессиясы жаңа герман мемлекетінің – Германия Федеративті Республикасының құрылуын жариялады. АҚШ, Ұлыбритания және Франция оккупациялық әскерлері Германия Федеративті Республикасының территорисында қалды. ГФР мен олардың қарым-қатынасы «Оккупациялық заңмен» реттелді.
Бұдан
кейін кеңес оккупация
Неміс жерінде саяси және қоғамдық құрылысы әртүрлі екі герман мемлекеттері пайда болды.
«Қырғи-қабақ» соғысы жағдайында қарусыздануға және халықаралық қатынастың жұмсару үшін күрес жүргізуші бейбітшілік күштері белсенді жұмыс атқарды. Кейін қарулану жарысы екі жақпен мәжбүр етусіз тоқтатылды.
50-ші жылдардың екінші жартысында КСРО мен АҚШ-тың арасындағы қарулану жарысы шарықтау шегіне жетті. Оны шектеудегі бірінші әрекет, 1955 жылғы Женева конференциясы сәтсіз аяқталды. КСРО 1957 жылдың күзінде ядролық қаруды сынауға мораторий енгізуді ұсынды, ал 1958 жылдың көктемінде сынақтың біржақты тақталуын жариялады. Өздерінің жария еткен жарлығында кеңестер, «егер АҚШ пен Англия өз сынауларын тоқтатпаса, онда Кеңес Одағы атом және сутегі қаруының сынаудағы еркін іс-әрекет жасайтын болады» деді. Американдықтар қадамды насихаттаушы деп санады, ал КСРО сынақтардың үлкен сериясын аяқтаған болатын, АҚШ бұл серияларды бастауға дайындалып жатқан еді. Оған қарамастан екі ұлы держава ядролық сынақты тоқтату жолында келіссөздер жүргізе бастайды. 1959 жылы қыркүйекте Никита Сергеевич Хрущев АҚШ-қа іс-сапармен келеді. Бұл кеңес өкіметінің басшысы және де КОКП-ы көсемінің Батыстың ірі мемлекетіне бірінші ресми іс-сапары болатын. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген кеңес көсемі жалпы және толық қарусызданудың үш жылға арналған жоспарын ұсынды. Ол барлық қарулы күштердің таратылуын және барлық қару түрлерінің жойылуын қарастырды. Бірінші кезеңде КСРО, АҚШ және ҚХР-ның қарулы күштері 1,7 млн. адамға дейін қысқарту, ал Англия мен Франция 650 мың адамды қысқарту керек еді. Бұл ұсыныс шет державаларымен шын мәнінде қарастырылған жоқ. Кеңес Одағы 1960 жылдардың басында біржақты тәртіпте 1,2 млн. адамды әскер қатарынан қысқартты, яғни 1/3 бөлігі, соның өзінде кеңес қарулы күштері жеке құрамы бойынша американдықтардан басым еді.
Қаруды жинауды шектеуге арналған бірқатар келісімдерге қол қойылды. Мысалға атмосферада, космос кеңістігінде және жер асты ядролық қаруды сынауға тыйым салған келісім (5 тамыз 1963ж) ядролық қарудың жайылмауы, ядросыз аймақ құру келісімі (1968ж), ОСВ-1 бойынша келісім (ограничение и сокращение стратигических вооружений)(1972ж), Бактериологиялық және токсиндік қарудың қорын жинауға, өндіруге, әзірлеуге, тыйым салған конвенция (1972ж) және т.б.
Стратегиялық тепе-теңдікке жеткен мезеттен бастап, (60-шы жылдардың басы) қарулану жарысы екінші орынға қойылады да, енді үшінші әлем елдеріне ықпал етуге күрес жанданады.
«Қырғи-қабақ» соғысы тек қана
саясатта емес, сонымен қатар
мәдениет, спорт облыстарында да
жүргізілді. Мысалға 1980 жылы Москвадағы
Олимпиадалық ойындарға АҚШ
«Қырғи-қабақ соғысына» «
2.3 «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары
Кореядағы
соғыс
1945
жылы Кеңес үкіметі және
1950
жылы Солтүстік Корея
Қыркүйек айында БҰҰ-ның әскерлері (негізінен Америка әскерлері) Оңтүстіктерге көмекке келді. Енді оқиғалар кері жаққа қарай тез дамыды. Американдықтар Сеулды алды, 38-ші параллельден өтіп, КХДР-ға басып кірді. Солтүстік Корея апатты жағдайда болды, кенеттен бұл іске Қытай араласты. Қытай Жетекшілері АҚШ-қа соғыс жарияламай, Солтүстік Кореяға әскерін көмекке жіберді. Қытайда олрды ресми «халық еріктілері» деп атады. Қазан айында Қытайдың миллионға жуық әскери Ялуцзян өзені шекарасын өтіп, американдықтармен шайқасқа түсті. Майдан 38-параллельде теңестірілді.
Соғыс
тағы үш жылға созылды. 1950 жылғы американдық
шабуылы кезінде Солтүстік
Берлин
қабырғасының орнатылуы
1955
жылы Еуропаның Шығыс пен
1961
жылы тамызда кеңес және
Кариб
дағдарысы
1959 жылы 1 қаңтарда Кубада революция жеңіске жетті. Оның басында 32 жасар партизандық көсем Фидель Кастро тұрды. Жаңа өкімет американдық ықпалға қарсы күрес бастады. Кеңес Одағы Куба революциясын қолдады. Бірақ Гавана өкіметі АҚШ-тың қарулы басып кіруінен қорықты. 1962 жылы Никита Хрущев аралда кеңес ядролық ракеталарын орнатуға ұсыныс жасайды. Куба келісімін беріп, 1962 жылы жазда аралға 42 ядролық ракеталар жіберіледі. Ракеталардың жеткізілуі құпиялы түрде болса да, кыркүйек айында АҚШ ол туралы біліп қояды. 4 кыркүйекте президент Джон Кеннеди АҚШ-тан 150 шақырым жерде кеңес ядролық ракеталарын көргісі келмейтіндігін мәлімдейді. Жауап ретінде Хрущев Кубада ешқандай ядролық қару жоқ деп сендіреді. 14 қазанда американдық ұшқыш-барлаушысы әуеден ракеталардың аумағын түсіріп алады. 22 қазанда президент Кеннеди өз халқына радио және теледидар арқылы үндеу салады. Ол Кубада кеңес ракеталарының аңғарылғанын айтып, КСРО-дан оның әкетун талап етті. 24 қазанда КСРО-ның өтінішімен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жиналады. Кеңес Одағы Кубадағы ракеталардың бар екенін мойындамайды. 23 қазаннан Москва және Вашингтон арасында ресми хат алмасу басталады. 26 қазанда Хрущев Кеннедиге достастық келісімін жібереді. Ол Кубада Кеңес қаруының бар екенін мойындайды. Хрущев Кеннедиге Кубаға шабуыл жасамауға мәжбүр етеді. Сонда ғана Кеңес Одағы аралдан қаруын әкетеміз деді. АҚШ келісімін береді. Сонымен бейбітшілікке алғашқы қадам жасалынады.

- Екінші дүниежүзілік соғыс
- Екінші Дүниежүзілік соғыс
- Екінші дүниежүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысының басталуы
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы
- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
- Екінші деңгейдегі банктер
- Екінші деңгейдегі банктер
- Екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметінің теориялық негіздері
- Екінші дүниежүзілік соғыс
- Екінші дүниежүзілік соғыс
- Екінші дүниежүзілік соғыс
- Екінші дүниежүзілік соғыс