Экология жалпы мәлмет
Антропогендік фактор
Антропогендік
фактор (грек. anthropos – адам,
genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет)
– адамның барлық тіріорганизмдердің мекен ортасы ретіндегі
табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе
олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін
сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға
қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің
нәтижесіндеатмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі,
сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік
заттардың әсерінен топырақтың ластануы,
сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының
бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның
іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер
шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда.
Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша
табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады.
Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде
жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды
орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау
салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл
жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл
сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің
26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің
25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны
атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға
жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот
және көміртек оксид|оксидтері, қатты
бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Сем ей жерінің, Балқаш маңының, Ка спий алқабының экол. апатты
аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар
негіз болып отыр.[1]
Антропогендік факторлар[
Антропогендік факторлар дегеніміз - бұл адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, коршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар.
Кез келген дарақ, популяция немесе бірлестік бір мезгілде осы факторлардың көптеген әрекетіне ұшырайды, алайда олардың кейбіреулерінің ғана емірлік маңызы болады. Ортаның мұндай факторлары шектеуші (лимитирующий) фактордеп аталады. Кез келген түр үшін экологиялық факторлардың әрқайсысынан өзіне қажетті барынша көп, ең аз және қолайлы әрекет ету қарқыны болады.[1]
1. Антропогендік
ластанудың негізгі көздері.
1.1. Мұнай өндірісі.
1.2. Химия өнеркәсібі.
1.3. Жеңіл өнеркәсіп.
1.4. Қара металлургия.
1.5. Электр энергитика, энергетика
өндірісі
Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады.
Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді.
Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік – мәдениеттілік ортасы да қажет. Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы болмайды. Осының нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды. Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идеяларымыз адамгершілік негізіне жатады. Бұл жердегі адамгершілік принцпінің өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен негізделген. Бұның өзі экология және құқық арасындағы байланысқа жатады.
Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне айнала бастады. Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда.
Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді паидаланудың келесі жолы рекрацияға пайдалану. Бұл проблемамен рекрациялық экология айналысуда.
Егер жалпы жүйелі құрылымдық әдіспен айтатын болсақ, олардың арасындағы жүйелі байланысты «адам – қоғам - табиғат» деп айтуға болады. Әдістің негізін түсіндіру үшін екі мысал келтірейік. 1-ші мысалда толығымен адамзатты, 2-ші мысалда жеке тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын қарастырамыз. 1972 жылғы «Рим клубының» өтініші бойынша Масачусет технология институтының Д. Медоуз басқарған бір топ ғалымдары дүниенің даму мүмкіншілігін зерттеді. Олар имитациялық ғаламдық модельді ойлап шығарды. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтың атынан негізгі әсер етуші бағдарлама болып есептеледі.
Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық әдіс қазіргі кездегі адам экологиясындағы көптеген зерттеу әдістерінің бірі. Соңғы кездердегі қолданып жүрген әдістердің бірі – көпдеңгейлі шкала және динамикалық классификация. Көпдеңгейлі шкаланың негізі – қоршаған ортаның ерекшелігі – ондағы адамға көпдеңгейлі әсер етудің нәтижесіндегі мінез-құлық.
Осындай ұдайы өзгеріс орта факторын тиянақты, тыңғылықты классификациялауда қиындық туғызады. Бұларды ұдайы анықтап отыратын әдіс – динамикалық классификация әдісі. Себебі осылар жоғарғы оқу орнындағы студенттер үшін арнайы оқытылатын курстың негізі болып табылады. Бұл пәнді игеруде өте терең білім қажет – ол үшін математиканы, физиканы, химияны, биологияны жақсы білу керек. Бұл пәндерге де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары мемлекеттік стандарттарына сәйкес көңіл бөлініп, белгіленген мөлшерде сағат бөлінеді.
Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын оқытудың актуалдылығы.
Соңғы кезде әрбір ұшырылған «протонның» қоршаған ортаға үлкен зиян әкелетіндігі анықталды. Гептильдің әсерінен уланған аумақтың көлемін анықтап, кінәлі жаққа толық мағлұмат беріп, олардың шығынын өтеп алу қажет. Бқл келтірілген оқиғалар дәлелдейтін екі факт ғана бар. Экология мамандардың қажет екендігін, мемлекетті экологиялық жағынан қоршаған ортаны қорғау керектігін республика президенті Н. А. Назарбаев Қазақстан инженерлері съезінде атап өтті.
Енді толығырақ айтсақ, Қазақстан аумағындағы ядролық жарыстан кейін жалпы күші Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының күшінен 45000 есе көп. 1946 жылдан бастап, Арал теңізіндегі «»Возрождение» аралығында биологиялық және химиялық бомбалар жасау үшін іскери мекемелер ашылды. Дәл осы жерде Сібір жарасы, тулериями, бруцелез, тырысқақ және Кулихорадқа ауруларының қоздырғыштарын сынап көрді. 1950-1990 жылға дейін әртүрлі мақсаттағы сынақ полигоны жұмыс істеді. Ал олардың таза 200 кг өнімі айналасындағы жарты миллион адамды жойып жіберуі мүмкін.
Экологиялық индульгенция феноменін қалыптастыруда жапондықтардың жүргізген тәжірибелері экологиялық проблемаларға деген реакцияны зерттеуге көбінесе экологиялық тұрғыдағы мамандар емес, ғылыми зерттеу органдарының өтініші бойынша жасалынып, өздеріне қажет деген нәтижелерді ғана есепке алуда. Бұл жағынан қарасаң, кез келген мекеме экологиялық зерттеулер жүргізе беретін болды.
«Тұрақты даму» концепциясы 1992 ж. «Біздің жалпы болашағымыз» атты айдармен жарияланды. Бұл құжатта алғаш рет негізгі принциптер жинақталды. Яғни кез келген мемлекет стратегиялық жоспар жасауда осы принциптерді ұстануы қажет.
Бұл жердегі Қазақстан Республикасы үшін үлкен мәні бар принциптарды алайық:
- қазіргі және болашақтағы
ұрпақтардың өмір сүруіне қажетті
өнімдермен қамтамасыз ету және
оның қорын сақтау;
- биотехнологиялық тұрғыдан ойластырылған, қалдықтан – қалдықсыз өнім шығаруға көшу;
- біртіндеп органикалық
отынмен жұмыс істейтін энергетика
өнеркәсібінен қолайлы немесе
дәстүрлі емес энергния алу
көздеріне өту.
- табиғатты қорғаудағы әкімшілік, экономикалық және құқықтық әдістерді жақсарту.
- биосфераның көптүрлілігін сақтау, қорғау бағытында жұмыс істеу;
- экологиялық мәдениеттілік кодексін тиянақты, бұзбай сақтау.
Егерде теориядан күнделікті өмірге келсек бұл бағдарламаны орындау және көп жыл бойы тиянақты жұмыс істеуді қажет етеді. Ендігі жерге 2030 стратегиясының адам экологиясымен тығыз байланысы бар пунктерін қарастырайық.
Қазіргі кезде адамның шаруашылықты ұйымдастырудағы, оны дамытудағы бірінші ойы – табиғат байлығы таусылмайтын құнсыз зат, екінші ойы тез арада сол жерден пайда табуы. Табиги ресурстардың толық құндылығы анықталмаған. Соңғы кездерде ғана табиғатты пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері белгілене бастады. Экономикалық тұрғыдан қалдықтардың, ластанудың тиімсіз жақтары ескеріле бастады.
Қолданбалы экологияның басты салалары және негізгі заңы, тәртібі, қағидалары. Мақсаты: Студенттерді қоршаған ортаға антропогенідік әсер ету түрлерімен таныстыру .
Жоспар:
1.Биосфераға антропогендік әсер
ету.
2.Биосфера компоненттеріне адам
қоғамының әсер ету ерекшелігі.
2.Адамның биосфераға әсер етуінің
түрлері.
3.Жер биосферасына әсер етудің
экстремалдық түрлері.
Қолданбалы экология міндеттері:
- тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған
колданбалы экологиясының, бүкіл биосфераның
қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын
және олардың түрақтылығын оқып-білу;
- биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу
заңдылықтары және адамның шаруашылық
әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды
пайдалану кезіндегі салалары туралы
білімдерді қалыптастыру;
- әртүрлі мемлекеттердегі Қазақстан Республикасындағы
тұрақты даму тұжырымдамалары, стратегиясы
жəне практикалық міндеттері туралы заманауи
түсініктерді қалыптастыру;
- экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың
жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен
мəселелерін талқылауда студенттердің
ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық
көзқарасын қалыптастыру.
Лекцияның қысқаша мазмұны .
Биосфераға антропогендік
әсер ету. Биосфера компоненттеріне
адам қоғамының әсер ету ерекшелігі.
Адамның биосфераға әсер етуінің
ерекше түрлері. Жер биосферасына
әсер етудің экстремалдық түрлері.
Гидросфераға антропогендік әсер
ету. Литосфераға антропогендік
әсер ету.. Техногендік апаттар
Адамның табиғатқа әсерінің түрлері
Қоғам мен табиғат арасында қарым- қатынас басталғаннан бері күні бүгінге дейін адамның табиғатқа жасайтын ықпалы біркелкі емес. Адам баласы тіршілігін сақтау үшін өмір бойы табиғи құбылыстармен күресуде. Қақаған аяз бен аптап ыстық кездерде өлмеу үшін ішер тамақ, киер киім табуы қажет болды. Адам баласының санасының ең бір жетілген кезеңі отты пайдалануды үйренген кезі. Алайда сол от арқылы адам баласы айналаны түтінмен ластап, орманды өртеп, биосфераға зиянын тигізе бастағанын білген жоқ. Дегенмен сол көне заманда адамның табиғатқа ықпалы өте аз мөлшерде болды. Адам табиғатқа түгелдей тәуелді болғандықтан қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр еді. Адамның ол кездегі табиғатқа ықпалы көлемінің аздығы сондай, оны қазіргі кездегі табиғатқа жасалып жатқан өзгерістермен салыстыру мүлдем мүмкін емес.
Адамның табиғатқа әсерін тікелей әсер, жанама әсер және құрама әсер деп үш топқа бөлуге болады. Бұл әсер түрлері шамамен алынып отыр, олардың арасында шекара жоқ десе де болады. Дегенмен бұлай бөлудің адамның табиғатқа ықпалы күрделі құбылысты түсінуге көмегі тиеді. Адамның табиғаттың қорына бірден барып жасаған әсерін тікелей әсер дейді. Мысалы адамның жер жыртуы, ағашты кесуі, аңдарды, құстарды, балықтарды аулауы, көмірді, мұнайды, газды қазып алуы тікелей әсерге жатады. Мұндай әсер ақырында сол табиғи қорлардың азаюына немесе құрып кетуіне әкеледі.
Табиғатқа жасалатын жанама әсер тікелей әсердің салдарынан туады. Олай дейтініміз ағаштарды кесу табиғатқа қосымша жанама әсерді туғызады. Мысалы, ағашы кесілген жер енді ашық қалғандықтан топырақ, желдің әсерінен үгітіледі де, ұсақ өзендердің көзін басып қалады, өзен тартылады. Бұл әлгі өзен құятын көлдің кеуіп қалуына әкеледі. Су қоймаларының жағасындағы ағаш кесілсе жарқабақтар құлайды, судың булануы артады, су жануарлары мен өсімдіктерінің тіршілігіне қолайсыз жағдай туады. Кесілген орманның орны ондағы кейбір хайуандардың, құстардың, өсімдік тіршілігіне қызмет етуден қалады. Сөйтіп хайуанаттар мен құстар қоныс ауыстыруға мәжбүр болып, ол жерлердегі кейбір өсімдік түрлері жойылады. Жер астындағы қазба-байлықты алу кезінде алдын ала сақтық жасалмастан, жүйесіз жүргізілетін болса, жердің құнарлы қабатының бүлінуіне, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі.
Табиғатқа жасалатын жанама әсердің салдары тікелей әсерден әлдеқайда қауіпті. Олай дейтініміз жанама әсердің жақын арадағы немесе көп уақыттан кейін білінетін зиянды салдарының көлемін анықтау қиын. Адамның табиғатқа жасайтын жанама әсерінен болатын зиянның экономикалық көлемі тікелей әсердің зиянынан әлдеқайда артып кетуі мүмкін.
Табиғатқа жасалатын тікелей әсер мен жанама әсердің басы қосылып құрама әсерді туғызады. Адамның табиғатқа әсері арнайы түрде және арнайы емес жүруі мүмкін. Табиғатқа адамның әсері алдын ала шешіліп, белгілі мақсатты орындау үшін жүретін болса, арнайы әсер болып шығады. Бұл табиғат байлығын белгілі бір мақсатқа пайдалану кезінде жүреді және бұл әсерді жұмыс деңгейіне және табиғи байлықтың мөлшеріне байланысты жоспарлы жүргізуге болады. Табиғатқа адамның арнайы емес әсері сенбі- жексенбі күндері адамдар көп жиналатын демалыс орындарында болады. Адамдар орманды ластап, шөптерді таптап, гүлдерді жұлып, бұтақтарды сындырып, аңдар мен құстарды қорқытып орманның табиғи ырғағын бұзады. Мұның салдарынан бұталарда тұратын топ- тоғайлар жойылып, ағаштардың жоғарғы жағы кеуіп, ақырында өледі, шөптесін, гүлді өсімдіктер жойылады.
Экологияның мүмкіндігі мен ғылыми – жетістіктерді жаңғырту;
Табиғи және антропогенді факторлардың әртүрлі экологиялық шаруашылық жағдайларда өзара әсерлесудің ең тиімді жағдайын жасау;
Табиғи ресурстарды және өмір сүру ортасын пайдалану нормаларын, оларға шекті жүктеулерді, әртүрлі деңгейдің экожүйелерін басқару формаларын, шаруашылықты экологияландыру әдістерін өңдеу;
Адамның биосфераны бұзу механизмдерін, бұл процесстің алдын алу әдістерін зерттеу;
Өмір сүру ортасының құлдырап тозуынсыз табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану принциптерін өңдеу;
Студенттерге қоршаған орта мониторингі жүйелерінің әртүрлі түрлерін, оның негіздемесін, мазмұнын, құрылымын түсіндіріп, оқыту.
Шаруашылық әрекеттің ерекшіліктерін ескере отырып, мониторингті ұйымдастыру әдістерін түсіндіру.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғат арасындағы
байланыс проблемалары толық өңделмеген.
Қоршаған ортаның тұрақты экологиялық
дамуындағы күрделі мәселелер әртүлі
ғылымдардың әдістері мен шешілуде. Қоршаған
ортаны қорғауда, табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалануда маңызды болып табылатын
қолданбалы экология саналады. Ол экономиканың
нақты салаларының табиғатқа тигізетін
әсерін зерттеп, табиғи ресурстарды пайдаланудың
нормаларын және оларды қалыпты түрде
сақтау шараларын қарастырады.
Қолданбалы экология – ғылыми тәжірибиелік
бағыттағы адам мен биосфера арасындағы
байланысты тәжірбиелік және техникалық
әдіс тәсілдерімен орнықтыруға арналған
жалпы экологияның бір бөлігі.
Әр түрлі жаратылыстану пәндері мен экономика
техника салаларының қосылу нәтижесінде
пайда болған бұл ғылыми- техникалық құрылымдар
мен қондырғылар қоршаған орта мен байланыс
үйлесімділігін қамтамасыз етуге арналған.
Экология қоршаған ортаны қорғау саласындағы
практикалық қолданылуымен қатар, жаратылыстану
және техникалық пәндермен байланысып
интегралды ғылымға айналды. Қолданбалы
экология адамның қоршаған ортамен, экономиканың
түрлі салаларымен өзара қарым-қатнасын
оңтайландыруға негізделген.
Қолданбалы экология экономиканың нақты
саласының табиғатқа тигізетін әсерін
зерттейді, халықтың өмірлік қамтамасыз
ету және өндірістік әрекет өрісінде табиғи
ресурстарды пайдаланудың нормаларын
және сақтау шараларын өңдейді.
Қолданбалы экология - экология ғылымы
жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан
қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін
көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат
баласының әлеуметтік мұқтаждын өтеу
барысындағы табиғи ортаның ластануы,
өнеркәсіп өндірісііі, ауылшаруашылық,
химиялық, медициналық, биохимялық, рекроциондық,
технологиялық және тағы басқа өндіріс
орындарының жағдайы, айналаны қоршаған
ортаға тигізетін әсері, өндіріске жаңа
технологияны енгізу, ластау, көздеріне
Мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын
жүргізді.
Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:
қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;
қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.
Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы мынадай мәселелерді қамтиды:
халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;
экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға және қабылдауға қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті ақпараттар алу;
қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.
Осы орайда адам құқықтарының оның міндеттерінен бөлінбейтіндігін атап кеткен жөн. Бұл дегеніміз: адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген құқыққа ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін жасауға міндетті дегенді білдіреді.
Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) атынан Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей қазіргі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты (орнықты) даму тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама — қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін көрсететін қазіргі заманға сай, неғұрлым кең тараған және қолдау тапқан тұжырымдамалардың бірі. БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен 1984 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия құрылды.
1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік "қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады.
1997 жылы 15 шілдеде қабылданған: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аума
қтар туралы Қазақстан Республикасынын Заңы қабылданды. Қазақстанда қорықтар мен қорықшаларды сақтау бұл заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т.б.
1997 жылы 18 наурызда "Экологиялық сараптама туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бүгінгі күнде экологиялық сара
птаманың оң қорытындысы болмай ынша қандай да бір шаруашылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
1993 жылы 21 қазанда қабылданған "Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы" ҚР Заңының маңызы зор. Жануарлар әлемі мемлекеттің ме
ншігіне жатады. Елді мекендердің құрылыстарын салғанда, өсімдіктерді қорғау үшін химия лық дәрілерді қолданған кезде, өндірістік процесстерді жүзеге асырған кезде, табиғат апаттары кезінде, жабайы андардың қоныс аудару ж әне олардың тіршілік ету ортас ын өзгерту кезінде осы заң бой ынша белгілі бір талаптар қойы лады. Мұның бәрі орындалуы керек. Аң, балық аулау үшін арнайы тәртіп пен пайдалану квотасы мен шект ері белгіленеді.
Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған "Орман кодексі",
2002 жылы 11 наурызда "Атмосфералық ауаны қорғау тур
алы" ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қ оршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкі ндік береді.
Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.
Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты — еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады.[1]
Атмосфералық ауаны қорғау туралы 2002 ж. 11 наурыздағы № 302-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Кодексімен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы (4 - 8 баптар)
мемлекеттік басқару
3-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті (9 - 18 баптар)
ұйымдастыру
4-тарау. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ету көздерінің (19 - 20 баптар)
мемлекеттік есебі
5-тарау. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау (21 - 25 баптар)
6-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың атмосфералық ауаны (26 - 27 баптар)
қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
7-тарау.
Қорытынды ережелер (28 - 30 баптар)
Осы Заң атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді
пайдалану топырақта оған тән емес физикалық,
химиялық немесе биологиялық агенттердін
болуын немесе ол агенттердің қажетті
орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ
ластануының мынадай түрлері бар: минералды
техногенді қалдықтармен ластану; улы
органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен
ластану; радиоактивті заттармен ластану.
Топырақтың ластануы қоршаған ортаға
қауіпті, өйткені улы заттар қоректік
тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен
жануарға, жануардан адам организміне
түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта
болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте
болып, онда өздігінен тазару процестері
жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің
дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі,
тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда
планетадағы әрбір адамға бір гектарға
жетер-жетпес айдалатын егістік жерден
келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі
арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы
жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары,
өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен
жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу,
табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық
талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта
жырту топырақ эрозиясының пайда
болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының
желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып
келеді.
Эрозия қазіргі кезде
бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып
отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен
жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2
млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы
жерлері жарамсыз болып қалған.
Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.

- Экология және дамуы
- Экология және дамуының қысқаша шолуы
- Экология және оның қыскаша даму тарихы
- Экология және оның қысқаша даму тарихы
- Экология және оның қысқаша даму тарихы
- Экология және тұрақты даму
- Экология және тұрақты даму» пәні, оның мақсаттары мен міндеттері
- Экология ғылымының пайда болуы
- Экология ғылымы туралы түсінік
- Экология даму тарихы
- Экология - дело каждого
- Экология Донецкой области
- Экология Донецкой области
- Экология – ел тағдыры