Экология. 13

1 Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым Қазіргі  кезде  адамның  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасы  ерекше  маңызға  ие  болып 

отыр. Жер  шарындағы  халық  санының  жедел  ӛсуі  және  кӛптеген  елдердің 

индустриалды  дамуы  табиғи  ресурстарды  пайдалануды  еселеп  арттырып,  адамның 

табиғатқа  әсерінің  кӛлемін  ӛсіре  тҥсуде.

    Соңғы  жылдары  пайдалы   қазба  қорларының  жақын   арадағы  таусылу  мҥмкіндігі, 

жер  бетінен  ӛсімдік  және  жануарлар дҥниесінің  кӛптеген  ӛкілдерінің жоқ долып

кетуі  және  сондай-ақ  табиғи  ортаның  шектен  тыс  ластануы    айрықша белең алып 

отыр. Кейбір  елдерде,  әсіресе жоғарғы дамыған елдерде қоршаған  орта  жағдайының 

нашарлағаны  соншалық , адамдардың  денсаулығы   бҧзыла  бастады.  Осының  бәрі 

қоғамды  қоршаған  ортаны  қорғау   мәселесіне  ерекше  кӛңіл  бӛлуге,  табиғатты  сақтау 

және қалпына  келтіру  мәселелерімен  жақсырақ  айналысуға,  сондай-ақ  оның 

ресурстарын ҥнемді  пайдалануға  итермелейді. Сондықтан  жыл  сайын  жерлерді 

суландыру,  ормандарды  қалпына  келтіру,  ӛндірістік  қалдықтар  мен  техникалық  лас 

суларды  тазарту,  топырақтың  қҧнарлылығын  сақтау  және  топырақ  эрозиясына  жол 

бермеу  тӛңірегіндегі  жҧмыстар  кең  кӛлемде  жҥргізуде.

    Табиғаттың  ӛзгеруді  қаламайтыны   белгілі.  Ондағы  ӛзгерістер  баяу, байқаусыз  ӛтеді, 

ӛзін-ӛзі  реттеу  мен  ӛзін-ӛзі  қалпына  келтіру  процестері  ҧзаққа  созылады.  Адамның 

зиянды  істері  бірден  байқалмайды,  тек  ҧзақ  жылдардан  соң  бір  нәрсені ӛзгерту

немесе  тҥзету  ӛте  қымбатқа  тҥскенде    кейде  тіпті  нәтижесіз  болған  кезде  ғана 

кӛрінеді.

    Экология  – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, сыртқы қоршаған

ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Бҧл терминді ғылымға неміс зоологы 

Э.Геккель  1866 жылы « Организмдердің жалпы морфологиясы » деген еңбегінде ҧсынған.

Термин  грек сӛзінен шыққан, « ойкос- oikos» - ҥй, тҧрақ, мекен , «logos»- ғылым  деген 

мағынаны  береді.

Экологияның жеке ғылым болуына себепкер алғышарттар:

1. Табиғат жӛніндегі ілім-білім  дамуының табиғи сатысы.

2. Ӛнеркәсіптің, ауыл шарушылығының,  транспорттың жылдан-жылға қарыштай

дамуы табиғаттың жекелеген нысандары  ғана емес, тҧтас экологиялық жҥйелердің де

мҥлдем  жойылып кетуіне әкеліп соқтыруда.

3. Кӛптеген техникалық мәселелердің  дҧрыс шешілмеуі, экологиялық

заңдылықтарды жақсы білмеу, табиғатты ҧтымды пайдалануға қажетті білім

тәжірибесінің болмауы экологияның нақтылы ғылым ретінде қалыптасуына тҥрткі болды.

Организмдердің  қҧрылысы мен дамуы ғана емес, олардың  ӛздері тіршілік ететін

ортасымен қарым-қатынастары да белгілі бір заңдылықтарға бағынатындығын тҥсіну

жҥзеге асты, мҧның ӛзі осы жайттарды ҧқыпты тҥрде зерттеу қажеттілігін туындатты.

 

2 Экологиялық сукцессия (экология және сукцессия) – бір биоценоздың басқа биоценозбен ауысып отыруы. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Экологиялық сукцессия кезінде түрлер алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгерте отырып, өзге популяция үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мұндай жағдай жүйенің биоталық және абиоталық құрауыштарының арасында тепе-теңдік орнағанша жалғаса береді. Экологиялық сукцессия өсу, тұрақтану және климакс сатыларынан тұрады. Өнімділік критериін негізге ала отырып, оларды бір-бірінен былай ажыратады: бірінші сатыда өнім өзінің ең жоғары дәрежесіне дейін өседі; екінші сатыда өнім тұрақты болып қалады; үшіншісінде – жүйенің бұзылуына қарай ең төмен деңгейіне жетеді. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеротрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, антропогенді түрлері бар. Мысалы, аутогенді Экологиялық сукцессия ішкі байланыс арқылы жүрсе, ал аллогенді Экологиялық сукцессия сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болады. Қорыта айтқанда, Экологиялық сукцессия биоталық қа-уымдастық пен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнайтын, экожүйенің бағытталған дамуы болып саналады. Экологиялық сукцессия барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталап алмастырып отырады.

 

3 Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.Биосфера — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера  негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар. Биосфера Жердің тірішлік қабығы деп аталатыны сендерге мәлім. Биосфера терминін ғылымға 1875 жылы австрвялық ғалым Э. Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В. И. Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. В. И. Вернадский бойынша биосфера деп ғаламшарымыздағы барлық тіршілік дүнниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын жердің ерекше қабығын атайды.

Биосфера  атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны жаие литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік бойынша мейлінше емін-еркін  таралады. Сондықтан тіршіліктің  таралу аймағы мен биосфераның шекарасымен  берлық жерде бірдей сәйкес келе бермейді.

Биосфераның құрамы мен құрылымы. Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамында мынадай  химиялық элементтер кездеседі: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады. Бұл элементтердің атомдары тірі организмдерді құрайтын күрделі  молекулаларды түзеді, оларға көмірсутектер, майлар, нәруыздар (белок) мен нуклейн  қышқылдары жатады. Аталған заттар тірі организмдердің құрамында бір-бірімен  тығыз байланыста болады. Тірі организмдер мен олардын тіршілік ортасы өзара тығыз байланысып, ұдайы өзгеру мен даму жағдайында болатын жүйелер жиынтығын құрайды. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа біріктіріледі: флора және фауна.

 

4       Тұрақты даму ұғымының  мағынасы « болашақ ұрпақтың ӛз қажеттіліктерін

қанағаттандыру  мҥмкіндігіне қауіп тӛндірмей, қазіргі  ҧрпақтың қажеттіліктерін 

қанағаттандыру».

    «Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және

орман шаруашылығында пайда болған. Бҧл  термин оны пайдалану кезінде  табиғи

ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мҥмкіншілігіне ие болатын табиғи

ресрурстарды  пайдалану жҥйесін білдіретін.

    Тұрақты даму тҧжырымдамасының маңызды басталу кӛзі Рим клубының [1]

баяндамасы  болып табылады. 1972 жылы басылған "Ӛсу  шегі". Онда алғаш рет табиғи

ресурстардың  сарқылғандығы (мҧнай, газ, рудалар  және т.б.), индустрияның ӛсуі ӛз

шегіне  жеткендігі   және әлемнің  тҧрақты  дамуының жаңа тҧжырымдамасының

қажеттілігі кӛрсетілген. Нәтижесінде кӛптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау

туралы  заңдар қабылданды, ірі қалалардан ӛнеркәсіптік ӛндірістерді  кӛшіру, зиянды

ӛндірістерді  жабу (кӛмір шахталары, тілімдер, карьерлер  және т.б.) және басқалар 

басталды. 

     1980-ші жылдары «Тұрақты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу

бойынша нақты ҧсыныстарды әзірлеу мақсатында Бұұ қалыптастырылған  Брундтланд

комиссиясының есебінде қолданылды.

     1987 жылы бірнеше жыл бойындағы  жҧмысынан кейін Комиссия әлеуметтік  және 

экономикалық  проблемалардың шешілуінсіз  экологиялық  проблемаларды шешу мҥмкін

емес  және  тҧрақты даму жӛнінде кең  мағынада айту қажеттігі туралы тҧжырымға  келді. 

Комиссия  Бұұ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады:

«Тұрақты даму  - қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ

ұрпақтардың ӛз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп тӛндірмейтін даму

болып табылады».  Анықтамаға келесі тҥсіндірме берілген болатын: «Тҧрақты және ҧзақ

мерзімді  даму ӛзгеріссіз ҥйлесімдік жағдайда емес, керісінше ӛзгерістер процесі, онда

ресурстарды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды   бағдарлау 

және  конституционалды ӛзгерістер ағымдағы және болашақтағы қажеттіктермен

ҥйлеседі».

1992жылдың  маусым айында Рио-де-Жанейро  қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған  орта мен даму бойынша өткен  конференциясы «Тұрақты даму»  концепциясын және «ХХІ ғасырдың  күн тәртібіне» атты ауқымды  бағдарламасын қабылдады. 

 

5 Симбиоз, селбестік (грекше symbіosіs — бірігіп тіршілік ету) — екі түрге жататын организмдердің ұзақ уақыт немесе тұрақты түрде өзара пайдалы тіршілік етуі. Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А. Де Бари (1831 — 88) ұсынды. Симбиоз жануарлар мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организмдер үшін бірігіп тіршілік ету жеке-жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы және одан келетін пайдасы осы симбиоз арқылы қалыптасады. Симбиоздың бірнеше түрі бар. Факультативті түрі — организмдер бір-бірімен симбиоз құрғанымен, әрқайсысының жеке тіршілік ете алуы. Мыс., үйеңкі ағашы қарағай мен балқарағайдың жақсы өсуіне әсер етеді. Облигатты түрі — симбиоз құрған екі организмнің бір-бірінсіз тіршілік ете алмауы. Мыс., бірі болмаса, екіншісі тіршілік ете алмайтын саңырауқұлақ пен балдыр симбиозы — қына. Мұнда балдыр саңырауқұлақты фотосинтез процесінде түзілетін органик. заттармен қамтамасыз етіп, өзі одан минералды заттар, су алады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер түйнек бактерияларымен (Rhіzobіun) бірлесіп тіршілік етеді. Бактериялар атмосферадан азотты сіңіріп, өсімдіктерді азотпен қамтамасыз еткенде, олар мол өнім береді. Сондықтан бұршақ тұқымдастары басқа өсімдіктерге қарағанда азотты қоректік затқа мұқтаж болмайды. Симбиоз жануарлар арасында да жиі кездеседі. Мыс., тақуа шаян актиниямен, термиттер мен құмырсқалар қоңыздармен симбиозды тіршілік етеді. Жалпы симбиозды тіршілік ететін организмдердің бір-біріне деген қарым-қатынасын ескере отырып, симбиоздың бірнеше типі жіктеледі.

 

6 1992  жылы Рио-де-Жанейродағы (Бразилия)  қоршаған орта және даму бойынша

Біріккен  Ұлттар Ұйымының Конференциясында қоршаѓан орта және даму бойынша Рио-

де-Жанейро  декларациясы және ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібі:  Тұрақты дамуға

арналған  іс-ќимылдар бағдарламасы қабылданды.  ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінің

36-тарауында  ресми білім беруді қоса алѓанда,  оќу-аѓарту,  халықтың ақпарат  алуын

жаќсартуды  және кәсіби даярлыќты адамның және қоғамның әлеуетін толық дәрежеде

ашуѓа жәрдемдесетін процесс ретінде  мойындау керектігі атап көрсетілді. Оќу-аѓартудыњ

тұрақты дамуға ыќпал ету,  қоршаған орта мен даму мәселелерін шешуде адамның

мүмкіндіктерін  кењейту  үшін мањызы зор.  Бұдан кейінгі Біріккен Ұлттар Ұйымының

барлық  конференцияларында ќарастырылѓан  таќырыптарѓа (қоршаған орта,  тұрғылықты

халыќ,  әлеуметтік даму,  адам құқығы және демократия,  әйелдердің жағдайы  және

қоршаған  ортаны сақтау)  қарамастан,  тұрақты  даму проблемасы күн тәртібіне үнемі

қойылып отырды,  сонымен қатар білім  беру    қажетті өзгерістерді жүзеге асырудың

қозғаушы  күші екендігі туралы бір ауызды пікір  бар. Бейбітшілік, даму, денсаулық және

демократия  тұрақты дамудың бірін-бірі толықтыратын алғышарттары екені көрсетілген

Тұрақты даму маќсатында білім беру 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Рио-де-

Жанейрода өткен Конференциясының нәтижесі болып  табылады. 1992  жылға дейін

қоршаған  орта экологиялық білім беру саласындағы  экономика,  жаратылыстану және

қоғамтану сияќты жеке ғылымдарды қамтитын барынша  кењ ауќымды таќырыптардыњ

бірі  болды.  Осыныњ нәтижесінде қоршаған ортаѓа ќатысты тақырыптарды қарастыру

кезінде қиындықтар туындады және білім беру саласындаѓы қызметкерлер осындай

күрделі пәнді игеруде ќиын жағдайда қалды.  Рио-де-Жанейродағы Конференцияда

қоршаған  орта ±ѓымына тұрақты даму т±жырымдамасын енгізу арќылы оныњ мазм±нын

кеңейту жөнінде ұсыныс жасалды. «Тұрақты даму мүддесінде білім беру» түсінігі тұрақты

даму  деген бастапқы терминді білдіреді.

 

2 билет

   1   Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың , олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.

Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық  философтардың еңбектерінде кездеседі . Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл және Теофраст (IIIғ.б.э.д) жазған , ал жануарлар туралы - Аристотель (Ivғ.б.э.д) жазған.

Экология  ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К.Рулье, Н.Северцов және басқалардың еңбектері үлкен  үлесін қосты.  А.Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік  және Оңтүстік Американы , Орталық Европаны, Сібірді , Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу заңдылығы туралы рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық  бағыттың негізін салды.

         XIX ғ. ортасында Ресейде К.Ф.Рульенің  еңбектері биологиялық ғылымдағы  экологиялық бағытының дамуы  үлкен әсер етті. Оның еңбектері  зоологиядағы экология бөлімін  қалыптастырды.

    XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі  арқасында экология организмдердің  адаптациясы туралы ғылымға айналды  . Дарвиннің анықтамасы бойынша  , экология -бұл табиғаттағы барлық  күрделі өзара байланыстар мен  өзара қатынастарды зерттейтін  ғылым, тіршілік үшін күрес  жағдайы ретінде.       

    XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология  дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең  басталды, ол барлық елдерде экологиялық  зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады.  Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар  бойынша ақпараттар саны өседі.  Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі  туралы , өсімдіктерді қорғау туралы  және т.б. фактілер саны көбейе  түсті.

       Қазіргі кездегі экология адамзат  мүддесін ескере отырып, биосфераның  бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге  ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше  типін қалыптастырады, ол табиғатты  оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды  қалпына келтіруге, қорғауға және  молайтуға бағытталған.

2 сұрақ жоқ 

3 Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.

Фотосинтезді  алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары  Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғасырдың 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы  фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғасырдың басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды  зерттеулер жүргізіледі (В.В.Сапожников, С.П.Костычев, В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович  т.б.). 20 ғасырдың орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ анализі,радиоизотопты әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды.

Фотосинтез процесіне өсімдік көміртек түзумен қатар құрамында азоты және күкірті бар аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот болатын хлорофилл де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының акцепторы және азот, күкірт көзі нитрат және сульфат болады. Фотосинтездеуші бактериялар молекула оттекті пайдаланбайды, оны бөліп шығармайды (бұлардың көбі анаэробтар). Бұл бактериялар су орнына донор ретінде электрондарды не органикалық емес қосылыстарды (күкіртті сутек, тиосульфат, газ тәрізді сутекті) немесе органикалық заттарды (сүт қышқылы, изопропил спиртін) пайдаланады.

 

4 а). Симбиоз (селбесу), мутуализм  – екі тҥрге жататын организмдердің

кеңістікте  бір-біріне ешбір зиянын тигізбей, керісінше  селбесіп тіршілік етуі.

ә). Жыртқыштық – тҥрлер арасында болатын  қатынастардың ең жоғарғы формасы,

ол  тҥрдің қорек, тҧрақ және тағы басқа  ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты бірін-

бірі  қуу, ӛлтіру, жеу арқылы кӛрінеді.

б).  Паразиттік -  бір тҥр ӛкілінің екінші тҥр ӛкілін қорек немесе тіршілік ортасы

ретінде пайдалануы. Паразиттер 2-ге бӛлінеді: эндопаразиттер  – иесінің ішінде,

эктопаразиттер  – иесінің сыртында жабысып ӛмір сҥретіндер

в). Комменсализм –  арамтамақтық қҧбылыс, бір тҥрдің қоректік қалдығымен

қоректене отырып, оған еш зиян келтірмеу.

г). Аменсализм  – бірге тіршілік ететін тҥрлердің бір-біріне теріс  ықпалын 

тигізуі.Ф  ҚазҦПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 15

д). Бәсекелестік- бір немесе бірнеше  тҥрге жататын организмдердің ӛзара 

қорек, тҧрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік  жағдайындағы  қарым-қатынасының 

кӛрінісі.

 

5сұрақ қайталанады

6 Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру)[1] – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині Бөө-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының алдында (1972) “бақылау” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді. 

Қоршаған ортаның Мониторингі  – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға  табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды

3 билет

1Негізгі түсініктер – Экологияның алғашқы бөлінуі Брюссель конгресі.  Реймерс

бойынша экологияның жіктелуі (1994).Аутэкология, демэкология, синэкология

1910 жылы Брюссельде III ботаникалық конгрессте  ӛсімдіктер экологиясы особьтар 

экологиясы (аутэкология) және бірлестіктер (синэкология) болып бӛлініп, бҧл  жануарлар 

экологиясына  да таралды.

   Аутэкология  – «аут» грек сӛзінен аударғанда  жеке дара немесе биология тілінде

особь деген мағынаны білдіреді.  Сондықтан  аутэкология особьтардың қоршаған ортамен 

байланысын  зерттейтін бағыт. Басқаша, аутэкология  - жеке организмдер (особь)

арасындағы  қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен  байланыстыра отырып

зерттеулер  жҥргізеді. 

     Синэкология – «син» грек сӛзінен аударғанда  бірлестіктер немесе топтар деген мағынаны

білдіреді.  Сондықтан синэкология бірлестіктердың  бір бірімен және қоршаған ортамен 

байланысын  зерттейтін бағыт.  Басқаша, синэкология  - бірлестіктер экологиясы ретінде 

әр  тҥрге жататын органи змдер жиынтығын  біртҧтас организмдер деңгейінде зерттейді.

Қазіргі экологияның бағыттарын біз  ресей  ғалымы Реймерс ҧсынған (1994 жылы)

жіктеме бойынша карастырамыз.Ф ҚазҦПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік  кешені 10

Демэкология –«дем» грек сӛзінен аударғанда  популяция деген мағынаны білдіреді.  Сондықтан

демэкология популяциялардың бір бірімен  және қоршаған ортамен байланысын

зерттейтін  бағытша. Басқаша, демэкология-бір тҥрге  жататын организмдер (особь) тобын,

яғни  популяцияларды оның табиғи ортасымен  байланыстыра отырып зерттеулер

жҥргізеді. 

 

2 Редуценттер (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар — өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды. РРедуценттер табиғи бірлестіктердегі (биогеоценоздардағы), экожүйелердегі қоректік тізбектің соңғы кезеңін қамтиды, яғни қоректік тізбек Редуценттердің қызметімен аяқталады. Сондықтан Редуценттер кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында) басты рөл атқарады. Редуценттер гетеротрофты организмдерге жатады. Редуценттердің қоректік тізбектегі атқаратын қызметінің сызба нұсқасы: Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір балдырлар, өлексемен қоректенетін жәндіктер, шұбалшаң, өзен шаяны, т.б. тіршілік иелері жатады. Сулы ортада тіршілік ететін Редуценттер судың биол. тұрғыдан тазаруына септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін Редуценттер топырақтың құнарлылығын арттырады.

 

3 Биосфера грек сөзінен аударғанда «биос»-өмір, тіршілік; «сфера» -қабат, аймақ.

Биосфера  терминін алғаш ғылымға  енгізген кӛрнекті австрия геологы Э.Зюсс (1875)

болды.

Ал  биосфера туралы ілімді жан-жақты әрі  ғылыми негізде терең зерттеген  ғҧлама

ғалым В.И. Вернадский (1863-1945). Оның биосфера жӛніндегі  ілімі жаратылыстану 

ғылымына  қосылған ӛте ірі ғылыми жаңалықтың бірі болды. Қазіргі кезде де кӛптеген шет Ф ҚазҦПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 11

елдердің  кӛрнекті ғалымдары В.Вернадскийдің  биосфера ілімін мойындай отырып,

жоғары  бағалайды.

В.Вернадскийдің  биосфера туралы негізгі ғылыми ой-пікірлері 1926 жылы жарық 

кӛрген  «Биосфера» атты қҧнды еңбегінде  жан-жақты айтылған.

« Биосферадағы тіршіліктің негізгі, қозғаушы кҥші кҥн энергиясы мен  химиялық

элементтердің айналымы жҥретін, организмдердің кӛбеюі мен дамуы»- деп 

тҧжырымдайды.

Биосфера  қҧрылымына атмосфераның тӛменгі бӛлігі (20-25 км биіктікке дейінгі 

аралығы), гидросфера (11 км, оның барлық қабатын  тҥгел қамтиды), литосфера (жер 

қыртысының 2-3 км тереңдіктегі қабаты) жатады.

Биосфера  эволюциясында да және тіршілік ҥшін де тірі организмдер шешуші роль

атқарады. Ӛйткені биосферадағы заттардың  және энергияның алмасуы тікелей  тірі

организмдердің  тіршілік әрекеті негізінде жҥреді. Тіпті биосфераның қазіргі қалыпқа 

келуінде  де тірі организмдер басты роль атқарған.

В.И.Вернадскийдің  ілімі бойынша тірі организмдердің тіршілік етуі ҥшін оларды

қоршаған  «ӛлі заттардың» болуы шарт. Ол «ӛлі заттар» деп тау жыныстары  мен шӛгінді 

жыныстарды  айтады. Қазіргі кезде оның орнына «айналадағы орта» деген термин кӛбірек 

қолданылады.

Биосфераның қҧрамына бҧл айтылғандардан басқа:

2) «биогендік заттар» тірі организмдердің  тіршілігінің нәтижесінде пайда  болған 

заттар ( азот, фосфор сияқты), жанғыш қазбалар – кӛмір, мҧнай, шымтезек т.б.

3) «биоқиғаш заттар» олар қасиеттері  тірі заттардың тіршілігі арқылы  анықталатын 

- топырақ, ауа, табиғи су қоймалары  т.б.

4) «қиғаш заттар» оның пайда  болуында тірі организмдер мҥлдем  қатыспайды.

Сонымен бірге биосфераның қҧрамына  табиғи тҥрде кездесетін:

5) «радиоактивті заттар»

6) «шашыранды тҥрде таралған атомдар»

7) «космос кеңістігінде болатын  шаң-тозаңдар мен метеориттер»  жатады.

Биосфераны  қҧрайтын бҧл аталған заттардың  бәрі бір-бірімен ӛзара тығыз 

байланысты, әрі бір-біріне тәуелді.

 

4 Топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы нәтижесінде құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет. Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге а. ш. дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригац. эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инж. құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т.б. шаралар жүргізу қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. Т. э-ның қарқындылығы жер бедеріне, беткейлердің тік болуына, жауын-шашынның түсу мөлшеріне, топырақтың түйіршікті құрамына, су сіңіргіштік қабілетіне, өскен өсімдіктеріне, т.б. байланысты. Эрозияға ұшырау мөлшері беткейлер мен шатқалдардың тіп-тігіне және су жиналатын алқаптың аум-на қарай әр түрлі болады. Т. э. көбіне ұсақ түйіршікті топырақтарда, жауын-шашын көп түсетін және күшті жел тұратын аймақтарда кездеседі. Т. э. күштірек болғанда топырақ құнарлылығын азайтып, себілген тұқым зиян шегеді, а. ш-ның жайылымдық жерлерін нашарлатады. Осының барлығы а. ш-на орасан зиян келтіреді. Т. э-ның алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т.б. шаралар жүргізіледі.

5 жоок

6 Мутуализм (латын тілінде mutuus – өзара) – әр текті жануарлардың өздерінің сыртқы ортамен байланысын бір-бірінсіз атқара алмауы; симбиоздың бір түрі. Мутуализм кезінде екі жануардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны соншалық, олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Мысалы, термиттер организміне келіп түскен қоректік зат – клетчатканы, өздерінің ішегінде, тіршілік ететін талшықтылар болмаса, қорыта алмайды.

 

 

4 билет

1 Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б.:[3]

Әлеуметтік  экология — табиғат пен қоғам  арасындағы өзара карым-қатынас  заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.

Өнеркәсіптік  экология — өнеркәсіптік нысандардың  тірі организмдерге және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.

Геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі организмдермен қарым-қатынасын  зерттейді.

Ауыл  шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы  салаларының сыртқы ортамен өзара  қарым-қатынасын агроценоздардың  даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.

Ғаламдық  экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік  құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың  жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің  алдын алу, т.б.

 

2

3 Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]

Ноосфера  – ақыл-ой сферасы деген түсінікті  алғаш 1927 жылы француз ғалымдары  Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.

XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны  материалистік тұрғыдан сипаттап  жазған В.И. Вернадский болды.  Ол ноосфераны биосфера мен  қоғамның өзара қарым-қатынасынан  туындайтын тіршіліктің жаңа  формасы, бұл саналы, ақыл-ойы  жетілген адамзаттың бағыттауымен  қалыптасатын биосфераның жаңа  эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.

Ноосфера  – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық  заңдылықтармен тығыз байланысып жататын  біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы  жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген  жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай  келген табиғат байлықтарын пайдаға  асырып қоймай, ғарыш кеңістігін, ғаламшарларды  игеруге, ядролық қарулар жасауға  мүмкіндік берді.[2]

Экология. 13