Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектілері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ
«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ» КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: «Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектілері».
Реферат
Алматы 2013
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1.Экология ғылымы және қалыптасу кезеңдері.
2.Экология ғылымының мінеттері мен құрылымы.
3.Экологиялық факторлар.
4.Жер шарындағы проблемалардың түрлері.
4.1. Демография.
4.2. Азық-түлік мәселелері.
4.3. Әлемдік мұхит проблемалары.
4.4. Биоалуантүрліліктің азаю проблемасы.
5. Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет тізімі.
Кіріспе
«Табиғатта барлығы бір-бірімен байланысты»-дейді экологияның бірінші заңы(Б.Коммонер). Яғни, қоршаған ортаға әсер етпей, көбіне оны бұзбай, бірде–бір іс-әрекет жасуға болмайды. Қазіргі кезде адамзат алдындағы ең басты қауіп – экологиялық дағдарыс. Басқа да әлемдік дағдарыстар (энергетикалық, шикізат, демографиялық) айналып келгенде табиғатты қорғау мәселесіне келіп тіреледі.
Экология өзекті
мәселелерді – адамзат пен
қоршаған оратның қарым-
Саналы адам (Homo sapiens) пайда болып, оның табиғатқа әсері болғанға дейін тіршілік әлемінде үйлесімділік, экологиялық тепе-теңдік болды. Адамның пайда болуымен табиғаттағы үйлесімділік, тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамның қоршаған ортаға әсері, ең алдымен, қоғамның техникалық даму мүмкіндігіне байланысты. Адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінде мұндай әсер төмен болатын. Алайда қоғамның дамуымен, өндірістік күштердің артуымен бұл жағдай күрт өзгеруде.Сондықтан қазіргі таңдағы адамзаттың болашағы үшін қауіпті болып отырған экологиялық мәелелерді, антропогендік қысымды біліп қана қоймай, оларды болдырмау үшін қолымыздан келер бар үлесімізді қосу баршамыздың міндетіміз. Ғаламдық экологиялық дағдарысты жеңу үшін планетаның әрбір тұрғыны табиғат алдында жауапты екенін сезіну қажет. Экологиялық мәселелерді шешу тек экологиялық сауаттылық, адамдардың табиғатты басқа да бір тіршілік иесі сияқты қабылдап, мейлінше оған да, өзіне де шығын келтірмей қараудан басталады. Қоғамда экологиялық білім және тәрбие беруді мемелекеттік деңгейде, балалық шақтан бастау керек. Адамзат қандай жағдайда, қандай күй кешсе де, оның табиғатпен үйлесімділігі сақталып қалуы қажет.
Қоршаған
ортаның ластануы адамзат
Қазіргі
таңдағы жаратылыстанудың
Алайда
адамның басқа түрлерден
Табиғат
туралы көпжақты білімдер
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Экология
жеке ғылым ретінде ХІХ
Қоршаған
орта туралы мәліметтер
Дәл
осындай мәләметтер ежелгі
Орта
ғасырлар дәуірлерінде
Қайта
өрлеу дәуіріндегі
1)Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз — суда, құлан — қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.
Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б.з.д. 490—430 жж.), Теофрасттың (б.з.д. 372—287 жж.), Аристотельдің (б.з.д. 384—322 жж.) еңбектерінде атап көрсетілген.
Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865—925 жж.), Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980—1037 жж.) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі.
Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.
Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т.б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.
Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632—1723 жж.) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628—1705 жж.) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707—1778 жж.) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707—1788 жж.) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710—1784 жж.) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731—1802 жж.) "Табиғат ордасы" және т.б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744—1829 жж.) орта жағдайларының өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.
Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П.С.Паллас (1741—181 Іжж.), И.И. Лепехин (1740—1802 жж.), И.Г.Гмелин (1709—1755 жж.), С.П. Крашенинников (1711—1755 ЖЖ<) және т.б. үлкен үлес қосты.
Көрнекті неміс ғалымы
Александр Гумбольдт (1769—1859 жж.) дүние
жүзінің көптеген аймақтарына жасаған
саяхаттарында жинаган
XVII—XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж.Ламарк, Т.Мальтус және т.б.) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.
2) Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов (1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.
К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.
Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.Топырақтану ғылымының негізін салған В.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.
Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.
Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.
XX ғасырдың 30—40-жылдарында
табиғат жүйелерінде болатын
өзара байланыстарды зерттеу
жоғары сатыға көтерілді.
Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.
3) Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.
Бүгінгі тақырыптың
келесі бөлімі экологияның
Қазіргі жалпы
экологияның негізгі зерттеу
нысандары жоғары биологиялық
жүйелер (популяциялар, биоценоздар,
экожүйелер, биосфера) және олардың
уақыт пен кеңістік
1) организмдердің әр түрлі
топтарының (популяциялардың, түрлердің
және т.б.) сыртқы орта факторларымен
өзара қарым-қатынастарын және
олардың тіршілік ортасына
2) биоценоздардағы көптеген
түрлер популяцияларының бір-
3) тіршілік ортасы мен
популяциядағы дара сандарының
бір-біріне тәуелділігін
4) популяциялардағы тіршілік үшін күрес заңдылықтары мен табиғи сұрыпталу бағыттарын зерттеу;
5) орта жағдайларының
6) адамның табиғатты тиімді
пайдалану жолдарын және орта
жағдайларына антропогендік
7) ауыл шаруашылығы
8) өндіріс процестеріне
жаңа қалдықсыз технология
Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері бар. Олар мыналар:
а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;
ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу;
б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару;
в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу;
г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.
Экология
ғылымы – күрделі де көп
қырлы. Қазіргі таңда
Геоэкология (грекше geo-жер) — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын зерттейді.
Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
Ауыл шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.
Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б..
Қазіргі
кезде экологияның басты
Адам экологиясы (антропоэкология) – адамның тіршілік ортасымен әртүрлі аспектіде қарым-қатынасы туралы, яғни кешенді антропожүйе мен биосфераның бір-біріне әсер етуі заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әлеуметтік экология — табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде, яғни қоршаған ораның қоғамға әсерін зерттейді.
Организмге
әсер ететін кез келген орта
жағдайларын немесе орта
Абиотикалық факторлар – тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (темпеатура, ауа қысымы, жел, ылғал, жарық, т.б.), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық және т.б. жатады.
Биотикалық факторлар – тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түріші және түраралық болып бөлінеді. Түріші факторларына – демографиялық , этологиялық, бәсекелестік және т.б. жатады.Ал түаралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бәсекелестік, аменсализм) және оң әсерлер ( комменсализм, мутуализм, симбиоз) жатады. Бұл факторлар: тікелей – бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (паразитті шырмауықтар) және жанама (қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді.
Антропогендік немесе антропикалық факторлар – адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету.
Экология ғылымымен, оның тарихымен, түрлерімен, құрылымымен, фактораларымен таныс болдық.
Ендігі
кезекте осы уақытка дейін
жазып келе жатқан экологиялық
мәселелердің нақ өздерін білетін
кез келді. Бұл мәселелердің
кейбіреулері өзінің
Ғаламдық
экологиялық проблемалар,
Демография (грекше demos – халық, grafo – жазамын) – тарихи-қоғамдық процестерде халық санының өсу заңдылықтары туралы ғылым. Демография ұғымын 1855 жылы француз ғалымы А. Гийяр « халық санының статистикалық элементтері немесе салыстырмалы демография» кітабының тақырыбында қолданды. Ал ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдаң бас кезінде бұл ұғым кеңінен тарала бастады.
Қазіргі
таңда халық санының күрт өсуі
мәселелерінің жеке
Дүниежүзі
бойынша халық санының өсуі
табиғи және әлеуметтік-
Халық
санының өсу қарқындығына , еңбек
нарығындағы жаһандану, саяси
тұрақсыздық және дамушы
Өнеркәсіптік
күштер дамып, қуатты болған
сайын біздің планетаның
Келесі,
ол ғаламдық азық-түлік
Бір-бірімен
байланысты ғаламдық
Азық-түлік тапшылығының басты себебі – 1956 жылдан бері адам басына шаққанда егістік жерлерінің көлемінің қысқарып, басқа мақсаттарға пайдаланылуы және топырақтың эрозияға ұшырауына байланысты. Әлем бойынша астық, ет, балық және басқа тағам түрлерін адам басына шаққанда өндірілуі 1985 жылдан бері төмендеп келеді.
Әлемдік
ашаршылықпен күрес
Табиғи жағдайлардың
өзгеруі, жер мен судың
Басқа
да ауру белгілері – тез
шаршау, депрессия қозғалыстың баяу
болуы, бас ауруы, аллергия, әртүрлі
инфекциялар мен созылмалы
Индустриалдану
және урбанизация прцестері
Жануарлар
шектеулі кеңістікте
2009 жылы шілде
айында Италияның Аквил
- Ұлттық жобаларды қолдау;
- Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі туралы кешенді бағдарламалармен қамтамасыз ету;
- Ынтымақтастықты стратегиялық үйлестіру;
- Көпжақты мекемелердің рөлдерін нығайту;
- «Үлкен сегіздік» кездесуіндегі (20 миллиард доллар) және Питсбургте өткен «үлкен жиырма мемлекеттер» (2 миллиард доллар) кездесуіндегі қаржылық міндеттемелердеңгейін қолдау.

- Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың маңызы
- Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары
- Экологиялық мектептердің қалыптасуы
- Экологиялық мониторинг
- Экологиялық мониторинг
- Экологиялық мониторинг
- Экологиялық мониторингті жүзеге асыру
- Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
- Экологиялық қуыс
- Экологиялық құқық
- Экологиялық құқық бұзушылықтардың заңды жауапкершілігі
- Экологиялық құқықтың принциптері
- Экологиялық құқықтың түсінігі және пәні
- Экологиялық қылмыстар