Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .............................. .............................. .............................. ......
.. 3-4
I. Табиғатты пайдалану құқығының
пайда болуы мен тоқтатылуының негіздері.....................
1.1. Табиғи ресурстар және оларды пайдалану
құқығының түсінігі мен принциптері...................
1.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері..8-10
1.3 Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері ...11-12
1.4 Экологиялық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер.................12-13
II. ҚОРЫТЫНДЫ..................... .............................. .............................. .......14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
I. Табиғатты пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының негіздері
Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек.
Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік
құқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда
бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.
Екіншеден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын
иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық
жиынтығы түсіндіріледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы
меншік құқығы ретінде түсіндіріледі.
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш
заңдылық болып табылады: иелену
құқығы,пайдалану құқығы,билік
құқығы.
Иелену құқығы табиғат
объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың
заң жүзінде қамтаасыз
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Табиғат объектілеріне
меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының
негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен
анықталады және қандай да бір объектінің
кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға
тиесілі болуына тікелей
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:
-меншік құқығын беру;
- меншік құқығын басқаға беру;
- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде кҳшуі.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:
1. мемлекеттік органдардың актілері;
2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;
3. ҚР-ның заңында кҳзделген ҳзге де негіздерде.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1. Меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;
2. Меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;
3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында. Бұл табиғат объектілерін ұтымды пайдаланбаған немесе заңды бұза отырып пайдаланған жағдайда болады.
Меншік иесінен табиғат объектілерін, атап айтқанда жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қоюға жол берілмейді, оған мына жағдайлар жатпайды:
1. Меншік иесінің міндеттемелері бойынша ақы ҳндіріп алу;
2. Мемлекет қажеттері
үшін меншік иесінің жер
3. Меншік иесінен мақсатына
қарай пайдаланылмаған немесе
заңды бұзып пайдаланған
4. Мұрагерліктің мемлекетке кҳшуі;
5. Реквизициялар, яғни тҳтенше сипаты бар табиғи зіззала , авариялар, індеттер жағдайында және ҳзге жағдайларда меншік иесінен табиғат объектілерін алып қою, табиғат объектілері мемлекеттік органдардың шешімі бойынша қоғамның мүддесі үшін заң актілерімен белгіленген тәртіпте және шарттарда меншік иесінен, оған құнын тҳлей отырып, алынып қойылуы мүмкін;
6.Радиоактивтік ластануға ұшыраған табиғат объектісін меншік иесінен соған тең жер учаскесін бере отырып алып қою;
7.Тәркілеу, яғни қылмыс жасағаны немесе ҳзге құқық бұзғаны үшін санкция түрінде сот тәртібінде меншік иесінен табиғат объектілерін ҳтеусіз алып қою;
8. Ұлт меншігіне алу,
яғни азаматтар мен заңды
1.1. Табиғи ресурстар және оларды пайдалану құқығының түсінігі мен принциптері
«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи
жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі
қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен
саралайтын шек кейде өте шартты болып
шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты
деп қарауға болады, бірақ осымен бірге
ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия
алынатын ресурс.
Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи
ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді
және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен
тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне
әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи
ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат
байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік
ете алмайды және осы мағынада табиғатқа
тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа
белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың
қарым-қатынасының мәнісі . Табиғи ресурстарды
пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі
қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар
өздерінің экологиялық, экономикалық
мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін
өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген
тәртіп бойынша пайдаланады.
Қазақстан Республикасының «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңында «табиғи ресурстарды пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы» деген анықтама берілген.
Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.
Табиғи ресурстарды пайдалану табиғатты жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен денсаулығы, мәдени – эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен тегін қанағаттандыру.
Табиғатты арнайы пайдалану – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.
Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.
Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
- Тұрақтысы- бұл табиғатты пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады.
- Уақытша- мұнда табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектеледі.
Табиғатты пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалану да ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғи ресурстарды
пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар.
Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің
экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру,
этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат
объектілерін белгіленген тәртіп бойынша
пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық
кодексінде "Адамның күнделікті өмірінде,
жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде
табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе)
қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану
болып табылады" деген анықтама берілген.
Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.
Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі.
Арнайы табиғат пайдалану - Экологиялық Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.
Табиғат пайдалану түрлеріне:
1) жерді пайдалану;
2) суды пайдалану;
3) орманды пайдалану;
4) жер қойнауын пайдалану;
5) жануарлар дүниесін пайдалану;
6) өсімдіктер дүниесін пайдалану;
7) қоршаған ортаға эмиссиялар;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін өзге де табиғат пайдалану түрлері жатады.
Табиғат пайдалану түрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Арнайы табиғат пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін.
Табиғат пайдаланушылар -Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.
Табиғат пайдаланушылар:
1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);
2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен алынған) және кейінгі (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресрутарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидалары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:
- Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы.
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту.
- Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңменақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу.
- Табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсатты сипаты.
- Қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру.
-Ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау.
- Қоршаған ортаға нұсқан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ықпалды бағалау.
1.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.
Мемлекет жекеше заңды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымында басымдыққа ие болады.
Қазақстанда жуық уақыттан бері жерге жеке меншік енгізілді, сөйтіп меншіктің сан алуан нысандары заң актілерімен баянды етілді. Жерге жеке меншікті енгізу аса күшті күрес жағдайында өтті және Қазақстан қоғамында үлкен серпіліс туғызды.
ҚР-ның Жер кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады:
1. Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы;
2. Жер учаскелеріне жеке меншік
құқығының субъектісі жер
Алайда бұдан бұрын аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің барлығы жеке меншікте бола алмайды.Мысалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және т.б.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, соның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерін салуға берілген немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
Шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шет елдік заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі үйлерді, олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерін салуға немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Сөйтіп, шет ел азаматарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шет елдік заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге және орман өсіруге арналған жер берілмейді.
Сонымен бірге, мемлекет меншігінде болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана шаруа қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі.
Меншік құқығының
Табиғи ресурстар ретінде табиғат объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Сарқылмайтын объектілер - бұл кешілігі жуық болашақта күтілмейтін табиғи ресрстар (күн энергиясы, атмосфералық ауа, жел энергиясы және т.б.).
Сарқылмайтын ресрустар мыналарға бөлінеді:
а) жаңартылатын, яғни қалпына келтірілетін табиғат ресурстары (өсімдіктер, жануарлар);
б) жаңартылмайтын, яғни
жуық болашақта қалпына
в) ауыстырылатын (мысалы, көмір күн энергиясымен ауыстырылуы мүмкін) және ауыстырылмайтын (су, ауа және т.б.);
2. Сарқылатын объектілер
- бұл босалқылары толық жойылу
қатерінде тұрған табиғат
Табиғат объектілері қоршаған ортадан бөлінбейтін белгісімен сипататалды. Егер, бөліну бола қалса, айталық ағаш кесілетін болса, онда табиғат объектісіне құқық тоқталады, сөйтіп тауар құндылығына меншік құқығы туындайды, біздің жағдайымызда ағашқа құқық туындайды. Бұдан басқа табиғи ресрутарға меншік құқығы тек табиғаттың заттай және көрнекті объектілеріне туындайды. Сондықтан, атмосфералық ауа, күн және жел энергиясы сияқты табиғаттың объектілері кінің болса да меншігінде бола алмайды.
1.3.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері және оны жүзеге асыру шарттары. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:
1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;
2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келісімшарттар) негізінде туындайды.
Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бір, екі не барлық актілер негізінде туындауы мүмкін.
Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес беріледі.
Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билік ете алмайды.
Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
Қолданыстағы заңда жекелеген табиғи ресрутарға қатысты табиғат пайдалану құқығының қосымша негіздері көзделуі мүмкін:
1. Экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
2. Табиғат ресурстары лицензиясын алу;
3. Табиғи ресурстарға
лимиттер мен квоталар белгілеу
4. Табиғат пайдалануға шарт жасау немесе табиғат пайдалануға рұқсат алу;
Табиғат пайдалануға рұқсат дегеніміз мүдделі адамның барлық қажетті сатылардан және шарттардан өтуінің нәтижесі.
Табиғат пайдалануға рұқсат алудың сатылары:
1. Тиісті мемлекеттік органға өтініш беру;
2. Ұсынылатын құжаттарды алдын ала қарау;
3. Құжаттарды қарау;
4. Табиғи ресурстарды беру туралы шешім шығару;
5. Заттай түріндегі
табиғи ресурсқа қарсылық
6. Табиғат пайдалану
құқығы әр түрлі негіздер
Табиғат пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздері болады:
1. Табиғат пайдалану құқығынан ерікті түрде бас тартуы;
2. Заңды тұлғаны тарату немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы;
3. Табиғат пайдалану шарты мерзімінің өтіп кетуі;
4. Табиғат пайдалану шарты бойынша төлем жасамау;
5. Табиғи ресурсты мақсатына қарай пайдаланбау;
6. Табиғат қорғау заңының бұзылуы;
7. Мемлекеттің немесе
қоғамның мұқтаждары үшін
1.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер
Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнама жүйесі Конституцияда
айтылған негізгі идеялардың мазмұнынан
дамиды. Оның негізінде республикада
аса маңызды табиғат қорғау заңдары
мен табиғат ресурстарының
Негізгі салалық заң актісі 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексі болып табылады. Кодекс 5 бөлімнен, 21 тараудан, 170 баптан тұрады.
1 бөлімде - "Негізгі ережелер" жер заңының мақсаттары мен міндеттері, принциптері жердің құрамы мен аймақтарға бөлу, жер салығы мен жалдау ақысы, сондай-ақ жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті қарастырылады.
Заңда 2-бөлім "Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар" ерекше орын алады, ол жерді пайдалану және жерге меншік мәселелерінің кең ауқымын реттейді. 3-бөлімде "Жер санаттарында" жердің қәзіргі жеті санаттарын құқықтық реттеу беріледі. Жерді қорғаудың тәртібі мен шарттары, мемлекеттік жер бақылауын жүргізу, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры, олардың мақсаты мен қызметін ұйымдастыру - 4 бөлімде көзделген. 5-бөлімде "Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды ережелерде" жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын қорғаудың негіздері мен шарттары, жер заңын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану, сондай-ақ осы кодекстің күшіне ену тәртібі қарастырылады.
1996 жылғы 27 қаңтарда ҚР Президенті "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлықта жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау жөніндегі қатынастарды реттеудің жалпы шарттары мазмұндалады.
Қазақстан Республикасының Парламенті 2003 жылғы 8 шілдеде Орман кодексін қабылдады. Оның құрылымына 9 бөлім, 20 тарау, 118 бап жатады. Орман кодексінің осы редакциясының мазмұны қазіргі практика талаптары мен Қазақстанның осы заманғы экономикалық шынайлықтарына сай келеді.
Экологиялық құқықтың елеулі көздерінің бірі 2003 жылғы 9 шілдеде ҚР Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының Су кодексі. Ол 11-бөлімнен, 32 тараудан, 146 баптан тұрады. Сонымен бірге, бұл заң актісі су қатынастарын реттеуде елеулі рол атқарады.
2004 жылғы 9 маусымда
Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заң қабылданды. Ол 24 тараудан, 88 баптан тұрады. Осы заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Негізгі экологиялық заңдардың мазмұнына сәйкес және оларды орындау үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге бағытталған заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың жекелеген объектілері бойынша топтастырылады немесе барлық қоршаған ортаға қатысты болады. Заңға тәуелді актілер жүйесіне ҚР Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады.Бұл актілермен табиғатты қорғау мен табиғи ресрустарды пайдалану мәселелері бойынша субъектілер тәртібінің жалпы шарттары, ережелері белгіленеді. Министрліктер мен ведомостволар да заңға тәуелді актілерді бұйрықтар, нұсқамалықтар шығарады, олар белгілі бір министрліктердің шектерінде қолданылады және көрсетілетін министрліктермен қатынаста болады. Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұысынымдарды атауға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес меншік күқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықган экологиялық. қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.
Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қана-. ғаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" За- ңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.
Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықгама беруге болады.
Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.
Еуразия гуманитарлық институты
Мелекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:

- Экологиялық зерттеу әдістер
- Экологиялық кодекс
- Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
- Экологиялық қуыс
- Экологиялық құқық
- Экологиялық құқық бұзушылықтардың заңды жауапкершілігі
- Экологиялық құқықтың принциптері
- Экологиялық жүйе
- Экологиялық жүйелер
- Экологиялық жүйелер
- Экологиялық жүйелердің негізгі типтері
- Экологиялық жүйе, экожүйе
- Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілік
- Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін зандық жауапкершілік ұғымы және жалпы сипаттамасы